Жылқы оксиурозының сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті

«Ветеринарлық медицина» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ««Исмагулов» шаруа қожалығы жағдайындағы жылқылардың оксиурозы кезіндегі антгельминтті препараттардың салыстырмалы тиімділігі. »

Орындаған: 502 топ студенті Бекмолдин Д. А.

Тексерген:

Нұр-Сұлтан, 2020 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Әдеби шолу . . . 5

  1. Жылқылардың инвазиялық ауруларға сипаттама… . . . 5
  2. Инвазиялық ауруларды анықтауды әдістері . . . 6

1. 3 Жылқы оксиурозының сипаттамасы . . . 7

1. 4 Антигельминттік препараттар әсер ету принциптері . . . 8

2 Шаруа қожалығына қысқаша сипаттама . . . 10

2. 1 Зерттеу жұмысының барысы . . . 11

2. 2 Зерттеулер нәтижесі . . . 13

2. 3 Зерттеу нәтижесін талдау . . . 16

Қорытынды мен ұсыныстар . . . 17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Тіркемелер . . .

Кіріспе

Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.

Жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т. б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде.

Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыруды кеңінен қолдану жағдайында жылқы шаруашылығы өзінің маңызын жойған жоқ. Жылқыны ішкі шаруашылық жұмыстарында механизацияны қолдану орынсыз болған жағдайларда, сондай-ақ колхозшылар мен совхоздардың жұмысшыларына қызмет көрсету кезінде пайдаланылады.

Қазақстандағы жылқы шаруашылығы Ресейдегі сияқты өткен ғасырдың 90-шы жылдарында елеулі дағдарысты бастан кешірді, оның салдары осы күнге дейін саланың жағдайына әсер етеді. Нарықтық экономиканың қалыптасуының осы тынымсыз уақыты ішінде, 1996 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде республикада жылқы басы үш есе кеміп, нәтижесінде саны бір миллионнан кем болды. Алайда, асыл тұқымды жылқы тобы көбірек зардап шекті, бұл қазақ жылқы тұқымдарының сапасының айтарлықтай төмендеуіне әкелді.

Жылқылардың инвазиялық аурулары олардан өнім алмаудың, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауының және басқа да жағымсыз факторлардың себептеріне айналуы мүмкін. Менің курстық жұмысымда осындай аурулардың бірімен күресу шаралары және оксиуроздың емдеудегі ең тиімді дәрі-дәрмекті табуға тырыстым алу туралы айтқым келеді.

ҚР АШМ мәліметтері бойынша 2018 жылдың 1 қарашада республика шаруашылықтарының барлық санаттарында 7 266, 1 млн ірі қара, 20 289, 1 млн қой, 892, 1 мың шошқа, 2646, 5 жылқы және 45, 6 млн құс болды.

Көптеген елдерде және Қазақстан Республикасында жануарлардың паразиттік аурулары қазіргі заманғы ветеринария үшін шешілмеген проблема болып қала береді. Солтүстік Қазақстан облысында табынды және тұрақты жылқылар арасында гельминтозды аурулар барлық жерде таралған. Оксиуроз жұқтырған жылқылар 26, 94% болып шықты. Соңғы онжылдықта, өкінішке орай, паразитоз бойынша эпизоотиялық жағдай өзгерген жоқ. Жануарлардың паразитоздарымен күрес жөніндегі іс-шаралардың жеткіліксіз тиімділігі көптеген зерттеушілер пайдаланылатын препараттарға нематодтың резистентті субпопуляцияларының ықтимал қалыптасуымен байланыстырады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Исмагулов» шаруа қожалығындағы мұндай мәселенің өзектілігіне байланысты, мен жылқы оксиурозын антгельминттік препараттардың салыстырмалы тиімділігін анықтауды жұмыстың мақсаты ретінде қойдым.

Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді алға қойдық:

  1. «Исмагулов» шаруа қожалығының паразитарлық ахуалымен таныстым
  2. Шаруа қожалығы жағдайындағы жылқылардың оксиурозы кезіндегі антгельминтті препараттардың салыстырмалы тиімділігін анықтау
  3. Зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып шаруашылық басшылығына ұсыныс білдіру

1 Әдеби шолу .

  1. Жылқы шаруашылығындағы инвазиялық ауруларға сипаттама

Табындағы жылқылар әртүрлі паразиттер кездесуі және әр түрлі қарқындылықпен ауры мүмкін. Гельминтоздың себептері әдетте тұқым қуалайтын бейімділікте, қолайсыз өмір сүру жағдайында, тамақтандыру түрі, пайдалану деңгейі мен жалпы күтімде болады.

Барлық паразиттер жылқының денесіне теріс механикалық әсер етеді, қабынуды, тітіркенуді және тіндердің жарылуын тудырады. Гельминттер сонымен қатар тыныс алу, жүрек-қантамыр және жүйке жүйесіне патогенді әсер ететін токсиндерді шығарады. Аллергиялық реакциялар гельминтозбен тері бөртпесі және паразиттік түйіндердің пайда болуымен де мүмкін.

Стронлигидоз. Ең көп таралған ауру. Қоздырғыштар үлкен және кіші жылқылар свайниктер (Strongylus және Cyathostominae), олар үлкен ішекте паразиттенеді, ал личинкалар бүкіл денеге көшеді. Инфекция алиментарлы немесе перкуторлы жолмен жүреді. Ұялы личинка тері арқылы қанға енеді. Анадан сүтімен де берілуі мүмкін. Көп жағдайда ересек жылқылар тек тасымалдаушы болып табылады, ал аурудың клиникалық белгілері 0, 5 пен 3 ай аралығындағы құлындарда пайда болады.

Параскаридоз. Бұл ауру да кең таралған. Бұл Ascaris тұқымдасының нематода (Parascaris equorum) тудырады. Жануарлар паразиттердің жұмыртқаларын сумен және тамақпен бірге жұтады, сонымен қатар оттық пен қоралардың қабырғаларын жалағанда жұғады. Сондықтан параскаридоз жиі ат қора ауру деп аталады.

Оксиуроз. Аурудың қоздырғышы - бұл бүйенде және тоқ ішекте өмір сүретін Oxyuris equi тудырады. Ауру жұмыртқаны жұту арқылы пайда болады. Ең негізгі, оксиурозға тән белгі құйрықты қышу. Себебі, құрттар тік ішекті тітіркендіреді, ал жылқы қышыған жерді тістерімен ұстап алуға тырысады. Құйрық астында ақ-сұр түсті кілегейлі пленка көрінеді. Жануарда үнемі қышу, дерматит, колит, энтерит, сарқылу, қатты мазасыздық болуы мүмкін. Негізінен ауру лас мал қораларында ұсталатын эануарлар Аурудың щарықтау шегі қыстың соңында - ерте көктемде байқалады. Табын құрамымен оксиуроз аз кездеседі. 1 жасқа дейінгі құлындар мен кәрі жылқылар осы гельминтозға өте сезімтал.

Циатостомоз. Ауру жылқы организміне кішкентай свайник (Syngamidae тұқымдасының нематодтары) енген кезде дамиды. Жазда ауру жануарлар тәбетінің бұзылуына, өзгеруіне, диарея мен коликке ұшырайды. Жүні түсі өңсіз болады. Қыста колик күшейеді, жануарқатты әлсірейді, кахексияға әкелуі мүмскін.

Тениозис. Қоздырғышы - бұл тения цестоды. Жұқтырған жануарларда ас қорыту бұзылады (диарея және іш қату кезектеседі), колик пен салмақ жоғалуы байқалады, энтерит мүмкін. Паразиттердің кейбір түрлері ішектің инвагинациясына, ішектің перфорациясына және паразиттік ісіктердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Хельминтикалық емі. Препаратты таңдау инвазия қоздырғышына байланысты. Әдетте, имагиальді стадиясында асқазан-ішек жолында мекен ететін паразиттерді жою үшін кең спектрлі антигельминттік препараттар тағайындалады. Жүйелі жоспарланған дегельминтизация жануарлардың жұқпалы ауруларын азайтады. Ал Қан соратын жәндіктермен күресу үшін Инсектицидтер мен репелленттер қан қолданылады.

1. 2 Инвазиялық ауруларды анықтауды әдістері

Кез келген себептен болған инвазиялық ауруларды анықтаудың: тірі малда және мал өлкесесінде (мал ұшасында) екі жолы бар. Бұл аталған әдістер зерттелінуге түскен материалда ауру қоздырушысын: бүтін гельминтті, оның үзінділерін (фрагменттері), жұмыртқалары мен личинкаларын анықтауға негізделеді. Осыған байланысты гельминтоздарды анықтау инфекциялық және жұқпайтын ауруларды анықтаумен салыстырғанда әлде-қайда шынайы болып табылады.

Көпшілік жағдайда ауруға тән сыртқы белгілердің болмай, тек гельминттерді мал өлексесінде немесе нәжісінде олардың жұмыртқа, болмаса личинкаларын анықтау арқылы қойылған диагноз да дұрыс болып табылмайды. Өйткені ауруға тән патогенетикалық өзгерістер организмде болуы шарт.

Гельминтозды анықтау кешенді түрде: эпизоотологиялық деректерді (мал жасын, ауру маусымдылығын, оның географиялық таралуын, малды бағып-күту) ; клиникалық белгілерін (ауруға тән болмаса да, олар байқалуы керек) ; патологиялық-анатомиялық өзгерістер (керекті жағдайда өлген мал өлексесінде немесе сойылған мал ұшасында гистологиялық зерттеулер нәтижесі) ескеріледі.

Арнайы анықтау әдістеріне - гельминттердің өзін, олардың жұмыртқа болмаса личинкаларын мал экскреттерінде, ұлпаларында зертханалық зерттеулер жатады. Тірі малда гельминтоздарды анықтаудың төмендегі жолдары ұсынылған және қазіргі уақытта іске асырылады:

  • Эпизоотологиялық деректерді ескеру;
  • Аурудың клиникалық белгілеріне назар аудару;
  • Зертханалық әдістерді қолдану.

Гельминтоздарды клиникалық анықтау әдісі көпшілік жағдайда қосалқы ретінде жүргізіледі, өйткені байқалатын белгілер жиынтығы (симптомати-калық кешен) инфекциялық және жұқпайтын ауруларда да тіркеледі. Осыған байланысты көпшілік малда гельминттердің анықталуы соңғы диагнозды қоюға түбегейлі шешім болып табылмайды. Осы іспеттес мәліметтерді эпизоотологиялық деректерге қатысты келтіруге болады.

Гельминттердің басым көпшілігі ас қорыту жүйесінде тоғышарлық тіршілік етуіне байланысты олардың жұмыртқа немесе личинкасы нәжіспен сыртқы ортаға тасталады. Сондықтан нәжісті зерттеу (копроскопиялық зерттеулер) тірі малда анықтаудың негізгісі болып саналады. Кейбір гельминтоздарды балау (анықтау) ретінде жануар организмінің басқа да экскрециялық өнімдері (қаны, қан сарысуы, зәрі, көз жасы, тері қырындысы мен кесінділері, сіңір мен желкеден алынған пункциялары) зерделенеді.

Кейбір аурулардың алғашқы кезеңіндегі, гельминт әлі ересек сатысына жетпей жұмыртқа немесе личинкасын сыртқы ортаға бөлмегенде қолданылатын анықтаудың иммунобиологиялық әдістері өріс алуда. Аталмыш әдістерді негізінен ұлпада паразиттік күй кешетін гельминтоздарды анықтауға қолданады. Шет мемлекеттерде соңғы жылдары рентгендік анықтау, компьютерлік томография және жетілдірілген басқа да әдістерді қолдану жолға қойылған.

1. 3 Жылқы оксиурозының сипаттамасы

Жылқы оксиурозы - Oxyuridae тұқымдасына жататың нематоданың Oxyuris egui қоздырушысымен шақырлады, жануарлардың үлкен бүйен ішегінде паразиттейді. Асқорыту жолының қызметі бұзылуымен және құйрық манындағы тері зақымдалуымен (зачес хвоста) білінеді. Жылқыдан басқа оксиурозбен тағы біртұяқтылар - есектер, зебралар. Оксиуроз бүкіл жерде кездеседі.

Қоздырғыш. Ауыз қуысы алты шетті, қысқа ауыз капсуласына (кеңірдекке) ашылады, алты ерінмен қапталған. Өнештің артқы жағында бульбус орналасады. Аталықтың ұзындығы 6-15 мм. Құйрығы жалпақ, бір жінішке өткір спикуласы болады, рулегі жоқ. Аналықтын ұзындығы - 18 мм дейін жетеді, жуан, бас жағы қысқа, құйрығы жінішке, ұзын, вульва дененің алдынғы жағында орналасқан. Жұмыртқалардың мөлшері 0, 085-0, 099 х 0, 040-0, 045 мм, түссіз, жартылай мөлдір, асимметриялы, полюстін бір шетінде «тығын» сияқты болады. Жұмыртқалар салар кезіне қарай инвазиялық сатысына жетілген болады.

Даму циклi. Дамуы аралық иесіз өтеді. Шағылысқаннан кейін аталықтар өледі, ал аналықтарда жұмыртқалар құрылып піседі. Жұмыртқаларға толған аналықтар нәжіспен бірге сыртқа шығады, жартсы жерге түседі де жұмыртқаларың нәжістің үстіне салады, ал жартсы құйрық астының кілегей қабаты қыртыстарында үсталып қалады. Перианальді қыртыстар арасында жұмыртқаларың салады. Жұмыртқаларын салып болғасын аналықтар өліп қалады. 2-3 күн өткесін олардың ішінде личинкалар дамиды, содан жұмыртқалар инвазиялы болады. Нәжістің үстіндегі аналықтары 1-2 минуттен кейін жұмыртқаларды сала бастайды. Жылқылар оксиурозбен инвазиялық жұмыртқаларды жұтып зақымдалады. Ішекке түскен жұмыртқалардан личинкалар шығады, 3-4 апта өткесін толық жынысты паразиттерге жетеді.

Эпизоотологиялық деректер. Оксиурозбен көбісіне бір жасқа толмаған құлыншақтар және кәрі жылқылар аурады. Дымқыл, лайлы қоралар, толық емес азықтандыру оксиурозды таратуға жол береді. Жиі жылқылар азықты жерден жегенде тез зақымдалады, ауру жылқылардың саны қыс - көктем мерзімінде (қараша айынан бастап мамыр айына дейін) жиі білінеді.

Патогенез. Ішектің жуан бөлімінде оксиуристардың көп саны жиналып кілегей қабатың жарақаттайды, токсиндерді бөледі. Сондықтан, ішекте катаральді қабыну дамиды. Перианальді қыртыстар аумағында аналықтар және олармен бөлінген жұмыртқалар қышыма тұдырады. Сол нәтиже арқылы құйрық аумағында дерматиттер пайда болады. Диагнозді клиникалық белгiлерi және перианальді қыртыстарынан қырынды алып қояды.

Емi. Оксиуроз кезінде эффективті препарат пиперазиннін тұздары: адипинат, фосфат немесе сульфат. Препаратты дымқыл жемғе көсып береді, дозасы 0, 1 г/кг, екі рет, интервал бір тәулік. Шетелдің эффективті препараты: 20 % -тық тетрамизол грануляты, 10%-тық мебенвет грануляты. Алдын алу шаралары. Таза емес шаруашылықта барлық жылқыларға 3-4 рет, 1-1, 5 ай сайын дегельминтизация жасайды, ол үшін пиперазин қолданады. Ауру жылқыларды бөледі және емдейді. Жұмыртқаларды таратуына тым салу үшін құйрық астын және манайын бор қышқыл ерітіндісінде суланған тампонмен сүртеді.

Жылқы оксиурозы қоздыратын Oxyuris equi Қазақстанда және ТМД елдерінде кең таралған. Жылқы оксиурозы басқа елдерде, атап айтқанда Швейцария, Аргентина, Польша, Германия, Австрия, Дания, АҚШ және Ұлыбританияда тіркелген.

Жылқылар арасында оксиуроз ауруының таралуына ауыл шаруашылық саласының төмен болуы, мал жаюда өзгерістің болмауы және тиімді дәрі-дәрмектерді ала алмайтын қожа шаруашылықтарының қаржылық жағдайы нашар болуы әсер етеді. Солтүстік Қазақстан облысына келетін болсақ, елдің осы аймағының климаттық жағдайы өте алуан түрлі және жылқылардың оксиуроз қоздырғыштарының биологиялық циклінің өтуін қолаулы.

1. 4 Антигельминттік препараттар әсер ету принциптері

Гельминттер малдың барлық органдарында кездесуі мүмкін; бірақ дер кезінде оларға дәрілік заттардың әсерін тигізу қыйынға түседі. Бұл жағдай органдардың орналасуы мен паразиттің даму кезеңіне байланысты болады. Бұл тарауда паразиттарды өлтіретін немесе оларды ішек-қарын каналынан, тыныс жолдарынан және бауырдан қуып шығаратын дәрілер баяндалады. Мұндай заттардың қатарына паразиттердің бұлшық еттері мен нерв аппаратын параличке ұшырататын немесе қоздыратын заттар жатады.

Бұлшық еттерді параличке ұшырататын заттар протоплазмалық улар болып саналады. Олар тап осылай етіп кез келген органның бұлшық етін параличке ұшырата алар еді, бірақ әдетте олардың ең жоғарғы концентрациясы ішекте болатындықтан, ең алдымен олар құрттардың ғана бұлшық еттеріне әсер етеді.

Антигельминттік заттар мен ажыраған гельминт продуктілерінің ішек арқылы сіңуіне кедергі жасау үшін және ол дәрілердің гельминттерге тигізетін әсерін күшейту үшін ішекті іш жүргізгіш заттар беріп тазартады да, малды күн тәулікке жақын уақыт аш ұстайды. Содан соң егер антигельминттік заттың өзінің іш жүргізерлік қасиеті жоқ болса, антигельминттік зат тағайындағаннан кейін бірнеше сағат өткеннен соң тағы да ішжүргізгіш заттар беріледі.

Кейбір антигельминттік заттар (төртхлорлы көміртегі, еркек папортнигінің сығындысы) майда жақсы еритіндіктен ішжүргізгіш дәрі ретінде өсімдік майлары (кастор майы) тағайындалмайды, өйткені бұл майлар антигельминттік заттарды ерітіп, олардың қанға сіңуін күшейтуі мүмкін.

Антигельминттік заттар қанға сіңісімен мал құсып, қанараласып іші өтіп, тырысқақ белгілері пайда болады, сөйтіп малға улану әсерін тигізеді; үлкен дозада қолданса, мал өліп те кетеді. Демек, мал денесін гельминттен арылту (дегельминтизация) кезінде осы жағдайларды есте ұстап, сақ болу керек. әсіресе бұл жөнінде арық және әлсіз малдарға көңіл аудару керек.

Бұл тарауда қаралып отырған препараттар: 1) көбінесе жұмыр құрттарға басымырақ әсер ететін препараттар болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа алабота майы, төртхлорлы көміртегі, күкіртті көміртегі, төртхлорлы этилен, мыс сульфаты, фенотиазин, гексилрезорцин, камала, сантонин, сапкафен жатады. Екінші топқа еркек папоротнигінің тамыры, төртхлорлы көміртегі, камала, алабота майы, күкіртті көміртегі, төртхлорлы этилен кіреді.

Мен курстық жұмысымда, эквисект пастасын, пиаветрин, ивермек препараттарын жылқылар оксиурозын емдеуге тиімділігін салыстырдым. Бұл үшеуі де асқазан-ішек жолдарының нематодтарына, сондай-ақ асқазан мен мұрын-жұтқыншақтың личинкаларына әсер ететін кең спектрге ие. Әсер ету механизмі, бұл паразиттің жүйке және бұлшықет жасушаларының мембраналары арқылы хлор иондарының ағымына әсер етеді. Негізгі әсер ететін нүктесі - глутаматқа сезімтал хлор арналары, сондай-ақ гамма-аминобутир қышқылының рецепторлары. Хлор иондарының өзгеруі жүйке импульстарының өткізілуін бұзады, бұл паразиттің параличке және өліміне әкеледі.

2. Шаруа қожалығына қысқаша сипаттамасы

«Исмагулов» шару қожалығы Солтүстік-Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орманды-дала және дала зоналарында орналасқан. Аймақтың климаты шұғыл континенталды. Қысы суық және ұзақ, жазы салыстырмалы ыстық, ашық, жиі құрғақ ауа райы сақталады. Қаңтардың орташа температурасы −18, 6 ° C, шілдеде +19, 0 ° C

Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 350 мм құрайды, оның 80-85% жылы мезгілде (сәуір-қазан) түседі. Осы шрару қожалығының климаты континенталды, қысы-жазы, күндіз-түні температурасы күрт өзгереді. Қыста бұлтты және суық, тұрақты қар жамылғысы, қатты жел мен боран болады. Жаз орташа ыстық, бірақ қысқа. Аяз жиі және ұзаққа созылады, Шаруашылық қожалығы көктем мерзімі салқын, қысқа және солтүстік-шығыстық желдер соғады.

Жазда күндізгі ылғалдылық 35-44% құрайды; желдің жылдамдығы орташа 4, 2 м/с. «Исмагулов» шаруа қожалығы қара топырақты жерде орналасқан. Топырақтың құрамы өте алуан түрлі.

«Исмагулов» шаруа қожалығы малдаыры сумен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Ағын су, суару бұл үшін бөлек бөлінген арықтар жасалған.

Шаруашылықта жылқыларды күніне 3 рет сұлы арқылы тамақтандырады және күніне 2 рет пшен береді. Төсеніш ретінде сабан қолданады Таңертең және кешке көң тазартылады. Көң ферманың сыртында орналасқан сақтау алаңына 500 м қашықтықта жеткізіледі, көң биотермалдық, аэробты-анаэробты күйде сақталады және зарарсыздандырылады, содан кейін егістіктерге тасымалданады. Көңді сақтау орнынан алыс емес жерде, жалпы ауданы 594 шаршы метрді құрайтын Бекари биотермиялық шұңқыры. Қоршалған, оның тереңдігі 10 м, ені 3 м. Сондай-ақ, құрал жабдықтарды (күрек, айыр және т. б. ) мұқият өңдеу жүзеге асырылады.

Шаруашылық териториясында 90 жылқы сыятын 4 атқора (70 айғыр, 12 гельдинг және 8 бие) . Сонымен қатар, 8 биие және 5 құлын, ашық шетен қорада орналастырылған.

Қожалық жұқпалы-инфекциялық аурулардан таза, бірақ жұқпалы емес аурулар кездеседі, олардың ішінде асқорыту жүйесінің аурулары және хирургиялық жарақаттар жиі кездеседі.

«Исмагулов» шаруа қожалығы аумағында: екі бөлмеден тұратын ветеринарлық дәріхана, бірінші бөлмеде қажетті құжаттар, керекті құралдар, қажетті әдебиеттер бар, жануарлардың барлық мәліметтері жазылған (туылған жылы, өнімі, төлдеу күні, ұрықтандыру күні) . ұрықтандыру күні және т. с. с. ) компьютері бар екінші бөлмеде фермаға қалалық ветеринариялық дәріханалардан келетін дәрі-дәрмектер, ветеринарларға мал кешені объектілерінде жұмыс істеу үшін қажет құралдар мен арнайы киім-кешектер сақталады, (халат, маска қолғаптар, етік, бас киімдер) ; қоймалар - дезинфекциялаушы заттарды сақтауға арналған. Қойманың құлыпы бар металл есігі бар, бұл қоймаға рұқсаты жоқ адамдардың кіруіне жол бермейді. Дәріханадағы барлық дәрі-дәрмектер ветеринарларға арналған өтінімдер бойынша таратылады. 3 жылқыға арналған карантин бөлмесі бар.

Ветеринарлық қызметтің бастығы ветеринарлық дәрігер - Шаймерденов Д. А.

Сондай-ақ мал сою пункті, ол жеке қоршалған ғимарат, мал сою алдында ұстауға арналған кішігірім қора бар. Ветеринарлық санитарлық өту пунктісі: бірнеше бөлмеден тұратын ғимарат, шлагбаум және дизбарьерден бар. Қожалықта оксиуроз жиі кездеседі, өйткені жануарларды дер кезінде дегельминтизациялау жүргізілуде, әдетте, жақында әкелінген жылқылардың аурулары бар.

Қожалықта дер кезінде дегельминтизациялау жүргізіліде. Соған қарамастан окиуроз ауры жиі кездеседі.

Профилактикалық дегельминтизация - 6 айда бір рет жүргізіледі. көктем мен күз мезгілі. Антигельминтикалық дәрі ретінде Ивермек қолданылады. Оксиурозды емдеу үшін құйрық пен құйрық аралықтарын сабын ерітіндісімен жуып тазалайды және Ивермек егеді.

2. 1 Зерттеу жұмысының барысы

Шаруашылықта потенциалды ауруы мүмкін 90 (сезімтал жануарлардың саны) ішінен сыртқы белгілеріне қарап құйрық түбінің қылдары түскен, құйрығының жүні үрпейген, терісі жарылған 12 жылқы (ауру жануарлардың саны) анықталды. Мен осы жылқылардан оксиурозды балау үшін қырындылар алдым. Ағаш шпательмен сумен глицерин қоспасымен суланған (1:1), ол құйрықтың ішікі жағынан перианальды бүктемелерді алдынды. Қырындыны заттық шыныға жағып, үстін жабын шынымен жауып және микроскоппен қарадым, содан кейін бірнеше мөлдір асимметриялық оксиуроз жұмыртқалары табылды.

Қырындылардың зерттеу нәтижесі №1 кесте:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ендігі кезекте мал шаруашылығы саласының бәсекеге қаблеттілігін арттыру
Жылқы өсіру және қымыз дайындау БИЗНЕС-ЖОБА
Бие сүтінің құрамы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар
Жылқы туралы
Қымыздың химиялық құрамы
«Ақши жылқылары»
Былғары өндірісінің сипаттамасы мен жіктелуі
Шыңбұлақ мал шауашылығы атты бизнес жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz