АСИЯ ЖШС КӘСІПОРНЫ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ЖАҒДАЙЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Негізгі құралдардың жіктелуі
  2. Негізгі құралдар есебін жүргізу негіздері
  1. «АСИЯ» ЖШС КӘСІПОРНЫ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ЖАҒДАЙЫКәсіпорындағы негізгі құралдардың қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебіКәсіпорындағы негізгі құралдардың тозуы және жөндеу есебінің жағдайыНегізгі құралдар есебі мен аудитін жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Негізгі құралдар кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметінде маңызды орын алады, себебі олар кәсіпорынның барлық материалдық - техникалық базасын құрайды және өндірістік қуатын анықтайды. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану үшін олардың бағалануы, сақталуы жайлы толық әрі дәл ақпарат болуы керек. Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің рөлі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдау субъектінің нарықтағы іс - қимылын анықтап, бәсекелес - субъектіні анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде шаруашылық қызметтің іс - әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашылып көрсетіледі.

Зерттеу өзектілігі. Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есептің күрделі және маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорындардағы қаржылық есеп беруде маңызды орын алады. Негізгі құралдар бойынша мәліметтер кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және кәсіпорынның түпкі нәтижесіне маңызды әсер етеді.

Өндіріс тиімділігін анықтауда негізгі құралдардың шығуы мен түсуі, олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асырмай қадағалау мүмкін емес.

Зерттеу мақсаты. негізгі құралдардың мәніне, жіктелуіне, бағалануына, есебіне және аудитіне баға беру. Сонымен бірге негізгі құралдарды дұрыс пайдалануға жүргізілген талдау негізінде ұсыныстар мен тұжырымдарды жасау, кәсіпорын бойынша кемшіліктерді табу және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу міндеттері:

  • негізгі құралдардың түсінігі мен экономикалық мазмұнына;
  • олардың есебін жетілдірудегі ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне;
  • кәсіпорынның ұйымдық экономикалық және есеп қаржы жұмысына;
  • негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалануына;
  • олардың түсуі мен шығуына ;
  • синтетикалық және аналитикалық есебі мен аудитіне сипаттама беру;
  • негізгі құралдардың арендасы мен жөндеу есебіне;
  • негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясына сипаттама беру болып табылады.

Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Негізгі құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылатын өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп - бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралын, яғни материалдық активтерді айтады.

Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар өндірістік және шаруашылық құрал - саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшектер, шаруашылықтың ішкі жолы, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын және тағы басқа негізгі құралдар жатады.

Негізгі құралдар- материалды активтер, олар :

1) кәсіпорынмен өндірісте қолдану үшін немесе тауарларды жеткізу үшін және қызмет көрсетуге, жалға беруге және әкімшілік мақсаттарға арналған;

2) бір жылдан астам уақыт мерзіміне арналған;

Берілген анықтамадан үш негізгі белгіні бөліп шығаруға болады. Олар негізгі құралдардың :

1) материалдық формада болуы;

2) кәсіпорынның іс-әрекетінде мақсатты негізде қолдануы (сатуға арналмаған) ;

3) ұзақ мерзімде қолдану. [1]

Бірақ бұл кәсіпорынның активті негізгі құрал деп мойындауына жеткіліксіз негіз болып табылады. Объектілерді мойындау дегеніміз - ол оларды бухгалтерлік балансқа енгізу үшін есепке алу болып табылады.

Негізгі құралдар актив ретінде танылады, яғни қаржылық есеп беруде көрініс табады, егер олар актив анықтамасына сәйкес келсе. Актив бұл - болашақта экономикалық пайда әкелетін ресурс болып табылады. Егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оның сатып алу құны есепті кезеңнің шығындарына апарылады.

Кәсіпорындар объектілерді, яғни жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарды негізгі құрал деп мойындайды егер мына жағдайлар орындалса :

- кәсіпорын осы активпен байланысты болашақта экономикалық табыс алатынына сенімді болса;

- кәсіпорын активтін өзіндік құның сенімді бағалай алса.

Негізгі құралдар - материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде ұзақ уақыт бойы қолданылатын материалдық активтер.

Негізгі құралдар кәсіпорындардағы қаржылық есеп беруде маңызды баптардың бірі болып табылады. Негізгі құралдар бойынша мәліметтер кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және кәсіпорынның түпкі нәтижесінде маңызды әсер етеді. Әр түрлі салада қызмет көрсететін кәсіпорындарда көп жағдайда негізгі құралдар кәсіпорынның активтерінің көп бөлігін алады.

Негізгі құралдар :

1) тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруге немесе жеткізуге пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған;

2) бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтер. [2]

Бір жылдан астам уақыт ішінде пайдаланылған объектілердің барлығы бірдей негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келе бермейді, себебі компанияның осы объектілерден тікелей немесе жанама түрде экономикалық пайдалар (яғни ақшалай қаражат) алатынын не алмайтының анықтау өте күрделі. Әдетте бұл проблема мынадай негізгі құралдар объектілерін актив ретінде таныған кезде туындайды :

1) қоршаған ортаның қауіпсіздігін және қорғау қамтамассыз ету үшін сатып алынған, болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты емес, бірақ компанияның болашақ экономикалық пайдалар алуы үшін қажетті негізгі құралдар объектілері. Мысалы, тазалау сүзгілері, шу басу экрандары және басқалары;

2) өндірістік емес, әкімшілік мақсаттарға пайдаланылатын, яғни түсім немесе өзге табыстар әкелетін өндірістік, сауда немесе өзге үдірістерге тікелей қатыспайтын негізгі құралдар объектілері - үйлер, машиналар және жабдық. Мысалы, әкімшілік үйлер, зерттеу орталықтары, деректерді электрондық өндеуге арналған жабдық және басқалары;

3) өндірістік емес немесе әлуметтік сала объектілері - компания қызметкерлерінің немесе басшыларының қажеттілігіне арналған, ұстап тұру шығының компания төлейтін, бірақ осы объектілерден компания комерциялық табыс алатын профилакторлар, бала бақшалар және осындай өзге объектілер.

Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есептің күрделі әрі маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады.

Кәсіпорында негізгі құралдар есебі № 6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға өндірістік техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі. [3]

1. 1 Негізгі құралдардың жіктелуі

Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді:

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардын көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машиналар, құрал - жабдық, құрал - саймандар т. б) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) .

Өндірістік емес негізгі құрал - жабдықтар - тұтынуға арналған құрал - жабдықтар. Олар ұжымның мәдени - тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз субъектіге тиесілі және оның баланысында

көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған негізгі құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал -жабдықтар.

Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (ғимараттар, үйлер, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланыналатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар ( жер учаскілерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б) жатады. [4]

Әр субъектіге негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді : жер, үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, күш-қуатты машиналар мен жабдықтар, жұмыс машиналары мен жабдықтары, өлшеуіш және реттеуіш құрал-аспаптар (проборлар, құрылғылар, керек-жарақтар, лабороториялық жабдықтар), есептегіш техника, басқа да машиналар мен жабдықтар, табыстау қондырғылары, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және соған жататын заттар, шаруашылық мүлік, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал, көп жылдық өсімдіктер, жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз), басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

- жер - субъект меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда жер учаскесі мүліктік объекті болып саналады;

- үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлуметтік мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлуметтік құрлыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объекті болып табылады;

- ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инжинерлік - құрлыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолдары) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объекті болып табылыды;

- өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларының бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және тодстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

- машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдытар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабараториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдары, соған тиісті заттары, аспаптары, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топшадан тұрады;

- күш беретін машиналар мен жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генеретор машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель машиналары;

- жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімділігін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал - жабдық (токарлық бронда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;

- өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай -ақ лабораторияда пайдаланатын приборлар мен апаратуралар;

- есептеу техникасы - процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеуіш машиналары) ;

- басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, апараттар және басқа құрал- жабдық (телефон станцияларының, радио топтарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;

- көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары ( автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімделгіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объекті болып табылады;

- құрал - сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдары, ағашты және т. б өндеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объекті болып табылады;

- шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;

- жұмысқа пайдаланатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар мен маралдар, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объекті болып табылады;

- көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс - жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

- жерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар - ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі мүліктік сипаттағы шығындар (жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу, аланды егіндікке арнап тамырымен жүлу, жерді тастан тазарту) ;

- басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорттық мүлік, мұражай құндылықтары және тағы да басқа салымдар. [6]

1. 2 Негізгі құралдар есебін жүргізу негіздері

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті :

1) расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;

2) негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамассыз ету;

3) негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарылымын арттыру жөніндегі шараларды дұрыс ұйымдастыру;

4) негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеуді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;

5) сапалы және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;

6) негізгі құралдар боойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.

Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады.

Автор Қ. К Кеулімжановтың ойы бойынша негізгі құралдар өндіріс процесінде бірте - бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға тура келеді /1/.

Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөлінеді. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. [7]

Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғанына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер етуіне байланысты, яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) оларды ұзақ пайдалану және оларға басқа факторлардың әсер етуі нәтижесінде болып табылады және әр түрлі сыртқы факторлардың әсерінен болады : ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металлдардың тот басуынан ескіруінен пайда болады. Нәтижесінде негізгі құралдардың құнының бөлігі жоғалады. Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, үйлер мен ғимараттардың, жабдықтардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық тиімсіз болып қалады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей - ақ құнсызданып, өндірістің даму процесінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуы бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс саласында ғылыми - техникалық процестің өсуіне байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал - жабдықтарды, тағы да басқаларды өндіруге кеткен қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді (арзандайды) . Сөйтіп, еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал - жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай шаруашылық субъектілеріне қымбат және тозынқыраған (пайдаланған) машиналар мен көліктердің, құрал - саймандардың тағы басқа негізгі құралдардың арзан әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі - ғылыми - техниканың өркендеуіне байланысты толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Шаруашылық субъектілерінде өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланып келген негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуына әкеліп соқтырады. Бірақ шаруашылық субъектілері қандай меншікте болса да (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, тағы басқалары) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді :

- жер;

- кітапхана қорлары;

- фильм қорларына;

- архетектуралық және өнер ескерткіштеріне;

- өнімді малдарға;

- музейлік құндылықтарға;

- жалпылай пайдаланылатын көлік жолдарына.

Сонымен қатар амортизациялық аударым мындай жағдайларда есептелмейді:

- қайта құру;

- жаңарту;

Негізгі құралдарды сапалық тоздыратын факторлар:

1) өндірістегі жабдықтар мен жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру) ;

2) технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды қолдану мүмкін емес) ;

3) шығарылған өнім наменклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз) ;

4) тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың саның азайтуды субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;

5) жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер. Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;

Сапалық тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырылады. Сапалық тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңартады. Мұражай және қылқалам құндырықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральді тозуға бейім . [8]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІМЕН ТАДАУЫН ұЙЫМДАСТЫРУ
Қысқа мерзімді активтер есебін зерттеу
Жал есебінің аудиті
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау
Өндіріс есебінің ұйымдастырылуы
Жалдық шарт мерзімі
Жалға беруші жолдаушыға немесе жалдаушы жалға берушіге
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктік капиталының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz