Математика сабағында көрнекі және АКТ құралдары қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Бастауыш сыныптарында математика сабағынан АКТ-ны қолдану
2.1 Математика сабағында АКТ-ның маңызы туралы мәселелер.
2. 2 Бастауыш саныптарды оқытудағы АКТ-ның түрлері мен рөлі.
2. 3 Математика сабағында көрнекі және АКТ құралдары қолдану.
ІІІ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 Баға.Сан.Құн. Ұлттық кәдесыйлар дүкенінде сабақ жоспары.
3.2. Теңге. Монета және қағаз ақша сабақ жоспары.
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына математика сабағынан көрнекі құралдарды оқушыларға көрінетіндей тиімді және ұқыпты етіп пайдалану.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Көрнекілік принципінің психологиялық - педагогикалық негіздерін талдау;
Математика сабағында АКТ-ның маңызы туралы мәселелерді талдау;
Бастауыш сыныбын оқытудағы көрнекілік пен АКТ түрлері мен рөлі;
Математика сабағынан көрнекі құралдар мен АКТ-ны пайдалану әдісін талдау;
Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір - бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым - қатынас т. б.
Оқушы санасында көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың құралдары ретінде мектепте түрлі оқыту жабдықтары қолданылады.
Математика - ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы - ұстазы.
Оқушылардың ұлы ғылым саласынан сапалы білім алуы тікелей мұғалімге байланысты. Яғни, мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері. Бұл жұмыс түрлері әр сабақта қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады. Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарын қарастырамыз. Онда ауызша есептеуге үйрету тәсілдерін; өз бетімен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыруға; көрнекі құралдарды пайдалану жүйесіне; дидактикалық материалдарды орынды ретпен қолдануға тоқталып өттеміз. Осылардың барлығы оқушы санасына жеткізе білу мұғалімнің профессионалдық шеберлігімен, іскерлігімен тікелей байланысты, ана - өмір тұтқасы болса, ұстаз - мектеп тұтқасы десек артық айтпаймыз.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: Математика.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық эксперимент, бақылау, талдау.
Зерттеу болжамы: Бастауыш сынып оқушыларына математика сабағынан көрнекі және АКТ кұралдарын тиімді етіп қолдануды меңгерту.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Бастауыш сыныптарында математика сабағынан АКТ-ны қолдану
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.
Қазіргі таңда білім жүйесінің барлық саласы компьютерленген сондай-ақ, ақпараттандыру тәсілінің тиімді жетістіктерінің бірі-интерактивті тақтаның қолданылуы көп мүмкіндікке жол ашуда. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз.
Көрнекілік - бұл қаратырылып отырған құбылыстарды нақтылау. Нақтылау нормалары: сөз, сурет, сызба, схема т. б бола алады. Ендеше педагог - ғалым Оразбек Нұсқабайдың сөзімен айтсақ, оқыту тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту үрдістерін білім берудің субьектісі болып табылатын оқушылардың белсенді іс - әрекеттімен тығыз бірлікте жүргізу керек. Сонда ғана оқушылар өздерінің іс - қимылының мақсаты мен маңызын түсініп - ұғынуға талаптанады. Алдағы өміріне қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың берік негізін дамытады.
Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан, көптеген нәрселер мен құбылыстарға тән анағұрлым ортақ қасиеттеріне назар аудармауға мүмкіндік беретін, ал екінші жағынан ұғымдарды деректендіруге септігін тигізетін түрлерін қолдануға жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А. М. Пышкало жазған мақаланың бірінде ашылып көрсетілген:
Әр алуан нәрселермен және геометриялық фигуралардың көптеген модельдерімен жанасса, көптеген тәжірбиелерді орындай отырып, оқушылардың олардың қандай материалдан жасалғандығын, түр - түсіне, салмағына және т. с. с. қатысты шамалы оларға анағұрлым артақ қасиеттерді анықтайды.
Сонымен, оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі нанымды, дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен бірге көрнекілік оқылатын нәрсе заттардың негізгі белгілерімен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар оқылатын нәрсе - заттармен тікелей танысуға әуес, ынталы келеді. Сондықтан, көрнекілік оқушылардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Нәрсе заттардың әр жағының, салаларының байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.
Математикалық қатынастар мен операцияларды оқып үйрену үшін көбінесе арнаулы көмекші құралдар пайдаланады. Мұндай құралдар кейде нәрселердің өзіне немесе айналадағы өмірден алынған жағдайларға қарағанда анағұрлым көрнекі болып шығады. Көрнекі құралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне немесе мүмкіншіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде комплекті түрде қолдануы қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ алдында қойылатын әр танымдық міндетті шешу бағытында максималды әсерлікке қол жеткізуге болады.
Математика сабағында көрнекі құралдарды әр түрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткіліті және қажетті пайдалануды көрсету керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Оқушылардың сабаққа ынта - жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекілітерді тиімді тәсілмен қолдану керек. Көрнекілік қолдану тәсілдерін таңдау үшін көрнекі құралдары оқушылардың оқу процесіндегі рөлін білуіміз керек. Көрнекіліктің оқу процесіндегі рөліне қарай екі үлкен топқа бөліп қараймыз. Заттық - бейнелік көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың құралдары: суреттер,фотосуреттер, диафильмдер, кино үзінділері, табиғи обьектілер және тағы басқалар. Осылар міне мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптасыру кезінде сезімдік қабылдануына оқушыларға өзара жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар: схемалық көлемді обьектілердің күрделі байланыстарын, өзара тиімділігін және нақты бейнеде қабылдауға байланысты пайдалану керек. Көрнекі құралдардың қолданудың осындай тәсілдерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуды тиімді түрде жүргізуге, сондай - ақ сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың зейінің бір мақсатқа бағындыруға көмектеседі. Сабақта көрнекі құралдары тек қана бір тәсілмен қолдану дұрыс емес. Олар бір - бірімен араласып, біте қайнасып жатады. Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тәсілдермен қолданылады.
Көрнекі құралдардың әлденеше түрін тек оқылып жатқан құбылыстың әр түрлі жақтарын ашып береріне, ал оның әрқайсысын көрнекілітің тек білгілі бір түрімен сенімді түрде және толық бейнелей алатын жағдайда ғана пайдалану тиімді. Көрнекі құралдары іріктеу кезінде оларды лирикалық екпінін әрбір оқу пәнінің өзіндік ерекшелігімен және әрбір сабақтың мазмұнымен салыстырып алу қажет. Бұл арада Ю. К. Бабанскийдің көрнекіліпен шектен тыс айналысу өмір шыңдығын онсыз әсерлі түрде таныту мүмкін емес, абстарактілі ойлауды тежеуге апарып соғады.
Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағдайда оқушылар зейінін шашыратыды, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танытудан басқаға аударады.

2.1 Математика сабағында АКТ-ның маңызы туралы мәселелер.
Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты оқытушының осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. АКТ - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал , бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды. АКТ қолдану мақсаты - сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүргізуге асыру, яғни:
Компьютер арқылы оқу сапасының артуына ықпал жасау;
Оқыту аймағының кеңеюіне байланысты оқушының білім деңгейінің қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы,
Компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге енгізілуі, оның игеру мүмкіншіліктерін арттыру.
Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі. Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері болады:
Оқыту мақсатын анықтау;
Өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау,керектілерін таңдап алу және оның сценарийін құрастыру.
Сабақты жүргізудің бағдарламасын жасау.
Оқу үрдісінде компютерлік сүйемелдеуі бар сабақты кіргізу.
Телекомуникация арқылы оқытушы оқушыларға слайдтарды, суреттерді, сызбаларды, т.б. көрсетеді. Интернет желісі бойынша экскурсия жүреді. Оқушылар бір-біріне көрнекіліктерін көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарын басқа оқушылар және мұғалімдер көру үшін серверге салып қояды. Осы процессті алыстан мұғалім басқарады.
Көрнекілік бірнеше түрге бөлінеді:
Жаратылыс көрнекілігі - оқушыларды өмірде бар обьектілер мен (өсімдіктермен, хайуанаттар, минералдармен т.б) класта және мектептен тыс жерлерге (табиғатқа шығып, экскурсия жасау кезінде жіне т.б ) таныстыруды көздейді.
Көлемдік көрнеклік - шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсаты бар (фото суреттер, картиналар, диафильмдер)
Дыбыстық көрнекілік - дыбыстық бейнелерді, дыбыстық көріністерді жазу үшін дыбыс құралдарын пайдалану және дыбысты кино жатады.
Символикалық және графикалық көрнекілік - абстракты ойлауды дамытуды әсер етеді, өйткені бұл типтегі құрал нақты болмысты шарты қорытылған символикалық түрде көрсетеді (бұған схемалар, чертеждер, диаграммалар жатады.) мүмкіндік береді.
Г. Доманның пікірінше, бірінші рет баланы үйреткенде карточкаларды өсу ретімен көрсету қажет (яғни 1, 2, 3, 4, 5). Содан соң карточкаларды кез келген ретпен көрсетесіз. Әр сабақтан кейін балаға жылы сөздері айтуды ұмытпаған жөн. Бала материалды қаншалықты тез игеретініне көз жетуін байқауға болады. Сол себептен күніне 3 рет көрсету баланы жалықтырып жбереді. Егер карточканы 1 минуттан артық көрсетсе, баланың назары бәсендейді.
Сабақ барысында бастауыш сатыда санауға үйретуде таблицаларды, дидактикалық кестелерді, схемаларды, әр түрлі сериялы оқиғаға құрылған суреттерді көптен қолдану тиімді. Балалардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Кескінделген көрнекі оқу құралдарына граматикалық кесте, сурет, оқиғалы картиналар, схема, үлестірмелі кеспе қағаздар жатады.
Математика сабағында пайдаланатын табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар, шыбықтар, кубиктер, т. с. с. жатады.



Сурет 1 -
суретте ... ...
Суретті көрнекі құралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: нәрселе - картиналар, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері салынған таблицалар.

Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс тандап алуынан және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай - ақ өзінің немесе балалармен берге көрнекі құралдарды дайындап алуынан мүмкіндік береді.
Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы кластық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы кластық көрнекі құралдарды бүкіл класс болып пайдаланады. Жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланады. Көбінесе жалпы класстық және жекелік құралдар мазмұны жөнінен бірдей және айырмашылғы тек үлкен кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың модельдері, кеспе цифрлар, чертеждер инструменттер т. с. с. Жалпы кластық құралды да, сондай жекелік құралдарды да, сабақта пайдалану ыңғайлы болуы үшін дұрыс орындастырудың маңызы бар.Мысалы цифрлардың жалпы кластық және жекелік кассаларда, фигуралардың модельдерін конвертте сақтайды.
Көрнекі құралдары оқу процесінің барлық кезендерінде қолданылады: жаңа сабақты түсіндірген кезде (кинофильм көрсету) білім, білік және дағдыны қалыптастыру кезінде, үйге берілген тапсыраманы орындаған кезде, өткенді қайталау кезінде қолданылады. Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балаларды өздері қолдан жасаған көрнекі құралдары деп бөлінеді.
Көрнекі құрал білім көзі ретінде қолданғанда, ол елеулі мәселеде - жалпылама қорытынды жасауда - негіз болып табылатынын атап көрсетіп, негізгі емес қосалқы мәнін көрсетіп отыруы тиіс. Егер көрнекі құралдар қажет емес тұста қолданылатын болса, онда балалардың зейіні қойылған міндеттен басқаға ауып, онын зияны тиеді. Оқытуда көрнекілік рөлі балалардың математикалық білімінің артуымен және оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына әсірін тигізеді.
Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір - бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі , жекеше қарым - қатынас т.б. Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің рөлі ерекше. Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбей керек.
Математика сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын кеңістік және санды түсініктердің мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қалыптастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келіулеріне көмектеседі.
Оқушы санасында көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың құалдары ретінде мектепте түрлі оқыту жабдықтары қолданылады.
Көрнекі құралдары туралы ұғымдардың жалпы сипатты мен анықтамасы ғылыми түрде тұжырымдалған. Олар:
1. Көрнекі құрал - нақты обьектінің, заттың немесе құбылыстың түрлендірілген формасы, моделі
2. Көрнекі құрал - таным құралы. Танып процесінде нақты заттарды, құбылыстарды олардың табиғи немес көоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге жағдай жасайды.
3. Оқу міндеттерін тиімді шешуге бағыттала құрастырылған кез келген заттық немесе идеялық модель көрнекі құрал бола алады.
Көрнекілітерді қолдануда сан қуаламау, оның санасына үнемі көңіл аударып отыру қажет. Көрнекілік құралдарын мектепте оқыту мен тәрбие беру барысында:
- оқушының жеке сезім - күйіне әсер етеді;
- математикадан ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни, ақпараттық таныстырушылық қызметі);
- іскерлік пен дағдының қалыптасуына үлес қосады( жаттықтыру қызметі);
- оқу тәрбие жұмыстарының нәтижесін бақылауға үлес қосады ( бақылау мен бағалау қызметі);
Көрнекілік құралдары төмендегі шарттарды ескеру барысында ғана өз міндеттерін толық орындай алады:
- оқу бөлмелерінің толықтай жабдықталуы;
- қажетті құралдардың білім беру оқыту аясында өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асырылуы;
- оқу - тәрбие жүйесінің барлық салаларының кіріктірушілік, үйлесімділік және кешендік мүмкіндіктерін ескеруі;
- мұғалім мен оқушының қазіргі кездегі оқыту әдістерін пайдалану барысында құрастырылған көрнекі құралдардың сапасын анықтайтын басты өлшемдері.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделген.
Дидактикалық принциптерді қолдануға сай көрнекілікке қойылатын негізгі талаптар жүйісі мыналар:
- Көрнекілікті белгілі бір мақсатына сай қолдану.
- Көрнекілікті қолдану тәсілдерін меңгеру, оның сабақ құрылымында өзіндік үйлесімділігін қатаң ескеру, оқу әректетінде оқушылар ойының оған үнемі ауытқып кетуін болдырмау.
- Көрнекілікті қолдану барысында оқушылардың бақылау әрекетін тиімді ұйымдастыру.
- Көрнекілікті мұғалімнің бейнелі сөзімен дұрыс байланысын қамтамасыз етіп, қорытындылар жасау.
Сандардың нумерациясын оқып үйренуге төмендегі көрнекі құралдарды пайдалану қажет; заттардың суреттері - жемітер, ойыншықтар үй мүліктері, хайуанаттар, траспорт турлері кескінделген карточкалар - демонстрациялық материалдар ретінде пайдаланады. Олар сан заттар жиынының ерекше сипаттамасы екеніне оқушылардың көзін жеткізеді.
Компьютерді оқытушы қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге математикалық формулалар, математикалық өлшем бірліктер, графиктер, сызбалар және суреттер т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын математика пәні сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық оқыту құралдары бере алады.
Жылжымалы тақта материалды пайдалану, математикалық символдар жазылған карточкалар мен есептеу материалдарын арналы алынған полотноның көмегімен пайдалануға болады. Полотно қатты қағаздардан жасалады. 3 жиекшемен бөлінген мөлшері 45 * 40 см болатын 4 жазықтық алынады. Жиекшелерге әр түрлі заттардың суреттері кескінделген карточкалар ыдыстырылады.
Магниттік тақта - ромалы ағаш қаңылтыр. Онда 4 табақша болады. Магнитті пайдалана отырып тақта үстінде материалдарды кез келген деңгейде орналастыруға болады. Соның тақтасының сол жағына қаңылтыр табақшаны бекітіп (төрттен бір бөлігіне), оны тақта түріндей сырмен бояуға болады.

Математика сабағаныда жаңа материалмен таныстыруда және әсіресе білімдері мен біліктерін бекітуде көрнекі құралмен істелетін жұмысты, оқушылардың өздері алып көрсетіп, іс - әрекеттеріне тиісті түсініктемелерді беріп отыратындай етіп ( қосуды өткенде нәрселер жиындарын біріктіріп шыьықтарды пайдаланып, тұйықталған және тұйықталмаған сынық сызықтарды модельдеуді т. с. с) ұйымдастыру керек. Материалдардың игерілуі мұндай жағдайда да едеуір жоғарлайды, өйткені жұмысқа түрліше анализаторлар көру, қозғалту, сөйлеу, есту қатысады. Мұнда балалар тек математикалық білімдерді ғана меңгеріп қоймай, көрнекі құралдарды өздігінен пайдалану білігін де игереді. Мұғалім балалардың көрнекі құралдары өзіндік жұмыста пайдалануын мейілінше мадақтап отыру керек.
Білімдер мен біліктерді бекіту кезеніңде алуан түрлі жаттығулар үшін анықталған кестелер, ауызша есептеу, кестелері суреттер, схемалар, балалардың есептер құрастыруына қажетті сызба өлшеу аспаптары пайдаланып, сызуға және өлшеуге берілген жаттығулар енгізіледі. Көрнекі түрде қабылдағанды модельдеу ,сурет салу, сөзбен сипаттау жолымен суреттен көрсетуді қолдану ұсынылады. Көрнекі құралдары кейде оқушылардың білімдері мен біліктерін тексеру үшін де пайдаланады, мысалы, көрнекі құралдар арқылы берілген есеп шарттынан есеп құрастыру т . б жатады. Таратылып берілген дидактиткалық материалды пайдаланып, геометриялық мазмұнда есептерде көп бұрыш ауданын және периметрін табуды т. б білетін - білмейтіндері тексеріледі. Кейде берілген көрнекі құралдардан есеп түрлерін ажырата білуді тапсырма ретінде ұсынуға болады.
Оқыту процесінде нәрселік және бейнелік көрнекі құралдардан шартты көрнекілікке дер кезінде көшіп отырудың маңызы зор. Мысалы, егер жаңа түрдегі есепті шешумен алғаш таныстырған кезде есептің мазмұның нәрселермен іс - әрекет жасау арқылы иллюстралайтын болса, кейінірек есепті қысқаша жазу жеткілікті болады.Символдық көрнекілік рөлі балалардың математикалық білімнің артуымен және оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен бірге өсіп отырады, символдық көрнекілік (схемалар, сызбалар, математикалық жазулар т. с. с.) математиканың көрнекі оқытудағы негізгі құрал болып табылады.
Көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігінің негізгі шарты сабаққа көрнекі материалдарды жеткілікті және қажетті мөлшерде қолдану болып табылады (қажетінше,шамадан тыс емес).
Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқытуды дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу кере. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын арттырады, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасалады.
Көрнекілік қолдану тәсілдерін таңдау үшін көрнекі құралдарды оқушылардың оқу процесіндегі ролін білуіміз керек. Көрнекіліктің оқу процесіндегі роліне қарай екі үлкен топқа бөліп қараймыз. Заттың - бейнелік көрнекі құралдарымен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың құралдары: суреттер, фотосуретер, диафильмдер, кино үзінділері, табиғи абьектілер және тағы басқалар. Осылар міне мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушаларға өзіндік жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайда көрнекі құралдар: схемалық көлемді обьектілдердің күрделі байланыстарын, өзара тиімділігін және нақты бейнеде қабылдауға байланысты пайдалану керек. Көрнекі құралдарды қолданудың осындай тәсілдерін білу мұғалімнің оларды дүрыс таңдап алуына және оқытуды тиімді түрде жүргізуге, сондай - ақ сабақтың сабапасын арттыруға, оқушылардың зейінің бір мақсатқа бағындыруға көмектеседі. Сабақта көрнекі құралдарды тек қана бір тәсілмен қолдану дұрыс емес. Олар бір - бірімен араласып, біте қайнасып жатады.
Түсіндіру - көрнекілік әдісінің тағайындалымы - оқушылар тарапынан математика сабақтарында дайын материалдардың игерілу үдерісін қамтамасыз ету. Аталмыш әдістерді пайдалануда оқушылар дайын ақпараттарды игеру мақсатын көздейді. Осы бағытта атқарылатын жұмыстар:
1) есептік мәліметтерді баяндау, әңгімелеу.
2) себеп - салдарлық байланыстарды түсіндіру.
3) жалпы түсініктер мен заңдылықтардың мәнін ашу, айқындау.
Бұл әдістің кемшілігі - оқушылардың танымдық әрекеттерінің белсенділігінің мүмкіндіктерінің болмауы. Дидактикада басты ұстаным - оқыту үдерісі оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруы қажет. Бұл нәтиже проблемалық ситуацияларда бірлесе шешу арқасында жүзеге асады,яғни сынып пен мұғалім арасында кері байланыс жүзеге асады. Бұл әдіс математика сабақтарында кең қолданысқа ие, бұл әдісті пайдаланудың негізгі өлшемдері:
- оқушыларда базалық математикалық білім мен білік қалыптасады, мұғалім сол арқылы жаңа тақырыпта қарастыруда оқушылардың танымдық үдерістерін белсенді ету мақсатында арқа сүйейді.
- сабақтың материалы теоралық талдауға негізделмейді, сабақ барысында эмперикалық білім қалыптасады.
Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселерде берілетін білімді нақтылау мақсатында көрнекі құралдарды да түрлі тәсілдермен қолданады.
Жоғарыдағы айтылып өткендей оқыту процесінде бір - бірімен тығыз байланысты оқулықтардың, көрнекі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология құрал ретінде бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ
Информатика сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері
Бастауыш сынып математика сабақтарында пайдаланатын оқыту əдістерін таңдау
Оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту процесі
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Пәндер