Хара балдырлар бөлімі


Мазмұны
- Балдырларға жалпы сипаттама . . . 4
- Хара балдырлар (Charaphyta) бөлімінің ерекшелігі . . . 9
- Хара балдырлар (Charaphyta) бөлімінің табиғатта таралуы . . . 13
- Хара балдырлар (Charaphyta) бөлімінің қолданылуы . . . 14
- Хара балдырлар (Charaphyta) негізгі түрлері . . . 20
Кіріспе
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған көп клеткалыболады. Олар ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) - оогонилері және антиридилері бірклеткалы болады. Түрлер саны көптігінен бірінші орынды иеелеп, кең таралған.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық және минералды заттармен қоректенеді. Органикалық заттармен гетеротрофты организмдер (бактериялар, саңырауқұлақ, кілегейлілер) . Минералдық заттармен автотрофты организмдер (балдыр, қыналар) қоректенеді.
Зерттеу өзектілігі. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір түрі - хара балдырларға зерттеу жұмысын жасаймыз .
Харалар күрделі харафитті құрылысты, жоғары сатыда дамыған жасыл түсті, тік өсетін, биіктігі 20-30, кейде 50-100 сантиметрге жететін балдыр. Басқа балдырдан басты айырмашылығы архегониялы өсімдіктер сияқты көп клеткалы аналық жыныс органы оогонидің болуында. Сонымен бірге денесі жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты сабаққа шоғырланып орналасқан белгілі бір мөлшерге дейін ғана өсе алатын “жапырақ” және “тамыр” сияқты түссіз көп клеткалы ризоидтардан тұрады. Харалар көп клеткалы талломды, аса күрделі құрылысты өсімдік. Сабақ жоғары ұшынан үздіксіз өсе алады, ал буындағы жапырақтары белгілі мөлшерге дейін ғана өседі. Буын аралықтары ірі, ұзындығы бірнеше сантиметрге дейін жететін цилиндр пішінді (5см), көп ядролы, бөлінуге қабілеті жоқ клеткалардан тұрады. Ал кейбір хараларда ондай клеткалар қабықтармен қапталған. Қабықтар базальді клеткалардан құралады.
Зерттеу нысаны: Хара балдырлар бөлімі
Зерттеу мақсаты. Хара балдырлар бөлімінің ерекшелігін сипаттап, олардың түрлеріне шолу жасау.
Зерттеу міндеттері:
- Хара балдырлар (Charaphyta) бөлімінің ерекшелігін зерттеу;
- Хара балдырлар (Charaphyta) бөлімінің табиғатта таралуын сипаттау;
- Хара балдырлар (Charaphyta) бөлімінің қолданылуын анықтау.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
- Балдырларға жалпы сипаттама
Балдырлар - ешқандай дене мүшелеріне бөлінбейтін, сабағы, жапырағы, тамыры болмайтын, автотрофты жолмен коректенетін, алғашында сулы ортада емір сүрген ағзалар. Балдырлар клеткасында фотосинтезді камтамасыз ететін хлорофилла жэне баскада пигмент түрлері кездеседі. Балдырлар түщы жэне мүхит суларында, кұрлыкта (топырақта, агаш кабығында. тастарда) тірішілік етеді. Балдырлар екі топка бөлінеді: ядросыз жэне ядролы.
Балдырлардың денесі - таллом бір- жэне көпклеткалы, колониялы, кейде клеткаланбаган, ал клеткаларының орналасуына орай жіп тэрізді жэне такта тэрізді болып келеді. Клетка жасұнык (целлюлоза) және пектинді заттардан түратын кабыкшамен капталган. Клетка кабыкшасының сырты кремнеземмен (диатомды балдырлар) немесе көмірқышқыл тұзымен (кызыл балдырлар, эвгленді балдырлар) каныккан сондыктан ою-өрнекпен безенген. Клетканың цитоплазмасында, клетка шырынына толы - вакуоль орналаскан, бір немесе бірнеше ядросы (кейде ядрошығы да болуы мүмкін), пигментті -хроматофорлары болады. Хроматофорлары такта пішінді (кладофора), тостаған тэрізді, спиральды, 10 дискатәрізді (вошерия), жулдызша (зигнема), торлы т. б. пішінді болып келеді.
Хроматофорларда белокты денешік - пиреноидтар түзіледі, ал олардың маңында қор заттары корға жиналады. Балдырлардьщ формалары эр турлі: Лмебоидты (ризоподаильды) кұрылым, кэдімгі клетка кабыкшасы болмайтын, тек сыртын тығыздалған протоплазма бөлігі - перипластом каптайтын ағзаларға тән. Соган байланысты денесінің белгілі бір формасы болмайды, үнемі өзгеріп отырады. Алтын түстес, сары-жасыл, эвгленді, пирофитті жэне кейбір жасыл балдырларға кұрылым тән. Монадсты курылым барлык козғалғыш балдырларға тэн. Мысалы, носток. Коккоиты құрылым, барлық бірклеткалы, колониальды жэне көп қозғалмайтын балдырларда болады.
Жіпшелі кұрылым пішіні жіпше туріндегі балдырлар. Әртүрлі жіпшелі курылым. Балдырдың денесі екі түрлі бөліктен тұрады. Көптеген жіпшелерден куралган дөңгелек келген такта тэрізді (пластинкалы) бөлігі төсемішке (субстратқа) бекініп жатады. Пластинкадан жоғары карай түссіз жіпшелер көтеріледі. Пластинкалы қурылым. Балдырлардың пішіні пластинка тәрізді болады.
Харафитті күрылым - тек хара балдырларына ғана тән тән. Балдырлардың кепшілігінде хлорофилл болады жэне олар автотрофты коректенеді. Балдырлар вегетативті, жыныссыз жэне жынысты жолдармен көбейеді. егетативті жолмен көбейгенде балдыр екі немесе бірнеше беліктерге тен оөлінеді. Улотрикс балдырларында окинеттер, сфацеллерия балдырында өлінгіш бүршіктер, ал хара балдырларында түйнектер түзіледі. Жыныссыз көбею козғалғыш зооспоралар жэне козғалмайтын апланоспоралар мен автоспоралар арқылы жузеге асады.
Зооспоралар екіталдшқты (хламидомонада), төртталшықты (лотрика), көпталшықты немесе талшықтар топтамасынан (эдогоний) турады. планоспоралар бір спорангия (моноспоралар), терт тетраспора жэне көптеген апланоспоралар тузеді. Жынысты жолмен көбею бірнеше эдістермен жүреді: ологамия - екі козғалғыш жаланаш клеткалардың косылуы («холос» - жалаңаш), тутас клеткалардың қосылуы. зогамия - («изос» - тең) . Екі бірдей қозғалғыш гаметалардың косылып, зигота тузуі. Гетерогамия - (амизогамия) . Аналык гамета улкен, аталык гамета кіші. Көбею процесі екі гаметаның косылуы арқылы журеді. Қозғалмайтын жұмыртка клеткасы мен кішкентай козғалгыш спрематозоидтар косылады. оньюгация. Коньюгация екі жолмен журеді: сатылап және буйірлік. Балдырлардьщ кейбір түрлеріне даму сатыларынын кезектесуі тэн. Даму атыларынын кезектесуі гетероморфты және изоморфты болуы мумкін. Даму сатыларыныц гетероморфты кезектесуі. Жапырақ тактасының бетінде көптеген зооспоралары бар зооспорангиялар тузіледі (диплоиды ламинария) . Зоспоралар түзілу барысында редукциялы бөліну жэне көптеген гаплоидты зоослоралардын пайда болуы катар жүреді. Әрбір зооспора микроскопиялык өскінге айналады. Бір өскіндер аналык, ал екіншілері аталыкка айналады. Аналык өскінде жұмыртка клеткалары дамитын оогония түзіледі, ал аталык өскінде сперматазоидтары бар антеридиялар түзіледі. Бүлардын қосылуы нәтижесінде жаңа ламинария өсіп шығатын диплоидты зигота пайда болады. Даму сатыларының изоморфты кезектесуі (диктиота) . Спорофитте шартәрізді, коңыр түсті тетраспорангийлер түзіледі. Тетраспорангийлерде 4 шар пішінді тетраспора дамиды. Редукциялы бөліну барысында оларда гаполоидты хромосомалар жүбы пайда болады. Гаплоидты тетраспоралардан сырткы белгілері спорофитке үксас балдырлар өсіп шығады. Алайда олардын бірінен жүмыртка клеткалары бар оогоний тузіледі, ал екінші біреулерінде сперматозоидтары бар антеридийлер пайда болады. Жұмыртка клеткасымен сперматозоид бір-біріне күйылып. диплоидты зигота пайда болады, ал одан өз кезегінде диплоидты диктиота дамиды.
Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және клеткалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta), қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae), криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta), сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta) . Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді:
Клеткасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әр түрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді.
Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды.
Балдырлардың табиғатта маңызы зор. Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады. Бір грамм қара топырақта 50 000 балдыр болады. Суда өсетін жасыл балдырлар көмірқышқыл газын сіңірт, оттегін бөледі. Онымен су жәндіктері, балықтар тыныс алады. Судағы ағзалық заттарды денесіне сіңіріл отырып, суды тазартады. Ал азық болатын ұсақ жәндіктер балдырларды қорек етеді. Балдырлармен балықтар, теңіз жәндіктері де қоректенеді. Балдырлар тау жыныстарын ыдыратып, топырақ түзуге қатысады. Ерте заманда (шамамен 1, 5 млрд жыл бұрын) фотосинтездеуші балдырлар ауаны оттегімен байытып, өздері құрғаққа шыққан өсімдіктердің бастамасы болды. Содан кейін біртіндеп жер бетінде өсімдіктермен қоректенетін, оттегімен тыныс алатын жан-жануарлар пайда болды. Балдырларды шаруашылыққа кеңінен пайдаланады. Қоңыр балдырлар мен қызыл балдырларды ертеден-ақ тамаққа, мал азығына пайдаланып келеді. Себебі бұлардың құрамында йод, фосфор, мыс болады. Қытай мен Жапонияда порфира балдырын арнайы табиғи жағдайға жақын ортала өсіріп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланады. Ламинария балдырын теңіз орамжапырағы деген атпен адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады. Теңіз балдырларын өнеркәсіптің көптеген салаларына шикізат есебінде қолданады. Олардан йод, спирт» сірке қышқылы, жасунық, агарагар (ғылыми мен саңырауқұлақтарды, балдырларды өсіретін қоректік орта) алынады. Агарагарды тамақ өнеркәсібінде де пайдаланады. Теңізде толқындық әсерінен жағаға шығып қалған балдырлар тыңайтқыш есебінде қолданылады. Оларды келтіреді де, топыраққа араластырады. Әсіресе бау-бақша өсімдіктері мен жүзімнің түсімі артады. Кладофора жасыл балдырларын қағаз өндірісінде пайдаланады.
Бардырлардың көпшілігінде хлорофилл болады және олар автотрофты қоректенеді, бірақта олардың ішінде тіссіз (гетеротрофты) организмдер кездеседі. Бұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жонуарларға жақын.
Құрылысы. Талломның вегетативтік клеткалары сырт жағынап целлюлозадан және пектинді заттардан тұратын қабықшамен қапталған болады. Клетка қабықшасының сыртының кремнеземмен немесе ою-өрнек тәрізді оның безегімен қапталуы жиі кездеседі. Цитоплазмасы клетканың бүткіл қуысын тайырады, немесе оның қабырғасына жықын орналасады. Клетканың ортасында, іші клетка шырынына толы бір үлкен немесе бірнеше ядросы және құрамында пигменттері бар, хроматофоралары болады. Хромотофораларының формалары алуан түрлі- пластинка, спираль, лента, астауша, жұлдызша тәрізді, торлы және т. б. болып келеді. Кейбір балдырлардың хроматофорасында «пиреноид» деп аталынатын ерекше белоктік денешектер болады, олардың айналасында артық қор заттары ретінде крахмал немесе соған жақын көмірсулар жиналады. Крахмалдан басқа артық қор заттары ретінде шынымайлары, липопротеид лейкозин, волютин ақуызы жиналады.
Көбеюі. Көбеюдің вегетативтік, нағыз жыныссыз және жыныстық типтерінің барлығы болады. Вегетативтік көбею бір клеткаларда клетканың екіге бөлінуі, колониялылар - ұсақ колонияларға ыдырауы, көп клеткалылар - талломасының бөліктерімен, кейде вегетативтік көбеюге арналған органдары (хараларда - түйнектері) арқылы жүзеге асады.
Нағыз жыныссыз көбеюі зооспоралары немесе қозғалмайтын споралары арқылы жүзеге асады. Спора вегетативтік клетканың ішінде немесе ерекше органдарда: зооспорангиларда немесе спорангиларда, олардың ішіндегі заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын бір клеткалы құрылым. Зооспоралар түзілгеннен кейін, көп ұзамай талшықтарын тастап, клетка қабықшасына оранып, жана особьқа айналады.
Жыныстық көбеюі изо-, гетерогамия және оогамиялық формаларда жүзеге асады. Изо-және гетерогаметалары қатардағы вегетативтік клеткалардан түзіледі. Жұмыртқа клеткасы оогогилерінде, сперматозоидтары энтеридилерінде жетіледі. Жұмыртқа клеткасы біреу, немесе бірнешеу болады, ал сперматозоидтары - көп. Балдырларда тіркесу арқылы көбеюі- коньюгация немесе зигогамия жиі кездеседі. Бүл жағдайда екі вегетатівтік клетканың ішіндегі протопласты екіншісіне құйылады. Осы сөз болған жыныстық көбеюлердің кезгелгені зиготаның түзілуімен аяқталады. Зиготадан редукциялық бөліністің нәтижесінде төрт зооспора түзіледі. Олардын келешекке жаңа особьтар пайда болады. Кейбір жағдайларда зигота тыныштық кезеніне көшпей ақ редукциялық жолмен бөлініп, бірден қозғалмайтын жаңа особьқа аналады. Бұл жаңа особьтар, тағында жаңа жыныстық көбеюдің мерзімі келгенше, ұзақ уақыттар бойы жыныссыз көбейе алады. Жаңа жыныстық көбеюдің мерзімінің келуі, көп жағдайда сыртқы ортаға байланысты болады. Алайда зиготадан жыныссыз фаза- спорофит (2n) түзіледі, ал онда жыныссыз көбею органы - зооспорангий түзіледі. Гаметофит қос жыныстыда дара жынысты да болады. Сонымен, балдырлардың біреулерінің өмірлік циклінде ядролық фазалардың дұрыс алмасуы болмайды, ал екіншілерінде спора - және гаметофазаларының алмасуын айқын байқауға болады.
Егістіктен шыққан, құрамында ерітінді күйінде тыңайтқыштары бар сулар және қаладан, елді мекендерден шыққан сулар өзен, көлдерді ластайды. Лас көлдердегі жасыл балдырлар біртіндеп түгел жойылып кетеді де, тек бактериялар, көк-жасыл балдырлар және диатом балдырлары ғана қалады. Олар су жәндіктері мен балықтардың қорегіне жарамайды. Алматы қаласынан шыққан лас сулар жеті тазартқыштан өтіп, Сорбұлақ көліне құяды. Содан соң үш тазартқыштан өтіп, Іле өзенше қосылады. Адамзаттық алдында тұрған міндет - өндіріс орындарынан шыққан лас сулар мен ауыл шаруашылық егістіктеріне шашылған химиялық қосылыстардан суды тазарту.
Теңіз суында қоңыр және қызыл балдырлар тіршілік етеді. Табиғатта қоңыр балдырлардың 1500 түрі бар. Бұлар - ядролы төменгі сатылары өсімдіктер. Қоңыр балдыр теңіздің 180-200 м тереңдігінде өседі. Олардың ұзындығы 30-50 метрге дейін жетелі. Қызыл балдырлардың 4 мыңға дейін түрі белгілі. Олардың 200-ге жуығы тұщы суқоймалары мен топырақта өседі. Ұзындығы 2 м шамасында болады. Балдырлардың жоғары сатыдағы өсімдік тамырына сәйкес ризоиды бар және сабақшасы мен жапырақ тақташасы айқын көрінеді. Бұлар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Балдырлардың (жасып, қоңыр, қызыл) табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы зор. Сула жәндіктер мен жануарларға қорек болады, топырақты құнарландырады (жасыл балдырлар) . Сондай-ақ қағаз өндірісінде пайдаланылатын кладофора.
Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір клеткалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы балдырлар - жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты балдырларға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырлардың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдырлар шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техникалық майлар, лактар алынады.
1. 1 Хара балдырлар (Charaphyta) бөлімінің ерекшелігі
Хара балдыр (Charophyta) -төменгі сатыдағы су өсімдіктерінің ішіндегі ертеден сақталып келе жатқан бір түрі. Жасушаларында хлорофилдары бар болғандықтан, көмірқышқыл газін сіңіріп, фотецинтез проецесіне қатысады. Сонымен қатар өз бетінше органикалық заттар жасап шығарады. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі осы балдырлардан келеді.
Хара - грек тілінен аударғанда қуаныш, әдемілік деген мағынаны білдіреді, қазіргі кезде хара балдырлардың 440 түрі Қазақстан (балқаш көлі) мен орта Азия елдерінде кең таралған. Олар теңіз, мұхиттарда, су асты қоймаларында өмір сүреді. Кейбір түрлері ағынсыз жерлерде, теңіз асты маржан рифтерде жабысып өсе береді. Топырақ бетінде өсетін түрлерінде кездестіруге болады.
Харалар - күрделі харафитті құрылымды, жоғары сатыда дамыған жасыл түсті, тік өсетін, биіктігі 20-30, кейде 50-100 сантиметрге жететін балдыр. Баска балдырлардан бас- ты айырмашылығы - архегониялы өсімдіктер сиякты көп клеткалы аналық жыныс органы оогонидің болуында. Сонымен бірге, денесі жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сияқты сабакка шоғырланып орналасқан белгілі бір мөлшерге дейін ғана өсе алатын «жапырақ» және «тамыр» сияқты түссіз көп клеткалы ризоид- тардан тұрады. Тік тұратын «сабағы» қырықбуын сияқты буын және буын аралықтарына бөлінген. Бірақ бұл тек олардың сыртқы көрінісі, жалпы харалар көп клеткалы қабатты, аса күрделі күрылымды өсімдік. Сабақ жоғарғы ұшынан үздіксіз ұзарып өсе алады, ал буындағы «жапырақтары» белгілі мөлшерге дейін ғана өседі. Буын аралықтары ірі, ұзындығы бірнеше сантиметрге дейін жететін цішиндр пішінді (5 см), көп ядролы, бөлінуге қабілеті жоқ клеткалардан тұрады, Ондай клеткалар кейбір түрлерінде қабықтармен қапталған. Қабықтар базальды клетка- лардан қүралады. Буындары қысқа дөңгелектеніп шоғырланған бірғіеше уақ бір ядролы клеткалардан тұрады. Ол клеткалардың бөлінуі арқылы жаңа бүйірлік бұтақшалармен шоғырланған «жапырақтар» түзіледі. Негізгі сабақтың жоғарғы ұшы өсу нүктесіндегі төбе клеткасымен бітеді.
Хара балдырларының алғашқы қабатының даму уақытында, барлық клеткалары бір ядрольт болады, клетка көбею уақытында ядролары митотикалық жолмен бөлінеді, хромосома сандар, оның көлемдері мен мөлшері әр түрлерінде әркилы болады. Клеткалар атқаратын қызметіне, орналасатын жеріне қарай жіктеле бастағанда, клетка ядросы амитотикальщ жолмен бөлініп, клетка аралық перделер пайда болмай, көп ядролы клетка түзіледі және ядроның пішіні сопақтау немесе ұзынша пішінді болып келеді. Хара балдырының кабатының күрделігі негізгі сабақтың жоғарғы өсу клеткасының бөліну уақытында дифференциялануында. Жоғарғы сабақтың ұшын- дағы өсу клеткасы күмбез пішінді.
Өсімдіктің вегетативтік уакытындағы күмбез клетка үздіксіз көлденең екі клеткаға бөлініп отырады. Оның жоғарғы клеткасы күмбезденіп келсе, төменгісі цилиндр пішінді келеді. Әрі қарай бөлінуден бірінен кейін бірі келетін 4 клетка түзіледі. Бұл төрт клетка қабатының дифференциялануына және өсуіне қызмет етеді. Алғашқы цилиндр пішінді клетка екі жағы ойыс жоғары және екі жағы дөңес төменгі клеткаға бөлінеді. Бүл екі клетканың атқаратын қызметі эр түрлі. Жоғарғы клетка бөлініп, көп клеткалы буынның қалыптасуына кызмет етеді. Төменгі клеткаұзарып өседі де, буын аралығын құрайды. Буын аралығындағы клетка бойлай бөлінеді. Бірнеше бойлай бөлінудің нәтижесінде буынның ортаңғы бөлімінде екі, ал шет жағына қарай бірнеше клетка пайда болады. Өрі қарай ортаңғы клетка бөлінбейді, ал шеткі клеткалар бірнеше бөлініп, жапырақтың және бүйірлік бұтақшаның бастамасын береді.
Әрбір шеткі сабақтың буын клетка сынан бірден «жапырақ» түзіледі. Алғашқы уақытта жапырақ клеткасы бүйірлік өсінді түрінде өседі. Кейіннен ол клеткалар бірнеше бөлініп, ұзара өсіп «жапыраққа» айналады. Бүйірлік өсіндінің клеткасы алғашқы уақытта жоғарғы өсу клеткасының қызметін аткарады. Бірақ одан айырмашылығы - белгілі бір мөлшерге дейін сегменттерге бөлшектенеді. Бұл сегменттер ұлғайып, бөлшекке мүшеленген жапыракқа айналады. Ол жапырактар бөлінбейтін ұзын клеткалармен кезек- тесіп келіп отыратын буындардағы уақ бөлінетін клеткадан тұрады. Ақырғы бір не бірнеше жапырақ мүшелерінде буындары болмайды. Жапырақ кұрамы жағынан сабаққа ұқсас, бірақ атқаратын қызметі бөлек.
Көпшілік шеткі жапырақ буындарында жыныс органдары дамиды. Жапырақтың туп жағында орналасқан ең төменгі базальды буындарының қызметі бөлек. Оның жапырақ қойнында орналасқан жеке клеткаларынан са- бақтың бүйірлік бұтақтары дамиды не болмаса қабығы мен бөбешік жапырағы өседі. Әр түрдің бөбешік жапырағының құрылысы эр түрлі. Харафиттердің буын аралықтарын және көпшілігінің жапырақтарын қабық деп аталатын арнаулы клеткалар қаптап жатады. Сабақтың қабығы хара балдырында жақсы жетілген. Ол сәл көлбей жолақтасып, параллель орналасқан ұзын клеткалардан тұрады. Хара балдырлары тармақталған ризоидтары арқылы төсемікке бекініп жатады.
Клетка құрылысы. Клетка қабықшасы тығыз, ішкі қабаты целлюлоздан, оның сырт жағын каллоза деп аталатын суда ерімейтін поли- сахарид қаптап жатады. Ол глюкоза молекулаларының қалдығынан құралған. Целлюлозадан айырмашылығы түзу тізбек қурамай, спиральды тізбек қүрайды, оның сыр- тына кальций карбонаты жиналады да, өсімдікке қаттылық қасиет береді. Буындағы уақ клеткалары бір ядролы болса, буын аралықтарындағы ірі клеткалар көп ядролы. Клетканың кабыргалык қабатына қарай жатқан цитоплазмада жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлорофилл дәндері сияқты көптеген дөңгелек хлоропласталары орналасқан. Хлоропласт құрылысы жағынан жасыл балдыр- лармен бірдей. Хлоропласталарында хлорофилдің а және в пигменттері мен каротиноидтер болады. Қор заты ретінде крахмал жиналады. Пиреноидтары болмайды. Ересек клеткалардан цитоплазманың айналмалы қозғапысы байқалады. Басқа организмдермен салыстырғанда протопласттың айналысы тез. Клетканың орталық бөлімін клетка шырыны бар вакуоля алып жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz