Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жүріс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті

Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011600 - Педагогика

Орындаған: Сарсенбаева Жансая 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы _____________

Ақтау, 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011600 - Педагогика
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Сарсенбаева Жансая
Тақырыбы: Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу
шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері туралы
Негізгі әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі туралы №246-ii ҚР3 Заңы.
Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 1998.
Aдам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі Колесов В. және Маккинлидің ред. - М.: Адам құқықтары (Права человека),
Жұмағұлов Ғ.Б. Ахметов А. Ахметова Г. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. - Алматы
Әлеуметтік статистика: оқулық корреспондент-мүшесі И.И. Елисееваның ред. - М.: Қаржы және статистика, 1997. 270-289-бб.
Курстық жұмыстың көлемі: 27 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ________ Ерубаева А.Р. ___ ___ 2020 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОТБАСЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1.Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту
1.2Мүгедек баланы отбасында тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...8

2МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ ҚҰЛҚЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРРДІ ТҮЗЕТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..16
2.1Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жүріс.тұрысындағы кемшіліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2.Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.Бұл курстық жұмыста, Елімізде 140 мыңнан астам даму мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүреді, солардың ішінде 74 мыңын мүгедек балалар құрайды.
Прокуратура органдары осы санатқа жататын балалардың құқықтарын қорғауды тұрақты негізде тексеріп отырады.
Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында прокурорлар тексеру шаралары барысында денсаулық сақтауда, әлеуметтік қорғауда, көмек және білім беруде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары бұзушылғанын анықтады.
Атап айтқанда, тексеріспен осы санатқа жататын балаларға қатысты, оның ішінде ата-анасы тарапынан да, зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсету фактілері анықталды.
Мысалы, Қостанай облысында 2009 ж.т. жас мүгедек бала ауыр халде табылды, ол тексеру мезетінде азып кеткен, үнемі жатқан қалпында болған. Ұзақ уақыт бойы бала жалғызбасты анасының қарауынсыз және тиісті күтімсіз болған ал анасы адамгершілікке жат түрде өмір сүрді, бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған, баланы тәрбиелеумен айналыспаған.
Тек прокуратура қызметкерлері араласқан соң ғана баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне байланысты, Қарабалық ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясы мүгедек баланы ауруханаға жатқызды.
Жұмыстың өзектілігі- Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасында көрсетілгендей ҚР білім беру саясатының құзырлы міндеті - білім беру сапасын көтеру болып табылады. Басты міндеттердің бірі халықтың барлық сатыдағылары үшін сапалы білім алудың қолжетімдігін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұжырымдардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға да қатысты және 2002 жылы жарық көрген Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы заңында бекітілген. Осы заңды жүзеге асыру бағытында республикада ана тілінде оқытудың психологиялық және педагогикалық теориясы мен практикасын дамытудың жағымды нышандары жасалуда [1, 2].
Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін , оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Курстық жұмыстың объектісі - Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту маңызды мәселе болып табылады. Елбасымыз да өзінің соңғы Жолдауында осы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты орынды мәселелер көтеріп, оларды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлу керектігін қадап тапсырған болатын. Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек. Бұл тәрбиенің негізгі мақсатыеңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру.
Ең алдымен тәрбие ісіне терең сезім қажет. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі болады. Еңбек, еңбек - бәрін жеңбек. Осы бір мақалдың ішіне барлығы сиып тұрғандай. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар дегенде көз алдымызға еңбекке жарамсыз, ата-ана қамқорлығында отырған балалар елестейді. Еңбек баланың өмірлік қажеттілігі. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалардың өзіндік еңбек дағдылары бірден қалыптасып кетпейді.
Мұндай балалар атаана мен арнайы мамандардың көмектерін қажет етеді. Оларға өздерін танытып, айналасындағылармен араласуға мүмкіндік беру керек. Өздері өте жасық келеді. Бойында дарыны бар балалар қаншама. Мұндай балаларды еңбекке баулыса, ертең есейгенде өмірде өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді
Курстық жұмыстың пәні - Инклюзивті білім беру
Курстық жұмыстың құрылымы- жұмыc кіріcпeдeн, 2 бөлімнeн, қoрытынды жәнe пaйдaлaнғaн әдeбиeттeн құрaлaды

1. МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОТБАСЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту

Әр ата-ана бауыр еті-баласының дені сау болып туып, қатарынан кем қалмай өсуін тілейді. Ал балалардың өмірге мүгедек болып келуі кімкімге де ауыр соққы. Осыдан болып шаңырағы шайқалған талай отбасы бар. Мұндайда көбіне әке шіркіндер бойларын ала қашып, аналар тағдыр тауқыметін жалғыз арқалайды. Баласы қандай күйге душар болса да жүрегі езіліп тұратын қайран ана жүрегі-ай дейсің мұндайда. Хафиза Нығметқызы ашқан Сәби қоғамдық қорына тіркелген 70-тен астам ананың басым көпшілігі жалғызбасты әйелдер. Олардың балаларына қойылған диагноз да жан дүниеңді езілтеді: Даун синдромы, аутизм, психикалық дамудың тежелуі, церебралды сал ауруы, басқа да неврологиялық сырқаттар. Дерттің ауыр түріне шалдыққан өскіндердің көпшілігі арбаға таңылған, өздігінен қозғалып жүре алмайды, сөйлеу, есту қабілеттері нашар дамыған. Балалардың кішкентай кезінде тағы ештеңе емес. Өскен сайын оларды көтеру, алып жүру жалғызбасты аналарға қияметтің қиыны. Бейкүнә баласының дертпен жалғыз арпалысып, өзімен-өзі өгейлік күйін кешуі - анасының жанын жегідей жейтіні тағы бар. Осындай психологиялық-моральдық соққыға қарамастан байғұс әйелдер үміттерін үзбей, балаларын оңалту қамымен қандай ауыртпалыққа да төтеп беруге бар.Сәби мүгедек баллардың аналары қоғамдық қорының басты тілегі балаларын оңалтуға септігін тигізетін орталық құру.
Мүгедек балалардың ата-аналары көптеген әлеуметтік проблемалармен бетпе-бет келеді. Олардың ішінде әсіресе,мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын білім мекемелерінің тапшылығы күрделі мәселе болып тұр.Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың көпшілігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар.Олардың қоғамдық орындарға, мәдени іс-шараларға баруға мүмкіндіктері аз.Сондықтан мұң-мұқтажы бір ата-аналардың басын қосып, балаларын дамытуға жағдай жасайтын орталық аса қажет.
Әрине,Астана қаласында мамандандырылған түзету білім, денсаулық ұйыдары бар.Тіпті тiрекқимыл аппараты функцияларының бұзылуынан болатын церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған еліміз бойынша жалғыз балабақша да елордада ашылған.Бірақ бұл мекемелер Астанадай үлкен қалаға аздық етеді. Елордада кәмелеттік жасқа толмаған 2050 мүгедек бала ресми тіркелген десек, соның басым көпшілігі үйде отыр төрт қабырғаға қамалып.2005 жылы ашылған қоғамдық қордың белсенділері мүгедек балаларды қоғамға бейімдейтін, қимыл-қозғалысын дамытатын оңалту орталығын өздері-ақ ашуға әзір. Тек лайықты ғимарат таппай жүр.
Бізге арнайы орын берілсе болғаны, қалғанын өзіміз-ақ реттеп алар едік. Орталыққа қажетті құрал-жабдықтарды да таба аламыз. Түрлі үйірмелер ашуға да мүмкіндігіміз бар, - дейді қоғамдық қордың директоры.
Мүгедек балалардың уақытша немесе тұрақты мекендеуіне арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер бар. Ол жерге интеллектісі сақталған, сүйену-жылжу аппаратының қызметі бұзылған, тұрақты түрде басқа бір адамның көмегіне және медициналық қызметке зәру 4 пен 18 жас аралығындағы төмендегідей сырқатпен ауыратын мүгедек балалар орналасуы мүмкін:
әртүрлі этиологиядағы мидың сал ауруы;
полиомиелит салдарынан кейінгі қалыпқа келтіру және резидуальді кезең;
сүйену-жылжу аппаратының әртүрлі туа және кейін пайда болған деформациялары;
артрогриппозом;
хондродистрофией;
тұқым қуалайтын дегенеративті және жүйке-бұлшық ет аурулары.
Сезiмнiң жоғарыда айтылған ерекшелiктерiнiң барлығы да нақтылы әрекет үстiнде, кездесетiн қиыншылықтарды қарсы алу кезiнде айқын көрiнiп отырады. Сезiм адамның бүкiл өмiрiмен, оның жеке басының ерекшелiктерiмен тығыз байланысты. Адамның әр түрлi эмоциялары мен сезiмдерi оның қажетi мен қызығу ерекшелiктерiне, дүниеге көзқарасы мен сенiмiне, мiнез-кұлқы мен бiлiм келемiне, санасы мен ерiк сапаларына бай-ланысты қалыптасып отырады.
Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр.Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті.Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. Биыл жарық дүние есігін ашқан сәбилердің 11 пайызы мүгедек болып туған. Жүйе өсіп бара жатыр. Жыл өткен сайын сондай балалардың да саны үлкейіп келеді.Орта мектептерден оларға арнайы топтар да ашылып жатыр.Сондықтан мамандар әрқашан керек болады. Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді.
Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар ожданын кемсітетін ,оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз, нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады.
Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке ,мықты мұғалімге беруге тырысамыз

Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар:мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы,жоқтығы, инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде.
Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр. Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылыми нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады;логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Бәріне бірдей мүмкіндік принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне Сапалы білім барлығы үшін түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау.Адам әрекеті- күрделі үрдіс. Оның құрамына қозғалыстырдың жүйесі де кіреді.
Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытып, қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді.Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе - кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес.Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар.Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.
Осы орайда Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына байланысты қаламызда осындай мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналып жартылай стационар Аялы алақан атты бөлімше ашылды .Мұнда балалар таңертеңнен кешке дейін мамандардың қарамағында болып, үйірмелерге қатысып, бір-бірімен танысып, ұжымдық тәртіпке үйреніп, дәріс алады. Балалар бес мезгіл тамақтанады, тынығып дем алады, әр маманмен бірге ұсақ қол жаттығуларын орындап, бұлшық еттердің қызметтерін жақсартады, сюжетті рөлдік ойындарды сахналауды үйренеді. Бөлімшеде мүмкіншіліктері шектеулі балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған, мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады.
Мұндай жәйттер негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты. Аялы алақан атты жартылай стационарға келетін мүгедек балаларға әр апта сайын қаламыздағы психологиялық - медициналық педагогикалық консультациядан мамандар : психиатр, лор, көз дәрігерлері келіп тексеріп, психологиялық зерттеудің нәтижесімен таныстырып, олардың жалпы арнаулы түзеу арқылы білім беретін жүйеде оқуға және тәрбиеленуге қабілеттері туралы шешім шығарады. Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет - қарымын анықтап, дұрыс бағыт - бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек. Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мән берілуде. Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет.
Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ.Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету,жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады.Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап ,үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн.
Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын.Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады.Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек . Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді
Бүгінгі күнде мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. БҰҰ ратификациялау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігімен дайындалған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 16 қаңтардағы №64 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық аумақтарда кедергісіз жағдай мәселесін шешу үшін объектілерді түгендеу жүргізіледі.
Атап өту керек, Басқармалармен және Алматы қаласының басқа да қызметтері әлеуметтік, көліктік және дем алатын инфрақұрылымдық нысандарға түгендеу жүргізілді. Сол кезде тексерілген нысандардың ішінде (мүгедектерге қызмет көрсететін ірі нысандарды қоса алғанда) 75 пайызы кедергісіз өту талаптарын қанағаттандырмады.
Қазіргі таңда кейбір ғимараттарда ғана көтергіш құрылғылар бар. Сауда саласының, қызметтердің, зейнетақы және жәрдемақы алу орындарының (Казпошта бөлімшелері және Халық банкісінің филиалдары) объектілері қол жетімділігі бойынша құрылыс нормалары мен ережелер талаптарына жауап бермейді. Есіктердің параметрлері мүгедек арбасының кіруіне сәйкес келмейді, мүгедектердің көліктерін қою орындары қарастырылмаған. Мүгедектер тұратын тұрғын үйлердің кіреберістерін арнаулы кұралдармен қайтадан жабдықтау қажет. Әлбетте мүгедектердің жайлы өмір сүруі үшін барлық тұрғын үйлер ыңғайлы болуы керек. Өйткені жарақат алудан ешкім сақтандырылмаған, жас отбасыларда бесік арбамен тасуды қажет ететін балалар бар, тіпті жасы үлкен адамдарға да пандус пен лифт қажет.
Қалалық транспорттың да мүгедектерге бейімділігі аз, өйткені олар арнаулы көтергіштермен жабдықталмаған, мамандандырылған көліктің жоқ болуы, мүгедектерге бөлінген әуежайда қонуұшу алаңдарын, жолаушылар аялдамаларын орналастыруды ұйымдастырудың тиісті шешімі табылған жоқ. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды мамандандырылған көлікпен қамтамасыз ету шеңберінде өткен жылдан бастап қозғалысы қиын 1 топ мүгедектерге арналған бюджеттік қаражаттан қаржыланатын инватакси қызметі қаламызда жұмыс жасауда. Осындай қызметті көрсетуде белгілі тәжірибесі бар ЖШС ЦРУ-ИНВАТАКСИ әлеуметтік тапсырысты ұтып алды. Бірақ бұл әрине мәселені шешпейді және осындай мақсаттар үшін қоғамдық көлікті жетілдіру қажет. Дегенмен, жұмысқа, оқуға және тағы басқа жерлерге қандай да бір сұрақтармен бара алмай жүрген көптеген мүгедектерде енді осындай мүмкіншіліктер бар. Қалалық даму бағдарламасында осындай қызмет көрсету келесі жылдарға да қарастырылған.
Білім алу объектілеріне мүмкіндік алу мәселелеріне ерекше тоқталып өткен жөн. Алматы қаласында есту, көру, сөйлеу қабілеттері бұзылған, тірек қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы шектелген мектеп жасында және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған түзету ұйымдарының жүйесі: 9 арнаулы мектеп-интернаттары, 3 түзету кабинеті, 9 түзету бала бақшалары бар. Алайда көптеген білім беретін мекемелерде пандустармен, арбашыларға лифт пен көтергіштердің жоқтығы сияқты мәселелер бар. Мәселен, мүгедектер оқитын №8 мамандық лицей арбашыларға қол жетпес. №92 политехникалық колледжде нашар еститін ересек балалар бар.Қызмет колледжінде мүгедек балалардың арасынан 89 бала оқиды. Осыған ұқсас жағдайлар жоғары оқу оындарында да бар. Бұл мәселелердің шешімі БҰҰ Конвенциясының мүгедектердің құқықтарын қорғау шеңберінде шараларды жүзеге асыру арқасында ғана мүмкін болады.
Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстарда, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын есепке алмай мүгедектер үшін жұмыс орындары санынан 2-4 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілейді; жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құруда; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құруда; мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.
Заңнамада еңбек қатынастарына қатысты мүгедектер құқығына кепілдік берілген. Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру мүгедектің келісімісіз жүзеге аспауы тиістігі көзделген, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайшы келсе жоғарыда аталған шараларды іске асыруға рұқсат етіледі.

1.2 Эмоционалды бұзылысы төмен сынып оқушыларының интерактивтік білім беру

Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсiк, ойлау, ес, қиял т. б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердiң әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудiң түрлi формалары екенi, бұлар бiзге айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзiне тән ерекшелiктерi мен заңдылықтары бар екендiгi жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниенi тек танып қана қоймайды, оған өзiнiң қатынасын да бiлдiрiп отырады, ол бiр нәрсенi ұнатады, бiреудi жақсы көредi, екiншi бiреуге салқын қарайды. Бiр сөзбен айтқанда, өз қажеттерiне қарай айналасына түрлi көңiл күйiн бiлдiрiп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттерiне сәйкес келу-келмеуiнiң нәтижесiнде пайда болып отыратын психикалық процестiң түрiн сезiм деп атайды. Қажеттердiң түрлi жағдайларға байланысты түрлiше өтелуi адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезiмдердi туғызып жек көрушiлiк, шошыну, абыржу, наздану, iш пысу, зерiгу т. б. осындай сезiмдер мен эмоциялардың сан алуан түрлерi.
Сезiмдер -- өте күрделi психикалық процестердiң бiрi. Сезiмдер адамның тiршiлiк қажетiне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрiнедi. Адам сезiмдерi тарихи-әлеуметтiк сипатта болады. Демек, адамның өмiрi қоғамға байланысты, оның әрекетi де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезiмдерi де қоғамдық сипатта болып, сезiмнiң мазмұнын қоғамдық болмыс белгiлеп отырады. Сезiмдерден эмоцияларды айыра бiлу қажет.
Сезiмдердi эмоциялардан дұрыс айыра бiлмеушiлiк, бұл екеуiнiң мәнiн бiрдей деп ұғу, кейде қате түсiнiктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсiнiк жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуi мүмкiн. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейiмделу көрiнiсiнен, әр түрлi шартсыз рефлекстердiң тiзбегiнен немесе инстинктерiнен байқалады.
Сезiмдер мен эмоциялардың бiрнеше сапалық ерекшелiктерi бар. Олардың сапасын көрсететiн осындай ерекшелiктерiнiң бiрiн -- қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсiну, сүйсiнбеу, көңiлдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы се-кiлдi сапалар өз ара екi полюскс ажырасып, бiрiне-бiрi қарама-қарсы мағынада болады.
Сезiмдердiң екiншi ерекшелiгi -- олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлiнуiнсн көрiнедi. Адамға күш берiп, әрекетке ұмтылдыратын, көтерiңкi сезiмдер мен эмоциялар-ды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерiн астеникалық деп атайды. Бiрiншiсiне: жауапкершiлiк, жолдастық, достық, айбаттылық т. б. жатса, екiншiсiне: уайым, енжарлық, көңiлсiздiк т. б. ссзiмдер жатады. Бұл жерде мынадай бiр жағдай есте болсын. Түрлi нақтылы жағдайлардың ретiне қарай адамдарда бiр сезiмнiң өзi бiрде қуатты, бiрде әлсiз болып көрiнуi мүмкiн. Мәселен, қорқыныш сезiмi кейде бiр адамның буынын босатып, пәрменсiз етсе, ендi бiрде қауiп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күштi сезiм) ауысуы мүмкiн.
Сезiмдердiң үшiншi бiр ерекшелiгi -- жiгерлену және кернеуден босану немесе шешiлу. Бұл да сезiмдердiң қарама-қарсы сапаларының бiрi. Мәселен, студенттердiң емтиханнан өтуi, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуi шешушi кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жiгерiн жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бiр күйге түседi. Мұны кернеуден босану (шешiлу) сезiмi дейдi.
Шамадан тыс күштi тiтiркендiргiштер адамда көбiнесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кiсi ұдайы қинала беретiн болса, оның дiңкесi құрып, берекесi кетедi. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгiлейдi. Стресс үш түрлi жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрiнiсiн мазасыздану кезеңi дейдi. Организмнiң күштi тiтiркендiргiштермен айқасқа түсуiн күш салу, немесе зорлану кезеңi деп атайды. Адам сырттан келетiн әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесiнiң жұмысына да, дене күшiне де нұқсан келтiретiндiктен, адам өзiнiң сыртқы ортамен байланысын үнемi қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Сезiмнiң жоғарыда айтылған ерекшелiктерiнiң барлығы да нақтылы әрекет үстiнде, кездесетiн қиыншылықтарды қарсы алу кезiнде айқын көрiнiп отырады. Сезiм адамның бүкiл өмiрiмен, оның жеке басының ерекшелiктерiмен тығыз байланысты. Адамның әр түрлi эмоциялары мен сезiмдерi оның қажетi мен қызығу ерекшелiктерiне, дүниеге көзқарасы мен сенiмiне, мiнез-кұлқы мен бiлiм келемiне, санасы мен ерiк сапаларына бай-ланысты қалыптасып отырады.
Сезiмдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетiнде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмiр үшiн күресте күштi сезiмдерсiз табысқа жету қиынға соғады.
Сезiмнiң қораш, солғын, селсоқ болуы iске кедергi келтiредi. Адам не үшiн күрессе, соны жан-тәнiмен жақсы көрiп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көрiп отыруы керек.
Эмоцияларды бiрнеше топқа жiктеуге болады. Олардың бiр тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тiршiлiк қажетiне орайлас, оның iшкi өмiрiнiң шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бiрi болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйiспеншiлiк, көңiл қоштық т. б.- осындай эмоциялардың ендi бiр тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делiнедi. Бұлар -- белсендi әрекетке азды-көптi нұқсан келтiретiн қораш сезiмдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмiтсiздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделi эмоциялар болып та бөлiнедi. қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерiнiң өтелу-өтелмеуiне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделi түрлерiне: көңiл, аффект, құмарлық эмоциялары кiредi. Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты - бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бiр ерекшелiк: оларда сан алуан мәнерлi қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күнгi адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстардың бiразы бiздiң ерте кездегi ата-бабаларымыздың тiршiлiгiнде елеулi орын алған әрекеттiң қалдығы екендiгiн айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйiп тiстенедi, қабағын түйiп булығады, демiн әзер алып, танауы делдиiп кетедi, жүрегi тарс-тарс соғады.
Осындай мәнерлi қозғалыстардың әрқайсысының өзiнше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтiрiлген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейiн деп тұрған адамның келбетiн, даярлық белгiсiн байқауга болады. Ертедегi адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердiң алдында денесiн соған бейiмдеп алып, сонан кейiн айқа-сатын болған. Қазiргi адамдар үшiн мұндай көрiнiстер дөрекi, ебдейсiз қимылдар болып табылады.
Мұндай ебдейсiз қимылдар мәдениеттi адамның қылығына ешбiр сыйымсыз сипат. Бұған көбiнесе сотқар, ызақор, кекшiл адамдар бiр табан жақын тұрады. Адамдардың сана-сезiмi өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседi. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерiстер түсiретiнiн, бет әлпетi мен (мимика) бүкiл дене қимылдарына (пантомимика), сөздiң интонациясы мен тембрiне, дикциясы мен паузасына да өзгерiстер енгiзетiндiгiн дәлелдейтiн мысалдар көп.
Қорқу эмоциясы кезiнде адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсi бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесi дiрiлдеп қалшылдайды, шашы үрпиiп, көзi шарасынаи шығып, даусы қарлығып, үнi кiбiртiктейдi, аузы кебiрсiп, тынысы өзгередi, бетi шiмiркенiп, бүкiл денесi қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тiптi орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездерi болады. Қорқыныштың жеңiл түрi тынышсыздану, ауыры -- үрейi ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезiнде адамның денесiнен байқалатын әр түрлi мәнерлi қозғалыстарды Абай өлеңдерiнен көптеп кездестiруге болады.
Күрделi эмоциялардың бiрi -- көңiл. Кейпiне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүздi, ақжарқын, не көңiлге кiрбiң кiру, ызалы, түсi суық т. б. деп ажыратады. Адамның көңiлiне айналасын қоршаған дүние әсер етiп отырады. Егер оның қызметi жақсы жүрiп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңiлi де көтерiңкi болады. Көңiлге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерiнiң ерекшелiктерi де әсер етедi. Өмiр-тiршiлiгi үшiн елеулi маңызы бар оқиға да адамның көңiлiне үлкен iз қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген iсi оңға басса, немесе бiр нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бiтiру, диссертация қорғау т. б.), шат-шадыман күйге түседi. Керiсiнше, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу
Зат алмасудың тұқым қуалаушылық аурулар
Арнайы білім беру
Арнайы педагогика туралы
Инклюзивті білім беру мақсаты мен маңызы
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс – тәсілдері туралы ақпарат
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет жүйесі
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз ету
Девиантты мінез-құлық -әлеуметтік педагогика мәселесі
Пәндер