Қопа көлінің қазіргі экологиялық жағдайына сипаттама беру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН СУ АЙДЫНДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Көкшетау өңірі су ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы
1.2 Су айдындарын тазарту шаралары
2 ЖЕРГІЛІКТІ СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ БАЛЫҚТАР
2.1 Жергілікті өңірдегі балық шаруашылығы
2.2 Су айдындарындағы балықтардың саны мен азаю себебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Адамның бүкіл өмірі - бұл оның табиғатпен және қоғаммен қатынасы, өзара әрекеттесуі. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ол өзінің еңбегімен табиғаттың құрамды бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы қазбалар, жел, т.б.) өзінің қажетін, түрлі мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланады. Адам айналадағы ортаны өзгерте отырып, өзі де осы өзгерген табиғаттың әсеріне ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі бүкіл дүниежүзілік көлемде экологиялық проблема тудырды. Бұл проблема қоғам өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаның ластануына, энергетика мен шикізат қорының азаюына, табиғи экологиялық баланстың (биосфераның ішкі өзін - өзі реттеу механизмінің) бұзылуына, адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтарымен табиғаттың ластануының салдары ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты.
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын дамыту жұмысы негізі ең өзекті мәселелердің қатарына кіріп отыр. Себебі еліміздегі суайдындарының тиімді пайдаланылмауымен халықтың балық шаруашылығы су тоғандарын бекіту мен оларды жүргізу кезіндегі ресми мәліметтердің аздығы мен практикалық тәжірибелердің жоқтығында болып табылады.
Қазақстанда балық шаруашылығына бай су қоры және балық шаруашылығын қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайлар бар. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы тауарлық балық шаруашылығының әр түрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді, мысалы: тоғандық (оңтүстік және шығыс Қазақстан), көлдік-тауарлық (солтүстік, оңтүстік және шығыс Қазақстан) және индустриалдық (жылы суды шығаруресурстары барөнеркәсіптік кәсіпорындардың су қоймалары, геотермальды көздер, тұйық су жүйесін қолдану).
Зерттеу мақсаты. Жергілікті су айдындарындағы балықтардың саны мен түрін анықтау.
Зерттеу нысаны: су айдындары
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысында жасалған негізгі тұжырымдар мен қорытындыларын жоғары оқу орындарында, мектептерде геграфия пәнінде қолдануға болады.
Зерттеу міндеттері:
oo Қазақстан су айдындарының жағдайына шолу жасау;
oo Қопа көлінің қазіргі экологиялық жағдайына сипаттама беру;
oo Су айдындарын тазарту шараларын анықтау.
Зерттеу жұмысының әдіс - тәсілдері: ғылыми әдебиетті оқып талдау, бақылау, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері арқылы іске асыру.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН СУ АЙДЫНДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес.
Орта Азия мен Қазақстан жерлері суға кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан кейін оның орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар: Каспий, Арал, Балқаш.
Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен оның Волга, Терек, Жайық, Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын өзендері көп.
Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі алқаптарды қолдан суғарып игеруге кіріскеннен кейін сырттай келетін су көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі 230 см төмен түскен.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы құрғақ шөл даланың ортасында ірі көлдердің бірі -- Балқаш көлі орналасқан. Су бетінің көлемі 19 мың шаршы километр. Бұл көлдің халық шаруашылық мәні ете күшті. Осы көл аркылы республикамызда таукен металлургия өндірістері дамыды. Көл жағалауларында балық және кәсіптік аң аулау шаруашылықтары жетілді. 1950 жылдан бастап үздіксіз жүргізілген бақылау көл суының минералдануының аса өзгермегенін көрсетті.
Арал теңізі -- ірі ішкі су алқаптарының бірі. Бұрынғы заманнан бері Арал теңізі балық байлығымен атағы шыққан. Амудария мен Сырдария өзен алқаптарында аңшылар бір миллионға дейін ондатр терісін алып тұрған.
Кейінгі жылдары Арал теңізіне көптеген ғылыми мекемелер назар аударып отыр. Соңғы 10 -- 15 жылдың ішінде судың гидрологиялық ырғағына айтарлықтай өзгеріс енді, су деңгейі төмендеп оңтүстік және шығыс жағалауындағы теңіздің таяз бөліктері кеуіп қалды. Теңіздің негізгі көзі Сырдария мен Амудариядан су көп мөлшерде кеміді. Бұрын, суармалы егістік дамымай тұрғанда Амудария мен Сырдария Аралға орташа есеппен жылына 62 текше километр су беріп тұратын болса, 1974 жылдан бері Сырдария суы Аралға құймайды, түгелдей жол-жөнекей шаруашылықтарға бұрылып алынады. Ал Амудария құятын судың 75 проценті кеміді, 1975 -- 1978 жылдары Аралға бар болғаны 12 текше километр су берді.
Сырдария мен Амудария алқабында барлығы 5,5 миллион гектар суармалы егістік бар, бұл мөлшерді 8 -- 9 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Кейбір зерттеулер бойынша суармалы егістікке жарайтын жер көлемі 16 миллион гектарға жетеді. Су тек суармалы жерге жұмсалып қана қоймай, басқа жолдармен де көп ысырап болады. Күріш және мақта плантацияларында пайдаланылған сулар ойпаттарға ағады да, көп бөлігі топыраққа сіңіп, қалғаны буланып жоқ болады. Мысалы, аса ірі Арнасай және Сарықамыс ойпаттарына жылына 7 -- 8 текше километр су құйылып қайтпастан жоғалады. Осының бәрі Арал теңізінің таяздауына әкеп соқты. 1960 жылдан бері жылма-жыл таяздаудан теңіз деңгейі 7 метр төмен түсті, теңіздің көлемі 14 мың шаршы километрге кеміді. Теңіздің кеуіп қалған бөлігі су басып жаткан белігінің көлемімен теңесті. Теңіз суының тұздылығы да көп артты Теңіз бен өзендерде болып жатқан мұндай құбылыстар балықтардың көбеюіне де кесірін тигізеді. Ауланатын балық көлемі де күрт төмендеді. Мысалы, 1963 жылы 480 мың центнер балық ауланған болса, 1978 -- 1979 жылдары бар болғаны 40 -- 50 мың центнер ауланды. Ондатр аулау мүлде тоқталды.
Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен жылына 120 миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын 65 оңаша алқаптарға құйып жатады. Мұның ішінде Ертіс, Сыр, Жайық т.б. Республика халқының жан басына шақсақ, күніне әр адамға 20 литрден келеді. Бұл өте көп мөлшер. Алайда осының бәрі колда болғанда республикада су мәселесі бүгінгідей алаңдатпас еді. Өйткені дүние жүзінде суға ең бай деген Нью-Иорк қаласының әр тұрғынына бір тәулікте келетін судан үш еседен де асады екен. Ал, көріп жүргеніміз кері құбылыс, себебі, даламыз шөлейт аймаққа жатады. Халқымыздың жан басына тәулігіне 100 -- 120 литрден артық су келмейді (бір техника мұқтажына, тұрмыс қажетін өтеуге, егістікті суландыруға, қалаларды көгалдандыруға және ішуге арналған судың бәрі осы санның ішінде). Енді, соншама судың басым белігі қайда кетті? деген сұрақ туады.
Мұның мынадай себептері бар. Картаға қарасақ ұлаң-ғайыр қазақ даласының оңтүстік-шығысы, батысы таумен қоршалып жатыр. Ол жақтардан ылғалды ауа өтпейді. Республиканың солтүстігі ғана ашық. Көкшетау облысынан басталатын мидай жазықтың бір шеті Мұзды мұхитқа барып бірақ тіреледі. Ол мұхиттан шығып қазақ даласына үш-ақ күнде жететін ауаның ылғалы аз. Басқа жақтардан там-тұмдап келетін ауа да ылғалсыз. Ол жазда аңызақ түрінде келіп оған күн қызуы қосылып, жердегі артық суды буландырып жібереді. Бұл республикамызда су қорының азаюының бір себебі. Екінші себебі республика жерінен өтетін негізгі өзендердің ішінде Ертіс, Есіл, Тобыл Мұзды мұхитқа кететіндігінде; үшінші себебі -- Сыр, Іле, Тентек, Ақсу, Қаратал, Нұра техникалық мұқтажды, не ауызсулық мұқтажды өтей алмайтын Каспий, Арал, Балқаш, Қорғалжын сияқты тұзды айдындарға құйылып жатуында; төртінші және ең негізгі себептердің бірі -- әлгі айтқан өзен суларының шаруашылық мақсатта көп бөгеліп, қайрылмастан жоқ болуында. Осыдан келіп республикамыздың жылдық су қорын адам баласына шаққанда жиырма бөлігінің бір бөлігі ғана тиеді.
Бүгінгі күні республикамызды сумен қамтамасыз етумен бірге Арал, Балқаш, Каспий сияқты ірі су айдындарын құрып кетуден сақтап қалу проблемасы тұр.
Республика далаларын су мұқтаждығынан құтқару мақсатында айтарлықтай жұмыстар істелді. Қазақстан картасына сыйымдылығы миллиардтаған текше метр су жиналатын және ГЭС-і бар Шардара, Қапшағай су тораптары, Сырдария бойында Қазалы торабы, Бөген, Бадам, Тасөткел қоймалары мен Ертіс -- Қарағанды каналы пайдалануға беріліп, жүздеген мың гектардан астам қолдан суарылатын жер игерілді. Ол жерлерде пайда болған мыңдаған жаңа шаруашылықтар қыруар пайда беріп отыр.
Алайда мұның бәрі ірі су айдындарының күннен-күнге тартылуына себепші болып отыр. Сондықтан жерді суландыру мәселесін қоймалар жасау арқылы шеше отырып, су қорын қорғауды да естен шығаруға болмайды. Каспий, Арал, Балқаш сияқты табиғи айдындарды да жоғалтып алмау керек.
Алайда жер асты суын көп пайдаланатын жерлерде бос воронкалар пайда болып, оларға бактериялар, кейбір химиялық элементтер еніп кететіндігі анықталды. Бұл табиғат қорғаудың ережелерін бұлжытпай сақтауды талап етеді.
Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді.
Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтанда тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.
Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықтың іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған орай су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды құжаттардың бірі- ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған Су кодексі. мұндағы көрсетілген Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері- халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.

0.1 Көкшетау өңірі су ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы

Көкшетау жерінде 1515 көл бар. Аумағы атшаптырымнан асатын-80 көл. Ал осы сексеннің онға жуығы Бурабайдың айналасында, кербез Көкшетаудың баурайында шалқып жатыр. Бұл дүниеден озған қазына қарттарымыз Үлкен Шалқар, Күміс көл, Шабақкөл мен Қотыркөл, Шортан көлі, Қопа көлі мен Шағалалы әу баста бір-бірімен жалғасып, бірін-бірі қоректендіріп жатқанын әңгіме еткен.
Ақмола облысының ең ірі өзендері: Есіл, Колутон, Жабай , Сілеті, Нұра, Шағалалы, Қылшақты және Теріс Аққан. Облыс көлемінде 140 ірі және көптеген ұсақ көлдер бар (85%-нің айдыны 1 шаршы шақырымнан аспайды). Көбінің тереңдігі 1-1,5 метр. Тайыз көлдер жаз кездері кеуіп қалады, шөп-шалам, тұнба басып, су көзі болудан қалып барады.
Көкшетау қаласының солтүстік-батыс жақ іргесіндегі Қопа көлінің экологиялық жағдайы қала тұрғындарын адаңдатқалы қай заман.
Көкшетау қаласының тіршілігімен өте-мөте тығыз байланысты Қопа көлін қорғау туралы ұзақ жылдар бойы әңгіме болып келеді. Өйткені ол қала тұрғындары үшін бірден бір жақын жердегі демалыс аймағын ұйымдастыратын су қоймасы, жазда - саяжай, қыста-әуесқойлардың балық аулайтын орны.
Қопа көлінің айдынын толтыратын көзі атмосфералық жаңбыр, қар сулары.
Әр көлдің осындай ағын су жиналатын аумағы болады. Ұзақ жылдардан бері көлден орташа есеппен жылына 3,5 миллион текше метр су алынады.
Ол аумақтың 80 пайызы Қопа көліне келіп құйылатын- Шағалалы өзені мен Қылшақты өзенінің су жинайтын бассейніне жатады. Ал міне, осы ағынды су жиналатын аумақтың тарылуына байланысты көлдің деңгейі төмендеген.
1959 жылы Қопаның айдыны-300-470 миллион м[3], орта терендігі 2,3-3,4 м ,аумағы 13,1-13,8 шақ , ұзындығы 5,1-5,2 шақырым, ені 3,2-3,4 шақырым болған. Ал бүгінгі көрінісі басқаша. 1994 жылдан бері көл 30 млн. м[3]-ден 19,4 млн текше метрге төмен түскен. Орташа тереңдігі -3,2 метрден 1,9-2,0 метрге дейін кеміген. Бірақ көлдің тайыздауына қарамай, көлемі, ұзындығы мен ені сол күйінде қалған. Оның себебі: көл табанына жиналған Шағалалы мен Қылшақты өзендерінен сумен келіп құйылатын лай-балшықтың көл түбіне тұнуы.
Тек 1994 жылғы зерттеу қөрсеткіші бойынша ғана, көл табанына жиналған лайдың көлемі 22 млн. м3, яғни көл көлемінің жартысына тең келеді. Осының салдарынан су деңгейі көтерілгенмен, тереңдігі азайып, көл суы жылынған. Бұл жағдай-көлді қамыс - қоға басуына әкеп соқтырған. Қамыс-қоға басуы, биохимиялық ыдыраулар, оттегі концентрациясының азаюы ихтиофаунаға қолайсыз жағдай туғызады, әрі концентрациясының көбеюінен шыққан- метан, суды лайлап, көлдің санитарлық, рекреациондық (дем алу) қабілетін жояды. 1959 жылға дейін Қопа көлінің беті таза, мөлдір, тұщы делініп сипатталынса, қазіргі санитарлық сипаттамасы тіпті басқаша.
Соңғы уақытта бұл өзен-көлдерде балдыр және тағы басқа да өсімдіктердің өсуі байқалып отыр.
Балдыр, қамыстың көп өсіп кетуіне байланысты бұлақтар жабылып, таза судың келуі тоқталды.
Судың азаюына байланысты Қопа көлінде балықтар жойылуда. 2001 жылы балықтар көп мөлшерде қырылды. Көлдің түбінен шыны сынықтарын, консерв банкілерін тағы басқа адамға зақым келтіре алатын заттар табылады.
Жағажайдың жағдайы да мәз емес:сурет-3 тұрмыстық қалдықтарға толы, демалу үшін қалалық жағажайда қолайлы жағдай қарастырылмаған. Әжетханалар, қоқыстарға арналған контейнерлер, кабинкалар, саңырауқұлақтар болмауы қоқыстардың стихиялық түрде көп болуына септігін тигізеді.
Өзінің алтын кесе аясына сыйдыра алған Көкшетаудың сексен көлінің бірі - Қопа көлі десек, оның ластанып, суы лайланып бара жатқандығы расында да алаңдатары бар.
Қазіргі Қопа көлінің химиялық құрамы балықтардың, басқа да жәндіктердің өмір сүруіне қауіп туғызып тұр.
Мысалы, қатты қалдық-1,7 есе, хлоридтер 1,4 есе, аммиак 3,8 - ден 7,4 есеге, мөлдірлігі экологиялық нормадан 4,6 есе кем, темір-екі есе көп. Хлор, сульфат иондары қалыпты мөлшерден он есе асып кеткен. Судың жалпы қатқылдығы ПДК-дан 76,4 пайызға асып түскен. ПДК - предельно допустимая концентрация. Нитраттың мөлшері судың органикалық ластануының көрсеткіші 40 пайыз төңірегінде.
Жаз туып, күн ысыған сайын, өзен-көлдердің маңайында тынығушылар көбейіп барады. Ал, Көкшетаудың Қопа көлінің жағажайы да бос емес. Суға түсу үшін ағылып келе жатқан балалар, жастар тым көп - ақ.
Соған орай қазір Қопаға суға шомылуға бола ма, болмай ма деген сауалды тұрғындарға қойған едік.
Көкшетау қаласы мен Красный Яр селосының тұрғындары арасында төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама өткізген болатынбыз.
Солардың ішінде көбі жасөспірімдер болды.Әрине су мәселесі жайлы олардың назары бейтарап емес. Көбі аяушылық танытып,қол ұшын беруге дайын.Қопа көлінің эқологиялық жағдайы туралы тіпті бәріне мәлім.
Көлдің жедел түрде лайлануына байланысты оның түбін тазарту идеясы бірнеше жыл бойы алға тартылып келеді. Ниет жап-жақсы, бірақ техникалық жарақтанудың жеткіліксіз болуынан және қалалық бюджетте қаржының болмауынан ол орындалатын емес.
Уақыт өткен сайын оның ластануы артып, ал оны тазарту шаралары кенже қалып отыр. Жағдай осылай қала берсе, Қопа көлі жұқпалы аурулар таратып, қала тіршілігіне кері әсерін тигізуі ғажап емес.
Көптеген жайлар Көкшетау тұрғындарына байланысты, әсіресе көл жақ беткейіндегі тұрғындар оны шаруашылық - тұрмыстық қалдықтар орнын жасамауы керек.
Көлді алғашқы табиғи қалпына келтіру үшін ең бастысы көл табанына 100 жыл бойы жиналған 22 млн. лай балшықты аршу керек ,сөйтіп көлдің бұрынғы тереңдігіне жету қажет. Бұл тіпті де оңай жұмыс емес. 1974 жылдан 1992 жылға дейін араға уакыт салып ондай әрекеттер жасалынған. Онда земснарядпен көлдің ортасынан 400 мың м. лай балшық шығарылған еді, қаражаттың жетіспеуінен бұл жұмыс ол жолы тоқтап қалды. Кейінірек әртүрлі жобалар жасалынды, бірақ кешенді түрде жасалмағандықтан іске аспай қалды. Жыл сайын қар еріп, жаз шыққанда Қопа көлі қала әкімшілігін дүрліктіреді. Себебі: көлмен байланысты жер асты суларының деңгейі көтеріліп, жағадағы тұрғын үйлердің іргетасын, жертөбелерін, бау-бақшаларын су басып кетеді. Асқынып кеткен осы жағдайды түзеуге кешенді шара, көп қаржы керек.
Қопа көлін бастапқы қалпына келтіру үшін төмендегідей жұмыстарды атқару шарт:
Біріншіден, көлдің табанында, жағалауында тұнып жатқан 22 Млн. м[3] лай-балшық, күл-қоқысты тазалап, көлдің көлемін, тереңдігін қалпына келтіру.
Екіншіден, көлді ластайтын көздерді аластау.
Сол ластану көзін тоқтату үшін өзеннің су арнасына Қопа көлінің ең ластану көзі қала жағалауынан келіп құйылып тұрғаны айдан анық.. Ең бастысы қаладан келетін лай, кір-қоқыстың көлге құйылуын болдырмау.
Қопа көлін тазартып, қалпына келтіру үшін біршама жұмыстарды қажет етеді. Олар :
а ) көл табанына химиялық және механикалық тазарту өткізу. Өйткені, адамдар жағалауды ғана емес, көлдің өзін ластайды.
ә ) биологиялық тазарту: балық майшабақтарын жіберу ақ амур, толстобик . 2004 жылы мамырда облыс экологтары мұндай шараны өткізген болатын, бірақ та бұл жеткіліксіз еді.
б ) сүзгі бөгет салу.
в ) көл жағалауын көгалдандыру, тазалау.
Бұлақ көздерін ашып, оларды күл-қоқыстан тазартып, маңайын жөндеп, сауықтыру орындарына айналдыруды күн тәртібіне кіргізу.
Су экологиясын, оның маңыздылығын халыққа жеткізудің бірде-бір жолы оны мектеп арқылы, ақпарат құралдары арқылы кең жариялау.
Қопа көлінің шаруашылық, экологиялық және тұрғындардың демалу орны екенін еске ала отырып және келесі ұрпаққа табиғи қалпында қалдыру үшін төмендегі шаралар қажет:
-көлді тазалаудың жан-жақты құжаттарын дайындау;
-ластанған судың түспеуі үшін арнайы арналар жасау;
-көл жағасын қамқорлыққа алып қала тұрғындарының демалу орнына айналдыру;
-шаруашылық мақсатына көлден су алуды тоқтату;
-көлдің суын молайту мақсатымен Шағалалы және Қылшақты өзендерінің жағалауына ағаш отырғызуды жолға қою.
Бұл шаралар, әрине, үлкен қаражат қажет ететіні анық..
Біз осы күнге дейін табиғатты қорғауға қаржы, еңбек жұмсамауға дағдыланған халықпыз. Ол пиғылдан тез арада арылуымыз керек. Қолда бардың қадірін қазір білмесек, ертең кеш болатынын ескерейік.

1.2 Су айдындарын тазарту шаралары

1.Биологиялық әдіс,микроағзалардың (балдыр,бактериялардың)бірлестігі арқылы жүзеге асады.Органикалық кіршіктерден тұщы суды тазалау бағытында қолданылып жүрген микроағзаларды ас ретінде пайдаланады.
2. Озондау (су арқылы озонды ауа немесе озонды-оттекті қоспаларды О3 шамамен 3%)айдау).Ол тұщы суды тек фенолдардан мұнай өнімдері,ароматты концерогенді көмірсулар және тағы да басқа улы қоспалардан ғана емес,сонымен қатар судың гигиеналық тазартуын іске асырады-судың иісі мен дәмін залалсыздандырады,адамға патогенді микроағзалар мен вирустарды жояды.
3. Бейтараптану мен қышқылдану-бұлар химиялық тазартудың негізгі әдістері болып саналады.Бейтараптану рН қышқылды сулардың сутекті көрсеткіштерін,әк,бор немесе доломит (CaCO3 MgCO3) қаптамалары арқылы суды айдау барысында бейтарап ортаға апарады.
Суды бейтараптау әдісі-оның қышқылдылығын төмендетіп,су биотасына қолайлы жағдай жасайды.Судың сутектік көрсеткіші неғұрлым бейтарап немесе әлсіз сілтілі болса, соғұрлым фаунасы әр түрлі болады.
Улы қоспалар адам ағзасына зиянды микроорганизмдері бар суларды тотықтыру арқылы залалсыздандырады.
4. Адсорбция( жұту) тұщы суды фенолдар,пестицидтер,бояуыш заттар және де т.б. еритін органикалық қоспалардан тазарту барысында қолданылады.Адсорбит ретінде шымтезек,ағаш үгінділері сияқты құны төмендеу заттарды фильтр ретінде пайдаланады.Ең сапалы да құнды сорбент белсенді көмір болып табылады.
5. Ионалмасу әдісімен құнды қоспалар,оған қоса радиактивті заттарды лай судан бөліп алуға болады.[ 7]
6. Экстракция-бірін-бірі ерітетін екі сұйықты араластырғанда, олардың ішіндегі ластаушы заттардың өзінің еру деңгейіне байланысты бөлінуі.Мәселен, сарқынды судан фенолды бөліп алғыңыз келсе, оны еріткіш бензолмен араластырады.Фенол жоғары деңгейде еритін сұйықтық.Сарқынды суға бірнеше рет бензол араластырып, сарқынды суды фенолдан толық арылтуға болады.
7. Эвапорация-ұшпалы ластаушы заттарды судың бумен щығару әдісі.Ұшпалы ластаушы заттарды арнаулы аппараттарды(дистиляция жүргізетін колонка тағы басқа) қолданып, сарқынды судан айдап шығарады( отгонка с водяным паром летучих веществ).
8. Кристаллизация- сарқынды судағы ластаушы заттардың шоғырлануы тым көп болған жағдайда және оның кристаллдарды түзуге бейім кезде болғанда қолданылады.Ол үшін тазалауға арналған сарқынды суды алдын-ала қайнатылып буға айналдырады (выпаривание). Оны ластаушы заттардың концентрациясын көбейту үшін жасайды.Содан кейін, кристаллдау процесінде сарқынды судан айырып тазартады.
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздiк тұжырымдамасына сәйкес климат пен озон қабатының өзгеруiмен, биологиялық әр алуантүрлілiктің қысқаруымен, шөлейттенумен, топырақ қабатының, судың, ауаның ластануымен, қалдықтардың жиналуымен және тағы басқаларымен байланысты елдiң неғұрлым күрделi экологиялық проблемалары болып табылады.
Су тапшылығы және судың ластануы, ауыл шаруашылық өнiмдерiн және азық-түлiктi алу мақсатында қолданатын, биологиялық ресурстарға керi әсерін тигiзедi. Өзен аумағында немесе су қоймаларына жақын орналасқан ауылшаруашылық алқаптары өндiрiстік және коммуналдық кезеңнен өткен ластанған суды пайдаланады, онда жинақталған лас судың деңгейi өсуде. Ластанған жерде өсiрiлген өнiм, пайдаланудың шектеулі аясын иемденген және жiберiлген шығындар өтелмейді.
Әлемдiк тәжiрибе көрсететiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негiзi кез келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын көрсетедi.
Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады.
Осы "Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы" "Қазақстан - 2030" Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы Күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургке өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып әзiрлендi.
Қоршаған ортаның жай-күйiнiң нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзе отырып, экологиялық қауiпсiздiктiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету,осы Тұжырымдаманың ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыруды көздейдi.
Бiрiншi кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеу.
Екiншi кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру.
Yшiншi кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.

2 ЖЕРГІЛІКТІ СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ БАЛЫҚТАР

Қазақстанның табиғат қорғау "Қызыл кітабына" балықтың 4 түрі тіркелді: Сырдария тасбекіресі, Каспий албырты, арал албырты, шортан тәрізді ақмарқа (Лысач).
Сулы өңірлерде таралган балықтың ішінде Қазақстанда 150-ден астам түрі кездеседі. Олардың ішіңце сазан, кексерке, табан, ақмарқа сияқты бағалы түрлері бар. Қазақстан балық шаруашылыгы жөнінен РСФСР мен Украинадан кейін үшінші орын алады, ал ішкі су қоймаларында бағалы сазан, көксерке, табан, шортан, жайын балықтарын аулауда РСФСР-даи кейінгі екінші орында келеді.
Кейінгі он жыл ішінде ең багалы көеіпшілік маңызы бар (қорытпа, бекіре, албырт туыстары) балықтардың қоры күрт азаюда. Балықтардың қорының азаюына әсерін тигізген көптеген факторлардың ішівде мыналарды атауға болады.
Бекірелер- Қазақстанда бұл отрядтың 7 өкілі бар: қартпа, сүйрік балық, бекіре, сібір бекіресі, шоқыр, мекіре, тасбекіре тіршілік етеді. Бекірелер сүйекті - шеміршекті балықтар, басқа балықтардан сыртқы пішіні және құрлысымен ерекшеленеді. Денесі ұзынша ұршық тәрізді, бес қатар сүйекті өсінділермен жабылған ( бір қатары арқасында, екеуі екі бүйірінде және екеуі құрсағында), осы қатарлардың ортасында ұсақ сүйекті түйіршіктер мен тақтайшалар бар. Басы конус тәрізді созылған және тұмсығы күрек тәрізді. Төменгі жақта тісі жоқ. Бекірелер ұзақ өмір сүретін, кеш жетілетін балықтар, әр түрлі түрінің аталықтары 5- 13-тен 8-18 жаста, ал аналықтары 8- 12-ден 16-21 жаста жынысты жетіледі. Сонымен қатар, дене пішіндері өте үлкенг болады. Мысалы, қортпаның салмағы 1 тоннаға дейін, ұзындығы 4- 4,5 метрге дейін жетеді, 2 тонналық балықты ұстаған жағдайлар да белгілі. Тасбекіре 40 см- ден артық өспейді. Олар уақытының көбін теңізде өткізеді (Каспий және Арал теңіздері) , ал ұрығын шашу үшін өзенге көтеріледі. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін әрқашанда көп ауланған. ХХ ғасырдың аяғында саны азайып кетті, сондықтан бұл кәсіптің уақытын реттеуге тура келді. Қазіргі кезде бекіре балығын ұстау үшін арнайы рұхсат керек, кей түрлері Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді (тасбекіре мен мекіре ) және ұстауға тыйым салынады. Қазақстанда қортпа, бекіре , шоқыр - Каспий теңізі мен Жайықта; Сібір бекіресі- Бұқтырма су қоймасы мен Ертісте ; сүйрік бекіре- Жайық, Ертіс, Тобыл өзендерінде; мекіре- Каспий теңізі мен Жайықта, ертеректк ол Арал теңізінде кездесетін, Қазір Балқаш су қоймасында жерсіндірілген, ал тасбекіре - Сырдария өзені мен оның суармалы каналдарында таралған.
Сазан ( қалантыр ) - тұқы балық тұқымдасының ірі балығы, мәдени тұқының жабайы шыққан тегі . Тығыз жалпақ денелі, денесі жасыл-сұр кейде сары түсті , ол тығыз ірі қабыршақпен қапталған . Тез өседі , екінші жылдың соңында ұзындығы 30 см , салмағ,ы 0,5-0,6 кг - ға жетеді (ең үлкені 2 метрге дейін өсіп , салмағы 20 кг ) өседі 30 жылға дейін өседі . Қазақстанда барлық жарамды су қоймалары және ну өсімдікті өзен шығанақтарында мекендейді . Қорек талғамайтын балық . Кәсіптік түр болдып табылады., оны кәсіптік деңгейде де, әуесқойлар балықшыларда аулайды. Адам әуелден қалантырды үй балығына айналдырды.. Басқа балықтармен салыфстырғанда судағы оттегі құрамын көп талап етпейді , оның уақытша төмендеуіне шыдай береді., тоғандағы жағдайға тез үйренеді . Көп ғасырлық сұрыптау нәтижесінде тұқы балықтың бірнеше түрі алынған , солардың ішінде көпке белгілі - жалтырауық тұқы , Айна сияқты екі бүйірін жауып тұратын үлкен қабыршақтары үшін осылай аталады.
Жайын-Қазақстандағы жацйын тәрізділер отрядының жалғыз өкілі , көпке танымал балықтың түрі. Жайынның денесі жоғарыдан төмен қарай шамалы жалпайған , арқасы қара , құрсағы ақшыл түсті , екі бүйірінде дақтары бар . Үлкен аузының жоғарғы жағында екі ұзын мұртшасы және төменгі жағында 2 қысқа мұртшасы болады. Бұл қорек талғамайтын балық . Қорегінің көп бөлігін балықөтар . бақалар құрайды. Жайын ыстық күндері терең шұқыр немесе судағы табиғи ағаш түбінде жатқанды ұнатады. Жайын өзіне тән өсімдіктен жасалған таяз жердегі ұясында уылдырығын салады. Алғашқы кезде , дернәсіл шыққанға дейін , ұяны аталығы қорғайды . Жайын тез өседі. 3-4 жылдан кейін жынысты жетіледі. Ұзындығы 5 метрге , салмағы 300 килограмға дейін жетеді.
Шортан- Солтүстік жарты шарларда кең таралған, бала кезден ертегіден таныс жыртқыш балық. Шортанның денесі ұзынша жебе тәрізді, ұсақ қабыршақпен қапталған және қоршаған ортасына байланысты алуан түске боялған. Денесінің астыңғы жағы алға шығыңқыраған, жалпақ тұмсықты. Аузында тістері көп, олар ұшымен кері бағытталған, сондықтан аузына түскен жемтігі мұндай қақпаннан қайтып шыға алмайды. Шортан- жыртқыш, балықты басынан бастап жұтады, 1,5 метрге дейін өседі, салмағы 30-35 кг. Қазақстанда шора\тандар ағыны жай өзендер мен су маңы өсімдіктері жақсы жетілген көлдерде кездеседі.Тек Балқаш- Алакөл ойпаты мен Талас өзені су қоймасында кездеспейді. Бұл ерте көктемде таяз суларда уылдырық шашады да, уылдырықтарын өсімдіктерге жабыстырады.Жарып шыққан шортаншалар біраз уақыт жұмыртқадан қалған, сарыуыз қабығындағы қоректік заттарды пайдалынады, одан кейін ұсақ шаянтәрізділермен қоректенеді. Ұзындығы 5 см-ге жеткенен кейін, олар түгелдей жыртқыштық жолмен қоректенеді, шабақтарды аулайды.
Қазақстанда шортан балығы тұщы су қоймаларында мекендеп ,барлық жерде кездеседі.Солтүстік Каспий мен Арал теңізінде өзендердің теңізге құяр жеріндегі жағалық аймақтарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Облыс орталықтарының дамуына географиялық талдау
Көкшетау қаласының жалпы физико-географиялық сипаттамасы
Табиғи сулардың химиялық құрамы
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Қопа көлі және балық шаруашылығы
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Қопа көлінің экологиялық ахуалы
Ақмола облысының су ресурстары
Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы
Пәндер