Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі) . Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттын елеулі жағдайларда жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.

Жұмыстың өзектілігі. Ұсынысты қабылдау (акцепт) туралы айтып кетейік. Сатып алушы тарабының ол көпшілік жағдайларда тауардың бағасын төлеу арқылы жасалады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны. атушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып салу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған баланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады.

Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларынын тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Сатып алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) деп аталады. Сатып алу-сату шарты тараптар шарттың заты, бағасы және тиісті қажеттілігі туралы кемінде бір тарап айтатын өзге жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап жасалған болып табылады.

Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:

- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;

- сатып алу-сату шартымен құқықтары мен міндеттері, заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.

Курстық жұмыстың объектісі -сатып алу-сату шартының құқықтық міндеттері

Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы

Курстық жұмыстың құрылымы- Қазақстан Республикасындағы сатып алу-сатуды жүзеге асыра отырып қарастыра отырып, алу туралы арыздар бойынша іс жүргізуге тоқталу болып табылады.

1. САТЫП АЛУ, САТУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. 1 Сатып алу сату шартының ұғымы жəне элементтерi

Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзіне тиісті сапалы тауар беру бойынша міндетінен босата алады.

Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті.

Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасынын сертификациялау туралы "Заңымен және Қазақстан Республикасының Стандарттау туралы "Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.

Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың бірінс сәйкес болуы керек.

Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланатын мақсаттарда пайдалануға жарамды болуы керек.

Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін болатындай етіп беруі керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен, өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды максаты бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым тағамдарға, дәрілік заттарға және с. с. қолданылады.

Шартпен кепілідік мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды әдеттегі нсмесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ кепілдік мерзімдер оларға толығынан тепе-тең болып келмейді.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында кепілдік мерзімдерге бұрынғы заңцдардағы сияқты мән берілмейді. Азаматтық кодекстің 425-бабына сәйкес, қазір кепілдік мерзім шарттың өзімен анықталуы керек. Ал, егер де ол шартпен карастырылмаса, онда Азаматтық кодекстің 430-бабының 2-ші тармағына сәйкес, егер өзгеше заң актілерімен немесе шартпен көзделмесе, тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екі жыл көлемінде ұсынылуы мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт (Азаматтық кодекстің 445-бабының 2-тармағы) . Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кезкелген шарт жасауға міндетті. Заңдарда (заңнамада) қарастырылғанды қоспаған кәсіпкер бөлшек сатып алу-сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорын тауарды беру мумкіншілігі бола тұрып бөлшек сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) деп аталады. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты тараптар шарттың заты, бағасы және тиісті қажеттілігі туралы кемінде бір тарап айтатын өзге жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап жасалған болып табылады.

Ұсынысты қабылдау (акцепт) туралы айтып кетейік. Сатып алушы тарабының ол көпшілік жағдайларда тауардың бағасын төлеу арқылы жасалады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны. Әдетте бөлшектеп сатып алу-сату шарттарының нысаны ауызша болып келеді, сонымен қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жоққа шығармайды. Жазбаша нысан тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа арналса орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар алдын-ала тапсырыстар негізінде, пошта арқылы жіберу жолымен сатылады, жеңіл автокөлік сатылады ж. б.

Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулалардың немесс өзге де стандарттық нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып ессптеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды.

Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса, соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетін себептер бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкіншілігінен айырылса, онда мерзімі сатушы аталған себептерді жойғағанға дейін өз ағымын бастамайды. Мысалы, сатушы шартқа сәйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететін болсақ, сатып алу-сату қатынастарына бұл жағдайда мердігерлік туралы нормалар да қолданымды болып келеді) . Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепілдік мерзімі өз ағымын жаңадан бастайды.

Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен, жинақтылығымен және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті болып табылады.

Тауарлардың түр-түрі. Тауарлардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісімшарт жасасу шартта-рында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкіншілігі туралы айтуға болады) .

Қылмыстың объективтік жағы заңмен қорғалатын мүдделерге қоғамға - қауіпті және құқыққа қайшы қолсұғушылық процесін айтамыз және құбылыстардың рет-ретімен даму көзқарасы бойынша, субъектінің қылмыстық әрекетінен (әрекетсіздігінен) басталады және қылмыстық нәтиженің зардабымен аяқталады. Сатып алу-сату келісім шарттарының жалпы ережелерін сипаттап болғаннан кейін шарт ұғымынан бастап, бұл келісім шарттың әр түрінің ерекшеліктеріне тоқтап өту қажет. Сату-сатып алу шарттарының саралану негізі - олардың бір бірінен сату тәсіліне және объектісіне қарай ерекшеленуіне байланысты болады.

Келісімшарттың түсінігі. Бөлшектеп (жекелеп) сату шарты бойынша тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді, ал сатып алушы сол тауарды қабылдап, ол үшін тиесілі ақысын төлеуге міндеттенеді.

Сатып алу-сату келісім шартының осы түрін жетілдіре түсіну үшін «бөлшектеп» сату дегеніміз тұтынушылық мақсаттарда сатуға рұқсат етілетін кез келген заттардың, яғни тауарлардың, бір-бірлеп, жекелеп, аз көлемде, және т. с. с. сатылуы деп білу қажет. «Бөлшектеп» сатудың қарама қарсы түсінігі - ол көптеп сату, көтерме сауда жасау.

Жалпы сату-сатып алу шартына қарағанда бөлшектеп сату келісім шарты жария шарты болып танылады (ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабын қараңыз) .

Бөлшектеп сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеттері - сатып алушыға (тұтынушыға) келісімде көзделген тауарды беру, оның керек-жарақтарын, құжаттарын беру және сонымен қатар сатып алушыға тауар жөнінде барлық мәліметтерді/ақпаратты беру болып танылады (АК 448-б. ) .

Сатып алушының негізгі міндеттері - тауарды қабылдау және оның құнын төлеу. Тараптардың құқықтары жоғарыда келтірілген міндеттерге сәйкес туындайды.

Сатушы сапасы жарамсыз тауарды айырбастап беру немесе қайтару кезінде «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының нормалары мен ҚР АК-ның 454-бабы нормалары қолданылады.

Бөлшектеп сату шарты өз кезегінен әр түрлі негіздер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: сатып алушымен тауарды белгілі бір мерзімде қабылдап алу шартымен жасалатын шарт; үлгілер немесе каталогтар бойынша сату; тауарды автоматтар арқылы сату; сатып алушыға тауарды жеткізіп беру шартымен сату; несиеге сату; өзіне өзі қызмет көрсетумен сатып алу . Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ұғымы және құрамалары (элементтері) .

Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алу­шыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауары беруге міндеттенеді (ҚР АК 445-бабы) . Біздің көзқарасымыз бойынша, бөлшектеп сатып сату-алу шартында басты болып келетін нәрсе заттың әдетті пайдалануы (тағайындалуы) емес, бастысы сатып алушының тауарды көрсетілген мақсатта алу ниеті және сатушының бұл жайында хабардар болуы.

Бұл ескертуді жасаудың өз себебі бар. Қазіргі жағдаида тек өндірісте қолданылуы мүмкін, әскери тағайындалуы бар, арнайы техника ж. б. сияқты кейбір тауарларды қоспағанда тауар жеке немесе жеке емес пайдалануға арналған ба, соны анықтау қиын.

Бөлшекгеп сатып алу-сату шарты құқықтық реттелуінің ерекшеліктері бар.

Бұл шартқа Азаматтық кодекстен басқа Қазақ ССР-нің 1991 жылғы 5 маусымындағы "Тұтынушылардың құқығын қорғау" туралы Заңы, Аталған ереже қолма-қол шетелдік валютаны қолданып бөлшектеп сатып алу-сату шарттарын жасасу тәртібін анықтайды. Бұл шартқа өзге де нормативтік актілер қолданымды болып келеді.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты - жария шарт (Азаматтық кодекстің 445-бабының 2-тармағы) . Оның осы қасиетіне бай­ланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кез келген шарт жасауға міндетті. Заңдарда (заңнамада) қарастырылғанды қоспаған кәсіпкер бөлшек сатып алу-сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорын тауарды беру мүмкіншілігі бола тұрып бөлшек сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.

Бөлшектеп алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) жарналы. Бөлшектеп сатып алу шарты тараптар шарттың заты, бағасы және туралы кемінде бір торап айтатын өзге жағдай келісімге келген сәттен бастап жасалған болып саналады. Өзінің қалауы бойынша сатушы жарналы оферта жасалмай жеке офертасын да жасай алады. Мысалы «Zepter» фирмасы өз өнімін осылай таратады. Сатып алушы жағынан оферта мүмкіншілігі шектелген, бұл тек сатып алушы сатушыда жоқ тауарды алуға қызығушылығын білдіргенде ғана болуы мүмкін. Ұсынысында сатып алушы белгілі тауарды бегіленген баға бойынша алуға қалайтынын көрсетеді.


1. 2
Сатып алу-сату шартының объектiсi.

Сатып алу-сату шартының обьектісі нысанасы айналымнан алынып тасталмаған кез келген заттар болуы мүмкін. Олардың қатарына жеке сипаттарымен де тектік сипаттарымен де анықталатын заттар жатады. Бір ғана тауар бөлшек сатып алу-сатудың да тауар жеткізілімі шартының да нысанасы бола алады (егер мысалы, жеңіл автокөлікті өз мұқтажында көлік ұйымы сатып алса) . Егер автомобиль сатушысы жеке тұлға болса, онда бұл Азаматтық кодекстің жалпы нормаларымен реттелетін қарапайым сатып алу-сату шарты болып келеді. Қолда бар затты сатумен қатар келешекте пайда болатын заттар да сатылуы мүмкін. Келешекте пайда болатын заттар каталогтарға енгізілуі, ал өздері болса өндірісте әлі де шығарылмауы мүмкін. Бөлшек сауда болашақ (келешектегі) заттар сатылатыны тұтынушының жағдайын ешқалайша нашарлатпауы, оған тәуекелдерді жүктемеуі керек. Бұл шартты сипаттайтын ерекшелік - шарт шынайы орындалғанға дейін барлық тәуекелдер сатушының мойнында болып келеді.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны. Сатушының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарында бірңеше ерекше міндеттері бар. Бөлшек сатып алу-сату шартын жасамақ алдында сатушы сатып алушыға тауар туралы қажетті және сенімді ақпарат беруі керек.

Кәсіпқой ретінде сатушы сатып алушыға берілетін ақпарат мазмұнын өзі айқындайды. Дегенмен, ақпарат өзіне міндетті кезендерді енгізуі қажет: олар, баға жөніндегі сенімді және қажетті хабар; алушының қызықтырған өнім туралы тұтынушылық қасиеті жайлы мәлімет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау және қауіпсіз пайдаға асыру тәртібі. Ал азық түлік өнімдеріне қатысты өнімнің құрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар құрамы және сақталу мерзімі туралы ақпарат берілуі тиіс. Бұл ақпарат тұтынушыға тек ауызша түрде жеткізілмейді, сонымен қатар өнімнің техникалық құжаттамасында көрсетіледі, тауарда өнімнің дайындалған және сатылған мерзімі, өзге де белгілері болуы керек. Олар тауарға сауданың бір немесе өзге саласында қолданылатын тәсілдермен соғылады.

Азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, косметика бұйымда (уақыт өте келе бұзылатын өнімдер) пайдалануға берілген мерзімі пайдаланудан шығатын уақыты көрсетілуге міндетті. Кейбір тауарлар өзінің тұтынушылық қасиетін мерзімінен ерте жоғалтып алады. Сатып алушыға бұл жағдай да ескертілуі қажет, ал тауар уақытынан ерте бұзылған кезде оны сатуға шығаруды тоқтату керек. Сатып алушы шартта отырғанға дейін тауарды көруге, оның қасиетін көзінше тексеріп алуға құқылы.

Сатушы сатуға шығарған бұйымның сатып алушының өзі мен жанұя мүшелерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге міндетті. Осыған сәйкес, тұтынушы өнімінің көрсетілген мерзім ішінде қауіпсіздігін талап етуге құқылы. Өнімнің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігіне қатысты талаптар міндетті болып келеді және мемлекеттік стандартқа сай анықталады. Мұндай өнім міндетті түрде сертификатталады, ал өнімде оның стандарттар талаптарына сәйкес келетінін растайтын белгісі болмаса өнімді сатуға және пайдалануға тиым салынады.

Заттардың жиынтығы болуы үшін (оған қатысты) талап қойылуы үшін анық айқындалған себептердің қажеті жоқ, тараптардың ішінен ниеттенуі жеткілікті болып келеді. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға кажетті, оны қамтамасыз етстін заттар сатып адады. Жиынтық талабы, ассортимент және сапа талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа кіретін кейбір заттарға тау биігінде пайдалану жарамдығына, жоғары төзімділігіне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір мезгілде беруге міндетті.

Сатып алушы үшінші тұлғалардьщ кұқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген құықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 413 бабының, 1-тармағы) .

Сатушының тағы да бір міндеті тауарды үшінші тұлгалардың талаптануынан да босатып беру. Осы міндетті сатушы олар туралы білген жағдайларда ғана қолданылады. Болашақта талаптану заңды деп танылу керек, егер осы болмаса сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған деп саналады. .

"Тауар этикеткаларында тауар туралы мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат талап ету" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамызда №1 274-шешімі қабылданды. Мұның мақсаты тұтынушылардың сатып алатын өнімінің адам денсаулығына зиянсыздығын анықтау туралы мәлімет беру. Бұған 2000 жылғы 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметтің №44 қаулысымен өзгеріс енгізілді.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатушының тауарды жеткізіп беру міндетін қарастыруы мүмкін. Азаматтық заңға сәйкес бұл екі жағдайда жүзеге асады. Біріншіден, бөлшек сатып алу-сату шарты үлгілер жүйесінде жүзеге асса, яғни сатып алушының тауардың үлгісімен танысуы (тауардың суреттемесі мен каталогы) арқылы жасалса. Егер заң актілерімен немесе шартпен басқа жағдай (талап) қарастырылмаса, сатушы тауарды шартта көрсетілген мекенжайға мысалы азаматтық жұмыс орнына жеткізіп берсе, келісімшарт орындалған болып есептелінеді.

Тауарды беру орны шартпен анықталмаса, онда тауар азаматтың тұрғылықты жеріне немесе заңды тұлғаның тұрған жеріне (орналасқан жеріне) жеткізілген соң тауар берілген болып есептеледі. Осы міндетті орындау мерзімі қисынды қажетті уақыт кезеңімен анықталады.

Екіншіден, бөлшектеп сатып алу-сату шарты арнайы тауар­ды сатып алушыға жеткізіп беру талабымен (жағдайымен) жасалуы мүмкін.

Осындай шарт жасалса сатушының және сатып алушының араларында жеткізу мерзімі туралы, сол сияқты сатып алушы сонда қабылдауды жүзеге асырғысы келетін қандай да болсын жер көрсетіледі. Өзгешелік заң актілерімен әлде шартпен қарастырылмаса, болмаса міндеттеме мәнісінен туындамаса сатушы тауарды сатып алушыға бергеннен кейін, ол жоқ болса квитанцияны немесе шарт жасалғанын растайтын өзге тұлғаға берген­нен кейін, шарт орындалған болып есептеледі. Қазіргі уақытта оларды жасаған кезде ешқандай құжат толтырылмайтын, тауар­ды жеткізіп беру міндетін қарастыратын бөлшектеп сатып алу-сату шарттары кең тарады. Мысалы, телефон арқылы дайын тағамдарға, өзге тауарларға тапсырыс беріледі.

ҚР АК 451-бабымен бөлшектеп сатып алу-сату шартының автоматтарды пайдалаиа отырып тауар сату сияқты бөлек түрі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшектеп сатып алу, сату шартының ұғымы
Сатып алу-сату шартының ұғымы
Сатып алу шарты
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Тауар сатып алушының және сатушының құқықтары мен міндеттері
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Шарт жасасу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz