Қазақ поэзиясындағы Абай бейнесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті

ЖУМАБАЙ АҚЕРКЕ ҚАНАТҚЫЗЫ

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБАЙ БЕЙНЕСІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Нұр-сұлтан 2020

«Қорғауға жіберілді»

Қазақ әдебиеті кафедрасының

меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор

Р. Тұрысбек

«___» 2020 ж.

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Қазақ поэзиясындағы Абай бейнесі

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Орындаған:

Жумабай А. Қ

Ғылыми жетекші:

ф. ғ. д., профессор

Әлтай А. Д

Нұр-Сұлтан, 2020

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ

І. Тарау

1. Қазақ өлеңдеріндегі Абай тұлғасының сан қырлылығы.

2. Абай заманы, ақын бейнесінің әжесі Зере және әкесі Құнанбай тұлғаларымен үндестігі

ІІ. Тарау

1. ХХ ғасырдағы Абай бейнесінің жырлануы

2. Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ поэзиясындағы Абай бейнесі

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиет тізімі

Кіріспе диплом жұмысының өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, сонымен қатар диплом жұмысының мақсаты мен міндеттерін, зерттеу объектісін, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысының жазылуының практикалық базасын құрайды. Кіріспенің көлемі 3беттен тұрады.

1. Қазақ өлеңдеріндегі Абай тұлғасының сан қырлылығы.

Абай қазақ әдебиетінде жаңа көркемдік әдістің негізін салушы ақын. Қазақ халқы Абай шығармашылығынан рухани нәр алып қана қоймай, сонымен қатар ақыннан ойландырған, толғандырған әлеуметтік сауалдарға жауап іздеді. Қазақтың Абай дәуірінен кейінгі демократтық, халықтық әдебиеті сол арнада дамыды. Поэзияда бірінші болып Абайдың тұлғасын сан қырлы сомдаған, ақынның ұстаздық бейнесін ашқан оның шәкірттері. Абай есімінің қазақ поэзиясында алғаш аталуы оның шәкірттерімен байланысты болғандығы бекер емес. Өзінің айналасында жүрген шәкірттері Абай жайында аз зерттеген жоқ. Абай бейнесінің жалпы қазақ әдебиетінде жырлануы одан кейінгі ақындар Сұлтанмахмұт, Мағжан, Қасымдардан бастап бүгінгі әдебиетке дейін созылып жатқан кең тақырыпты қамтиды. Ақынның бейнесін поэзия арқылы жеткізген ақындар бастауында Көкбай ақынның, Шәкәрімнің өлеңдері тұрса, одан кейін Абай бейнесін өз өлеңдерінде сомдаған К. Жантайұлы, Ә. Тәңірбергенұлы, М. Әділханұлы, Ә. Найманбайұлы, Б. Айтқожаұлы, У. Шондабайұлы поэзиядағы дәстүр жалғастығына айналды.

Абай поэзиясын жоғары бағалаған және шама-шарқына қарай соның ізімен жүрмек болған ақындардың ішінен Б. Айтқожаұлы, Т. Жомартбаев тәрізді ақындарды ерекше атап көрсетуге болады. Б. Айтқожаұлы оннан астам өлеңі мен бір поэмасы енген «Шын мақсұттар» атты жинағын «Абай қандай?» деген өлеңмен ашып, онда ұлы ақынды былайша сипаттайды:

Кешегі айтылғалы Абай сөзі,

Әркімнің мәлім болды сыр мінезі.

Білмегенге - қараңғы қайда жүрсе,

Білгендер әдетінен болады мезі.

Жазылған кітаптары жүр шашылып,

Қанжардай-ақ жүрекке тік шаншылып.

Үй басы іздеп жүріп бәрін кетті,

Ескер деп осынымды қол тапсырып.

Оқыдық та ойладық - болды қандай,

Дәмін көрген жүрген жоқ құмарланбай.

Көз көріп, сөз сөйлесіп отырдық біз,

Көрушіге ермек үшін шығарғандай.

Б. Айтқожаұлы өлеңінде Абайдың бейнесін дана, ұлы ақын ретінде көрсеткісі келіп, оның еңбегінің, айтқан нақыл сөздерінің сол кездері бағаланбай, баспа бетін көрмей, жинақталмай жүргенін айтқысы келген. Абайдың ел қамын ойлар ақын ретіндегі қырларын да атап өткен. Бұл Абайдың көзін көрген, өз замандас-шәкіртінің айтқандары болса, ұлы ақынның немере інісі Шәкәрімнің де Абай бейнесін ашарда «Жастарға» өлеңінде дәл осы айтылған қырларын көрсеткенін байқаймыз:

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен, өз

генің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

Бұл өлең жолдарында Шәкәрім ұлы ақынның даналығын тағы бір айқындай түскен. «Жалыналық Абайға, жүр, баралық!» деген жолдарда Шәкәрім Абай қалаған ақындық мектептің өкілі ретінде, Абайдың ұстаздық қырын ерекше бағалаған. Ақын Шәкәріммен қоса, Абай қалап кеткен ақындық мектептің алғашқы өкілдерінің қатарында ақынның ұлдары Мағауия, Ақылбай, Тұрағұл және т. б сол замандағы ұлы ақын ізімен жүрген көптеген ақындар бар.

М. Әуезов:«Абай өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты және бар тапқаны мен тудырғанын ұстаздыққа салды. Ақын болып өсер ақынды тәрбиеледі»- деп жазған. Абай өзі нәр алған рухани бұлақ көздерін игеріп қана қоймай, өзінің сана сарабында, қайнар жүрегінде қорытып, ұрпаққа үлгі етіп ұсынуда дарынды шәкірттер даярлап, жаңа, тың әдеби дәстүрлі жол салды. Яғни ұстаз Абай қазақ әдебиеті тарихында ақындық мектептің іргетасын қалады. Ұстаздық жолында Абай ақындық мектебіндегі өзінің ұстаздық еңбектеріне, үлгі-өнегелеріне мыналарды жатқызамыз: әдебиет тарихында тың идеялық-көркемдік бағыт қалыптастыру, шәкірттеріне тарихи, реалистік және романтикалық эпикалық шығармалар жаздыру, мораль философиясын, «толық адам» ілімін адам тәрбиелеудің рухани құралы ретінде ұсыну, сөз өнерін ұлт, адамзат мүддесі жолындағы әділеттің күрес құралы етуді мақсат етті. Абайдың ақындық мектебінен тәлім алған Абай дәстүрін жалғастырушылардың қатарындағы Ақылбай мен Мағауия Абай тапсырмасы негізінде романтикалық поэмаларды жазды. Мысалы, Мағауияның «Медіғат-Қасым», Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары. Көкбай мен Шәкәрімнің тарихи жырлар тудыруы, Шәкәрім Абайдың «Толық адам» ілімін «Ар ғылымына» ұштастыра дамытуы, Абайдың тапсырмасы негізінде Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек», поэмаларын жазғанын атап айтуға болады.

Шәкәрім тікелей Абайдың тапсырмасы бойынша «Қалқаман-Мамыр» дастанын қағаз бетіне түсірді. Шамамен 1722жылы тарихта болған оқиға болып саналатын Қалқаман мен Мамырдың тарихы Абай өмір сүрген заманда да маңыздылығын жоғалтпаған мәселе болып саналады. М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында суреттелген Қодар мен Қамқаның өлімі де, Шәкәрім жазған Қалқаман мен Мамыр оқиғасы да феодалдық-патриархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын бейнелейді. Бір-біріне ғашық болған аталас екі жастың өлімі сол замандағы салт-сананы паш етеді. Мамыр өзінің туысы Көкенай батырдың қолынан қаза тапса, Қалқаман Кеңгірбай бидің қолынан қашып, Бұхара жаққа кетеді делінген. Абай осы сынды лирикалық поэмаларды өз шәкірттеріне жырлау тасырмасын бекер бермеген. «Абай жолы» романында айтылғандай, Қодар мен Қамқаның оқиғасына үкім шығарар сәтте ауыл ақсақалдары мен билері дәл осы кешегі өткен Қалқаман мен Мамырдың оқиғасын тілге тиек етеді. Поэмадағы махаббат мәселесі Шәкәрімнің жалпы адамгершілік, азаматтық көзқарасының негізі ретінде көрініп, оның Абаймен бағыттас, бостандық сүйгіш екендігін айқындайды. «Шәкәрімнің өз шығармашылығының мазмұнына, философиялық болмысына баса мән беретініндей, ол көркемдік-эстетикалық талаптардың да үддесінен шығып отырады. » [Гүлнар Апеева, Абайдың ақындық дәстүрі поэмалары, алматы, таймас, 2016, 138б]

Қайым Мұхаметханов Абайдың шәкірттерінің ұстаз тапсырмасымен жазылған поэмалары жайында былай дейді: «Абай шәкірттерінің ақын әсерімен жазылған өлең, поэмаларында демократтық сарын, гуманизм айқын танылады. Бұл бір жағынан Абайдың өзіне, екінші жағынан оның шәкірттеріне алдыңғы қатарлы орыс әдебиетінен келіп жатқан үлгі, өнеге болды. » - дейді. Абай негізін қалаған поэма жанрының керегесін шәкірт ақындардың шығармалары одан әрі кеңейтіп, кемелдендіре түсті. Ақын шәкірттеріне ұсынған поэмалардың тақырыптарының төркіні әртүрлі болып келеді. Бірі қазақ жерінде болған тарихи оқиғалар негізінде, келесі бірі шығыстың сарындағы аңыздар негізіндегі туындыларды ұсынса, кейбірін орыс және Еуропа әдебиетіне үңілдіріп отырған.

«Адамзат өмірінде болып өткен тарихи оқиғадан тамыр тарататын талай аңыздар, бір жағынан, Абай шәкірттерінің шеберлік шыңына көтерілуіне себеп болса, екінші жағынан, олар халық тарихының алтын әріптерімен жазылған көркем шежіресіне айналды. Мәселен Шәкәрім мен Көкбай, Мағауия мен Уәйіс ақындар қалам тербеген «Еңлік-Кебек», «Сабалақ», «Қанды жап», «Тәуке-Жікібай» поэмалары ұлт тағдырының ұмытылмас сәттерінің көрінісі болып қалды. Ақылбай Құнанбаев «ұстазы Абайдың ақылымен тау халқының өмірінен сыр шертетін «Дағыстан», Африкадағы зұлыстар жайынан «Зұлыс» сияқты тамаша романтикалы поэмалар жазып, қазақ әдебиетінде поэма жанрының жаңа түрін дамытқан талантты ақын» [Қ. Мұхаметханұлы. Абайдың ақын шәкірттері. Алматы: РГЖИ Дәуір, 1993. 1-кітап. -224б ] » [Гүлнар Апеева, Абайдың ақындық дәстүрі поэмалары, алматы, таймас, 2016, 12б]

Абай тапсырмасымен жазылған орны бөлек поэмалардың бірі - Ақылбай Құнанбаевтың «Дағыстан» поэмасы. Бұл поэма орыс классиктерінің сарынына еліктеп, солардың даналығына жетуді мақсат етіп жазылған десек те болады:

Сөкпе қалса сөзімнің шалалары,

Кітапта жазған орыс даналары,

Бұрын талай соғыста ойран болған,

Көрінді Дағыстанның қалалары. - деп жазған.

Абай «шәкіртсіз ғалым тұл» дейді. Ақын айналасына көкірегі ояу, өнерге ұмтылғыш, тілі орамды жастарды жинады. Абайдың алғаш өмірбаянын жазып, жинақтаған Кәкітай Ысқақов «Абайдың насихатын тыңдап, қасында болған жігіттер өзгелерден біртүрлі . . . » дейді. Абайдан тәлім алған жас ақындардың барлығы да басқа жұрттан ерекшеленіп, дараланып тұратыны ақиқат. Абайдың шәкірттерінің бірі ақын Көкбай қалада жүрген кезіндегі жазған бір өлеңінде:

Семейге Абай келсе бізде думан,

Ән салып, босамаймыз айғай-шудан.

Бас қосу, бақастасу, мәжіліс құру,

Секілді бір ғалымның жолын қуған.

Тарихтан неше түрлі Абай сөйлеп,

Өзгелер отырады аузын буған.

Бір барсаң мәжілісінен кеткің келмес,

Хакімдей Аплатон аңырап тұрған . . . , - дейді.

Абай қалаға келген сайын оқып жүрген жастарды жинап, қалай білім алып жүргендеріне қызып, ақылын айтып, білгенін үйретіп, ән салғызып, өлең оқытып, талаптарын мақтап мәжіліс құрады екен. Ол жастардың көбісін Абайдың өзі оқуға түсірген деседі. Көкпайдың «Семейге Абай келсе бізде думан» дегені де осы. Көкбай Абайдың замандасы болғандықтан, ұлы ақынның басынан кешкендерін қатар басынан кешті :

Абай сүйіп қасына, жолдасқа алды,

Бұрынғы отказ қылдым жолдастарды.

Жаңа жарық дүниеге келгендей боп,

Көрген соң аққан бұлақ, асқан дарды.

Сонда да қапы қалдым сулай алмай,

Хакімнің хикметіне улай алмай.

Бақталас пен барымта басты заман,

Астына кете бардық тулай алмай, - дейді.

Абай дүниеден өткен соң Көкбай көп қиындықтар көреді. Сол кезеңдердің бірінде жазған өлеңінде Көкбай ақын :

Бұл күнде жалғыз қалдым Абай кетіп,

Тірліктің дәнекері бірнәрсе етіп . . .

Арманым Абайменен бірге кетпей,

Қалыппын тентек елді құр күзетіп.

Көнбеген Абайға да асау, долы,

Бұл елді алу қиын тез түзетіп, - деп жазады.

Көкбайдың жинақталған өлеңдерінің арасында Абайға арнаған бір шумақ өлеңі бар :

Жәннәтта жайың болғыр Абай құтып,

Қасында бос жүріппін шатып-бұтып.

Осындай ен дарияны жайлағанда,

Тым болмаса қалмаппын тына жұтып.

Бұл өлең жолдарында «Абай құтып» деп хакімді ерекше биік бағалаған. Араб тілінен «құтып» сөзі «темірқазық» деген мағынаны білдіреді.

Мұхтар Әуезов «Абай шәкірттері туралы» атты мақаласында: «Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа, Әсет, Әріп сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды». Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп, М. Әуезов: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды ескерте кету керек. Ол - осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен айқындап көріне түсетін, Абайдың өзіндік ерекшелігі болады. Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы - ұстаз ақын болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні ақындарының екі буынынан құралатын болса, ең алдымен сол әдебиеттік мектепте басшы ақынның бағыты, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары - қысқасын айтқанда, барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болады» - дейді.

Мұхтар Әуезов осы айтқандарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, 1950 жылы «Абай шәкірттері туралы» атты әдеби зерттеу мақаласын жазып, онда Ақылбай, Мағауия, Көкбай ақындардың шығармаларына талдау жасап, өмір тарихтары жөнінде мағлұмат берген. Қайым Мұхамедханов Абайдың ақын-шәкірттері тақырыбын 1940 жылдардан бастап зерттеп, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында 1993 жылы «Абайдың ақын шәкірттері» деп аталатын

4 кітаптан тұратын зерттеу еңбегін жазған болатын. Жинаққа Абайдың ақын шәкірттері Ақылбай Абайұлы Құнанбаевтың «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары, Мағауия Абайұлы Құнанбаевтың «Медіғат-Қасым», «Еңлік-Кебек» поэмалары мен өлеңдері, Тұрағұл Абайұлы Құнанбаевтың М. Горькийден аударған «Челкаш» әңгімесі мен «Әкем Абай туралы» дейтін естелігі енген болатын.

Бұл ғылыми еңбектерден, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған дана ақын Абайдың ұстаздық бейнесін де байқай аламыз.

Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңінің мына жолдарында :

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,

Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.

Тегін білсең - аласың, бос береді,

Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.

Құрбыласы қулық пен айла баққан,

Олардан алдамшы деп көңлі қайтқан.

Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,

Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан.

- деп, ақын мұрасының өзінен кейінгі жастарға үлгі-өнеге боларын біліп, үлкен үміт артқандығы байқалады. Өмір сүрген заманында қулық пен айланың құрбаны болғандығын атап өтер тұстары да Шәкәрімнің сол озбыр заманның куәгері екендігін тағы да айқындай түседі:

Надандар төрт аяқты малға ұқсайды,

Қаңғырған тамақ іздеп аңға ұқсайды,

Өз бетімен табатын өнері жоқ,

Талапсыз, өлі сүйек жанға ұқсайды.

Шәкәрім Абай заманындағы надан адамның бейнесін, дәл ақынның өзі секілді суреттеген. Абай поэзиясы - өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейтесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде қазақ өмірін көркем бейнелеген телегей теңіз шындық бар екені белгілі. Шәкәрім Абайдың дәл осы тұсын анық айта білген ақын. Абай поэзиясына осындай күш-қуат беріп тұрған - оның, шығармасында қазақ халқының бүкіл өмірінің, әсіресе сол дәуірдегі қоғамдық өмірінің шындығын терең бейнелеуінің жарқырап көрінуін Шәкәрім шебер жеткізе білген. Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңі - Абай ғұмырнамасынан қажетті дерек бере алатын құнды шығарма:

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,

Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.

Надандықтан еліріп босқа жүрсек,

Мына заман көрсетер бізге тарлық!

Шәкәрім өз заманында Абайды оқуға, одан білім, әдет, ақылды алуға үндейді. Ақын Шәкәрім өмір сүрген заманда да халық арасында надандықтың тарқамағаны байқалады. Абайдың айтып кеткен «толық адам» ілімін адам тәрбиелеудің рухани құралы ретінде ұсынуды Шәкәріммен қоса ұлы ақынның басқа да шәкірттері жалғастырған.

Мынау Абай - бір ғалым жол шығарлық

Замандасы болмады сөзді ұғарлық.

Амалы жоқ, айналды енді бізге,

Күн туды етегіне жабысарлық.

Ұлы ақын өзі өмір сүрген заманда сөзін ұғар замандасы болмағандығы рас. Амалы жоқ, айналды енді бізге - деп, ұлы ақынның жазып қалдырған мол мұрасы келер ұрпаққа азық боларын айтады. Расында да, Абайдың қазақ әдебиетінде салған сара жолымен қазіргі күнге дейін қазақ ақындары жүріп келеді. Өмірде де, ақындық өнерде де Шәкәрім Абай ағасына арқа сүйеп, артынан көп мұра қалдырған. Бірақ ақынның біраз шығармасы бізге дейін жеткен жоқ. Абай өмірден өткенде Шәкәрімге жалғыздық қатты батады. Рухани сүйеу болған Абайды жоқтап :

Кім жалғыз, бұл жалғанда - есті жалғыз

Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.

Жалтандап жалғыз Абай өткен жоқ па

Қазақтан табылды ма соның пары

деп жырлаған шәкірттің басына ұстаздың күйігі орнайды. Абайды қажытқан, құсаға батырған қалың тобыр зілбатпан адамсыздығын арқалап Шәкәрімді қуалайды :

Жолама қулар маңайға,

Не қылмадың талайға?

Кім жағады сендерге

Тартқызған азап Абайға.

Соның да тілін алмадың,

Сабадың, сөктің, қарғадың.

Көріне қашан кіргенше

Арсылдап иттей қалмадың.

Абай бейнесін бүгінгі күнге мұра етіп, жырлап кеткен ақындар қатарында «дәстүрлі қазақ ақындары» ерекше орын алады. Олардың бастауында Жамбыл ақын, Нұрпейіс Байғанин, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы және т. б дәстүрлі ақындар бар. Ғалымдар Абайды өзінің қатарласы, замандасы ақын Жамбылмен көп ұқсастырып, салыстырып жатады. Жамбылдың Абаймен ұқсас тұсы - екеуі де Алланың хақ жолындағы ақындар. Ұлы ақынның екеуі де пайғамбардың бар екендігіне сеніп, Алланың ақ жолын ұстанып, ораза ұстап, намаздарын қаза қылмаған. Жамбыл да Абай сияқты Жамбыл тауында дүниеге келген:

Солайша Жамбыл тауда Жамбыл туған,

Қырық күн маймен сылап, тұзбен жуған, -

дейді. Екі ақынның осы ұқсастықтарын байқай отырып, олардың арасында ерекше бір байланыс барын сезуге болады. Осы тұста, Жамбыл ақынның өз замандасының ауыр қасіретіне бей-жай қарамағандығы оның «Жалғызбын деп жүрмесін» өлеңінен байқалады. Абайға ұлы Әбдірахманнан айрылу өте ауыр тиеді. Жамбылдың Абайға арнаған жоқтау өлеңінен ерекше қолдауды көруге болады:

Сәлем айт, барсаң Абайға,

Кеңесі кеткен талайға.

Ауырды жеңген қара жер,

Сабырлы болсын қалайда!

Бір жұтқан судай дүниесін,

Ащысын татып күймесін.

Жапанға біткен бәйтерек,

Жалғызбын деп жүрмесін!

Дәстүрлі ақындардың тағы бір өкілі Нұрпейіс Байғанин Абайға арнау өлеңінде :

Көңіл салып оқыңыз Абай жырын,
Аузынан шыққан жыры шекер-шырын.
Үлгілі айтқан жыры ақын Абай,
Халыққа үлгі берген бізден бұрын.

деп, халықты Абай мұрасын оқуға үндейтін болса, ақын Омар Шораяқұлы «Қазақта ондай ақын қайдан болсын» деген өлеңінде былай дейді:

Абайдың оқығанмын өлең сөзін,

Сол кезде пайда болған маған сезім.

«Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысын»,

Уаһ, дариқ! Ескермепті албырт кезім.

Абай өз өлеңінде «Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысын, Қазақтың келістірер қай баласы?» дейді. Омар ақын Абайдың өлеңіндегі үзіндіге «Уаһ, дариқ! Ескермепті албырт кезім» деп жауап қатады.

Аталған дәстүрлі ақындар қатарында Нарманбет ақын елдік сөзді мейілінше дербес үнмен, терең тебіреніспен айта білген ақын. Сол арқылы ол поэзияның әлеуметтік мәнін, ақынның азаматтық парызын саралап, түсіне білген:

«Өзімді алма, сөзімді ал» деген Абай,

Алмаса да сөз жазды талай-талай.

Ағат болса, ғапуын өтінемін,

«Сен соның інісі едің» деме «пәлі-ай!» дейді.

Абайдың ізін жалғаушы ақындардың қатарында Тұрмағамбет Ізтілеуұлы бар.

Ақын 1910 жылы өз замандасының бейнесін ашатын «Абайды оқыған да» деген өлеңінде:

Артында атақты ердің қалса сөзі,
"Өлді" деп ойламаймын оның өзі.
Қисынсыз кедергінің керегі не,
"Базарлап" болғаннан соң қайтар кезі.
Ерлердің ертедегі өтіп кеткен
Әлі жүр халық аузында алтын тезі.
Абайдың айтқандарын оқығанда
Болады: "Бәрінің де бар, - деп, - көзі".
Өлген соң оған біз де "қауышармыз",
"Ұйықтасын" торқа болып киген бөзі.

Абайды «өлді» ойламаймыз, оның өлеңдері мен қалдырған мұрасы әркез халық аузында жүреді. «Абайдың айтқандарын оқығанда» «Болады: Бәрінің де бар, -деп, - көзі» дейді. Абайды оқыған адамның көзі ашылып, ой саларлық дерек алады. Ақынмен келесі дүниеде қауышармыз дейді Тұрмағамбет ақын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай мұрасындағы әйел бейнесі
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев
Абай шығармаларының жанры
Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу
М. Жұмабаев
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Шәкәрім поэтикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz