Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту туралы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті

Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011600 - Педагогика

Орындаған: Саламатқызы Данагул 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы _____________

Ақтау, 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011600 - Педагогика
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Саламатқызы Данагул
Тақырыбы: Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту
төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту туралы
Дамуында бұзылысы бар оқушылар
Негізгі әдебиеттер:
Оразбаева Ф. Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларынa тілдік қатынас: теориасы мен әдістемесі Алматы, 2000жыл
Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. - Алматы: 1994
Облыстық ғылыми - практикалық конференция жинағы, Қарағанды қ.,
Балақаев М., Серғалиев М. Оқулық. - Алматы: Зият Пресс, 2004. -
Уәлиханұлы Н., Тілемісұлы Н. Сөз мәдениеті. - Алматы: 2002
Курстық жұмыстың көлемі: 26 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ________ Ерубаева А.Р. ___ ___ 2020 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.ДАМУЫНДА БҰЗЫЛЫСЫ ТӨМЕН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларына арнайы техникалық құралдарды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының интерактивтік білім беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2ДАМУЫНДА БҰЗЫЛЫСЫ ТӨМЕН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру ... ... ... ... ... . ... ... ... ...16
2.2 Сөйлеу тілін дамыту,оқыту арқылы білім беру жұмыстарының барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.Бұл курстық жұмыста, шапшаң жүріп жатқан заманауи үрдісі елімізде бəсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы атты Жолдауында: Білім беру реформасы -- Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі, -- деп атап көрсетті.
Келер күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі таңда мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім -- оқытушы маман, мұғалім -- ұлағатты ұстаз, мұғалім -- білім авторы, мұғалім -- технолог, мұғалім -- жаңалықты дəріптеуші, таратушы, үйретуші. Қазіргі заманымыздың даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің əр түрлі тегімен анықталады. Болашақ жастарға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Осыған орай қоғамымыздың дамудың жаңа кезеңіне бет буруда, бұл кезең ақпараттық кезең, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім беру саласындағы кеңінен қолданылатын ұғымдардың бірі -- АКТ, яғни оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары, компьютерлік оқыту технологиялары жəне т.б. тіркестермен тығыз байланысты.
Мемлекетіміздің білім беру жүйесін ақпараттандыру отанымыздың даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр -- білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістердің күрт дамуы кезеңінде үлгерімділігі жоғары балаларға баса назар аударылып, керісінше, үлгерімі төмен, атап айтар болсақ, психикалық дамуы тежелген оқушылар педагогикалық қауымдастықтың назарынан тыс қалып отыр.
Жұмыстың өзектілігі- Психикалық дамуы тежелген балалардың тек қана психикасы бұзылған деп қарамау керек, сонымен қатар олардың дене мүшелері мен тілдерінде де дамымаушылықтарда жиі кездеседі. Əдетте, психикалық дамуы тежелген балалардың тілінде кемістікті байқаймыз. Бірақ бұл жағдай да түрлі сөйлеу патологиясымен байланысты емес, яғни, ол ақыл-ойы дұрыс балаларда да көрініс беретін кез келген сөйлеу мəнерінің бұзылуы болып табылады. Алайда психикалық дамуы тежелген оқушылар тобында да сөйлеу мəнерінің фонетикалық-фонематикалық тұрғыда дамымай қалу жағдайы жиі кездесіп жатады.
Барлығымызға белгілі түзете дамыта оқыту сыныптарындағы психикалық дамуы тежелген оқушылар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сəйкес білім алады. Психикалық дамуы тежелген балалардың көп жағдайда бір бөлігінің сөйлеу тіліннің жүйелі түрдегі бұзылыстары болады, ал бұл олардың тақырыпты меңгерулеріне кедергі келтіреді. Сондықтанда осы оқушыларды оқытудағы түзету міндеттерінің біріне сөйлеу тілін жан-жақты дамыту жатады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тілін дамыту -- қазіргі кезде оқу-тəрбие ісіндегі басты мəселе. Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне сай тапсырмалар, жаттығу жұмыстары беріледі, сол себептен тіл дамыту жұмыстары мəтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру жəне мазмұндама мен шығарма жаздыру арқылы жүзеге асырылады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту
Курстық жұмыстың объектісі - Мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларды жан-жақты қалыптастыру негізінен осы балаларға арналып жасалған электронды оқулығымыз арқылы жүзеге асырылды. Оқу жоспары бойынша психикалық дамуы тежелген танымдық əрекеттерін дамыту, қоршаған ортамен танысу жəне əр түрлі құбылыстардың себебін жəне оның өзгерістерін анықтау, тіл дамыту, еңбекке баулу, əр түрлі пəндерді арнайы дидактикалық əдістермен игеру қарастырылған. Сонымен қатар бұндай балаларға сабақтан тыс, ойын ретінде өтілген сабақтарды қайталап отыру, баланың есте сақтау жадында жақсы сақталады.
Бүгінгі таңда алдымызда білім беру саласының жүйелі даярланып берген білімді, дағдыларды жоғары деңгейде меңгертетін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын, тың жаңалықтар ашатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл оқушылардың шығармашылық əрекетін дамытудың маңызды мəселе екендігін көрсетеді. Жалпы оқушылардың сөйлеу əрекеті ғылыми-педагогикалық мəселелер едəуір зерттелген. Балалардың өн бойында сөйлеу əрекет тəжірибесін жан-жақты қалыптастыру қажеттілігі бүгінгі мектептің басты мақсаттарының бірі.
Курстық жұмыстың пәні - Инклюзивті білім беру
Курстық жұмыстың құрылымы- жұмыc кіріcпeдeн, 2 бөлімнeн, қoрытынды жәнe пaйдaлaнғaн әдeбиeттeн құрaлaды

1.ДАМУЫНДА БҰЗЫЛЫСЫ ТӨМЕН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ.
1.1 Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларына арнайы техникалық құралдарды қолдану

Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда қолданатын электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ ұстаздарға де өзіне қажетті əдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан пайдалана аладаы. Электрондық оқулық -- бұл заман талабына сай дидактикалық əдiс-тəсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе.
Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда қолданатын электрондық оқулықпен оқыту ұстаздың оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады.
Дəстүрлi білім беруде кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады немесе ұялады, сондықтан да жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына əкеп соғады. Ал электрондық оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында психикалық дамуы тежелген оқушылар сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi [5].
Электрондық оқулықтар психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге жоғары деңгейде көтеруге мүмкiндiк жасайды.
Дəстүрлi оқытуда əр оқушы мұғалім тарапынан қадағалау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң əр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады.
Бұл психикалық дамуы тежелген балалар үшiн, бiрiншiден, үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, əдiл бағасын беруге, балалардың қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мəлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Сонымен қатар оқушы жалпы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып, бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, жан-жақты қарастырылған мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дəстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, білім беруді даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электрондық оқулықта берiлген мəтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдайында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан оқушылар шағын жəне жеңiл жатталады.
апшаң жүріп жатқан заманауи үрдісі елімізде бəсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы атты Жолдауында: Білім беру реформасы -- Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі, -- деп атап көрсетті
Келер күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік.
Бүгінгі таңда мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім -- оқытушы маман, мұғалім -- ұлағатты ұстаз, мұғалім -- білім авторы, мұғалім -- технолог, мұғалім -- жаңалықты дəріптеуші, таратушы, үйретуші. Қазіргі заманымыздың даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің əр түрлі тегімен анықталады. Болашақ жастарға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Осыған орай қоғамымыздың дамудың жаңа кезеңіне бет буруда, бұл кезең ақпараттық кезең, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім беру саласындағы кеңінен қолданылатын ұғымдардың бірі -- АКТ, яғни оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары, компьютерлік оқыту технологиялары жəне т.б. тіркестермен тығыз байланысты.
Мемлекетіміздің білім беру жүйесін ақпараттандыру отанымыздың даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр -- білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістердің күрт дамуы кезеңінде үлгерімділігі жоғары балаларға баса назар аударылып, керісінше, үлгерімі төмен, атап айтар болсақ, психикалық дамуы тежелген оқушылар педагогикалық қауымдастықтың назарынан тыс қалып отыр.
Психикалық дамуы тежелуі мəселесін зерттеулерімен біздің заманымызға дейінгі көптеген ғалымдар қатары айналысты. Олар мектептегі үлгермеу мəселесін бірқатар себептермен байланыстырады:
психикалық дамуы тежелуіне байланысты баланың мектептегі оқуға дайын болмауы;
мектепке дейінгі жаста (əсіресе 3 жасқа дейін) балалардың ұзақ уақыт науқастанулары салдарынан соматикалық əлсіздік жағдайына ұшырау;
анализаторлардың кемшіліктері (есту, сөйлеу).
Сонымен бірге психикалық дамуы тежелген балалардың мектептегі жүйелі оқуға дайындығының параметрлері тағайындалды:
психикалық дамуы тежелген балалардың айнала қоршаған орта туралы белгілі бір деңгейдегі білім қоры, алғашқы мағлұматтары қалыптасқан болуы қажет;
психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау операцияларын, машықтарын меңгеруі қажет;
психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілі белгілі бір деңгейдегі дамуы шарт (фонетикалық мағлұматтары, сөздік қоры, грамматикалық құрылымы);
психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық белсенділігі болу шарт;
психикалық дамуы тежелген балалар өз мінез-құлқы мен тəртібін реттей білуі қажет.
Салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларын зерттей келе, ғалымдар үлгерімі нашар оқушылардың 50 % жоғарыдағы 5 параметрдің барлығынан да кейіндеп қалғандары анықталған. Берілген мəлеметтерге сүйене отырып, бұл балалар ПДТ бар балалар тобына жатқызылған. Мектептегі білім алу процестерінде үлгермеу мəселесі негізінен бастауыш сыныптарда анықталатын болғандықтан, коррекциялық-дамыту жұмыстарының дені осы кезеңдерге жоспарланады
Сөздік пен грамматикалық құрылыс үнемі біллікте жұмсалады. Олардың қайсынының өзіне тән ерекшіліктері мен қызметтері әрқайсысының өз жүйесі болғандықтан, тілдің сөздігін лексикология тексереді де, грамматикалық құрлысын грамматика ғылымы зерттейді.
Бірақ тіл ғылымыныңы бұл саларныңы тексеретін объектілері басқа болғанымен, өзара байланыстары да күшті, өйткені оның бұл екі саласы- лексикология да граммматикада өздернің тексеру объектісінің негізі етіп сөзді алады, демек тексеруді жеке сөзден бастайды.
Сөз дегеніміз- қыр сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздік мағыналық, дыбыстық шығу төркіні, даму тарихы, қолданылуы, ерекшілігі, жасалу жолы өзегру жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.
Тіл ғылымыныңы әр саласы сөзді әрқилы тұрғыда қарап тексеоеді. Мысалы: сөздің дыбыстық жағының сыр сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілініін айтамыз.
Білігілі әдіскер ғалым Ш.Х. Сарыбаевтың диссертациясында зерттеген мәселесенің бірі- оқушының сөздік қорының байыту мәселесінде әдіскер ғалым оқушыға үйретілітін сөздерді таңдауға мән берген. Бұл ретте ғалым оқушыларға нақтылы деректерді заттардың атын үйретуден бастаудың пайдалы екенін дәлелдеген. Әдіскер ғалым оқушыға үйреткен сөздер сен сөз тірекстері бір- бірімен байланысты болу қажет деген пікірді дәлелдеген. Ал енді оқушының сөздік қорын молайтудың амал- тәсілдері бойынша әдіскер ғалымның ұсынған, дәлеледенген бірсыпыра құнды пікірлері бар.
Ш.К.Сарыбаев сөздік қорды жинау, байыту үшін оқушы сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды. Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда оқушының есту, көру, сезіну, сияқты қабілеттрін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелелдеген. Әрине бұл үнемі жүзеге асыруға қиын мәселе. Сабақ оқылатын бөлме, оның ішіндегі заттар, оқушы, мұғалым оқу құралдарының аттарын үйрету табиғи жағдайда үйрету қиын.
Диссертацияда ғалым дәлелденген келесі құнды пікір оқушыны сөз мағынасына мән беруге баулу. Мысалы; мағынасы жақын сөздерді тану, қарама- қарсы сөздерді ілу өздері білетін сөздерді мағынасын жақсы түсінуінің ерекшелкітерін ажырата алуға дағдыландыру мәселесін диссертацияда ғалым арнайы сөз еткеен. Бұл сөздерді жаттау емес, шамалы түрде түсіну, ұғу деген мәселеге салды. Әрине, бұл қағиданың тілід саналы үйретуге пайдалы екені сөзсіз.
Қазақ тілі сабағында оқыту, жазу, оқу грамматикасы, тіл дамыиу, сөздік қорын молайту сияқты мәелелер бір- бірімен жүргізіеледі деп санайды. Неігзгі міндет- оқушылардың сөз қорын молайту, тілдерін дамыту.
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ана тілінің тазалығы мен сөздрідің дұрыс қолдануына үлкен мән беріп, баланың тілін, сөздік қорын дамыиудағы түсіндермелі оқу ісінің маңыздылығын көрсетті. Ал А.Байтұрсынов тіл мәдениетіне, тілдің қисынды болуына мән бере келе, айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтатынына назар аудартты. Сондықтан ол өз ойын өзгелер қиналмай түсінетін қлып айту керектігін ескертті. Ол үшін айтушы сөйлейтін сөзін жақсы қолдана білу тиіс деген талап қойды.
С. Жиенбаев оқушының сөз байлығын молайту үшін оқушының сөз сапасын арттратын, ойлағыны дәлелдеп, жүйелеп айтуға дағдыландарытын, дұрыс жазуға үйрететін жұмыстар жүргізу керек деп есептеді. Ш.Сарыбаев оқушыардың тілін дамытуды, оның ішінде сөздік қорды арттыруды грамматиканы оқыту мен байланыстыра жүргізуді қуаттаса, Ғ.Бегалиев сөз мағынасын игерту әдіс- тәсілдеріне мән берді.
Қазақ тілін дамыта оқыту арқылы баланың сөздік қорын байыту мәселесіне Д.Әлімжанов, И.Маманов, Х.Арғынов, С.Рахметова Қ.Шәукенов т.б. Тұжырымдай айтқанда, баланың танымын, ойын, тілін дамытып қатысымдық әрекетін жүйелі де нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен оның мағынасын игрітледі. Сонымен бірге ол сөздерді бір- бірмен байланыстырып сөйлем құрасыьруға жаттығады. Соның негізінде ауызша және жазбаша сөйлеу әпекеті, икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылды. Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділіг пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттерні орай жүргізіліп, екніші жағынан әлеуметтік норамалар, яғн тіл мәденитенің негізінде ұйымдастыру болып табылады.
Баланың сөздік қорының қалыптасу ерекешеліктері және сөздік қор психикалық үрдістер арасындағы байланыстар мен олрдың рақатынасы сипатталады.
Баланың таным үрдістері ұлғайған сайын оның сөйлеуге қажетсінетін сөздер саны да өсіп отыр. Мұның өзі баланың психикасы мен сөздік қорының арасындағы байланысты білдіреді. Сондықтан, оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстырында сөздік қор мен психикалық қаситтерның арасындағы қатынастар анықталды. Мәселен,сөздік қор мынадай психикалық қаситттермен байланысты:1) сөздік қор және ойлау; 2) сөздік қор және сөйлеу; 3) сөздік қор және ұғым.
Игертуге тиісті материалдар мен оқу амал- әректінің бірлігін қамтасыз ететін ойлауды дамыту тілді дамытудың негізгі шарты. Сондықтан баланың сөздік қорының баюда да ойлау әрекетіне байланысты болады.
Адам әрекеті- күрделі үрдіс. Оның құрамына қозғалыстырдың жүйесі де кіреді. Бала әректтер мен амалдар арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде ьайланыс жасап, оны өз шамасында өзгертіп, дамытып отырады. Сондықтан адам писихкасы іс- әрекет үсьтінде дамып қалыптасады. Ал адам әреткетінің әрқайсысы) ойын, оқу, еңбек, және нұсқаулар) әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады.
Бұл теориялық пікірлер тіл дамту мәселесінде ерекше орны алмақ. Сөйлеу әрекетінің жүйелі мазмұнды болуы ақыл- ойы еңбегінің нәтижесімен бірге логкалық ой амалдары туралы( жинақтау, талдау, нақтылау, бстракциялау, жалпылау, салыстыру, жіктеу, қортындылау) дағдысына байланысты. Ал оны одан әрі дамыту, түрлі ойлау тәсілдеріне сүйене отырып жасайды. Демек, логикалық ойлау анализдеу мен синтездеуден, салыструдан дерексіздендіру мен ой қорытудан тұрады.
Сөйлеу әрекетінің дұрыс жүргізіліуі оқушыда психолгиялық категорилардың қалыптасуына негізделеді. Өйткені сөйлеумен бірге ой дамиды. Сондықтан оқу материалдарын ұғынуда талдау мен жинақтау маңызды роль атқарады. Өйткені ойлау дегеніміз- түйсік пен қабылдаудағы талдау мен жианақтаудың жаңа мазмұнға ие болған түрі. Талдау дегеніміз- ой арқылы түрлізаттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөлшектерге ажырату арқылы тану деп есептеледі.
Тұжырымдай айтқанда, адамға қорашан ортадағы шындықты дұрыс тануға көмектесетін, әртүлі құбылыстардың бір- бірінен айырмашылықтары мен ұқсас белгілірін анықтайтын ұғымдар логиклық ойау амалдары негізінде жасалып, ойлау мен сөйлеуді жетілдіреді, нәтижесінде сөздің мағынасы, ұғымы игеріледі.
Қазақ тілін игеру мұғалімнің сөздерін немесе оқулық материалдарын құрғақ сөздер ретінде есте сақтау емес. Ол күрделі ақыл- ой еңбегі, балалардың санасында шындық дүниедігі заттармен құбылыстардың туралы елестерді, ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың үрдісі, құбылыстардың өзара байланыстары дамыиуға байлансыты жұмыстарда балалардың жас ерекшелктерін мен жеке ерекшіліктері, олрдың зейін, ес, ойлау, қабалдау, сезім, қиял ерекшеліктерін ескеріледі.
Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, В.И.Лубовский, А.Р. Лурия осы психологтар баситауыш метеп оқушыларының ерекшеліктеріне байланысты зейіннің тұрақтылығының әлсіздігін ескертеді. Осыған байланысты мұғалім оқушы зейінін сабақ материалдарның ауытқуымен тәрбиелеуі керек. Бұл тіл үйренуді жеңілденетін мәселеге жатады. Психолог пен педагог ғалымдарының пікірінше оқушының сөйлеу тілін дамытту, оны жазбаша тілін, сөздік қорын байыту жұмыстарымен байланыстыра оқыту да оқушылардың жас еркешеліктерін ескеріге негіздейді.

1.2 Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының интерактивтік білім беру

Сөйлеу - адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды.
Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі. Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі - үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады.
Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа). Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А.Н. Леонтьев бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде. Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрысдамиды.
Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.
Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты - бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.
Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.
Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән. Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.
Сөйлеудің жалпы дамымауы түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің дамуының 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады:
Бірінші деңгейі - сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс 5 айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады.
Балалар қандай да бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен толықтырады.
Екінші деңгейі - былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған заттармен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері - септік жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады. Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.
Үшінші деңгейі - балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды. Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы, жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін құрдастарына қарағанды үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді. Сонымен қатар дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі. Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады:
1.Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.
2.Дизартрия - сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.
3.Ринолалия - ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады.
4.Алалия - тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.
Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы - баланың тұтығуына әкеп соғады. Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының қабілетін жұртқа мақтаныш ретінде көрсеткісі келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді. Жасы жетпеген балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты ертегілерді оқу зиянды. Өйткені бала қатты қорқып, түсінде түрлі қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсер етеді, осының өзі тұтығуға әкеледі.
Баланы жазалау мақсатында қорқыту әдісі де көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың да жөні бар. Шамадан тыс қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуіне септігін тигізеді. Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек. Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін.

2. ДАМУЫНДА БҰЗЫЛЫСЫ ТӨМЕН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ
2.1 Оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру

Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының дамып жетілуі сонымен қатар мұндай балалардың дене түзілістері және соған орай олардың қимыл-қозғалыстары да бұзылған. Олар ебетейсіз жүреді және жиі-жиі сүрініп кетіп құлай береді, музыканың ырғағымен қимыл жасап жүруді білмейді. Артикуляциялық аппаратының қимыл-қозғалыстарының дамуы айтарлықтай дәрежеде жетілмеген. Мысалы, бала тілін жоғары көтеріп және сол қалпында ұстап тұру, үстіңгі ернін жағалата жалау, таңдайын тақылдатып қағу, тілін екі жағынан қусырып сүйірлеу және т.б. сияқты артикуляциялық аппараттың қарапайым қимылдарын орындай алмайды.
Моторлы алалияға шалдыққан балалардың өздеріне қарасты қарап айтылған сөздерді түсінуі біршама сақталған. Олар ересек адамдардың сөйлеген сөздерін ықыласпен тыңдай алады, қарапайым жай тапсырмаларды, өтініштерді орындайды. Қорыта келгенде, олар сөздерді жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.
Сенсорлы алалия. Сөйлеу тілін түсініп ұғынудың және сезіп түсінуінің бұзылуы сенсорлы алалияның ең басты сипаты болып саналады. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар дыбыстардың ерекшеліктерін ажырата алмайды, яғни оларға айналасындағы құбылыстардың қимыл қозғалыстарынан шығып жататын әр түрлі дыбыстардың барлығы да бірдей сияқты болып көрінеді.
Ата-аналар, егер бала тіпті кішкене тұтықса және бұл өте сирек болады, сонда да дереу маманға бару керек екендігін түсінуі өте маңызды. Кішкене стресстің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін. Комплекстік қарау өткізу керек: медициналық, логопедтік және психологиялық. Жалпы алғанда бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл - асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды. Бес-алты айлығында уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады.
Екі жасқа жеткенде баланың сөздік қоры 200-400 ге жетеді, 4 жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем құрауға әрекет жасайды. Келе-келе баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен байқап, дұрыc.
сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді.
Сонымен, жоғарыда айтылып кеткендей баланың сөйлеуінің бұзылуына биологиялық, психологиялық факторлар, сондай-ақ қоршаған ортаның келеңсіз жағдайлары себепші болады:
1. Ана құрсағындағы ұрықтың 4 апталығынан 4 айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі бұзылады. Яғни, ананың екі қабат кезінде вирусті жұқпалы аурулар, әртүрлі зақымдар, гигиеналық талаптарды сақтамауынан, резус фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және т.б. себептер әсер етеді.
2. Болашақ ананың екі қабат кезінде қорқып-шошынуы, жүйке жүйесінің мазасыздануы, уайымдауы, ашулануы баланың сөйлеу тілінің бұзылуына әкеледі.
3. Сөйлеу тілінің мүкістенуіне бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы ықпал етеді.
4. Босану кезінде және толғақ қысымынан болатын зақымның мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдарынан бас сүйегінің ішкі жағына қан құйылады.
5. Сөйлеу тілінің мүкістігіне тұқым қулайтын аурулар және нәресте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сенсорлық оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру
Зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеуінің жағдайы
ҮІІІ типтегі арнайы түзету мектебіндегі ақыл-есі кем кіші сынып оқушыларының тіл дамыту сабағында сөздік қорын байыту
«Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты»
Эмоционалды оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру
Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы ақыл есі кем оқушылардың жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСЫ БҰЗЫЛЫСЫНЫҢ ОЙЛАУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы
Зияты зақымдалған оқушылардың жазуында кездесетін қателер және сауаттылыққа үйрету жолдары
Пәндер