БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
0.1 Бастауыш сыныптардағы математика сабағы
0.2 Практика - лабораториялық жұмыстар
1 МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
0.1 Оқытудың дидактикалық принциптері
0.2 Практикалық жұмыстарды ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға - ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз - оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.
Зерттеу өзектілігі. Математиканы оқытудың білімдін мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады. Жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесінің ғылым ретінде пайда болуын қарастырып зертеу.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптарға математиканы оқытудың үдерісі.
Зерттеу пәні: Математика пәнінің ғылым ретінде пайда болуы.
Зерттеудің болжамы: Математиканы оқытудағы негізгі білім беру міндеттері жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы балалардың білімін қалыптастыру және оларды белгілі бір біліктер мен дағдыларға үйрету болып табылатыны белгілі. Бұл міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін, оқыту методикасында математикалық материалды оқып үйрену белгілі бір баскышпен жүргізілуі көзделуі тиіс: жаңа материалды оқып үйренуге дайндық, жаңа материалмен таныстыру, алған білімін білігін және дағдысын пысықтау (бекіту).
Зерттеу мақсаты. Бастауыш мектептегі математика сабағындағы практикалық жұмыстарды ұйымдастыру мен әдіс - тәсілдерін зерттеу.
Зерттеу міндеті:
oo Бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесіне сипаттама беру;
oo Практика - лабораториялық жұмыстарды сипаттау;
oo Оқытудың дидактикалық принциптеріне шолу жасау.
Зерттеудің негізгі көздері: Математиканың негіздері және математиканы бастауыш сыныптарда оқыту әдістемелері жөніндегі еңбектер және білім, білік, дағдыларды қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық мәселелері.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 2 бөлімнен және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математиканы оқыту әдістемесі психологиялық-педагогикалық пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық негіздерін оқып болған соң қарастырылады. Психология, педагогика және математика курстарын оқып- үйрену барысында математиканы оқыту әдістемесі енгізілгенге дейін қажетті дайындықтан өтті. Олар математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер мен іс-әрекет тәсілдерін, дидактикалық ұстанымдарды және оқыту мен тәрбиелеу барысын құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс табатын заңдылықтарды, бала дамуының және білім, білік, дағдыны меңгертудің психологиялық заңдылыктарын, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістерін игерген болатын. Ал математиканы оқыту әдістемесі мен бастауыш мектептегі басқа да оқу пәндері бойынша дербес-әдістемелік пәндерді оқытып-үйрету барысында тек кіріктірілген құзыреттіліктерді (коммуникативтік, ақпараттық және проблеманы шешу және т.б.) ғана емес, бастауыш мектептегі математиканы оқытуда практикалық құзыреттіліктерді де калыптастыру көзделеді.
Пәнді оқытып-үйретудің нәтижесі сабақ беріп көру және өндірістік практиканы өткізуге, шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі, математикадан көрнекі құралдарды дайындау технологиясы, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің тарихы пәндерін енгізуге база болып табылады.
Оқу пәні ретінде бастауыш математика курсы оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруіне көздейді. Атап айтқанда: натурал сан туралы қарапайым түсінік қалыптастырады; қарапайым есептеулер жүргізудің тәсілін игереді; шамалар мен оларды өлшеудің тәсілдерімен және прктикалық іс әрекет үстінде олардың арасындағы байланыспен, геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері туралы қарапайым түсініктермен байланысты ұғымдарды оқып - үйрену өмірден алынған нақты материялдар мен мысалдар арқылы жүзеге асырылды.
Сондықтан өздерінің ережелері, тәсілдері, заңдылықтары өмірдің қажетілігінен туындап отырғанын, іс-әрекетте тұрмыс-тіршілікте аңғартады, яғни құбылыстар арасындағы себеп- салдардың байланысын түсінеді және теория мен практиканың өзара байланысын сезіне бастайды.
Математиканы оқытып - үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқанпаздыққа, ойлауға, талдау және талқылауға жүргізуге, қортынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектееседі.
Математиканы оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде ұзақ уақыт қалыптасты және дамыды. Оның даму кезеңдері Қазақстан Республикасындағы білім беруді реформалаумен тығыз байланысты. ХХ-ғасырдың 70-жылдарына дейін оқытылған арифметика курсы өзіне алгебра және геометрия элементтерін біріктіре отырып, математиканы оқыту әдістемесінің негізі болды. Математиканың әдістемесіне ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары математиканы оқыту үдерісіне дамыта оқыту теориясының (Занков Л.В., Давыдов В.В., Эльконин Д.Б), білімнің дидактикалық бірліктерін ірілендіру теориясының (Эрдниев П.М) енгізілуіне орай елеулі өзгерістер болды. Келесі кезең (XX ғ. 90-жылдарынан осы кезеңге дейін) Қазақстан Республикасында математикадан бастауыш мектепке арналған жаңа оқу-әдістемелік кешеннің (Оспанов Т.Қ. және т.б.) ендірілуімен және кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқыту технологиясының жаңа, қазақстандық моделінің жасалуымен байланысты.
Бастауыш мектеп математикасын оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуын шартты түрде үш кезеңге бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең (1930 ж. дейін) аймақтық жағдайлар мен ерекшеліктерді ескере отырып, қазақстандық авторлардың дайындаған оқулықтарымен байланысты әдістемелік мәселелерді жасаумен сипатталады. Екінші кезең (1930-1986 жж.) қазақстандық ғалымдардың кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың мәселелерін өз беттерімен белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне мүмкіндік бермеген аударма оқулықтарға мектептердің көшуімен байланысты. Үшінші кезең ғалым-әдіскерлер мен мұғалімдердің белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізуге себепші болған мектеп тәжірибесіне лайықталған және қазақстандық авторлардың төлтума нұсқадағы оқулықтарының ендірілуімен ерекшеленеді.
Математикалық білімнің мазмұны дұрыс анықтауда әр түрлі мәселелердің ерекше маңызы бар:
1. Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, әдет-ғұрыпы мен дәстүрлі, республиканың аймақтық ерекшеліктері, әкономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім мазмұнының кемшіліктері жайындағы қортындылар, педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына және т.б. сүйене отырып, білім мамұнын анықтау;
2. Оқушылар меңгеруі тиісті білім құрамы мен олардың пән бойынша игеруі қажетті білік пен дағдылардың түрлері және деңгейінің алдыңғы қатарлы дамыған өркениетті елдердің мектептеріндегі бастауыш буын үшін анықталған мөлшерден және деңгейден кем болмауы;
3. Бастауыш буының соңына қарай оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алынғанда бастауыш мектеп пен орта буының алғашқы кластары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
4. Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру, яғни балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді қабілеттерінің даму ерекшеліктері, сондай-ақ олардың тілін ұстау және дамыту, соның ішінде математикалық тілдік қорын жасау және оны дамыта түсу;
5. Қарастырылатын обьектілерді іріктеп алу және оларды топтастыру, қарастыру ретін анықтау, материялды шоғырландыру түсу, оқыту мазмұнының класаралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс енгізу, кейбір мәселені оқытудың әдістемесін жетілдіре түсу және матемаиканың бастауыш курсын орта мектеп курсының шынайы құрамдас бөлігіне айналдыру.
Сондықтан бұл жерде курстың мазмұнына тек қана қысқаша шолу жасаумен шектелеміз. Математиканы оқыту әдістемесі пән бойынша математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру тақырбы қарастырылады. Бұл тақырып бойынша мектептің бастауыш кластарында математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері (білімділік, тәрбиелілік дамытушылық және практикалық) айқындалады.

2.1 Бастауыш сыныптардағы математика сабағы

Математика сабағы - математика пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде дидактика анықтаған сабақтың өзіндік көрінісі, дербес түрі. Сондықтан бастауыш мектептегі математика сабақтарында білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық сияқты міндеттер іске асырылады. Математика сабақтары ең алдымен, оқушыларды математикалық білім, білік және дағдылардың жүйесімен қаруландырады, яғни ол білімдік міндет атқарады.
Математика сабақтарында математикалық білімнің мазмұны және оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары мен орындалатын жұмыстың түрлері, оқушының бойында қандай да бір сапалық қасиеттердің қалыптасуын жүзеге асырады, демек математика сабақтарында тәрбиелік міндет те шешіледі. Сондай-ақ сабақ барысында оқушыларға әралуан іс-әрекеттер, соның ішінде ақыл-ой іс-әрекеттерін (салыстыру, жалпылау, абстракциялау, топтастыру, жүйелеу және т.б.) орындауға тура келеді. Ендеше, математика сабақтары дамытушылық міндет те атқарады. Осының бәрі баланы өмірге бейімдейді, дайындайды, демек математика сабағы практикалық міндеттерді де атқарады. Бұл міндеттер, ең алдымен, сабақ барысында қарастырылуға тиісті іріктеліп және таңдалып алынған білімнің мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
Мәселен, сабақтың тақырыбы қосудың ауыстырымдылық заңы болсын делік. Сабақта қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді деген қосу амалының заңын игерту мақсаты көзделеді, яғни бұл жерде оқушынын, игеретін білімі - қосудың ауыстырымдылық заңы. Демек, сабақтын білімдік міндеті оқушыларға осы заңды игерту болып табылады. Ал, осы заң оқушыларға бірден хабарлануы мүмкік, яғни оны мұғалім оқушыларға дайын күйінде айтып бере алады. Мұндағы оқытудың әдісі - әңгіме. Ал, бұл заңды нақты мысалдарды қарастыра отырып, әңгімелесу арқылы да баяндауға болады.
Соның нәтижесінде тиісті қорытындыны балалардың өздері жасайды. Демек, бұл жағдайда әңгімеден өзгеше оқыту әдісі қолданылады. Олай болса, оқыту әдісі сабақтың негізгі міндетінің шешілуіне өзіндік әсер етеді, яғни оқыту әдісі аркылы да сабақ міндеттері жүзеге асырылады. Осы тақырыпты оқып-үйрену кезінде оқушылардың іс-әрекеті әр түрлі нұсқада (бүкіл сыныппен, топпен, жекелеген оқушылармен) ұйымдастырылуы мүмкін. Оның қей түрінің таңдап алынуына байланысты сабақтың міндеті де түрліше шешіледі. Демек, сабақтың мақсаты оқушылардың іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру формалары арқылы да жүзеге асырылады. Ендеше сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық міндеттерін дәл анықтау және соларға орай оқытудың мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын және құралдарын анықтау мен іріктеу сабақтың нәтижелі де сапалы, сондай-ақ қойылып отырған талапқа сәйкес болуының алғы шарты болып табылады екен.
Математика сабағы туралы айтқанда, оның типін анықтап алу ең басты мәселе болып табылады. Сабақтың типі қойылып отырған дидактикалық мақсатқа орай анықталуы тиіс. Олай болса, өткен материалдарды қайталау, жаңа материалды оқып-үйрену, оқып-үйренген мәселелерді тиянақтау, бекіту, оқып үйренген материалды қорытындылау және жалпылау, оқушылардың білімін тексеру және т.с.с. міндеттердің қайсысы нақты сабақтың негізгі мақсаты болуына орай қайталау, жаңа материалды игеру, білімді тиянақтау және бекіту, білімді қорытындылау және жинақтау, білімді тексеру сияқты сабақ типтерінің болуы мүмкін.
Алайда, сабақта жоғарыда аталған міндеттердің әрқайсысы жеке-жеке алынбай, олардың бәрінің де бір сабақтың өзінде қамтылуы мүмкін. Осы тұрғыдан алып қарағанда, типін аралас сабақ деп атайды. Математика сабағының мазмұнын, құрылымын және ұйымдастыру формасын анықтаудағы ең басты құрал оқулық болып табылады. Бастауыш сыныптардың жаңа буын математика оқулықтары жекеленген сабақтарға лайықталып жасалған. Оқулық әр сабақтың үлесі болып табылатын жаттығулардың бірнеше тобын қамтиды. Атап айтқанда:
1. Өткен материалды (алдыңғы сабақта өткен, екі-үш күн, бір апта, бір ай немесе бір жыл бұрынғы - П.С.) қайталаумен және пысықтаумен байланысты жаттығулар тобы.
2. Сабақта қарастырылуға тиіс мәселеге оқушыларды дайындаумен байланысты жаттығулар тобы.
3. Тікелей жаңа материалмен байланысты жаттығулар тобы.
4. Ілгеріде қарастырылатын қандай да бір күрделі мәселеге оқушыларды алдын ала дайындауды және танымдық қабілеттерді дамыта түсумен байланысты жаттығулар тобы.
5. Шығармашылық деп аталатын, балаларға бұрыннан белгілі үйреншікті түрде ұсынылатын жаттығулардан өзгеше стандарт емес, үйреншікті емес түрдегі жаттығулар тобы.
Математика оқулықтарында әр сабақтың үлесіне тиетін жаттығулардың осындай жүйемен берілетіндігіне сүйеніп, бастауыш сыныптардағы математика сабақтары, негізінен, аралас сабақ деуге толық негіз бар. Алайда, бұған қарап бастауыш мектептегі математика сабақтарының барлығы да бірдей аралас сабақ болуы тиіс деуге болмайды, яғни ара-тұра сабақтың басқа типтері де кездесіп отырады.
Кейінгі уақыттардағы педагогикалық және әдістемелік мерзімді басылымдарда математика сабақтарының әр алуан жаңа түрлері де жиі кедесіп жүр. Олар панорамалық, интеграцияланған, сайыс, жарыс, аукцион, саяхат, концерт, ертегі сабақтар және т.б. Бұл атаулар сабақтың типін емес, оның түрін анықтайды.
Жалпы алғанда, сабақтың түрі оның белгілі бір типіне орай, әр түрлі орындаушының жүргізетін сабақтары бойынша анықталуы тиіс. Мысалы, бір ғана тақырып бойынша өткенді қайталау деп аталатын сабақ типіне орай әр мұғалім өзінше сабақ өткізуі мүмкін. Сондай-ақ бір ғана тақырып бойынша әр түрлі сабақтар да өткізілуі әбден мүмкін. Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарының нәтижелі болуы, ең алдымен оған қойылатын негізгі талаптарды ескеруге тікелей байланысты болып табылады. Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарына қойылатын мынадай негізгі талаптар бар:
1. Математика сабақтарында жалпы сабаққа қойылатын психологиялық, гигиеналық және педагогикалық талаптар ескерілуі тиіс, өйткені математика сабақтарына қойылатын талаптар педагогика ғылымында анықталған талаптардан туындайды және математика пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай жүзеге асырылады.
2. Сабақ мақсаты комплексті түрде жоспарлануы және бағдарлануы тиіс.
3. Сабақтың мазмұны оның мақсатына орай тиімді түрде іріктеліп алынуы керек (сабақта қарастырылатын оқу материалы сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық тұрғыдан анықталған нақты мақсаттарды шешуге бағытталуы тиіс).
4. Сабақта қойылатын оқыту әдістерінің ара-қатынасы дәл анықталуы керек, өйткені сабақтың сапасы оқытудың бір ғана әдісін әмбебап (универсал) әдіске айналдырумен анықталмайды, керісінше, әр түрлі әдіс-тәсілдерді үйлесімді ара-қатынаста қолданумен анықталады.
5. Оқытуды ұйымдастырудың тиімді формасы таңдап алынуы керек, яғни бүкіл сыныппен, жекеленген оқушылармен немесе олардың топтарымен орындалатын жұмыстар үйлесімді болуы тиіс.
6. Сабақ нақты нәтижеге жетуге бағытталуы тиіс және сол нәтижеге қол жеткендігі сабақтың үстінде айқын көрінуі керек те, соған сүйеніп дәлелденуі тиіс.
7. Сабақ үстінде оқушылардың өздігінен жұмыс орындауы ұйымдастырылуы тиіс және оған ұсынылатын тапсырмалар әр оқушының дайындығының деңгейіне сәйкес болуы керек. Сондай-ақ бастауыш сыныптардағы математика сабақтарына оқу материалының мазмұны жағынан және қолданылатын әдістер жағынан қойылатын талаптарды да көрсетіп беруге болады:
1. Материалының мазмұны жағынан дұрыс құрылған сабақ мынадай болуы керек:
а) теория жағы толық болғаны, яғни оқылатын нәрсені негіздеу үшін керекті барлық материал болуы тиіс;
ә) мазмұны түрліше болуы керек (яғни теориялық және практикалық материалдардың бір-біріне қатысы дұрыс болу керек); б) тиісті жерде оның материалы басқа пәндермен ұштастырылып отырылуы керек, яғни пәнаралық байланыс ескерілуі тиіс.
2. Қолданылатын әдіс жағынан алғанда математика сабағына қойылатын талаптар мынадай:
а) бір сабақ үстінде әртүрлі әдістерді қолдану сол сабақтың ерекшеліктеріне (оқу материалына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқушылардың сол сабақ кезіндегі күйіне т.б.) сәйкес болуы керек;
ә) оқыту әдістерінің дұрыс кезектесіп отырылуы (мәселен, сұрақ-жауап әдісі, әңгіме әдісімен -П.С.) жан-жақты ескерілуі тиіс;
б) оқыту әдістері балалардың сабақ барысындағы белсенді іс- әрекетін ұйымдастыруға ықпал жасайтындай болуы тиіс;
в) сабақ барысында қандай әдіс қолданылса да мұғалімнің сөйлеу мәнері, тілі жеңіл, нақтылы түрде болуы тиіс.
Жоғарыда келтірілген талаптар математика сабақтарын дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттары болып табылады. Алайда, олар математика сабағын қалай ұйымдастыру керек? деген сұраққа толық жауап бере алмайды. Сондықтан, біздің ойымызша, осы талаптар негізінде математика сабағын тиімді ұйымдастырудың жалпы қағидаларын тұжырымдау қажет.
Бірінші қағида: сабақта қолайлы психологиялық ахуал туғызу. Мұғалім кез келген сабақты оның өзі мен оқушыларының бірлескен іс-әрекетінің жиынтығы деп түсіне білуі керек. Сабақ нәтижелі болу үшін өзара ынтымақтастыққа негізделген мұғалім мен оқушылар арасындағы жақсы қарым-қатынас орнатылуы тиіс. Ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері мыналар:
1) Баланың жан-дүниесін сезіну.
2) Әр баланың жеке-дара, жас және психологиялық ерекшеліктерін білу.
3) Әр балаға үлкен адамша қарап, оған әріптес ретінде қарым- қатынас жасауға тырысу.
4) Әрдайым оқушының жеке басының кемшіліктерін емес, табыстары мен жетістіктерін көрсетіп отыру.
5) Әр оқушының математикалық дайындығының деңгейін біліп, соған сәйкес қарым-қатынас жасау.
6) Сабақтың нәтижелі болуы тек қана мұғалімге байланысты емес, тікелей оның (оқушының -П.С.) өзінің орындайтын іс-әрекетіне де тәуелді екенін сездіру, т.с.с.
Екінші қағида: оқушылардың сабаққа, математика пәніне көңіл қойып, ынталы болуын қамтамасыз ету. Бұл үшін мұғалім педагогикалық әдеп пен әзіл-қалжыңды шебер үйлестіру, кейбір қызықты оқиғаларды баяндай отырып, оқушыларды әсерлендіру және т.б. арқылы математика пәніне деген қызығушылықты үнемі оятып отыруы қажет.
Үшінші қағида: педагогтық әдепті қатаң сақтау және оқушылардың алдында өзін дұрыс ұстау. Мұғалімнің бойында байқағыштық, ілтипаттылық және әділдік, оқушыларға сенім арту, төзімділік және сабыр сақтау сияқты қасиеттер мол болуы керек. Сондай-ақ ол өзінің сөзіне есеп бере біліп, сөйлеу мәнері логикалық және стиль жағынан дұрыс болып отыруына назар аударуы қажет.
Төртінші қағида: сабақтың мақсаты мен міндеттерін дәл айқындау. Оқушы сабақта қандай мақсат көзделіп отырғандығын айқын түсінуі тиіс. Бұл оқушының сабаққа, оқу материалына деген саналы көзқарасын қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.
Бесінші қағида: мұғалім математикалық материалдың мазмұнын терең білуі керек. Мұнда ол оқу материалының мазмұнына терең талдау жасап, оның көлемін сабаққа қойылып отырған мақсат пен оқушылардың танымдық мүмкіншіліктеріне сәйкестендіруге, сондай-ақ ұсынылатын тапсырмалардың оқушылардың интеллектуалдық қиналуын туғызатындай, бірақ оның қиындығы оқушылар өздігінен іздену арқылы шеше алатындай дәрежеде болуына назар аударып отыруы қажет.
Алтыншы қағида: сәйкес математикалық жаттығуға байланысты атқарылатын жұмысты бастан-аяқ өзі орындаудан немесе оны үздік оқушыға тапсырып, оқушыларға дайын нәрсені көшіріп алуға мүмкіндік беруден сақтануы керек. Мұнда мұғалім танымдық процестің логикасын терең сақтап, оқытуды дамытушылық сипатта ұйымдастыруға көңіл бөліп отыруы керек. Қажет болғанда оқушылар алдында жиі проблемалық ситуациялар туғызып, оны оқушылардың өз беттерімен шешуіне қолайлы жағдайлар туғызуы қажет.
Жетінші қағида: әр оқушының сабаққа белсене қатысып отыруын қамтамасыз ету тиіс. Тек үздік оқушыларға көңіл аудара бермей, үлгермейтін, дайындық деңгейі нашар және сабаққа деген ынтасы төмен оқушылар да мұғалімнің назарында болуы керек. Ол үшін мұғалім ырғақты қарқында жұмыс істеуге, сондай-ақ оқушылардың белсенділігін арттыратындай әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалануға тырысуы керек.
Сегізінші қағида: оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары мен технологияларын пайдаланып отыруы қажет. Бұл сабақ барысындағы жұмыс өнімділігін арттырады, уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі, сабақ барысын жетілдіреді.
Тоғызыншы қағида: оқушылардың әрқайсысының математикалық дайындығын үнемі бақылап отыруы, сондай-ақ математикалық білімдерін жүйелі түрде тексеріп, бағалап отыруы қажет. Мұнда оқушылардың пән бойынша оқу үлгерімдерін тиянақты есепке алып қана қоймай, жекеленген оқушылар кездескен қиындықтарды жоюдың жолдарын үнемі іздестіріп отыруы қажет.
Оныншы қағида: математика сабағы барысында мектеп гигиенасы талаптарының қатаң сақталуын қадағалап отыру керек.
Он бірінші қағида: математика сабақтарында мұғалім 6-10 жастағы балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың көбіне нақты түрде ойлап, дерексіз ойлауға әлі де төселе қоймағандығын, математикалық білім қорының шағын екендігін ескеріп отыруы қажет.
Он екінші қағида: математика сабақтарында оқулық материалымен ғана шектеліп қалмай, әр алуан қосымша оқу құралдарын (дидактикалық материалдар, қызықты жаттығулар мен дидактикалық ойындар, баспа негіздегі дәптерлер, т.б.) тиімді пайдалана білу керек.
Он үшінші қағида: математика тарихынан алынған мәліметтерді кеңінен пайдаланып отыру керек.
Он төртінші қағида: мұғалімнің сабақты түрлендіруі оқушылардың жазып отыруымен дұрыс ұштастырылуы керек. Бұл орайда мұғалім сынып тақтасын тиімді пайдалана білуі керек, өзі тақтаға дұрыс жазып, балалардан да соны талап етуі тиіс. Тақтадағы жазуларды дұрыс көрінетіндей етіп жазуы керек. Ондағы жазу ірі, анық болуымен қатар, ұқыпты жазылған болуы керек. Әсіресе, тақтада цифрлар мен математикалық таңбалардың дұрыс жазылуына ерекше кеңіл бөліп отырған жөн.
Он бесінші қағида: үйге тапсырма бергенде оқушыларға шамадан тыс күш түсірмеу жағдайын ескеру керек. Математика оқулығындағы шығармашылық жаттығулар үй тапсырмасы ретінде берілмеуі керек. Математикадан үйге тапсырма бергенде, үй тапсырманы орындау жөнінде қысқаша нұсқау беріп, үй тапсырмасын оқушылардың күнделіктеріне жазып алуларын қадағалау керек. Сондай-ақ үй тапсырмасының коңырауға дейін берілуі керектігі мұғалімнің басты назарында болуы тиіс.
Он алтыншы қағида: оқушылардың танымдық, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ұдайы көңіл бөліп отырылуы керек.
Он жетінші қағида: математика сабағы міндетті түрде қоңырау соғылғанға дейін қорытындылануы керек. Мұнда мұғалім сабақ алдына қойылған мақсаттың орындалуы жөнінде әңгіме қозғап, оқушылар білімін бағалауы, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтауы, сондай-ақ сабаққа ынта қоймаған оқушыларды атап керсетуі керек. Бұл қағидалар бастауыш сыныптар мұғалімі математика сабағына дайындалғанда және оны жоспарлағанда жан-жақты ескерілуі тиіс. Қорыта айтқанда, жоғарыда атап көрсетілген қағидалар математика сабағын тиімді жоспарлау мен оны сапалы өткізудің шарты болып табылады.

1.2 Практика - лабораториялық жұмыстар
Математиканы оқып үйренуде әртүрлі практикалық-лабораториялық жұмыстардың елеулі мәні бар. Бұлардың мектепте көптен қолданылып келе жатқан ежелгі формаларына сызбалық жаттығулар, жер өлшеу жұмыстары, модельдеу, есептеу техникасымен жұмыс істеу т.б. жатады.
Лабораториялық жұмыстар өздерінің көздеген мақсаттарына қарай танымдық және қолданбалы болып екіге бөлінеді.
Танымдық лабораториялық жұмыстар оқушыларды жаңа математикалық деректермен таныстыру үшін қолданылады.
Қолданбалы лабораториялық жұмыстарда оқышулар өздерінің алған математикалық білімдерін нақты практикалық есептер шешуге қолдануға үйренеді.
Практикалық жұмыстар кезінде кейде нақты объектіге барып өндірістік және басқадай өмірлік-практикалық мәні бар нақты есептер құрып, шешу сандық материалдар жинақталады. Мұндай жұмыстарды математикалық және кешендік (бір мезгілде бірнеше пән бойынша) экскурсиямен (топ серуен мен ) ұштастыруға болады. Жұмыс 5-7 оқушылардан тұратын топтар бойынша жүргізіледі. Жер бетінде өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін мектептің математикалық кабинеттерінде өлшеу құралдары мен жабдықтардың (эккер, астролябие, эклиметр, мензула т.б.) 5-7 комплекті болуы қажет.
Оқудың лабораториялық және практикалық әдістері мектеп практикасында ХХ ғасырдың басынан бастап қолданыла бастады, олар оқытудың жаңа әдістеріне жатады.
Өзіндік жұмыс оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің формаларының бірі болып табылады. Сондықтан бұл жұмыстың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың ой еңбегі мен практикалық әрекеттерінің қызметін болжайды.
Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап - оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол біріншіден, тек дайын ақпаратты деректер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді.
Екіншіден, оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс-әрекетінің көз-қарасын өзгертуді талап етеді.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің нәтижесі - олардың алған білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын шығармашылық тапсырмаларды орындауы болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың өзіндік жұмыстарының әртүрлі жіктеулері көрсетіледі. Олардың ішінде оқыту теориясы мен практикада жиірек кездесетіндері мыналар:
1.Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқып үйренетін тексеретін, диагноздық, алынған білімді баянды ететін және т.б.
2.Даралау дәрежесі бойынша: мазмұны әртүрлі бірақ бірдей тәсілмен орындалған; мазмұндары бірдей, бірақ әртүрлі тәсілдермен орындалады; мазмұндары әртүрлі және әртүрлі тәсілдермен орындалады.
3.Білім материалдары бойынша: оқулықпен жұмыс, есептерді шешу және салыстыру, лабораториялық және сызбалық жұмыстар.
4.Оқушылардың ізденімпаздық дәрежесіне байланысты жұмыс және т.б. Оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстарының жіктеуін қарастырайық. Осы жіктеуге сәйкес оқу үрдісінде өзіндік жұмыстардың 4 түрі қарастырылады.
а) үлгі бойынша орындылады;
б) реконсруктивті-вариативті;
в) эврикалық (ішінара ізденуді талап етеді);
г) шығармашылық (ізденуді талап етеітін) жұмыстар;
Өзіміз игеріп жүргізген өзіндік жұмыстардың ең жоғары сатысы тақырыпаралық және пәнаралық зерттеу жұмыстарын орындау болып табылады. Мұндай өзіндік жұмыстарды орындау үшін оқушылар өзінің игерген білімдері негізінде есептер шығару тәсілдерін түрлендіріп, басқа жағдайға ауыстыруы, өз бетінше жаңаша шығару жолдарын көрсетуі оның мазмұнын, мақсатын, шығару жоспарын дайындауы керек.

1 МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оқушыларға математикалық мәдениет, ой-әрекетінің математикалық стилін қалыптастырудың негізгі жолы - әр түрлі математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың оқу әрекетін ұтымды, тиімді ұйымдастыру және басқару.
Математика пәнінің басты мақсаты - оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару - мидың "гимнастикасы". Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгірімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгірімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді.
Америкалық педагог-математик Д.Пойа былай деген: Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару. Сондықтан, бастауыш сыныпта математика курсының бірінші әрі ең басты міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарына назар аудару.
Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушының ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік, жинақылық, жүйелік тәрізді қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, есептер математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы, ал есеп шығару - оқу және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан логикалық есептер жинағы
Бастауыш мектептегі математика
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Математика оқыту методикасы
Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын қолдану
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Пәндер