Музыкалық білім беру


Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Иғламова Іңкəр Жұмабиденқызы
Қазақстанның жалпы білім беру беретін мектебінде музыка сабағын өткізудегі заманауи тәсілдер (5-6 сыныптар)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы бойынша - «Музыкалық білім беру»
Алматы, 2020
Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Музыкалық білім беру кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
/
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстанның жалпы білім беру беретін мектебінде музыка сабағын өткізудегі заманауи тәсілдер (5-6 сыныптар)
мамандығы бойынша - «Музыкалық білім беру»
Орындаған: Иғламова І. Ж.
Ғылыми жетекші:
Алматы, 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
І ТАРАУ. Жалпы білім беру мектебінің 5-6 сынып оқушылары музыка сабағының тәсілдеріне теориялық көзқарас
- Музыка сабағын өткізу тәсілдерінің маңызы мен түсінігі . . .
1. 2 Музыкалық білімінің жаңартылған бағдарламасының мазмұны бойынша 5-6 сыныптардың музыкалық тәрбие құралы ретінде . . .
ІІ ТАРАУ. Музыкалық білімінің жаңартылған бағдарламаның мазмұнының құралдарымен 5-6 сыныптағы оқушылардың музыкалық тәрбиелеу деңгейін жетілдіру
2. 1 Орта жастағы 5-6 сынып балаларының музыкалық тәрбиелеу деңгейін анықтау (зерттеудің қорытынды кезеңі) . . .
2. 2 Музыкалық білімінің жаңартылған бағдарламаның мазмұнының құралдарымен музыкалық тәрбие деңгейін арттырудың әдістері мен тәсілдері (зерттеудің қалыптастыратын кезеңдері)
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық қазыналар, ғылым мен практикалық жетістіктері және тұлғаны қалыптастыру үшін жағдайлар жасау», - деп ерекше ата көрсетілген.
Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамының алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын және өз замандарына сай мәдени талғамы зор, эстетикадан сусындаған, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу. Біздің қазіргі мектепте тәрие алып жүрген жастарымыздың эстетикалық тәрбие жүйесі қалыптасқан деп айтуға болады.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым - әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні - білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлі де көрсетіле берсе артық етпейді. Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару - ұстаздардың басты мақсаты.
Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның патриоттық, адамгершілік сезімдерін қалыптастырады. Оның ықпалы үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Отан, Қазақстан, батырлық туралы айтқан балалардың әндерінен өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көруге болады. Сондай-ақ, Қазақстан азаматы болғандықтан, әрбір бүлдіршін еліміздің
рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің Әнұранын есіне сақтап, жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері достыққа тәрбиелейді. Әсіресе біздің балабақшамыздағы орыс топ балаларының казақ тілінде ән шырқап аудан көлемінде өткен «Тіл болашағы балабақшада» атты байқауда жүлделі орынға ие болғаны қазақ әні мен билеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез-құлқына, мәдениетіне септігін тигізеді. Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы да бар. Музыка балалардың эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.
Тақырыптың өзектілігі. Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.
Зерттеу объектісі. Мектептегі 5-6 сыныпқа арналған музыка сабағы
Зерттеудің мақсаты: Музыка сабағында жаңартылған технологияларды пайдаланып оқытудың тиімді әдістерін қарастыру.
Зерттеудің міндеті: Балаларға музыкалық білім беру және музыка сабақтарында заманауи технологияларды пайдалану тәсілдерін көрсету, балалардың музыка тыңдауын қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеу нысаны: мектепте бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Зерттеу пәні: музыка пәнін оқыту
Зерттеу әдістері - ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және ұстаздармен әңгіме, сұхбат жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- Балалардың эмоциялық сезімдерін дамытудың мақсат-міндеттері;
- Музыка сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді тәсілдері;
- Музыкалық тәрбие берудің маңызы туралы түсінік берілді.
Практикалық пайдасы: эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепте сынып жетекшілерінің ата-аналармен жұмысында, педагог-психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. Жалпы білім беру мектебінің 5-6 сынып оқушылары музыка сабағының тәсілдеріне теориялық көзқарас
1. 1 Музыка сабағын өткізу тәсілдерінің маңызы мен түсінігі
Музыкалық білім беру педагогикасы - зерттеу аясы кең ғылым саласы. Зерттеу пәнінің кеңдігі өрісті болғандықтан оның мәнін тек өзге ғылымдармен байланысы негізінде ғана түсіндіруге болады.
Педагогика ғылымы сияқты музыкалық білім беру педагогикасы да өзінің барлық даму кезеңдері бар ғылым.
Музыка пәнінің маңыздылығы - музыка адамның жеке тұлғалық қасиеттерін білдіруге мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді құрал мен қарым-қатынас тілі.
«Музыка» пәні арқылы: оқушының шығармашылық қабілеттерін, эмоционалды-сезімдік аясын, музыкалық-есту және бейнелі көркем қиял-елестерін қалыптастыруға бағытталған. Түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатысу (әндету, музыкалық аспаптарда ойнау, музыкалық - ырғақтық іс-әрекеттер, шағын қарапайым музыка түрлерін ойластыруға, оған суырып-салма, өндеу жасаудың алғашқы қадамдары) оқушылардың эстетикалық-көркем талғамын, музыкалық мәдениетінің дамуына, креативті ойлауын, қиялын, елесін, музыкалық есте сақтау және есту қабілетін, назарын арттыруына мүмкіндік береді.
Қазақ халқы ұлт болып жаралғалы осы дәстүрлі музыка өнерімен байланыстырған. Халық арасында: «Әуен мен әуезге деген қабілет дүниеге келгенде бірге дарыған», - деген сөз бар. Халқымыздың еңкейген кәріден еңбектеген баласына дейін ән, әуен десе ішкен асын жерге қойып, халық музыкасын жоғары бағалағаны бәрімізге мәлім. Қазіргі мектеп оқушыларына әлем музыка мұрасымен таныстыру, халықтық және классикалық музыкаға баулу, насихаттау жаңалық емес. Классикалық және қазақ халық музыка өнеріне деген дағдарысты қабылдау музыка мұғалімінің іс-әрекетінде айқындалған.
Алайда, қазіргі таңда, жаһандану, батысқа бет бұрушылық заманында болашақ ұрпағымыз өзінің төл өнерін ұмытпасын десек, әзірден бастап шаралар қолдануымыз керек. Мектепте музыка сабағында дәстүрлі музыканы тереңдетіп өту арқылы оқушыларды өнерге баулуға құрметтеуге үйретуге болады.
Қазіргі кезде музыка сабағында дәстүрлі әндер, шешендік айтыс, суырып салма ақындық өнері, ән айту, жыр-термелер де тереңірек үйретілуде.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты:музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Музыка пәні арқылы тәрбиелік және білімдік міндеттері:
1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету;
2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу;
3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыканттардың, орындаушылардың шығармашы-лығымен таныстыру, солардың үлгілерінде тәрбиелеу;
4) Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту;
5) Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру;
6) Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру.
Бұл (кесте 2) арқылы музыка пәнінің оқушылардың бағдарлама оқу аясында қандай жетістіктерге жетуге болатындығын толықтай айта аламыз.
Музыка пәндік бағдарламасы орта сынып қазақ мектептеріне байланысты бағдарламар жайлы айтар болсақ. Нақтырақ орта сынып ол 5 ші сыныптан жоғары деп ала аламыз.
Жоғары сынып - мектептегі жоғары сынып балалары яғни бастауыш орта буынға өту кезеңі, яғни 5-ші сыныптан жоғары кезеңі.
Жоғары сынып жасындағыларға психологиялық-педагогикалық сипаттама айтып өтер болсақ. Жеткіншек шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Зерттеуші А. Сулейменова былай дейді: «Баланың ақыл ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны оқытуға, тәрбиелеуге болмайды» - деген нақты тұжырым көрсетіп өткен. Осы тұрғыда, еліміздің президенті жарлық жасап көптеген жобалар ұйымдастырып, білім беру саласында қарқынды өзгерістер енгізу аясын кеңінен қарасытурда.
Музыка бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарламалар 5-6 сыныптар. Бұл бағдарламардың авторлары - Ж. Ж. Еңсепов, Ж. К. Мейірова, А. А. Саильянц. Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін, оларға көне дәуірден бастап келе жатқан музыкалық, аспаптық шығармаларды ән, терме, күй, жыр, айтыс өлеңдерін үйретіп, халықтың қасиетті рухы арқылы білім нәрін сусындатқаны абзал.
Музыка пәні 6 сыныптарға арналған бағдарламаның өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл бағдарламада оқушылар ұлттық мұраларымыз, ата баба салттарындағы үрдістерді, бұрын көп қайталанбаған ең озық өнер үлгілерін қазіргі ұрпақ рухымен байланыстырыла тәсілдері түсіндірелді. Бағдаламада ән айтып, күй тартып, би билеп, өнердің сан-саласына машықтануына бағдар беріп, жол сілтейді.
Бұл бағдарламалар арқылы оқушылар өнердің ұлы мектебімен таныса отырып, сонау Қорқыт атамыз бастаған музыкалық мұрамыздың кейінгі сал- серілер, одан кейінгі кәсіби музыка деңгейіне өткен ұлы музыканттар жайлы және де заманауи музыка саласымен тереңірек танысады.
2-кесте
Жалпы музыка сабағы оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін өсіруге арналған арнаулы сабақ. Басқа сабақтарға сәйкес бұл сабақта тапсырма беру, мазмұн-мағына, оқыту әдістемесі қолданылады. Әр сабақ өзінің ішкі логикасымен құрылады.
Сабақтың мақсаты - ән үйрену, музыка тыңдау арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу, музыкалық сауатын ашу, баланың ішкі мінез-құлқын ашу және де оны жақсы жолдарға тәрбиелеу.
Музыка мұғалімі әр бір берілетін жоспарлы сабаққа әр түрлі тұрғыда дайын болуы керек. Мұғалім сабақта аспаптармен, атрибуттық заттар арқылы, суреттер, видео таспалар арқылы сабақты қызығырақ өткізсе оқушылардың сабаққа деген көңілі ашылады. Нақтырақ айтқанда, ұстаздың шеберлігіне байланысты сабақтың барысы өрбиді.
«Музыка» пәні оқушыларға нені үйретеді:
- қазақ халқының және әлем халықтары музыкасының негізгі стильдері мен жанрларын, өнер туындыларындағы сезімдер мен эмоцияларын, бейнелігі мен көңіл-күйін зерттеп, ажырата отырып талдайды;
- музыкалық аспаптарда орындау, әндету, сонымен қатар музыкалық суырып-салмалықтар мен өңдеулерді жазу үшін музыкалық сауаттылықтың негізін біледі;
- музыкалық аспаптардың жіктемесін біледі, халық аспаптары мен классикалық аспап түрлерін ажыратады;
- шығармалардағы көңіл-күйді, эмоция мен сезімдерін сипаттау үшін музыкалық терминологияларды қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес музыкалық пьесаларды тыңдайды және талдайды;
- музыкалық шулы аспаптар көмегімен қарапайым вокалдық және аспаптық шығармаларды орындайды;
- музыкалық әртүрлі іс-әрекетке қойылған міндеттерді зерттеп, креативтік шешімдер табады;
- би қимылдары және басқа да музыкалық қойылымдар мен суырып салмалар көмегімен музыка сипатын жеткізе алады;
- музыкалық шығармалар құру үшін, сонымен қатар АКТ(толық атауын жазу? ) құралдарын пайдалана отырып білім мен дағдыларды қолдану;
- қарапайым, шағын музыкалық шығармаларды жеке және ансамбльмен орындауда өзінің және өзге орындаушылардың рөлін, сонымен қатар көрермендер алдында орындаушылық мәдениеті мен маңызындылығын түсінеді;
- өз жұмысына түсіндірме бере білу, өзінің және басқалардың жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізеді.
Қазіргі таңда жоғарғы сынып оқушыларын жан-жақты қалыптасқан, шығармашыл етіп жетілдіру басты мақсаттарымыздың бірі. Бұл мақсаттарымыздың жүзеге асуына өз септігін тигізетін бірден-бір пән ол музыка пәні болмақ. Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады.
Адамның дамуы - ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама-қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және тәрбиесіне байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады.
Музыка сабағы оқушылардың шығармашыл болып өсуіне бірден бір негіз болатын пәндердің бірі. Музыка арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге болатындығын ғалымдар өз еңбектерінде талай рет зерделеген. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің жұмысты мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Музыка сабағанда жоғары сынып оқушыларына музыканың әсерлі үнімен білім беру арқылы шығармашылыққа баулуға толық негіз бар. Тұлға - біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін-өзі дамытып отырады.
Баланың шығармашылық қасиеттері кішкентайынан көріне бастайды, себебі, шығармашылық - бала дамуының қалыпты жағдайы. Алайда шығармашылыққа бейімділік бірте-бірте жоғала бастайды, ол балаға да қоғамға да кері әсер етеді. Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге тез бейімделеді. Музыкалық білімнің өзі осы ұғымдардың жүзеге асуына мол үлесін тигізеді.
Музыка аспаптарына үйрету сабағы музыка сауаты мен ән үйрену сабағы методикасы сабақтары мен тығыз байланысты жүргізіледі. Жеке музыка сабағының оқытушысы график бойынша басқа да оқытылатын пәндермен сабақтастыра өтуі қажет.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды.
Жоғары сыныптың музыка пәні бойынша 6 сыныптарға арналған кітабы. Бұл кітаптың авторлары: Ш. Құлманова, Т. Тоқжанов, Сүлейменова . 5 сыныптың музыка кітабы бойынша қазақтың көне аспаптарын, ескі халық әндерімізді естіп, танысуға болады.
Жоғары сынып музыка пәні бойынша 6 сыныпты алатын болсақ, қазіргі білім аясында мектеп оқушыларына арнап музыка кітабын шығарған, күйші, «Көкіл» мектебінің негізін қалаған, ұстаз, зерттеуші Абдулхамит Райымбергеновтың басқаруымен Сайра Райымбергенова, Ұлжан Мәлікайдарқызының көмегі арқылы және де «Атамұра» баспасы бойынша шығарылған музыка кітабын қолданады.
Қазіргі уақытта жаңа кітаптар жаңа бағдарламалармен де шығып жатыр оның дәлелі «Алматы кітап» баспасының кітаптарымен жұмыс қарқынды жүргізілуде
6 сынып оқушыларының музыка пәні бағдарламасында Қазақстанның қазіргі заманғы музыка өнері тереңірек қарасытырлады. Себебі, әр уақыт сайын музыка түрлері даму үстінде жүргендіктен 19 ғасырағы қалыптасқан халық әндері, қара өлең, жырлардан бастау алатын музыка өнеріне ерекше үлес қоса білген Құрманғазы, Динадан басталып, қазіргі қазақ эстрадасында жүрген белгілі өнер қайраткерлері әншілермен аяқталады.
Жоғары сынып оқушыларында бұл бағдарламаларды оқу арқылы аспапқа, әншілік өнерге жалпы қазақтың музыка мәдениетіне деген сезім күшейе түседі. Себебі бұл жаста бала өзіне ұнаған әуенде, аспаптарды, қызығушылығын, ойын еркін жеткізе алады.
Ұстаздың музыка сабағындағы міндеті - ол баланы тек берілген жоспар бойынша тақырыпты түсіндіру емес, ол баланың қызығушылығын дамыту, бойындағы талантын ашу, жеке тұлға ретінде өз ойын әрі өзінің көпшілік алдында ұстауын қадағалау арқылы ерекше қасиеттерін байқау. Яғни бұл тұрғыда ұстаздың сабаққа дайын болып келуін былай көрсетуге болады:
- Сабақтың мақсатын айқындау;
- Музыкалық материалдар арқылы өтілу;
- Сабақты уақытқа бөле отырып орындалуын қадағалау;
- Қызықты әрі нақты өтілуі шарт;
- Сергіту сәтін ерекше қолдана білу;
- Тақырыпты бекіту, жан-жақты оқыту болып табылады.
Музыка кітабымен қатар, музыка пәніне арналған хрестоматия кітаптары да болады. Бұл хрестоматия кітабында тыңдауға арналған ән мен күйлер, шығармалар көрсетілген. Фонохрестоматия арқылы дискке әуенді қосып, балалардың рухани азығын молайта аламыз.
Дипломдық жұмысымыздың бірінші тармақшасын қортындылай келе, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанымыздың мектептерінде музыка пәні орта сынып оқушыларының музыка пәнінің маңызы - ол білім мен тәрбие. Әрқашанда білім беру процесі ол ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес және оның көмегіне жүгіне отырып білім береді. Ол біздің өскелең ұрпақты адамгершілікке, ұлттық патриатизмге, атадан мұраға жалғасын тапқан ұлттық өнерімізді сақтап, дәріптеу, оны ерекше бағалай білу жолдарын білікті ұстаздарымыз оқушыларға үйретеді.
Жалпы білім беретін мектептің музыка сабақтарының нақты мақсаты - білім мен тәрбие беру, ұлттық музыкаға баулу, қызығушылықтарын ояту болып табылады.
1. 2 Музыкалық білімінің жаңартылған бағдарламасының мазмұны бойынша 5-6 сыныптардың музыкалық тәрбие құралы ретінде
Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды және жаңартылды. Сабақты ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т. б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізіліп олардың шешімдері табылды.
Жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты әрбір бала музыканы қызығушылықпен қабылдайды. Баланың есту қабілеті музыканың дыбыс биіктігін, сипатын, ырғағын, тембрін ажыратып, түсінуіне әсер етеді.
Педагогикалық жоғары сыныптарда қазақ ұлттық музыкасы арқылы оқушыларды интеллектуалды дамытудың әлеуметтік маңызы мен мәселенің күрделілігі тәжірибелік оқыту мен заманауи дидактиканың маңызы болып табылады. Жоғары сыныптарда оқыту үдерісі болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінің негізін қалыптастырады. Ұлттық музыка арқылы студенттерді интеллектуалды дамытуды жүйелілікпен тиімді жүзеге асыру үшін оның моделін құру қажеттігі туындайды.
3-кесте
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz