Заманауи жапон мәдениетіндегі синтоизм


Жапон халқының ұлт болып қалыптасуындағы синтоизмнің үлесі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста синтоизм дінінің жапон мәдениетінің қалыптасуындағы орны мен мәні, ерекшеліктері мен бағыт-бағдарлары мәдени-философиялық және дінтанулық тұрғыдан қарастырылған. Оның жапон мәдениетінің жаңаруы мен өркендеуіндегі мемлекеттік және ұлттық дінге айналуы, заманауи трансформациясы мен трансляциясы зерделенген.
Тақырыптың өзектілігі: Жапонияның дәстүрлі мәдениеті - ғасырлар шеңберінде континенталды мәдениеттер мен өркениеттердің синтезінен құралған күрделі діни-философиялық, этикалық және эстетикалық, саяси құндылықтардың жиынтығы мен құрылымын құрайды. Бірақ жапон мәдениетінің өзіндік болмысы мен ерекшеліктерінің, оның дәстүрі мен рухани әлемінің қалыптасуына синтоизм дінінің ықпалы ерекше болды. Көне рухани қайнарлардың буддизм, конфудзышылдық, даошылдық, ал кейін христиандықтың келуімен синтоизм діні сұрыпталып, жапон мәдениетінің өзіндік бірегейлігін қалыптастыруға негіз болды және дүниетаным мен рәсімнің көзіне айналды. Синтоизм дінінің жапон мәдениетіндегі ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан саралауды ғалымдар мен зерттеушілер кейінгі жылдар еншісінде ғана көтере бастады, ал классикалыққа айналған зерттеулер ХІХ ғасырдың 40 жылдарындағы «мемлекеттік синто» немесе саяси синто негізінде қарастырылып келді. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап синтоизм дінінің дүние жүзіне таралуына байланысты оны еңсеру мен мәнін ғылыми және танымдық тұрғыдан түсінуде келеңсіздіктер қалыптасты және мәселеге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары да басталып кеткен болатын.
Әйтсекте, қазіргі Жапон мемлекетінің мәдени, экаономикалық, саяси және әлеуметтік жаңғыруы барысында да синтоизм дінінің ондағы орны мен мәніне деген ғылыми-танымдық қызығушылық пен талпыныс артып отыр. Көптеген жылдар торабында өзге мәдени ықпалдастықтан ерекшелітері мен өзіндік болмысын сақтай отырып, сұрыпталып және ықпалдасып шыққан синто діні - жапон діни мәдениетінің «діни жүйесі мен ойлау мәдениеті» ретінде қалыптасты. Заманауи әлемнің жаһандануы мен әлемдік қауымдыстық алдында халықаралық стандарттар мен қағидаларды, ережелер мен экономикалық, саяси және қауіпсіздік мәселелерін жекелей мемлекеттер бірігу арқылы шешіп, жүзеге асырса және ол ұстындарды қабылдаса, екінші кезекте өзіндік бірегейлік пен ұлттық құндылықтарды, рухани дүниені сақтау мәселесі тағы бар. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша жапон мәдениетінің саяси, әлеуметтік, экономикалық өрлеуі мен тұрақтылығын дәл осы ұлттық руханилықтың сақталуынан және синтоизм дінінің ықпалынан деп зерделеуде. Жапондықтардың ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін сақтай отырып әлемдік стандарттарды меңгеруі, әлемдік жаңашылдықтағы алдыңғы қатарлы ғылым мен білімді еңсеруі, тұрақты дамудағы негізгі қондырғыларын айқындауда ғалымдардың қызығушылықтары ауқымды. Жапон мәдениетінің тәжірибелерін, соның ішінде синто дінінің оның мәдени дәстүрінің түп-тамырына нәр беруін түрлі аспектілермен зерттеуге және айқындауға болады: саяси, мәдени, экономикалық т. б. Мұндай тәжірибенің еліміз Қазақстан Республикасының жаңғыруындағы орны мен бағыт-бағдарларын айқындауда ерекше маңызы болары анық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Синто дінінің тарихи қалыптасуында оның мазмұны мен рухани пішіні біржақты болмады және негізгі мәселенің қалыптасуы да діннің әртүрлі әдебиеттерде әртүрлі насихатталуы зерттеудің деңгейін біршама күрделендіре түсті. Синто дінінің мәні күрделі екені айқындалып, келесі ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері сараланды: Г. Като, К. Янагита, Ц. Мураока, С. Орикути, Ц. Маюми, Т. Фуками, М. Кунихиро, М. Сонода, К. Сакураи, Ё. Умэда, Я. Ридэр, Б. Эрхарт, Дж. Нельсон т. б.
Аталмыш авторлар синто дінін ғасырлардан қазіргі күнге дейін созылған жапон мәдениеті мен өркениеті, діни жүйесі ретінде оның барлық құндылықтар жүйесі мен ойлау мәдениетімен, интеллектуалды деңгейімен, теологиялық және этикалық аспектілерімен байланыстырады. Сондай-ақ, синтоистік мәдени дәстүр мен рәсімдерін, ұстындары мен тарихи қалыптасуы, ерекшеліктерін зерделеуде келесі ресейлік ғалымдардың еңбектері сараланды: Г. Е. Комаровский (Светлов), А. Н. Мещеряков, Л. М. Ермакова, А. А. Накорчевский, К. А. Попов, Е. М. Дьяконова, Е. К. Симонова-Гудзенко, С. А. Арутюнов, Э. В. Молодякова, В. Н. Еремин, Маркарьян, В. Э. Молодяков, А. М. Горбылев т. б.
Жоғарыдағы авторлардың еңбектерін саралау барысында синто дінінің ерекшеліктері мен мәнінің біржақты емес екендігі анықталды және оның жапон мәдениеті мен өркениетінің қалыптасуындағы негізгі ықпалы болмағандығы жайлы да көзқарастар баршылық. Себебі, синтоның тарихи қалыптасуы мен оның заманауи әлемдегі трансформацияланған түрі мазмұндық және мәндік ерекшеліктері тұрғысынан алуан түрлі және жаһандық мәдени ықпалдастық пен әрекеттестікті ескерер болсақ, зерттеу объектімізден өзге ғылыми білімге ие боламыз.
Тарихи қалыптасуындағы жапон мәдени мұрасының мәтіндері мен ескерткіштері сараланды: аңыздық-жылнама жиынтығы «Кодзики» («Көнедегілердің ерлігі жайлы ескерткіш», 712 ж. ), «Нихон сёки» («Жапония әпсаналары», 720 ж. ), «Сёку нихонги» («Жапония әпсаналарының жалғасы», 797 ж. ), заңдар жинағы «Тайхо: рицурё:» (701-702 жж. ), «Энгисики» («Энги жылдарын бағдарлау», 901-923 жж. ), «Фудоки» («Жерлер мен дәстүрлер түсініктемесі», 713-733 жж. ), поэтикалық жинақтар «Манъё:сю:» («Он мыңдаған ұрпақтар жинағы, VIII ғ. ), «Кокинвакасю:» (Х ғ. ) т. б.
Зерттеу объектісіне жапон дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуында синто дінінің көпқырлы ықпалын айқындау.
Зерттеу пәніне синтоизм дінін жапон дәстүрлі мәдениетінің негізгі іргетасы ретінде айшықтау.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері: жапон мәдениетінің қалыптасуындағы синтаизм дінінің орны мен ерекшеліктерін зерделеу барысында келесі мақсаттар мен міндеттер алға қойылды:
- Жапон мәдениетіндегі синтоизм дінінің қалыптасуы мен дамуын танымдық-философиялық тұрғыдан саралау;
- Синтоизм дінінің көне қайнар көзі мен рәсімдік дәстүрлеріне: тотемизм, анимизм, магия, фетишизм т. б. дінтанулық және мәдени талдау;
- Синтоизм дінінің дамуы мен мен руханишылдықтың ерекшеліктерін және адам болмысындағы орнын зерделеу;
- Синтоизм және оның өзге діндермен сабақтастығындағы синтезі мен үндестігін мәдени-философиялық, дінтанулық тұрғыдан айшықтау;
- Синтоизмнің Жапонияның ұлттық діні мен дәстүріне айналуындағы негізгі тетіктері мен ерекшеліктерін, орнын анықтау.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қос алады деген сенімдемін. диплом тақырыбы тарих, философия ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістер пайдалану негізінде жазылды. зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында объективті әлем дамуының жалпы заңдылықтарына негізделген теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу нысанына Жапон мәдениетінің қалыптасуындағы синтоизм дінінің негізгі тетіктері мен ерекшеліктерін, орнын анықтау жатады. Зерттеу барысының объектісі мен пәнін бағдарлауда осы тарихи ұстындардың және дінтанулық және философиялық типтердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау, оларға салыстырмалы талдау берумен анықталады. Синто діні мәнінің философиялық негіздері мен ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік беретін дінтанулық, философиялық, этикалық, құндылықтық ілімдер мен қағидалар, ұстындар мен көзқарастар ескерілді. Зерттеу барысында әлемдік зерттеушілер мен жапон мәдениетінің көне жазба мирастарына, түпнұсқа әдебиеттерге салыстырмалы, герменевтикалық, дедукциялық талдаулар жүргізу арқылы жүзеге асырылды.
Зерттеудің әдістемелік негізіне түпнұсқа мәтіндерді саралау, компаративистикалық, тарихи, логикалық, діни жолдаулар мен мәдени жазба ескерткіштерге герменевтикалық, типологиялық, дедукциялық талдау мен жіктеулер сынды әдістер, ұстанымдар мен тұғырнамалар қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі 64 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ЕРТЕ ЖАПОНИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ СЕНІМ БАСТАУЛАРЫ
1. 1 Синтоизмнің қалыптасуы, термині жане түсінігі
Жапонияның ұлттық діні синтоизм болып табылаады. «Синто» термині - құдайлар жолы деген мағынаны білдіреді. Сыннемесе ками -құдайлар, рухтар секілді адамның тұтастай қоршаған әлемі. Кез келген зат камидің бейнесі болуы мүмкін. Синтоның қайнар бастауы көнеден өрлеу алған және алғашқы қауым адамдарының наным сенімдерінің барлық формаларын құрайды: тотемизм, анимизм, магия, фетишизм т. б. [1, 56 б. ] .
Ең алғашқы Жапонияның мифологиялық ескерткіштері VII-VIII ғасырларға жататын -Кодзики, Фудоки, Нихонги синтоистік рәсімнің қалыптасуындағы қиын жолды аңғартты. Бұл жүйедегі ең маңызды орынды өткен ата-бабалар рухы алды және ондағы ең бастысы ру бабасы удзигами, ол рудың тұтастығы мен бірегейлігінің нышанын танытты. Рәсімдер объектісіне жер мен қырман, жаңбыр мен жел, орман мен таулар т. б. қасиеттенуі болды. Синто ең алғашқы даму сатысында сенімнің реттелген формасы болмады. Синтоның дамуы көптеген әртүрлі тайпалардың діни, мифологиялық бірлігінен ең қиын жолдар арқылы қалыптаса бастады, сондай-ақ, жергілікті және материктік синтездің әсерлесуі айтарлықтай болды. Сәйкесінше нақты ұйыған діни жүйе болмады. Дегенмен, мемлекеттің қалыптасуы мен императордың таққа отыруы арқасында Жапонияда әлемнің болмысын тануда жапондық нұсқа да қалыптасып үлгереді. Жапондық мифологияның пайымдауынша ең алғашында Аспан мен Жер тіршілік еткен, одан кейін алғашқы құдайлар қалыптасқан, олардың ішінде екі қосақ Идзанаги мен Идзанами әлемнің қалыптасуына өз ықпалдарын тигізеді. Олар мұхитқа ұшы асыл тастан жасалған найзамен қарсы тұрады және найзаның мұхитқа тиген жерлерінің барлығында жапон аралдары қалыптасады. Одан кейін олар аспан бағандарын шыр айнала жүгіреді де өзге жапон аралдарын қалыптастырады. Идзанами өлгеннен кейін оның күйеуі Идзанаги өлілер патшалығына әйелін құтқарып аламын деген үмітпен барады, бірақ құтқара алмайды. Қайта оралысымен ол тазару рәсімін жасайды, рәсім барысында сол жақ көзімен Күн құдайы Аматерасты, оң жақ көзімен Ай құдайын, мұрнынан жаңбыр құдайын жасайды да мемлекетті су тасқыны қаупінен құтқарады. Су тасқыны барысында Аматерас үңгірге кетіп қалды және жерді жарықсыз қалдырды. Барлық құдайлар жиналып, оның қайта шығуын және күнді қайта әкелуін өтінеді, бірақ ол ауыр еңбекпен жүзеге асырылады. Синтоизмде бұл оқиғалар көктемнің келуімен байланысты мейрамдар мен рәсімдерде көрініс тапқан. Аматерас мифологиясына сәйкес ол жерге өзінің немересі Нинигиді басқару мақсатында жібереді. Одан жапон императорлары арғытегінің бастауларын алады және оларды тэнно (аспан басшысы) немесе микадо деп атайды. Аматэрасқа оның «құдіретті» пішінін береді - әділдік нышаны, яшмолық тұмарлар - қасірет нышаны, қылыш - даналық нышанын аңғартты. Бұл сапалар ең жоғарғы дәрежеде императорлар тұлғаларына ғана тән деп танылды. Синтоизмдегі ең басты шіркеу кешені Исэ - Исэ дзингу болып табылды. Жапониядағы мифке сәйкес Исэ дзингуда өмір сүріп жатырған Аматерас рухы жапондарды монғол шапқыншылығынан 1261 және 1281 жылдары құтқарып қалған және құдіретті жел «камикадзе» Жапон жағалауларына келген моңғол флоттарын екі ретінде де жойып жіберген. Синтоистік шіркеулер жиырма жылда қайта жаңғыртылып отырады. Себебі, құдайлар дәл осындай уақыт аралығында бір жерде болғанды ұнатады деп қабылданған.
Синто бірнеше деңгейлерге бөлінеді және рәсімдерінің объектісі мен субъектісіне қарай айырады: Династиялық синто император отбасының мұрасы болып табылады. Тек отбасы мүшелері ғана табынатын және тек отбасы мүшелері ғана рәсім жасайтын құдайлар тіршілік етеді. Император ғибадаты (тэнноизм) - барлық жапондықтарға міндетті. Шіркеулік синто - әрбір жерлерде адамдарды қорғайтын және адамдар оның құдіреті негізінде өмір сүретін жалпы және локальды құдайларға табыну. Үй синтосы - рулық құдайларға табыну. Синтоизм түрлеріне келесілер жатады: 1) Халықтық синтоизм - камиге деген сенім жапон халқының сана жадындағы негізгі діни бағыт пен күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі оның орнын айтамыз және ол ең қолжетімді синтоның түрі. Ондағы көптеген салт-жоралғылар мен рәсімдер дәстүрлі түрде сақталған, ғасырлар бойы халық тарапынан атқарылып, ұрпақтан-ұрпаққа тарап отырған, сөйтіп, халықтық сипат алған. Бұл дәстүр жалғастығын шет елдік әдебиеттерде көбіне «халықтық синтоизм» немесе «халықтық дін» деп атайды. 2) Үй синтоизмі - діни жоралғыларды үйдегі синтоистік дүниелерге негізделе отырып жүзеге асырылады. 3) Сектанттық синтоизм - бірнеше діни наным-сенімдердің негіздерінен синтезделіп шыққан және мемлекеттік Мэйдзи билігінен қолдау тауып, шіркеулері ұлтшылдандырылған және синтоны мемлекеттік дінге айналдырған бағыттарды айтамыз. Дәстүрден ауытқыған негізгі топтар діни ұйымдарға айналып, арнайы «сектанттық синтоизм» деген атауға ие болды. Бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін олардың он үші белгілі болған. 4) Император сарайындағы синтоизм - атау император сарайында үш шіркеуде өтетін діни рәсіммен тығыз байланысты. Оған тек император отбасы мен оған қызмет етуші адамдар ғана қатыса алады. Ортаңғы шіркеу Касико-докоро - император отбасының арғытектік мифологиясына арналған және Ниниги-но-ми-кото есімді Ята-но-кагами атты қасиетті айна сыйланған Күн құдайының немересінің мұрасы негізінде салынған. Бірнеше ғасырлар бойы айна сарайда сақталған, кейін оның көшірмесі жасалынып, Касико-докоро шіркеуіне орнатқан, ал қасиетті рәміздің түпнұсқасы Исэ атты ішкі шіркеуге орнатылған. Күн құдайының рухын аңғартатын бұл айна императордың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін үш құнды дүниелерінің бірі. Кешеннің батыс бөлігінде Ата-бабалар Рухының Шырағы - Корэи-дэн орнатылған, яғни императорлардың қасиетті рухтары жай тапқан. Кешеннің шығыс бөлігінде Ками шырағы - Син-дэн орнатылған, яғни барлық камидің әулиелері орналасқан [2, 35 б. ] .
Ерте кезеңдерде синтоистік рәсімдерді сарайда атқару Накатоми және Имбэ отбасылары жауапты болған және бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған. Қазіргі таңда бұл дәстүр өмір сүрмейді, дегенмен, сарай шіркеулерінде өткізілетін рәсімдерде 1908 жылы қабылданған рәсімдер жайлы император заңына сәкес дәстүр сақталған. Кейде рәсімдерді оын жақсы білетін және император сарайында қызмет еткен адамдар атқарады, ал көне дәстүрге сәйкес рәсімді императордың өзі атқаруы тиіс. 1959 жылдың сәуір айында ханзаданың неке тойында қасиетті орынға жалпы адамдардың назары аударылды. Синтоизм дәстүрінде император сарайында оған қатысы бар отбасыларға елшілер жіберу дәстүрі сақталған.
Шіркеулік синтоизмге тоқталатын болсақ, ол камиге деген сенімнің ең көне де көп таралған түрі. Жапонияда шіркеулер ең көне дәуірлерде, яғни ең алғашқы жапон мемлекеттігі қалыптасқан дәуірлерді меңзейді. Жүздеген жылдар аралығында және рулардың ықпалдары артқан сайын ХХ ғасырдың басында шіркеулер саны екі жүз мыңға дейін жеткен. Мэйдзи қайта құруынан кейін шіркеулер мемлекетке өтіп, «Шіркеулер жүйесіне» өтті, кейін олардың саны жүз он мыңға дейін қысқартылды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін шіркеулер мемлекеттік мәртебесінен айырылып, жеке ұйымдарға құрылады. Қазіргі таңда олардың саны шамамен жетпіс мыңды құрайды. Олардың ішіндегі ең танымалы Исэ шіркеуі болып табылады. Исэ шіркеуі керемет және жеке әңгімелеуді қалайды. Оның негізгі құдайы - Күн Құдайы, ал алғашқы жебеушісі Ямато руының, яғни Жапон мемлекетін басқарушы император отбасының шыққан тегі ками болған. Ямато руының қол астына бүкіл м емлекет енгеннен кейін, шіркеу белгілі деңгейде ең басты ұлттық шіркеуге айналыд. Ұлы Шіркеу Исэ жалпылай мойындалғаннан кейін барлық қасиетті шіркеулерден асып түсті. Оған қызмет ету тек камиге ғана қызмет ету емес, ол ең бастысы императорға, мемлекетке, мәдениетке құрметпен қарау деген сөз [3, 14 б. ] .
VI ғасырдың басында Жапонияда буддизм және күңфудзышылдық бағыттарының өрісі аңғарыла бастайды. Біртіндеп буддизм діні Жапония өмірінде маңызды орындарға иеленіп, синтоизм мен буддизм әрекеттестігі мен ықпалдастығы, кірігуі үдерісі жүреді. Буддизм тәңірісі синтоизмде және керісінше қабылданады. Синтоизм ұжымдық сипатымен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырса, буддизм жеке сипатымен индивидуалдылыққа бағытталды. Сәйкесінше жағдай қалыптасып, ол ребусинто (құдайлардың қос жолы) деген атауға ие болады. Дәл осылай Синтоизм мен буддизм бірнеше ғасырларға созылған өзара әрекеттестіктерін жалғастырып, дамып отырды. Бірақ XVIII ғасырдың соңында император рәсімі өз күшін ала бастайды да синтоизм бірінші орынға шығып, арнайы мемлекеттің идеологиясының тірегі болады. Дәл осы негізде жапондық ұлтшылдық қалыптасып, ол шовинизмге ұласады. Оның тарихи негіздемелері мен сипаттамаларын орыс-жапон соғысын және Жапонияның екінші дүние жүзілік соғысқа қатысуын атап өтуімізге болады. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Жапонияда мемлекеттен дінді бөлу туралы заң қабылданады.
Сонымен, синтоизм жапон халқының жергілікті тұрғындарының ғасырларға созылған мәдени үдерісінің нәтижесінде қалыптасқан діни-рәсімдік ілімі мен діні болып табылады. Қазіргі таңда VII-VIII ғасырларда қалыптасқан буддизмге дейінгі Кодзики, Фудоки, Нихонги сынды синтоизмнің қайнар бастауларын зерделеу маңызды болып отыр. Себебі, онда алғашқы синтоның рәсім салты мен жоралғылары жайлы тың әрі маңызды мәліметтерді береді. Қайнарларда ата-баба рухы мен ру-тайпаларды ұйытқан тайпа көсемдері жайлы деректер береді. Рәсімнің қасиетті негіздемелерін жоғарыда атап өткеніміздей қоршаған ортадағы табиғи дүниелер болып табылады. Рәсім өзге көптеген діндердегідей жылына екі рет атқарылады: біріншісі, көктемнің келуі мен жылдың жақсылықпен, зұлымдықтың жойылуымен басталса, екіншісі, күзгі жиын-теріммен тығыз байланысты. Екі кезеңде де құрбандық шалу рәсімдері кезігеді. Дүниеден өткен руластарын тірілер өзге әлемге шығарып салу жоралғыларын жасайды және оның дүниелері мен жақындары қоса еріп бара жатырғандай аура қалыптастырады. Ал қыш ыдыстардан жасалған материалды дүниелер мәйітпен қоса жер қойнауына кетті (ол керамикалық бұйымдар ханива деп аталды) .
Синто пантеоны мен оның өрісі өзге индуизм және даосизм діндері секілді бақылауға және бір жүйеге бағынбады, келмеді. Уақыт өте келе алғашқы бақсылар мен ру көсемдерінің орнына біртіндеп арнайы шырақшылар каннуси (рухтар аңғарған, ками қожайындары) келе бастайды және ол мансап ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Рәсімдер мен дұға салу, құрбандық шалу орындары мақсатында кішігірім шіркеулер жасақталды және уақыт өткен сайын олардың орындары ауыстырылып отырды. Синтоистік шіркеулер екі бөлікке бөлінеді: ішкі және ками (синтай) рәмізі сақталатын жабық (хондэн), сыйыну рәсімі өтетін сыртқы (хайдэн) залы. Шіркеуге келіп ғибадат етушілер хайдэнге кіреді, алтарь алдына тоқталып, оның алдында тұрған жәшікке тиын тастайды, иіледі және алақандарын соқыстырады, кейде осы сәтте дұғасын оқып (өзі жайлы болсын), шығып кетеді.
Жылына бір немесе екі рет шіркеуде бай құрбандық пен сыйыну мақсатында салтанатты мейрамдар өтеді және мейрам сәтінде рухтар орын ауыстырады деп түсіну синтода қабылданған. Осы күндері шіркеудің шырақшылары өздерінің рәсімдерімен арнайы киімдерін киіп жүреді. Қалған күндері олар шіркеу мен рухтарға аз ғана уақыттарын бөледі де өзге адамдармен бірге күнделікті тұрмыс-тіріліктерін жасап жүре береді. Интеллектуалды қатынасты алып қарасақ, әлемді философиялық тұрғыдан тану мен түсіну барысында Қытайдағы даосизм секілді синто діні жапон қоғамын қарқынды түрде дамыта алмады. Сондықтан да болар, материктен келген өзге буддизм, күңфудзышылдық сынды ілімдер мен діндер Жапонияда тез әрі қарқынды түрде тарап кетті [4, 27 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz