Туған жер бағдарламасы жобасын даярлау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ЖОБА
Тақырыбы: Туған жер бағдарламасы
5В030300-Құқық қорғау қызметімамандығы

Орындаған: Карабаева Ж.А.
2 курс, 214 топ студенті

Тексерген: Телеуова Э.Т.
Лауазымы: Доцент
Scopus author ID: 57193222673

Алматы 2020

Аннотация
Туған жер бағдарламасы жобасы аясында жүзеге асырылатын жобаның төлқұжаты

Жоба атауы
Туған жер бағдарламасы жобасын даярлау
Мекен -жайы
Алматы қаласы , №137НОМ
телефоны
17-71-55
Жобаны әзірлеуші
Карабаева Ж.А.
Мақсаты
Туған жер" жобасы әрбір азаматтыӊ жері мен еліне қамқорлық жасауын көздеу.
Жобаның негізгі міндеттері
- балаларда азаматтық, патриоттық, өзіндік сана сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық құндылық және талғаммен ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті игеру;
- ұлттық салт-дәстүрлерге, моральдың жалпы адамзат нормаларға приобщение, өз қызметінің бағалауын тәрбиелеу;
- еңбек етуге ынталанып, өз мақсатына, табысқа жетуге және бәсекеге қабілетті өмір сүру үшін тәрбиелеу;
- салауатты өмір салтына және дене тәрбиесімен айналысуға ұмтылуды тәрбиелеу.
Жобаны іске
асыруда күтілетін
нәтижелер
* Қазақстанның тарихына құрметпен қарау;
* Патриотизмге Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
* Шығармашылық жұмысқа жетелеу;
Жобаға қатысушылар
Құқық қорғау қызметі мамандығының 2 курс студенті

Маңыздылығы:
Елбасы Туған жер бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Бүгін Егемен Қазақстан республикалық газетінде шыққан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында осылай делінген, деп хабарлайды. Қазақ Туған жерге туыңды тік деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен Туған жер бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, Туған елге ұласады. Мәселен, Ауылым - әнім атты әнді айтқанда, Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл - мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге Туған жер деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Елбасының пайымынша, бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс,-деп жазады Президент. Осы орайда екінші бағытта басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау жасау қамтылып отыр. Үшінші, жергілікті билік Туған жер бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Қысқаша айтқанда, Туған жер жобасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады,-дейді Н. Назарбаев.
Жобада Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен Туған жер бағдарламасын қолға алуды ұсынамын, - деді Н. Назарбаев. Бұл бастама аясында қолға алынған жоба қазақстандықтарды туған өлкесін дамытуға тартуды, жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен азаматтық қоғамды жұмылдыруды мақсат етеді. Ол қазіргі таңда екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда: өлкетанулық қызмет және меценаттықты дамыту.

2019 жылы Туған жер бағдарламасы аясында республика деңгейінде 12 мыңнан аса іс-шара өткізілді. Осы мақсатта жалпы көлемі 62 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын. Соның ішінде 14 млрд теңге мемлекеттік бюджеттен жұмсалса, қалған 48 млрд теңге демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен тартылды. Жалпы, 2017-2019 жылдары еліміз бойынша 11 173 меценат және 274 млрд теңге көлемінде қаражат тартылған. Сонымен қатар 2019 жылы 825 жаңа нысан салынды және 547 нысан жаңартылды.

Меценаттардың қолдауымен мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары т.б. салынған және жөндеуден өткізілген.

Мәселен, қыркүйек айында Қостанай облысында меценаттардың атсалысуымен мектеп оқушыларының жаңа заманауи технологияларды еркін игеруі үшін 3 IT-технология және робототехника кабинеті жасақталды.

Қарағанды облысы Степное ауылында мәдениет үйінің ғимараты демеушілер есебінен жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

Ақмола облысында Нұр Астық ЖШС есебінен Мықтыкөл ауылдық мектебінің ғимараты жөндеуден өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысында Дайындық Агро ЖШС-ның демеушілік көмегімен Дайындық ауылының жолдары 60 млн теңгеге жөндеуден өткізілді.

Ақтөбе облысының Темір ауданында Сәт шаруа қожалығы басшысының қолдауымен Бірлік ауылында көпір салынды.

Алматы қаласында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен:

1200 орынға арналған мектеп, 500 адамға арналған емхана, Жарыс Арена кешені салынды. Орталық мәдениет және демалыс саябағын жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қызылорда облысында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен:

Шиелі ауданында спорттық-сауықтыру кешені құрылысына қолдау көрсетілді;
Ақүйек және Өзгент ауылдық округтерінде медициналық амбулаториялар қолданысқа берілді;
Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округінде 80 орынға арналған балабақша салынды.
Маңғыстау облысында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен 500 орынға арналған мәдениет үйі, 12 спорт кешені мен 39 балалар ойын алаңы салынды.

Өлкетанулық қызмет бағыты бойынша туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатымен 5-7 сыныптардың мектеп бағдарламасына Өлкетану оқу курсы енгізілді. Жалпы білім беретін орта мектептерде 1670 мектеп музейі , 2179 өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Олардың жұмысына 46,9 мың бала, 93 оқушылар сарайы, 4 жас натуралист сарайы, 18 аула клубы тартылған. 3 жыл ішінде (2017-2019 жылдары) 1 млн астам оқушы қамтылды.

Мазмұн:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1 ТУҒАН ЖЕР АРНАЙЫ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ІСКЕ АСҚАН ИГІЛІКТЕР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .9
2 Рухани жаңғыру: Туған жер бағдарламасының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
I. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...14
II. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... 15

Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасының іске асырылуы
Жоба аясында өлкедегі киелі орындарды анықтау, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, олардың картасын жасау көзделген. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан республикалық Қасиетті Қазақстан ғылыми зерттеу орталығы құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Өткен жылы Қасиетті Қазақстан орталығының жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық кеңес отырысы өткізілді. Нәтижесінде Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлерінің тізімі толықтырылып, олардың саны 206 нысанға, ал жергілікті маңызы бар киелі жерлерінің саны 575 нысанға жетті.
Сонымен қатар Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген, республикалық маңызы бар 23 тарихи және мәдени ескерткішке ғылыми реставрациялау жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи, Айранбай кесенелері; Аппақ ишан, Ақыртас кешендері; Ескі Түркістан, Отырар, Сауран, Сығанақ қалашықтары; Сырымбеттегі Уәлихановтар үйі т.б. бар.
Ал Бозоқ музей-қорығы үшін елордадағы Есіл ауданынан 412,6 га көлеміндегі жер учаскесі бөлінді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің арасында Бозоқ мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Биыл қорық аумағында орналасатын нысандардың (визит орталық, археологиялық парк) жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, ал келесі жылдан бастап құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сондай-ақ өткен жылы Ботай қонысындағы әлеуметтік-экономикалық және дүниетанымдық контекстерді зерттеу және қайта құру ғылыми жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысының маңынан көне Ботай мәдениетінің үйі салынды.
Алматы облысындағы Таңбалы, Түркістан облысындағы Отырар музей-қорықтары сапар орталықтарының құрылысы аяқталды. 2019 жылы 1 желтоқсанда Отырар музей-қорығының сапар орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының сапар орталығының құрылысы ағымдағы жылы аяқталады.
Қазіргі уақытта Күлтөбе қалашығында археологиялық зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде, 15 ғылыми қызметкер мен 40 зертханашы жұмыс жасауда. Археологиялық саябақ құру бойынша жұмыстар 2021 жылы толық аяқталады.
Жалпыұлттық киелі нысандар туралы мобильді форматтағы 30 дана бейнеролик түсіріліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әлеуметтік желілерде таратылды.
Қазақстанның киелі жерлерінің жалпыұлттық тізіміне енген 15 нысанның 3D моделі жасалды олардың ішінде: саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Алжир мемориалды кешені, Қабанбай батыр кесенесі, Қосбатыр-Құмай мемориалдық кешені, Кенесары үңгірі, Беспақыр, Рабия Сұлтан Бегім, Гауhар ана, Есім хан, Ибраһим ата, Қарашаш ана, Үкаша ата, Қарабура, Домалақ ана, Хақназар хан кесенелері, Бірлік - Ордабасы кешені бар.
Қасиетті Қазақстан энциклопедициясының қазақ және орыс тілдерінде 3-ші томы жарыққа шықты. Онда Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының киелі жерлері қамтылған.
Жоба аясындағы жұмыстар биыл да жалғасады. Киелі жерлер көп шоғырланған өңірлерде: Алматы облысындағы Есік, Түркістан облысындағы Ордабасы және Әзірет Сұлтан музей-қорықтарында сапар орталығының құрылысы басталады.
Елбасының Ұлы даланың жеті қыры мақаласы аясында жоспарланған Ежелгі Отырар қаласын ішінара қалпына келтіру жобасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланған. Оның ішінде көне қалашықтың 10 нысанын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақстандағы киелі жерлер туралы деректі фильм (Туркестан - вчера, сегодня, завтра) түсіріледі.

1 тарау.
Мемлекет басшысының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласының аясындағы Туған жер арнайы жобасы ел игілігі үшін атқарылған қыруар бастамаларға мұрындық болып келеді. Аталған арнайы жоба жарияланғалы бері елімізде 17 мектеп, 62 балабақша, 36 мәдениет нысаны, 23 денсаулық сақтау нысаны, 169 спорт нысаны, 32 балаларға арналған алаң салынды және 59 мектеп, 26 балабақша, 51 мәдениет нысаны, 43 спорт нысаны, 15 денсаулық сақтау нысаны қалпына келтірілді. Бұл - айналасы екі жылға толмайтын уақытпен салыстырғанда, үлкен нәтиже.
Туған жер арнайы жобасының аясында мектеп оқушыларының республиканың әр өңіріне тарихи-мәдени һәм географиялық құндылықтарымен танысу үшін саяхат жасап жатқанын алдыңғы жазбаларымызда тарқата айтып келеміз. Сонымен қатар, Туған жер арнайы жобасының көлемінде жергілікті меценаттар өздерінің туып-өскен өлкелеріне мүмкіндіктерінше көмектесіп, түрлі нысандар салып берумен, жол жөндеумен, балаларға көңіл бөлумен айналысуда. Бұл - аталған арнайы жобаның негізгі мақсаттарының орындалғанының бір дәлелі.
Сөзіміз дәмсіз болмау үшін айта кетелік, үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында меценаттардың тікелей көмегімен түрлі бағыттағы 43 нысан бой көтеріп, 1 ғимарат күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Бұл алты ай уақытқа шаққанда үлкен көрсеткіш деп ауыз толтырып айтуға болатын нәтиже. Республика бойынша жаңа бағыттағы инфрақұрылымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туған жер
Рухани жаңғыру бағдарламасы Туған жер
Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары
Рухани жаңғыру : болашаққа бағдар
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне тәрбие жұмысы
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Өзін - өзі тану тұлғаның дамуының факторы
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Жаңа тарихи кезең
Пәндер