РЕНТА ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Меншіктен мүлікті иеліктен алу шарттарының ерекше түріне, қазіргі кезде рента шарты жатады. Бұрынғы заңда, ол өмір бойы асырауда ұстау негізінде тұрғын үйді оның иесінің (сатушының) иелігінен алу шарты болып танылған. Жаңа Азаматтық Кодекста рента шарты неғұрлым толық мазмұнына ие болып, ол екі түрге бөлінген: тұрақты рента және ғұмырлық рента. Ғұмырлық рентаның бір түрі - ол өмір бойы асырауда ұстау рентасы болады. Рента шарты бойынша бір жақ (рента алушы), екінші жаққа (рента төлеушіге) оның меншігіне мүлікті береді, ал рента төлеуші алған мүліктің орнына рента алушыға, белгілі бір ақшалай сома мөлшерінде ақы төлеп отыруға немесе оны асырауға міндеттенеді (517 б.). Рента - ол рента алушыға ақшалай және мүліктік нысанда төленетін төлем немесе оны асырау ұстау болып табылады. Шарт жазбаша нотариалды нысанда жасалады. Шарттың жақтары рента төлеуші және рента алушы деп аталады. Рента төлеуші әрекетке қабілеттілігіне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін.
Жұмыстың өзектілігі.Тұрақты рента шартында, рента алушы, қоммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар болуы мүмкін, ал ғұмырлық асырау шарты бойынша, рента алушы еңбекке қабілеттілігіне және өзге табыстарының болуына қарамастан тек азамат бола алады. Рента төлемдері орнына, рента алушы рента төлеушіге кез келген қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті береді. Азаматтық құқық теориясында рента шарты тәуеклге байланысты деп аталатын шарттарға жатқызылады, ол рента төлеушінің міндеттерінен көрінеді. Мысалы, шарттың тәуекелге байланыстығы: төлемдердің ұзақ уақыт төленуінен (тұрақты немесе ғұмырлық болуынан), заң бойынша рента алушыға төленетін төлемдер орнына берілген мүлікке деген кепілдік құқығын беру, рента төлемінің ен төменгі мөлшерін бекіту жағдайларынан байқалады. Рента төлеуші үшін, оның тәуекелге байланыстығы: рента төлеу орнына берілген мүлік абайсызда жойылған немесе бүлінген жағдайда, оның рента төлеу міндетті тоқтатылмайтындықтан және ол міндеттің рента алушы қайтыс болған жағдайда да тоқтатылмайтындығынан байқалады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Мүлікті иеленуге және пайдалануға беру міндеттемелері, мүлікті жалға беру шарттарынан мен оның түрлерінен туындайды. Мүлікті жалдау шартының ұғымы заңда келесі түрде берілген: мүлікті жалдау шарты бойынша бірінші жақ жалға беруші, жалға алушыға мүлікті ақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға буруге міндеттенеді (АК 540 б.). Жалға алған мүлікті, жалға алушы Азаматтық кодекста бекітілген жағдайда және тәртіппен, басқаруға құқылы болады. Бұл міндеттемелердің заты - мүлікті және мүліктік құқықтарды уақытша иеленуге және пайдалануға беру болады. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін, мүлік меншік иесіне немесе өзге заңды иеленушісіне қайтарылуы тиіс болады. Мүлікті жалдау шартының жақтары: жалға беруші (арендаға беруші) және жалға алушы (арендаға алушы) деп аталады. Оларға, әрекет қабілеттілігінің көлеміне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлғалар жатқызылуы мүмкін.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
- рента шартымен құқықтары мен міндеттері, заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Курстық жұмыстың объектісі - рента шартының құқықтық міндеттері
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы
Курстық жұмыстың құрылымы- Қазақстан Республикасындағы рента шартын жүзеге асыра отырып қарастыра отырып, алу туралы арыздар бойынша іс жүргізуге тоқталу болып табылады.
1. 1. РЕНТА ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Рента шартының мазмұны мен нысаны
Меншіктен мүлікті иеліктен алу шарттарының ерекше түріне, қазіргі кезде рента шарты жатады. Бұрынғы заңда, ол өмір бойы асырауда ұстау негізінде тұрғын үйді оның иесінің (сатушының) иелігінен алу шарты болып танылған. Жаңа Азаматтық Кодекста рента шарты неғұрлым толық мазмұнына ие болып, ол екі түрге бөлінген: тұрақты рента және ғұмырлық рента. Ғұмырлық рентаның бір түрі - ол өмір бойы асырауда ұстау рентасы болады. Рента шарты бойынша бір жақ (рента алушы), екінші жаққа (рента төлеушіге) оның меншігіне мүлікті береді, ал рента төлеуші алған мүліктің орнына рента алушыға, белгілі бір ақшалай сома мөлшерінде ақы төлеп отыруға немесе оны асырауға міндеттенеді (517 б.). Рента - ол рента алушыға ақшалай және мүліктік нысанда төленетін төлем немесе оны асырау ұстау болып табылады.
Шарт жазбаша нотариалды нысанда жасалады. Шарттың жақтары рента төлеуші және рента алушы деп аталады. Рента төлеуші әрекетке қабілеттілігіне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Тұрақты рента шартында, рента алушы, қоммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар болуы мүмкін, ал ғұмырлық асырау шарты бойынша, рента алушы еңбекке қабілеттілігіне және өзге табыстарының болуына қарамастан тек азамат бола алады. Рента төлемдері орнына, рента алушы рента төлеушіге кез келген қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті береді.
Азаматтық құқық теориясында рента шарты тәуеклге байланысты деп аталатын шарттарға жатқызылады, ол рента төлеушінің міндеттерінен көрінеді. Мысалы, шарттың тәуекелге байланыстығы: төлемдердің ұзақ уақыт төленуінен (тұрақты немесе ғұмырлық болуынан), заң бойынша рента алушыға төленетін төлемдер орнына берілген мүлікке деген кепілдік құқығын беру, рента төлемінің ен төменгі мөлшерін бекіту жағдайларынан байқалады. Рента төлеуші үшін, оның тәуекелге байланыстығы: рента төлеу орнына берілген мүлік абайсызда жойылған немесе бүлінген жағдайда, оның рента төлеу міндетті тоқтатылмайтындықтан және ол міндеттің рента алушы қайтыс болған жағдайда да тоқтатылмайтындығынан байқалады. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорын тауарды беру мумкіншілігі бола тұрып бөлшек сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.
Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулалардың немесс өзге де стандарттық нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып ессптеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды.
Мүлікті иеленуге және пайдалануға беру міндеттемелері, мүлікті жалға беру шарттарынан мен оның түрлерінен туындайды. Мүлікті жалдау шартының ұғымы заңда келесі түрде берілген: мүлікті жалдау шарты бойынша бірінші жақ жалға беруші, жалға алушыға мүлікті ақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға буруге міндеттенеді (АК 540 б.).
Жалға алған мүлікті, жалға алушы Азаматтық кодекста бекітілген жағдайда және тәртіппен, басқаруға құқылы болады. Бұл міндеттемелердің заты - мүлікті және мүліктік құқықтарды уақытша иеленуге және пайдалануға беру болады. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін, мүлік меншік иесіне немесе өзге заңды иеленушісіне қайтарылуы тиіс болады. Мүлікті жалдау шартының жақтары: жалға беруші (арендаға беруші) және жалға алушы (арендаға алушы) деп аталады. Оларға, әрекет қабілеттілігінің көлеміне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлғалар жатқызылуы мүмкін. Мүлікті жалдау шартының заты - азаматтық өрістіктен алынбаған, жеке белгілерімен анықталған және тұтылмайтын, кез келген мүлік болуы мүмкін.
Объектісі жөніндегі жағдайлар, шарттың негізгі жағдайларының біріне жатады. Аренда алушының негізгі міндеттеріне: арендаға алынған мүлікті мақсатына қарай пайдалану, (егер шартта өзгеше көзделмесе) оны ағымды жөндеуден өткізу, жалдау ақысын шартта көзделген нысанда және уақытында төлеу және де жалдау мерзімі аяқталысымен, мүлікті қайтарып беру жатады. Мүлікті жалға берушінің міндеті: мүлікті жалға алушыға, барлық саймандарымен және құжаттарымен уақытша иеленуге және пайдалануға беру болады
Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен, жинақтылығымен және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті болып табылады.
Шартты тоқтату кезінде, мүліктің одан бөлінетін және бөлінбейтін жақсартулары жөніндегі мәселелер әр қашан да ең даулы мәселелер болып табылады. Олардың тағдыры келесі түрде шешіледі: егер жақтар келісімінде өзгеше көзделмесе, кейбір жақсартулар жалға алушының меншігіне көшеді. Жалға берушінін келісімінсіз жасалған жақсартулардың ақысы төлеуге жатпайды (АК 555 б.). Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті күрделі жөндеуден өткізу міндеті, жалпы алғанда, жалға берушіге жүктеледі. Мүлікті жалдау шартының кейбір түрлерінде аталған ережелер өзгертіледі.
Келісімшарттың түсінігі. Бөлшектеп (жекелеп) сату шарты бойынша тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді, ал сатып алушы сол тауарды қабылдап, ол үшін тиесілі ақысын төлеуге міндеттенеді.
Сатып алу-сату келісім шартының осы түрін жетілдіре түсіну үшін бөлшектеп сату дегеніміз тұтынушылық мақсаттарда сатуға рұқсат етілетін кез келген заттардың, яғни тауарлардың, бір-бірлеп, жекелеп, аз көлемде, және т.с.с. сатылуы деп білу қажет. Бөлшектеп сатудың қарама қарсы түсінігі - ол көптеп сату, көтерме сауда жасау.
Соңғы кездерде қоғам өмірінің барлық салаларына қатысы бар көптеген өзгерістер болды. Көптен бері экономика да, құқық та өзгеріске ұшырады. Бұл екі түсінік кез келген мемлекеттің өмірімен тығыз байланыста болғандықтан, әр уақытта бірге айтылады. Экономика дүние жүзі қауымдастығының және де жеке, бөлек алынған мемлекеттің дамуының жетекші күші бола отырып, қоғамға өз шарттарын қояды. Дегенмен де экономика үшін негіз бола алатын және осы саладағы күрделенген қарым-қатынастарды реттей алатын тірек қажет болды. Осындай тірек ретінде құқық өз міндетін атқаруда. Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу -- сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады.
Мәміле -- азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.
Мәміле -- бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.
Мәмілені жасау -- мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.
Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.
Мәміле -- арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтардан ерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.
Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз -- жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ -- мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.Бұл ескертуді жасаудың өз себебі бар.
Қазіргі жағдаида тек өндірісте қолданылуы мүмкін, әскери тағайындалуы бар, арнайы техника ж.б. сияқты кейбір тауарларды қоспағанда тауар жеке немесе жеке емес пайдалануға арналған ба, соны анықтау қиын. Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәмілелерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптардың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек.
Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт -- сату -- сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
Шарт дегеніміз -- екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шарт еркіндігі -- шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:
шартты жасау еркіндігі;
шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.
Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды. Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады. Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін
1.2 Рента шартының түрлері
Экономикалық рента -- өндіріс факторын өндірістік үдеріске тартуға және онда қосымша күш-жігер жұмсамай-ақ кәсіпкерлік қызметті ұстауға жетерліктей болуы үшін артық төлеу.
Жер рентасы -- жерден түсетін тұрақты табыс.
Қаржы рентасы -- бірдей интервалмен белгіленген жылдарда бір бағыттағы төлемнің кезектілігімен белгіленген ағымы."
Рента төлемі ретінде мүлік берген азаматтың өмірі кезеңіне не ол көрсеткен басқа азаматтың өмірі кезеңіне ғұмырлық рента белгіленуі мүмкін (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 530 бабы, 1 бөлігі).
Демек, ғұмырлық рентаны алудың құқы оның алушысы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады, яғни, ол мұрагерлік бойынша өтпейді.
Егер шартта өзгеше белгіленбесе, рента алу құқығындағы үлестері тең деп саналған бірнеше азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгілеуге жол беріледі. Рента алушының біреуі қайтыс болған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның рента алу құқығындағы үлесі тірі қалған рента алушыларға ауысады, ал, соңғы рента алушы қайтыс болған жағдайда рента төлеу міндеттемесі тоқтатылады (ҚР АК 530 бабы, 2 бөлігі).
Ғұмырлық рентаны алушылар тек қана жеке тұлғалар заңды түрде болуы тиіс. Бұл жағдайда алушы рента төлемі ретінде шығарылған тек қана меншік иесі емес, кез келген басқа нақтыланып, тиянақты көрсетілген азамат меншік иесі бола алады.
Ғұмырлық рентаның келісімшарты бойынша ренталық төлемнің формасы кезең-кезеңімен рентаның алушысына бүкіл өмір бойына төленетін тек қана ақшалай сома ретінде қарастырылады және рентаны алушының қандай да бір қызметті ұсынуды талап етуге құқы жоқ.
Егер де келісімшартта басқалай ештеңе көзделмесе, ғұмырлық рента әр бір календарьлық ай аяқталған, біткен тұста нақты төленеді.
Ғұмырлық рентаның нақтыланған мөлшері келісімшартта тараптармен анықталады. Бұған қоса айлық есептеуде ол заңменен бекітілген жалақының ең төменгі мөлшерінен (жалақының ең төменгі мөлшері 2014 жылда 19 966 теңгені құрады) ешқашанда кем болмауы керек. Көрсетілген соманы көтеру, ұлғайту кезінде ғұмырлық рента барабар ұлғайтуға айқын жатады.
Рентаны төлеушінің бір жақты тәртіппен рентаның төлемінен бас тартуға ешқандай құқы жоқ. Ғұмырлық рентаның төлемі бойынша міндеттеменің тоқтатылу себебі, негізі оның алушысының өлуі болып табылады. Алайда, ғұмырлық рентаның шарттары тараптардың келісімдері бойынша болмаса келісімшартты бір жақты бұзылуы үшін заңнамада қарастырылған жалпы негіз бойынша бұзылуы ықтимал.
Сонымен ҚР АК-нің 533 бабына сәйкес, рента төлеуші шарт талаптарын елеулі түрде бұзған кезде рента алушы осы мүлікті оның құнын рентаның сатып алу бағасына есептей отырып қайтаруды талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда рентаны сатып алу тұрақты рентаны сатып алу үшін нақтылы қарастырылған ереже бойынша жүзеге асырылады.
Келісімшарттағы талаптарды қасақана, әдейілеп нақ бұзу сот тәртібінде келісімшарттың талаптарын жүйелі орындамау немесе басқа тарап үшін теріс зардап пен теріс залал тигізетін келісімшарт бойынша белгіленген өзінің тиісті міндеттемелерін тараптың бұзуы болып түсініледі. Мұндай тәртіп бұзушылық ренталық төлемнің ұзақ уақытқа және жүйелі кешігуі, рентаны алушының мүдделеріне қауіп төндіретін рентаны қажетті қамтамасыз ету ісінің ұсынылмауы болып есептеледі.
Өмір бойы асырауда ұстау шарты
Өмір бойы асырауда ұстау шарты рента келісімшартының бір түрі болып табылады. Қолданыстағы Азаматтық Кодекс егер басқаша заңда көзделмесе, өмір бойы асырауда ұстау шартына ғұмырлық рента туралы ереже пайдаланатынын нақтылап көрсетеді. Бірақ, келісімшарттардың арасында айырмашылық дегеніңіз айтарлықтай, жер мен көктей.
Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзіне тиесілі қозғалмайтын мүлікті (тұрғын үй, пәтер, жер участкесі және т.б.) сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшінші бір адамды өмір бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға міндеттенген рента төлеушінің меншігіне береді (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 535 бабы және 1 бөлігі). Өмір бойы асырауда ұстаудағы мақсаты, міндеттемесі рента алушы қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады.
Бұдан басқа өмір бойы асырауда ұстау шарты ғұмырлық рентадан төлем мөлшері мен формасына байланысты айтарлықтай ерекшелігі бар. Егер де қарт адамның денсаулық жағдайы талап етсе - оны жан-жақты да қараумен, алушы асырауда ұстауда тегін түрде тұрғын үймен, тамақпен, киіммен, дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етеді. Шартта жалпы асырауда ұстау көлемінің құны айқындалуға тиіс, бұл орайда жалпы асырауда ұстау көлемі заң актілерінде белгіленген ең төменгі екі жалақы мөлшерінен ешқандай кем болмауы керек. (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 536 бабы, 2 бөлігі). Оның үстіне ең төменгі жалақы мөлшерінің көтерілуімен, өсуімен төлем сомасы да барабар келешекте шығандап жоғарылайды.
Сонымен қатар келісімшартта нағыз кезең-кезеңімен ақшалай төлем төлеумен асырауда ұстаудағыСондықтан қандай да болмасын тауардың керек-жарақтары оны мақсаттарда кедергісіз қолдану кажеттерімен анықталуы керек. Егер керек-жарақ тұтынылатын (тұтыну барысында өз қасиетін жоғалтатын болса) зат болса оның негізгі зат қызметін қамтамасыз ететін мерзім белгіленіп көрсетілуі тиіс. Тағы да айтатын бір нәрсе бар. Біздің көзқарасымыз бойынша, жиынтықтылық пен керек-жарақ түсініктерінің араларында тығыз байланыс бар. Керек-жарақ болып келетін затты беру жиынтылықпен қарастырылуы керек, егер бұл жасалмаса керек-жарақ туралы нормалар (АК 122 бабы) тікелей қолданылуы керек. Өкіл болу сонымен қатар басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін.
Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады.
Иеліктен шығару (сату және тағы басқа) болмаса рентаны төлеушіге берілген мүліктерді кепілге қою, тек қана ерте, алдын ала рентаны алушының келісімімен жүзеге асады.
Өмір бойы асырауда ұстау шартында келісімшартқа қатысушылардың арасындағы тым жақын және сенімді қарым-қатынастар көрсетіледі, және ол оны жасау, құру кезінде екі тараптың сауысқандай сақ, тиянақты болуларын міндеттейді. Заңда басқа нәрсе көзделмесе, оны бір тарапты тәртіппен бұзу мүмкін емес. Рентаны төлеушінің өзінің міндеттемелерін айқын түрде бұзған жағдайда рентаны алушы өмір бойы асырауды қамтамасыз етуге берілген жылжымайтын мүлікті оған қайтаруды болмаса сатып алынған рентаның нақ бағасын төлеуді заң түрінде талап ете алады. Сатып алынған соманы төлеу жағдайында әрдайымғы рентаны сатып алу қарастырылған ереже іс-әрекетте болады, жүзеге асырылады.
Рентаны төлеушінің келісімшарттық міндеттемелерді бұзған жағдайында және рентаны алушының зор ынтасымен бұл шарттың бұзылу зардабынан төлеуші рентаны алушыны ұстауға жіберілуіне байланысты шығындардың өтемақысын талап етуге құқы жоқ екенін әрқашан, әрдайым да есте ұстаған абзал.Егер тауар кредитке, оның ішінде тауар ақысын бөліп-бөліп төлеу қарастырылып сатылса, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабы бойынша сатып алушы өтіп кеткен соманы төлемегені үшін салынатын айыппұлды төлемейді.
Сатып алушының сатып алынған сапасы тиісті болып келетін тауарды айырбастап алу құқығы бар. Яғни тауар тек көріктілік жағынан оны қанағаттандырмаса, оның тек түсі, дизайны т.б. ұнамаса, сатып алушының тауарды айырбастап алуға құқы бар. Тауар қолданыста болмаса, буып-түюі сақталса, тауар белгілі сатушыдан алынғанын растайтын чек немесе өзге айғақ болса ғана жүргізіледі. Рента шартында нені қарастыру қажет
Рентаны төлеушінің өзінің меншігіне мүліктерді беру шарты: ақылы немесе тегін.
Рентаны төлем жасауға және ұстауға берілген мүліктің нақтылы бағасы, және оның төмендеуіне жол бермеу.
Ренталық ақыларды төлеу тәртібі, мөлшері, және мерзімі.
Шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылу жағдайында рентаның сатып алынған құнының тәртібі, мөлшері және уақыты.
Рентаны алушыны анықтау.
Рентаны алушыға айқын, анық ұсынылған ұстаудың ай сайынғы көлемінің нақтылы жалпы бағасы, сонымен қатар орташа айлық жалақының көтерілуіне, жоғарылауына тең барабар ұстаудың ай сайынғы дәл шарттары туралы.
Өмір бойы асырауда ұстау шартын нақ жасайтын, құратын уақытта ұстаудың тәртібін анықтау, мәселен, медициналық қызмет ету, тамақпен қамтамасыз ету, үйішілік қарауды жүзеге асыру тәртібі, госпитализация, киімдерді, дәрі-дәрмектерді алу, шаруашылыққа көмектесу, коммуналдық қызметтерге төлем жасау және т.б
Сонымен қатар ол ақша орнына осындай тауар қайта түскенде тауар алуға құқығы бар. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушының тағы бір құқығы сұрыпталып алынған тауарларды ақша төленгенге дейін касса маңайында қалдыру (бақылауда). Сол сияқты сатушымен келісе тұрып сатып алушы олар үшін ақы төленген (сатып алынған) тауарларды сақтауда қалдыра алады.
Тауар жеткізілімі шартының ұғымы және элементтері. Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасы Салықтық Кодексінің 180 бабына сәйкес, салық салуға жататын жеке тұлғаның мүліктік табысына жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан алынған, салық агенттері болып табылмайтын мүлікті арендаға тапсырған тұлғадан алынған табыс бірден-бір қатысты деп сенімді түрде, батыл есептейміз, санаймыз біз. Тиісінше, рентаны алушының ай сайынғы алатұғын төлемақысы салық салуға жататын оның табысы болып табылады. Коммунальдық қызметтерге төлем (газ, жарық, жылу, телефондық байланыстар) рентаны төлеушінің нақтылы міндеттемесі болып табылады, олардың төлеген ақысы рентаны алушының табысы болып саналмайды.
2.Тұрақты рента
2.1 Тұрақты рента төлеу мерзімдері
Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші болып табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар келеді. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда келе алады:
Егер олар мүлік иегері болса және мүлік олармен рентаға берілсе.
Тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан қүқықтық мирасқор болса.
Тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші түлға пайдасына жаслған шарт орын алса.
Азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеу олардың түрақты ренталық төлемдерін алу үшін кедергі болмайды, себебі бүндай жағдайларда азамат өзіне жататын жалпы қүқық қабілеттілікке негізделіп рента қатынастарында да қатыса береді.
Тұрақты рента алушы ретінде егер бұл олардың мақсатына және қызметіне сай келсе комерциалық емес ұйымдарда әрекет ете алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты рента алушы болып мемлекеттік мекемелер келмейді, себебі олар мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржыландырыуы мүмкін емес. Барлық жеке меншікке негізделген бола алады. Ренталық төлемдер ретінде ақшаны алу коммерциалық емес ұйымдарға олар қүрылған мақсаттардағы қандай да болсын қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ренталық төлемдер есебінен қаржыландырылуға тиім тікелей жаржыларда қарастырылуы мүмкін, бірақ та оларды тәжірибелі бекіту ақыл ойға сыйыса бермейді.
Шарт жағдайы, нысаны түлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді.
Сатып алу шарттының нысаны оның бағасына, суъектілеріне және заңдық шартық, талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152- бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Қазақстан Республикасы Президенттінің "Жылжы-майтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. Азаматтық кодекстің 494- бабы кәсіпорының сатып алу-сату шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвестаризация актісін, бухгалтерлік баланысты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қортындысының міндетті тіркелуі қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.
Шарттың субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар қүрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі шарттың жекелеген түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтеміз. Арнайы құқықтық қабілетті емденетін заңды түлғалар бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттік шеңберінде қатыса алады, яғни бүл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет.
Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында мүлік бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикаының заң актілеріне қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы" Заңның редакциясындағы Азаматтық кодекстің 200-бабының 2-ші тармағы. Егер мемлекеттік келісімшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттік құқық қабілеттігі шектелмеген, бірақ, олармен жасалатын шарттардың мінезі, мазмұны мемлекеттік атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен (қызмет-термен) анықталады.
Жеке тұлғалардың шарт жасасу мүмкіншілігіне олардың қүқық-әрекеті қабілетіліктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-бап, 1-тармақ).
Егер жүйелі түрде жүзеге асырылатын сауда-саттық қызмет туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкерлік мәртебесіне иемденген соң ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргізілуі мүмкін. Негізінен, "Құқықтық қатынас субъектілері болып, жеке басымен және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға ие болатын және міндеттерді көтеретін тұлғалар табылады" Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серіктестіктердің) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтірілген анықтаманың дұрыстығына әсерін тигізеді.
Коммерциалық емес заңды тұлғаларда олардын пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады. Коммерциалық емес ұймдардың пайдасындағы рентаны алушылардың қатары өзгеріп тұруы мүмкін.
Қазақстан Республиасының Азаматтық Кодекстің 523-бабының 2 тармағына сәкес олардын, құқықтары заңды тұлғалар қайта құрылуы нәтижесіндегі құқықтық мирасқорлық арқылы өтуі мүмкін. Яғни, егер екі жеке меншік мекеме біріккен болса және с.с.,онда олардың біруінің тұрақты рентаны алуға құқығы жаңадан пайда болған коммерциалық емес заңды тұлға болса, онда рентаны төлеу тоқталады. Сол сияқты мұра иесіз қалатың болса, рента бойынша мемлекет пайдасына құқықтық мирасқорлық орын алмайды. Тұрақты рентаны алуға құқық өзге тұлғаға ішінара сингулярлық мирасқорлық негізінде талап етуді беру арқылы ауысуы мүмкін. Егерде талап етуді беруге тиым немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz