Қара сексеуілді мәдени өсімдікке енгізу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-география факультеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі Б. С. Алжанова

«» 20__ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Арал теңізінің құрғаған аумағындағы сексеуілдің биологиялық ерекшеліктері

5В011300-«Биология» мамандығы

Орындаған: Калыбаев А. Б., 01404 топ студенті

Жетекшісі: б. ғ. к., доцент Утаубаева А. У.

Орал қаласы, 2018 жыл

Мазмұны

Кіріспе

1 Әдеби деректерге шолу . . .

1. 1 Ареал және фитоценология . . .

1. 2 Қара сексеуілді мәдени өсімдікке енгізу . . .

1. 3 Өсімдіктерді жерсіндірудің теориялық негіздері . . .

2 Зерттеу материалдары және әдістемелері . . .

2. 1 Қызылорда облысының физикалық-географиялық жағдайы(климат, топырақ, өсімдік жамылғысы) . . .

2. 2 Тәжрибе жұмыстары жүргізілген орын . . .

2. 3 Тәжрибе әдістемесі . . .

3 Зерттеу нәтижелері . . .

3. 1 Қара сексеуілдің биологиялық ерекшеліктері . . .

3. 2 Қазақстандағы сексеуіл түрлерінің экологиялық морфологиялық ерекшеліктері . . .

3. 3 Қара сексеуілдің тұқымының зертханалық шығымы . . .

3. 4 Сексеуіл өнімділігінің құнарлылығы мен химиялық құрамы құнарлылығы мен химиялық құрамы . . .

3. 5 Қара сексеуілді егудегі оның шаруашылықтағы мағызы . . .

4 Ұсыныс . . .

Арал теңізі ұлтанындағы Қасқақұлан үлескісіндегі ормандандыру және олардың сапасына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды жасақтау

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. 1986 жылы Арал теңізі, бұрынғы бір су қоймасы ретінде, өмір сүруді тоқтатты, Кіші теңіздің Үлкен жерінен толық бөлінуі орын алды және кейіннен бірнеше бөлікке бөлінген су қоймалары пайда болды. Жыл сайын 150 млн. тонна улы тұзды(негізінен бұлар натрий хлориді және натрий сульфатының тұздары), шаңды және құмды тасымалдайтын алаңнан 6 млн. гектарға жуық жерді құрайтын халық арасында «Аралкұм» деп аталатын жаңа шөл пайда болды. Бұл шөлдің беткі бөлімінен жыл сайын 150 млн тоннаға дейін улы тқздар, шаң және құмдар қоршаған ортаға көтерілуде. Көпшілік жағдайда, бұлар натрий хлориді мен натрий сульфатының тұздары /1/. Бұл күйзелістің нәтижесінде жақын маңдағы территорияларда шөлейттену, топырақтың тұздануы, жем-шөпті өсімдіктердің жоғалуы, суарылатын жерлердің және табиғи жайылымдардың өнімділігі азаю үдерістері күшеюді. Мұның бәрі қоршаған ортаға зиянды әсер етті, нәтижесінде Аралдағы экологиялық дағдарыс пайда болды.

Отандық және шетелдік ғалымдар Арал теңізін қалпына келтірудің бірнеше жолдарын ұсынды. Бұл - Сібір өзендерін жіберу, Каспий теңізінен суды айдау, мұздақтардың еруіне байланысты қоректенетін өзен ағыстарын ұлғайту және т. б. Олардың барлығы қымбат және орындалуы қиын жұмыстар. Соңғы уақыттарда жиі ұсынылған ең нақты әдіс - Арал теңізінің құрғаған түбін байырғы өсімдіктермен ормандандыру.

Қазақ орман шаруашылығы және ғылыми зерттеу институты ғалымдары қара сексеуілді ұсынды.

Теңіздің құрғаған түбіндегі алғашқы өндірістік сексеуіл екпелері (Haloxylon Bge. ) 1988 жылдың күзінде Қазалы орман шаруашылығында (қазір Мемлекеттік орман және жануарларды қорғау мекемесі - КММ) 600 гектар аумақта өндірілді. Жұмыстың тиімділігі төмен болды, өскіндер сирек кездесті және күзде жеке үлгілер сақталды. Себебі, кейінірек, анықталғандай, бұл жауын-шашынның болмауы ғана емес, сонымен қатар аумақтарды дұрыс таңдамағандықтан болған. Осыған қарамастан, құрғаған жерлерге орман өсіру бойынша жұмыстар көлемі жылдан-жылға артты. Жиналған тәжірибе және жұмыстың нақты ұйымдастырылуы 1993 жылға қарай 18 мың гектарға дейін, оның ішінде көгалдандыру әдісі - 15 мың гектардан асатын орман өсіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Бұл жұмысқа облыстың барлық орман шаруашылықтары қосылды және 1994 жылға дейін шамамен 54 мың гектар орман екпелерін құрады. Егілген жалпы көлемнен 20746 гектар сексеуіл, 1170 гектар сарысазан (Halospermum Pall. ) және 1500 га жыңғыл(Tamarix Ledeb. ) сақталған. Тіпті отырғызылған сексеуілдердің бастапқы өміршеңдігі 5-10% -дан аспайтын, қазіргі кезде бұл екпелердің толымдығы 03-05 дейін жетеді, ал өмір сүру деңгейі жоғары жерлерде орман жайқалып тұр. 1995 жылы мемлекеттік қаржыландыру тоқтатылып, зерттеу жұмысы толығымен тоқтатылды.

Тек 2002 жылы ғана Арал теңізін қайта еске алынып, қоршаған ортаны қорғау саласында жыл сайын облыстық бюджеттен теңіздің құрғаған түбін ормандандыру үшін қаражат бөлінді. Арал және Қазалы орман шаруашылықтары осы қаражат есебінен шамамен 2500 гектар екпелер егілді. 2600 га астам көшет отырғызылды. Кейіннен бұл жұмысқа басқа қорлар қосылды. Мәселен, 2005 жылы «Аралды құтқару» қорымен қамтамасыз етілген қаражат 1000 гектар аумаққа сексеуіл себуге және 100 гектар аумаққа отырғызуға мүмкіндік берді. 2006 жылы осындай сома Германияның техникалық ынтымақтастық қоғамымен берілді.

Республика бойынша 2007-2017 жылдары «Ормандарды сақтау және республика аумағының орман жамылғысын ұлғайту» жобасы іске қосылды, оның басты міндеті Қызылорда облысының сексеуіл екпелерін және Ертіс маңындағы жалқарағай ормандарының биоценоздарын сақтау және қалпына келтіру және ұлттық институционалдық даму болып табылады.

Жобаның нәтижесінде теңіздің құрғаған түбіне 79 мың гектар орман отырғызылу керек болатын. Арал және Қазалы МБ орман шаруашылығына тиесілі аумағында осы жоба шеңберінде соңғы 7 жылда 47 мың гектардан астам орман отырғызылды. Соның ішінде 2011 жылы - 15089, 1 га, 2012 жылы - 16100 га, 2013 жылы - 5080 га, 2014 жылы - 10700 га. Бұдан басқа, 2012 жылдың күзінде сексеуілден 11, 8 мың гектар егілді. Арал теңізінің құрғаған түбіне Қызылорда облысының мемлекеттік орман мекемелері мен басқа да құрылымдары 150 мың гектардан астам аумақта орман өсіруді жүзеге асырды.

Бұрынғы ормандандырылған үлескілердегі сексеуілдің биіктігі максимум 4, 6 м, бөрік басының диаметрі 3, 5 м, өте белсенді өнім береді.

Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері: Бұл жұмыстың негізгі мақсаты-Арал теңізі ұлтанынан ұшқан шаң мен тұз көшкінін тоқтатуға арналған 1989 жылдан бастап жасақталған Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне қарасты Қасқақұлан үлескісіндегі қара сексеуілді егу-фитоорманмелиорация жұмыстарын жүргізу. Зерттеліп отырған ағаш тәрізді өсімдік-алабота тұқымдасына жататын қара сексеуіл. Ғылыми зерттеу мақсатын орындау үшін төмендегідей міндеттер шешіледі:

  • Қасқақұлан үлескісіне тән территорияның физикалық-географиялық жағдайын сипаттау.
  • Зерттелетін обьектіге тән қара сексеуілдің экологиялық-биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
  • Қара сексеуілдің зертханалық шығымын, өнімділігін, химиялық құрамының құнарлылығын анықтау.
  • Зерттелетін үлескідегі қара сексеуілдің фитомелиорациялық жұмыстарын жүргізудегі іс-шараларды жасақтау.

1 Әдеби Шолу

1. 1 Сексеуіл ареалы және фитоценология

Қара сексеуіл Балхаштың, Мойынқұм, Қарақұм, Бетпақдала, Қызылқұмның сор далаларында, тақырларында, Арал айналасының шөлдерінде, Батыс Тянь-Шаньда өседі . Өзбекстанда, басқа да өсімдіктерге қосылып, Қызылқұмда, Амударияның төменгі жағында, Үстіртте, ферғананың орталық құм аймақтарында өседі. Ғалым Н. И. Ақжігітовтың мәліметіне қарағанда, қара сексеуіл Өзбекстанда 27 ассоциацияда өседі. Олар тақыр тоғайларда, жантаққа (Alhagi seudalhagi, A. sparsifolia) араласып өседі. Қара сексеуіл қатты сорланған жерлерде, қарабарақпен (Halosachus belangeriala), сары сазанмен (Halocnemum stobilaccum ) бірге өседі. Құмды жерлерде қара сексеуіл Acanthophyllum borszowi, Calligonum leucocladum тәріздес өсімдіктермен бірге өседі. Қара сексеуілдің қалың және биік өскен аймақтары жер асты суларына жақын жерлерге өседі, алайда кейбір аймақтарда көпшілік қауысдастықтар антропогендік трансформацияға ұшыраған.

1. 2 Қара сексеуілді мәдени өсімдікке енгізу

Зерттеу обьектісі-қара сексеуіл (Haloxylon aphyllum ) ағаш тектес өсімдіктердің үшінші сатысы болып табылатын ксерофит, гомофит, сабақты суккулент, Chenopodiаcae тұқымдасына, Haloxylon туысына жатады. Қара сексеуіл жас кезінде - ірі ағаш тектес бұта болып өседі, биіктігі 2-3метрге дейін жетеді, толық өсіп жетілген кезіндегі биіктігі 5-7 метрге дейін барады. Сазды, құмды, сор топырақтарда, аридтық және экстроаридтық жағдайларда өседі .

Қазақстан жерінде қара сексеуіл барлық шөл және шөлейт далаларда өсіп, Каспий теңізінен Қытайға дейін барады. Ол Қызылқұм, Мойынқұм, Сары-Ишик-отырауға созылған, және Іле жағалауының құмдарында, Арал, Қарақұм, Хоргас өзенінің жағалауында, Бетпақдала, Маңғыстау, Зайсан бөгетінде және Шығыс Балқаш маңайында өседі .

Қара сексеуілді үш тармаққа бөліп айтуға болады: тамыр жүйесі, діңі және ағаштың ұшар басы. Қара сексеуілдің тамыры жан-жақты болып келеді. Бастапқы тамырдан басталып, бүйір тамырлар тарайды да олардан сыпырғы тәріздес болып майда тамырлар тарайды. Тамырларының бұндай болып таралуы қара сексеуілдің жоғарғы жағына дейін ылғал апаруына көмектеседі.

Қара сексеуілдің ересек ағаштарының діңгегі қисық, қысқа, жарықшақты болып келеді. Қабығы ашық - сары түсті жұқа болады да, зақымданған жерлері қоңырқай болып келеді. Діңінің диаметрі негізінен 15-30 см болады. Басқа өсімдіктен айырмашылығы, қара сексеуілдің діңінің көлденең кесіндісі арқылы оның жасын анықтауға болмайды, себебі бір жылдың ішінде бірнеше сақина пайда болады (5 тен де көп), оларды жылдық сақина деп атауға болмайды. Бұл айырмашылықты ғалым былайша түсіндіреді: сексеуіл діңгегінің майда тамыр талшықтарының өсу шамасы шектеулі болады да оларда әдеттегі камбий болмайды. Сексеуіл діңгегінің жуандауы бірнеше камбийлердің арқасында жүзеге асады. Олардың әрқайсысы сабақтың алғашқы құрылысы тәріздес ерекше аймақтар түзеді. Сексеуіл ағашы ирек, қисық болып келеді, серпімді емес, өте қатты болады. Сексеуіл ағашын шаппайды, сындырады. Қара сексеуіл құрылыс жұмысына жарамсыз болады, оны тек отын ретінде пайдалануға болады. Қара сексеуілдің құрғақ түрінің жылуы 4642 кал. Құрғақ сексеуіл қоры 50т/га, болып жекеше экземплярлар 0, 5т. дейін жетеді .

Сексеуілдің ұшар басы селдір болады, симетриялы болмайды. Қара сексеуілдің жыл бойына өсу биіктігі, жақсы жағдай болғанда орташа 15 см болады, ылғалды жылдары өсу қарқыны 35-40см. жетеді, ал діңінің өсуі жылыга 0, 8см. болады.

Сексеуілдің өсіп-жетілуі 10-20 жыл аралығында болады да, одан соң қурап сынып қалады . 12-15 жылға дейін ұшар басының диаметріорташа биіктіктен төмендеу болып, одан кейінгі жылдары бір-бірімен теңеседі де одан соң ұлғая бастайды. Ұшар басының бұл секілді ассимметриялы болуы алғашқы жылдары аз байқалады да, 15-жылдары 0, 7см-дейін жетеді.

А. П. Стешенконың айтуларына қарағанда сексеуіл вегетативтік бір жылдық және көп жылдық бұтақтар бөледі. Бір жылдық бұтақтар ассимметриялық деп аталады. Көп жылдық бұтақтар үш түрге бөлінеді: бұрынғы қалпына келтіретін бұтақтар, жалғастырғыш бұтақтар және көбейетін бұтақтар. Генеративтік бұтақтар екіге бөлінеді: 1 - арнайы бағыттағы, 2 - арнайы бағыттағы емес.

Қара сексеуілдің вегетациялық мерзімінің басталуы ауа райының климаттық жағдайына байланысты. Вегетация наурыздың бас кезінде басталады. Түйнек бүршіктерінің пайда болуы наурыз-сәуірде байқалады. Гүлдеу мерзімі сәуірде басталып 12-15 күнге созылып, айдың аяғында бітеді. Толық гүлдеген кезде ағаштың түрі, аталықтардың көбеюінен сарғыш түске енеді. Гүлдеп болғаннан соң ағаштың өсу органдарының қарқынды өсуі басталады, ассиммиляциялық бұтақтардың өсуі және жалғайтын бұтақтардың жетілуі байқалады. Мамыр айында көп жылдық сабақтары өсуін бастайды. Жаздың ыстығында климаттық қаталдығына байланысты вегетативтік бұтақтарының көп мөлшерде мүшелерін жоғалтады. Жаз мезгілінде генеративтік сабақтарында айта қаларлықтан өзгерістер байқалмайды, тамыз айының 2-жартысынан бастап, бес қанатшадан тұратын тұқымның айналасы пайда бола бастайды. Тұқымдар қазан айының ортасында жетіледі. Сексеуілдің вегетациялық мерзімі қараша айының аяғы мен желтоқсанның бас кезінде аяқталады. Ол кезде сексеуілге суық ауа-райы әсер етеді. Бұл уақытта бір жылдық бұтақтар түсіп қалады. Қара сексеуілдің вегетациялық мерзімі 250-290 күнге созылады. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер қара сексеуілдің биологиялық және фенологиялық ерекшеліктерін сипаттайды.

Бүгінгі таңда сексеуіл орман қорының көлемі кейінгі 10 жылда сексеуіл екпе ағаштарының жалпы ауданы 591, 2 мың гектарға көбейді. Бұл негізінен сексеуіл ормандары аумағында, ағашы кесілген жерлерде, сексеуілдің табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен өздігінен жетілу барысына, бақылау жұмыстарына мән берілгендіктен болды. Ормандану дәрежесін төмендетпей орман қоры жерлерінде сексеуіл тұқымдарын себу арқылы оның көлемін арттырған болатын. Сексеуіл ормандарының молаюына Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі «Сексеуіл ормандарын сақтау туралы» қаулысына сәйкес сексеуілді кесуге тыйым салынған.

1. 3 Өсімдіктерді жерсіндірудің теориялық негіздері

Адамзат ықылым заманнан-ақ өз қажеті үшін өсімдіктерді игеріп, өсіре бастағаны белгілі.

Ф. Ә. Полымбетова, С. Ә. Әбиев, Б. Ә. Сәрсенбаев мәліметтері бойынша бұдан 10-11 мың жыл бұрын Шығыс Жерортатеңізі мен оның жағалауындағы елдерде алғаш рет арпаны, бидайды, бұршақты, т. б. егіншілікке енгізу басталған. Тайландта күріш, Америкада жүгері, лобия, Мексикада мақта, темекі, какао, Африкада сорго, тары енгізілген. Сөйтіп өсімдіктерді алғаш рет «егіншілікке пайдалану» негізінен тамаққа деген қажеттіліктен туындаған.

Бертін келе халық саны көбейіп, қалалар салынды, өнеркәсіп дамыды. Мұның өзі азық-түлікке, шикізатқа деген сұранысты күшейтті. Осыған орай өсімдіктер дүниесін игеру жұмыстары да кең өріс ала бастады. Әсіресе, соңғы ғасырларда өсімдік байлығын пайдалану жоғары қарқынмен жүргізілді. И. В. Лариннің дерегіне сүйенсек, өткен ғасырда 50-ші жылдардың ортасында дақылдар санына мал азығындық өсімдіктердің 98 түрі енгізілсе, 70 жылдардың басында олардың саны 214-ке жетті. Бүгінде дүниежүзінде әр түрлі өсімдіктердің 4000-ға жуық түрлері өсірілуде.

Соңғы 20-30 жыл көлемінде болған экологиялық дағдарыстар, тиімсіз кәсіптік, шаруашылық әрекеттердің кең етек алуы табиғи өсімдік байлығын қорғау, сақтау, тиімді пайдалану мәселелерін күн тәртібіне қойып отыр. Бұл әсіресе еліміздің шөл жайылым шаруашылығында ерекше назар аударатын жай.

Табиғи жайылымдардың азып-тозуы, бағалы мал азықтық өсімдіктердің сиреуі, шөлді алқаптарды шұрайландыру жұмысын өсімдіктерді жерсіндіру ілімінің ғылыми негіздерін дамыта отырып шешуді қажет етеді. Жерсіндіру жұмысының жемісті болуының басты шарты ол өсімдіктің жаңа ортаға бейімделу мүмкіншілігінде. Өсімдікті басқа бір жерде өсіру, оның ерекшеліктерінің сол жердің жағдайына сәйкес келуі туралы пікірлер, жерсіндіруге бағытталған алғашқы жұмыстардан бастап-ақ орын алған.

Өсімдіктерді жерсіндіру ілімінің теориялық негізін қалаушылардың бірі неміс ғалымы Генрих Маир болды. Ол 20 ғасырдың басында климат ұқсастығы теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша Европада орман және саябақтарда басқа елдердің ағаш тектес өсімдіктерін пайдаану үшін, әуелі олардың табиғи өсетін жерінің климатын толық анықтап, содан-соң климаты соған ұқсас жерлерге жерсіндіру қажет болды. Осыған байланысты Г. Маир солтүстік жартышардың орманды облыстарына «Климаттық, ландшафтық және дендрологиялық параллель аймақтар» кестесін жасады. Әр аймақ үшін жылдық орташа температура, алғашқы және соңғы аяз күндері, жауын-шашын мөлшері, абсолютті төменгі температура және салыстырмалы ауа ылғалдылығы көрсеткіштерін келтірген. Сонымен бірге жерсіндіруге жататын ағаш түрлерінің тізімін берген. Бұл сол кездегі үлкен жетістіктер қатарына жататынын айта келіп, Н. А. Базилевская оның кемшіліктерін де көрсетті. Басты кемшілігі толық климат ұқсастығы болуы мүмкін емес. Мысалы, ол ұсынған лавр ағашы өсетін аймақтардың кестесінде абсолютті төменгі температура - 2-ден - 10-ға дейін, жылдық орташа температура 11 0 -тан 21 0 С аралығында, вегетациялық кезеңдегі жауын-шашын мөлшері 30-дан 1200 мм дейін өзгереді.

Г. Т. Селянинов Қаратеңіз жағалауында субтропикалық өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде Г. Маирдың келтірген климаттық көрсеткіштерінің толық еместігін байқады. Сөйтіп ол өзінің агроклимат ұқсастығы тәсілін ұсынды. Бұл тәсіл бойынша 10 0 С жоғары температураның қосындысын есептеу, аяздардың қайталануын және ылғал мөлшерін анықтау қажет болды. Ең бастысы климат көрсеткіштері түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарына біркелкі әсер етпейтіні анықталды.

Климат ұқсастығына бағытталған жұмыстарды талқылау мынаны көрсетті: олардың маңыздылығы өсімдіктердің жерсіну себептері мен жолдарын анықтауда емес, жерсіндіруге қажет түрлерді климат ұқсастығы арқылы қандай жерлерден таңдау болды. Әрине бұл жұмыстар жерсіндіру іліміне алғашқы қадамдар еді, бірақ теориялық негізі кемшін болды. Н. И. Вавилов түрлер мен сорттарды таңдау кезінде олардың таралған жерінің климат жағдайын білу қажет және жаңа енгізілетін жердің климатына жақын болғаны дұрыс деген. Бірақ, бұл мәселенің күрделі екендігін ескертті. Өйткені көптеген мал азығындық, бақшалық өсімдік түрлері алуын аймақтарда, кейбір тропикалық және субтропикалық өсімдіктерді Мұзды мұхитқа дейін өсіруге болатынын, ал керісінше Америка мен Канадада кең таралған бидайдың мықты сорты - Маркизаның сол кездегі СССР-дің бидай өсетін өңірлерін жерсінбегенін және басқа да деректерді келтіре отырып, түрлер мен сорттарды жаңа жерде өсіру мүмкіндігін тек тікелей жүргізілген тәжірибе ғана анықтайды деп тұжырым жасады.

Дегенмен «климат ұқсастығы» теориясы бүгінгі зерттеулерде де қолданыс табуда. Т. Н. Востовская Қиыр шығыста өсетін ағаш тектес өсімдіктерді Батыс Сібір жағдайында жерсіндіру үшін климаты ұқсас жерлерді анықтап, тікелей тәжірибе жүргізді. Ол климат көрсеткіштеріне 10 0 С жоғары температураның жылдық қорытындысын, 10 0 және 5 0 С жоғары болған күндер санын, аязсыз кезеңнің ұзақтығын, жылдық және жылы кезеңдегі жауын-шашын мөлшерін алған және бұл көрсеткіштердің маңыздылығын келтірген. Зерттеу нәтижесінде 130 түрді көгалдандыру мақсатына ұсынды.

Жалпы, Батыс Сібірде көптеген аймақтардан әкелінген ағаш тектес өсімдіктердің жерсінду мүмкіншілігі олардың реакция деңгейінің жергілікті жердің климат жағдайына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты екендігі белгілі болды .

В. П. Малеев өсімдіктерді жерсіндіру мәселесін экологиялық тұрғыдан қарады. Ол табиғатта толық ұқсастық болмайтындығын, осыған байланысты түр өзінің таралу аумағында түрлі жағдайда өседі деп есептеді. Сондықтан экологиялық зерттеулерді өсімдіктің жеке өзгергіштігін зерттеу жұмыстарымен толықтыруды және генетикалық-селекциялық тәсілдерді қолдану қажет деді. Ол генетикалық тәсілдердің негізінен біржылдық және көпжылдық шөптесін тіршілік түрлеріне қолдану мүмкіндігін айта келіп, ағаш тектес түрлерді жерсіндірудің табиғи жағдайда ерекшеленген үлгілерден бастау керек деп айрықша атап өтті.

Н. А. Аврорин жерсіндірудің ботаникалық-географиялық теориясы-ның негізінде Қиыр Солтүстікте климат ерекшеліктері алуан түрлі облыстардан жиналған пайдалы өсімдіктердің мыңдаған түрін зерттеді. Ұзақ жылдар бойы жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижесінде жалпы және бірқатар жеке заңдылықтар анықталды.

Экологиялық-географиялық заңдылық бойынша жерсіндіру нәтижесі жаңа өсімдік жерсіндірілетін жердің барлық жағдайы сол өсімдік тіршілік еткен жердің жағдайымен неғұрлым сәйкес келсе, соншалықты жоғары болады. Бұл пікір тәжірибе жүзінде К. Д. Постоялков, Б. Н. Головкин еңбектерінде де жан-жақты зерттеліп, оның маңыздылығы дәлелденді. Алайда, бұл заңдылық кейбір аймақтар мен белдеулер үшін дұрыс келмеді. Мысалы, Қиыр солтүстікте жалпақжапырақты орман аймағы мен белдеулерінде өсетін өсімдіктердің жерсіну мүмкіндігі оңтүстік облыстарда және төменгі белдеулерде өсетін түрлерден төмен болды. Ал Москва жағдайында Қырым, Кавказ таулы аудандарынан алынған өсімдіктер аязға ұрынған, ал Орта Азия мен Қиыр Шығыстан алынған түрлер қыстан жақсы шыққан. Зерттеулер бойынша Кавказда өсетін кейбір ағаш тектес өсімдіктердің Украинаның қысына төзімсіз келетінін көрсетті. Мұндай ерекшеліктер жерсіндірудің экологиялық-тарихи заңдылығына байланысты болса керек.

Кезінде Н. И. Вавилов Дарвиннің эволюциялық ілімінің географиялық идеясының мәнісі ол әрбір түр бастапқы пайда болған күйінде, ал, эволюциясы тарихи, сондықтан түрдің түпкі қайнарын, географиялық таралу жолдарын білу - тарихи дамуын түсінуге, оның өткен сатыларын меңгеруге, тарихи дамуының қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді деген болатын. Бұл қағида экологиялық-тарихи заңдылығына негіз болған жерсіндірудің экологиялық-тарихи тәсілін тұжырымдауға себеп болды, яғни флораның және оны құрайтын өсімдіктердің қалыптасу тарихын білу, сол арқылы жерсіндіруге қажетті түрлерді таңдап алу. Өсімдік өзінің тарихи дамуы кезінде түрлі экологиялық немесе климаттық өзгерістер әсерін өткізген болса, оның жерсіну мүмкіндігі жоғары болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қуаңшылық аймақтардың малазықтық өсімдіктері туралы
Сексеуіл түрлері
Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Жамбыл облысы жағдайында сексеуіл ормандарын қалпына келтіру жобасы
Алабұталар тұқымдасы
Өсімдік тамырының паразиті-сұңғылалар,олардың даму циклі, залалдайтын өсімдіктері. Cұңғыладан өсімдікті қорғаудың негізгі тәсілдері
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері
Шардара орман шаруашылығы мекемесінің орманды қалпына келтіру жұмыстарының көрсеткіші
«Қазақстанның танымды өсімдіктері және оларды пайдалану»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz