Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Кіріспе
Елбасымыз айтқандай егеменді елдің байлығы - білім деп алар болсақ,сол білімнің нәрән себетін ұстаздарымыз емеспе?!.
Қазіргі қоғам талабына сай адам - рухани интеллекті, шығармашылық қабілетті болу керектігі өмір талабынан туындап отыр. Сондықтан білім беру жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Ендеше еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін жас ұрпаққа сапалы білім, ұлағатты тәрбие беру, жалпы адамдық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен ұлттық қолөнер тәжірибелерін үйрету, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Әрбір адамда дүниетану, білімге талпыну болмаса, еңбекке үңіле қарамаса, ілгері басу, прогресс те болмас еді. Сондықтан, ұлттық мәдениетті көтеретін, ұлттық әдет-ғұрыпты, намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарай алатын оқушы дайындауымыз керек. Олар жаңа ойларға, идеяларға шығармашыл болып, күтпеген жерден пайда болған мәселелерді шеше біліп, ақпараттарды саралай білулері керек. Оқушылар кез келген жалпыға танымал ақпарттарды сын тұрғысынан шығармашылықпен қарап, оның ұтымды жақтарын қолдануға тиісті.
Білім беру саласында жас ұрпақты пәндік біліммен қаруландыру ғана емес, олардың бойына өзін-өзі дамыта алатын, өздігінен ізденіп, зерттеуді жүргізе білетін, өзіне-өзі қызмет көрсете алатын, қоғам талабына сай еңбекқор, мәдениетті, ұлттық рухани-адамгершілікті және шығармашылықпен жұмыс істей алатын іскерлік қабілеттерін дарыту, қазақтың ұлттық қолөнерінің ұзақ ғасырлық тарихы бар мол мұра - мәдениетіміз екенін танытуды мақсат етеміз.
Оқушының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту: тоқтаусыз өзгерістегі қоғам талабына сай рухани интеллекті, өз ұлтының тілін, ұлттық мәдениеті мен дінін ғана біліп қоймай, басқа ұлттардың да мәдениеттерін танып, біліп, оны құрметтеуге үйретуде, жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерді сын көзбен саралай алуға, өзін-өзі басқара алуға, жаңаша жобалар мен идеяларға шығармашыл болуға, сайып келгенде, оқушының жан-жақты дамуындағы проблемалық жағдайларды туғызатын теориялық маңызды, практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып есептеледі. Сондықтан, жаңаша білім беру жүйесіндегі Көркем еңбек білім беру саласының арнайы тарауларын оқыту, сабақта жаңа технологиялар мен шығармашылық жобалау әдістері арқылы оқушылардың өз бетімен іздену, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмір ағымындағы материалдық қажеттіліктен туындаған бұйымды дайындау технологиясын үйрету, оның экономикалық тиімділігі, дизайн талаптарына сәйкестігі мен жобалау іс-әрекетінің іскерлік қабілеттілігін қалыптастыра отырып, оқушыларға экологиялық және эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке баулу, шығармашылықпен ойлау қабілеттіліктерін дамыту, тарихи ұлттық мұраларымызды ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыруға баулу, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру міндетіміз.
Қойылған мақсат, міндеттерге жету жолындағы әдіс-тәсілдерге: интернет жүйесімен жұмыс, институт, университеттермен, мәдениет үйі мекемелерімен, кітапхана орталықтарымен, ғылыми - зерттеу мекемелерімен, көркем сурет мектептерімен байланыс, педагогикалық бақылау ( әңгімелесу, сауалнама алу, эксперимент жүргізу, салыстыру), мониторинг шығару, талдау, жинақтау, бағалау жатады. Технология сабағында оқушылардың ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу, даму жолдары зерттеу обьектісі болып саналады.
Оқушыны оқыту, тәбиелеу процесінде өзіндік іздену, зерттеу мен шығармашылық қабілеттілігін дамыту мақсатта жобалау әдісі ұсынылып отыр. Бұл әдіс жас ұрпақтың технологиялық мәдениеттілік қабілеттерін, оқушы мен оқытушы және ата-ана арасындағы бірлесе жақын қарым-қатынаста жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыруда, өзіне-өзі қызмет көрсете алуға үйретуде, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алуға баулуда, қажеттілік пен сұраныстың экономикалық тиімділік жақтарын пайдалана алуға үйретуде ерекше практикалық тұрғыдан маңызды болмақ.
Шығармашылық жоба жұмысы барысындағы оқушы мен оқытушы және ата-ана арасындағы іс-әрекеттік қарым қатынасты, олардың әр қайсысының атқаратын қызметінің орнын төмендегі схемадан көруге болады. Жобалық қызметті ұйымдастыру, графикалық мәдениетін қалыптастыру, технологиялық және техникалық қызмет аймағында сұранысқа сәйкес қолданбалы міндеттерін шеше білуін қалыптастыру технология пәнінің міндеті деп нұсқау хатта көрсетілген.[4]
Жобалау таным әдісі ретінде оқушыларға оқу мен білімнің өмірдегі рөлін сезінуге, оқу мен білімді мақсат етуден гөрі құрал етуді ойлау мәдениетін игеруде сарамандық көмек беруі тиіс.[2]
Бұл әдістің негізін салушылардың бірі - профессор Кильпатриктің пікірінше, Жобаның міндеті жұмыс барысында өзіне практикалық міндеттер қоятын және оны орындай алатын үнемі өзіндік инициатива көтеріп отыратын адамды тәрбиелеу болып табылады.
1 Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы шығармашылығын дамыту
1.1 Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Жалпы шығармашылық іс-әрекеттерін зерттей келе, мамандар бұл ұғымға Шығармашылық- бұл жекелеген мотивациялық құрылым арқылы берілетін ақыл-ой жемісі, ол жеке тұлғаның бойында білім мен ептілік, қызығушылық қабілеттерінің әсерімен айқындалатын қоғамдық маңызды нәтиже... Шығармашылық потенциал әр адамның миында әрбір іс-әрекеттердің формасы ретінде жинақталады деп тұжырымдады.
Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: ...Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі- ішсем, жесем, кисем деп тұрады, екіншісі- көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, ол неге үйтеді, бұл неге бүйтеді деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді..., деген ой-тұжырымы растайды. Жобалау оқыту әдісі бойынша оқушылардан күтілетін нәтиже төмендегідей болмақ:
оқушының бойында рухани- адамгершілік қасиеттер қалыптасады;
ізденімпаздық, зерттеушілік қабілеттері дамиды;
ұқыптылық, жинақылыққа, икемділікке дағдыланады;
жауапкершілікке үйренеді;
шығармашылық қабілеті дамиды;
өз елінің ұлттық рухани және материалдық құндылықтарын құрметтей алатын, патриот тұлға болып қалыптасады.
Шығармашылық, ізденушілік кез-келген кәсіппен тікелей байланысты.
Жобаның тақырыбы оқушының мүмкіншілігіне сай, қазіргі күнделікті өмірдегі өзекті мәселелерге байланысты, ал шығарылған қорытынды тәжірибе жүзінде іске асып, адам қажеттілігін қанағаттандырарлықтай болуы шарт. Бұл оқушының бағалы, әрі сапалы жұмыс істеуін, жауапкершілігінің жоғары болуын, өзіне талап қоя алуын, қойған мақсатына жетуін, топтаса жұмыс істеу дағдыларын, шығармашылық қабілетінің артуын қалыптастырады. Шығармашылық жобаны орындау барысында оқушы технология пәнінен алған білімін пайдаланып қана қоймай, басқа пәндерден де алған білімін пайдалана алады.
Жобаның тақырыбын таңдауда әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктеріне, олардың бейімділігі мен психофизиологиялық қабілетіне, икемділігі мен қызығушылығына мән беру керек.
Баланы ізденушілік, шығармашылыққа баулу, оған зерттеу дағдысы мен білктілігін игертіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету үшін, баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін, зерттеу жүргізу керек. Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре алу болып табылады. Мұғалім оқушының қабілеттілігін жан-жақты зерттемей отырып, оның тәрбиесі мен оқуында нәтижелі жетістікке жетуі мүмкін емес.
Оқушылардың жобамен жұмыс істеуге дайындықта, жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда төмендегі кілттік құзыреттіліктерді меңгеруі керек:
Проблемаларды шешу мен өзіндік менеджмент:
проблемалық жағдайларды көре алуы;
қажеттілікті анықтай алуы;
мақсат қоя білу, оған жету үшін міндеттерді анықтай алуы;
ақпараттық мәліметтерді жинақтай білу, оның негізгісін анықтай алуы;
нақты нәтижені анық айқындап көрсете алуы;
өз мүмкіндігін дұрыс бағалай білуі.
Ақпараттық жүйе;
жоба бойынша ақпараттарды алудың түрлі көздерін білуі;
әдебиеттер, анықтама құралдар, ғылыми мақалалар мен оқулықтар, түрлі кешендерді пайдалануы;
әдебиеттерге талдау жасай алуы және қажетті мәліметтерді бөліп алуы;
интернет байланыстарын пайдалана алуы;
қажетті ақпаратты тауып, жоба бойынша технологиялық карта құру;
жоба туралы ақпаратты, оның нәтижесін сауатты түрде ұсыну.
Мұғалімнің бағалау қызметі;
Топта жұмыс істей отырып, топ мүшелерін тыңдау білуі; өзгенің пікірін құрметтеп, сұрақтарды талдай алуы;
Жоба бойынша серіктесімен қарым-қатынас орнатуы;
Өз ой-пікірін анық, нақты және сауатты жеткізуі;
Өз көзқарасын жеткізіп, пікірталасқа түсе білуі;
Интернет байланыстарымен жұмыс жасау дағдыларын меңгеруі;
Жоба жұмысын ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, презентациясын дайындап, оны қорғауы.
Жобаны орындаудағы негізгі әрекет алгоритм әдістемесі болып табылады. Зерттеуші Н.В. Матяш анықтауы бойынша жобаны орындаудың алгоритмі төмендегі үш сатыдан тұрады: ұйымдастырылған дайындық сатысы, технологиялық сатысы, қорытынды сатысы [3]
Шығармашылық жоба жұмысының қорытынды бағасы әр сатылардың орындалу есебінен, әрі конструкциялау, модельдеу, дайындалуы, бұйымның сапасы және негізгі ұсынысы мен оны қалай қорғай алуына байланысты қойылады.
Қорытындылай келе, бұл көрсетілген педагогикалық жобалау іс-әрекеттің жиынтығы орындалған жоба жұмыстарының нәтижелерінің бағалануы негізінде әрбір оқушының жеке дара даму деңгейін анықтап беретін, ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттілігінің көрсеткіші ғана емес олардың жан-жақты дамуы мен болашақтағы мамандығына дұрыс таңдау жасай алу жолдарында ерекше орын алады деп есептеймін.
Ең маңыздысы, осы жоба әдісі арқылы ұлттық дәстүрлер мен ұмыт болған қолөнерімізді қайта жандандырып, барын жаңартып, көнесін ескінің көзі деп сақтауға үйретіп, оларды күнделікті тұрмыста, отбасында, ұрпақ тәрбиесінде қолдана білуіміз керек. Бұл оқушылардың уақыт талабына сай адам болып тәрбиеленуі мен білім алуына негіз болады деп ойлаймын.
Көркем еңбек пәнін оқытуда - еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім - тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Негізгі мақсатымыз - Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде.
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән Еңбекке баулу бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену - Ы. Алтынсарин 1887 - 1888 жылдары орыс - қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған. Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады. Болашақ кәсіпкер:
- өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;
- азаматтық нарыққа қатыса алады;
- өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;
- жұмыстың сапасына жауап беруші.
Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс - тәсілдерді қамтамасыз етуді шешу - мектептің материалдық - технологиялық базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау.
Ата - ана, ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен бірігіп, жастарды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған оқу - тәрбиелік шығармашылық орта құруы қажет.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі.Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс - әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: Сөзден - іске көшу. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.
Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация - оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл - ой қабілетінің жеке дамуының жан - жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.
Көркем еңбек - пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі.
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту - халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре - көре, жүре - жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды.
Олар үнемі көтеріңкі көңіл - күйде жүреді. Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн.
Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады. Қазіргі қоғамның жаһандану үдерісінде адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен жаңа еңбек салаларының қалыптасып дамуына ықпал етуде. Ол адам еңбегінің икемді, қолайлы және тиімді орындалуына мүмкіндіктер жасап келеді. Соның бірі, өндіріс пен қызымет көрсету салаларында замануи материалдардың пайда болуы, инновациялық технологияялардың, акпараттық-коммуникациялық технологиялардың үдемелі даму болып табылады. Осы замануи инновациялық технологиялар барлық қоғамның инфрақұрылымдарына үйлесімді енгізілуі негізінде тұрпайы еңбек түрлері еңбек нарығында жойылып, жаңа еңбек түрлерінің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Соның салдарынан қазіргі еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болып, олардың еңбек мазмұны да жиі өзгерістерге ұшырып келеді. Осыған куә болатын үлгілерге өндірістердегі автоматтандырылған қондырғылармен өнімді жасау, сол сияқты қызмет көрсету салаларында кішігірім құралдар мен аппараттардың кеңінен қолданылып, маманның еңбек опеацияларын жеңілдетуге үлкен көмегі тиіп келеді. Бұл үлгідегі құрал-жабдықтар қазіргі өндірісте, қызмет көрсету саласында және тұрмыста да кең орын алып келе жатқаны белгілі. Олай болса, бастауыш мектеп пен жалпы орта мектептің он екі жылдыққа көшуге бағытталған жаңартылған білім беру процесінде анықталған білім беру мазмұнының кіріктіре түзілуі, оқу пәндерінің бірігуі мен жаңа сипаттағы атулардың қалыптасуына алып келді. Соның бірі, Бейнелеу өнері мен Технология оқу пәндерінің біріктіріле Көркем еңбек атауының қалыптасуы болып отыр. Кеңес Одағының қалыптасуы кезінен бері Бейнелеу өнер пәні деген атау өткен ғасырдың соңғы жылдарында анықталып, оған дейін мектепте Сурет оқу пәні деген атаумен оқу үдерісінде жүріп келді. Оның білім беру мазмұны өткен ғасырдың басынан бері қазіргі кезге дейін түпкілікті өзгерістерге ұшырамай, өзінің классикалық тәжірибесі сақталып келді. Нақты айтсақ, бейнелеу өнердің түрлері, олардың жанрлары, көркемдік-мәнерлі құралдар мен оларды бейнелі құралдармен орындау болып отырды. Бейнелеу өнері оқу пәнінің білім беру мазмұнындағы өзгерістердің немесе жетілдірудің бір белгісі - дизайн оқу бөлімі мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданбалы бағдарламаларымен бейне кескіндерін орындау болып табылады.
Ал, Технология оқу пәнінің білім беру мазмұны Кеңес Одағының қалыптасуы мен дамуы барысында бірнеше рет өзгерістерге ұшырап келді. Өткен ғасырдың бас кезеңдерінде комплексті білім беру тұжырымы немесе тұрғысы бойынша оқушыларды еңбекке үйретуге бағытталған болатын. Оның басты идеясы аталған білім беру бағдарламасында оқушылардың жаратылыстану, математика және гуманитарлық оқу пәндерден алған білімдерін тәжірибеде қолдануға еңбекке баулу оқу пәні аясында жүзеге асырылған. Оған үлгі ретінде, оқушылар биология оқу пәні сабақтарында өсімдік, үй жануарлары, құстар туралы білім алумен ғана шектелсе, олардың қоршаған оратағы пайда болуы, өмір сүруі, көбеюі туралы тікелей тәжірибелер жүру, сол пәннің оқу үдерісінде емес, еңбекке баулу оқу пәнінің оқу үдерісінде жүзеге асырылып келген. Оған дерек ретінде Ж.Аймаутовтың еңбегінде ұсынған комплексті бағдарламамен мектеп оқушыларын тәжірибеге оқыту мен үйрену болып табылады[1]. Кеңес Одағы кезде әрбір мектептің ауласында тәжірибелі станциялар, үй жануарлары мен құстарды күту, олардың көбею процестерін бақылау, зерттеу, тәжірибе жүргізу сияқты іс-әрекеттер орындалып келді. Бірақ, 1930 жылдары өндірістерде шығатын өнімдердің сапасын арттыру мен түрлерін көбейтуге байланысты мемлекет тарапынан жоғары білікті мамандарды даярлау қажет етті. Соның салдарынан жалпы орта мектепте ғылым салалары бойынша оқу пәндері дербестеніп, сол уақыттан бері жалпы орта мектептің оқу пәндері, тек ғылым салалары(жеке оқу пәндері) бойынша оқушыларға білім беріп келеді.
Өткен ғасырдың 40-60 жылдары еңбекке баулу оқу пәнінің білім беру мазмұны басым жергілікті аймақтардың еңбек түрлеріне сәйкес құрылып, оқушыларды сол еңбек түрлеріне үйретіп келді. Ал, 80 жылдары барлық Кеңес Одағының Республикаларындағы жалпы орта мектепке арналған типті білім беру мазмұны құрылып, сол оқу бағдарламасы бойынша 90 жылдың бас кезіне дейін сақталды. Мұнда оқу пәнінің атауы Еңбек болды. Осы оқу пәнінің білім беру мазмұны ағаш, метал, мата, тағам дайындау, электротехникалық жұмыстар, конструкциялық материалдарды өңдеу, ауылшаруашылық жұмыстар сияқты оқу бөлімдерінен құралған. Осы Еңбек оқу пәні бойынша жоғары сынып оқушылары нақты еңбек түріне бағытталған кәсіби білім алуымен де жалғасып тиімді дәстүрге айналып отырды. Бұл оқу пәнінің шектеулі еңбек түрлерінің болуындағы басты идея, оқушыларға жалпыламалық еңбек мазмұны бойынша білімі мен іскерліктерін қалыптастыру еді. Сонымен бірге, Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде вариативтік оқу бағдарламасы да қалыптаса бастады. Оның атауы көркем еңбекпен байланысты болды. Мұнда оқушылар сәндік-қолданбалы өнер түрлері бойынша білім алумен бірге әр түрлі сәндік бұйымдар жасауға ұмтылдырды. 1986 жылддары Қазақстанның жалпы орта мектептерінің Еңбек оқу пәнініңде кеңінен сәндік-қолданбалы өнердің түрлері бойынша ұлттық бұйымдарды жасауға үйрету кеңінен орын алды. Ал, 1998 жылы Қазақстанда тұңғыш рет білім беру стандартының енгізілуіне байланысты еңбек оқу пәні Технология білім беру саласы деген атау беріліп, оның білім беру мазмұны күрделі өзгерістермен жетілдірілді[7]. Осы атаудағы оқу пәнінің білім беру мазмұны Е.Климовтың еңбек түрлерін топтау ұсынысын ескере жасалып, оқушыларды қоғамдағы әр түрлі еңбек мазмұны бойынша таныстыру мен қарапайым еңбек тәсілдерін үйрете, олардың болашақ өзін-өзі анықтау мен өмір жолын таңдауға ықпал ететін мамандық түрін саналы таңдауға дайындау болып табылды[4]. Технология оқу пәнінің білім беру мазмұны сегіз бөлімнен құралса, оның бір оқу бөлімі сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыруға арналған. Осы білім беру мазмұнындағы технология оқу пәні осы уақытқа дейін сақталып келді.
Олай болса, технология пәнінің білім беру мазмұнында көркем еңбектің оқу материалдарының сақталуы жаңа атаудағы оқу пәні бойынша сабақ беретін пән мұғалімдеріне қиындықтар туғызбайды. Оларда біршама кәсіби білімі мен іскерліктері және тәжірибелері жеткілікті.
Қорыта айтқанда, еңбекке баулу оқу пәнінің білім беру мазмұнының өзгерістері мен жетілуіне ықпал еткен өндірістер мен қызмет көрсету салаларындағы еңбек түрлерінің жаңаруы мен мазмұнының өзгеріп отыруына, жалпы айтқанда, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, оқушылардың жаңа еңбек түрлері мен мазмұны бойынша таныстырулар жасап, олардың қарапайым еңбек тәсілдеріне үйрете, өзбетімен болашақ мамандықтарын саналы таңдауға мүмкіндік беруге бағытталған.
Қазіргі жаңартылған білім беру үдерісінде қалыптасып отырған жаңа атаудағы Көркем еңбек білім беру бағдарламасы кіріктірілген тұрғыда білім берудің теориялық негізіне сәйкес анықталғаны белгілі[5]. Бұл атаудағы оқу пәнінің білім беру мазмұнына талдаулар жасау барысында, оның тұжырымдық бөлімінде, яғни мақсаты - оқушылардың көркемдік-технологиялық білімі мен іскерліктерін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен ойлауын дамытуға бағытталып, еңбекке баулу оқу материалдарына басым бейімделсе, оның нәтижеге бағытталған оқыту мақсаттарының жүйесі бейнелеу өнері оқу материалдары кеңінен қарастырыла қамтылғаны байқалады. Екі оқу пәнерінің кіріктіріле құрылған мақсаты мен білім беру мазмұны арасында үйлесімділіктің толық анықталмағаны және қисынсыздықтың белгілері айқындалып отыр.
Кіріктірілген Көркем еңбек білім беру бағдарламасының құрылуында ескерілетін мәселе, ол кіріктіре білім беру мен оқытудың теориялық негізін ерекше көңіл аударылуы қажет еді. Ол білім беру тұрғысында екі оқу пәннің біріктірілуінде бір оқу пәнінің оқу материалының басымдылығымен анықталуды ұсынады. Бірақ, ол оқу материалы қоғамдық қажеттілікті, оқушы тұлғасының сұранысы мен қызығушылықтарын ескеруі абзал. Көркем еңбек оқу пәнінің атау мазмұнында да бейнелеу өнерінің оқу материалына тән белгі - көркем ұғымымен ғана байланысты болып қана тұр. Оның өзі де тек механикалық сөз құрауға ғана қажет болғаны байқалады. Шын мәнінде көркем сөзіне емес еңбек ұғымы сөйлемнің және көркем еңбек атаудың түйінді мәнін ашады. Олай болса, Көркем еңбек білім беру бағдарламасының мақсаты орынды анықталып, ал, оқыту жүйелерінің мақсаттары және қолданылатын ресурстар бейнелеу өнер оқу материалдарына икемделіп кеткені анықталып отыр. Сондықтан, кіріктірілген Көркем еңбек оқу бағдарламасының білім беру мазмұнында жетекші білім беру мазмұны технология оқу материалы болып сақталуына толық дәрмендігі бар. Ал, бейнелеу өнері оқу материалы оқушылардың еңбек өнімдерін жасау барысында қолданбалы сипаттағы, яғни бұйымдарды әсемдеу мен көркемдеу тәсілдерін қолдануда ғана қажет етеді. Көркем еңбек оқу пәнінің сабақтарында оқушылар технология оқу пәнінің оқу материалдарымен тығыз жұмыстана отырып, өздерінің танымдық, тұлғалық және әлеуметтік қасиеттерін дамытуға толық мүмкіндіктері бар.
Көркем еңбек оқу пәнінің атауы технология білім беру мазмұнын толық мәнін, бейнелеуін сипаттай алмайды. Өйткені, технология оқу пәнінің оқу материалы сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыру ғана оқу материалымен шектелмейді. Сонымен бірге, электротехника және электроника, ауылшаруашылық өндірісі, конструкциляқ материалдарды өңдеу, тұрмыстық үй және үй экономикасы, кәсіби бағдар, қазіргі өндіріс технологиясы, техникалық шығармашылық сияқты оқу материалдары да қамтылған. Ал, біздің оқу пәнінің атауы көркем еңбек. Олай болса, кіріктірілген білім беру мазмұны тек бейнелеу өнері мен технология оқу пәнінің сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыру оқу бөліміне ғана қатысты болып отыр. Технология оқу материалының қалған оқу бөлімдеріне тән оқу пәнінің атауы, оның білім беру мазмұнын толық қамтымай отыр.
Осыған сәйкес, біздің тарапымыздан бірнеше рет ұсыныстар жасалды. Ол ұсыныс көркем еңбек атауды технология және дизайн атауына алмастыру. Оның себебі, кез-келген еңбекте маман өнімнің түрін анықтап, оның нобайын жасау кезінде техникалық, технологиялық белгілерін бірінші қарастырып, анықтап алады. Оны әсемдеу жағы екінші кезеңде орын алады. Технология деген ұғым пән атауының мазмұнында болуы кіріктірілген білім беру мазмұнын толық сипаттауға, ашуға мүмкіндігі жеткілікті. Кез-келген еңбек - ол белгілі технологиялық процестен құралады. Соның ішінде бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары бойынша жұмыстарды орындау технологиялық процесті құрайды. Сондықтан, көркем еңбек оқу пәнінің атауында технология деген ұғымды енгізу біршама білім беру мазмұнының мәнін толық ашуға мүмкіндік береді. Екіншіден, технология ұғымы қазіргі кезде өзектілігі мен қолданылуы кең таралып отырғаны белгілі.
Көркем еңбек оқу пәнінің аталуы қазіргі қоғамның дамуы мен жетілу үдерісіне үйлесімсіздігін білдіреді. Бұл атаудың білім беру саласында қалыптасуы, ол өткен ғасырдың 80-90 жылдары Қазақстанның тәуелсіздік алып, халықтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрін қайта қалыпына келтіре жаңарту мен дамытумен байланысты. Соның негізінде технология оқу пәнінің оқу материалдары құрамында кеңінен қолөнер, сәндік-қолданбалы өнері, көркем еңбек деген атаулар жиі қолданылып отырды. Әрине, сол кезеңде көркем еңбек атауының өзектілігі жоғары болды. Бірақ, қазіргі кезде оқушыларды жалпы орта мектепте көркем еңбек оқу пәнінің білім беру мазмұнымен ғана шектемей, қазіргі қоғамның өндірісі мен қызмет көрсету саласындағы замануи технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен қалай жаңа өнімдер мен өндірістерде адамның еңбегін жеңілдете аламыз. Міне, осы қоғамның жаңа талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жас ұрпақты мектептің қабырғасында дайындау қисындылығымен жанасады.
Көркем еңбек білім беру бағдарламасында көзделген білім берудің тұрғылары: белсенділік, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік, құндылықты- бағдарланған, деңгейлеп оқыту, коммуникативтік, көркемдік-технологиялық аясында оқу процесінде оқушының үйренуі мен мұғалімнің үйрету арасындағы өзара қарым-қатынастағы оқу-танымдық іс-әрекеттердің оқыту мазмұнын құрауды анықтағаны белгілі[5]. Бірақ, Көркем еңбек білім беру бағдарламасының алдында жобалы мазмұнда дайындалған Бейнелеу өнері оқу пәніне жасалған оқу бағдарламасында оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдеріне: бірлескен оқыту, белсенді оқыту, саралап оқыту, мультисенсорлы оқыту, пәнаралық байланыс, оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес, оқу әңгімелері, электрондық оқыту мен жаңа технологияларды қолдану, модельдеу түрлері қарастырылған болатын[3]. Біздің осы жаңартылған білім беру үдерісі бойынша өткен оқу курстарында бейнелеу өнері немесе көркем еңбек оқу пәнінің оқыту мазмұнында соңғы оқыту әдістері бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттермен шұғылдандыруға дайындықтар жасап, оның оқыту мазмұны бойынша облыстағы бейнелеу өнері оқу пәнінің мұғалімдеріне біліктілік курстарында қарастырып өттік.
Жоғарыдағы аталған оқытудың тұғырлары мен педагогикалық әдіс-тәсілдер өзара үйлесімділікті толық қанағаттандыра алмайды. Өйткені, әрбір білім берудің тұрғылары немесе моделдері педагогикалық құндылықтарды қарастыруда тұжырымды немесе ғылыми негізделген теориясы аясында оқытудың өзіне тән ғана оқытудың әдіс-тәсілдерін, оқыту мазмұнының ерекшеліктерін қарастырады. Ол білім берудің тұрғыларында қолданылатын оқытудың әдіс-тәсілдері Ресей Федерациясының педагог-ғалымдары мен психолог-ғалымдары біршама теориялық негіздерін қарастыра отырып, олардың оқыту әдіс-тәсілдері мен оқыту мазмұндарының үлгілері анықталған. Ал, Көркем еңбек білім беру бағдарламасында бірнеше білім берудің моделдеріндегі оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануды және жүзеге асыруды көздейді. Ал, оқу пәнінің білім беру бағдарламасында да, мұғалімдерге ұсынылған нұсқаулықтарда да сол білім беру моделдерінде қолданылатын оқытудың әдіс-тәсілдері, әдістемелік ұсыныстары белгіленбеген. Егер пән мұғалімдері аталған білім беру тұрғыларын теориялық негізгі бойынша түсініктері болғанымен, ол оқыту әдістерін және оқыту әдістемелерін қалай қолдану тәжірибелері бойынша дәрмендігі төмен болмақ. Білім беру тұрғыларында қолданылатын әдіс-тәсілдерді оқу пәнінің оқыту мақсаттарына жетуге бағытталған әдістемелік әрекеттерде, ол оқыту әдістерін қалай және қандай кездерде қолдану керек? Осы мәселеге бағдарламаны ұсынып отырған авторлар қалай жауап берек?
Сол сияқты бірлескен оқыту, белсенді оқыту, саралап оқыту, мультисенсорлы оқыту, пәнаралық байланыс, оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес, оқу әңгімелері, электрондық оқыту мен жаңа технологияларды қолдану, модельдеу түрлері құралдарымен оқушыларды үйрете оқыту мақсатына жетуге потенциалдары қандай? Әрине, оқу курстарында аталған педагогикалық әдіс-тәсілдердің біршама түрлері бойынша мұғалімдердің түсініктері мен алғашқы тәжірибелері өздерінің мектептегі әдістемелік әрекеттері негізінде орындауға мүмкіндіктері бар. Бірақ, аталған оқытудың әдіс-тәсілдерін оқу үдерісінің қандай кезеңдерінде және қандай тақырыптарда қолдану тиімді болмақ? Осы сауалдарға да біздің тарапымыздан қиындықтар туындап отыр. Сонымен бірге, осы оқыту (педагогикалық әдіс-тәсіл деген ұғымдық түсінік басым тәрбие әдіс-тәсілдеріне кіреді, сондықтан, дидактикада педагогикалық әдіс-тәсіл деп атау орынсыз, оқыту әдісі деп атайды) әдіс-тәсілдері басым түрлері көркем еңбек білім беру бағдарламасында анықталған оқыту әдіс-тәсілдерінде сақталмағаны байқалады. Олай болса, мектеп мұғалімдері көркем еңбек оқу пәнінің оқу үдерісіндегі оқыту мақсаттарын орындауға нақты қандай оқытудың жүйелі әдіс-тәсілдерін және оқыту мазмұнын қарастыру керек.
Көркем еңбек білім беру бағдарламасында көзделген біршама әдістемелік негіздерде біршама күмән келтіреді. Оқытудың мазмұнына сәйкес бағдарламаны және әдістемелік нұсқауларды жасаған авторлар шет елдердегі оқытудың стратегияларын басым ұсынады [6]. Оқытудың қызметтері, шарттары, талаптары мен ережелері сияқты дидактикада қабылданған әдістемелік ұғымдық аппараттар тыс қалған. Сондықтан, білім беру бағдарламасындағы әдістемелік бөлімінде міндетті түрде орнықты және оқу үдерісін толық жүзеге асыруға кепіл беретін әдістемелік негізі болуы да орынды болмақ.
Осы жоғарыдағы туындаған проблеманың пайда болуына негізгі себептің бірі - жаңартылған білі беру үдерісінде қалыптасқан білім беру мазмұны және оқыту мазмұнының теориялық тұрғыда терең зерттелудің көзделмеуінде деп білеміз. Әрине, педагогика ғылымында тәжірибе негізінде алынған нәтижелерге байланысты да теориялық негіздемелер жасауға да болады. Келешекте осы мәселені білім беру бағдарламасын жасаған авторлар ескереді деген сенімдеміз.
Олай болса, келешекте, яғни жақын арада көркем еңбек білім беру бағдарламасының оқыту мақсаттарын жүзеге асыруға байланысты теориясы негізделген, тәжірибеде тиімді және ұтымды оқытудың әдіс-тәсілдері жүйеленген, оқыту мазмұны кең ашылып, оның рөлі барлық сабақ түрлерінде толық жүзеге асырылатын құралдар болуын күтеміз. Сол сияқты осы оқытудың құралдары қазіргі мектеп мұғалімдеріне ғана емес, келешекте педагогикалық жоғары және арнаулы оқу орындарында кәсіби білім алып жатқан болашақ мамандарды даярлауға да тиімді ықпалы болмақ.
1.2 Мектеп оқушыларын көркем еңбек пәнінде қолөнерді оқытуға
даярлаудың қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының жарық көруі, осыған орай мектеп бағдарламаларында болып жатқан өзгерістер, соған сәйкес қолданысқа енген жаңа оқулықтар, оқушыларды дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман дайындау ісіне жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Осыған орай Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде болуына қойылатын талаптар да күшейді.
Мектептердегі қолөнерді оқыту үрдісі мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Оның қызметінің мақсаты оқушылардың белсенді, саналы, танымды қызметін басқару болып саналады. Мұғалім оқушыларға бірте-бірте күрделі талаптар қояды, соның арқасында баланың танымдық ойының ілгерлеу қозғалысын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқытудың табысты өтуіне жағдай жасайды, соның көмегі арқасында мазмұн оқушының игілігіне айналатындай әр түрлі әдістерді пайдаланады.
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептерде қолөнерді оқытуда, бірақ осы пәнді өз деңгейінде жүргізетін теориялық, практикалық және пәнді жүргізудің әдістемесін меңгерген мұғалім жоқтың қасы. Болашақ технология мұғалімдерін қолөнерді оқытуға дайындау шеберлігін қалыптастыратын теориялық және практикалық біліммен оны оқытудың әдістемесін меңгерудің маңызы зор. Сондықтан кәсіптік білім мамандығы бойынша білім беретін жоғары оқу орындарында жалпы Қолөнер пәнін оқудың әдістемесі атты элективті курсты енгізетін болсақ, нәтижесінде мектептегі қолөнерде көркемдік-эстетикалық білімді жан-жақты үгіттей білетін, жалпы мәдени және көркемдік ой-өрісі кең, көркемдік талғамы, эстетикалық мәдениеті биік мұғалім қалыптасады.
Қолөнер пәні графиканы, кескіндемені, сәндік қолөнерді, монументалдық өнерді, мүсінді зерттеу т.б. бағыттарын қамтиды. Өнер тарихы пәні лекция және пікір алысу сабақтарының түріне жатады. Жалпы білім беретін мектептерде қолөнерді оқудың әдістемесі пәнінде оқушыларға лекция сабақтарының өтілу әдістерін, сабақ жүргізудің әртүрлі формалары, сабақ материалын түсіндіру (лекция, әңгіме), оқушылар баяндамасы, коллоквиумдер, оқушылардың рефераттары, ауызша және жазбаша талдаулар, көркемөнер қайраткерлерімен кездесу, жергілікті өлкетану мұражайларымен, шеберханаларды аралау арқылы түпнұсқалармен тікелей таныстырудың әдістерін үйрете отырып, оушыларға үлгілі сабақтар жүргізеді. Оқушылардың әртүрлі формада өткізетін сабағына байланысты күнтізбелік жоспарларын әзірлейді және бекітілген тақырып бойынша күнделікті сабақ жоспарын және көрнекілігін дайындайды. Көрнекілікті пайдалана білу, қолөнердің түрлері мен жанрлары, әжелердің шығармаларының иллюстрация материалдарын көбірек талдау арқылы өнертанымдық білімдері қалыптасады.
Оқушыларды тақырыптар бойынша лекция жазуға, атап айтқанда: конспект жазудың тәсілдерін, жалпылама қолданылатын қысқартулар мен белгілеулерді көрсету, лекция материалдарын толықтыруға, керекті сызбаларды, кестелерді пайдалануға үйретудің әдістері, иллюстрацияны талдауға, көркем шығармамен өз бетінше жұмыс істеуге үйретеміз. Көрнекілік әзірлеу, пайдалану әдістерінің шарттары мыналар;
а) қолөнеріндегі қолданылатын көрнекілік оқушының жасына сәйкес болуы; б) иллюстрацияны көрсеткенде басты, маңызды жақтарын бөліп көрсету;
в) көрсетілетін көрнекілік материалдың мазмұнымен сәйкес болуы;
Сонымен қатар оқушыларға сабақ барысында көрнекілікті шектеулі пайдалануы керектігі және оны бірте-бірте тек сабақтың қажет сәтінде көрсетуін үйрету.
Оқушыларға қолөнерін үйретуге дайындау әдістемесі пәнінен лекция сабақтары мен семинар сабақтары қатар жүргізіледі. Болашақ технология мұғалімдеріне қолөнер пәнінде семинар сабақтарының өтілу әдістерін семинар сабақтарында оқушылардың әр ақпараттарға терең талдау жасауын және дәл баға беруін, оны оқушыларға өз бетінше атқаруға үйретуге мүмкіндік туғызудың жолдарын қарастырамыз. Егер лекцияда жетекші рольді мұғалім атқарса, семинарда жетекші рольді оқушылар атқарады.
Болашақ технология пәні мұғалімнің кәсіби дайындығы педагогикалық оқу орнында аяқталмайды, ол кәсіби қызметтің барлық кезеңі бойына жалғасады. Мұғалімнің кәсіби білімінің үздіксіздігі оның шығармашылық қабілеті дамуының, оның қызметінің интегративті элементі және жеке педагогикалық тәжірибесінің әрдайым дамуының алғы шарты болып табылады, олар:
- орта және жоғары оқу орындарындағы қолөнер тарихы курсының ғылыми және психология-педагогикалық негізінің құрылымы мен мазмұны;қолөнер пәнін оқытудың принциптері мен әдістері;
- пән бойынша бейнелі күнтізбелік, тақырыптық күнтізбелік және сабақ жоспарларының жасалуы;
- сабақта көрнекіліктерді пайдалана білу;
- иллюстрация материалдарын талдай білу;
- қолөнер пәні сабақтарында ойын-тапсырмаларын пайдалана білуі;
- сәндік қолөнерінің түрлері мен жанры тақырыбында шығармашылық көрмелер ұйымдастыра білу;
- оқушылардың білімдерін бағалай білу;
- өзінің өткізген сабақтарын талдай білу;
-әлеуметтік-эстетикалық компоненттілік қолөнердің өнегелі және эстетикалық құндылықтарын ажырата білу,
- өнер шығармаларына эстетикалық көзқарасын қалыптастыру;
-қабылдау және оның ерекшеліктері мен қайталанбастығын бағалай білу.
Практикалық немесе оқушылардың өзіндік жұмыстарында:
оқушылар және жеткіншектермен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде бақылау, талдау шеберліктерін игерту;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу- тәрбие жұмысын жоспарлауды үйрету;
әр алуан типті сабақтарды әртүрлі әдістерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызметін дамытуға арналған сабақтар өткізуге дайындау;
ұжым оқушылармен сынып жетекшісі функцияларын тиянақты орындауға, оқушылармен жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізуді үйрету;
педагогикалық қызметке шығармашылықпен, зерттеушілікпен келуін дамыту, өз еңбектерін талдау дағдыларын дамыту, өз білімдерін жетілдіру қажеттігін дамыту.
Біріншіден, оқушыларды қолөнер пәнін оқытуға дайындауда білімділікке емес, алған білімін өмірдегі кездесетін жағдайларды шешуде пайдалана алатындай етіп дайындау, оның функционалдық сауатының қажетті деңгейде болуына басымдық берілуі керек. Екіншіден, жаңа технология ретінде сабақ үрдісінде оқушылардың өзара белсенділігін арттыру (интерактивті) әдісін жетілдіре және оның формаларын түрлендіре отырып, мұғалімдер арасына тарату, педагогикалық жүйедегі жұмыстарды іске асыруда тыңғылықты жүргізу керек.
Оқушыларды қолөнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесінде мұғалімінің шеберлігін қалыптастырудың тағы бір тиімді жолы ол педагогикалық іс-тәжірибеден өтуі.
Бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да жол таба білуге бейім жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz