Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 . ЕСТІМЕЙТІН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІҢ ДАМЫМАУЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ5

1. 1 Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің маңызы және даму ерекшеліктері . . . 5

1. 2 Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеудің мәселелері . . . 10

2. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН ОҚУШЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСУ . . . 15.

2. 1 Инклюзивтік білім беру жағдайында мектепке жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру . . . 15

2. 2 Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі зерттеу жұмыстарының барысы . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі : Осы курстық жұмыста балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары қаралады. Есте сақтау қабілеті - бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.

Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология, биология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады. Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар: психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И. П. Павлов, И. М. Сеченов), физиологиялық (Л. С. Выготский) . А. А. Смирнов пен П. И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде қарастырып, есте сақтау қабілеті баланың мағыналы қызметі ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары, ынтасымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен қатар жүреді.

теориялары бар. Көптеген теория бүгінде болжам түрінде қала береді.

Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия,

Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды, тілдік теорияны үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға арналған күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.

Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А. Н. Лентьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубинштейн, Б. В. Зейгарник, Л. С. Выготский және т. б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.

Бүгінгі күнде де есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика, психологияы, кибернетика және басқа ғылымдар өкілдері айналысуда.

Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық. Айқындалған қарама-қайшылық: тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау зерттеу мәселесін белгілеу мүмкіндігін берді.

Зерттеу пәні : оқыту үрдісінде балалардың есту қабілетін дамыту жағдайлары.

Зерттеу нысаны : Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі.

Зерттеу мақсаты : оқыту үрдісінде балалардың есту қабілетінің дамуы деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің міндеттері :

1. Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.

2. Мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті дамуының ерекшеліктерін анықтау.

3. Тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау.

Зерттеудің болжамы : Зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету үрдісінде көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, мектепке дейінгі жас балаларында жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.

Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы . Балалардың есту қабілетін дамыту жүйесімен оқытудың әдістемелік тұғыр арқылы жасалған өзіндік құрылымдық -мазмұндық болмысы мен технологиясы туралы теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас бөлшегі ретінде ағылшын тілін жаңаша жаңғыртып оқытуға қосылған үлес ретінде таныла алады.

Зерттеудің практикалық құндылығы . Жұмыста қарастырылған нәтижелер арнайы мектептерде есте сақтау дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде ақпараттық технологияны, компьютерді мультимедианы қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі сабағында қолдануға болады.

Құрылымы : курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады. Жұмыс соңында әдебиет тізімі берілген.

1. ЕСТІМЕЙТІН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІҢ ДАМЫМАУЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

1. 1Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің маңызы және даму ерекшеліктері

Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.

Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала - біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.

Елімізде инклюзивті білімнің нашар дамуы ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекттік білім бағдарламасында сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және екі кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР-да 2015 жылға қарай инклюзивті білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25% қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасау 30%, 2020 жылға қарай 70% ұлғаяды. Инклюзивті біліммен қамтылған балалар үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 50% құрайтын болады.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.

Міндеті: әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;

олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез- құлық қалыптастыру;

мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз ету;

балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау ұйымдастыру;

баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;

көңіл - күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі:

1. Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына директордың бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар бөбекжайға қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау жүргізеді.

2. Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі баламен жеке дамыту, түзету жұмыстарын жүргізу.

3. Жұмыстың мектепке дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі ұйымда оқу іс-әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, топ тәрбиешілері мектепке оқуға даярлауды қарастырады.

4. Әлеуметтік тәрбие жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, ата-анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайды, яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары арасында ерте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамгершілік бағыттарының қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының қасиеттеріне бақылау жүргізеді.

Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар

• Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.

• Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.

• Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.

• Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.

• Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы;

• Инклюзивті білім берудің көпаспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.

• Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;

• Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.

• Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.

• Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.

• Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.

Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.

Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата - анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым - қатынас қалыптастыру.

Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді.

Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы.

Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады.

Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары

Мүгедектік мәселені қоғамда түсіну;

Қатарластарымен қарым- қатынас;

Толыққанды білім беру;

Қоғамға кіріктіру және бейімделу;

Мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;

балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру;

Әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау.

Даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау.

Ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал- жабдықтармен толықтыру.

Инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата- аналарды қатыстыру.

Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік жасайды.

1 нұсқау: Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т. б. ) . және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады.

ІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша білім алады.

ІІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке. Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.

Бөбектерге тәрбие алу үшін, еліктейтін дұрыс үлгі қажет.

Бір нәрсені дұрыс жасау үшін, бірнеше рет қайталап көрсетуге болады, бірақ ол мұны өзімен жасты балалар жасағанын бір рет көріп, есіне сақтап, көргенін қайталап жасай алады.

Өмірдегі түрлі жағдайларға даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың физикалық және әлеуметтік бейімделуіне, өмірге деген құштарлығы және дертпен күресуі - қоршаған ортаға меншікті қажеттілік түйсігімен байланысты.

Туылғаннан және жүре пайда болған кереңдіктен балаларды есту қабілетінің қалдығы болады. Мысалы, жуан дыбыстарды, қатты шуларды, дауысты дыбыстарды, қабылдайды. Алайда, бұл есту қабілетінің жағдайы, балалардың өзбетімен сөйлеуге, ауызша сөйлеу тіліне үйренуіне жеткіліксіз болып келеді.

Ортаңғы ми қабығына түсетін барлық мәліметтерді есту қабілетінің зақымдылықтарын қабылдайтын болғандықтан, даму процесінің бірінші зақымдануы болып табылады. Сол себептен есту зақымдылықтары мен байланысты бірқатар психикалық даму ерекшеліктері туады. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дамуына әсер ететін жолдарды іздеу барысында көптеген әр түрлі естімейтін және нашар еститін оқушылардың жеке ерекшеліктерімен әлеуметтік қолдауларын, кемістікті компенсациялаудың оңай, әсерлі жолдардың оқушылардың физиологиялық деңгейін ескеру керек. Ресей дефектологтары оқушылардың оқу бағдарламасындағы қажеттіліктерін анықтай отырып, осы қажеттіліктерді іс-әрекет талаптарын өзгерте отырып қалыптастыруға болатыны дәлелді.

С. А. Зыкова зерттеулері осы қажеттіліктерді заттық тәжірибиелік іс-әрекет кезінде мақсатты түзетуге үлес қосты.

1. 2 Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеудің мәселелері

Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип-латын сөзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.

Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Сурдопедагогикада, принциптер дегеніміз, түзете-білім беру процесінің ұйымдастырылуының және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың (жандардың) танымдық іс-әрекетінің жетекшіленуінің сипаттамасы мен ерекшеліктерін белгілейтін жалпы, негізгі және тұрақты талаптардың жүйесі.

Сурдопедагогиканың өздік принциптері білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арнайы білім беруде маңызды, концептуалды ережелерді бейнелейді. Бұл принциптер сурдопедагогика үшін спецификалық (ерекше) болып саналады.

Оқытудың түзетуге бағытталған принципі оқыту процесінде арнайы әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып балалардың психикалық-физикалық дамуындағы кемшіліктерді түзетуге немесе басуға негізделген; оқушылар кемшіліктерінің құрылымын білуді және есепке алуды, психикасы мен тәртібінің сақталған және жағымды жақтарына сүйенуді көздейді, пропедевтикалық кезеңнің және оқытудың мазмұнын, темпін (жылдамдығын) және мерзімін жекешелендіруді қарастырады; жалпыланған оқу және еңбек іскерліктерімен оқушылардың дербестігінің дамуын қалыптастыруға бағытталған.

Оқытудың тәрбиелік және дамытушылық бағыттылығы принципі оқушыларда адамгершіліктің көріністері мен ұғымдарды, қоғамдағы тәртіптің қалыпты әдістерін және олардың жалпы психикалық және физикалық дамуға әсер етуін қалыптастыруының қажеттілігімен байланысты; ерекше жағдайларды туғызуды және оқушылар ортасының «педагогизациясын» талап етеді, оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне қатыстыру мен олардың танымдық белсенділігі мен дербестігін дамыту арқылы түзету-педагогикалық жұмысының сапасын жоғарлатуды талап етеді.

Оқытудың ғылымилық және түсініктілік принципі ғылымның қазіргі жетістіктерінің, оқу пәндерінің мазмұнында шынайы болмыстың және оқытуды оқушылардың шынайы мүмкіншіліктерінің деңгейіне сай ұйымдастырудын бейнесін көздейді; білім беру мазмұнының қалыптасуы барысында, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда, мұғалім мен тәрбиешілердің іс-әрекетінде жүзеге асырылады; салыстырмалы күрделі материалды түсінікті ететін әдістемелік жүйені қолдануды талап етеді. Оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.

Оқытудағы жүйелілік және бірізділік принципі оқушыларда шашыранды мәліметтер мен ұғымдарды қалыптастыру емес, ал үйлесімді логикалық білім жүйесін, өзара байланысты фактілер мен заңдылықтарды қалыптастырудың қажеттілігіне негізделеді; оқу материалының бірізділікпен және қолайлы көлемде орналасуын, оқыту процесіндегі байланысты- жаңа материалды оқу алдында алынған білімдерге сүйеніп құрылса және кейіннен өткен материалмен байланысып өтсе, оқу материалының өтуін және алдында өткенді қайталаудың бірізділігінің жоспарлауында жүзеге асырылады.

Оқытудың өмірмен байланысты принципі оқытудың қоғамдық қажеттіліктермен және оқушылардың оқыту мен тәрбие процесіне қоғамдық ортаның әсерімен туындайтыны бейнеленеді; оқу-тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы қоршаған болмыспен, мекемелердің, ұйымдардың өмірімен тығыз және көпқырлы байланыстың негізінде жүзеге асырылады; оқыту барысында балалардың өмірлік тәжірибесіне сүйенуді және қоғамдағы дербестік өмірге даярлауды көздейді.

Оқытудағы көрнекілік принципі абстрактілі ұғымдарды толығынан игеру үшін оқушыларды сезімдік танымдық тәжірибемен қамтамасыз етуді көздейді, және оқыту процесінде түрлі көрнекілік құралдарды қолдануды талап етеді; оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне тәуелді өзгеретін дифференциалды, мазмұнды, вариативті (ауыстырмалы) көрнекіліктерді қолдануды талап етеді.

Оқытудағы оқушылардың саналылық пен белсенділік принципі оқылатын оқу материалының мәнін түсінуді және оны өмір мен практикалық іс-әрекетте нәтижелі қолдануды белгілейді; оқушылардың белсенді психикалық дамуына әсер етеді; оқыту процесін белсендіруге бағытталған әдістемелік тәсілдерді қолдануды көздейді; күрделі материалды бөлшектерге бөлуді, негізгісін айқындауды, тұтасты бөлшектерден құрастыруды, жасалынатын әрекеттерді сөйлеу арқылы бейнелеуді, материалды ауыстыруды және т. б. көздейді.

Оқытудағы жеке және дифференциалды ыңғайжасау принципі оқушыларды жан-жақты зерттеудің және олардың жеке ерекшеліктерін есепке алу (жеке ыңғай жасау), сонымен қоса белгіленген оқушылар топтарына (дифференциалды ыңғай жасау) тән типтік ерекшеліктерді анықтау қажеттілігімен байланысты; жақын және болашақ міндеттерді, сыныптың фронтальды жұмысына баланы қатыстыру бойынша шаралар жүйесімен жеке түзете әсер етуді бейнелейтін, бүкіл сыныппен жұмыс істеу мен әр оқушының жеке дамуы бағдарламасының әзірленуін көздейді.

Білімді, іскерліктерді және дағдыларды игеру мықтылығы принципі оқытудағы оқушылардың саналылық пен белсенділік приницпімен байланысты және саналы алынған білімдерді тереңдету мен бекітуді және оларды іскерліктер мен дағдыларға айналдыруды көздейді; материалды жүйелі және вариативті (ауыстырмалы) қайталаумен, арнайы жаттығулар жүйесін қолданумен, практикада жүзінде қалыптасқан білімдер мен іскерліктерді қолданумен қамтамасыз етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беру туралы жалпы ұғым
Қазақстанның барлық мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу
Әлеуметтік ортаға бейімдеуде ұлдар мен қыздардың тәрбиесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Артпедагогика
Норма мен патологиядағы психикалық даму заңдылықтары туралы тұжырымдама
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz