Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар


КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық еріктік аумағы Сыртқы көрініс арқылы адамның басқа адамға жай күйін хабарлауы. Академик П. К. Анохин адаммен жануарлардың мінез-құлқын бекітуде эмоцияларды маңызды деп көрсетеді. Эмоциялық әсерленулер эволюцияда тетік ретінде бекітілген, ол өмірлік дәрістерді оптималдық шекте ұстайды және өмірлік маңызы бар факторлардың жетіспеушілігінің немесе артықшылығының алдын алады деген көзқараста болды .
Баланың эмоционалды сферасының зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда аса маңызды.
Себебі оқу тәрбие арқылы тұлға білім, іскерлік, дағдыны меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар айналадағы шындыққа, адамдарға деген эмоционалдық қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туады.
В. К. Вилюнас эмоцияларды жеке психикалық үрдістер ретінде емес, тұлғаның қызметінің көрінісі ретінде қарастырды. Ол эмоционалды құбылыс бейнелеуші мазмұннан және эмоционалды күйзелістен тұрады деп санады.
Л. С. Выготский эмоциялардың теориялық мәселелерін өз зерттеулері арқылы қарастырған. Оның көзқарасы бойынша эмоциялар ағзаны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын реттейді
Жұмыстың өзектілігі - Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар-әлеуметтік тәжірибесін байыту, эмоциялық еріктік аумағы дені сау адамдармен бірлесе қарым қатынас жасауға және коммуникативтік байланыс орнатуға дайындау, мәдени құндылықтар мен нормаларға бейімдеу, мәдени өмірге белсене араласуға тарту; - физикалық дамуына ықпал ету, жеке гигиена дағдыларын қадыптастыру, мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық еріктік аумағы салауатты өмір салтына тәрбиелеу, еңбекке сүйгіштікке, дербестікке, өз әрекетіне есеп беріп, бақылауға үйрету және жүрістұрысындағы ерік-жігер ұстамдылығын арттыру; - еңбекке қабілеттілігін зерттеу мәліметтері бойынша жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, еңбекпен оңалтуды жүзеге асыру, әлеуметтіктұрмыстық бейімдеу, оқытудың барлық деңгейінде білім берудің бірыңғай ашықтығын қамтамасыз ету; - сауықтыру жұмыстарын жүргізу, даму процесіндегі бұзылыстардың қайталануының алдын алу, оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру; - білім беруге ерекше қажеттілігі бар балалардың оқу сапасына мониторинг жүргізу, жалпы білім беру жағдайында оны арттырудың тиімді жолдарын қарастыру;
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық еріктік аумағы жеке ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға- мүмкіндігі шектеулі оқушының даму ерекшеліктерін зерттеу, білім беру процесіне қосудың тиімді түрін таңдау, арнайы педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау оқушының даму ерекшеліктерін зерттеу, білім беру процесіне қосудың тиімді түрін таңдау, арнайы педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау; қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға - толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру; сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға - сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосу үшін жалпы білім беру ұйымдары, физикалық және ақыл-ой дамуының кемістігі бар оқушылардың даму ерекшеліктерінен туындайтын арнайы міндеттерді шешуге дайын болулары керек. Олардың қатарына келесі міндеттерді жатқызуға болады:
Зерттеудің міндеттері :
1. Зерттеу мәселесі бойынша эмоцияналды психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
2. Мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті дамуының ерекшеліктерін анықтау.
3. Тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасындағы - барлық эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар психикалық функцияларын түзету және дамыту
Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша эмоционалды психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Курстық жұмыстың пәні - Инклюзивті білім беру
Курстық жұмыстың құрылымы- курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады. Жұмыс соңында әдебиет тізімі берілген.
1 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ЕРІКТІК АУМАҒЫ
1. 1 Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар
Мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық еріктік аумағы оның құрамында:-білім қызметі - кеңес беру, үйрету және ата-аналарды педагогикалық түзету процесіне қатыстыру; 4) педагогтарға, психологтарға және мектеп ұйымының басқа да мамандарына ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; 5) психикалық даму мониторингі және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларды медициналық-әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық тұрақты қолдау. Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар-арнайы қызмет түріне қажеттіліктерін анықтау барысында алдымен, оқыту және тәрбиелеу мәселелерін шешу барысында баланың қызығушылығына басымдылық беретін ізгілік қағидасы басшылыққа алынады.
Бүгінгі таңда адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімділер қатарына жатқыза алмайды. Өйткені әрқайсымыздың денсаулығымыз - бұл жеке байлық қана емес, сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт.
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар болашағы бар балалар болып табылады. Адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты.
Тұлғаның жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері дамыту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады.
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар-қазіргі кезеңде тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында елдің саяси, мәдени, жақтарын жаңғырту кезінде, жастардың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпал тигізетіні сөзсіз.
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар-адамның тұлғасы қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық тарихи дамудың өнімі.
Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде ала- тын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адам сипаттамасы үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез-келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты. Сонымен қатар тұлғаның дамуында нақтылы тарихи орта негізгі болып саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Сонымен қатар, бұл қағида, әр баланың өз қабілетін барынша дамытуына уақытында қажетті жағдай жасау керектігін білдіреді. Бұл жағдайлар инклюзивтілік принципінің негізінде дамып келе жатқан жалпы білім беру ұйымдарында жасалады.
Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар
Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.
Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.
Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.
Бірінші шарт - оқыту процесін дараландыру және саралау Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті, дағдыларды және денсаулықтың психо-совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар. Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек.
Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортаға балаларды енгізудің түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті: а) қалыпты сыныпта оқыту - танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға арналған. Олар үшін арнайы білім беру бағдарламаларының қажеттілігі жоқ, тек мұғалімнің жеке көмегі керек болуы мүмкін. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай сыныпта, ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын білім беру саласындағы педагог мамандар сабақ бере алады.
Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарынан, ресурс орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады. б) арнайы сыныпта оқыту - арнайы жағдайлар талап етілетін (арнайы бағдарламалар, арнайы әдістер мен оқыту тәсілдері, арнайы жабдықтар мен дидактикалық құралдар, психологиялық-педагогикалық үздіксіз қамқорлық) оқушыларға арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық даярлаудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Оқытуды ұйымдастыру арнайы білім беру ұйымдарына қойылатын барлық талаптарға сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша сараланады - есту, көру, ақыл-ой дамуы, сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары, психикалық дамуының тежелуі бар, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары. Олар контингент болған жағдайда, сонымен қатар ата-аналардың балаларын арнайы сыныптарда оқытуға ниеті болғанда ашылады.
Бұл жағдайда барлық сабақтан тыс іс-шаралар (үйірмелер, факультативтер, спорттық, тәрбиелік), қалыпты сынып оқушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері (түрлері) білім беру жүйесінің қолданыстағы нормативтік құжаттарымен бекітілген.
Балалардың танымдық белсенділіктері жеткіліксіз. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен сипатталады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар есептің шартын, диктантқа арналған сөздерді және сөйлемдерді есінде сақтамайды. Олар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыра алмайды, кей кездері мектептің тәртібіне бағынбайды.
Мұндай балалар көңіл бөлгенді қажет етеді. Түзету жұмыстарын, арнайы оқыту процестерін емдеу мекемелерін талап етеді. Психикалық дамудың кешеуілдеуіндегі әртүрлі дәрежеде сипатталады. Жеңіл түрде көрініс берген жағдайда бұл балалар көмекті жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастыруға болады. Ауыр жағдайлардабалаларда арнайы білім беретін мектептерге немесе мекемелерге оқытады.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың белсенді жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл - күйден, жұмыссыздыққа жиі өту процестері жүйкелік - психикалық жағдайлармен байланысты. Балалар қандай да бір тапсырманы орындауда үлкендердің көмегін қажет етеді. Ересектердің көмегін қажетсіну, іс - әрекеттің нәтижесін меңгеру, оны ұқсас әрекеттерге тасымалдау және психикалық дамуы кешеуілдеуі бар балаларды ақыл - есі кем балалардан ажыратуға болады.
Балаларда іс - әрекеттің тұрақсыздығы қимыл - координациясының жеткіліксіздігі мен режимге бағына алмаушылығы болса да, мұндай балалардың басым көпшілігі дене шынықтыру пәні мен спорт ойындарын жақсы көреді. Олардың психикалық дамуындағы жоғарғы мүмкіншіліктердің бар екендігін түзету жұмыстарын ұйымдастыру барысында ескерген жөн. Психикалық дамуыдың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М. С. Певзнер, Т. А. Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл берумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды.
Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яғни ол психикалық және психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған.
Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі - ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып отыр.
Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (2009 ж. 16 наурыздағы білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру процесіне ішінара интеграциялануын арнайы сыныптар жүзеге асырады .
Осы санаттағы оқушылар үшін арнайы сыныптардың негізгі функциясы, олардың танымдық қабілеттері мен ерекше қажеттіліктеріне сәйкес, тұрғылықты жерi бойынша өзінің білім алу құқығын іске асыру болып табылады. Бұл жерде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу мен интеграциялауға, өз баласының тәрбиесі мен дамуындағы отбасының рөлін арттыруға мүмкіндік жасалады.
Тұлғаның эмоционалдық дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы қоршаған адамдармен қарым-қатынасының сипатына, мінез-құлық ережелерін меңгеруіне байланысты.
Көп жағдайда эмоция және сезім синоним ретінде қолданылады.
Сезім - тұлға қасиеті, ал эмоция сезімнің көріну үрдісі деп қарастырылады. Сезімнің негізгі көзі адамның іс-әрекеттері. Адамның сезімдері бағыты, тереңдігі, тұрақтылығы және әсерлілігі жағынан әртүрлі болып келеді. Эмоция қалпындағы сезімдерді бастан кешіру азды-көпті байқалатын сыртқы көріністермен (бет-әлпет кейпі, ымишарат т. б. ) қатар жүреді. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды.
Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байланысты сезім көптеген жағымды және жағымсыз түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, мазасыздану, зерігу, психоэмоционалдық зорлану. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктердің бірі - қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады (сүйсінусүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым, т. б. ) . Олар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың белсенді және солғын көрініс беруіне байланысты.
. Сезімдер мен эмоциялардың адамның өмір тәжірибесінде алатын орны үлкен. Әр адам өз алдына қойған мақсатын орындау жолында өмір үшін қүресте күшті сезімдерсіз табысқа жетуі қиынға соғады. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу мүшелеріне өзгерістер ендіретінін бет әлпеті мен бүкіл дене қимылдарына, сөздің интонациясы мен тембіріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізеді. Көңіл күй - эмоциялардың күрделі түрінің бірі. Адамның көңіл-күйіне оны қоршаған орта үлкен әсерін тигізіп тұрады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы татулықта, отбасындағы жағдайы жақсы болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекшеліктері әсерін тигізеді. Адмның өміртіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиғалар да көңіл-күйі арқылы көрініс береді.
Арнайы сыныптардағы оқу процесі, есту қабілеті, көру, сөйлеу, тірекқозғалыс аппаратының бұзылыстары, психикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін ҚР МЖБС талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны бойынша жалпы білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін, ал жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін қолжетімді білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін, МЖМБС талаптарынсыз қоғамдағы жеке және тәуелсіз өмір салтын қалыптастыруға қажетті бастапқы кәсіби-еңбек дағдыларын меңгерту арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру мерзімі арнайы сынып жағдайында бастауыш деңгейінде, нөлдік сыныпты енгізу арқылы 1 жылға ұзартылды және оқу-танымдық әрекеттердің баяу қарқынын ескере отырып, сонымен бірге түзете-дамыту және оңалту шараларын іске асыру мақсатында негізгі орта білім беру сатысына 10 сыныпты енгізу есебінен 1 жылға ұзартылды. Екінші шарт - білім беру процесінің барлық қатысушыларын (балалар, ата-аналар, мұғалімдер, білім жүйесінің басшыларын) дамуында шектеуі бар оқушылармен өзара қарым-қатынаста қатар өмір сүруге дайындау. Қалыпты білім беру кеңістігіне арнайы оқу қажеттіліктері бар балалардың енгізілуі, ұжымдағы құрдастарымен тең жағдайда білім алуын көздейдi.
Сондықтан да балалардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайларының барлық көріністерін болжау қиын, әсіресе оның нәтижесін. Инклюзивті білім беру саласындағы кедергі, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты қалыптасқан теріс көзқарас.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары жанында даму ерекшеліктерінде ауытқуы бар, өздерін басқаша ұстайтын қатарластарын көрмеген, үйренбеген. Сондай-ақ ата-аналар да ерекше қажеттіліктері бар балаларды қалыпты сыныпқа енгізу, «стандарттың төмендеуіне» әкеледі деп ойлайды, осыдан қобалжу туындауы мүмкін. Мұғалімдер ерекше қажеттіліктері бар балалар мен мектеп оқушыларының, олардың ата-аналарының, басқа да мұғалімдердің арасында оң көзқарас қалыптастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс.
Нормативті дамыған оқушыларда осы балалардың ерекшеліктері, олар пайдаланатын арнайы құрылғылар туралы сұрақтар туындауы мүмкін.
Дамуында ауытқулары бар баланы қалыпты дамыған құрдастарының оң қабылдауына қоршаған ортасындағы ересектердің әсері бар. Мұғалімдер осындай оқушыларды барлық жағдайларда қолдауға және көмек беруге дайын болуы тиіс. Салауатты оқушыларға құрдастарының дұрыс сөйлей алмауын, дұрыс қимылдай алмауын, өздерін басқаша ұстау себептерін түсіндіруі қажет және т. б. Айырмашылықтар орын алады және басқалар оған құрметпен қарауы керек.
Мұндай жұмыстар ата-аналар жиналыстарында да жүргізілуі тиіс. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ықпалды (толерантты) көзқарас қалыптастыру мақсатында көзделуі тиіс: 10 - білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарына мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы мектеп қызметкерлеріне, ата-аналарға, балаларға қажетті ақпаратты беретін ісшараларды қосу, оның ішінде өмірде табысты, құрметтеу және жоғары қоғамдық мәртебеге ие адамдармен кездесулер ұйымдастыру; - мүмкіндігі ерекше қажеттіліктерді керек ететін оқушыларға олар пайдаланатын көмекші құралдар (мысалы, есту аппараттары) туралы айту және оларды қалай пайдалануға болатынын көрсету;
1. 2 Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеудің мәселелері
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеудің мәселелері арасында өзгеріп отырады. Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеудің мәселелері-Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеудің мәселелері -есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Эмоцияларды бiрнеше топқа жiктеуге болады. Олардың бiр тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тiршiлiк қажетiне орайлас, оның iшкi өмiрiнiң шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бiрi болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйiспеншiлiк, көңiл қоштық т. б. - осындай эмоциялардың ендi бiр тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делiнедi. Бұлар - белсендi әрекетке азды-көптi нұқсан келтiретiн қораш сезiмдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмiтсiздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделi эмоциялар болып та бөлiнедi. қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерiнiң өтелу-өтелмеуiне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделi түрлерiне: көңiл, аффект, құмарлық эмоциялары кiредi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz