Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев білім және ғылым саласында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындайды:

- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне аса назар аударды;

- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті. Ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

- Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема - ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты, жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, балалардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми - теориялық білімі болу керектігін және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды [1] .

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір педагог Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи-физиологиялық, педагогикалық проблемеларына аса зор мән берген жөн.

Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Балалардың сапалы тәртібі мен пайымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу - тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты. Тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру. Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе ­ адамгершілік тәрбиені күшейту.

Қазақстан Республикасының “Ұлттық Энциклопедиясының” адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: “Адамгершілік адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы”, “Кісілік”, “Ізгілік”, “Имандылық” тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік бейнелерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық т. б [2] .

Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстан толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері балалардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы баланың ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.

Әдебиеттік оқу сабақтары арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық, практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәрбиенің басты ұстанымдарын - жалпы адамзаттың құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс.

Мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбиe процeсiндe бүгiнгi күннiң тaлaбынa сaй балаларды aдaмгeршiлiкке тәрбиелеудің бағыттарын жeтiлдiрудiң қaжeттiлiгi жәнe осы процeстiң мaзмұнын ғылыми тұрғыдaн нeгiздeудiң қaмтылмaуы, бұл мәсeлeнiң пeдaгогикa ғылымының зeрттeлмeуi aрaсындa қaрaмa-қaйшылықты aнықтaды. Осы қaйшылықтaрдың шeшiмiн тaбуғa ықпaл eтeтiн aдaмгeршiлiк тәрбиeсiнiң әдiстeрiн, формaлaрын iздeстiру, бiздiң зeрттeу жұмысымыздың проблeмaсын aйқындaйды.

Сонымeн, жоғaрыдaғы қaйшылықтaрдың шeшiмiн iздeстiру бiздiң зeрттeу мәселемізді aйқындaуғa жәнe зeрттeу тaқырыбымызды бiлiм бeру жүйeсiндe зaмaн тaлaбынa сaй мектепке дейінгі мекеменің бiлiм бeрудi жeтiлдiру жaғдaйындa балалардың aдaмгeршiлiк тәрбиесін қaлыптaстыру жолдaрына байланысты зерттеу тaқырыбымызды: « Ертегілер арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің заманауи жолдары » - дeп таңдауымызға нeгiз болды.

Зeрттeу мaқсaты: Мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің заманауи жолдарын анықтап, іc-тәжірибеге негіздеу.

Зeрттeу мiндeттeрi:

- Мектепке дейінгі жастағы балаларды ертегі арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің заманауи жолдарының ғылыми негіздерін анықтау:

- Мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің заманауи жолдары бойынша тәжірибелік эксперимент жұмыстарын айқындау.

Зeрттeу болжaмы: Егер мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың тиімді тәсілдері анықталса, онда бұл үрдіс бүгінгі тәлім-тәрбие жұмыстарының тиімділігіне септігін тигізеді, өйткені адамгершілігі қалыптасқан педагогикалық білімі терең және ой-өрісі кең жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.

Зерттеу тақырыбының зерттелінген деңгейі: Рухaни-aдaмгeршілік құндылықтaрдың мaңызыдылығы турaлы: Ә. Бөкeйхaнoв [3], A. Бaйтұрсынoв [4], М. Дулaтoв [5], М. Жұмaбaeв [6], Ж. Aймaуытoв [7], С. Сeйфуллин [8], М. Әуeзoв [9], С. Қoжaхмeтoв, [10] Т. Тәжібaeв [11] eңбeктeріндe бeрілгeн жәнe зaмaнaуи ғaлым-филoсoфтaрымыз Ғ. Eсім [12], М. Қoзыбaeв [13], A. Н. Нысaнбaeв [14], Г. Б. Нұрaдин [15], Ж. Мoлдaбeкoв [16] ), сoл сияқты жeтeкші пeдaгoг-ғaлымдaрымыз М. Ж. Жaдринa [17], Б. A. Әлмұхaнбeтoв [18] aшып көрсeткeн.

Зeрттeу нысaны: Мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу - тәрбие үрдісі.

Зeрттeу пәнi: Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық жолдары.

Зeрттeу әдiстeрi: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау жасау, пeдaгогикaлық бaқылaу түрлeрiн жүргiзу, пeдaгогикaлық экспeримeнт, Отaндық жәнe шeт eлдiк озaт ұстaздaр тәжiрибeсiн тaлдaу, сұрaқ-жaуaп, сaлыстыру әдiстeрi, адамгершілік тәрбиесін оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің әдістемесі және сауалнама, бақылау жүргізу, тескеру жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, қорыту.

Зeрттeу бaзaсы:

Дипломдық жұмысымның құрылымы : кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негізі, жетекші пікірі, зерттеу әдістері мен кезеңдері, практикалық мәні анықталып, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі көрсетілді.

«Балалардың психоэмоционалды күйін реттеуде ертегіні қолданудың маңызы» - атты бірінші тарауда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мәселелері және әдебиеттік оқу сабақтарындағы адамгершілік тәрбиесінің рөлі, адамгершілік тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі маңызы қарастырылады.

«Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы ертегінің рөлі» - атты екінші тарауда ертегілер арқылы адамгершілік тәрбиесін қолданудың жолдары, ертегілер арқылы адамгершілік тәрбиесін қолданудың әдіс-тәсілдері, жүргізілген іс-тәжірибелердің нәтижесі қарастырылған.

Зерттеу жұмысының қорытындысында ертегілер арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің заманауи жолдары қарастырылып, ұсыныстар берілді.

1 БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙІН РЕТТЕУДЕ ЕРТЕГІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани-адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау негізделуде. Қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне балалардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, анкета алу т. б. әдістер жатады.

Адамның бойындағы рухани құндылықтар оның жаратылысы мен бірге пайда болатынына көңіл аудармай, оны сырттан іздеп келеміз. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу тек тәрбие сағаттарында ғана емес, әдебиеттік оқу сабақтарында, сонымен қатар барлық пәндерде, үйірмелерде, қоғамдық орындарда басты назарда болып келеді. Адамгершілік қасиеттер үлкен мен кішінің шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Көзге көрінбейтін өте сезімтал, аса құнды қасиеттерді жүректен-жүрекке үзбей жеткізу тек тәлімгер, тәрбиешінің қолынан келеді. Сондықтан ұстаздар қауымының алдында үлкен жауапкершілікпен жүргізілетін міндеттер тұр. Педагог қауымы бала жанының бағбаны екені рас болса, сол адамгершілік қасиеттерді қалай дамытып, одан қандай нәтиже алып келеді деген сұрақтар туындайды. Ірі педагог Антон Семенович Макаренко жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.

А. С. Макаренконың «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» т. б. кітаптарында балаларды тәрбиелеудің педагогикалық талаптарын зерттеп, жинақтады. Бала тәрбиесінде мінез-құлқындағы ауытқулар кездесіп отырады. Қайта тәрбиелеу арқылы бала санасындағы және жүріс-тұрысындағы жеке кемшіліктерді жеңу үшін бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу қажет. Бұл қайта тәрбиелеудің А. С. Макаренко жасаған арнайы әдісі [19] .

Жалпы педагогикалық процестегі оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғалым-педагогтардың еңбектерінде өз кезеңдеріне сай мектепке дейінгі оқыту, таным, іс-әрекеттер, шығармашылық процесін жетілдіруде озық ойлы пікірлер айтқан.

Орыс педагогы Т. И. Петракова «Жасөспірімге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлеріне, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік саналар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыру, кішіпейілділік, әдептілік, т. б. қасиеттер қалыптастыру қажет», - деді. Оның көрсетуі бойынша адамгершіліктің басқа бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Тәрбиенің әдістері ретінде сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқытудың өзі тәрбиеге күшті әсер ететіндігін ескертті [20] .

Мектепке дейінгі мекеме табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршін, жүрегі таза, ниеті ақ, пейілі кең, пәк періште күйінде азамат қатарына қосылып кетіп жатыр ма? Егер тәрбиеші өзінің адам қалыптастырудағы міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр? Балабақшаға келген кезінде сондай сүйкімді, тіл алғыш, жүрегі таза, сенімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сол кезде мына бала қандай еді? Қалай өзгерді? Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп алды? Неге озбырлық жасауға бейім болып алды? - деген сұрақтар туындайды. Әрине, оның себептерін жан-жақтан іздеуге болады. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, адамгершілік қасиеттерінің дамуына үлес қосатын - тәрбиешілер. Тәрбиеші балаға оның өмірінің азық болар асыл қасиеттерімен, адамзаттың құндылықтарымен, біліммен қамтамасыз етеді.

Ал бүгінгі күнгі тәрбиешінің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік қасиеттерін бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіріп, оның бойындағы бар қасиеттерін дамыту.

Адамгершілік қасиеттерді өскелең ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші ертегілер арқылы халық ауыз әдебиетінің сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жан-жақты терең біліп, оларды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге борышты.

Әрбір жеке бала тәрбиешінің жан-жақты тануға бағыттаған зерттеу объектісіне айналуы қажет. Баланың сезімін оятып, шабытын ұштайтын, сөйтіп оны шығармашылыққа жетелейтін бірден-бір жол - болашақ жүрек түкпірінде жатқан асыл қасиеттерді жарыққа шығару. Ол оқу-тәрбие процессінде тәрбиеші мен баланың арасында үздіксіз, үнемі байланыста болатын сезім жібі арқылы ғана жүзеге асырылады.

Балалар күнделікті оқу-тәрбие процессінде, тікелей өмір тәжірибесінде «жақсы» мен «жаманды» байқайды. Оларды үлкендер тарапынан берілген баға меңгереді. Бұл меңгергендері балалардың күнделікті еңбек процессі үстінде жаттықтырылып, бекітіледі. Еңбек процесінде балалардың кішіпейілділік, тәртіптілік, үлкенді сыйлау, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттері өз заттарын сақтап, күтіп ұстауға, тазалық, дербестік сияқты мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу - өте күрделі, нәзік те, жауапты іс. Бұл жолда топ тәрбиешісінің мектепке дейінгі жастағы балаларды қалай тәрбиелеу керек? Олардың бойында адамгершілік қасиеттерді, Отанға деген сүйіспеншілікті, еңбек ете білуді, интернационализмді, қайырымдылық пен әділеттілік сезімін, сергектік, ымырасыздықты қалай тәрбиелеуге болады? - деген аса қиын сұрақтарға жауап беруге тура келеді.

Әрбір бала өмірінде, іс-әрекетінде кездесетін мораль категорияларын (жақсылық, жаманды, борыш, ұят, адалдық, әділеттік, қайырымдылық, абырой) терең ұғынуы қажет. Адамгершілік жөніндегі тәрбиелер, дұрыс іс-әрекеттер балалар бойында мінез-құлықтың дұрыс нормаларын қалыптастырудың маңызды алғы шарты болып табылады. В. А. Сухомлинский эстетикалық әңгімелерге мораль теориясын түсіндіру құралы ретінде аса зор мән берген болатын. Ол былай деп жазған: «Өзімнің жұмыс тәжірибемде біздің де мораль теориясын түсіндіруіміз қажет деген қорытындыға келдім. Мен іс-тәжірибемде моральдік тұрғыдағы осындай теориялық әңгімелердің конспектілерін жасап та алдым, осы бағыттағы өз жұмысымды біраз жетілдіруге уақыт та жұмсадым, мен және осындай мораль теориясының аса жақсы, үлкен нәтижелерін де көрдім».

В. А. Сухомлинский бүкіл педагогикалық қызметі кезінде сөзді аса маңызды педагогикалық құрал ретінде пайдалана білді. Ол балалардың рухани дамуының барлық кезеңдерінде де практикалық қызмет, саяси идеялармен және адамгершілік нормаларды түсіндіру ұштасып отыруға тиіс деген сенімде болды [21] .

Адамгершілік мағлұматтар мен түсініктерінің қалыптасу дәрежесі мектепке дейінгі ұйым балаларының адамгершілік даму дәрежесінің мәнді көрсеткіші болып табылады. Олар да қалыптастыру жөніндегі мақсатты түрдегі жұмыс тәрбиесіндегі маңызды міндет болып саналады. Ал оны шешу баланың ішкі мәдениетіне берік негіз жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселелердің заңдылықтарының негізгі ғылыми мәнін ашу үшін педагогика, психология ғылымдарында жинақталған зерттеу негізінде айқындалған төмендегі тұжырымдамаларға сүйенеміз:

1. Сезім 2. Сана

3. Сенім 4. Мінез-құлық дағдылары.

Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процесінде жетекшілік ролі өзгеріп тұруы әбден мүмкін. Себебі, ол отбасындағы тәрбиеге, жас ерекшелігіне, баланың бойындағы қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.

Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдері ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Адамгершілік тәрбие, сезім туралы ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтамалары бар.

Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - балалардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.

Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғашқы рет шешкен К. Маркс пен Ф. Энгельс. Олардың дәлелдеуінше, адамгершілік - қоғамдық дамудың жемісі, ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды, сондықтан таптық қоғамда адамгершілік те таптық сипатта болады. Сонымен қатар қоғам үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп жетілдіру қажет екендігін анықтады. Ол Маркс атап көрсеткендей: біріншіден, ақыл-ой тәрбиесі; екіншіден, дене шынықтыру тәрбиесі; үшіншіден, техникалық оқу - болып табылады. Сондай-ақ, адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін де келтіре кететін болсақ: адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері балалардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік құнды негізден ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Қоғамда адамның жеке басына қойылатын жалпы адамзаттық талаптарға байланысты адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері мыналар:

- адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді, көзқарасты тәрбиелеу;

- жас ұрпақтың Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне деген қарым-қатынасына бағытталған адамгершілік сезімді тәрбиелеу, дамыту;

- ізгілік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында мақсат-мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу[22] .

Сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас орнату. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу, келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психологиялық процестің түрі. Сезімнің түрлері көп. Мысалы, қуаныш пен қайғы, ашу, қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек көрушілік, абыржу, наздану т. б.

Сезімдердің бір тобы адамдарға күш-қуат, қажырлық тудырады. Мәселен: елжандылық, намыс сезімі, шынайы достық, махаббат, қуаныш, сенім сезімі, құмарлану сезімі, т. б. Ал екінші тобы керсінше адамның күш жігерін бәсеңдетіп, енжарлыққа, селқостыққа апарады. Оған қайғы, уайым, қорқу, қобалжу, абыржу, үмітсіздену, т. б. сезімдері жатады.

Адамгершілік сезімдерге ұнату мен ұнатпау, үйірсектік пен жатырқау, құрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рахымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік, т. б. жатады.

Адамгершілік сезімге тәрбиелеудің дәл, тіке жолдарын балаға айтып беру мүмкін емес. Мысалы: жолдастың немесе әдеби кейіпкердің ішінен қалай да біреуін таңдауың керек деп баланың алдына мақсат қоюға болмайды. Қажетті сезімді тудыру үшін соған сәйкес баланың сезім дүниесіне қатты әсер ететін жағдайлар жасалуы тиіс. Мысалы: туған табиғат туралы балабақша қабырғасында қаншама айтқанымен, оның сұлулығы мен ұлылығы балаларға әсер етуі мүмкін. Ал енді табиғатқа экскурсия жасаса, оның ең сәнді жерлерін тауып, фотосуретке түсіру, әңгіме құрастыру жайлы тапсырма берілсе, ұл балалардың табиғатқа ең нәзік сүйіспеншілік сезімін туғызар еді. Бұл жағдайда ізгі сезімдерді туғызып қана қоймайды, оның бекінуіне де жағдай жасайды.

Біздің ойымызша басқа адамдардың мінез-құлықтарын қабылдау, іс-әрекеттерін білу және оған сену барысында сезім пайда болады [23] .

Сана - объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің ең жоғары формасы. Психологтар жеке адамның бойындағы қасиеттерін зерттеген кезде мынадай қорытындыға келді: барлық қасиеттердің құрылысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен тұрады: сезім, сана, сенім, мінез-құлық дағдысы. Бірақ тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктерінің тәрбие беру процесінде жетекшілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Ол отбасындағы тәрбиеге, баланың жас ерекшелігіне, баланың бойында қалыптасқан қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланыста болады.

Адамгершілік сана - адамгершілік сенімді тудырады. Әдетте әдептілік сезім, сана, сенім, ұғымдарымен оны іс жүзінде асыру ұзақ процесс. Балабақша тәрбиесіндегі кейбір балалар күнделікті талапты жақсы білгенімен, оны қолдана алмайтыны белгілі.

Балалардың тілдік қорлары жетіспесе, олардың адамгершілік сезімдері мен саналарының дамуына әдебиеттік оқу сабақтарындағы мақал-мәтелдерді, аңыз-әңгімелерді, т. б. пайдалануға болады.

Сенім - әрбір іс-әрекеттегі, мінез-құлықтағы адамның бағыт-бағдарын, принциптілігін айқындайды. Алайда, күнделікті тәжірибеде сенім мен мінез-құлық және іс-әрекет арасында алшақтық кездесіп отырады. Бала адамгершілік, имандылық талаптарды, ережелерді түсініп, оған сенгендеріне қарамастан мінез-құлқында, адамдармен араласу барысында адамгершілікке жатпайтын теріс әрекеттер жасайтын жағдайларда кездеседі [24] .

Сондықтан, адамгершілік тәрбиесінде адамгершілік ереже, нормалар туралы түсінік ұғымдардың негізіндегі адамгершілік сезімінің алатын орны ерекше.

Қорыта келгенде, адамгершілік тәрбиесінің жүйесі тұтастай алғанда жоғарыдағы аталған сезім, сана, сенім және мінез-құлықтың пайдасы - адамгершілік әдет-дағды ұғымдарымен анықталады.

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде педагогикалық әдіс-тәсілдері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Адамгершілік тәрбиесінің жүрегі - жеке тұлғаның адамгершілік сезімдерін дамыту
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz