Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

1 Мал шаруашылығы саласының теориялық негіздері

1. 1 Қазақстанда мал шаруашылығы саласының даму бағыттары

1. 2 Мал шаруашылығы саласы дамыту мәселелері және әсер ететін факторлар

1. 3 Қазақстанда мал өнімдерінің нарығы

1. 4 Мал шаруашылығы саласын дамытудың әлемдік тәжірибесі

1. 5 Экономикалық тиімділіктің мәні және көрсеткіштер жүйесі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамасыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі.

Әр бір мемлекет халқы өз ішіенде белгелі бір жаратушы берген дарынға ие болады. Мысалы Жопон халқы ғылым білімге жаны құмар халық болса Қытай қол еңбегіне епті халық. Сол секілді Қазақ халқыда ата кәсіп мал шаруашылығына биім халық болып табылды.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мемлекет ішінде қай өңірде мал шаруашлығының қандай түрімен айналысуға қолайлы, асылдандыру арқылы жоғарғы өнім алу мәліметтері, мал шаруашылығын дамыту үшін мемлкеттік қолдаулар кіреді.

1 Мал шаруашылығы саласының теориялық негіздері

1. 1 Қазақстанда мал шаруашылығы саласының даму бағыттары

Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылының ең ежелгi және табиғат жағдайларына тiкелей тәуелдi саласы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы - неғұрлым кең тараған сала. Шындығында, дүние жүзiнде ауыл шаруашылығының түрлi салаларымен айналыспайтын бiрде-бiр ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан әр түрлiлiгiне байланысты. Ғалымдар, шамамен, оның 50-ге жуық түрiн көрсетедi.

Кәдімгі мал шаруашылығында (ірі қара өсіруде), мысалы, бір шаруашылықтар - сүт өндіруге, басқалары - төлдеп көбейетін мал басын өсіруге, үшіншілері - мал бордақылауға, төртіншілері азық өндіруге және тағы басқаша мамандандырылады. Болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі құрылымдық өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыздық талаптарымен анықталады және ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының өз рөлін қамтамасыз ету, сонымен қатар етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы жылқы шаруашылығын дамытуды қарастырады.

Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық -түлікпен (сүт, май, ет, т. б. ), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен( жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары т. б. ), ауыл шаруашылығы өндірісін көлік ( ат, өгіз, түйе, т. б. ) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары ( майы алынған сүт, ет -сүйек, және сүйек ұндары, т. б. ), дәрі -дәрмектер мен биологиялық белсенді заттар ( емдік сарысулар, гормонды қоспалар, т. б. ) алынды. Мал шаруашылығы салаларына негізінен сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруа-шылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланысты жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20-ғасырдың басына дейін адамдардың әл - ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиырдың кең таралуы, сондай - ақ, қазақ төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 - 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты.

Сол кездерде Орталық Қазақстан аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті. Қазақстанда 19 - ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар. Жер аумағының 70 % - ға жуығын (182 млн га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты, айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп - өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн теріден киім - кешек, көшпелі баспана - киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал шаруашылығының дамуы мен тұқым түрлерінің үлес салмағына қатысты аудандардың жер, су, ауа райы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру ежелден - ақ топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80 % -дан аса) уақ малдар ( қой, ешкі) құрады.

Қазақстанда 1916 ж. 18, 4 млн бас қой мен ешкі, 4, 3 млн жылқы, 733 мың түйе, 5, 0 млн бас сиыр өсірілді. 1918 - 1921 ж. Азамат соғысы мен бірнеше рет қайталанған жұт нәтижесінде мал саны 1916 жылмен салыстырғанда 3 еседен аса төмендеді. 1923 - 1929 ж. аралығында ауыл шаруашылығын игеруге қолданылған жан - жақты шаралар барысында мал саны қайтадан 1916 жылғы деңгейіне жеткізілді. Алайда, 1930 - 1933 ж. ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқанында жіберілген қателіктер салдарынан мал басы 10 еседен аса қысқарды. Республика мал шаруашылығын қалпына келтіруде 1932 ж. Орталық комитет қабылдаған «Қазақстан мал шаруашылығы туралы» шешімінің маңызы зор болды. Әрбір отбасына 100-ге қой - ешкі, 8-10 сиыр, 3-5 түйе мен 8 - 10 жылқы ұстауға рұқсат берді. 1934- 1990 ж. аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы мал шаруашылығының барлық салаларын айтарлықтай жоғары қарқында дамытуға мүмкіндік бері. 1990 - 1992 ж. Қазақстанда малдың 51, оның ішінде 18 қой, 11 мүйізді ірі қара, 13 жылқы, 3 түйе тұқымары мен тұқымдық топтары өсірілді. Олардың жартысына жуығы 12 қой, 4 сиыр және 3 жылқы тұқымы Қазақстан ғалымдары мен мал шаруашылығы саласы мамандарының бірлескен жемісті еңбегі нәтижесінде шығарылды.

Осы мал тұқымдарының теңдік қорын тиімді пайдалану, зоотехникалық талаптарға сай азықтандыру мен бағуға негізделген технологиялардың кеңінен қолданылуы жыл сайын 1, 5 млн т. ет ( сойыс салмағымен ), 5, 5 млн. т. сүт, 100 мың т. (табиғи) жүн және 1700 мың данаға жуық қаракөл елітірісін өндіруді қамтамасыз етіп келді. 1990-2000 ж. ауыл шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер салдарынан мал саны күрт кеміді, оның ішінде сиыр 2, 4, қой мен ешкі 3, 7, жылқы 1, 7 түйе 1, 5 есе азайды. Нәтижесінде негізгі мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 2, 5 - 3, 0 есеге дейін қысқарды. Бұл ауыл халқының әлеуметтік жағдайының күрт нашарлауына алып келді, республика бойынша жан басына шаққанда ет және ет өнімдерін тұыну мөлшерінің 73 кг - нан 40 кг - ға, сүт және сүт өнімдерінің 311 кг - нан 208 - ға дейін төмендеуіне әкеліп соқты (ғылыми негізделген мөлшерден 2 еседей аз) . Ел экономикасының тұрақталуына байланысты, 2000 жылдан бастап мал шаруашылығында оңды өзгерістер орын ала бастады. 1999 - 2000ж жылдармен салыстырғанда, 2004 ж. сиыр- 22, 7-24, 0 % -ға, оның ішінде аналық сиырлар 15, 4-16 %-ға, жылқы 5, 4-7, 2% -ға, түйе 17, 6-18, 0 % -ға көбейді. Бұл көрсеткіш 2003-2018 жылғы аналық сиырлардың өсім көрсеткішімен салыстырғанда 63, 3%-ға өсіп отыр. Бұл ретте ірі қарамен (сиыр, жылқы, түйе) салыстырғанда, уақ малдар саны (қой, ешкі) 20 ғасырдың 90 - жылдарының басында тез кеміген болса, ал қазір қарқындырақ артып отырғандығы байқалады. Бірінші жағдай реформаның алғашқы жылдарында уақ малдың баспа - бас есеп айыру құралы ретінде қолдануға тиімді болғандығымен, ал екінші жағдай олардың өсімталдық қасиеттерінің жоғарылығымен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта барлық сиырдың 87, 3 % - ы жеке меншікте, 6, 2 % - ы шаруа қожалықтарында 6, 5 % - ы мемлекеттік ауыл шаруашылық мекемелерінде жиналталған. Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол бермеу нәтижесінде соңғы 3 - 4 жылда түлік түлектері бойынша мал санының орташа өсімі 3 - 10 % - ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 - 6, 5 % -ға тұрақты артып келеді. [1]

Ірі қара саны, мың

Өңірлер
2016
2017
2018
Ауытқу 2016-2018, %
Өңірлер: Қазақстан Республикасы
2016: 6413, 2
2017: 6764, 2
2018: 7151
Ауытқу 2016-2018, %: 11, 50
Өңірлер: Ақмола
2016: 393, 6
2017: 404, 2
2018: 422, 6
Ауытқу 2016-2018, %: 7, 37
Өңірлер: Алматы
2016: 928, 4
2017: 963, 9
2018: 1005
Ауытқу 2016-2018, %: 8, 21
Өңірлер: Шығыс Қазақстан
2016: 868, 2
2017: 895, 4
2018: 952, 7
Ауытқу 2016-2018, %: 9, 73
Өңірлер: Батыс Қазақстан
2016: 499, 8
2017: 542, 5
2018: 571, 5
Ауытқу 2016-2018, %: 14, 35

Елімізде ірі қара мал саны 2016 жылы 6413, 2 болса, оның ең көп бөлігін Алматы облысы 928, 4 мың көрсеткішті көрсетіп ие болды. Ақмола облысында 2016 жылы 393, 6 мың болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 422, 6 мыңға өсті. Себебі, Ақмола облысында ірі қара өсіруге табиғат жағдай өте қолайлы. Бұрын жергілікті шаруалар асыл тұқымды сиырларды сырттан сатып алатын болса, қазір өзіміздің елімізде де сатып алуға жеткілікті жағдай жасалынған. Қазіргі кезде Ақмола облысында асылтұқымды ірі қара өсіретін 30 шақты серіктестік бар. Шығыс Қазақстанда 2016 жылы 868, 2 мың болса, 2018 жылы 952, 7 мың басты құрады. 2016 жылға қарағанда 84, 5 мыңға өсті. Батыс Қазақстан облысында ірі қара мал саны 2018 жылы 571, 5 мыңға жетті. Ал 2018 жылдың көрсеткіші бойынша 7150, 9 мың басты құрады, бұл көрсеткішті 2016 мен салыстырғанда 737, 7 мыңға артып отыр, Яғни пайыздық көрсеткішпен алғанда 11, 5%-ға өскен. [10]

Қой шаруашылығы - қой өсіру мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Жеңіл өнеркәсіптер үшін (жүн, тері, елтірі) , бағалы азық - түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған. Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс - тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрі Қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді. 19 ғасырдың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос тұқымдарын ала келді. 1913 ж. қазіргі Қазақстан жерінде 19, 6 млн. уақ мал болды, бұл көрсеткіш 21-ші ғасырдың бастапқы кезеңінде 9, 9млн болса 2018 жылы 18, 7млн-ды көрсетіп отыр яғни соңғы 18 жылда 53%-ға артып отыр. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да азайып, елдегі мал шарушылығына үлкен нұсқан келтірді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал шаруашылығын, оның ішінде Қой шаруашылығын да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 - 1932 жылдардағы ашаршылыққа алып келді. 1936 ж. республикада небәрі 4, 3 млн. қой қалды. Сондай-ақ, 1966 - 1970 ж. уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен - 471, 3 мың т, 1981 - 1983 ж. - 493. 3 мың тоннаға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары - қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар - мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, т. б. шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567, 8- мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды. Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қазақстан шаруашылығы, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Алайда, экономиканың өзге салалары секілді Қой шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 млн - ға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып - тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру, т. б. мәселелер кенже қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен формалар нәтижесінде қой шаруашылығы елеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 18, 7 млн. уақ мал бар (2018) . Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Қой шаруашылығы бірнеше бағытта дамыған. Қазақстанда биязы және жартылай биязы жүнді, жүнінің технологиялық сапасы жоғары арқар - меринос, ет - май бағытындағы еділбай тұқымды, елтірі беретін қаракөл тұқымды қойлар өсіріледі. Биязы және жартылай биязы жүнді қой шаруашылығы еліміздің оңтүстігіндегі астықты аймақтары мен биік тау шалғындарында өркендеген Арқар - меринос тұқымды қой шаруашылығы биік таулы альпілік және субальпілік шалғындарда өсіріледі. Ет - май бағытындағы еділбай тұқымды қой шаруашылығы шөлейт және шөл зоналарындағы аудандарда кеңінен таралған. Елтірі беретін қаракөл тұқымды қой шаруашылығы шөл арқылы өтетін өзен бойларында, Маңғыстау түбегінде және Оңтүстік Қазақстан облысында мамандандырылған. [2]

Қой мен ешкі саны, мың
Қой мен ешкі саны, мың:
:
Қой мен ешкі саны, мың: Облыстар
: 2016
2017
2018
Қой мен ешкі саны, мың: Қазақстан Республикасы
: 18 184, 2
18 329, 0
18 699, 1
Қой мен ешкі саны, мың: Ақмола
: 519, 7
511, 2
533, 7
Қой мен ешкі саны, мың: Алматы
: 3 332, 7
3 411, 1
3 419, 4
Қой мен ешкі саны, мың: Жамбыл
: 2 471, 7
2 610, 5
2 788, 4
Қой мен ешкі саны, мың: Маңғыстау
: 361, 8
373, 2
403, 5

Қазақстан Республикамызда қой мен ешкі саны 2016 жылғы көрсеткіштер бойынша 18184, 2 мыңға жетсе, 2018жылғы көрсеткіштер 18699, 1 мыңды көрсетіп отыр. Оның ең көп бөлігі Алматы облысында 2018 жылы 3419, 4 мың жылқы саны тіркелді. Ақмола облысында 2016 жылы 519, 7 мың қой мен ешкі болса, 2018 жылы 533, 7 мыңды құрады. Жамбыл облысы еліміздегі қой мен ешкі шаруашылығы дамыған облыстардың қатарына кіреді. 2016 жылғы көрсеткіш 2471, 7 мыңды құраса, 2018жылы қой мен ешкі саны 2788, 4 мыңға жетті. Маңғыстау облысында 2016 жылы 361, 8 мың көрсеткішті көрсетсе, 2018 жылы 403, 5 мыңға артты. Сонымен қорытындылай келсек, 2018 жылғы қой мен ешкі санын 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырсақ 2, 75%-ға жоғарылаған. [10]

Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б. ) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өнеркәсібі және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25 - 30 бие) бөліп, жақсы тұқымынан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит - құсқа жегізбей, қысы - жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500 - ден 1000 - ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Республикамыздың барлық аудандары мал шаруашылығымен айналысады. Соның ішінде, көне заманнан бергі ең көп өсірген малы және төрт түліктің ішіндегі қастерлеп пір тұтатыны - жылқы . Тарихи деректер бойынша жылқының ең алғашқы қолға үйретілген негізгі отаны Шығыс Еуропаның далалық аймағы, Орталық Азия және Қазақстан деп саналады, Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда 1, 3 млн жылқы болса, қазір оның саны 2, 5млн. Қазіргі таңда жылқы саны бойынша Шығыс Қазақстан өңірі алғашқы орынды алып отыр. Бұл өңірде 2017 жылғы есеп бойынша 600мыңдай жылқы саны есепке тіркелсе 2018 жылы бұл көрсеткіш шамамен 2 есеге төмендеген, 344527 бас ғана жылқы қалған. Алматы обылысы жылқы санынан 2-ші орынды алып отыр, 2017 жылы 500мыңға жуық жылқы болса 2018 жылы 313 387 басқа яғни 59, 5%-ға төмендеп отыр. Қазіргі кезде Қазақстанның арнайы жылқы өсіретін заводтары мен шаруашылықтарында жылқының 17 қолтұқымы өсіріледі. Қазақстанда ерте кезден бастап өсіріліп келе жатқан қолтұқымның бірі - қазақы жылқы. Ол жергілікті халық көлік ретінде әрі еті мен сүтін пайдалану үшін өсіріледі. Қазақы жылқының өзін жабы жылқысы, адай жылқысы, көшім жылқысы, қостанай жылқысы деп бөледі. Көшім жылқысы қара жұмысқа әрі ұзақ жүріске шыдамды. Бұл жылқының негізгі топтары Батыс Қазақстан облысындағы «Красногор», «Пятимар», Ақтөбе облысындағы «Мұғалжар», Алматы облысындағы «Дегерес», «Алғабас», «Қызылағаш» және Жамбыл облысындағы «Құлан» жылқы заводтарында өсіріледі. Қостанай жылқысы салт мінуге, көлік ретінде жегуге қолайлы әрі жүрдек келеді. Олар қыста қорада ұсталып, жазда жайылымға шығарылады. Қостанай облысының жылқы шаруашылығы жақсы дамыған.

Қазір Қазақстанда 2 млн - нан астам жылқы өсіріледі. Жылына олардан 80 мың тоннадан астам ет, 65 мың тоннаға жуық қымыз өндіріледі. Жылқы өндірудің жалпы мамандандырылу бағыты республикамыздың табиғи - шаруашылық аймақтарына байланысты айқындалған. Жылқының асыл тұқымдарын көбейту мақсатында Қазақстанда 13 асыл тұқымды жылқы заводттары (Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, т. б. облыстарда), жылқы тұқымын асылдандыратын 39 мемлекеттік шаруашылықтар (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, т. б. ) ат жарыстыратын алаңдар және асыл тұқымды жылқы фермалары ұйымдастырылған. Қазақстанда асыл тұқымды жылқы саны 9 мыңнан асты. Республикада жылқының міністік, сыдыра желісті тұқымдары және қазақ жылқысы өсіріледі. Дала және құрғақ дала аймақтарында жылқы негізінен жұмыс көлігі ретінде пайдаланылады. Қуаң, қуаңшылық және тау бөктеріндегі аймақтарда ауа райы жылы, жылқыны жыл бойы жайылымда бағудың мүмкіншілігі бар. Бұл жерлерде жылқы шаруашылығы ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстанның кең байтақ жайылымы бар орталық, оңтүстік, шығыс және батыс аймақтарының көптеген аудандарында жылқы үйірлеп бағылады. Жықыны үйірлеп бағудың бірнеше әдісі бар. Бос бағуда жылқы жыл бойы жайылымда болады, қатты боран не көк тайғақ болғанда ғана пішен, жем беріледі. Табындап баққанда жылқы жынысына және жасына қарай табынға бөлінеді. Шаруашылықтағы жылқының санына байланысты табынды 150 - 180 бие, 180 - 200 бойдақ жылқы, ал жазық далада 350 жылқыға дейін болады. Боран және аяздан қорғау үшін жайылымда жеңіл - желпі жылқы қора, қалқа, ықтасын лапас салынады, құдық қазылады, суаттар жасалады. Жайылым орталығына әр жылқыға 3 - 5 центнер пішен, 0. 5 - 1 ц. жем қорын дайындайды. Құлынды 10 - 12 айлығында енесінен айырады. Қорада не қоршалған шарбақта 1 айғырға 20 - 25 биеден үйірлеп шағылыстырады. Қолда ұстап баққан жылқыны қыста ашық, жылы күндері шығарады, қатты боран, аязды күндері қорада ұстап, пішен және жем береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері
Мал шаруашылығының өнімдері
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
Мал шаруашылығының түрлері
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері жайлы
Қазақстанның мал шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz