Кәмелетке толмаған балаларға алименттер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Менің жұмысымның тақырыбы алименттік міндеттемелердің түсінігі. Әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты алименттерді төлеу немесе сұрату қажеттілігі туындауы мүмкін. Ата-аналар мен балалардың арасында туындайтын ең өткір сұрақтардың бірі - алимент төлеу. Алимент деп біз көп жағдайда тек ажырасқан әкенің өз баласына төлуге міндетті ақысы деп білеміз. Алайда, алименттің басқа да түрлері бар. Бұл төлем тек әкеге ғана емес, сонымен қарат анаға да жүктелетіні көпшілікке жаңалық болуы мүмкін. Осы курстық жұмысымда алимент деген не, алиментті кім талап ете алады және кім төлеуі тиіс екенін, алименттерді талап ету тәртібі қандай, алименттердің қандай мөлшері заңнамада көзделген және алименттер төленбесе не істеу керектігі туралы айтамын.
Курстық жұмыстың өзектілігі Республика бойынша қазіргі таңда әрбір үшінші отбасы ажырасып жатады. Осы жылдың қантар айынан бастап 88931 отбасы құрып, олардың 36815 ажырасқан. Статистикаға сүйенсек әрбір 10 әке алимент төлемейді. Сол себепті алимент әлі күнге дейін өзекті мәселе болып келеді.

1. Алименттік міндеттемелер
1.1. Алимент түсінігі және міндеттемелері
Алимент (лат. alimentum -- асырап-бағу) -- заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты - отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау.
Алименттердің неғұрлым таралған жағдайы - баланы асырауға төленетін төлемдер, алайда алименттер балалардың анасына және өздерін асырай алмайтын зайыбына және ата-анасына төленуі мүмкін.
Баланы асырау - ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес.
Қамқорлыққа, қорғаншылыққа немесе патронаттық тәрбиеде болатын балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы. Кодекстің 6-бабына сәйкес, балаға алимент ретінде тиісті сома баланың ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне түседі және баланы асырауға, біліміне және тәрбиесіне шығындалады.
Алимент сот шешімімен немесе алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
Бұл қайтарылып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінің өзі шығының қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ. Олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұның мәнісі алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;
алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді алушының мүлкіне өткізу жүзеге асырылады.

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);
заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);
тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндіріп алу жөніндегі шешімі.

1.2. Алименттік міндеттемелердің түрлері

ата - аналардың балаларға қатысты алименттік міндеттемелер;
балалардың ата - аналарға қатысты міндеттемелер;
ерлі - зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

2. Алименттік міндеттемелердің түрлері
2.1.
2.2.
Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.
Балалардың әрқайсысынан өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.
Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот балалардың бәріне, олардың біреуіне немесе бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.
Егер сот ата-аналардың осы балаларына қатысты ата-аналық міндеттерін орындаудан бұрын жалтарғанын анықтаса, балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.
Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
Кәмелетке толған, асырап алынған балалардың асырап алушыларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттері балалардың ата-аналары алдындағы міндеттері сияқты айқындалады.
Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасамаған кезде және ерекше мән-жайлар (ата-анасының ауыр науқастануы, мертігуі, оны бөгде адамның бағып-күткені үшін ақы төлеу қажеттігі, оны медициналық-әлеуметтік мекемеге орналастыру және басқалары) болған кезде сот кәмелетке толған балаларын осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге тартуы мүмкін.
Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен осы шығыстардың мөлшерін сот осы Кодекстің 145-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптар сақталған кезде ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін ескере отырып айқындайды.
Қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен осы шығыстардың мөлшері тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін, мұндай келісім болмаған жағдайда дау сот тәртібімен шешіледі.

2.3. Ерлі-зайыптылардың біріне және бұрынғы ерлі-зайыптылардың біріне төленетін алименттер
Кодекстің 147-бабына сәйкес ерлі-зайыптылар бір-бірін материалды қолдауға міндетті. Баланы асырауға қаржыдан басқа ері немесе зайыбын немесе бұрынғы ері немесе зайыбын асырауға қаржы талап етілетін бірқатар жағдайлар бар.
Егер келісушілік немесе келісім болмаса, онда алименттерді төлетуге сотқа талап арыз бере алады:
еңбекке жарамсыз мұқтаж ерлі-зайыптының бірі;
жүктілік кезінде зайыбына және ортақ бала туғаннан бастап 3 жыл ішінде;
18 жасқа толғанға дейін ортақ мүгедек-баланың күтімін жүзеге асыратын мұқтаж зайыбы, сондай-ақ ортақ балаға 18 жасқа толуы бойынша І-ІІ топты мүгедектік анықталған жағдайда.
Алименттер мөлшерін және төлеу тәртібін сот анықтайды. Көптеген жағдайларда сот бұрынғы зайыбына алименттерді төлеуден бас тартуы мүмкін, егер еңбекке жарамсыздық спирт ішімдіктерін, есірткі заттарын, психотроптық заттарды шамадан тыс қолдану нәтижесінде немесе олар қасақана қылмыс жасағанда орын алса; некенің сақталмауына байланысты (5 жылға дейін) және егер алименттерді төлеуден бас тартатын ерлі-зайыптының бірі өзін лайықсыз ұстаса төлеуден бас тартады.

2.4. Отбасының басқа мүшелерінің алименттікміндеттемелері
Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері (қарындастары) мен сіңлілерінің өз ата-аналарынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған бірге туған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.
Өздерінің еңбекке жарамды ата-аналарынан, бірге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен апаларынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.
Өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) күтіп-бағу қаражатын алу мүмкін болмаған жағдайда, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз атасы мен әжесі өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.
Кәмелетке толмаған балаларды іс жүзінде тәрбиелеген және күтіп-баққан еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдардың, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерінен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтіп-бағу қаражатын ала алмаса, өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқығы бар.
Егер іс жүзінде тәрбиелеген адамдар тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт күтіп-бақса және тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерін тиісті түрде күтіп-бақпаса және тәрбиелемесе, сот тәрбиеленушілерді осы адамдарды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.
Өздерінің өгей ұлдарын немесе өгей қыздарын тәрбиелеген және күтіп-баққан, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз өгей әке мен өгей шеше, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерінен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтіп-бағу қаражатын ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқылы.
Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелесе және күтіп-бақса, сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу немесе күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесін немесе өгей шешесін күтіп-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.
Кодекстің 151-155-баптарында аталған адамдарға алименттің мөлшері мен оны төлеу тәртібі тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.
Тараптардың келісімі болмаған кезде сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот әрбір жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.
Егер отбасының алимент талап етуші мүшесін бір мезгілде бірнеше адам күтіп-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық және отбасылық жағдайларына қарай олардың әрқайсысының алимент төлеу жөніндегі міндетін орындауға қатысу мөлшерін айқындайды. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот алимент төлеуге міндетті адамдардың бәріне, олардың біреуіне немесе бірнешеуіне талап-арыз берілгеніне қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.

2.5. Кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларға алименттер
Кодекстің 143-бабына сәйкес еңбекке жарамды ата-аналар көмекке мұқтаж өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға міндетті. Бұл жағдайда келісім болмағанда алименттер мөлшерін сот отбасының материалдық жағдайына байланысты анықтайды және АЕК тең болады. Егер ата-аналарының арасында келісу немесе келісім болмаса, онда төлем тәртібі мен мөлшерлерін сот анықтайды, бұнда екі ата-анасының да материалдық жағдайы және өзге шарттары ескеріледі. Алименттер нақты шығындарға, сондай-ақ алдағы, болашақта талап етілуі мүмкін шығындарға да талап етілуі мүмкін.

2.6. Кәмелетке толмаған балаларға алименттер.
Ата-аналары кәмелетке толмаған өз балаларын асырауға міндетті, осы асыраудың тәртібі мен нысанын ата-аналардың өздері анықтайды.
Ата-аналары кәмелетке толмаған балалар туралы кодекстің 20-бөліміне сәйкес келісім жасауға құқылы (алименттерді төлеу туралы келісім). Егер ата-анасы балаларын асырауға ақша ұсынбаса, бұл сотта келісіммен немесе ата-аналардың бірі алименттерді төлетуге сотқа талап бермесе, онда талапты қорғаншылық және қамқоршылық органына бере алады. Некені бұзуда сотта келісім қаралады:
кәмелетке толмаған балалардың кіммен тұратыны туралы;
балаларды немесе еңбекке жарамсыз зайыбын асырауға алименттерді төлеу тәртібі туралы;
балаларды асырауға алименттердің мөлшерлері туралы;
мүлікті бөлу туралы.
Егер осындай келісім ерлі-зайыптылар арасында болмаса немесе ол балалардың, ерлі-зайыптылардың бірінің мүдделеріне қайшы келсе, онда осы мәселелер бойынша шешімді сот анықтайды. Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар сондай-ақ баланы асырауға кодекстің 79-бабына сәйкес алименттер төлеуге міндетті. Келісім негізінде алименттерді төлеу - алименттерді төлеудің ерікті тәсілі, ал сот бұйрығы бойынша, берілген талап-арыз негізінде - мәжбүрлі.
Алименттерден басқа ата-аналардан балаларды асырауға қосымша сомалар да шегерілуі мүмкін. Ерекше жағдайлар да бар - ауыр аурулар, кәмелетке толмаған балалардың мертігуі немесе егер оларға бөгденің күтімі керек болса, кәмелетке толғандардың еңбекке жарамсыздығы.

Кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауына алименттер
Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз мұқтаж өз ата-аналарын асырауға және оларға қамқор болуға міндетті. Егер балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарын келісім бойынша ерікті асырай алмаса, онда ата-аналар сотқа алименттерді талап етуге өтініш бере алады. Бұнда бір, сондай-ақ барлық балаларға беруге болады, алайда өз міндеттемелерін орындамаған ата-аналар соттың оң шешімін алуы екіталай, ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар осындай алименттерге мүлде үміткер бола алмайды.
Жоғарыда айтылған жағдайлардан басқа немерелері мен апалараталарының, тәрбиленушілер мен тәрбиелеушілердің және басқа отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері бар.

кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу алимент ұсталатын жалақының және өзге де кіріс түрлерінің бекітілген тізбесі бар, онда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алименттерді ұстау жалақының барлық түрлерінен (ақшалай сыйақы, асырау) және ата-анасы алатын өзге де табыс түрлерінен жүргізілетіні көрсетілген. Бұнда қай валютада болатыны еш маңызды емес - ұлттық немесе шетелдік. Осылайша, алименттер мыналардан ұсталады:
қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін немесе орындаған жұмысы үшін еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген белгіленген лауазымдық айлықақыларға (мөлшерлемелерге) байланысты есептелген жалақыдан;
еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстеме ақылардың барлық түрлерінен, сондай-ақ еңбек ақы төлеу қоры шегінде үнемделген қаражат немесе тиісті мекемені қамтуға көзделген қаражат есебінен алынатын үстеме ақылардан;
еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылардан (ақшалай сыйақылардан);
мына:Атқарушылық Іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 7-тармағымен көзделген;
демалыс уақытында сақталатын жалақыдан, сондай-ақ бірнеше жылғы демалыстарды қосқан жағдайда ғана пайдаланылмаған демалысқа төленетін ақшалай өтемақыдан;
комиссиялық сыйақыдан (сақтандыру агенттеріне, брокерлерге);
азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын және бір жолғы сипаттағы емес шарттар бойынша орындалған жұмыстар, ұсынылған көрсетілген қызметтер үшін алынған кірістерден;
авторлық сыйақы төлемдерінен;
зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабымен көзделген жәрдемақыларды қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтік көмек сомаларынан;
білім беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін стипендиялардан;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түскен кірістерден;
мүлікті жалға беруден түскен кірістерден;
бағалы қағаздар бойынша түскен кірістерден және заңды тұлғаның мүлкін басқаруға қатысудан түскен басқа да кірістерден;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының 1) тармақшасымен және Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 13- бабының1-тармағының 2) тармақшасымен көзделген кірістерден жүргізіледі.
Бұнда әскери қызметкерлерден, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен алименттерді төлету қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты олар алатын, келесі төлем түрлерінен жүргізіледі:
лауазымдық жалақыдан, әскери, арнайы атақ бойынша берілетін жалақыдан, арнайы атақ немесе сыныптық шен үшін қосымша еңбекақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстеме ақыдан;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1) тармақшасымен және Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының тармақшасымен көзделген;
еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты әрі біржолғы сипаттағы және тиісті органды қамтуға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен алынатын сыйақылардан (ақшалай сыйақылардан);
тиісті органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен алынатын үстеме ақылар мен қосымша ақылар сомасынан;
мына:
мертіккен жағдайда төленетін бір жолғы өтемақыны;
зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшін өтемақы төлемдерін;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай соманы;
тұрғын үйді жалдағаны (жалға алу) үшін мақсатты өтемақыны;
жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларға алименттер
Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу
Алименттік міндеттемелер
Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы
Алиметтік міндеттемелерді құқықтық реттеу
Ажырасу
АЛИМЕНТ ЖӘНЕ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕ ТҮСІНІГІ
Зерттеу пәні ата - аналары ажырасқаннан кейін балаларға қорғаншылық тағайындау туралы дауларды қараудың реттейтін заңнама
Ата-аналарды құқығынан айырудың негіздері мен тәртібі
Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар.
Пәндер