Тәуелсіздік кезеңіндегі жағдай мен характердің поэзиядағы көркемдік - эстетикалық қызметтері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Көркем характер мен жағдайдың байланысы түрлерінің тарихи-теориялық тұрғыдан негізделуі және зерттелуі . . .

2. Қазақ поэзиясындағы (Тәуелсіздік кезеңі) жағдай мен характер байланысы . . .

3. Тәуелсіздік кезеңіндегі жағдай мен характердің поэзиядағы көркемдік-эстетикалық қызметтері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қазақ поэзиясы - еліміз егемендігін алған жылдарға дейін де, кейін де өз деңгейінде тоқтаусыз даму үдерісінде болды. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ әдебиетінің даму қарқынын өткен ғасырдың соңғы онжылдығындағы жанрлық-тақырыптық өзгерістерінен байқаймыз. Қоғамда болып жатқан әртүрлі жағдайлардың тарихи себептері мен олардың сол уақытқа тигізіп жатқан әсері тарих ғылымы үшін қаншалықты маңызды болса, әдебиеттану ғылымы үшін де өте маңызды екені сөзсіз. Ал, жеке тұлғаның болмысына әсер ететін қоғамдық жағдайлар, әсіресе әртүрлі объективті, субъективті жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеу оның әлеуметтік, этикалық құндылығын, әрі мән мағынасын айқындайды. Адам характерінің эстетикалық болмысын көп жағдайда оның жеке басының ерекшеліктерінен, уақыт пен орта сипатынан, идеялық негізден іздеуді жалпы алғанда мақұлдап, қабылдаған орынды болар. Адам мінезіндегі жалпы мен жалқы сипаттағы тұлғалық қасиеттердің белгілі бір сапада көрінуін көбінесе тарихи негіздермен байланыстыруға да түсініктікпен қарау қажет.

Кеңестік кезеңде жазушылар мен ақындардың шығармашылығы қоғамда болып жатқан жеке тұлғаларға әсер ететін жағдайларға байланысты шығарма ауқымын көлемді, эпикалық ауқымды алуға тырысатын еді. Өткенге көз жүгіртетін болсақ, революция, азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы, коллективтендіру сияқты саясаттың ұшқынын көреміз. Осыған байланысты, әдебиеттанудың белгілі бір кезеңдерінде ғалымдар характерді қоғамдық, әлеуметтік, ұлттық, топтық, таптық, кезеңдік тұрғыдан бөліп қарастырды. Алайда, мұндай жүйелеудің жетістігі де, кемшілігі де аз болған жоқ, талқыға да көп түсті.

«Характер (іс-әрекет, ой, сезім, тіл) автордың көркемдік-эстетикалық концепциясы», - дейді «Энциклопедиялық әдеби сөздікте» [41. 72. ] . Бұл пікірмен келіспеске де болма йды, себебі, дәл осы пікірмен психология, әлеуметтану, философия салалары осылайша зерттеп жүр. Мысалы, «Әдебиет теориясының негіздері» атты оқулықта характер - әдеби типтің жеке көрінісі деп нақты берілген [43, 121. ] . Нақ осы пікірге байланысты бірнеше пікірлер айтылып, сынға алынғанымен бұл пікір осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Сонымен қатар, Қ. Жұмалиевтің, М. Қаратаевтың, З. Қабдоловтың характер хақындағы ой-тұжырымдарын теориялық негіз ретінде қабылдау да өз жемісін беруде.

«Әдеби энциклопедия сөздігінде» - «Характер» - (грек тілінен аударғанда «қолтаңба», «белгі», «ерекшелік») көркем әдебиеттегі жеке бір тұлғаның орнын анықтайтын, сол арқылы адамның мінез-құлқының тарихи-шартты типтері (әрекеті, ойы, күйініш - сүйініші ) ашылатын және авторға тән рухани-эстетикалық концепциясын айқындайтын адамның көркем образы»[44. 78. ] деп толығырақ тоқталған. Дәл осы пікір, жоғарыда берілген әлеументтану, психология, философия сияқты ғылым салаларының характерге беріп жүрген анықтамасынан, характердің осы әдеби белгісі басқа ғылымдардан өз айырмашылығын айқындайды. Әдебиеттегі характерді жасау барысында біз әдеби - көркемдік әдістерді, яғни «не» және «қалай жасалады» деген шарттылықтарды білуіміз және игеруіміз шарт. Шын мәнінде, әдеби мінездің, әдеби болмыстың эстетикалық мәнін анықтағымыз келсе, оның бойында психологиялық, философиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің болатынын ұмытпаған жөн. Байқағанымыздай, «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» [42. 98. ] характерге берілген анықтама сол кезеңдегі аталмыш ұғым төңірегіндегі әр түрлі көзқарастардан, ғылыми таластардан хабар беріп тұр. Бұл сөздікте әрбір ілімнің характерге байланысты зерттеу ауаны айқындалған, сонымен бірге әдеби характерді нақты адаммен тең сипатта қарауға болмайтындығы, оның шартты түрдегі көркем бейне екендігі нақты айтылған.

Ұлттық әдебиеттану ғылымының өткеніне көз салатын болсақ, қай кезеңде болмасын, осы характерге байланысты зерттеулер мен пікірлер сан алуан, тіпті кереғар, қайшылықты пікірлер де жетерлік. Характерді бірде әдебиеттің белгілі бір қалыбына салса, бірде оның прозадағы типтік бейнелерін алға шығарды. Ал, бір кездері оның ойшылдық, сезімталдық, интуитивтік, рационалдық белгілеріне жетекші мән бергенін байқаймыз. Қай қалыпқа салып, қалай типке бөліп жатса да, зерттеулер арқылы айтылған пікірлердің басым бөлігінде характердің тұтас бір ғасырмен, бір дәуір, қоғаммен байланыстырып, сол характердің бойынан ұлттық характер, ұлттық эстетиканың белгілерін іздеу көптеп кездеседі. Қоғам өзгерген сайын, заман ауысқан сайын қоғамдағы характер де өзгеріп отырғанын шығармалардың өн бойынан байқаймыз. Бұлай деуімізге бірден - бір себеп: «Мінез - адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы»[45. 67. ] деп мінездің қоғаммен, ортамен байланысына баса көңіл бөлген З. Қабдоловтың аталмыш проблема төңірегінде қорытып айтқан пікірі. Осы пікірден кейін, «Мінезді өлеңде көрсету керек, өмірде емес», - деп жүрген ақындардың пікірін қуаттағың келеді. Алайда, сол қоғамда қалыптасқан мінез болмаса, өлеңге ол мінез қайдан келе қойсын?!

Қаншалықты пікір көп болса, соншалықты дау. Бәрінің илеп жүргені бір пұшпақ болғанымен, әркімнің илеу әдісі әртүрлі. Осы характер жайлы, қазақ ғылымынан бөлек, орыс әдебиетіндегі пікірге келсек, Бочаров С. Н. айтқан пікірді қуаттай аламыз. Оның пікірінше, «характер бейнелеу құралы емес, бірақ сол бейнелеу әдеби образдың бір қыры, әдеби мінез қашанда шындық өмірге, нақты тұлғаға қарағанда адамның сапалық өзгерістерін көркемдік дәрежеде шынайы бере алады» дейді. [58. 75]

Л. И. Тимофеев «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбегінде характер мәселесіне ерекше тоқталып, тұшымды пікірлер айтқан. Онда: «Характер таза психологиялық ұғым ретінде әлі күнге дейін қарастырылмай келеді. Ол заман талабын сай белгілі бір қалыпқа салынып келеді. Әдебиет тарихында характер бір - біріне мүлде ұқсамайды. Өйткені әрбір жазушы характер жасау кезінде өзі өмір сүріп отырған қоғамға тән мінезді ерекше назарға алуы мүмкін»[43. 65] . XX ғасыр әдебиетін зерттегенде осындай көзқарастарды білген дұрыс. Осы орайда, бүгінгі біздің ғалымдар пікірімен салыстырсақ, З. Ахметов айт­қан­дай, «Ақынның поэзиядағы өз тұлға, бейнесi арқылы бiз оның өмiр сүрген заманды қалай танитынын, халықтың мүддесiн, арман-тiлегiн қалай түсiнетiнiн көремiз».

Әдебиеттану ғылымы басқа да ғылымдармен тығыз байланыста екенін ескерсек, біздің қарастырып, зерттеп отырған характеріміз де басқа ғылымдармен тығыз қарым - қатынаста. Әдеби характер өзіне тән эстетикалық болмысы арқылы философия, психология, әлеуметтану сияқты ғылым салаларының ауқымындағы характерлік мүмкіндіктерін шектемейді, қайта осылай өзінің зерттеу объектісіне қатысты жақтарын толық пайдаланады. Мысалы, адамның ішкі жан дүниесінде болып жататын әртүрлі психологиялық ерекшеліктерін қоғамда алатын әлеуметтік орны мен өзіндік дүниетанымын, философиялық тұғырнамасын анықтау әдебиеттану ғылымы үшін өте маңызды. Адам мінезін психологиялық жақтан зерттеуде Н. Д. Левитовтың «Вопросы психологии характера» атты еңбегі зерттеушілердің назарын аударып отыр. Ол өзінің аталмыш еңбегінде: «Адамға мінездеме беру- тұлғаның тек өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін көрсету яғни бір адамды басқалардан өзгешелейтін ерекшелігін табу. Тек сол ерекшеліктер ғана тұтас бір адамның мінезін анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ, бұл ерекшеліктер сипаты бір жақты емес, қарама -қарсы болуы да мүмкін. Сонымен қатар характерде «жетекші» (доминанта) мінез қашанда болады» [59. 52] дейді. Дәл осы пікірді тарқатып, В. В. Фащенконың өмірдің түрлі сәттерінде қалыптасатын, өсіп - жетілетін характер адам концепциясын жасау барысында адам бойына тамырын жаятын жетекші оң қасиетті жоғары бағалайтын: «Көркем шығармадағы характер мәселесі адамның әртүрлі сәттердегі қалыптасқан мінез - құлқын автордың өмірдегі міндеті және өзгермелі заңдылықтарды меңгере отырып бейнелеу тұрғысынан ашылады» [60. 12] деген пікірін келтірсек болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Характер мен жағдайдың байланысы
Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Кеңестік дәуірде социалистік реализм әдісі талаптарына сәйкес жазылған қазақ романдарын оқытуда алда тұрған міндеттерді айқындау, шешім іздестіру
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ СИПАТТАРЫ
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
1980-90-ыншы жылдардағы қазақ әңгiмесi
Сәбилік ғұрып жыры
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz