Қыстайтын құстар түрлерін анықтау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ҚҰСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫҚұстардың территорияға қатысты бөлінуіҚыстап қалатын құстар
- КӨКШЕТАУ ӨҢІРІНДЕ ҚЫСТАЙТЫН ҚҰСТАРӨңірдегі жыртқыш құстардың алуан түрлілігіӨңірде сирек кездесетін құстардың сипаттамасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбею біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі) .
Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі бар.
Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері, бұрынғы КСРО-да шамамен 800-дей және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы заманғы құстар 28 отрядқа топтастырылады. Жойылып кету қауіпі бар және, сирек кездесетін құстардың 200 түрі мен 83 тұртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі бұрынғы КСРО-ның және 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Зерттеу өзектілігі. Қыстап қалатын құстар деп өз елді мекенінде жыл бойы қалатын құстарды айтады. Жануралар ауа температурасына бейімделіп қана қоймай, өзінің жеке ерекшеліктері мен аумақтың жем базасының мамандандырылуын да басшыдыққа алады. Суық кезде жылуды сезінетін тек тоқ құстар ғана. Соған сәйкес, қыстайтын құс қар арасынан өзіне азық таба алуға бейім болу керек. Демек, жәндіктермен қоректенетін құстар қыс кезінде оңтүстікке ұшып кетеді.
Жидектерді қанағат тұтатын құстар мен, тышқандар мен қояндарды аулайтын жыртқыш құстар қыстап қалады.
Қазақстанда қыстайтын құстардың саны шамамен 70 - ке жуық.
Зерттеу нысаны: қыстайтын құстар
Зерттеу мақсаты. Көкшетау өңірінде қыстайтын құстарға сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
- Құстардың экологиялық топтарын сипаттау:
- Құстардың территорияға қатысты бөлінуіне сипаттама беру;
- Қыстайтын құстар түрлерін анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Бұл жұмыстың жаңалығы, оқушыларға құстардын ғажайып әлеміне қызықтыру, себебі қызығушылықпен бірге - өздерінде бұл әлемді терең, жақын тану тілегі пайда болады. Ал бұл бай табиғатты толық сақтауға мол үлес қосады. Өз оқулықтарындағы құстар жайлы қысқаша берілген мәліметтерді бұл жұмыс арқылы кеңінен толықтыра аласыңдар.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Курстық жұмыстың қорытындылары мен тұжырымдарын жоғары оқу орындарында осы сала бойынша білім алып жатқан бакалаврлар мен магистранттарға, сондай-ақ құс тіршілігіне қызығушылық танытатын оқырмандарға пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының әдіс - тәсілдері: ғылыми әдебиетті оқып талдау, бақылау, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері арқылы іске асыру.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ҚҰСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ
Жалпы тіршілік барысы мен оның кейбір көріністеріндегі ырғақтылық барлық жануарларға тəн құбылыс. Оның негізіне тіршіліктің мəнін құрайтын арнайы биохимиялық жəне фи зиологиялық реакциялар жатады. Тəуліктің əртүрлі кезеңдеріндегі экологиялық жағдайлардың біркелкі болмауы жəне
Жер шарының көптеген аудандарына тəн сыртқы орта факторларының маусым бойынша өзгеруі эволюция процесінде биологиялық ырғақтардың қоршаған ортаның тəуліктік жəне маусымдық өзгерістеріне сəйкес келуіне алып келді. Ол тіршіліктің əртүрлі фор маларының уақыт бойынша оларға сыртқы орта жағдайларында сəйкес келетін қолайлы уақыттарында жүзеге асуына жол ашты. Тіршіліктің тəуліктік жəне маусымдық кезектілігі құстар үшін де өте маңызды.
Құстардың тіршілігі, басқа жануарлардағыдай, суық жəне қо ңыржай климатты ендіктерде жыл маусымы бойынша күрт өзгерістерге ұшырайтын жағдайда өтеді. Маусымдық үлкен өзгерістерге температура, күннің ұзақтығы мен жарықтың қарқындылығы, қоректің молдығы мен сапасы жəне оның табу жағдайлары, т. б. жатады. Құстар класы үшін өте жоғарғы деңгейдегі биологиялық бел сенділік жəне оны тəулік ішіндегі уақыттар бойынша нақты бөлінуі тəн.
Осы өзгерістердің əсерлерінен əрбір популяцияда жəне жеке түрде оларға тəн тұқым қуалайтын тіршіліктің жылдық режимі қалыптасады. Биологиялық кезеңдер белгілі бір тəртіп бойынша алмасады, бұлар белгілі маусымдық жағдайларға тура келеді. Əр түрде жылдық циклді құрайтын биологиялық құбылыстар белгілі бір кезеңдерде организм мен орта жағдайларының қарымқатынастық сипатына қарай жүзеге асады. Орта факторларының маусымдық өзгерістерінің барысы əртүрлі ендіктерде түрліше жүзеге асатын болғандықтан бір түрдің əртүрлі популяцияларында биологиялық құбылыстардың мерзімі де түрліше жүреді.
Көптеген құстар күндіз белсенді, десе де белсенділігі түнмен байланысты болатын түрлер де кездеседі. Əртүрлі құстарда болатын тəуліктік ырғақтардың эволюция барысында қалыптасуын анықтайтын бірнеше басты факторлар бар. Олар:
1) қоректік нысандардың белсенділігі;
2) қоректі аулаудың ең тиімді жағдайлары;
3) класс ішіндегі қоректік бəсекелестік.
Бірінші топқа жататын факторлар күндіз белсенділік тіршілік ететін насекомқоректі жəне балыққоректі құстардың, сол сияқты күндізгі жыртқыштардың пайда болуының басты себебі болып табылады. Қорегін табуда көру анализаторлары маңызды орын алатын көптеген басқа құстар да (дəнқоректілер, жемісқоректілер, шырынқоректілер жəне т. б. ) күндіз белсенді тіршілік етуге көшкен.
Қоректік бəсекелестік түнгі формалардың қалыптасуына негіз болады, өйткені бұл құстардың белсенділігі қоректік бəсекелестері дем алып жатқанда артады.
Түнде белсенді тіршілік етуге көшкен құстарда көру органдарының құрылысы мен қызметі, сол сияқты құстар мінез-құлқындағы əртүрлі анализаторлардың атқаратын рөлі де өзгерген.
Тəулік бойында құстар үнемі белсенді болмайды, белсенділік дем алумен кезектесіп, алмасып отырады. Мысалы, торғайтəрізділер отрядына жататын көптеген күндізгі құстарда жаз айларында, балапандарын қоректендіру кезеңінде, белсенділігі таң ертең артады, түске қарай төмендейді жəне кешке, күн батарға қарай қайтадан артады.
Осы сияқты белсенділік пингвиндер шоғырларында да байқалады. Екі-төрт апталық жастағы балапандарда да белсенділіктің осындай 2 шыңы-таңертең жəне кеште байқалады. Қоректенуге байланысты белсенділіктің таң ертең артуы түнде жұмсалған энергетикалық қорларды қайтадан қалпына келтіру, ал кешкі белсенділік осы қорларды жинау үшін қажеттіліктен тууы мүмкін деген көзқарас бар.
Қыс айларында оңтүстікке ұшып кетпейтін құстардың белсенділігі тəуліктің жарық бөлігінде біршама қарқынды əрі бірыңғай, өйткені қысқа күнде қорегін көптеп аулау қажет. Бұл уақытта белсенділіктің төмендеуінің ырғақтық сипаты болмайды жəне ол қолайсыз ауа-райына (қар жауу, жел, жаңбыр жəне т. т. ) əсерінен жүзеге асады. Барлық күндізгі құстардың түнге 163 қарай зат алмасуы, яғни дене температурасы төмендейді, тіпті, мидың температурасы да тəулік бойынша өзгеретіні тауықтармен жүргізілген тəжірибелерде анықталған.
Түн құстарының (мысалы, жапалақтар немесе тентекқұстар) белсенділігінің де фазалық сипаты болады. Мысалы, кəдімгі жапалақтың ымыртта жəне таң алдында, сол сияқты түн ортасында белсенділігінің артатыны белгілі. Бұл құстарда, мысалы жапалақтарда газ алмасу мен дене температурасы күндізге қарағанда, түнде біршама жоғарылайды.
Қазіргі кезде құстардың белсенділігінің тəуліктік ырғақ тарының негізіне тұқым қуалайтын физиологиялық процестердің эндогенді циклдердің 24 сағатқа жақын кезеңі жататыны белгілі. Мұндай циклдік процестер циркадтық (лат. сirca-маңы жəне diesкүн) ырғақтар деп атайды. Циркадтық ырғақтар таза күйінде тек жануарларды сыртқы ортаның тұрақты жағдайларында ұстағанда ғана жүзеге асады. Мысалы, құстарды ұзақ уақыт қараңғыда немесе жарықта ұстағанда белсенділіктік циклдік өзгеруі қалыпты жағдайдан біршама ауытқиды.
Құстар тіршілігінде жарық режимінің тəуліктік ауытқуы да маңызды рөл атқарады, өйткені көру рецепциясы көптеген түрлердің тіршілік əрекеттерінде басты орын алады. Күн мен түннің ауысуы күндізгі, сол сияқты түн құстарының белсенділігі нің басталуы мен аяқталуының сигналдық факторы болып саналады. Күн мен түннің маусымдық өзгерістері де құстар бел сенділігінің басталуы мен аяқталуына сəйкес ауытқып отырады.
Табиғатта қысқа айларда құстардың белсенділігі ұзақ күндері бар айларға қарағанда, ертерек басталатыны белгілі. Тіпті, құстардың жарықтың қарқындылығының, жарықтың спектралды құрамының, көкжиектен күннің жоғарылауының жəне т. б. өзгеруіне жауап беретіні де белгілі. Поляр аймағында, жаз айларында, күн мен түннің нақтылы ауысуы болмағандықтан көптеген құстардың белсенділігі тəулік бойы, қорегін аулау мен басқа да тіршілік əрекеттерін жүргізу жəне қысқа дем алу кезеңдерімен, алмасып отырады.
Ауа температурасы да құстардың белсенділігіне əсер етеді, десе де бұл көп жағдайда жанама түрде қорегін іздеуге əсерін тигізеді.
Жарықтың маусымдық өзгеруі тек тəуліктік белсенділікке ғана емес, сонымен қатар құстардың тіршілігіндегі маусымдық кезеңдерінің өзгеруінде де үлкен рөл атқарады. Жарық ұзақтығының маусым бойынша өзгеруі жыныс клеткаларының өсуі мен көбею, көбею алды мен көбею соңындағы түлеу, миграцияалды жағдайы мен миграция басталу процестерін реттейді. Осындай маусымдық құбылыстарға дайындық пен олардың өтуі күрделі нервтік-гуморалдық тетіктер жəне олардың жылға жуық эндогенді циклдері арқылы анықталады.
Фотопериодтың маусымдық өзгеруі уақыттың сыртқы тітіргенгіштіктері ретінде əсер етеді, яғни маусымдық процестердің түсу мерзімін сыртқы жағдайлардың жылдық циклдерімен сəйкестенеді. Маусымдық циклдердің фотопериодтық реттелуі өте күрделі əрі уақыт бойынша тұрақты болмайды.
1. 1 Құстардың территорияға қатысты бөлінуі
Маусымдық миграцияны құстар организмінің қажеттілігі мен тіршілік жағдайының сəйкес келмеуі деп қарастырған дұрыс. Мұндай сəйкессіздік, бір жағынан қоршаған ортаның маусымдық өзгерістерінің нəтижесі болса, екінші жағынан организмнің бір тіршілік кезеңінен екіншісіне өткендегі жаңа қажеттіліктің туындауы.
Организмнің қоршаған орта қоятын талаптарының күрт өзгеруі негізгі үш биологиялық кезеңнің ауысуына байланысты. Олар: көбею, түлеу жəне ұядан тыс кезең. Осы кезеңдердің əрқайсысына құстардың маусымдық миграциясы: көктемгі ұялайтын жерге байланысты миграция, түлеу миграциясы, ұядан ұшқаннан кейінгі қоныс аудару, күздік- қыстық қоныс аудару жəне қыстауға ұшып кету сəйкес келеді. Көбею кезінде құстар ұяға байланады.
Олардың барлық тіршілігі ауданы шағын ұялау территориясында өтеді, өздеріне жем табады жəне балапандарына жем жинайды. Көбею кезеңі аяқталған соң, балапандары қанатына қонғаннан кейін көптеген құстар бұл территорияны тастайды. Жемін іздеп, қорек мол жерлерге кете бастайды. Мұндай қоныс аудару көпшілік құстарға тəн. Жыл құстары үшін ол бірте-бірте күзгі ұшып кетуге жалғасады.
Құстардың маусымдық миграциясы барлық географиялық ендіктерде жəне жер шарының барлық өңірлерінде байқалады. Маусым бойынша тіршілік жағдайы күрт ауысса, сол сияқты құстардан маусымдық миграциясы да анық байқалады.
Əртүрлі құстардың экологиялық икемделуі бəрінде бірдей болмайды, осыған орай тіршілік жағдайының маусымдық өзгеруіне түрліше бейімделеді. Эволюция процесінің барысында бір түрлердің қыстың қатал жағдайында тіршілік етуге арнайы бейімделушіліктері болады.
Мұндай бейімделушіліктерге қорегінің ауысуы, мекендеу ортасының алмасуы, қауырсындарының қалыңдауы мен мамықтарының артуы, қонақтау жəне ауа райының қолайсыздығынан қорғану үшін баспана пайдалану жəне т. б. жатады. Мұндай түрлер сол жерлерде оңай қыстап шығады немесе шамалы ғана қонысын ауыстырады. Басқа түрлерде жоғарыда айтылған бейімделушіліктер байқалмайды, байқалған күнде де олар əлсіз келеді.
Мұндай құстар жазғы мекендеу орындарын тастайды жəне тіршілік үшін қолайлы жерлерге ұшып кетеді, осылайша қыстың қатаң жағдайынан құтылады. Ұшып келу-кету жəне отырықшылық қыстағы тіршілік жағдайға бейімделушілік дəрежесін анықтайды.
Қыстың қатал табиғатына бейімделу сипатына қарай құстар үш санатқа (категорияға) бөлінеді: отырықшы құстар, жыл бойы бір жерде мекендейтіндер (үй торғайы, шіл, меңіреу құр жəне басқалары), көшпенді құстар, белгілі ендікте əр бағытта күз-қыс айларында қорегін іздеп орын алмастыратындар (көк шымшықтар, суықторғайлар, ақ шіл жəне басқалары), жыл құстары, жылда тұрақты түрде қыстауға ұшып кететіндер (қаздар, үйректер, тырналар, қарлығаштар жəне т. б. ) .
Бұлай болу шартты ғана, өйткені жоғарыда көрсетілген категориялар арасында өте байқалмайтын аралық формалар да кездеседі. Тіпті, бір түрдің əртүрлі популяциялары əрі отырықшы не көшпелі, не болмаса, жыл құстары да болуы мүмкін. Маусымдық миграциялардың жалпы себептері азды-көпті болса да түсінікті. Мысалы, құстар организмінің физиологиялық жағдайлары жылдық циклдің əртүрлі биологиялық кезеңдерінде өзгереді, осыған орай олардың мекендеу ортасына деген талаптары да өзгереді.
Құстар бір орында қоршаған орта жағдайында организмнің талабына сай келгенше қалады. Егер бұл тепе- теңдік бұзылса, басқа биотопқа ұшып кетсді. Десе де құстарға мекендеу ортасын табуға түрткі болатын жəне миграция жасауға итермелейтін себептер өте күрделі жəне соңына дейін толықтай анықталмаған.
Құстардың маусымдық миграция жасауына негізінен қорек деңгейінің сыртқы орта жағдайының өзгеруіне қарай маусымдық өзгеруі, сонымен қатар организмнің энергетикалық балансына жəне онымен тікелей байланысты жыныстық фазасының əрі эндокринді бездердің кезеңдік белсенділігінің өзгеруімен байланысты болады. Отырықшы құстарда миграцияға деген құлшыныс (талпыныс) болмайды, өйткені олар қыс жағдайларын басынан өткізуге жақсы бейімделген, ал көшпенді құстар мұндай өзгерістерді қиын өткізеді. Осыған орай оларда маусымдық миграцияның қарапайым формасы басқа биотоптарға орын алмастыратын қоныс аудару дамыған.
Қоныс аудару дегеніміз - қорек іздеуге байланысты орын алмастыру.
- Қыстап қалатын құстар
Қысы суық, қорек қоры аз жылдары қоныс аудару күшейетіні белгілі. Құстардың кейбір түрлерінде, суық климаттық белдеулер шегінде шамалы қоныс аударатындарда күзгі ұшып кетуге түрткі болатын себептер - қорек жетіспеуі жəне температура жағдайының қолайсыздығы.
Көпшілік жыл құстарының күзде ұшып кетуі жоғарыда айтылған құстардағыдай қоршаған ортадағы тіршілік жағдайларының төмендеуіне емес, ол екінші факторларға, солардың жақындап қалуы мен түсуін ескертетін факторларға байланысты. Жыл құстарының уақытында ұшып кету биологиялық жағынан ұтымды, өйткені бұл құстар күз-қыс кездерінде түсетін қоршаған ортаның өзгерісіне шыдамайды. Осылайша олар қорек азайғанша немесе жағымсыз жағдайлар əлі түсе қоймаған кезде ертерек ұшып кетеді. Бірақ ұшып кетуге не себеп болды деген сұрақ əлі толық зерттелмеген. Оларға тірі сол сияқты өлі табиғаттың маусымдық өзгерістері жатады. Десе де əрбір популяция мен түр үшін бұлар əртүрлі болатыны сөзсіз.
Құстардың белгілі бір сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдылығы миграция кезінде күрт артады, бұл организмде жүретін физиологиялық өзгерістерге байланысты. Бұл өзгерістер эндокринді жүйенің, əсіресе гипофиз, гипоталамус, қалқанша бездің əсерімен жүзеге асады. Жыл құстары жылына екі рет: миграция алдында жəне миграция кезінде ерекше физиологиялық күйде болады. Бірінші жағдайда метоболизм өте терең өзгерістерге ұшырайды, бұл кезде денеге май заттары алысқа ұшатын құстарда көптеп жиналады.
Миграция кезінде май қоры жұмсалады, бірақ дем алғанда жəне қоректенгенде қалпына тез келеді. Маусымдық миграцияның барлық формалары азды-көпті болса да тұқым қуалайды, десе де, оның «сигналдық» табиғаты бар, яғни ортаның белгілі бір факторларының əсерлерімен жүзеге асады. Сигналдар сипаты, олардың күші (тікелей экологиялық маңызы) əртүрлі түрлерде түрліше жəне ол жылдық тіршілік циклі мен тұқым қуалаушылықтың қаншама беріктігіне байланысты.
Нағыз жыл құстарында ортаның өзгерісі, ал көшпенді құстарда тікелей қорек жетіспеуі мен температураның төмендеуі əсер етеді. Маусымдық миграция күз бен көктемде жаппай болады жəне айқын байқалады. Десе де, миграция мерзімдері əртүрлі түрлерде түрліше өтеді. Əрбір географиялық аймақта, жеке түр, тіпті, əрбір популяция үшін ерекше болады. 196 Қыстауға бəрінен бұрын насекомқоректі құстар (ұзынқанаттар, қарлығаштар, шыбыншылар, мысық торғайлар жəне т. б. ) немесе майда су омыртқасыздармен қоректенетін түрлер (əртүрлі шалшықшылар) ұшып кетеді.
Ең соңынан, күз кезінде де қорекпен толықтай қамтамасыз етілетін өсімдікқоректі құстар (ақтұмсық қарға, шетен сайрауығы, қаздар, үйректердің көптеген түрлері жəне басқалары) ұшады. Бұл құстар мекендейтін орта жағдайы мүлдем төмендегенде ғана (су қоймаларын мұз басу, қорек қорының азаюы жəне оны табу қиындығы жəне т. т. ) жылы жаққа ұша бастайды.
Көктемгі ұшып келу керісінше, жүзеге асады: алдымен, өсімдікқоректілер, кейіннен насекомқоректілер келеді. Маусымдық миграцияның мезгілі құстың жынысы мен жасына байланысты. Күзде бірқатар түрлердің жастары алдымен, одан кейін кəрі аналықтары, ең соңында кəрі аталықтары (жаурауық, қамыс сұлыкеші, түз бозторғайы, күйкентай жəне басқалары) ұшатыны белгілі. Көктемде үншіл құстардың аталықтары ертерек, содан соң аналықтары (жаурауық жəне т. т. ) ұшып келсе, көшпелі құстардың аталығы мен аналығы бір мезгілде ұшып келеді. Ұшып келу-кету барысына ауа райы үлкен əсер етеді. Көктемде температураның күрт көтерілуі немесе күзде төмендеуі бірқатар түрлердің жаппай ұшып келуіне (ұшқыр үйрек-морянка, тұрпандар) немесе кетуіне (қаздар, аққулар) себепші болады. Жел ұшып келу-кету жылдамдығына, ұшу бағытының өзгеруіне алып келеді. Сол сияқты жел ұшу биіктігіне де əсер тигізеді.
Жауын-шашында құстың қоныс аударуында белгілі орын алады. Үншіл құстар жəне кейбір су құстары жаңбыр жауатын аудандарды айналып өтеді, бірақ əлсіз жаңбырдың əсері жоқтың қасы. Тұман ұшып келу-кетуді баяулатады, оның биіктігін төмендетеді, қалың тұманда көптеген құстар ұшпайды. Көптеген құстар топтанып қоныс аударады, əрбір түр үшін белгілі бір сап құрып ұшады. Мысалы, тырналар, қаздар бұрыш не сына түзіп, үйректер-қиғаш қатар, не бұрыш құрып, қызғыштар-созылған тізбек, ал көптеген майда үншіл құстар-қалың жинақталған топ түзеп ұшады. Топтың көлемі де əртүрлі болады. Топтағы құстар жеке құстарға қарағанда, біршама қоңды болып келеді. Ұшып келу-кету тек күндіз ғана емес, сонымен қатар түнде де жүзеге асады. Күндіз негізінде ірі құстар (тырналар, қарғалар, жыртқыштар), ал майдалардан күні бойы қоректеніп те үлгеретіндер (қарлығаштар, сұлыкештер, бозторғайлар жəне т. б. ) ұшады. Түнде бұл құстар дем алады. Түнде күндіз қоректеніп, қарнын тойдыратындар (майда насекомқоректілер, батпақ құстары, көптеген шалшықшылар жəне т. б. ) ұшады. Бірқатар құстар (қызғыш, қара торғай жəне басқалары) күндіз де, түнде де қонысын аудара береді. Ұшып келу-кету де биіктігі де түрлі құстарда түрліше. Үйректер, татреңдер теңіз деңгейінен 2200-2400 м, ақтұмсық қарғалар-3300 м, тырналар, шалшықшылар, үншіл құстар Гималай тауының үстімен 6000м, ал қаздар тіпті, 9500 м биіктікте ұшып өтетіні белгілі. Десе де, көптеген құстар біршама төмен, 450-750 м, ал майда құстар 100 м-ден төмен ұшып өтеді. Миграция кезінде көпшілік құстардың ұшу жылдамдығы сағатына 50-100 км болады. Бірақ та тəуліктік ұшып өту жылдамдығы бұдан төмен, өйткені миграция кезінде олар дем алуға, қоректенуге тоқтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz