ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасайтын болашақ мамандарын оқу-танымыдық іс-әрекетін ұйымдастыру

Орындаған: Нурхамитова Арай Ерланқызы
Тобы: 46
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім
Біліктілігі: 0111083 Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Маметекова Гаухар Серкказиновна
Шет тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы

Семей, 2020

МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ..
1.1 Инклюзивті оқытудың мәні мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасайтын болашақ мамандарын оқу-танымыдық іс-әрекетін ұйымдастыру
ІІ. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Шет тілі сабағында инклюзивті білім беруді дамыту
2.2 Инклюзивті оқытудың шет елдік тәжірибесін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Курс жұмысының өзектілігі: Қазіргі күні инклюзитвті білім беру жаһандық қоғамдық үрдіс болып отыр, ол барлық дамыған елдерде орын алып келеді. Инклюзивті білім беру көп қырлы үдеріс, ол білім беру жүйесіндегі барлық құрамдастардың қосылуын талап етеді. Инклюзивті білім берудің кеңінен етек жайып, дамуындағы бетбұрыстары инклюзивті білім беруді іске асырып отырған білім беру ұйымдары секілді үдеріс қатысушыларының синхрондық жұмысындағы және олардың қызметін аудан, қала, облыс деңгейінде үйлестірудегі қажеттіліктерді көрсетті.
Жалпы, Қазақстан бойынша инклюзивті білім берудің орын алып отырған үлгілеріне, сонымен қатар Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарындағы және эксперименттік алаңшалардағы қызметке жүргізілген талдау республикамыздағы инклюзивті білім берудің келешектегі дамуы үшін келесідей ережелерді анықтауға мүмкіндік берді:
− Жергілікті атқарушы органдардың, соның ішінде Білім басқарламаларының қызметіндегі жүйелілік және мақсатқа бағынушылық;
− Елде инклюзивті білім берудің жергілікті енгізілуіне және дамуына ықпалын тигізетін ресурстық орталықтардың құрылуы, оларды ақпараттық, ғылыми-педагогикалық, материалды-техникалық және өзге ресурстарын үйлестіру және интеграциялау (кіріктіру); − ерекше білімділік қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру үдерісіне қарқынды қосылуын қамтамасыз ететін механизмдерді жетілдіру;
− ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдармен) әлеуметік серіктестікті дамыту, соның ішінде жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру кабинеттерін құру және қолдау;
− ерекше білімділік қажеттіліктері бар, үйде білім алатын балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосудағы тәжірибені инклюзивті білім берудің бір үлгісі ретінде зерделеу;
− инклюзивті білім берудегі терминологияны жетілдіру.
Жүргізілген зерттеулер көрсетіп отырғандай, инклюзивті білім беруді дамыту үшін, жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, мемлекеттік басқару органдарының және қоғамның басқа да әлеуметтік институттарының жүйелі және өзара байланысты жұмысындағы қажеттілік бар. Одан басқа, инклюзивті білім берудің дамуындағы маңызды кезең ретінде Ресурстық орталықтардың қызметін инклюзивті білім беру үдерісіне қолдау көрсету және елдегі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің тиімді үлгілерін тарату.

Зерттеудің болжамы: Елімізде инклюзивті білім беруді дамыту.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттыру құралы ретінде инклюзивті білім беру бойынша ағылшын тілі сабағын өткізуді талдау.
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттері:
- ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру
құралы ретінде инклюзивті білім беру жүйесін қолдану;
- ағылшын тілі пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттерін талдау;
- әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі оқыту мен дамытуды жүзеге асыру;
Зерттеу объектісі: 5-9 сынып оқушылары
Зерттеу пәні: Шет тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасайтын болашақ мамандарын оқу-танымыдық іс-әрекетін ұйымдастыру
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: Зерттеу жұмысы инклюзивті білім беру
Зерттеу жұмысының теориялық мәні: бұл жұмыс ағылшын тілін оқыту мазмұнының теориялық аспектілерінің және ағылшын тілі сабақтарының толық қарастырылуында.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: теориялық жинақталған материалдардың ағылшын тілін оқыту әдістемесі лекцияларында,сабақ уақытында қолдана алу мүмкіндігінде.
Зерттеу әдістері:
- жинақтау
- зерттеу
- бақылау
- сұрақ-жауап
- болжау
- қорытындылау;
Зерттеу жұмысының базасы: ШҚО, Семей қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Инклюзивті білім беру бағдарламасы және оның ерекшеліктері
Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудың қазіргі бағыты инклюзивті білім деп аталады.
Инклюзивті білім беру - бұл арнайы білім қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктердің әр түрлілігін ескере отырып, барлық балалардың білім алуына тең қол жетімділікті қамтамасыз ету.
Елімізде инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи кезеңінде, өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім беру ұйымдарының саны көбеюде. Бұл бәрінен бұрын өте маңызды, себебі ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар саны азаятын емес және бұқаралық метептің білім беру ортасына балалар жиірек кіруде, бұл елімізде инклюзивті білім берудің дамуындағы оң үрдіс болып табылады
Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептерде білім алатын мүмкіндігі шектеулі оқушылар:
Нашар еститін және кохлеарлы имплант жасалған балалар;
Нашар көретін балалар;
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар;
Психикасының дамуы тежелген балалар;
аутизмге шалдыққан балалар;
Тірек қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар.
Инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының қызметтерін қамтиды.
Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдау әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі оқыту мен дамытуға арналған әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасайтын мамандардың тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін білдіреді.
- даму бұзылыстарын ерте түзету;
- балаларды әлеуметтендіруде, оқытуда жеке ыңғай жасау;
- оқуға ынтасын, дербестігін, әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту;
- өмірлік құзіреттердің дағдыларын қалыптастыру;
- ата-аналармен және құрдастармен конструктивті қарым-қатынас құру.

1.1 Инклюзивті оқытудың мәні мен құрылымы
Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар болып келеді - бұл, отбасы және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы екі институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді.
Бала үшін отбасы - бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінез-құлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі болып саналады.
Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген.[1,78 б.]
Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады:
- мүмкіндіктері шектеулі балалар;
- мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар;
- қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар)
Қазіргі танда елімізде орта білім алуға денсаулығына немесе әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты уақытша немесе тұрақты қиындықтарға тап болған адамдар үшін 79 кешкі мектептер жұмыс жасайды, оның 32 түзету мекемелерінің жанында, 7 девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған, оларда 14 288 оқушы білім алады.
Тұтас алып қарағанда, 7160 жалпы білім беретін мемлекеттік күндізгі мектептердің:
− 3777 оқыту қазақ тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі қазақ сыныптарында 792 223 оқушы;
− 1262 оқыту орыс тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі орыс сыныптарында - 832 173 оқушы;
− 2088 оқыту қазақ және орыс тілдеріндегі аралас мектептерінде;
− 16 оқыту өзбек тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі өзбек сыныптарында 80 655 оқушы;
− 13 оқыту ұйғыр тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі ұйғыр сыныптарында 15 067 оқушы;
− 4 оқыту тәжік тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі тәжік сыныптарында 4 009 оқушы қамтылған. [3]
Инклюзивті білім берудін мазмұны:
Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:
* жалпы мектептерге арналған типік оқу бағдарламалары:
* мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары
*мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалы қ кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы деп шешілген.
Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.
Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі - еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.

Инклюзивті оқытудың мәні мен құрылымы
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден ажырату жүйесінің құрылуына қарамастан, республикалық инклюзивті білім беру ісін енгізуде қоғамның дайын болмауына байланысты бірқатар қиындықтарға кезігеді. Оның ішінде инклюзивті білім беру дағдысы бар педагог мамандар даярлау мәселесі. Арнайы мекемелер үшін білімді кәсіби дефектолог-мамандар даярлау. Дайындық жұмыстары жүйелі және ұзақ мерзімді жүргізілсе, инклюзивті білім беруді тұрақты сипатқа айналдыруға болады Инклюзивті білім арнайы білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық оқушылардың білім алуына тең қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
Бұл барлық балаларға қажетті көмек алса, табысты бола алатындығын дәлелдеу арқылы жетістікке жетуге шақырады.[1]
Инклюзивті білім берудің келесі принциптері бар:
* Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;
* Әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті;
* Әркім сөйлесуге және тыңдауға құқылы;
* Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;
* Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж;
* Барлық оқушылар үшін үлгерім, әдетте, сол болады
олар жасай алмайтыннан гөрі жасай алады;
* Әртүрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді.
* Әр баланың білім алуға негізгі құқығы бар және оған ие болу керек
білімнің қолайлы деңгейін алу және сақтау мүмкіндігі.
* Әр баланың қайталанбас сипаттамалары, қызығушылықтары, қабілеттері және
оқыту қажеттіліктері.[3]
Инклюзивті білім ерекше қажеттіліктері бар балалардың мәртебесін көтеріп қана қоймайды қоғамдағы білім беру қажеттіліктері мен оның отбасы, сонымен қатар өзгеретін ұстаным қоғам осындай адамдарға деген көзқарас пен төзімділіктің дамуына ықпал етеді және әлеуметтік теңдік.
Осы бағыттағы тәжірибе инклюзивті білім беруді қоғамға бірнеше себептер бойынша пайдалы деп санайды.
Ол кемсітушілікке және айырмашылықтардан қорқуға көмектеседі, балалар мен ересектерге адамдар арасындағы айырмашылықты және айырмашылықты өзгертуге тырыспай, түсінуге, қабылдауға және түсінуге үйретеді.
Бұл барлық балаларға қажетті көмек алса, табысты бола алатындығын дәлелдеу арқылы жетістікке жетуге шақырады.
Бұл эмпатия, теңдік, әлеуметтік әділеттілік, ынтымақтастық, бірлік атмосферасында әлеуметтенуге мүмкіндік береді.
Тәрбиешілердің кәсіби білімін кеңейтеді. Мұндай білім берудің жаңа және икемді әдістері мен әдістерін қажет етеді.
ZPR диагнозы бар оқушыларға жеке кортикальды функциялардың жетіспеушілігімен байланысты танымдық белсенділіктің бұзылуы тән. Мұндай балаларда интеллект пен эмоционалды-еріктік саланы дамытудың ақаулы бастапқы негізі бар.[4]

1.2 Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасайтын болашақ мамандарын оқу-танымыдық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Педагог барлық типологиялық топтардың оқушыларынан, сондай-ақ оқытуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардан тұратын сыныптағы күнделікті жұмысында оқытудың түрлі мақсаттары белгілеп, іске асырады, оқыту мен бағалауда саралау және жеке ықпал орын алады. Оқушылардың жетістіктерін қадағалау және бағалау түрлі мақсаттарға сәйкес іске асырылуы тиіс, олар жалпы бағалау нормаларына негізделе алмайды. Баға оқушының ілгері басу дәрежесін ескеріп, оның оқу мен даму процесін белсендендіріп, тәрбиелік және түзете-дамыту міндеттерін орындауы керек. Инклюзивті сыныптағы мұғалім өзбетінше қызмет ете алмайды, оған үнемі қолдау көрсету қажет.
Педагог әртүрлі типологиялық топ оқушыларына берілген оқу материалдарын меңгеру нәтижесі бірдей болмайтынын түсінуі қажет және соған дайын болуы тиіс. Ақыл-ой кемістігі бар, қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар, көру, есту қабілетінің бұзылыстары бар оқушылардың жетістіктерін бағалау білім беру процесінің ажырамас бөлігі бола отырып, олардың мүмкіндіктері мен шынайы оқу жағдайына сәйкестендірілген болуы тиіс. Мұғалімге ерекше білім беруде қажеттіліктері бар бұл оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпаратты үнемі қадағалап отыру қажет.
Оқыту үдерісі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке ерекшелігіне қарай оқу бағдарламаларын бейімдеу;
Жеке білім беру бағдарламаларын құрастыру;
Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен қосымша сабақтар өткізу.
Түзетушілік-дамытушылық үдеріс
Түзетушілік-педагогикалық қолдау;
Психологиялық-педагогикалық қолдау;
Жеке түзетушілік-дамытушылық бағдарлама құрастыру;
Оқушының ағымдағы қиындықтарын дер кезінде анықтап, оған арнайы педагогикалық қолдау көрсету бағалау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылатын педагог-дефектологтың маңызды қызметтерінің бірі. Жоғары немесе төмен қойылған бағаның себебін анықтайтын қандай да бір сындарлы ақпараттың жоқ болуына байланысты бес балдық бағалау жүйесі мұндай қиындықтарды шешу барысында қолдануға тиімсіз. Осыған орай, педагог та, оқушы да оқытудың жақын кезеңінде нақты немен жұмыс жасау керектігін білу мүмкіндігінен айырылады. Бұндай оқушыларға қойылған бағаның шарттылығын түсіну қиынға соғады [20].
Кейде оқушылардың білім сапасын бағалау өте оңай деп саналады. Кез келген ата-ана баланың жауабын тыңдап, оны объективті бағалай аламын деп ойлайды. Мұндай мүмкін, егер деген мысалдар қаншама! Алайда, оқушылардың білімін бағалау - бұл әсіресе, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін күрделі педагогикалық мәселе деуге болады.
Инклюзивті сыныптарда физикалық ортаның келесі параметрлері ескерілуі қажет:
Баспалдақтары бар орындарға пандустар орнату;
екі жаққа кең ашылатын жарма есік және есіктердің ойықтары, бұл есіктердің ашылып, жабылу жылдамдығы;
жиһаздарды таңдау;
сыныптағы сөрелер, парталар мен үстелдердің биіктігі;
жарықтандыру;
ашық кеңістік;
көңіл аудартатын факторлар;
жаратылыстану бағытындағы пәндерде арнайы құралжабдықтардың қолжетімділігі;
су ішетін құрылғылардың және мектеп ғимараттарының: ойын алаңдары мен спорт алаңдары, мектептің басқа корпустарының қолжетімділігі;
қауіпті орындарды анықтау және шартты белгілермен көрсету.
Баға және бағалау - мұғалімдер үшін шексіз талқылауға дайын тақырып, себебі мектептегі баға бұл тек оқушы еңбегінің нәтижесі ғана емес, онда педагогтың жеке қасиеттері, көңіл-күйі, мінезі, оның оқушыға қарым-қатынасы, мұғалімнің жұмыс істеу мәнері жинақталған. Оқушы еңбегін бағалаусыз ешқандай меңгеру процесі жүзеге асырыла алмайды. Бағалау оқушыларға, олардың пәнге, мұғалімге, мектепке және жалпы айналадағы әлемге деген қарым-қатынасына үлкен әсерін тигізеді.
Мұғалім- дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді:
- Сенсорлы-перцептивті жағдай;
- Зейіні;
- Есте сақтауы;
- Ойлауы;
- Сөйлеу ерекшеліктері;
- Өзін-өзі бағалауы;
- Ерік-жігері;
- Психомоторлық жағдайы;
- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы;
- Оқу біліктілігі;
- Еңбек біліктілігі;
- Коммуникативтілігі;
Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған балға сәйкес психологиялық- педагогикалық профиль толтырылады. Профиль - 70 баланың даму деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді.
Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары --Мүгедектік мәселені қоғамда түсіну; Қатарластарымен қарым- қатынас; Толыққанды білім беру; Қоғамға кіріктіру және бейімделу; Мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы; балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру; Әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау. Даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау. Ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал- жабдықтармен толықтыру. Инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата- аналарды қатыстыру.[2]

ІІ. Инклюзивті білім берудің қажеттіліктері
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі: 1.Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына директордың бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар бөбекжайға қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау жүргізеді.
2.Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі баламен жеке дамыту, түзету жұмыстарын жүргізу.
3.Жұмыстың мектепке дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі ұйымда оқу іс-әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, топ тәрбиешілері мектепке оқуға даярлауды қарастырады.
4.Әлеуметтік тәрбие жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, ата-анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайды, яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары арасында ерте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамгершілік бағыттарының қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының қасиеттеріне бақылау жүргізеді.[1]

2.1 Шет тілі сабағында инклюзивті білім беруді дамыту
Біздің қоғамда шет тілін үйренудің рөлі өте үлкен. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары оларға тілдік білім беруге тырысады. Даун синдромы бар балалар елімізде көбейіп келе жатыр.
Шет тілін бастауыш деңгейде білу біздің балаларымызға әлеуметтенуге, тәуелсіз болуға, біздің елде де, шетелде де құрдастарымен қарым-қатынаста қиындықтарға тап болмауға көмектеседі, бұл жерде ерекше балалар ата-анасымен жиі саяхаттайды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру - инклюзивті білім берудің басты міндеті.[1]
Шет тілі сабақтарында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтауды және оларды сөйлеу барысында қолдануды қамтамасыз ететін лексикалық дағдылар қалыптасады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылады, бұл ерекше балаға ағылшын тілін қуана оқып үйренуге мүмкіндік береді. Қолайлы психологиялық климатты құру, денсаулықты сақтау технологияларын қолдану, психофизикалық дамудың ерекшеліктері мен осындай балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып бейімделген бағдарлама, иллюстрациялық және аудио материал, ықшам дискідегі интерактивті элементар тапсырмалар және сәттілік жағдайлары әр сабақта жай қажет, сондықтан мүгедек баланың кішкентай болса да қуанышын сезінуі керек. тапсырманы аяқтады. Мұның бәрі оқу процесін қызықты әрі тиімді етеді. Балада оның күш-жігері босқа кетеді деген сезім болмауы керек. Сыныпта оқушыны мадақтау, мадақтау керек, кейде дұрыс жауап табуға көмектесу керек.[2]
Күнделікті қарым-қатынас жағдайында диалогтік сөйлеуді меңгеру кезінде бала ынталандыру сипатындағы элементар диалог жүргізуді үйренеді: бұйрық беру, бірдеңе жасауды ұсыну. Түрлі жаттығулар мен ойындар балаға зерттелетін материалды тез және тез есте сақтауға көмектеседі, ал бұл тілдік көкжиектің кеңеюіне алып келеді: ағылшын тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді меңгеру үшін қол жетімді және қажетті қарапайым тілдік идеяларды игеруге көмектеседі. Даун синдромы бар балаға арналған сабақ мысалында сіз мүгедек баланың психофизикалық дамуы мен мүмкіндіктеріне бейімделген авторлық бағдарлама бойынша Биболетова М.З. және басқаларымен бірге қолданатын әдістер мен әдістерді көрсете аласыз (UMK Enjoy English орта мектеп сыныбы).[3]
Шет тілі сабағында инклюзивті білім берудің түрлері және өткізу әдістері
Мүмкіндігі шектеулі балалармен және дарынды балалармен жұмыс істеуден басқа, инклюзивті білім беру педагогикалық назардан тыс қалған және оқуы қиын балалармен жұмыс жасауды қамтиды.
Мұндай оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалім қайталауға көп көңіл бөлуі керек. Сондай-ақ, шет тілінде оқу дағдыларын қалыптастыру процесінде девиантты мінез-құлықтары бар оқушылардың артта қалмауы үшін әр дағдыны жүйелі және дәйекті түрде дамыту маңызды болып табылады, яғни алдыңғы операцияны игермей жаңасына көшуге болмайды. Оқу-танымдық дағдылардың қалыптасуы мен дамуында дағдыларды дамыту алгоритмі маңызды рөл атқарады, яғни белгілі бір қызмет түріне жататын кез-келген тапсырмаларды шешу үшін элементарлық операцияларды белгілі бір ретпен орындау үшін нақты қабылданған нұсқаулар маңызды. Дамуында және мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға арналған іс-әрекеттерді белгілеу, олардың ойларын тәртіпке келтіру, дәйектілік негізіне үйрету, қорытынды жасауға, дұрыс тұжырым жасауға үйрету тікелей мұғалімің міндеті.[1]
Бірінші орынға ойлауды, есте сақтауды, сөйлеуді дамыту, олардың танымдық белсенділігін арттыру, ағылшын тілінде басқа пәндерді ұнатпайтын айналадағы әлем туралы біліммен байыту міндеттері қойылуы керек. Тілді практикалық білу мақсат емес, бұл мәселені шешудің құралы болады.[2]
Ағылшын тілін үйрену кезінде ZPR бар балалар белгілі бір қиындықтарға кезігеді: лексикалық материалды, синтаксистік құрылысты игеру және оларды ауызша сөйлеуде белсенді қолдану баяулайды; грамматикалық категорияларды қабылдау және оларды практикада қолдану қиын. Олар грамматикалық тұрғыдан күрделі сөйлеуді меңгере алмайды, өйткені шет тілін меңгеру баланың даму деңгейіне байланысты. Бірақ олар басқа тілде, олардың даму деңгейінде сөйлей алады.[3]
Олар ауызша сөйлеуді, әсіресе үйлесімді мәтіндерді, диалогтік сөйлеуді тыңдауда проблемалардың туындауымен сипатталады, өйткені олар дыбыстық талдау мен фонемалық есту кезінде қиындықтарға тап болады. Олар бағытталған сөйлеуді нақты қабылдамайды, ұқсас дыбыстарды ажыратпайды. ZPR диагнозы бар балалар сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін меңгереді: оқу, сөйлеу (ауызша сөйлеу), тыңдау. Оқудың барлық кезеңдерінде жазу тек оқу құралы ретінде қолданылады.[4]
Шет тілі сабақтарында қиын және сәтсіз балалармен жұмыс жүйесін ұйымдастыру келесі алгоритмге негізделген:
- мүмкін болатын жеке тапсырмаларды таңдау;
- оқушылардың қызығушылықтары шеңберіндегі қосымша материалдарды әзірлеу;
- қателіктердің алдын алатын жұмыс әдістерін көрсете отырып, оқу тапсырмаларын нақтылау, алгоритмдеу;
-арнайы дайындалған тапсырмаларды бірлесіп орындау;
- оқу іс-әрекетіндегі мүмкін болатын қиындықтардың алдын алу және оларды (мұғаліммен) бірлесе шешу жолдары.[1]
Бұл алгоритімдер мұғалімінің:
-теңдік,
-әлеуметтік әділеттілік,
-ынтымақтастық,
-бірлік, атмосферасында жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Тәрбиешілердің кәсіби білімін кеңейтеді. [2]
Ағылшын тілі сабағында түрлі жаттығулар мен ойындар, АКТ, ойын бағдарламалары бар CD дискілерді қолдану балаға оқылған материалды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Инклюзивті білім беру
Білім беруді ұйымдастыру
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері
Инклюзивті білім беру жүйесінде ПОҚ құрамына кіретін мамандар құрамы
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Қолдау әрекетін әлеуметтік - педагогикалық және психологиялық жобалау
Мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрдың білім aлудaғы нәтижелерін қaдaғaлaу әдіcтері
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық - педагогикалық негіздері
Пәндер