Ұйымдардағы шаруашылық операцияларын құжаттау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Қаржы және есеп кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

э. ғ. к., аға оқытушы Э. М. Адиетова

«___» 2020 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Балық шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы»

5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша

Орындаған: Хатенов М. М.

Ғылыми жетекеші: Габдуллин Н. И.

Э. ғ. к., қауым. профессор м. а

Норма бақылау:

Атырау 2020

мазмұны

кіріспе . . . 3

1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. 1 Бухгалтерлік қызмет жұмысының ұйымдастырылуы

1. 2 Ұйымдардағы шаруашылық операцияларын құжаттау

1. 3 Бухгалтерлік есепті жетілдірудің негізгі бағыттары

2 «КАСПИЙ-БАЛЫҚ» ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ . . .

2. 1 «Каспий-Балық» ӨК есептеу-талдау қызметінің жұмысы

2. 2 «Каспий-Балық» ӨК қаржылық-шаруашылық қызметін талдау

2. 3 «Каспий-Балық» ӨК бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы

3 «КАСПИЙ-БАЛЫҚ» ӨК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . .

3. 1 Қаржылық есептілік

3. 2 Бухгалтерлік баланс

3. 3 Кірістер мен шығыстар туралы есеп

3. 4 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

3. 5 Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп

3. 6 Кірістер мен шығыстарды есепке алу, талдау және аудит

Қорытынды

пайдаланылған әдебиеттер

қосымша

КІРІСПЕ

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Осы дипломдық жұмыста мен «Балық шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2019 жылы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында көрсетілгендей қазіргі кездегі нарықтық экономика жағдайында экономика секторының дамуында бәсекеге қабілетті кәсіпорынның алатын орны зор. Бәсекеге қабілетті кәсіпорын нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтап, сұраныс талабын қанағаттандырып, өнімдерді өндіруді ұйымдастырып және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз етіп, басқаруды жетілдіруде сапалы бухгалтерлік ақпаратты қолдануы тиіс. Бүгінгі күні кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық тетігін, даму деңгейін және болашақтағы перспективасын айқындау барысында бухгалтерлік ақпараттың, яғни бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт. Бухгалтерлік есеп кәсіпорындарды ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатынастардың экономикалық өмірге өтуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес - субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің каржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны есепке алынады, каржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды. Сондықтан да берілген дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі зор.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - балық шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық - әдістемелік, тәжірибелік негіздерін зерттеу. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:

  • бухгалтерлік ақпарат түсінігін, түрлерін және оны қолданушыларынанықтау;
  • ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есептің тұжырымдамалықнегізін айқындау;
  • бухгалтерлік есепті автоматтандырудың мәні және маңызын сипаттау;
  • «Каспий-Балық» өндірістік кооперативі (ӨК) бойынша жалпы мағлұмат бере отырып, коорперативтің негізгі экономикалық көрсеткіштерін зерттеу:
  • аталған коорперативтің даму проблемаларын көрсетіп, шешу жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың объектісі: «Каспий-Балық» өндірістік кооперативі.

Дипломдық жұмыстың пәні: Кәсіпорынның қызметіндегі бухгалтерлік ақпараттарды талдау негіздері. Берілген дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізіне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік Заңдары, Президент Жолдаулары, ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері мен «Каспий-Балық» ӨК бойынша мәліметтері құрайды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Берілген дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және ұйымдардарғы шаруашылық операцияларын құжаттау туралы теориялық мәлімет берілсе, екінші және үшінші бөлімде бухгалтерлік ақпарат негізінде «Каспий-Балық» ӨК қызметінің экономикалық-қаржылық жағдайына талдау жасалған. Сондай-ақ коорператив бойынша негізгі проблемалар айқындалып, оларды шешу жолдары көрсетілген. Бұл үш бөлім өз ішінен бөлімшелерге бөлінді. Сонымен қатар қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар берілген.

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

  1. Бухгалтерлік қызмет жұмысының ұйымдастырылуы

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып қоғамның әлеуметтік жағдайына байланысты өзгерістерге ұшырап келе жатқан сонымен қатар өзіндік ерекшелігі бар ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есептің алғашқы негізін салушы және дамытушысы Француз монахы Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар және жазулар деген трактатын жазған. Ал «бухгалтер термині» XV ғасырда Австрия қаласында пайда болған.

Бухгалтерлік есеп субьектінің қаржылық ақпараттарын есептейтін, өңдейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Бухгалтерлік есеп - халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгі бөлігі. Барлық шаруашылық субьектілері бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау сияқты қызметтерді орындау үшін қажет. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері, міндеттемелері, капиталы, шығындары, өндірілген өнімдері мен оны сатудан түскен табысты және оның тиімді жұмсалуы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Бухгалтерлік есепті кейде бизнестің қаржылық тілі деп те санайды. Себебі қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, көп жағдайда есеп қызметкерлеріне жүктелетіні белгілі. Есеп қызметкерлері салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді қатаң сақтауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл және нақты болуына жауап береді. Егер дәлме-дәл және сәйкес келетін мәліметтер болмаса, өндіріс, маркетинг, сатып алу, қаржылық және әкімшілік саласында қандайда бір шешімдерді қабылдау мүмкін емес. Бухгалтерлер мен аудиторларға өз міндеттерін атқару барысында үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын, заңдарын, икемді салық жүйесін пайдалануға талпыныс жасауда. Ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты және жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуына сәйкес 1995 жылдың желтоқсанында ҚР Президенті «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлыққа қол қойды. Содан соң кейбір өзгертулер мен және толықтырулармен 2007 жылдың 28 ақпанында «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заң қабылданды.

1996 жылдың қарашасында ҚР-да алғаш рет бухгалтерлік есепке алудың стандарты жасалды. Бухгалтерлік есеп стандарты (БЕС) - бұл активтер, міндеттемелер, өзіндік капитал, кіріс және шығыс жөніндегі қаржылық есеп берудің элементтерін анықтай отырып, бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістері мен тәртібін анықтайтын құжат.

Бухгалтерлік есептің ерекшелігі - ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып, тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - ұйымның өз экономикалық жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету.

Қаржылық есеп кәсіпорындарда төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:

  1. Ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
  2. Қаржылық - ақпараттық мәліметтерді пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешімдер қабылдайды.

Халық шаруашылығында есеп жүйесінің 3 түрі бар :

  1. Жеделдік немесе техникалық есеп
  2. Статистикалық есеп
  3. Бухгалтерлік есеп

Жеделдік есеп кәсіпорындар мен мекемелерде өндірілген өнімдерді, көрсетілген қызметтерді өлшеу, бақылау жұмыстарын жедел жолдармен іске асырады. Бұл есептің маңызы тез және өз уақытында орындалған жұмыстарды басқару, тапсырмалардың орындалу дәрежесін әрбір бөлімшелер бойынша қадағалап отыруға арналған.

Статистикалық есеп қоғам өмірінде болып жатырған құбылыстар мен процесстердің барлығын есепке алып отырады. Халық шаруашылығындағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістер статистикалық есеп арқылы жинақталады. Статистикалық есептің мақсаты экономиканы дұрыс басқарып, реттеп отыру үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп тиісті уақытында жоғары органдарға тапсыру болып табылады.

Бухгалтерлік есеп арқылы қолда бар материалдар мен олардың жұмсалуын, ақша қаражаттарының қозғалысын жүргізуге болады. Басқа есептермен салыстырғанда бухгалтерлік есептің ерекшелігі үздіксіздігі мен құжаттылығында, яғни бухгалтерлік есеп тек қана құжаттарда тіркелген көрсеткіштер негізінде жүргізілетіндігінде.

Есеп жүргізуде төмендегідей өлшемдер пайдаланылады:

  1. Натуралдық немесе табиғи өлшемдер
  2. Еңбек өлшемдері
  3. Ақшалай өлшемдер

Натуралдық өлшем есепке алынуға тиісті материалды заттар мен құралдарды өлшеу, санау, көлемін анықтау арқылы есепке алынады. Мысалға сүтті литрмен, жерді гектармен, ағаш дайындауды шаршы метрмен, шегені киллограммен т. с. с натуралды өлшемдер қолданылады.

Еңбек өлшемдері атқарылған жұмыс уақытының санын өлшеуге арналған. Жұмыс уақытының көрсеткіштері қызметкерлердің еңбек ақысын есептеу үшін қажет. Еңбек өлшемдері атқарылған адам - сағаты және адам-күні болып табылады.

Ақшалай өлшем шаруашылық қорларының қозғалысын, жұмсалынған шығындарды, таза пайданы өлшеуге керек.

Бухгалтерлік есеп қағидалары: есептеу, үздіксіз, түсініктілік, мәнділік, маңыздылық, сенімділік, салыстырмалылық, бейтараптық, толықтылық.

Есептеу қағидасы кәсіпорындағы кез келген операцияның (кірістер мен шығыстар) есептеліп отыру қажеттігін білдіреді. Түсініктілік қағидасы бухгалтерлік есептің ақпараттары оны пайдаланушыларға түсінікті болуымен сипатталады. Берілген ақпараттарға оны пайдалаушылар сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады. Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері өткен уақыттағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалығы мен маңыздылығы арта түседі.

Бухгалтерлік есептің пәні болып шаруашылық қорлары, процесі, олардың қозғалысы және нәтижесі саналады. Қандай да кәсіпорын болмасын белгілі бір жұмысты орындау үшін және өнім өндіру үшін, олардың қарамағында шаруашылық қорлары болуы керек. Олар: үйлер, ғимараттар, машиналар, техникалар, материалдар, ақша қаражаттары. Шаруашылық қорларының бухгалтерлік есебін дәл, дұрыс жүргізу үшін олардың жіктелуін, топталуын жақсы білу керек. Барлық шаруашылық қорлары мынандай үлкен екі топқа бөлінеді:

  1. Өнім өндіру процесі мен атқаратын міндеті бойынша;
  2. Қорлану (жасалу) көздері бойынша;

Шаруашылық қорлары өнім өндіру процесі мен атқаратын міндеті бойынша өз кезегінде және мынандай топтарға бөлінеді:

  1. Өндірістегі құралдар - оған еңбек құралдары, еңбек заттары жатады. Еңбек құралдары - үйлер, ғимараттар, техникалар т. б. Еңбек заттары - шикізаттар, материалдар, қосалқы бөлшектер .
  2. Айналымдағы қаражаттарға - сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар, кассадағы және банктегі ақша қаражаттары жатады.
  3. Айналымнан тыс қаражаттар - бұл бюджетке төленетін салықтар, резервтік қорлар жасау

Шаруашылық қорлары қорлану көздері бойынша өз кезегінде мынандай топтарға бөлінеді:

  1. Меншікті қорлар (өзіндік қорлар)
  2. Уақытша қарызға алынған

Меншікті қорға: таза пайда, жарғылық капитал, резервтік капиталдар жатады.

Уақытша қарызға алынған - бұл банктен алынған несиелер.

Біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығын шаруашылық процесі деп атайды. Шаруашылық процесі 3 сатыдан тұрады:

  1. Өндірістік қорларды дайындау процесі
  2. Өнім өндіру процесі
  3. Сату процесі

Өндірістік қорларды дайындау процесі - өндірісті жүргізуге, өнім өндіруге немесе белгілі бір жұмысты орындауға қажетті құрал - жабдықтарды, материалдарды әзірлеп, дайындап алу. Бұл сатыдығы есеп жұмысының міндеті:

  1. Сатып алынған құралдарды, материалдарды уақытында құжаттау, кіріске алу.
  2. Сатып алынған құралдардың, материалдардың, заттардың нақты өзіндік құнын есептеу.
  3. Жүк қоюшылармен, жабдықтаушылармен уақытында есеп айырысу.

Өнім өндіру процесінде шығындар жұмсалады. Нәтижесінде дайын өнім алынады немесе жұмыс орындалады. Бұл сатыдағы есеп жұмысының міндеті:

  1. Өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс есепке алу.
  2. Өндірілген өнім санын, сапасын анықтау.
  3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Сату процесінде өндірілген өнімдер сатылады. Одан ақша түседі, табыс табамыз. Бұл сатыдағы есеп жұмысының міндеті:

  1. Сатуға байланысты шығындарды дұрыс есептеу.
  2. Сатудың нәтижесін дұрыс анықтау (пайда не зиян) .

Шаруашылық құралдарының құжатпен рәсімделген қозғалысы мен өзгерісінің фактісін шаруашылық операциясы деп атайды. Шаруашылық операциялары бұл кәсіпорындағы жасалып жатқан жұмыстар.

1. 2 Ұйымдардағы шаруашылық операцияларын құжаттау

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыруы - бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелігі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат деп - кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады. Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да, құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі, осы құжаттар арқылы ғана кез-келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат - кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды. Бастапқы құжаттар деп - заңды мағынасы бар шаруашылық фактілерінің мазнұнын арнайы үлгідегі қағаздарға рәсімдеп жазу мен куәландыруды айтамыз. Бастапқы құжаттар есептік жазуларды негіздеудің құралы ретінде міндет атқарады. Өз мәнінде рәсімделген құжаттардағы мәліметтер шаруашылық фактілерінің заңдылығы мен сенімділігін көрсетеді. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.

Міндетті деректемеге жататындар:

  • құжаттың аты, нысанының коды;
  • құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы) ;
  • құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
  • шаруашылық операцияның мазмұны;
  • шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай) ; шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
  • жауапты атқарушының қолы.

Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және басқалары.

Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:

  • ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
  • еңбек жіне еңбекақы;
  • негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
  • материалдар;
  • кем бағалы және тез тозғыш заттар;
  • капиталдық құрылыстағы жұмыс;
  • құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
  • автокөліктегі жұмыс;
  • түгендеу нәтижелері;
  • кассалық операциялар;
  • сауда операциялары.

Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.

Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен (компьютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.

Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырысу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз) болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.

Есептеу үдерісінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі:

  • Мақсаты бойынша (назначению)
  • Толтырылатын орнына байланысты (месту составления)
  • Шаруашылық фактілерінің сипатына
  • Жинақтау дәрежесі мен мазмұны бойынша
  • Операцияны қамту және пайдалану жиелігіне қарай

Мақсаты бойынша құжаттар:

  • өкімдік (распорядительные),
  • атқарушылық (оправдательные, исполнительные),
  • бухгалтерлік толтыру (бухгалтерского оформления)
  • құрамдастырылған (комбинированные) болып бөлінеді.

Өкім құжаттарына - шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек. Өкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шаруашылық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.

Атқарушылық (растайтын) құжаттар - шаруашылық операцияларының орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға - тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат, кассалық кіріс және кассалық шығыс ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік есеп шотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.

Бухгалтерлік толтырылған құжаттар - ұйымның бухгалтериясы жасаған әр түрлі анықтамалар, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.

Құрамдастырылған құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.

Толтырылатын (қарастырылатын) орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастапқы құжаттар. құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Бухгалтерлік алғашқы құжаттар
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалык пәндермен салыстыру
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Еңбекақы төлеу бойынша құжаттарды толтыру
Бухгалтерлік есеп жайлы
Бастапқы құжаттарды классификациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz