Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу қабілетін дамыту


Ө. Сұлтанғазин атындығы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Психология және педагогика факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
Қорғауға жіберілді «___»2019 ж
Қолы Ли Е. Д
(каф. меңгерушісі)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ
5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Орындаған: Рысбек Н. Р
Ғылыми жетекші: Мукалиева Б. Х
Қостанай 2020
МАЗМҰНЫ
Кіpіcпе . . . 4
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне баулуда педагог-психологтардың зерттеулері . . . 7
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері . . . 12
1. 3 Әр түрлі әдістерді қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне баулу . . . 26
2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСЫ
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың әр түрлі әдістерді қолдану арқылы сурет салу деңгейін анықтау . . . 37
2. 2 Қалыптастыру кезеңінде мектепке дейінгі балаларда жүргізілген оқу іс-әректінің үлгісі . . . 45
2. 3 Тәжірибелік эксперименттің барысы, нәтижесі . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 63
ҚОСЫМША
Кіріспе
Өзектілігі: Бейнелеу өнерінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы балалардың сурет салуға, қаламды дұрыс ұстай білуге, өнерді қабылдауда білім деңгейлерiнің түрліше болуына байланысты, олардың мүмкіндіктерін анықтай отырып, биік деңгейлі білім беру. Тәрбиеші баланың эстетикалық әдемілікті қабылдауынан бастап, оған эмоциялық тұрғыдан жауап беру, оны қабылдау, түсіну, эстетикалық пікір, эстетикалық бағалау, қасиетін дамытуға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Жалпы бейнелеу өнері - әсемдік талғамды дамытудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан рахат алуға, рухани дамуына және халық таланттарымен жақсы танысуға, оларды құрметтеуге, жақсы көруге баулиды. Әлемдік білім деңгейінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалар өнерін дамыту, әсіресе тәрбиешілердің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Балабақшадағы бейнелеу өнері дараланған заттарды бейнелеу, сюжетті(оқиғалы), декаративті сурет деп аталатын үш түрін қамтиды.
Бала есейе бастағаннан-ақ өзі жақсы түсінбес жылтыраған заттарға, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мысалы, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі дүниелер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның қызығу мен тартымдылық сезімін туғызады. Ертегіні жиі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс. Тәрбиедегі және үйретудегі жетістік көбіне белгілі деңгейде балаларға жеткізу, оларда білімді, іскерліктер мен дағдыларды, сондай -ақ іс -әрекеттің қайсыбір саласындағы қабілеттілікті қалыптастыру үшін педагог қандай әдістер мен тәсілдерді қолданатынына байланысты.
Балабақшада сурет салудың сан алуан түрлерімен: кескіндемемен, графикамен, скульптурамен, сәндік - қолданбалы өнер туындыларымен танысады. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінде балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру - балалардың түрлі бағыттағы шығармаларды толыққанды қабылдауына жағдай жасайды. Балалар бейнелеу өнер арқылы әдемілікке, ұқыптылыққа, көркемдікке, сүйіспеншілікке тәрбиеленеді сонымен қатар эстетикалық сезімдері дамиды. Олардың алдына айналадағы дүниенің, формалардың, қимыл -қозғалыстардың байлығы ашылады. Өнердің көмегі арқылы балалар жаңа дүниелермен, және өмір құбылыстарымен танысады, жоғары деңгейде ойлау қабілеттеріне ие болады, әлемде болып жатқан өзгерістерге ман береді.
Мектепке дейінгі мекемелерге және қоғам мақсат-мүдделері негізінде қызмет етіп, осы мақсат-мүддеге жетуге үлес қосқан Н. К. Крупскаяның айтуы бойынша: «Балаға өнер арқылы өз қиялдары мен түйсіктерін тереңірек түсінуге, нық ойлап, жоғары деңгейде сезінуге көмектесу керек; балаға мұны өзін - өзі танып білу, басқаларды танып білу құралы, мүлде жаңа, терең де елеулі толғаныстарға толы өмірге бірге аяқ басуға көмектесу керек» - деп жазады. Қазіргі заманда бейнелеу өнерін балабақшада оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой - өрісін кеңейтіп дамыту үшін бейнелеу өнері ең қажетті сабақтың бірі болып саналады.
Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде балабақшада бейнелеу өнерін оқыту, затқа қарап заттың суретін салу және тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу.
Бейнелеу өнерін осы жастарда (ересек топтағы балаларға) оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы зор.
Зерттеу тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әр түрлі әдістерді теориялық жағынан негіздеп, әдістемелік жолдарын қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны : мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулудың үрдісі.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу қабілетін дамыту.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену.
- Диагностикалық тексеру әдістерін таңдау.
- Диагностикалық тексеру жүргізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде әр түрлі әдістерді жиі қолданар болсақ, онда олардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтары мен эстетикалық қабілеттері дамиды.
Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді теориялық талдау; мектепке дейінгі жастағы балалардың қызметі туралы материалдарды зерттеу;
Зертеуді ұйымдастыру және зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылдық округі әкімі аппаратыныцң №8 «Айгөлек» бөбекжай -бақшасы.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
1. Бейнелеу өнеріне және оның мәселелеріне байланысты қарастырған ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды;
2. Балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарының даму ерекшеліктері нақтыланды;
3. Балалардың сурет салуда әр түрлі әдістерді пайдалануы арқылы қарастырылуы талданды.
4. Сурет салу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің негізінде балаларды бейнелеу өнеріне баулу әр түрлі әдістер арқылы тәжірибеде іске асырылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:
Зерттеу жұмысындағы еңбектерді жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, балабақша тәрбиешілеріне оқу-тәрбие процесінде колдануларына болады.
Диплом жұмысының құрылымы : кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
- МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІМектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнеріне баулуда педагог-психологтардың зерттеулері
Тәуелсіз мемлекеттік елімізде әлеуметтік -экономикалық дамуына қарай болашақ ұрпағымыздың жан -жақты тәрбиелеуде, басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде, көптеген саланың маңызы зор. Соның ішінде бейнелеу өнерінің де орны ерекше.
Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, қол өнерлік мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген.
Ондай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл, жан -жақты үйлесімді тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығып жасайтын жұмыстарының бірі сурет салу, мүсіндеу, боямақтар мен жүмыс жасау болып табылады. Сурет салу барысында заттар мен құбылыстар туралы түсінігін қалыптастырып, әсемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа жаңа оймен баға бере алуға үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың шығармашылық қабілетінің дамуы бейнелеу өнері арқылы яғни сурет салу барысында жүзеге асады. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы дағдарыстық жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, қуанышты көңіл-күй сыйлайды. Сондақтан балабақшада баланың жетекші іс әрекеті ретінде ойын мен қоса бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады деп ойлаймын.
Баланың сурет салу арқылы, қиялы, ойы, көңіл -күйі, танымдық іс -әрекеттері дамиды. Бұның бала өмірі үшін маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше әсем бейнені жасай алады. Сонымен қоса ашық түстерді пайдалану арқылы оларға ерекшелік қоса бастайды. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуынның бастапқы қадамдары, шығармашылықтың тәжірибесін меңгеруі, оны болашақта пайдалана алады деген сөз. [11. с. 331] .
Жалпы адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады. Бұл кезде адамдар суретті көмірмен, ағашпен салған. Адамның сурет салып үйренуі, өзінің қол еңбегіндегі өнімдерін безендіруге бағытталды. Бұл әсіресе қыш өңдеу өнерінде көрініс тапты. Осыған байланысты оқыту әдістері де пайда бола бастады.
Қолөнер шеберлері өзінің шәкірттерінің еңбегіне бейжай қарай алмады. Алайда бұл кезде сурет салу қарқынды дамымады. Ежелгі Египеттің педагог -психологтарының айтуы бойынша сурет салуға оқыту қоршаған ортаны танып білуге емес, белгілі схемаларды көшіруге бағытталды. Сурет салуды оқыту кезінде суретші педагогтар балаларды табиғатты танып білуге емес, заттар формасын бейнелеудің белгілі ережелерін жаттап алуға негіздеді.
Сонымен қатар Ежелгі Грек суретшілері балаларды сурет салу арқылы ондағы көркемдікті таба білуге үйретті. Өмірдегі ең сұлу құбылыс-адам деп білді.
Біздің заманымызға дейінгі ІҮ ғасырда Грецияда сурет салудың Сикион, Эфесс және Фиван мектептері болған. Соның ішінде Сикион мектебінің даңқы дүркіреген. Бұл мектеп, балалардың жан дүниесін табиғатқа жақындатуға, табиғатты оқып-үйренуге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге көңіл бөлді. Сикион мектебінің негізін салушы ол Панфил болды. Панфил сурет салуға, жалпы пән ретінде мән беріп қарап, оны барлық Грек мектептеріне кіргізуге көп күш салды. Панфилдің сурет салуға оқыту курсы 12 жылға дейін созылды. Гректің суретші-педагогтары өз балаларын табиғаттың сұлулығын бақылауға, сұлулықтың мағынасын түсінуге шақырды. Грек суретші-педагогтары сурет салуға оқытудың тәрбиелік қажеттілігін көрсетті. Уақыт өте келе адамдардың сурет салуға деген қызығушылықтары артуына байланысты бейнелеу өнері дами бастады. Панфил сурет салу туралы көптеген жинақтарын шығарды. Сурет салудың оқыту мәселелері және әдіс-тәсілдерімен бейнелеу өнерінің белгілі шеберлері Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дьюрер және басқалар айналысты. 70 жылдары жарық көрген Қ. Ералиннің әдістемелік еңбектерінде Қазақстанның халық суретшілері Ә. Қастеевтің, Қ. Телжановтың, А. Ғалымбаеваның, Х. Наурызбаевтың, Г. Исмайлованың, С. Мамбеевтің, М. Шаяхметовтың, С. Романовтың, Е. Сидоркиннің, Н. Нурмухамбетовтың, К, Барановтың, бейнелеу өнерінің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, түстану, заңдылықтарын оқыту мәселелері қарастырылды.
Суретші - педагог Е. Асылхановтың алғашқы еңбектерінде ұлттық қолөнерді балабақшада, бастауыш мектепте, жоғары сыныптарда, арнаулы оқу орындарында, жоғары оқу орындарында қолдану ерекшеліктері айқындалып, оқу бағдарламасы ұсынылады, оқыту әдістемесі берді. [34, 795б] .
Суретші-ғалым Ә. Қамақовтың қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу іс -әрекеттерінде қолдану арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын дамытудың әдіс-тәсілдерін көрсеткен еңбегі, оқыту барысында тәрбие мәселелері тыңғылықты шешуге болатындығын теория жүзінде дәлелдеп, практикада көрсете білген еңбек болды. [37, 165б] .
«Бейнелеу өнерінің» 1998 жылы жарық көрген оқулығы (авторлары Ұ. Ш. Ибрагимов, Қ. К. Болатбаев, Б. А. Әлмұханбетов, З. Ш. Айдарова) ; кіріспеден, төрт тараудан тұрады. Бірінші тарауда жазғы табиғатты бейнелеу, мультфильм суретшісі болайық, мүсіндеу, ертегі кейіпкерлерін бейнелеу, дизайн материалдары берілген. [9, c. 349]
Әміргазиннің «Қазақ қолөнері» атты оқу-әдістемелік құралында оқушыларға қазақ қолөнерінің түрлері, ерекшеліктері, технологиялары, қолөнер шеберлері, ою-өрнектері жайлы, ою-өрнектерді салу мен қолөнер бұйымдарын жасау туралы кең көлемде мәлімет беретін еңбек. [ 33, 140-бет ] .
С. Төленбаевтың «Ою өрнек салып үйрен» атты әдістемелік құралында балаларға ою-өрнектердің түрлерін таныстыру көзделеді, қағаздан ою өрнектердің үлгілері жасау жолдары көрсетілді. [42, 162-бет] .
« Бейнелеу өнері» сөзі көптеген мағынаға ие, солардың ішінде негізгі үш мағынасына тоқтала кетсек:
а) танымдық қабілет, іс-әрекет,
б) нəтижесінде эстетикалық қабілеті дамиды
в) көркемдім, ұқыптылық, әдіс -тәсілдерді жетік меңгереді.
Әрбір мәнді мұқият қарастырайық.
Бірінші сөйлемдегі «сурет салу» синонимдер: сызу, бояу, боямақтар. Бейнелеу өнері- әсемділік пен көркемділіктііің негізгі образы.
Бұл сөздің мағынасы шығармашылыққа арналған сөздердің анықтамалары:
Суретші-педагогтар Қ. Болатбаев бейнелеу өнері сабақтарында халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі, Қ. Тастемиров мектепте кескіндемені оқыту әдістемесі, Д. Кемешов мектепте керамика үйірмесін оқыту әдістемесі, М. Жақыпбекова мектепте коллаж үйірмесін оқыту үйірмесін оқыту әдістемесі мәселелерін зерттеу нәтижелері мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына игі ықпал етті. [27, б. ] [2, 12б. ] .
Мектепке дейінгі әр түрлі жас ерекшелік топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқып үйретудің алуан түрлі тәсілдері және ең алдымен балалардың жекелігін, құлшынысын, өмір құбылысына көркемдік тұрғысынан қарау, әрқашанда жеке, әрі таңдамалы. Оның себебіне әдемілікке толы эмоцияны білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, мдамдардың мейірбан сезіміне қызыға қарайды. Мұның өзіне балалардың басынан кешкен қуанышының, сезімінің, көңіл толғанысының маңызы зор деп білеміз. Бейнелеу өнері сәндік сурет салу ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолдануға дұрыс. «Сәндік қолданбалы өнер терминдерінің түсіндірме сөздігінде» берілді. Бұл мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу өнері мұғалімдері мен тәрбиешілердің іс-әрекетінде қолдануға ең дұрыс әдістемелік құрал болды.
ХХ ғасырдың 90 жылдарын Қазақстан жоғары оқу орындарының жаңа оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қайта құралып, жаңадан жасалды. Бейнелеу өнерінің мамандарын дайындау жоспары қайта қаралып жаңа арнаулы курстардың бағдарламалары дайындалды. Бұл оқу жоспарлары мен бағдарламаларды дайындауда Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті суретші-педагогтары Б. Оспанов, Қ. Болатбаев, Р. Мизабаев, Н. Власюк, Т. Ордабеков, Б. Байжігітовтер ерекше үлес қосты. Бұл дайындалған оқу жоспарлары мен бағдарламалары бейнелеу өнері мамандарды дайындау сапасын арттырып, жаңа оқыту техънологиясымен дайындалған мұғалімдер, мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің деңгейін көтерді. Балаларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде танымдық тәрбиелік мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлді. Осы кезеңде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мәселелерін ғылыми теориялық тұрғыда шешуге деген жаңа талпыныс пайда болды. Суретші-педагогтар Қ. Болатбаев бейнелеу өнері сабақтарында халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі, Қ. Тастемиров мектепте кескіндемені оқыту әдістемесі, Д. Кемешов мектепте керамика үйірмесін оқыту әдістемесі, М. Жақыпбекова мектепте коллаж үйірмесін оқыту үйірмесін оқыту әдістемесі мәселелерін зерттеу нәтижелері мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына игі ықпал етті. Сурет салуға оқыту әдістемесінің Қазақстанда даму барысында мерзімді баспасөз маңызды роль атқарды. Республикалық педагогикалық әдістемелік басылымдар «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп» журналдарында бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің түрлі мәселелері бойынша мақалалар жарияланып тұрды.
2004 жылдан бастап бейнелеу өнерін оқыту мәселелеріне байланысты мақалаларды шығаратын «Мектепте арнаулы және жоғары оқу орнында бейнелеу өнерін оқыту» атты арнайы мерзімдік басылым жарық көрді. Бұл басылымдағы мақалаларда мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың мәселелеріне журналда қомақты орын берілді. Бұл мерзімдік басылым мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуындағы ерекше бетбұрыс болды. Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс. Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойылды:
- Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға болады.
Ченнини Ченнино бойынша сурет салуда басшылық жасап отыратын тәрбиеші немесе мұғалім жанында болуы тиіс деген. Сонымен қатар ол «Кескіндеме туралы трактат» еңбегінде «егер сен сурет салудың теориясын кітаптан күн-түн оқығаныңмен, оны практикада қолдану барысында мұғалімге бармасаң, шеберлер қатарына қосыла алмайсың» - деп көрсеткен [45, б. 215] .
Альберти сурет салу теориясын жүйелей отырып, сурет салу деген механикалық жаттығу емес, ол ойдың негізгі жаттығуы екендігіне мән берген[23] .
Бұл оймен Микеланджело да қосылды. Ол «суретті жай салмай, ой арқылы салу әлде қайда дұрыс » деген пікір айтқан.
Альберти «Сәулет туралы 10 кітап» атты туындысында сурет салудың теорилық жүйесін жарыққа шығарды. Ол ең алғаш балаларға сурет салу барысында оңай болсын деп, нүкте және түзу сызықтарды байқатып, одан әрі әр түрлі бұрыштармен, ең соңында көлемді заттармен таныстыруды қарастырады. Олардың ойлау қызығушылықтарын тудырады, сонымен қатар сурет салуға деген ынтасы артады.
Сурет салу әдістемесінің дамуына ерекше үлес қосқан, осы кездегі еңбектің бірі Леонардо до Винчидің «Кескіндеме туралы еңбек» атты кітабы болды. Ол анатомиялық зерттеулерге мән беріп, адам фигурасының пропорциялық қатынастарының заңдылықтарын табумен, бейнелеу өнерінің басқа да проблемаларымен айналысты. Сонымен қатар Дюрер өзінің жалпылау әдісі сурет салуда маңызды орын алады деп білді. Оның бұл әдісін кейіннен А. П. Чистяков, Д. Н. Кардовскийлердің көңілінен шығып, қолдады.
Суреттің білім беретін пән ретінде қосылуына үлес қосқан Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский еді. Я. А. Коменскийдің ойларының ең бағалысы - оның оқыту әдістемесі арқылы болашақ суретші ұстаздарға оқып-үйрену туралы идеясы болды. Ол сурет салуды мектепке дейінгі мекемелерге міндетті түрде оқытылатын пән ретінде қосуды ерекше атап, талап еткен. Суреттің жалпы пән ретінде қарау туралы нық пікір айтқан француздың ойшылы Жан Жак Руссо еді. Ол өзінің «Эмиль» атты еңбегінде «балаға табиғаттан артық ұстаз жоқ, заттардың өзінен артық үйренетін үлгі жоқ» деп көрсеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz