Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер көрсетілген:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы
2. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасы
3. Қазақстан Республикасының шет тілі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы
4. 2001-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мемлекеттік бағдарламасы
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы
6. «Еуропалық білім беру жобасында» (1996 ж. )
7. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңдары
8. Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім және жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары
9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Тіл дегеніміз - әрбір халықтың ұлттық болмысының дамуындағы тарихы мен тағдырын, тəрбиесі мен тағылымын, тұлғааралық қарым-қатынасты жүзеге асыруды сипаттайтын рухани құнды қазынасы.
«Цифрландыру » - бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыратын жетістік кепілі.
Цифрландыру технологиялары дегеніміз - бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары.
Көптілділік - әлеуметтік ортада жеке адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін бірнеше тілдік құралдарды пайдалану арқылы қары-қатынас жасауы.
Көп тілді білім беру - білім беру кеңістігінде қоғамның қажеттіліктеріне байланысты оқу жоспарындағы пәндерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде меңгеруді мақсат ететін үдеріс болып табылады.
Қарым-қатынас - жеке тұлғалардың өзара әрекет ету барысында танымдық жəне эмоциялық-бағалаушы сипатты ақпаратпен алмасу болатын, өзара əрекетті, өзара түсінікті, өзара əсерді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған жəне ақпараттық-энергетикалық үдерістердің өзгеше жүйесі.
Коммуникативтік құзыреттілік - адамдармен тиімді қатынасты орната білу жəне өзін ұстай алу қабілеттілігі.
Коммуникативті қабілеттілік - жеке тұлғаның жасына, біліміне, мəдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік жəне кəсіби тəжірибесіне байланысты ерекшелінеді.
Мәдениет - халықтың туған топырағында жинақталған өмірлік тәжірибесінің, тәлімі мен тәрбиесінің, өмір сүру бейнесінің жиынтығы.
Көпмəдениеттілік - жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласының негізгі құзыреттілігі жəне көптілді білім беру кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттардың бірі
Көпмәдениетті білім беру дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпақтың жан дүниесін байыту, әлемдік және көптілділік сананы дамыту, мәдени құндылықтар жүйесі өзгеше көпмәдениетті көпэтникалық ортада өмір сүруге дайындығы мен білігін қалыптастыру мақсатында этникалық, жалпыұлттық және әлемдік мәдениетті игеру үдерісі.
Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігі - білім алушылардың функционалдық сауаттлығы мен кез келген мәселені дұрыс шеше білу қасиеті
Педагог-психологтың кәсіби білімі - бұл жоғары білім беру жүйесінде оқытушының тікелей басшылығымен және білім алушының өздік жұмысы арқылы алынатын білімдердің жиынтығы
CLIL әдісі - оқытушының сөйлесуін азайтып, керісінше студенттердің бір-бірімен сөйлесу дағдысын қалыптастыру.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ТМД - тәуелсіз мемлекеттік достастығы
ЖОО - Жоғары оқу орны
ҚР МЖМББС - Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ХҒПК - Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
PhD - философия докторы
ҚазҰПУ - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
СОӨЖ - Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары
ЭТ - Эксперименттік топ
БТ - Бақылау топ
АКТ - Ақпараттық коммуникативті технологиялар
CLIL - Content and Language Integrated Learning
ON -оқу нәтижесі
ЭПК - элективті пәндер каталогы
ЖОЖ - жеке оқу жоспары
ОЖЖ - оқу жұмыс жоспары
АБ - ағымдық баға
МБ - межелік бақылау
ҚБ - қорытынды бақылау
БҰҰ - біріккен ұлттар ұйымы
МАЗМҰНЫ
1 БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Көптілді білім беру қазақстанның дамуындағы маңызды стратегиясы ретінде . . .
1. 2 Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары . . .
1. 3 Коммуникативті қабілеттілік пен көпмәдениеттілік - болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігін көптілді білім беру жағдайында қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық факторы ретінде
2 КӨПТІЛГЕ БАҒЫТТАҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ АЯСЫНДА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . .
2. 1 Болашақ маманның кәсіби құзіреттілігінің қалыптасуында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының мүмкіндіктері . . .
2. 2 CLIL интеграциялық технологиясы көптілді білім беру жағдайында педагога-психологтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңызды құралы ретінде . . .
2. 3 Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттіліктерін көптілді білім беру жағдайында қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері . . .
3 БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАРЫ . . .
3. 1 Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігін көптілді білім беру жағдайында қалыптастыру бойынша анықтаушы эксперименттік жұмыс нәтижелері . . .
3. 2 «Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру - қазақстанның дамуындағы маңызды стратегия ретінде» атты жобасының мазмұны мен әдістемесі . . .
3. 3 Зерттеу жұмыстары бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыс қорытындылары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын ұсынып, онда білім беру жүйесінде үш тілдің - мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау міндетін атап көрсетті [1] .
Қазақстан Республикасы Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптарда: жоғары оқу орны бітірушісінің негізгі құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады. Құзыреттер - білім алушылардың оқыту үдерісі кезінде алған білімін, іскерлігін және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті [2] .
Тәуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле отырып, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа халықтардың тілдері де назардан тыс қалған жоқ. Өйткені, мәдениет мен тілдердің саналуандығы - бұл Қазақстанның ұлттық байлығы. Яғни, еліміздегі кез-келген этностың өкілі қай тілде білім алатынын ерікті түрде таңдай алады. Қоғамымызда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр.
Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі - білім беру мекемелерінде көптілді білім беруді жолға қою болып табылады.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларының нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен бірге біршама өзгеріп отыр. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа үлгісін құрудың, сынақтан өткізу мен еңгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында көрсетілген [3] .
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім тұралы құжаттардың айырбасталуын, бейіндік оқытуды, көптілдікті қамтамасыз етеді [4] .
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі жас ұрпаққа ана тілі мен қоса бірнеше шет тілдерін оқу бағдарламасына еңгізіп оқытуды қарастыруда, яғни жақын болашақта көптілді білім алған мектеп түлектеріміздің халықаралық еңбек нарығындағы сұранысқа жауап беретін білікті маман болып жетілуіне септігін тигізеді [5] . Көптілді білім беру мәселесіне отандық ғалымдар мен шетелдік ғалымдар қызығушылық танытуда. Шетелдік зерттеулерде көптілді білім беру мәселесі туралы терең қарастырылған, ал отандық зерттеулерде көптілді білім беру мәселесі бойынша жеткілікті ғылыми зерттеу жүргізілмеген, бірақ осы бағыттағы жұмыстар өз бастамасын тапқан.
Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Біздің ойымызша, қазіргі таңда болашақ педагогтарды бәсекелестікке дайындаудың бірден бір жолы - көптілділік.
«Көптілділік» ұғымы кең мағынада қолданылады. Бұл термин кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзімен дәл бүгінгі дамыған күнге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, энциклопедист ғалым, әлемде Аристотельден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігін аңғаруға болады. Мұның өзі сол кезеңнің өзінде тілдерді меңгеру мәселелерінің өзекті болғанын аңғартады [6] .
Көптілді білім беру мәселесін зерттеуде өз үлестерін қосқан ғалымдар: Л. Балаян [7], Ю. Д. Дешериев [8], Б. Хасанов [9], Қ. С. Мусин [10], У. Вайнрих [11], И. Ф. Протченко [12], М. П. Алексеев [13], А. Мартине [14], Ф. П. Филин [15], В. Г. Костомаров [16], Я. А. Коменский [17], Ж. Пиаже [18], Л. С. Выготский[19], Б. Жумагулова[20], О. П. Коваль[21], А. Аренова[22], В. А. Ершов[23], Г. Д. Дмитриев[24], К. Ж. Кожахметова[25], М. Надырмағамбетова[26], А. Карбаева [27], Б. Шультер [28], К. Т. Баймуханова[29], Baker [30], Grimes Barbara[31] , Comrie Bernard [32], Crystal David [33], Dutcher Nadine [34], Richard Tucker [35], Lambert Wallace [36], Christian Dorna [37], S. L. Walter [38], J. Cummins [39], K. Hakuta [40] т. б.
Көптілділік мәселесін көптеген ғалымдар шет тілін оқыту теориясы бойынша С. С. Құнанбаева [41], көптілді білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін Б. А. Жетпісбаева [42], көптілді білім берудің ұтымдылығын арттыруын Гаипов Д. Э. [43], Д. Н. Кулибаева [44], И. И. Халеева [45], Берденова С. Ж. [46], Жорабекова А. Н. [47], тіл білімінде қостілділік мәселелері Э. Д. Сүлейменова [48], М. М. Копыленко [49], З. К. Ахметжанова [50], С. Е. Байболсынова [51], М. К. Исаев [52], Б. Хасанұлы [53], Г. А. Ғабдуллина [54], Н. Ж. Шаймерденова [55] еңбектерінде қарастырылған. Ғалым Ж. Қ. Ибраева [56] еңбектерінде психолингвистика аспектісінде талқылаған.
«Көптілді білім беру» ұғымының ЮНЕСКО-ның тұжырымдамасына сәйкес кем дегенде үш тілді қамтиды: аймақтық немесе ұлттық және халықаралық тілді [57] . Осы тілдерді қолдану «Білім берудің инклюзивтілігі мен сапасының маңызды факторы» болып табылады [58] .
Көптілді білім беру мәселесі бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейінде талқыланып, білім реформалары осы жүйе аясында жұмыс жасауда. Көптілді білім беру - өскелең ұрпақтың әлемдік білім кеңістігінде еркін тыныстауға, жұмбақ ғылымдардың сырын ашуға, тілдік сананың дамуына жол ашады.
Жалпы «Көптілді білім беру» ұғымы 1999 жылы ЮНЕСКО-ның конференциясында бекітілген. Бұл білім беру саласында үш тілден кем емес тілдерді (ана тілі, аймақтық және ұлттық және халықаралық тілдерді) қолдануды білдіреді [57] .
ЮНЕСКО халықаралық ұйымының көптілдік туралы ресми құжаттарында дүниежүзіндегі барша халықтарға өз тілдерін киберкеңістікте, яғни электрондық түрін шығарып интернет желісіне қосуды ұсынады Нәтижесінде, дүниенің кез келген жерінде интернет желісіне байланысу арқылы қалаған тілмен танысып, үйренуге мүмкіндік болады. Сонымен қатар, көптілді білім беру жүйесі арқылы шетелдік ғалымдардың еңбектерімен және дүниежүзінде күнделікті болып жатқан жаңалықтар және өзгерістермен тікелей танысу мүмкіндігіне қол жеткізуге болады. Тіл саясаты мен көптілділік қағидасы Еуропалық Одақ құрудағы басым мәселелерге айналды. 1995 жылы Еуропалық Комиссия үш еуропалық азаматтар үшін үштілділік мақсатын қойған білім туралы ресми баяндама жасады. Комиссия ақпараттық кезеңде бірыңғай нарықта көптілді қарым-қатынас дағдысының маңыздылығын атап өтті. «Көптілді және танымдық электрондық Learning Management жүйесі мәселелері көптілділік, білім беру және мәдениет жыл сайын электрондық оқыту құралдарын (мысалы, Вавилон және Онтология жобасы пайдаланып Көптілділік бойынша зерттеу үшін Еуропалық Комиссия гранттарды, сонымен қатар 2007 жылдан бері Еуропалық комиссияның отырыстарында қаралды») [57] .
Қазақстанда алғаш рет үштұғырлы тіл идеясы 2006 жылдың қазан айында Елбасы XII отырысы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Ассамблея халқы кем дегенде үш тілді білу біздің болашағымыз үшін маңызды екенін растады. Ал қазірдің өзінде 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында Қазақстан халқына Н. Назарбаев біз үш тілді дамыту керектігін айтты, соған сәйкес мәдени жобасын «Тілдердің үштұғырлылығы», кезең-кезеңмен іске асыруды бастауды ұсынды: мемлекет ретінде қазақ, ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс және ағылшын ретінде көптілді білім беру экономикаға сәтті кірігу тілі [59] : «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілде қолданатын жоғары білімді ел ретінде қабылдануы керек» [59] . Осы сәттен бастап Қазақстанның жаңа тіл саясаты басталады. Көптілді білім беру Заң Қазақстан Республикасының шет тілі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы [60], 2001-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мемлекеттік бағдарламасы [61], «Білім туралы» [62], «Тілдер туралы» мынадай заңнамасы [63] : Қазақстан Республикасының Конституциясы [64], Қазақстан Республикасының Заңы бекітілген болатын және басқалардың құқықтық негізін қалыптастырды. Жоғарыда аталған құжаттар көптілді білім берудің ролі мен орнын, көп тілді білім беруді басқарудың заманауи және тиімді жүйесін құру принциптерін анықтайды.
Бүгін біз 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды институционалдық қолдау туралы айтуға болады [65] . Көптілділіктің негізгі құзыреттіліктерін Еуразиялық мультикультурализм, байланыс және технократиялық болады. Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы үш кезеңде жүзеге асырылып келеді. Бірінші кезеңде (2011-2013 ж. ж. ) тілдерді одан әрі дамыту және дамыту үшін құқықтық және әдіснамалық базаны жетілдіруге бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды. Екінші кезеңін (2014-2016 ж. ж. ) практикалық мемлекеттік тілді зерттеу және пайдалану, жаңа технологиялар мен әдістерді іске асыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ тілдік әралуандықты сақтау пакетін жүзеге асыру жоспары. Үшінші фаза (2017-2020 ж. ж. ) қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің, оның дұрыс қолдану және басқа да тілдерді лауазымдарының одан әрі сақтау меншік деңгейінің сапасын өзектілігі дәрежесін жүйелі мониторинг арқылы нәтижелерін топтастыруды жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың бағдарламасы үлесін қорытындысы бойынша, 2017 жылға қарай 2014 жылы - 20%, 2020 жылы - 80% құрайды, 2020 жылға қарай орыс тілін білетін қазақтардың үлесі кемінде - 90% құрайды. Ағылшын тілін меңгерген республика халқының үлесі: 2014 жылы - 10%, 2017 жылы - 15%, 2020 жылы - 20%, 2020 жылы - 12% халықтың үлесі 2017 жылға қарай, 2014 жылы - 10%-ға, үш тілді (орыс Молдова және ағылшын) иелік 15%-ға дейін болатынын атап көрсеткен.
Көптілді білім беру мәселесі Л. Балаян [7], Ю. Д. Дешериев [8], Б. Хасанов[9], Қ. С. Мусин [10], У. Вайнрих [11], И. Ф. Протченко [12], М. П. Алексеев [13], А. Мартине [14], Ф. П. Филин [15], В. Г. Костомаров [16], Я. А. Коменский [17], Ж. Пиаже [18], Л. С. Выготский [19], Б. Жумагулова [20], О. П. Коваль [21], В. А. Ершов [23], Г. Д. Дмитриев [24], К. Ж. Кожахметова [25], М. Надырмағамбетова [26], А. Карбаева [27], Б. Шультер [28], К. Т. Баймуханова [29], Baker [30], Grimes Barbara [31], Comrie Bernard [32], Crystal David [33], Dutcher Nadine[34], Richard Tucker [35], Lambert Wallace. E. [36], Christian Dorna [37], S. L. Walter [38], J. Cummins [39], K. Hakuta [40] еңбектерінде қарастырылған.
Болашақ педагог-психологтарды көптілді білім беру жағдайында құзыреттілік негізінде бәсекеге қабілетті, шығармашылық, өзін-өзі дамытуға қабілеттерін арттыру бүгінгі күннің талабы.
Құзыреттілік амал «Еуропалық білім беру жобасында» (1996 ж. ) негізі қаланып, еліміздегі білім беруді ұйымдастыруға қатысты барлық құжаттардың басты парадигмалық идеясы ретінде басшылыққа алынады.
Болашақ педагог-психологтарды дайындау мәселесі психология мен педагогикада кең түрде қарастырылған деуге болады. Зерттеу барысында зерделенген еңбектер төмендегідей топтастырылды:
- болашақ педагог-психологтардың кәciби ic-әpeкeткe дaяpлығын қaлыптacтыpу жәнe өзiн-өзi әpi қapaй үздiкciз бiлiм aлу apқылы дaмытуының мoдeлiн құpылымдaу (C. И. Apxaнгeльcкий [66], A. A. Вepбицкий [67], В. A. Cлacтeнин [68] және т. б. ) ;
- маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздері, мамандықтың мәні, өзіндік ерекшеліктері мен қызметтері және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсыну (Ю. К. Бабанский [69], Н. В. Кузьмина [70], В. В. Сериков [71], Н. Д. Хмель [72], С. М. Кеңесбаев[73], К. М. Беркімбаев [74], Ұ. М. Әбдіғапарова [75], және т. б. ) ;
- болашақ педагог-психологтардың танымдық, коммуникативтік әрекеттерінің түрлері мен оларды белсендіру мәселелері (Қ. Б. Жарықбаев [76], С. М. Жақыпов [77], М. Ә. Перленбетов [78], Н. Б. Жиенбаева [79], А. Р. Ерментаева [80], және т. б. ) ;
- болашақ педагогтардың шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру (Ж. Ы. Намазбаева [81], Б. А. Тұрғынбаева [82], М. А. Абсатова [83], және т. б. ) ;
- білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін (Ш. Х. Құрманалина [84], К. С. Кудайбергенева [85], Б. Т. Кенжебеков [86], Г. Ж. Меңлібекова [87], Б. Р. Қасқатаева [88], М. В. Семёнова [89], С. И. Ферхо [90], және т. б. ) .
Дегенмен зерттеу барысында жоғары оқу орындарында педагог-психологтарды кәсіби әрекетке дайындау үдерісін көптілді білім беру талаптарына сай қайта қарау, оның теориясы мен ғылыми-әдістемелік негіздерін жаңарту мәселесі арнайы зерттелмегендігі анықталды. Атап айтсақ,
- ЖОО болашақ педагог-психолог мамандарын көптілді білім беру талаптарына сай дайындауға деген қоғамдық сұраныс пен оған негіз болатын теориялық тұғырлардың айқындалмауы арасындағы; болашақ педагог-психологтарда көптілді білім беру жағдайына байланысты құзыреттіліктерін қалыптастырудың объективті қажеттілігі мен оның жүзеге асуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген тиімді әдістері мен жолдарының айқындалмауы арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін көрсетеді.
Осы аталған қарама-қайшылықтардан көптілді білім беру жағдайындағы педагог-психологтардың өз педагогикалық іс-әрекетін тиімді атқаруларына қажетті құзыреттіліктердің құрылымы қандай, оны кәсіби білім алу барысында қалыптастыру қандай жолдар мен әдістер арқылы іске асырылуы тиіс деген зерттеу мәселесі туындайды.
Мәселенің көкейкестілігі мен аталған қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу тақырыбын « Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігін көптілді білім беру жағдайында қалыптастыру » - деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігін көптілді білім беру жағдайында қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындағы біртұтас педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні: болашақ педагог-психологтардың көптілді білім беру жағдайында еңбек етуге қажетті кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Зерттеу болжамы: егер, болашақ педагог-психологтарды дайындау үдерісінде мотивациялық, танымдық, іс-әрекеттік компоненттерден тұратын, әдіс, құралдары, көрсеткіштері айқындалған модель жүзеге асырылып, білім алушы көптілді білім беру жайлы білімдер мен кәсіби білік, дағдыларды өзіндік белсенді әрекет нәтижесінде меңгерсе, онда олардың көптілді білім беру жағдайындағы кәсіби құзыреттіліктерін кіріктірілген тұлғалық сапа ретінде қалыптастырудың тиімділігі артады, өйткені бұл жағдайда жоғары оқу орынының педагогикалық үдерісінің көптілді білім беру білім беру талаптарына сәйкестенуі мүмкін болады.
Зерттеу міндеттері:
- Көптілді білім беру қазақстанның дамуындағы маңызды стратегиясы ретінде сипаттама беру;
- Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырларын және коммуникативті қабілеттілік пен көпмәдениеттілікті педагогикалық-психологиялық фактор ретінде айқындау;
- CLIL интеграциялық технологиясы көптілді білім беру жағдайында педагога-психологтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңызды құралы ретінде анықтау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz