Спорт физикасы факультатив курсы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1
Факультатив курстарды ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1
Факультативті курстардың мәні мен мазмұны

1.2
Факультатив курстардың тиімділгі

1.3
Факультативті курстар типологиясы және профильдік оқытуды ұйымдастырудағы рөлі

1.4
Факультативті курс бағдарламасын ұйымдастыру мен өткізудің негізгі формалары мен әдістері.( бағдарламасын бағалау критерийлері)

2
Спорт физикасы факультатив курсын құрастыру

2.1
Физика заңдылықтарының спорт саласында орын алуы

2.2
Спорт физикасы факультатив курсы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Спорт физикасы факультатив курсын құрастыру
Бұл жұмыста Спорт физикасы тақырыбында факультатив курсын ұйымдастыру және факультатив курстардың тиімділігі жайында баяндалады.
Физика - материалық әлемнің болуы мен дамуы жайлы, сонымен қатар қоршаған орта туралы қарапайым және жалпы түсінік беретін ең көне ғылымдардың бірі.
Қазіргі мектепте оқытылатын физика курсында адамды сипаттайтын физикалық параметрлерге көңіл бөлінбейді. Алайда, тірі организмдерде, техникада, бионика сияқты қазіргі заманғы ғылымның дамуына байланысты, оқушылардың адам физикасын зерттеуге деген қызығушылығының артуы байқалады. Физика ғылымы мен спорттың арасындағы байланысты қарастыру, оқушыларға физикалық заңдар негізінде тірі организмдерде болатын жеке процестерді зерттеу арқылы адам физикасы жайлы өз білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Тірі және жансыз табиғатта бар себеп-салдарлық байланыстарды орнатуға көмектеседі, тек физикаға ғана емес, сонымен қатар басқа ғылымдарға, атап айтқанда, биологияға деген қызығушылықты қалыптастырады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Түрлі спорттық ойындар мен жаттығуларға физика заңдарын қолдану оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастырып, теориялық білімдерін практикада қолдануға үлкен үлесін тигізеді. Сонымен қатар, жаратылыстану бағытындағы білімдерін бекітеді.
Дипломдық жұмыстың нысаны: дене шынықтыру және спорт саласында орын алатын физика заңдылықтары және жалпы білім беретін мектепте физиканы оқыту үдерісінде қолдану.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Спорт физикасы факультатив курсының көмегімен оқушыларға профильдік бағытта дамуын жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Факультатив курсты әзірлеу бойынша әдістемелік-нұсқаулықтарға және ондағы талаптарға талдау жүргізу.
2. Спорт физикасы тақырыбы бойынша оқыту әдістемелік нұсқаулықтарға және ғылыми әдебиттерге талдау жүргізу.
3. Спорттық ойындар мен жаттығуларда орын алатын физикалық заңдылықтарды қарастыру.
4. Спорт физикасы факультатив курсын құрастыру және оны мектепте өткізіп, талдау жасау.
Қойылған міндеттерді шешу келесі зерттеу әдістерін қолдануды талап етті:
1. Ғылыми материалдарға құрылымдық-логикалық талдау мен жүйелеу жүргізу
2. Жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін талдау және қорыту
3. Оқу материалын құрастыру
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері: физика пәні оқулықтары, Физиканың факультативтік курсы, Перышкин А., Чемакин В.
Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы: физика заңдылықтарының спорт саласында маңызын зерттей отырып, оқушылар ойлау қабілетін арттырады, мектеп физика курсында алған білімдерін бекітеді.
Теориялық маңызы: Факультатив сабақ оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін дамытумен қатар сол пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзі қалаған мамандығы бойынша білімін тереңдетуге мол мүмкіндік береді. Физика бойынша факультатив сабақтар ғылым мен техниканың соңғы заңдылықтарымен танысуға, физикалық теориялық, тәжірибелік әдістерін терең игеруге арналады.
Практикалық маңызы: Факультатив сабақтарда оқушы білімдерін бекіту үшін проблемалық есептерді өз беттерімен шешіп, керек жерінде заңдылықтарды баяндайды. Яғни, оқушы проблемадан шығудың түрлі жолдарын қарастырады, сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2 Спорт физикасы факультатив курсын құрастыру
2.2 Спорт физикасы факультатив курсы

Түсінік хат

Оқыту пәні: Физика
Жас аралығы: 9 сынып оқушылары
Факультатив курстың түрі:
Факультатив курстың типі:
Физика - материалық әлемнің болуы мен дамуы туралы іргелі білім беретін табиғат туралы ең көне ғылымдардың бірі, сондай-ақ қоршаған орта туралы қарапайым және жалпы түсінік.
Оқушыны өмірдегі барлық жағдайларға дайындау мүмкін емес. Оқушының өз бетінше әр түрлі дерек көздерінен білім алуға барлық мүмкіндігі бар. Ол ізденіс барысында алған білімдерін тәжірибе жүзінде де қолдана алуы тиіс.
Citius, altius, forties! (жылдам, биік, күшті) - спорттық олимпиадаларда ұран болған осы үш латын сөзі әрбір олимпиада медальдарында ойылып жазылған. Алайда спорттық жетістіктер мен олимпиадалық медальдарға қол жеткізу жолында физика заңдылықтары орын алатын бірнеше кедергілер тұрады. Егер физикалық заңдылықтарды дұрыс қолданатын болса, ол кедергілер жетістікке жетуге ықпал етеді.
Біздің әрқайсысымыз спорт адам өмірінде қандай маңызды орын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дыбыстың физикалық сипаттамалары
Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқыту
Физикалық оқу эксперименттің түрлері
Шымкенттің білім ордалары
Физикадан факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Физикадан факультативтік курстар
Факультатив курстардың маңызы
Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Оқушылардың физикадан сыныптан тыс жұмыстарының формалары
Пәндер