Дидахмет Әшімханұлының жазушылық лабораториясындағы әңгіме жанры және жазушының көркем сөз шеберлігі


«Тасқала» әңгімесі. Шығарманың жазылу тарихы. Тіл мәселесіне жаным сыздағанда «Тас қаланы» жаздым. Тас қала деп отырғаным - Өскемен. Менің ең жек көретін қалам сол. Бұрын қазақылығы аздау қала еді. 1975-76 жылдары университеттен академиялық демалыс алып, сонда жұмыс істедім. Күнде таңертең жұмысқа бет-аузым ісіп, жарадар болып келетінмін. Бір күні редактор шақырып: «Сен ішетін бала емессің. Бірақ мына түрің не сенің?» - деп сұрады. Сосын орыстармен төбелесетінімді айттым. Бір ауыз қазақша сөйлесең, орыстың кемпіріне дейін жақтырмай, жекіп тастайтын. Жеке басың туралы біреу ғайбат айтса кешіруге болады. Ал сенің тегің, ұлтың жөнінде ғайбат сөз айтса, онда сендегі бүкіл жануарлық инстинкт оянады. Егер ұлтыңды біреу қорлап жатқанда, ішіңде намыс оянбаса, сенің жануардан айырмаң жоқ [2, 5б. ] .
80-ші жылдардың аяғында қазақ тілі туралы айтыстың нағыз қырғын кезінде «Тасқала» атты әңгіме дүниеге келген де, бірден «Қазақ әдебиеті» газетіне басылған. Обалы нешік, сонда белгілі әдебиетші ғалым Мырзатай Серғалиев: «Бұл - тіл туралы тұңғыш әңгіме» деп бағалаған. Бірақ ол тек қана тіл туралы да емес-ті. Тіл проблемасы қайдан шықты, біз осындай бейшара күйге қайдан жеттік деген сауалдарға да онда біршама жауап бар еді. Ол жауап астарлы еді [3, 6б. ] .
Шығарманың тақырыбы: ана тілі.
Шығарманың идеясы: оқырманды өз ана тілін білуге, аялауға, туған тілдің қадір-қасиетін кемітпеуге үйрету, өз ана тілінде ойлай алмайтын адам, ойын жеткізе алмайтын адамның мәңгүрттенетінін, сол арқылы қоғамда ұлттық рух құнсызданатынын түсіндіру.
Шығарманың фабуласы: ата-әжесінің қолында еркелеп өскен бала Сәнтай ауылға келген Омаш ағасына еріп қалаға барады. Үйде жалғыз іші пысқан ол қағаздан жасаған самолетін ұшырам деп далаға шығып кетеді. Солай ойнап шыққанда артынан ит қуалап, өз үйінен көз жазып қалған бала елге «адасып кеттім» деген сөзін жеткізе алмай қор болады, себебі, айналасында жүрген адамдардың барлығы - жасы да, кәрісі де мұның қазақша айтқанын түсінбейді. Қазақ қазақты түсінбейді. Бәрінен көңілі қалған Сәнтай ауылдағы ата-әжесін сағынып, жылағысы келіп, даладағы бір үйшікте жатып ұйықтап қалады. Ол жерден Сәнтайды оятып алған орыс Кирилл атай мұның айтқанын түсініп, өзі де ауылда тұрғанын айтып, үйіне жеткізіп салмақ болады.
Сюжеттік-композициялық талдау. Ауылда айдарынан жел ескен бала еді, қалаға келіп бір-ақ күнде қор болды ғой, сорлады ғой Сәнтай сормаңдай болып. Бірдің атын, мыңның түсін білмейтін мына қайнаған қалың ортада иесінен адасқан күшіктей қаңғып қалса - қор болмаған, сорламаған несі қалды Сәнтайдың? Таңертеңнен бері табанынан таусылып жүріп таба алмаған үйін, енді екі кештің арасында таба қояр деймісің? Сонда бүгін қайда барып түнейді? Қара түнде қай есікті қағып тұрады? Есігін қаққанмен ешкім бұны есіркей қоймасы белгілі [4, 284б. ] .
Әңгіменің басталуы осылай. Ауылдан қалаға келген бұл бала неге жалғыз өзі сорлап жүр, бұл баланы мұндай халге жеткізген қандай жағдай, неліктен Тас қала деген сұрақ туындайды санада. Әңгіменің осылай басталуынан-ақ сансыз саулға жауап табу үшін сол Сәнтаймен ілесіп Тасқалаға кете барасың.
Өмiр көрiнiсiн де, кейiпкер әлемiн де бипаздап отырып жеткiзер, әр деталь, әр сөздi өз орын-орнында шебер пайдаланып, салмақ салар тұсты еселей екпiн түсiре қайталап, олай ету арқылы шығарманың композициялық шешiмiне айналдырып, диалогқа баяндау мiндетiн арқалатып жазу тән оған. Әлгi бастау сөзден Сәнтайдың “сорлау” тарихының “че?” тарихымен сабақтасатынын көремiз. Тасқаланың орысы түгiлi қазағының өзi “че? . . . ” - деп ажыраяды балаға.
Адасып кетiп аңғалаңдап келе жатқан Сәнтай көзiмен қала мынадай кейiпте бейнеленедi: “Сондағы жұмақтай көрген қаласының сиқы осы ма? “Бәрi сұрғылт, бәрi сұсты - Тасқала десе - тас қала. Бензин иiсi мүңкiген көшесi де, бiрiне-бiрi мiнгескен биiк үйлерi де, жапырағын шаң басқан ағаштары да, тiптi екi иықты басып тұрған аспандағы бұлттары да - сұп-сұр. Неге екенi белгiсiз, күн кешкiрген сайын адамдардың бет-жүзi де Сәнтайға бiр түрлi сұрғылт, сұсты көрiне түскендей. Манағыдай емес, оларға маңайлауға да жасқанады. Бойында әлдеқандай үрей бар. Тосын шыққан әр дыбыс жүрегiн дiр еткiзедi де, артынша арқа-басы сұп-суық болып кетедi. Қазiргi жайы осындай, ал түндегi күйi не болмақ? Япырау, бүгiн қайда түнейдi, қай жерден бiр қуыс табылады бұған?. . Әй, қор болды ғой, сорлады ғой Сәнтай сормаңдай болып!”
Сәнтай бала әбден адасқан, дымы құрып, болдырған. Оның адасуы - ұрпақтың адасуы деңгейiне көтерiледi. Оны Тасқаланың жатсырауы - ұлтты жатсыруы деңгейiне көтерiле суреттеледi. Бала қаланы жатсырайды, қала баланы жатсырайды. Қалада адасқан ауыл баласы - әрi нақты өмiрдегi құбылыстай, сонымен қатар ауылды өркениеттiң жатсырауындай!
“Көк үйшiкке жете бере көшенiң арғы бетiне көзi түстi де, кiлт тоқтады. Екi үйдiң ортасындағы жас теректер арасында екi шал арқалы ұзын орындыққа шалқая түсiп, әңгiмелесiп отыр. Қолдарында таяқ. Бергi шеттегiсiнiң шошайған қара сақалы мен дөңгелек көк тақиясына дейiн ап-анық көрiнедi. Атасының да дәл осындай қара сақалы мен көк тақиясы бар едi. Әлденеге жүрегi ысып жүре бердi. Күнi бойы iздегенiн ендi ғана тапқандай. Күнi бойы ешкiм түсiнбеген тiлiн осы шалдар ғана түсiнетiндей”.
Ауылдағы (бауырында өскен) атасын көргендей ындыны құрып ынтыға ұмтылған бала жүгiре жөнелiп, жолды кесе өтемiн деп машинаға қағылып қала жаздайды. Сәнтай алқына демiгiп “атай” дегенше болмай, көк тақиялы шал таяғын жерге тоқ-тоқ еткiзiп:
“- Ты че, слепой что-ли! - дедi қырылдап” .
Тағы да алдынан “ЧЕ?” - шыға келдi.
Осы сәттi жазушы былай жеткiзедi:
“Сәнтай сiлейдi де қалды. Шалдың қолындағы қара таяқ қапелiмде қақ маңдайына тигендей. “Атай-атай” дегiсi келдi демiгiп. Бiрақ дей алмады. Дей алмаған сөзi көмейiне кептелiп, өзегiн өртеп барады. Сосын жаутаң қағып жанындағы ши қалпаққа бұрылған. Ол тұздай шегiр көздерiн көк тақияға қадап “ау, өз тiлiңде бiрдеме сұрасай” дегендей болады. Сәнтай сәл дәмелене қалып едi, көк тақия қыртыс-қыртыс мойнын жерге iлмите созып, тамақ жырта қақырынып алды да:
-Из-за таких шалопаев не за что шофера страдают, - дедi.
Бұл жалт бұрылып жүре бердi. Жүрiп бара жатып өксiп-өксiп жылапжiбердi. Жылап бара жатып “имансыз!” дедi. Атасының сөзi аузына қайдан түскенi белгiсiз”. Марқұм Бейсекеңнiң де зарлап айтып отырғаны осы емес пе?! Ұрпағына алаңдар көк тақиялы, таяққа сүйенген, төрiнен көрi жақын ақсақалыңның түрi мiне осындай!
“Қара сақалды”, “көк тақияны” - этнодеталь ретiнде сәттi пайдаланған жазушы осы бiр сәттi қазақтың ұлтсыздану сиқын асқындыра бейнелейдi. Бұл - әрi бала үмiтiнiң үзiлуi.
Дәл осы сәттен жазушы қала мен ауыл сипатын салыстырып Сәнтай көзiмен бейнелей бастайды. Қалалықтар үшiн адам емес техника ардақты екен, қалалықтар үшiн бала емес жетектегi ит аяулы екен . . .
Бұл - бала кейiпкердiң қалаға, жай қалаға емес, орыстанған қалаға деген бала сенiмiн тас-талқан етiп, адамға, адамдарға деген түсiнiк тұнығын шайқап, ұғымын шайқалтып кететiн бiр сәт.
“Че?” - кейiпкер қатынас тiлi, әрекет сферасының кiлтi. Осы “Че?” (что?) орыстанған тасбауыр қаланың ауыл баласын жатсырауын көрсететiн көркемдiк деталь мiндетiн атқарады. Осы “Че?” Тасқаланың үлкен, кiшiсiнiң, қазақ-орысының бәрiнiң бiрдей аузынан шығуы, бiрiнiң аузына бiрi түкiрiп қойғандай-ақ бәрi бiрауыздан Сәнтай бала қазақ тiлiнде жөн сұрай бастағанда “Че?” -дейдi. Онысы дәп бiр қақ маңдайдан қойып кеп жiбергендей болады да шығады.
“Көп өтпей-ақ қолына сарғыш сандықша ұстаған ұзын бiр жiгiттiң қара бұйра шашы сонадайдан көзiне оттай басылды. Тура Омаш ағасы сияқты. Сол ағасын көргендей, бұл арсалаң қағып алдынан шыға келдi де:
- Ағай! - дедi оның қоңырқай көзiне тiк қарап. - Ағай осы маңнан шопырлар жатақханасын бiлесiз бе?
- Че? - дедi ол түк түсiнбегендей.
- Шопырлар жатақханасын бiлесiз бе деймiн?
- Не понимаю. Говори по русскому”.
Үлкеннен сұрады. Алған жауабы “ЧЕ?” Кiшiден сұрады. Берген жауабы “ЧЕ?”. Көк тақиялы шалдан сұрады. Естiгенi сол бiр “ЧЕ?”.
Бала үмiтiнiң үзiлуi - сенiмiнiң өлуi. Бұл - баланың орыстанған өркениеттi жатсырауы ғана емес, қазақ елiндегi әбден орныққан орыстiлдi өркениеттiң баланы жатсырауы болып қабылданады.
Сонымен, басына тақия кигенiмен жаны орыстанған қазақ шалы жөн сiлтеуден қалған, тазалықшы орыс кемпiр ит басқан көк шөптi бала басқанда баж етiп сыпыртқысын ала жүгiредi, ақырында ит қуған бала бетi ауған жағына безiп келе жатып бала бақша ауласындағы үйшiкке түнейдi. Ұйықтап кеткен. Таңазанда қаланың зиялы жас өркенi өспiрiмiн жетелеп балабақшаға әкеледi. Қазақтар. Осы сәттi жазушы былай суыртпақтайды:
“Сәнтай сыртқа шығып, саңырауқұлақ секiлдi дөңгелек қалқайманың астына келiп отырды. Аспан мөп-мөлдiр. Күн недәуiр көтерiлiп қалған. Желке тұсынан қоңыр салқын жел еседi. Рахат! Бұның алдында ағайлар мен апайлар балаларын жетектеп, бақшаға әкелiп жатыр. Әне, көк көйлектi бiр қазақ апай үш-төрт жасар ұлын үй бұрышына дейiн жеткiзiп салды да, өзi керi бұрылды. Бала аяғын санап басып, берi қарай тыпыңдап келедi. Қолында бiр тал бақбақ. Бақбақ басындай өзi де үлбiреп тұр. Қандай сүйкiмдi едi! Келе ғой . . .
- Балақай, мұнда келшi! Келе ғой . . .
Бала Сәнтайға жақындап келдi де, селтиiп тұрып қалды.
- Кел, кел берi. Қорықпа.
- Че? - дедi бала көзi жыпылықтап.
Сәнтайдың созған қолы сылқ етiп түсiп кеттi . . .
Iшi iрiп жүре бердi . . .
Ойына кешегi ағайлар мен апайлар оралды . . . ” [5, 593б. ] .
Оқиға осылай тосыннан аяқталады. Тасқаладағы тасбауыр адамдардан қол ұшын сұраған балаға орыс қариясы көмектеседі. Оқиғаның шешімі нақты айтылмайды, автор ары қарай қорытынды жасауды оқырманның өзіне қалдырған сияқты.
«Ақшоқы» әңгімесі. Шығарманың жазылу тарихы. «Ақшоқының» негізгі ойы «Ұрпағыңның табанын туған жердің топырағынан үзбе» дегенге саяды. Балаларын қазақша оқытқанына марқайып жүрген кейіпкер оқыту мен тәрбие беру екі бөлек шаруа екенін кеш түсінеді. Бұлай өкінуіне жаны қиналып, дегбірі қашқан шақта перзенттерінің шартты қамқорлықтан ары аса алмай, әкенің аңсарын дөп таба алмауы түрткі болады. Баларынан, өмір бойы отасқан жарынан таба алмаған жұбанышты, жерлес інісі Дүйсеннен табады. Оқиға желісі машһар алдындағы адамның жан дүниесін беруге негізделген. Өлер алдында оған туған балаларынан гөрі, туған жердің қадірін білетін бөгде танысының жақын болып көрінуі көп дүниені аңғартады. Баланы қазақша оқыту толықтай қаза етіп шығардым деген сөз емес. Ұрпағың өз тегінен ажырамас үшін қазақша тәрбие беру керек. Шығарманың негізгі айтайын деген ойы осы [6, 4б. ] .
Кейінгі жылдары тынысы жаңаша ашылып, Дидахметтің шығармашылығы шұрайлы өріске шыққандай болған. Бұрқ еткізіп классикалық үлгідегі үш әңгімені бірінен соң бірін жазып тастады. Ол әңгімелердің көтеріп тұрған әлеуметтік жүгі атан түйенің белін қайыстырғандай. Дидаштың өзі «романмен айта алмайтын шындықты бір ғана әңгімемен жеткізуге болады» деп жүруші еді. Әдебиет сыншылары «жазушы Әшімханұлы шығармашылықтың жаңа белесіне шығыпты» деп қуанысты. «Қазақ әдебиеті» газеті өз оқырмандарынан «сүйінші» сұрап, «Ақшоқы» әңгімесін бірінші беттен бастап жарқырата жариялап жіберді [1, 15б. ] .
Шығарманың тақырыбы: туған жер.
Шығарманың идеясы: адам өмірден өткенше өзінің кіндік қаны тамған жерін жан дүниесімен жақсы көріп, дүниенің қай бұрышында болса да, атамекенін аңсайтынын жеткізу.
Шығарманың фабуласы: науқасы әбден меңдеп, морфидің күшімен ғана тірі жүрген бас кейіпкер Оқас төсек тартып тұра алмай жатса да, өзінің туған мекені Ақшоқыны аңсайды. Ауылда өскен қызы Балжан әкесінің жағдайын жасап әлек, ал «сұрғылт асфальтте» ер жжеткен ұлының әкесімен мүлдем шаруасы жоқ. Ал Оқас соңғы кезде өмірдің бар қуанышы мен қызығынан, өзін қоршаған адамдардан әбден жеріп болды. Бәрі мұны мүсіркеп, алдап, жұбату сөздерін айтып жатқанмен, Оқас олардың көздерінен «өлім» деген бір ғана сөзді оқығандай болады. Оның жалғыз сырласқысы келетін адамы - өзінің жерлесі Дүйсен. Дүйсенмен ол қызық жағдайда танысады. Бір күні Дүйсен ауылға баратынын, егер қаласа оны да ала кететінін айтқанда, Оқас үйіне жөндеу жұмыстарын жасамын деп бармай қалады. Дәл сол күні сол аяғына бөрене құлап, бұл айықпас дертке ұшырайды. Оқас әлі күнге дейін сол кезде Дүйсенмен Ақшоқыға кетіп қалуым керек еді, мені туған жердің кепиеті атты деп санайды. Бір күні ол ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде аяқ астының бәрі сумаңдаған қара жылан дейді, әлгілер ирелеңдеп Ақшоқыны басып барады екен, білектей жуан біреуі кеп мұның сол аяғына оратылып барады екен, өзі болса тұншығып барады, әлдеқайдан Дүйсеннің «Аға, кейін қаш, Ақшоқы енді біздікі емес!» деген сөзін естіп, ұйқысынан шошып оянады. Кейін әйелі оның қалын білуге келгенде самбырлап сөйлеп жүріп, түк болмағандай шекараны екі жаққа бөлгенін, Ақшоқы орыстар жаққа қарап кеткенін айтады. Оқастың дәл түсінде көргеніндей, осы хабарды естіп ол көз жұмады. Жанарында жалғыз Ақшоқының суреті қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz