Тұрмыстық қалдықтар сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Түсіндірме хат

Кезекті экологиялық дағдарысқа алып келген табиғаттың қазіргі басты ластану факторларының бірі - қалалардың шаруашылық-тұрмыстық қызметінің артуы болып табылады. Өнеркәсіптің және халық санының ұлғаюы тұрмыстық қалдықтар көлемінің шартсыз өсуіне алып келеді. Осыдан оларды ұқыпты кәдеге жарату мәселесі туындайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикасы дамыған елдер мен мемлекеттерде экологиялық дағдарыс орын алып отыр. Бұл қазіргі адамзаттың ең үлкен проблемасына айналған. Бұл жобаның негізі мақсаты - тұрмыстық қалдықтарды үй жағдайында ешқандай қайта өңдеусіз, қалдық шығармау арқылы тиімді пайдалану.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды:
:: ҚР тұрмыстық қалдықтарды жинау, өңдеу мен кәдеге жарату құрылымын талдау;
:: Бар мәселелерді және олардың мүмкін шешімдерін анықтау;
:: Қазіргі жағдайдағы саланы дамыту тенденциялары мен келешегін анықтау.
:: Тұрмыстық қалдықтарды өңдеусіз үй жағдайында қолдануды нұсқаулық кітапқа енгізу.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті

Зиятаева Л.Б.
Жұмадилова Ж.К.
Саякова Н.С.

Тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру

ЖОБА

5В050608 - Экология

Талдыкорган 2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі Қарашолақова Л.Н.

Тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру
ЖОБА

5В050608 - Экология мамандығы бойынша

Орындаған: Зиятаева Л.Б
Жұмадилова Ж.К
Саякова Н.С

Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Канаева З.К

Талдықорған 2020
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тұрмыстық қалдықтар сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Шет Мемлекеттер тәжірбиелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру кітап-нұсқаулық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Кітап туралы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Үй жағдайында эко-сөмке жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША



Кіріспе
Қалдықтарды қайта өңдеу - адамзаттың өзектi проблемасының бiрi болып отыр. Әлемдегi жетекшi елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкiндiк бар. Мәселен, Швейцарияда әрбiр тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге мiндеттi: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесiнде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнiмдерiнiң үштен бiрi қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келiп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегi экологиялық ең таза мемлекеттердiң қатарында есептеледi. Шынында да, қазiргi уақытта тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинақтау, жою, өңдеу бүкiл мемлекеттiк мәселеге айналып отыр.
Әлемде қоқысты болашақ өнімнің әлеуетті шикізаты ретінде қарастырады және ол бизнестің элементі болып табылады. Осы қалдықтарды жинау үшін арнайы кәсіпорындар керек. Кәсіпорындар арнайы құрал-жабдықтармен, жинау орынмен, мамандармен камтамасыз етілуі қажет.
Әрине қалдықты 100 пайыз өңдеу мүмкін емес, тек қана 75 пайызын өңдеуге болады, сондықтан қалған 25 пайызын жою үшін қоқыс күйдіретін зауыт қажет.
Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, жегі құртша топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады . (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың әлемдік мөлшері жылына шамамен 1 млрд. м3 құрайды. Көптеген елдерде, тұрмыстық қалдықтарды полигондарға шығаруды жалғастыруда. Құрамында органикалық және минералды заттардың көп мөлшерін табиғи биологиялық айналымнан қайтарымсыз алып тастау, көму және өртеу-әлемдік экологиялық мәселе болып отыр.Үлкен алаңдарды ала отырып, қалдықтар ауаның, су объектілерінің ластану көздері болып табылады, және де қалдықтарды көму үшін ұйымдастырылған жерлер ағымдағы ережелерге сәйкес келмейді. Шаңның желмен таратылуы 10 км астам жерге дейін жетеді де, топырақ жамылғысына тікелей әсер етеді. Кейбір үйінділер өздігімен жанады және түтіндей түседі, атмосфераны ластайды. Жауын- шашын кезінде жаңбыр және еріген сулар үйінділер арқылы өтіп, аса улы қосылыстармен ластанады. Үйінділердің айналасында қауіпті зарарлы аймақтар түзіледі. Бұл негативті құбылыстар барлық елді-мекендер үшін тән десе де болады.XX ғасырдың басынан бастап антропогендік фактор қоршаған ортаның компоненттеріне күшті әсерін тигізіп жатыр. Ластанудан басқатабиғи орта мен биоалуантүрліліктің төмендеуі табиғи биогеохимиялық циклдармен байланысты емес заттар мен энергияның қарқынды бөлінуі орын алып отыр.Агломерациялық ортаның табиғи ортадан принципті айырмашылығы-бұл заттардың ашық айналымы. Тіпті ауыл шаруашылығы жерлерінде де айырмашылық 20-30% - ға жетеді. Техногенез процесі биологиялық айналымның биосфералық тепе-теңдігінің бұзылуына елеулі әсер етеді.
Қалдықтарды елді-мекендерде жайғастыруға және залалсыздандыруға тыйым салынады. Дегенмен, көптеген жерлерде тұрмыстық және дала қоқыстарын жоюдың ең қарапайым тәсілдері әлі де қолданыс табуда: қандай да бір техникалық орналастыруыз көшелерде және далада жағу, бұл тұрғын үй массивтеріндегі атмосфераның қауіпті ластануына алып келеді.
Топырақтың минералдану қабілетіне сеніп, қалдықтарды жерге көму тәжірибесі әлі де бар. Мәселені мұндай жолмен шешу мүмкін емес.
Пластикты жандырған кезде газ.фосген шығады. Ол бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде әскери тұншықтырғыш зат болған.Жандырған кезде диоксин бөлінеді.Ол ең токсинді зат, адамның ағзасынан шықпайды.
Батыс мемлекетерде тәжірибе жүргізілді, жаңғыш заттардың синтетикалық қоқыстың адамның ағзасына әсерін зерттеді.Диоксинның аз мөлшерінің өзі кері әсер етеді.Ол онкологиялық аурулар, астма,аллергияға алып келеді.

4
Жылдар бойы ағзада жиналып,бұл заттар генетикалық құрылымға,эмбриондардың дамуына,бедеулікке және ұрпақтың кемістікпен туылуына себеп болады.[1]

Тұрмыстық (коммуналдьқ) қалдықтар адам өміріндегі заттарды (монша, кip жуу, асхана, емхана жэне т.б. коса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ак ақпа сулардың катты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АКШ-та жыл сайын 150 млн. тоннадан аса, Жапонияда - 72 млн. тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннага дейін) орнатыла бастады.[2]
Қоршаған ортаның ластануы ұғымының ауқымы кең.Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа,оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады.Экологиялық көқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады.
1)қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
2)қоршаған ортаны ластайтын заттар (мысалы,химиялық заттар).
Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе(биогеоценоз) болып табылатындығын түсіну қажет. Бұдан өзге,табиғи орта бір заттардың тым көптігі немесе онда басқа заттардың болуы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді,себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде экологиялық факторлар болып табылады.Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды.Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы ,ендеше бүтін биогеоценоздың өнімділігі де кемиді.
Ортаның ластануы деп әдетте оған тән емес әр түрлі заттарды енгізу арқылы немесе сол ортадағы табиғи заттардың шектен тыс щоғырлануының (химиялық,биологиялық,физикалық) нәтижесінде пайда болатын жағымсыз жайларды түсінеді. Ластағыштар құрамы тек қана улы ғана емес, зиянсыз заттардан да тұруы мүмкін.Мысалы, егістік жерді шамадан тыс суарған кезде, табиғи су да зиянды болып шығуы мүмкін.[3]
5
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар
Республикада өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың мониторингін , оларды сақтауды,ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесі жоқ.
Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының 20 млдр. тоннадан астамы, оның ішінде 6,7 млдр. тонна улы заттар жинақталған, әрі олардың ұлғаю үрдісі байқалуда.
Бұл ескірген технологияларды қолданумен, сапасыз шикізатпен және отынмен, кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсіндіріледі.
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндіріс қалдықтары әлі күнге,көбінесе тиісті экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлы жинағыштарда қойылып, сақталады.Осының нәтижесінде көптеген өңірлердің топырағы, жер асты және жер үсті сулары қарқынды ластануға ұшыраған.Қойылатын қалдықтардың үнемі ұлғайып отырған көлемі жаңа техногендік ландшафтар қалыптастырады. Үйінділер мен террикондар биіктігі өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздеріне айналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресіндерге тасылады және қойылады, оның 97%-і Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлықзаңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсері бағаланбастан жүргізілген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-і ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемалардышешу үшін өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетілдіру жөніндегі салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу қажет.Осы бағдарламалар шеңберінде қатты қалдықтарды басқару жүйесінің әзірленуі, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемітуге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу , қалдықтарды басқарудың есебін жүргізу және бақылау жүйесін ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөніндегі үлгілік бағдарламаны әзірлеу, неғұрлым таза өндірісті енгізу жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу,қалдықтарды көму және басқа да ағынды суларды жерге төгу шартары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуі тиіс.[4]
6

Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде тұрмыстық қалдықтар болып табылатын көптеген өнімдер түзіледі.Солардың ішінде заттар айналымында ең ұзақ уақыт өңделуде жүретін зат:
1.қағаз
2.картон
3.полиэтилен
4.қаңылтыр
5.мақтадан тоқылған мата
Тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру үшін өндегенде(утилизация)ең тиімді болып табылатын процес:
1.компостирлеу
2.жағу
3. отын ретінде пайдалану
4.қоқыс тастайтын арнайы орынға апару шұңқырларда(котловандарда)көму[5]
Егер экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан қарасақ, Қазақстанның дамуында төмендегідей экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады:
-табиғи ресурстарды біржақты пайдалана отырып,шикізаттарды есепсіз, орасан зор көлемде шығару және сату, тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын өңдеу жүйесінің жоқтығына қарамастан, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің тозғанын айналымнан шығарып тастап, тек қана жаңа жерлерді игеру арқылы экономиканы эксенсивті өркендету;
-қала халқының өсуі, табиғи ресурстарды пайдалану есебінен экономиканың мемлекеттік және жекеменшік секторларында тауарларға және қызметке сұраныстың өсуі;Қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтар көлемінің ұлғаюы нәтижесінде қалалық аумақтардың және өңірдің топырақ жамылғысы өсіп келе жатқан негативті жүктемеге ие. Қалдықтардың артуы экологиялық тепе-теңдік жағдайына қауіп төндіруде: аздыратын органиканың, темірдің, қорғасынның, цинктің, бояғыштардың, жуғыш заттардың, дәрі-дәрмектердің және т.б. қалдықтарымен байытылатын үйінділердің есебінен жер асты сулары кері қайтып барады.
7
Соңғы жылдары экологиялық теңгерімді қамтамасыз ету негіздерін зерттеуге бағытталған зерттеулер көбейе түсті, атап айтқанда, селитебті аймақтардың табиғи жүйелерінің бұзылуына алып келуі мүмкін қатты қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары талдануда.
Баяу ыдырау салдарынан қатты қалдықтар планетада қарқынды түрде көбейіп келеді. Қалдықтардың айналасындағы жағдай дағдарыс сипатына ие болып келуде. Және де экологиялық талаптарға максималды түрде жауап беретін қалдықтарды залалсыздандыру және көму тәсілдері мен әдістерін іздеу мәселесі ерекше өзектілікке ие болуы заңдылық. Қалдықтарды кәдеге жарату мен жою міндетін кешенді шешу талап етілуде. Қалдықтар және оларды қайта өңдеу тәсілдері бойынша деректер банкін құру керек, қалдықтарды сала бойынша есепке алу, экономикалық ынталандыру қағидаларын, сәйкес заңдылық базасын ендіру қажет.Экожүйелерді тұрақты күйде сақтаудың маңызды шарты-пайда болатын қалдықтардың зиянды әсерін азайту және оларды пайдалану дәрежесін шикізат ресурсы ретінде арттыру болып табылады.Бұл проблеманы ішінара шешу жолдарының бірі-топырақтың құнарлылығын сақтау үшін органикалық құрамды қалдықтарды пайдалану. Биотермиялық өңделген қатты тұрмыстық қалдықтарды ауыл шаруашылығы және қалалық жерлерде енгізу- заттардың биологиялық айналымдарының тұйықталуының белсенді элементтерінің бірі болып табылады.
Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы міндеттерді шешудегі басымдықтар:
-қалдықтар санының төмендету;
-қалдықтардағы қауіпті заттардың мөлшерін азайту;
-қалдықтарды барынша пайдалану, қайталама пайдалану, рециклинг және компостірлеу;
-экологиялық таза қайта өңдеу, артық жылуды кәдеге жарату
-қалдықтарды термиялық зарарсыздандыру жағдайында;
-қалдықтарды өңдеуден кейін қалған қалдықтарды экологиялық таза жою (көму).
Тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандырудың 30-дан астам әдістері белгілі.Жалпы әлемдік тәжірибеде төрт негізгі әдіс кеңінен қолданылады: қоқыс тастайтын жерлерде (полигондарда) көму, жағу, рециклинг және компостирлеу.
8

Мегаполис қалдықтарын көму үшін барлық жағдайды оқшаулауды және көлемді жаңа алаңдарды талап етеді. 1 т қалдықты көму үшін 3 м2 аудан қажет екені белгілі.Кейбір болжамдар бойынша қоқыс төгілетін аумақтың ауданы полигон орналасқан алаңнан шамамен 10 есе артық болған. Бұл аумақтар экологиялық апат аймақтарымен салыстырылады.Тұрмыстық қалдық полигондары мен үйінділері техногенді өзгерген экожүйелер, оларды жақын болашақта қалпына келтіру мүмкін емес.Мұндай жүйелер "антропогендік экологиялық жүйелер" және "экологиялық-экономикалық жүйелер"деп аталады. Полигон аумағына төгілген қалдықтар геологиялық ортаға,жер асты суларына, ауа ортасына, сондай-ақ жер үсті суларына, су асты шөгінділеріне, іргелес аумақтардың топырақ және өсімдік жамылғысына әсерін тигізеді.Көмілген қалдықтар табиғи экожүйесінің барлық құрылымдық компоненттерінің өзгеруіне әкеледі: органикалық емес және органикалық заттардың құрамы күрт өзгереді, олар биологиялық айналымға кері әсерін;қалдықтарды трансформациялау су, ауа және судың химиялық құрамын өзгертеді,жергілікті жер бедерінің элементтерні өзгереді. ТҚҚ полигондарында құрамында органикалық қалдықтардың ыдырау процестерінің жүру ұзақтығы 20-дан 100 жылға дейін
Қалдықтарды жағу - қалдықтар жаппай көбейіп келе жатқан кездегі мәжбүрлі шара болып табылады. Әсіресе, бұл полигонға арналған алаңдардың тапшылығынан, Швейцария, Нидерланды, Жапония сияқты елдерде пайда болған әдіс. Бұл елдерде полигондар көлемі-3-5% артық емес

Қалдықтарды термиялық залалсыздандыру әдісінің артықшылықтары;
1) қалдықтар көлемінің едәуір (90% - ға дейін) қысқаруы;
2) термиялық залалсыздандыруда қалдықтардың жоғары өнімділігі;
3) жылу және электр энергиясын өндіру мүмкіндігі.
ҚТҚ жағу кезінде негізгі экологиялық қауіп-қатер көміртегінің қос тотығы, су буы және әртүрлі қоспалар түріндегі газ тәрізді өнімдер. Оларда ластаушы заттардың құрамына байланысты болады.
Осылайша,қалдықтарды термиялық залалсыздандыру келесі салдарға әкеледі:
қатты қалдықтардың пайда болуы (Ұшпа күл).1 т тұрмыстық қалдықты жағу кезінде 25-50 кг Ұшпа күл және 0,25 - 0,4 т қож пайда болады;
9
Егер жағу кезінде қалдық көлемі 90% - ға қысқарғанымен,атмосфераға газ тәрізді өнімдердің шығарындылары 60-75% болады
Өртеу кезінде қалдықтың бағалы компоненттері біржола жоғалады.
Қазіргі экономика мен экологияның арасындағы қарама-қайшылық кезінде әлемнің көптеген елдерінде стратегиясында қалдықтарды басқару экономикалық компоненті басым. Тек дамыған елдер ғана экологиялық мәселелерді шешуге қаржы салады. Нәтижесінде 90% -дан астам қатты тұрмыстық қалдықтар ғаламшарда қоқыс орындары мен полигондарда көміледі. Бұл биосфера мен тірі ағзаларға ең үлкен қауіп болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Табиғатты сақтау жөніндегі комитетінің мәліметіне жүгінсек, Жердегі пластик қалдықтар кесірінен жылына 1 миллион құс, 100 мың сүтқоректі, 100 миллион балық қырылады. Олар пластикті тамақ деп жұтып қояды. Сосын бөтеге, асқазан, ішектері қорыта алмай, іштері түйіліп өледі. Зауалға қатты ұшырап жатқандар тізімінде теңіз тасбақасы, итбалық және кит тұр. Мұхиттарда қалқып жүрген пластик қалдықтары судағы сүтқоректілердің тұқымын толық құртады дейді ғалымдар. Пластик бұйымдарды жағу - оның жер үстінде қалғанынан да қатерлі. Ауаға зиянды заттар бөлініп, адамның, жан-жануардың тыныс мүшелеріне у тарайды. Ал күлінде ауыр металдар бар. Одан - шөп, шөптен - мал, малдан - адам ағзасына түскен ауыр металл қатерлі ісікке себепкер деседі. 13

10
Біздің жобамызда қазіргі кездегі басты экологиялық проблема тұрмыстық қалдықтар туралы. Технологияның дамуы,халық санының өсуі,тынымсыз тіршілік осының барлығы қоршаған ортанының қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануына әкеліп соғады. Асығыс өмір сүру жолда жүріп тамақтану,бір реттік ыдыстар пайдалану,бір реттік заттардың шығарылып ,қолданылуы қоқыс полигондарының пайда болуын туғызуда. Күнделікті өмірде пластик ыдыстарды қолданып қоқысты дұрыс сорттамауыз экологиялық проблеманы тудыруда. Қалалық қоқыс тастайтын жерлерде жыл сайын жүздеген мың тонна тұрмыстық қалдықтар жиналады. Олар ыдырап, ауа, топырақ, жер асты сулары уланып, қоршаған орта мен адам үшін елеулі қауіпке айналады. Сондықтан қазіргі кездегі тиімді, қалдықсыз, ең бастысы - қоқысты өнеркәсіптік өңдеудің экологиялық таза технологиялары болып табылады. Бүкіл әлемде тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату аса өзекті мәселе болып отыр. Ең бастысы, бұл жыл сайын миллиондаған текше метр қоқыс жиналатын ірі халық қоныстанған қалаларға қатысты.Жыл сайын елімізде қалдықтың саны өсуде. Мұндай үлкен қоқыстарды жою проблемасын даусыз экологиялық санатқа жатқызуға болады, екінші жағынан, ол күрделі техникалық және экономикалық мәселелерді шешумен тығыз байланысты.Полигондарда жатқан қоқыстан зиянды заттар бөлініп шығып ауаны ластайды,парникті эффект пайда болады.Ауаны ластау арқылы біз өзіміздің денсаулығымызға зиян келтіреміз.Парникті эффект климаттың өзгеруіне себеп болады. Біз жер атты бір кеменің жолаушыларымыз, яғни, одан ауысу мүмкін емес.(Антуан де Сент-Экзюпери)
Жоғарыда жазылғандай бұл біздің ғаламшар оның қандай болатыны тек біздің қолымызда.Сол себепті күнделікті өзіміз шығаратын қалдықтарды екінші қайтара пайдаланып үйренуіміз керек.

Қалдықтарды қайта өңдеу мәні.
Біріншіден, жердегі көптеген материалдардың ресурстары шектеулі және адам өркениетінің өмір сүру уақытымен салыстырылатын мерзімде толтырылуы мүмкін емес.
Екіншіден, қоршаған ортаға түскен материалдар әдетте ластаушы болады.
Үшіншіден, қалдықтар мен өзінің өмірлік циклін аяқтаған бұйымдар көбінесе (бірақ әрдайым емес) екінші қайтара қолданылатын көптеген заттар мен материалдар шикізаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және жоюдың жолдары
Қатты қалдықтарды қайта өңдеу және залалсыздандыру
Биоыдыраушы тұрмыстық қалдықтарды кавитациялық ұсақтау арқылы метантенкте анаэробты ашу үрдісін жеделдету
Қалдықтарды қауіпсіз жою мәселесі
Қоршаған орта тұрақтылығы мен қауіпсіздігі
Қалдықтар.қауіпті қалдықтар және олардың жіктелуі
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау процесі
Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу
Тұрмыстық қатты калдықтардың қасиеті
Өскемен қаласындағы жер үсті суларының ластауына экологиялық баға беру
Пәндер