Аралардың бактериалдық ауруларының түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ара шаруашылығы немесе Омарта шаруашылығы ауыл шаруашылығы-ның ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар - Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Михаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтарәкелдірді. 1915 - 16 ж. оның басшылығымен Оңт.-батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау етектеріндегі аудандарда ғана дамыды. Кейін омарталар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді алқаптарында қанат жайды. Балауызы өнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия, т.б. салаларында шикізат ретінде пайдаланылады. Ал прополис, ара уы, т.б. осы сияқты ара өнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен қолданылады. Ара шаруашылығы ауылшаруашылығының дамыған бір саласы болып табылады. Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолданылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызын кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Олар: аналық ара сүті, прополис, бал ара уы; Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген. Лабораториялық зерттеулермен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігі анықталған. Бүгінгі таңда бал тек қана жоғарғы тағамдық өнім ғана емес сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Ара балы табиғаттың керемет сыйы. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген.Лабораториялық зерттеулер мен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігін анықтаған. Оның құрамында организмге бағалы жүздеген компоненттер бар: глюкоза, лебулеза, витаминдер, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, минералдар, горманалды, антибактериалды тағы басқа заттар. Осы бір пайдалы да дәмді өнімді белгілі жәндіктер бал аралары өндіреді.
Балауыз- аралардың арнайы сөлінен түзілетін қатты, ұсақ түйіршікті, түссіз, қошқыл-қоңыр түсті зат. Өндірістің 40-тан астам салаларда, соның ішінде авиациялық, текстильді, фармацевтикалық, сонымен қатар медицинада, парфюмерияда және косметикада кең қолдану тапқан.
Гүл тозаңы- аралар гүлден жинайды, моносахаридтерге, минералды және белоктық заттарға, ферменттерге, витаминдерге, өсу гормондарына өте бай. Ол ара тұқымын азықтандыру үшін, аналық сүтін ферментті және балауызды өндіретің бездерді қамту үшін қызмет етеді. Тозаң концентрленген өнім болып саналады және медицинада, косметикада қолданылады.
Перга- аралармен жинап алынған және өңделеген әр түрлі өсімдіктердің тозаңдары. Ол маңызды белокты азық, оның жеткіліксіздігі ар жанұясының өмір сүруінің нашарлауына әкеледі. Ферменттердің әсерінен тозаңда сүт қышқылды ашу жүреді, осыдан түзілген сүт қышқылы тозаң мен бал қосылысын консервілеп оны пергаға айналдырады. Құамында белок, қант, май, минералды заттар, сүт қышқылы, витаминдер, гормондар бар.
Прополис- араның желімі, бал алып жүруші аралар дайындайтын шайырлы зат. Аралар прополиспен ұяның қабырғаларына жағып, тесіктерін бітеп, кәрезі ұяшықтарын сылайды. Олар стерильді және берік болу үшін. Прополистің негізгі бөлігі ретінде өсімдік шайыры, балауыз, эфирлі майлар, гүл тозаңы саналады. Құрамында әртүрлі элементтер, витаминдер, бактероицидтік, антитоксидтік, қабынуға қарсы анестезирлеуші және стимульдеу қасиеттеріне ие.
Ара уы- аралардың секторлы сөлінің өнімі, түссіз өткір иісті, күйдіргіш дәмі бар өте қою сұйықтық. Медицинада кеңінен қолданылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Аралардың бактериалдық аурулары және белгілері, емі мен алдын алу шараларын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ара өнімдерінің бактериалдық ауруларын зерттеу және олардың ара өніміне әсерлерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Ара өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау, олардың органолептикалық көрсеткіштерін анықтау, физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау, сынама алу тәртібін үйрену.

Әдебиетке шолу

Н.М. Витвицкийдің мәліметтеріне қарағанда, XVII ғасырдың басында, саябақтардың саны мыңға жуықтаған. Бұл аудандарда жабайы аралардың балын жинаумен шұғылданатын бүтіндей бір қоныстармен ауылдар болған. Жабайы араларды күту әдісі мүлде қарапайым еді. Мұның өзі қуыстар жасап ара үйірлерін алдап келтірумен, қуыстарды көктемде тазарту, балды сұрыптап алу және қуыстарды аңнан қорғаудың қарапайым тәсілдермен ғана шектелді. Омарталарда бөлшектелмейтін ұялардағы араларды бағып күту әдісінің де ілгері жылжуы шамалы еді. Мұңда жана үйірлер құру жүйесі қолданылды. Оның мәні, жыл сайын балды сұрыптап алу үшін неғұрлым күшті, балды көбірек жинған ара отбастары таңдап алынатын.Оларды күкіртпен тұншықтыратын құртатын), бүкіл балды ұясымен бірге іріктеп алып, қайта ерітетін. Әлжуаз, өнімі шамалы отбастар өсіп көбейді.[3]
Ч.Дарвиннің айтуынша, өнімділігімен отбастарының өсіп көбеуі иөмен болуға бағыталған ойланбаған ұнамсыз сұрыптаулар жұмысы жүргізілген. Бөлшектелмейтін ұяларда ара өсіруші ара отбасының тіршілігіне белсене қатысу, аралардың әрекетін шаруашылық мүддесіне сәйкес бағыттау мүмкіндігінен айырлатын болды. Тиімді қоректендіру тәсілдері, бағып күту және өсіріп көбейту жолымен ара отбасына әсері ету мүмкіндігі мейлінше шектеулі еді. Мал шаруашылығының саласы ретінде ара шаруашылығы шын мәніндеболмаған еді. [4]
Вильсонның мәліметтеріне қарағанда, АҚШ-та аралармен тозандандырғаннан кейін энтомофилдік дақылдар өнімділігінің артуы нәтежесінде жанама табыстан 250 млн доллар, ал тікелей өнімнен (бал, балауыз және араларды сату) тек жиырма млн долар алынған. Бұл елде ауыл шаруашылық дақылдарын аралармен тозандандыру қызыметі кенінен саудалық негізге қойылған және міндетті түрде омарталарды арнайы кәсіпке бейімдейді деп жазған . [5]
Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың (шамамен біздің жыл санаумызға дейінгі V ғасыр) Шығыс Европаның далалық аймағында скифтер тіршілік еткенін атап өткені мәлім, олар балмен және балауыз бен емін-еркін сауда жасаған. Ескі заманда, егіншіліктің өркендеуіне дейін, славяндар бал қарастыруды негізгі кәсіптердің біріне айналдырған. Сол кездегі орман кеңістігінде жабайы аралар өте көп болған, олардың ұяларынан бал мен балауз алған. Кейіннен кездейсоқ кездестірілген ұялардан осындай олжа тағамды алумен ғана шектелмей, келесі жылдары пайдалану үшін аралар ұялары бар ағаштарға айрықша белгілер сала бастаған. Мұнан кейінгі қадам аралар үшін ағаштарда ұңғылап қуыстар жасау еді. Аралар үшін ұңғылап қуыстап жасаған ағашты қуысты ағаш, ал қуысты ағаштар өсетін орман саласын қуысты ағаштар өсетін жер деп атаған . Араб тарихшысы Ибн-Даст (Х ғасырда) славяндар араны ойынды бөренелерде өсіреді деп жазған . [1]
А.К. Керімбаевтың (2002жылы) жазуы бойынша, кейінгі жылдары омарталар жекешеленді, уақталды, жоспарлы түрде ауруларын емдеу, алдын алу жұмыстары жүргізілмеді, соның салдарынан көптеген бактериялық, инвазиялық, вирустық, саңырауқұлақтық аурулар жеке және арлас түрінде етек алып, біршама экономикалық шығынға ұшыратуда. Айтылған аурулардың ішінде кең тарағаны - америкалық шіріме. Бұл ауру дара немесе басқа аурулар - варроатоз, аскосферозбен бірге өтіп, кең жайылуда. Ресейде соның салдарынан аралардың гүлдерді тозаңдату белсенділігі 30 - 80пайыз деп жазған. [2]
К. И. Байбатырованың зерттеуі бойынша, негізінен америкалық шіріменің Bac. Iarvae, европалық шіріменің Bac. Alvei, шіріменің Enterococcus faecalis және аскосфероздың Ascosphera apis қоздырушылары бөлініп алынды. Шіріме ауруларына қарсы негізінен химиялық (антибиотиктермен, сульфаниламиттер, нитрофурандар) препараттар қолданылуда. Олардың ең басты кемшілігі бал арасынан алынатын өнімдерге түсетіндігі, оған қоса 1-2 мәрте қолданған соң қоздырушылардың төзімді ұрпақтары пайда болады. Біздің тәжіребелерімізде сүт қышқылы бактерияларының қосындылары сыналып, олардың 12-14 тәуліктен соң аралардың ортаңы ішегінде қоныстанып, шіріме туғызатын зардапты микроптарды және де нозематоз ауруының қоздырушыларын ығыстырып шығаратындығы дәлелденді. Бұл препаратты қысқа қарай қолдан жасалған ара азығына қосып бергенде европалық, америкалық шірімелер, нозематоз, аскосфероз ауруларының алдын алуға болатындығы анықталды. [7]
М. Смирновтың мәліметі бойынша, соңғы кездерде варроатоз және аскосфероз аурулары ара бал ұяларын ауыртып қана қоймай, басқа аурулардың(европалық шіріме, американдық шіріме, қышқыл шіріме, нозематоз, амебиаз)да өршуіне ықпал ететіндігі, бұл жағдайда аралардың ауруларға төзімділігі төмейтіндігі анықталды. [4]
Б.С Майқанов деректеріне сүйенсек, Қазақстанда өндірілетін ара балының көлемі орташа әлемдік көрсеткіштен екі есе аз. Осы таңда бұл жеткіліксіздікті сырттан әкелінетін ара балы толық жауып, қазақстандық ара шаруашылығы саласының өндірушілеріне мүмкіндік берілмейді. Қазақстанда 2011 жылы 64 865 омарта саны есепке алынды. Оның басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Егер елдегі барлық омарталар өндірген балды тұрғындар санына бөлетін болсақ, әр адамға 60 граммнан ғана келеді екен. Ал украиндықтар 1,2 , Австрия 1,6 , ал Германия жан басына шаққанда 2 кг бал тұтынады. Ғылыми деректер бойынша адамның дені сау болу үшін жылына 2 кг бал жеу керек [3].
Э.М Тулаеваның соңғы деректері бойынша елімізге алыс және жақын шетелдерден әкелінетін балдың көлемі жоғары. Атап өтетін болсақ, Молдовадан 2010 жылы 36,5 тонна, Ресейден 128,3 тонна, Өзбекстаннан 20,8 тонна, Украинадан 2,5 тонна, Индиядан 5,5 тонна, Германиядан 3,6 тонна, Италиядан 0,2 тонна, Қытайдан 2,3 тонна бал елімізге импортталады екен. Соңғы кездері Астана қалсы базарларына Қытай балы көптеп келе бастады. Қытайдын арзан балы әлемді жаулап алғаны да өтірік емес. Қазір де АҚШ және Батыс Европа елдері Қытай балынан бас тартып отыр. Бұған дейін АҚШ-та 1 жылда 2228 тонна Қытай балы саудаланып келіпті. Демек өркениетті деген Американың өзі де сапасыз өнім тұтынуға мәжбүр болды деген сөз. Сол себептен, сырттан әкелінетін алғашқы кезенге ара балына квота орнату қажет. Біздің отандық ара балы сапасы жағынан жоғары денгейде. Еліміздегі сауда айналымындағы ара балының 62% импортты өнімдер. Жақын және алыс шетелдерден әкелінетін ара балының сапасы күмән келтіреді. Кәзіргі таңда азық өнімдері құрамынан әртүрлі бөгде заттар және сонымен қата, бәріне мәлім шет елдерде кенінен қолданылатын биологиялық стимуляторлар, өсу гормондары, антибиотиктер т.б зиянды заттар табылуда. Сондықтан осы ғылыми ембектің мақсаты - қаламызда алыс және жақын шетелдерден әкелініп сатылып жатқан ара балының сапасына қол жеткізу болатын [6].

Негізгі бөлім

2.1 Аралардың бактериалдық ауруларының түрлері

Ара шаруашылығы жоғарғы қоректік өнім бал мен бағалы техникалық шикізат воск беретін ауыл шаруашылығының табысты көзі.Сонымен қатар, араларды ауыл шаруашылық культураларын себу арқылы жоғары өнім алуына жағдай туғызады. Сондықтан, бұл ауыл шарашылық бөлімінің өсуі халық шаруашылығына пайдалы. Дегенмен де аралардың көптеген бактериалық аурулары кездесіп жатады, ал ондай ауру аралардан жақсы сапалы өнім ала алмаймыз.
Нозематоз (жұқпалы іш өту) - бір жасушалы нозема (Nosema apis I.) тоғышары өрбітетін есейген аралардың бактериалдық ауруы. Ноземаның споралары өзінің тіршілік әрекетін бірнеше жыл бойы сақтайды. Олар ара ағзасында қорекпен бірге түседі. Ортаңғы ішекте спорадан паразиттің ұрығы шығады да, ішектін кілегей эпителий жасушаларына еніп, бұл мүшеде соңынан споралар түзе отырып, тоғышардың өсіп көбеюі байқалады. Олар нәжіспен бірге сыртқы ортада шығарылады. Нозема тоғашары эпителий жасушаларын жедел көбейтіп, оларды зақымдайды. Соның нәтежесінде ішектегі ас қорыту процесі бұзылады да, аралар өлім-жітімге ұшырайды. Нозематозбен жұмысшы аралар, аналықтар мен аталықтар ауырады. Ауру қыс аяғында өріс алып, сәуір мен мамыр айларында күшейеді. Аурудыңөріс алуына аралардың шіре балымен қоректенуі, қолайсыз жағдайларда қыстап шығудың ұзаққа созылуы себепкер болады.
Ауру белгілері. Қыстап шығудын аяғында аралардың іші өтеді және олар өлім-жітімге ұшырайды. Қыстаудан шығарғаннан кейін отбастар әлжуазданады, кейбір отбастарда аналықтар өлімге ұшырайды. Аралардың ортаңғы шегі реңі ақшыл келеді көлденең сызықшалары жойылады. Микроскоппен зерттеу негізінде дәл диагноз қоюға болады.
Аурудың таралуы.Ауру қоздырғыштарын ауру аралар жұқтырады. Олар нәжісімен кәрездер, рамкалар, бал ластанады.Омарталарда бұл ауру ұры аралар арқылы немесе ауру отбастардың рамкаларын сау отбастарға ауыстырып қойғанда таралады.
Аурудың алдын алу. Араларды қыстауға даярлау алдында шіре балын гүл балымен немесе қою қант шырынымен алмастырады.Қант шырынымен шірне жинау тоқтатылғаннан кейін және оны кәрез, шірне жинауға қатысқан аралар өңдеуге кіріскен кезде қоректендіру керек. Қыстатуға жас аралары мол күшті отбастарды даярлайды. Нозематозбен залалданған омарталарда күздігүні қант шырынымен қоректендіргенде, жиырма бес литр шырынға препараттың бір шишасы есебінен (әсерлі заттар бес жүз мг) фумагилинді қосуқажет. Қыста аралардың осы аталған қоректі пайдалануы, олардың нозематозбен зақымдануын едәуір дәрежеде төмендетеді. Күресу шаралары. Ауру отбастар байқалған кезде тазару айналып ұшуын өткізеді, ұядан сапасыз қоректі алып тастап, оны гүл балымен немесе қант шырыны мен алмастырады. Көктемде араларды дезинфекцияландырылған ұяларға ауыстырылады. Ластанған кәрездерді (ұрықсыз) тазалармен алмастырады. Жас араларды өсіп көбейту үшін керекті шралар қолданылады. Араларды ДЦГ фумагилиніме емдейді. Шырының жирма бес литр антибиотиктің бір шишасын жұмсайды. Отбастарды көктемде аралардың екі көршілес кәрез кеңістігіне емдік шырынның екі жүз грамм еcебінен бір апта араларда үш-төрт рет үстеп қоректендіреді.
Американдық шіріме - ларве бацилласы тудыратын аралардын есейген дернәсілдерінің ауруы. Қолайсыз жағдайларда қоздырғыш химиялық және физикалық әсерлерге өте төзімді спораны түзеді. Ларве бацыласының спорасы табиғатта оңдағанжыл бойы сақталуы ықтимал. Суда қайнатқан кезде қоздырғыш он үш минуттан кейін жойылады. Формалиннің, карбол қышқылының ерітінділері оған нашар әсер етеді. Қоздырғыш ара отбасында ұзақ уақыт тіршілік ете алады (гүл тозаңында, кәрездерде, балда). Дернәсілдердің мүшелеріне қорекпен бірге түседі. Ауру белгілері қуыстарды жапқаннан кейін көп ұзамай байқалады. Американдық шірімемен көбінесе жабық қуыстардағы есейген дернәсілдер залалданады. Кейде ол жас қуыршақтарға да жұғуы мүмкін. Аурудын күшеюіне ауаның жоғары температурасы, жинайтын шірненің болмауы және араларды нашар жағдайда ұстау себепкер болады.
Ауруға тән белгілер - ұрықтын кереге көзді етіп тұруы және жабық ұрығымен кәрездердегі бос қуыстардын өте көп болуы. Залалданған дернәсілдері бар ұялардын қақпақтары жазықталады және тесіледі. Ауру дернәсілдер маржан түсінен айырылады, буындары жоғалады. Өлген дернәсілдер іріп-шіріп отырып, тұтқыр шірік затқа айналады. Ол ұзын жіңішке жіп тәрізденіп созылады. Мұңдай затқа бұзылған ағаш желімінің иісі тән. Қураған дернәсіл күңгірттенеді және ұяның төменгі жағына жабысып қалады. Лабораторияда бактериологиялық зерттеу негізінде диагноз қойылады.
Аурудың алдын алу. Ара отбастарына тіршілікке қолайлы жағдай жасаумен қатар бағып-күтуді ұйымдастыру және ауаның өте ыстық кезінд оны жаңарту,ұяларды көлеңкелеу керек. Омартада күшті, ауруға неғұрлым төзімді отбастарды ұстау, оларға қоректі мол беру және аралар үшін шіре жинауға қолайлы жағдай туғызу қажет. Сақтандыру мақсатымен көктемде және күздігүні отбастарға антибиотиктермен бірге қант шырының береді, ұяларды алмастырады. Ескі бос кәрезді жаңадан жасалған кәрезге алмастыру арқылы ұяларды жыл сайын жанартады. Бұнымен қатар сау омарталардан жаңа отбастарды және жаңа аналықтарды сатып алады.
Күресу шаралары. Диагноз анықталғаннан кейін омартаға карантин қояды. Барлық отбастарды тексеріп олардын залалданғандарын анықтайды. Ауру отбастар онша көп болмаса, онда соңғыларды таяудағы омарталардан бес-жеті км қашықтықта орналастыра отырып, сау отбастардан оқшаулайды. Ауру отбастардан араларды жаңа, дезинфекциялаған ұяларға жасанды балауыз жапырақтарымен қамтылған рамкаларға ауыстырады. Бір мезгілде араларды норсульфазолдың натрий тұзымен елу пайыздық қант шырынының бір литріне бір грамм мөлшеріне немесе сульфантролмен бір литр шырынға екі грамм есебінен үстеп қоректендіріледі. Емдік дәруді алдын-ала он-жиырма мл суда ерітеді, одан соң даяр жылы шырынға қосады. Антибиотиктерден стрептомицин, биомицин (бір литр шырынға бес жүз мың ЕД) ,тетрациклин, эритромицин, мономицин (бір литр шырынға төрт жүз мың ЕД) қолданылады. Емдік шырынды отбастардың сауығуына дейін бес-жеті күн аралата аралардын екі көршілес кәрез араындағы кеңістікке жүз-жүз елу мл есебінен береді. Антибиотиктердін су ертіндісімен, сондай - ақ дустпен аралармен кәрездерді тікелей бүркуге немесе ұнтақ түрінде тозаңдатуға болады. Жеткізілген отбастардың ұрығын бөлек аранайы отбастарда өсіріп көбейтеді, мұнан соң араларды жаңа ұяға көшіреді. Емдеумен қатар бір мезгілде барлық ұяларды, кішігірім құрал- жабдықтарды және ауру отбастарымен жанасқан басқа да заттарды дезинфекциялайды. Ластанған ұяларды жақсылап тазартады, дәнекерлеу лампысының отымен, аздап күреңденгенге дейін күйдіреді, ыстық күл сілтісімен жуады және күннің көзінде кептіреді. Темір заттарды кальцийлендірілген соданың отыз пайыздық ерітіндісінде отыз минут бойы қайнатып дезинфекциялайды.Жылу сақтайтын құралдарды кальцийлендірілген соданың үш пайыздық ерітіндісінде отыз минут бойы қайнатады және күннің көзінде кептіреді.Ұяның қоқсығын, өлім-жітімге ұшыраған араларды өртеп жібереді.
Инфекцияның негізгі көзі - ауырған және өлім-жітімге ұшыраған дернәсілдер, залалданған қорек. Ауырған сау отбасқа ауру ұры аралар, қаңғыма аралар мен аталық аралар арқылы, сондай-ақ рамкаларды қайтадан қойғанда жұғады. Ауру ара өсірушісімен де таралуы мүмкін. Инфекцияның басқа омарталарға және басқа аудандарға ауысуына ауру омарталардан отбастарды сату және жөнелту себепкер болады.
Ауру белгілері. Ұрықтың ала-құлалығы (кереге көзділік). Ауырған дернәсілдер қуыста табиғи күйін өзгертеді, өзінің жарқырауық маржан түрінен айырылады, күңгірттенеді және сарғыш тартады, олардың жұқа терісінен кеңірдектері көрініп тұрады. Одан кейін дернәсіл қарауытып, қабақ түзе отырып кебеді, ал қабықтын өзі ұяның іргелерінен онай бөлінеді. Егер жабық қуыстағы дернәсілдер американдық шірімемен залалданған кезде қуыстардын қақпақтары күнгірттенеді және тесіледі. Олар зат тиіп кеткен кезде шіріген қамыр тәрізді бірсыдырғы қысқа жуан жіп тәрізді созылып тұрады, ерекше қышқыл иісті келеді.
Ауруға тән белгілер - ұрықтын кереге көзді етіп тұруы және жабық ұрығымен кәрездердегі бос қуыстардын өте көп болуы. Залалданған дернәсілдері бар ұялардын қақпақтары жазықталады және тесіледі. Ауру дернәсілдер маржан түсінен айырылады, буындары жоғалады. Өлген дернәсілдер іріп-шіріп отырып, тұтқыр шірік затқа айналады. Ол ұзын жіңішке жіп тәрізденіп созылады. Мұңдай затқа бұзылған ағаш желімінің иісі тән. Қураған дернәсіл күңгірттенеді және ұяның төменгі жағына жабысып қалады. Лабораторияда бактериологиялық зерттеу негізінде диагноз қойылады. Аурудың алдын алу. Ара отбастарына тіршілікке қолайлы жағдай жасаумен қатар бағып-күтуді ұйымдастыру және ауаның өте ыстық кезінд оны жаңарту,ұяларды көлеңкелеу керек. Омартада күшті, ауруға неғұрлым төзімді отбастарды ұстау, оларға қоректі мол беру және аралар үшін шіре жинауға қолайлы жағдай туғызу қажет. Сақтандыру мақсатымен көктемде және күздігүні отбастарға антибиотиктермен бірге қант шырының береді, ұяларды алмастырады. Ескі бос кәрезді жаңадан жасалған кәрезге алмастыру арқылы ұяларды жыл сайын жанартады. Бұнымен қатар сау омарталардан жаңа отбастарды және жаңа аналықтарды сатып алады.
Күресу шаралары. Диагноз анықталғаннан кейін омартаға карантин қояды. Барлық отбастарды тексеріп олардын залалданғандарын анықтайды. Ауру отбастар онша көп болмаса, онда соңғыларды таяудағы омарталардан бес-жеті км қашықтықта орналастыра отырып, сау отбастардан оқшаулайды. Ауру отбастардан араларды жаңа, дезинфекциялаған ұяларға жасанды балауыз жапырақтарымен қамтылған рамкаларға ауыстырады. Бір мезгілде араларды норсульфазолдың натрий тұзымен елу пайыздық қант шырынының бір литріне бір грамм мөлшеріне немесе сульфантролмен бір литр шырынға екі грамм есебінен үстеп қоректендіріледі. Емдік дәруді алдын-ала он-жиырма мл суда ерітеді, одан соң даяр жылы шырынға қосады. Антибиотиктерден стрептомицин, биомицин (бір литр шырынға бес жүз мың ЕД) ,тетрациклин, эритромицин, мономицин (бір литр шырынға төрт жүз мың ЕД) қолданылады. Емдік шырынды отбастардың сауығуына дейін бес-жеті күн аралата аралардын екі көршілес кәрез араындағы кеңістікке жүз-жүз елу мл есебінен береді. Антибиотиктердін су ертіндісімен, сондай - ақ дустпен аралармен кәрездерді тікелей бүркуге немесе ұнтақ түрінде тозаңдатуға болады. Жеткізілген отбастардың ұрығын бөлек аранайы отбастарда өсіріп көбейтеді, мұнан соң араларды жаңа ұяға көшіреді. Емдеумен қатар бір мезгілде барлық ұяларды, кішігірім құрал- жабдықтарды және ауру отбастарымен жанасқан басқа да заттарды дезинфекциялайды. Ластанған ұяларды жақсылап тазартады, дәнекерлеу лампысының отымен, аздап күреңденгенге дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралардан өндірілетін өнімдерді аралардың түрлі бактериалдық ауруларына байланысты ветиринарлық – санитарлық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күрес және алдын алу шаралары
Балды ветеринарлық-санитарлық сараптау
«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Ара шаруашылығының маңызы
Ұяларды жылыту
Бал араларын өсіруге арналған омарталарға қойылатын ветеринарияылқ талаптар,бал араларын күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Бал араларының инфекциялық аурулары
Ара шаруашылығы өнімдері және олардың қолданылуы
Ара балын ветеринариялық-санитариялық сараптау және сапаларын санитариялық бағалау, балдың жалған-жасандылығын анықтау және алдын алу шаралары
Пәндер