Ақжан Машанов ғибраты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

  1. ПРОФЕССОР АҚЖАН ЖАҚСЫБЕКҰЛЫ МАШАНОВ - ҮЛКЕН ҒАЛЫМ ӘРІ АЗАМАТ . . . 5Ақжан Машанов ғибраты . . . 5Ақжан Машанидың ғылыми-танымдық жарияланымдары . . . 12
  1. АҚЖАН МАШАНОВ ЖӘНЕ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР АРАСЫНДАҒЫ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ . . . 29Әл - Фарабиді қазаққа тұңғыш танытқан ғұламаАқжан Машановтың Әл - Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайында зерттеу жұмыстары

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57

КІРІСПЕ

Жұмыстың сипаты. Қазақ халқы тарихында әдебиеттің алтын дәуірі болып саналған ХХ ғасырда өмір сүрген Ақжан әл-Машанидің қазақтың басқа ақын-жазушыларынан, ғалымдарынан, ерекшелігі мен даралығы, өзі ғылыми-техникалық бағытта жүрсе де, сан-салалы ғылымдарды зерттеп, басын қосып, қанда бар жаза білу талантын қолдана отырып, ғылыми публицистикалық түрде газет-журналдарға ашқан жаңалықтарын жазып, халқына жариялап отыруында жатыр. Машановтың зерттеулерінде жаратылыстану саласы, музыка және мәдениет, ғұлама ғалымдар, ақын жазушылар өмірі мен шығармашылығы және тағы басқа да техникалық салалар қамтылған.

Тақырыптың өзектілігі. Бірнеше ғылымның бастауы іспетті бұл ғалымның зерттеу жұмыстарының басым бөлігі Екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы екендігі көпшілікке мәлім. Кіндік Азияда фарабитанудың атасы аталған Ақжан əл-Машани Жақсыбекұлының ғұламалығы - ұлы баба əл-Фарабиді он бір ғасырды араға салып, оның Отырарда кіндік қаны тамған Қыпшақ перзенті екендігін дəлелдеумен шектелмейді. Әл-Машанидің энциклопедиялық білім ерекшелігі - əл-Фараби қағидаларын бүгінгі ғылым жетістігімен сабақтастырып, ұлттық дүниетаныммен ұштастырар ұлы баба ұстанған ғылыми-ислами ұғымын тұңғыш рет болмыстық нышанда қазақ ғылымына енгізуінде. Антидүниенің ұстазын Аристотель десек, жаңа заманның ұстазы əл-Фарабиді əл-мұғалім əл-сани атандырған баба мұрасының қыры мен сыры əзірге əл-Машани зерттеулерінде ғана жан-жақты көрініс тапқан. Ұлы бабамыз әл-Фараби және басқа да Ақжан Машанидың жазған құнды дүниелерін кеңінен танып білу тақырыптың өзектілігі болып саналады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл дипломдық жұмыстың ең басты мақсаты мен міндеті, бір ғасырға жуық уақыт өмір сүрген ғалым Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің үлгілі өмірін, жазған публицистикалық еңбектері мен Фарабитанудағы жасаған игі жұмыстары жайлы ұлттық рухани ортаға кеңінен таныту. Сонымен қатар, бүгінгі жастарды сол кісіден үлгі алып, ізденіске шақыруды насихаттау.

Жұмыстың нысаны. « . . . Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде . . . дəл Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей ұлы үлес қосқан . . . , аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын . . . Платон, Аристотель, Птоломей сияқты ғұламалар музыканы жөнді меңгере алмағанын өздері жазып кеткен . . . » [1] . Бұл - жарты ғасырдай уақыт бойы үзбей əл-Фараби мұрасын зерттеумен ғұмыр кешкен ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы əл-Машанидің тұжырымы.

Осынау жолдарды оқи отырып: егер Ақжан Машанидің жазушылық таланты геологтік, маркшейдерлік мамандықтарымен ұштаспаған болса, егер ол замана ағымын күйттеп, ислам ғылымынан іргесін аулақ салған болса, қаншама тер төккенімен баба мұрасын өзі көтерген деңгейге жеткізе зерттей алмаған болар еді-ау деген ойға келесің. Рас, əл-Фарабидің математикалық, əсіресе философиялық трактаттарына зер салушылар жоқ емес. Бірақ ұлы бабаның музыка теориясына арнаған еңбегін математикасымен өрнектеп, геометриясын аспан əлемімен астастыра қазақтың ежелгі аспантаным түсініктері тұрғысында тұжырымдап, бəрін-бəрін ғылыми ислами негізінде табиғат болмысымен байланыстыра əл-Фараби тұлғасын сомдап, ұрпағына зерделеп берген Машановтан басқа зерттеуші əзірге жоқ. Сондықтан, Ақжан Машановты тани отырып, әл-Фараби дүниесіне де терең көз салып, жақыннан тану жұмыстың нысаны болып саналады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Ақжан Машанов жайлы жазылған естеліктер, кітаптар, ғалымның өз кезеңінде газет-журналдарға жазған ғылыми-публицистикалық мақалалары (мұрағаттан), өмірбаяндық деректер мен А. Машани жайлы жазылған пікірлер.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қосымшалардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ПРОФЕССОР АҚЖАН ЖАҚСЫБЕКҰЛЫ МАШАНОВ - ҮЛКЕН ҒАЛЫМ ӘРІ АЗАМАТ

  1. Ақжан Машанов ғибраты

Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.

Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтарымызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” - дегенде, ол - адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде­лікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан-жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.

ХХ ғасырдағы қазақтың біртуар азаматы - Кіндік Азияда фарабитанудың атасы саналатын Ақжан əл-Машани Жақсыбекұлы 1906 жылы 2 қарашада Қарқаралы дересінің солтүстік шығысындағы “Жамантайдың Қарақуысы” делініп кеткен, бүгінгі Нұркен ауылына қарасты Кішіқарақуыста дүние есігін ашқан. “Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақжан аты­шулы Машан бидің немересі. Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақжан Машановтың әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі “Айқап”, “Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. А. Машанов алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін Кеңес мектебінен үйренген. Зерек Ақжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз. Техникумда жүріп-ақ Ақжан Машани “Саужой” (сауатсыздықты жою) қозғалысының шақыруымен жиі-жиі ауылдарға шығып, балалармен қоса ересектердің де сауатын ашуға ат салысады. Оқу бітірісімен ауылдық мұғалім қызметін, мектеп меңгерушісі бола жүріп атқарады. Ал, Абралыдағы атқарған ағартушылық қызметі кезінде ол тарихта “Абралы көтерілісі” делінген Қазақстандағы кеңес билігіне қарсы алғаш көтерілісін көріп куəгер болады, халық мемлекеті делінетін большевиктердің сұрқия саясатының жалған екендігіне көз жеткізеді.

1931-1933 жылы Семейде облыстық оқу бөлімінде жетім балаларға көмектесу бөлімінде ата-аналары Абралы көтерілісіне қатысып, қуғынға ұшыраған жəне əдейілеп жасалған аштықтан əке-шешеден айрылған панасыз сəбилер мен балдырғандарды көшеден жинап, балалар үйіне орналастырумен айналысады. Ақжан Машанов 1933 жылы Семейдің геология барлау техникумында ашылған Қазақтың тұңғыш техникалық жоғарғы оқу орны - Қазақ кен-металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының даярлық курсына түсіп, 1934 жылы оған қабылданған отызға тарта студенттердің бірі болады. Институтта оқи жүре, ол Алматыдағы техникумдарда, курстарда сабақ берді. Ақжан əл-Машани 1939 жылы осы институттың тұңғыш түлегі қатарында алғашқы қызыл дипломды инженер-геологі болады. Қазақстандағы маркшейдер мамандығының негізін қалаушы, профессор П. А. Ры­жов зерделі студентті 1939 жылы аспирантураға алып қалады. Ол ғылыми еңбегіне жер қойнауының геометриясын өзек етіп алды. Бұл екінің бірінің тісі бата бермейтін тың тақырып еді. Кертартпа ғалымдар ғылыми жаңалыққа күдікпен қарады. Алайда Ақжан Машанидің диссертациясындағы кен орындарын зерттеудің жаңа әдісі Қазақстанның көптеген кен орындарында байқаудан өтті. 1940 жылы геологиялық-барлау ғылыми экспедициясын басқарып жүрген аспирант Ақжан Машани осы жаңа әдіс негізінде Ақбастау-Қосмұрын алтын кен орнын ашты. Сөйтіп, кендердің жер қойнауында түзілу заңдылықтарын ашуда алғаш рет жер қойнауы геометриясының әдістерін қолдануы геология мен тау-кен саласында ғылыми жаңалық болды. 1946 жылы Ақжан Жақсыбекұлы Мәскеу қаласында “Кендер құрылымын жер қойнауын геометрлеу әдістерімен зерттеу” тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыс үш мамандықтың (геология, механика және тау-кен ісі) түйісінде жүзеге асқан болатын. Сөйтіп, үш ғылым саласының түйісуіне тау-кен ісінде жаңа ғылыми бағыт - “геомеханика” дүниеге келді. А. Машанов жетекшілігімен жүргізілген геомеханика саласындағы ғылыми жұмыстардың өрісі кеңейіп, жас ғалымдар саны көбейе түсті. Геомеханикалық зерт­теулерді жүргізуде, Ақжан Жақсыбекұлы - ең алдымен, кен орнының табиғи геологиялық жағдайын және қатты денелер механикасы мен физикасының негіздерін зерделеу арқылы адамзаттың инженерлік қызметінің нәтижесінде пайда болған жасанды ортаның геологиялық, кернеулі жай-күйін білуге және ашылған тау жыныстарының әртүрлі тереңдіктеріндегі физикалық-механикалық қасиеттерін анықтауға басты көңіл аударды десек, ол КСРО-дағы геомеханика ғылымының негізін салушылардың бірі және Қазақстандағы геомеханика мектебінің іргетасын қалаушы. А. Машановтың геология, геомеханика саласындағы ғылыми еңбектері, көп жылдардағы далалық, өндірістік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бүгінде еліміздің жоғарғы оқу орындарының тау-кен мамандықтарына геомехани­каны жаңа ғылыми пән ретінде оқу үрдісіне енгізуге негіз болды. Ол тау-кен саласындағы ғалымдар ішінде алғашқысы болып “Геомеханика” пәнінің мақсаты мен мазмұнын тұжырымдады. А. Машанов көптеген ғылыми кітаптар жазды. Солардың ішіндегі “Механика массива горных пород”, “Введение в геомеханику”, “Основы геомеханики скально-трещиноватых горных пород”, “Геомеханика”, “Устойчивость бортов карьеров бассейна Каратау” сияқты монографиялық еңбектері осы саладағы іргелі зерттеулер қатарына жатады. Бір айта кететін жәйт, оның еңбектері “Маркшейдерлік іс” ілімінің отаны Германияда неміс тілінде жарық көрді. Бұл оның ғылыми мектебінің халықаралық деңгейде мойындалуы еді. Қазақстанның алғашқы техника саласындағы интелегенттерінің алдында ғылым мен техниканың жалпы мәселелерімен қатар, ұлттық инженерлік-техникалық әдебиеттер жазу қажеттігі тұрды. Сол кездері А. Машанов тау-кен атауларының тұңғыш сөздігін, жоғары оқу орындарына арнап қазақ тілінде көптеген оқулықтар даярлады. Мәселен, “Кристаллография, минерология және петрография” атты кіта­бы соңғы ғасырдағы алғашқы және әзірге жалғыз оқулық болып есептелінеді. А. Машанов ғылыми-техникалық білімді көпшілікке кеңінен насихаттаушы. Оның қаламынан туған “Жанар тау”, “Жер сілкіну”, “Таулар қалай құрылды”, “Жер сыры”, “Ғажайып от ошағында”, “Табу” сияқты кітаптары көпшіліктің ықыласына бөленді. Ол ғылымның сыр сандығын біртіндеп ашып, інжу-маржанын, талғаммен терген жан. Ғалым “Кісіліктің өлшемі - білімділік, сондықтан да барлық ғылымдар тарихын жақсы білу керек” деген қағиданы әріптестеріне айтудан жалықпады және өзі де өмірінің соңғы сағатына дейін ғылымды сүйіп, ұлы ғалымдарды құрмет тұтып кетті.

Ақжан Жақсыбекұлы кейіннен КСРО ҒА-ның Қазақстандағы Қ. И. Сəтбаев басқаратын филиалында кіші, кейін аға ғылыми қызмет атқарады. Академиядағы “Тау механикасы” секторын басқару кезі осынау қызметі негізінде атқарылған болатын.

Ақжан əл-Машани жер ғылымының жаңа саласы геомеханиканың негізін салушы жəне 30-ға тарта ғалымдар тəрбиелеген оның Қазақстандағы мектебін қалыптастырушысы. Оның қаламынан туындаған ғылыми-көпшілік жəне фантастикалық туындылар қазақ əдебиетінде сол жанрдың негізін салушы классигі іспетінде танылады. А. Əл-Машани 300-ден астам ғылыми, əдеби еңбектер жазды. Осы саладағы Ақжан Жақсыбекұлының баға жетпес, ерлікке пара-пар келетін, еңбегі - ұлы бабамыз Әл-Фарабидің қазақ топырағында туып қана қоймай, қаны түркі екендігін дәлелдеудегі, оның еңбектерімен ұрпағын сусындату және насихат­таудағы теңдессіз қызметі. Ақжан Машановтың арқасында Әл-Фараби сынды ұлы ғұламаның рухы, есімі өз Отаны қазақтың қара топырағына қайта оралды. Бұл жолда жер жүзі елдерінің кітапханаларында шашырап жатқан Әл-Фараби еңбектерін жинап, 1969 жылы бабамыздың Дамаск қаласынан бейітін тапқан да Ақжан әл-Машани еді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің мәңгі мекені - Баб ас-Сағир зираты басындағы көңіл-күйін, ішкі сезімін ұрпақтарына жырдай қылып айтатын болған және оны өзінің “Әл-Фараби және Абай” атты кітабында жазып та кетті. “Қабір басында көз жасымды тыя алмадым, қабіріне бас иіп тұрып, бір шөкім топырағын орамалымның шетіне түйіп алдым да, құранның өзім білетін сүрелерінің бірін ағытып қоя бердім”[3] . Ақжан Жақсыбекұлының бабамыздың басында тұрып шығарған өлеңі де бар:

Түркістан, Шам арасын жақындатқан бабамыз

Басыңа келді ұрпағың, ақылды, дария данамыз.

Араб, парсы, түрікте

Сізді білмес жан бар ма?

Басқалар да таниды тарихқа көзін салғанда.

Зират - айлап басыңды

Елден іздеп келген ем.

Тәбәрік етіп бір уыс

Топырақ алдым мен сенен.

Мағауия мешіті,

Сан ғасыр бастан кешірген.

Қасыңда әлі тұр екен.

Дар ас-Салам ол мекен.

Торқалы мекен тоғысқан

Тоқсан тарау жол екен.

Сізге де мекен болыпты

Ел басын қосқан сол мекен [4] .

23 қыркүйек 1968 ж. Дамаск.

«Әл-Фараби» деректі романындағы əл-Машанидің “Таңдамалы еңбектері” бөлімінің де əл-Фарабиді алғаш қыпшақ-қазақ тумасы екендігін дəлелдеген мақаладан бастап, оның ғұламалық қырларына арналған ХХ ғасырдың 60 жылдарынан басталатын зерттеулерімен қоса, Ақжан Машановтың қаламынан туған əңгімелер мен “Əл-Фараби” романынан берілген үзінді Ақжан Машани ғазыреттің оқушысына ұлы баба ғибраты шапағатын сездіріп отыратындығын аңғару қиын емес.

Ақжан Машановтың үйіндегі кітапханасында сирек кездесетін кітаптар көп еді. Солардың бірі - Иоган Кеплердің “Аспан музыкасы” деген кітабын оқып отыра, Ақжан Жақ­сыбекұлы Кеплердің жазғандарының бірсыпырасы әл-Фарабиден алынғандығын анықтады. Осы мәселеге байланысты А. Машанов 1984 жылы Кувейтте шығатын “Әл-Фараби” журналына “Орта Азияның мәдениет шамшырақтары” атты мақала жариялап, онда өз пікірін дәлелдеді. Кейіннен осы мақала төңірегінде жарық көрген пікірлерде белгілі ғалымдар “Әл-Машани мырза өз көзқарасын толық дәлелдеді” деп жазды. Міне, содан бері “Әл-Фарабиді ашқан әл-Машани” деген сөз тіркесі жалғасып кете берді. Әл-Машани деген атақ Ақжанның өзіне де ұнағандығы соншалық, “Ай арысы” және “Геомеханика” атты кітаптарында авторы әл-Машани деп өз қолымен жазып кетті.

Жалпы, әл-Машани 300-ден астам ғылыми мақалалар, 10 монография, 5 оқулық және 8 ғылыми көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырған ғалым. Осы еңбектері арқылы ғалымның кемеңгерлік қырлары жарқырай көрініп, есімі елге мәшһүр болды. Әл-Машани қаламынан ұлы бабамызға арналған “Әл-Фараби мұрасын зерттеу туралы”, “Шығыстың Аристотелі”, “Әл-Фараби еңбектерін қазақ тіліне аудару туралы”, “Әл-Фараби”, “Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары”, “Әл-Фараби және Абай” сияқты көптеген кітаптары жарық көрді. Әл-Фараби мұраларына арнап осындай еңбек жазып жүрген және 1978 жылы әл-Фарабидің 1100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізуге көшбасшы болған Ақаң әлем оқымыстыларын өзіне тәнті етті. Жетпісінші-сексенінші жылдары әл-Машани қаққан дабылдан кейін Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесінде, Отырар, Арыстанбаб тарихи қорымына мемлекет тарапынан көңіл аударыла бастады. 1985 жылы ғалымның өзі Түркістанға барып, Отырар мұражайының ашылуына атсалысты. Ол Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі Әл-Фараби мұрасын зерттеушілердің алғашқы ғылыми кеңесшісі болды. Абай атамыздың 150 жылдық тойы тұсында жазылған “Әл-Фараби және Абай” атты кітабы өзінің мән-мағынасымен, ойшылдық, талдау болжамдарымен аса құнды, халқымыздың мың жылдық мәдени тарихының үндестігін зерделеген еңбек. Ақжан Жақсыбекұлы Абай дүниетанымын, ғылымның бастауы орта ғасырлық, араб, шығыс елдерінде жатқандығын, оның көш бастаушысы ұлы бабамыз Әл-Фараби болғандығын, сөйтіп екі дананың арасын жалғастырар ғылымның даңғыл жолын баяндаған, сонау мың жылдан астам уақыт өткен әл-Фарабиден кейін, оған ой өрісі жақын, парасаты кең, ойшыл Абай екенін дәлелдеген.

2001 жылдың 12 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының сол кездегі әкімі Б. Сапарбаевтың қолдауымен халықаралық деңгейде әл-Фарабидің 1130 жылдығы аталып өтті. Әкім бекіткен арнайы сыйлық және Әбу Насыр әл-Фараби атындағы сыйлықтың №1 куәлігі артына мол мирас, өшпес іс қалдырған әл-Машаниға берілді.

Әл-Машанидің ғылымға қосқан зор үлесін және ғылыми педагогикалық қызметін жұртшылық пен Үкімет жоғары бағалаған. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдар және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы жараты­лыстану гуманитарлық институтына Ақжан әл-Машани есімі берілген. Әл-Машани барлық ғылымдардың басын біріктіруші - ислам дініне, мұсылманшы­лыққа, ислам философиясына ден қойған ойшыл ғалым. Ол ғылым мен ислам діні байланысының сырын ашқан, “екеуін бірінен-бірін айыруға болмайтынын”дәлелдеп кеткен. “Алдаспан” тәуелсіз журналының бас редакторы Қазтай Әбіш тоқсан бір жастағы әл-Машаниден (қайтыс боларынан бір ай бұрын) сұхбат алған болатын. Сонда журналист соңыңыздан ерген інілеріңізге, шәкірт балаларыңызға өсиет етер амана­тыңыз қандай - деп сауал қойғанда, Ақжан Машанов былай деген екен: “Кісіліктің өлшемі - білімділік. Қазақ жастары тек білімге ұмтылулары керек. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтқасын ұстау үшін де білімді болуы керек. Ал бар ғылымның тоғысар арнасы, зәулім шырқау шыңы - қасиетті Құран кітабын оқуды аманат етемін. Ислам діні - ең таза, ғылымға негізделген. Исламның бір үлкен парызы - ғылым. Ата-бабалары­мыз қастерлеген сол дінді қадірлеп, имандылыққа бет бұрған ұрпақтарымның ертеңгі өмірі арайлы болатынына сенемін”. Бұл айтылғандардың барлығы Ақаңның “Исламның ғылыми негіздері” атты қолжазбасында баяндалған.

Осындай өнегелі де тағылымды өмір сүрген Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани 1997 жылы мамыр айында Алматы қаласында бақиға аттанды. Оның қазасы бүкіл қазақ елі мен ғылыми сала үшін орны толмас үлкен жоғалту болғаны хақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақжан Әл-Машанидің ғылыми-танымдық публицистикасы
Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың өмір асулары
Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани туралы
Ғалым Әл-Машанидің өмір жолы
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
ҚазҰТУ - мақтаныштары
Философские трактаты
Ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz