Канттан кейінгі классикалық неміс идеализмінің өкілі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ
Индустриалды технологиялық факультеті
Философия
пәні бойынша
Реферат
Тақырыбы: Неміс классикалық философиясы
Орындаған: Болатбаев Медет
Тобы:ЭЭ-18-2қт
Тексерген: Нартаев Мәулен
Атырау-2020
Неміс философиясы
Неміс философиясы - неміс халқының философиялық білімдер жүйесі. Неміс философиясы дүниежүзілік философиялық ойдың дамуына зор әсер етті. Рухани өмірге терең талдау жасау, тиянақты филос. жүйе құруға бейімділік - неміс ойшылдарының көбіне тән ерекшелік.
Тарихы
Германиядағы философияның алғашқы түрі ортағасырлық схоластика болды (Х.Мавр, Н.Немецкий, Г.Сен-Викторский). Соңғы схоластиканың көрнекті өкілі алғашқы христиан аристотельшілерінің бірі Ұлы Альберт болды. Дәстүрлі Неміс философиясы мистикамен тығыз байланыста дамыды. Оның алғашқы өкілдері монах әйелдер - Хильдегарда Бингенская (12 ғ.) мен Мехтильда Магдебургская (13 ғ.). И.Экхарт бұл ілімді одан ары дамыта түсті.
Капиталистік даму үрдісі біртіндеп еніп,елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияға жаңадан көптеген саяси ілімдер, көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның соңы саяси төңкерістерге алып келеді. Ал, осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым - қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы ұсақ (үш жүзге жуық) мемлекеттер пайда болып, олардың арасындағы шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды.
Алайда, Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырар ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан да неміс ойшылдары батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды кешіріп, ағылшындар мен француздардың мәдени, рухани дамуының бар байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философиясының озық үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны меңгеріп, алдыңқы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуда терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, логикалық таным теориясының шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындайды. Сондай-ақ ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объект мен субъектінің диалектикалық ара қатынасын аша отырып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетті.
Таным теориясындағы пайым мен зерденің бір - бірінен алшақ кеткендігін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтіндігін айқын көріп, бұл мәселеге баса назар аударған, классикалық неміс философиясының негізін салушы Кант Иммануил (1724-1804 ж.ж.) - неміс философы, ғұлама ғалым. Трансцендентальды идеализмнің негізін салушы. Негізгі еңбектері: Таза ақылға сын, Тәжірибелік ақылға сын және Пайымдау қабілетіне сын.
Кант шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді: 1) Сынға дейінгі кезең. 2) Сыни кезең. Бірінші кезеңде Кант жаратылыстану ғылымдарымен шұғылданса, екінші кезеңде нақты философиялық мәселелерді қарастырумен айналысады. Күн жүйесінің пайда болуымен жойылуы туралы тұманды болжамның жариялануы мен даму проблемаларын алға тартып, бүкіл жаратылыстанудың жай - жапсарын қайта қарауға меңзейді. Физикада Кант өзінің қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығы туралы ілім жасайды. Сол кездің өзінде - ақ хайуанаттардың шығу тегіне байланысты оларды топтарға бөлу идеясы биологияға ене бастады. Бұл тұрғыда ол диалектикалық гносеологияа адам білімдері жиынтығының категорияларының ара-жігін ажыратып берген ең соңғы аса көрнекті метафизик болып табылады. Дүниенің физикалық-астраномиялық теориясын ұсынады. Сонымен бірге жердің өз осін айналуы, физикалық тұрғыда жердің тозуы, жер сілкінісі туралы еңбектер жазды.
Кант шығармасындағы гносеологиялық мәселелерге келетін болсақ, дүние екіге бөлінеді: біздік зат және өзіндік зат. Біздік заттар дүниесін адам зердесі тани алады. Ол туралы зерттеп, тәжірибе жүзінде тексеруге, білуге болады. Ал, өзіндік заттар әлемі тек өзіне ғана мәлім, адам баласы ешқашан зерттеп, танып - біле алмайтын заттың ішкі мәні. Кант танымның трансцендентті нәрсенің (о дүниелік) қарама - қарсылығын сезінуден басталуға тиіс екенін көрсете келіп, жалпы алғанда философияның қарама - қайшылықтарын ашып берді. Трансцендентті нәрселерге құдайлар мен адамның трансцендентті ойларын жатқызды. Трансцендентальдық апперцепция - өзінің формалары мен заңдары туындайтын құбылыстар дүниесі бірлігінің шарты болып табылатын априорлықты, яғни барлық тәжірибені бұрыннан өмір сүретін, алғашқы, таза әрі өзгермейтін снаны көрсететін Кант термині. Кант бойынша трансцендентальдық апперцепцияның бірлігі - адамның елестету қабілетінің, еске сақтауының және қайта еске түсіру арасындағы өзара байланыс шарты. Бұл бірліктің негізі ретінде Кант оның менімен барабарлығын, яғни әрбір елестетуде мен ойлаймын деген қағиданың бар екендігінен деп жорыды. Кантшылдықтың осы көзқарасына сүйене отырып Фихте өзінің субъективтік идеализм жүйесін жасады.
Таным процесінде адам баласы бірі - бірін теріске шығаратын, бірақ әрқайсысы ақиқат ретінде саналатын, дәлелденген тұырымдарға жолығады. Оларды антиномиялар деп аталады. Өзінің таным қызметінде адам шешілмес қайшылықтарға кезікпей қоймайды. Олардан шығудың бірден - бір жолы - парыз этикасы болып табылады. Өйткені адам өзінің эмпирикалық тіршілігінде табиғат заңдарынан төмен тұр, себебі, сыртқы дүниенің ықпалына бағынышты. Алайда практикалық парасаты, мораль заңдарын, атап айтқанда, үзілді - кесілді императивті басшылыққа ала отырып, адам ғибратқа ие болады. Парыз рационалды ойлай алатын тіршілік етушілердің бәріне тән қасиет. Адамның өзінің алдындағы парызы - өзіна дамгершілікті тіршілік етушінің жетістіктерінен айыруға тиым салуда, яғни өзін ішкі еркіндіктен айыруға, затқа айналдырудан сақтауда. Осыдан келіп Канттың Категориялды императив этикалық қағидасы шығады: Сенің жігеріңді билеуші ереже-дүниежүзілік заңдылық негізіне айналатындай қызмет ет немесе Сенің ісің, тәлім - тәртібің жалпыға жол көрсетер заң болсын.
Фихте Иоганн Готлиб (1762-1814ж.ж.) - Канттан кейінгі классикалық неміс идеализмінің өкілі. Дін мен философияны Иена мен Лейццигте зерттеді. Иена мен Берлин университетерінің профессоры Фихте сословиелік артықшылықты сынады, феодализмдегі бытыраңқылықты жойып, Германияның бірігуін аңсады.ол практикалық философияның - мораль мен мемлекеттік құқылық құрылысты негізлеу мәселелерінің мәнін атап өтті, бірақ практиканы тек моральдық сананның әрекеті деп санады. Ғылыми жолдармен жасалған теориялық жүйені, яғни ғылым туралы ғылымды практикалық философияның алғышарты деп есептеді. Фихтенің (1794ж) Ғылым туралы ілімінің негізінде субъективтік идеализм теориясы жатыр. Фихте өзінді көаттар жөніндегі Канттың тұжырымдамасын ескермей, танымның алуан түрлі формаларын субъективтік - идеалистік бір бастамадан шығармақшы болды. Оның пікірінше ол бастама: дүниені жаратушы әрекет иесі қандай да бір абсолютті субъект болып табылады. Фихтенің Мені жеке адамның мені емес, Спиноза субстанциясына ұқсайтын субстанция емес, адамзат санасының шексіз моральдық белсенді әрекеті. Осы мен деген мистикалық бастамада Фихте жеке Менді жасап шығарады. Жеке мен деп ол абсолютті емес, шектелген субъект мен жеке адамды немеес эмпирикалық Менді оған қарсы тұрған эмпирикалық табиғатты түсінеді. Фихте ақиқатты тікелей пайымдау арқылы қабылдайтын ақылды, яғни интеллектуалды интуицияны саналы таным органы деп мойындады. Фихте үшін басты мәселе - бостандық мәселесі. Ол еркіндікті себепсіз акт емес, қажеттілікті түсінуден туған әрекет деп түсіндірді.
Гегель, Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831ж.ж.) - идеалистік диалектика жүйесін жасаған классикалық неміс философиясының аса көрнекті өкілі. Гейдельберг және Берлин университеттерінде профессорлық, ректорлық қызмет атқарады.
Гегельдің философиялық жүйесі үш бөлімге бөлінеді:
логика
табиғат философиясы
рух философиясы
Логика - құдай зердесімен бара - бар сәйкес келетін таза зерденің жүйесі.
Өзіне дейінгі бүкіл философияның тәжірибесін талдай келіп, ол болмыстың шекті негіздерін мазмұнды логика категорияларымен белгіледі. Өз мақсатына жету үшін даму идеяларын қатаң ұстанады. Оны санада көрініс тапқан қоршаған шындық өмірдің барлық саласында жүзеге асырады. Сана әмбебап сипатта әсер ететін заңдарға бағынатын біртұтас процесс ретінде суреттеледі, бірақ жүйеде атқаратын ролі тұрғысынан әрқилы. Гегельдің теориясында әрбір құбылыстың өздерін бөліп тұрған қайшылықтарды үшінші сатыда шешетін қарама - қайшылықтар бірлігі ретінде қарастыруға болатындығы форма мен мазмұнның терең табиғи бірлігінде көрсетіледі. Сонда бастапқы тезисті антитезис теріске шығарады, ал олардың бірлігі болмыстың осының алдындағы екі сатысын теріске шығарады, бірақ олардың маңызды сәттерін сақтап қалуға болатын тұстарды теріске шығаратын синтез байқалатын болып шығады. Бұл орайда нәтиже дамудың жүріп өткен сатыларының жай ғана жиынтығы емес. Өзінің бастапқы қалпынан оның мынадай өзгешелігі бар: оның мазмұны неғұрлым нақты сипатта болады, өйткені ол осының алдындағы екі сатысында болған алуан түрлі дамудың бірлігі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда даму-ойлау жүйесіндегі абстрактылықтан нақтылыққа өту болып есептелмек. Гегель теориясының жалпы мазмұны ең алдымен Рух феноменологиясында берілген. Еңбектің атауы мен мазмұнына зерттеу объектісі, атап айтқанда сезім шындығынан бастап ақыл ақиқатына дейінгі алдымен жеке адамның санасы ауқымында қарастырылатын сана құбылысы алынған. Сананың белгілі бір тарихи дәуірлерінің рухы ретінде сипатталуы себепті нәтижелерді теріске шығарады. Адам - табиғаттың бөлігі. Бірақ, адам табиғаттың емес, абсолютті идеяның жемісі. Тіпті, табиғаттың өзі рух арқылы пайда болған. Рух-табиғаттың алғышарты, ақиқат, абслютті алғашқы. өзінің дамуында рух үш сатыдан өткен. Біріншісі - субъективті рух - антропология, феноменология және психологиялық түрге бөлінетін жеке адамның санасы. Екінші сатысы - объективті рух - адамдар қоғамы және ол үш негізгі формаға бөлінбек: құқық, мемлекет және дағдылылық. Соңғы сатысы - абсолютті рух - өнер, философия және дін.
Теориялық ойлау жүйесінде және ерік-жігер бостандығында өзінің ішкі әлеміндегі өзін-өзі анықтаушыға қол жеткізген рух өзінің субъективтілігінен артық, асқақ тұрады. Ол шынайы зат рухына айналады. Бұл рухтың алғашқы объективті көрінісі. Объективті рухтың ең жоғарғы көрінісі адамзат өмірінен байқалады. Азат санадағы прогресс дегеніміз, Гегель бойынша тарихтың субстанциялық мазмұны. Адам ерік - жігерінің барлық көріністері: мораль, хұқық, парыз, меншік, ар-ұждан, жанұя және т.б. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz