Ағаш ыдыстарда сақталған сүт


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТ
«Ауылшаруашылық және экология » кафедрасы
Канадбаева Динара
Сүтті өндіру санитариясы және гигиенасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
5В120200 - мамандығы «Ветеринариялық-санитария»
Орындаған: «Ветеринариялық-санитария» мамандығының 4-ші курс студенті Канадбаева Д.
Тексерген:б. ғ. к., аға оқытушы Бактыгалиева А. Т
Ақтөбе, 2020
Жоспары
Кіріспе . . . 3
1Әдебиетке шолу . . . 4
1. 1Ғалымдар тұжырымы . . . 4
2Негізгі бөлім . . . 6
2. 1Сүт туралы ветеринариялық мәлемет . . . 6
2. 2Сапалы сүт алудың санитарлық - гигиеналық шарттары және сүттi фермада сақтау . . . 9
2. 3Сүттiң санитариясы мен гигиенасының бұзылуы . . . 11
2. 4 Желiндi күту . . . 13
2. 5Ферма жұмысшыларының жеке гигиенасы . . . 17
2. 6Сүттi шаруашылықта алғашқы өңдеу (тазарту, салқындату, пастерлеу, сақтау) және тасымалдау . . . 18
2. 7Сүттi тасымалдау . . . 20
2. 8Мемлекеттiк стандарт бойынша дайындалатын сүтке қойылатын талаптар . . . 21
2. 9Кешендер мен арнаулы сүт шаруашылықтарында сүт дайындау технологиясы мен малдәрiгерлiк-санитариялық сараптау ерекшелiктерi . . . 22
2. 10Ауру малдың сүтiн малдәрiгерлiк санитарлық сараптау . . . 25
Қортынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Кіріспе
Сүт өнеркәсібі- агроөнеркәсіп кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табылады. Сүт өнеркәсібінің тиімді қалыптасуы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына және тұтынушылардың сүт өнімімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Сүт өнеркәсібі өнімі- кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі сүт өнімі түріндегі пайдалы нәтижесі.
Сүт - сүт қоректі жануарлардан алынатын, аса қасиетті тағам. Бұл тарауда сапалы сүт алудың жолдары, сүттің химиялық құрамы, тағамдық маңызы, санитариялық сараптау әдістері мен санитариялық бағалау мәселелері қарастырылады.
Сүт тағамдық маңызы жоғары, иммунологиялық және бактерицидтiк қасиеттерi мол, ұрғашы сүт қоректi жануарлардың сүт бездерiнде пайда болатын күрделi биологиялық сұйықтық. Ол жаңа туған нәресте мен ересек адамдар үшiн еш нәрсемен алмастыруға болмайтын бағалы тағам. Сүттiң құрамында адам организмi үшiн өте қажетті, ара-қатынастары теңгерiлген және өте сiңiмдi заттар (ақзат, май, көмірсу, минералды заттар, дәрумендер, ферменттер, гормондар т. б. ) мол. Сүт балалар, екiқабат немесе емшекте баласы бар әйелдер, сондай-ақ мосқал және ауру адамдардың тамақтануында ерекше орын алады.
Курстық жұмысымның мақсаты: Сүт өндіру санитариясы және гигие-насын білу.
Курстық жұмысымның міндеттері:
- Сүтті өндіру санитариясын меңгеру;
- Сүтті өндіру гигиенасын уйрену.
1Әдебиетке шолу
1. 1Ғалымдар тұжырымы
Қ. Ш. Нұрғазы мағлуматы бойынша сиыр фермаларында сапалы сүт алу үшін, оның санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай болуы қажет. Ал, сауыншылар, басқа да сүт өңдеуші жұмысшылар жеке-жеке гигиенаны дұрыс сақтауы қажет. Сүтті алғашқы өңдеу оны тазалаудан және суытудан басталады. Сүтті алғашқы өңдеу ГОСТ- тың талабына сай болуы қажет. Сүттің өңдеу температурасы 100°С кем болмау қажет. I сортты сүттің қышқылдығы 16-180 Т, ал тазалығы -бірінші топқа, редуктазасы - 1 класқа сай болуы қажет. II сортты сүттің қышқылдығы 16-200 Т, ал тазалығы бойынша екінші топқа, редуктазасы - 2 кластан төмен болмауы керек. I және II сортқа жататын сүттің тығыздығы (плотность) - 1, 027 кем болмауы қажет.
1847 ж. Блондо сүт қышқылын ашу процестерінде түзілу мүмкіндіктерін көрсетті. Сүт қышқылына Л. Пастердің ең алғашқы микробиологиялық еңбектері арналған. 1868ж. Шульце сүт қышқылды бактериялардың шарап зауыттарында қолданылатын ашытқылардан алуға болатынын дәлелдеді. Бірақ та таза сүт қышқылды бактериялар тек 1877ж. табылды. Сонда Листер streftococcus lacfis бактериясын бөліп алды. Сол кездерде Дельбрнек сүт қышқылды ашуға қолайлы температураны анықтауға тырысты. Ол, салыстырмалы түрдегі жоғарғы температура, сүт қышқылының түзілуіне мейілінше қолайлы деген тұжырымдама жасады. [3]
Ең алғашқы болып өнеркәсіп масштабтарында сүт қышқылын алған Эвери болды. Сол кездерде нан жабуға қолданатын ұнтақты даярлаудағы, қолданылатын шарап қышқылды кальцийді сүт қышқылды кальциге ауыстыруға талпыныстар жасады. Бұл талпыныстар нәтижесіз болғынымен, сүт қышқылының басқабағытта, яғни жаңа салалардағы қолдануы арта түсті. 1887ж. бастап сүт қышқылын, ашыту процестері арқылы өндіру қарпынды дымыды. Нәтижесінде сүт қышқылын өндіру, өнеркәсіптің негізгі саласына айнала бастады. Қазіргі кездегі сүт қышқылын өнеркәсіпте - жүгері қанты, меласса және сүт сүзбесі арқылы алады.
Әрбір шаруашылықтағы сүтті алғашқы рет өңдейтін сүт бөлмесі болуы тиіс, оның негізгі міндеті сүтті тазалау және суыту, сонымен қатар, түскен сүтті есепке алу және сатуға ар-налған сүтті есепке алу.
Машинамен сауатын операторлардың алдында көптеген жауапты істер бар. Оған: сапалы сүт алу және сауу аппаратын күту, тазалау және сиыр желінін бақылау. Сиырларды сауып біткеннен кейін, сауын аппаратын жылы сумен шаю қажет. [4]
Жаңа сауылған сүтте биологиялық ерекше заттар бар, оған лизоцим және лактонин жатады, олар зиянды микробтардың көбеюіне кедергі жарайды. Сүттің температурасы дұрыс жағдайда, жақсы заттардың әсері 2 сағатқа дейін сақталады, ал сүтті салқындатқан уақытта, оның жақсы қасиеті көпке созылады. Сондықтан сүтті сауып болысымен оларды салқындату қажет. Сүтті салқындатудың ең оңай жолы, сүті бар флягтарды, суық ағынды суларға қою, ал екінші жолы компрессорлық қондырғыларды пайдалану. Әрине, ең алғашқы жүмыс, сүтті әр түрлі қоқыстардан тазарту және тезірек суыту. Сүтті тазарту үшін, флягқа құяр алдында фильтрден өткізеді. Фильтрден өткізу үшін, марло және лавсанды пайдаланады.
Сиырларды машинамен сауған уақытында, сауын қондырғыларында сүтті тазалау автоматты түрде өтеді.
Сүт фермасында технологиялық жұмыстарды механикаландыру
Сүт өндіру фермаларында прогрессивті технологияны қол-данудың жолы, ол комплексті механикаландыруды пайдалана білу. Сүтті сиырларды байлап үстау уақытында сүтті өндіру үшін ең тиімді технология кешенді механикаландыруды қолдану. Оған: сумен қамтамасыз ету және автоматты түрде суару, сиырларды сауу, мал азығын дайындау және тарату, қиын та-зарту жатады.
Сумен қамтамасыз ету әр шаруашылықтың жеке ісі, жалпы су қүбырына қосу арқылы және басқа да түрлері бар. Сиырлардың сиыр қорасында жеке-жеке суаратын автосуарғышы болады [2] .
2Негізгі бөлім
2. 1Сүт туралы ветеринариялық мәлемет
Сүттiң микроорганизмдердiң өсiп-өнуiне кедергi жасайтын қабiлетiн - оның бактерицидтiк қасиетi немесе бактерицидтiк фазасы деп атайды. Бұл қасиет иммундық заттардың - опсониндердiң болуына байланысты. Сондықтан да, мұндай сүтте микробтар өсiп-өнбейдi, сүт бұзылмайды. Бактерицидтiк фазаның ұзақтығы сауылған сүттiң шапшаң және жақсы салқындатылуына, тазалығына байланысты. Сүт неғұрлым төмен температурада салқындатылса, ондай сүт бұзылмайды, ұзақ сақталады. Әр түрлi санитариялық жағдайда сауылып алынған сүттiң бактерицидтiк қасиеттерi де түрлiше болады. Ал, санитариялық талапты сақтап сауылған сүт, оны сақтамай сауып алған сүттен, екi есе артық уақыт сақталады. Таза сүттiң түсi ақ, немесе сары болып келедi. Түсiнiң өзгеруi оның бұзылғандығын көрсетедi. Сүт iшiне кейбiр микроорганизмдер түскенде, сиыр көк пигментi бар тоғай шөбiмен азықтанғанда, желiнсау немесе туберкулез ауруларында, сүтке су қосқанда, оның майын алғанда және сүттi қалайы ыдыста сақтағанда сүттiң түсi көкшiл тартады. Сары түс пигмент шығаратын микробтар түскенде, денеде iрiңдеген жара болғанда, желiннiң туберкулез ауруында, уыз араласқанда, сиыр зубровканы жегенде, немесе оны рауғаштан дайындалған дәрiмен емдегенде - сүттiң түсi өте сарғыш келедi. Желiн қатты қабынып, оның ұлпаларында жара болса, сүттiң түсi қан араласқандықтан қызғылт тартады. Сүттiң иiсi. Таза сүттiң өзiне тән сүйкiмдi иiсi болады. Сүтке iшек бактериялары араласқанда, ауызы ашық ыдысқа құйылған сүт мал қорасының iшiнде ұзақ уақыт қалғанда - сүттен аммиактың иiсi сезiледi. Сиыр азығының iшiнде қалыптағыдан көп орамжапырақ болса, сүтке iшек бактерияларының кейбiр түрлерi және сәулеленетiн микроорганизмдер түссе, ондай сүттен орамжапырақтың иiсi шығады. Креолин, скипидар, карбол қышқылы, қарамай, йодоформ және осылар сияқты иiстерi күштi дәрiлермен емделген сиырлардың сүтiнде айтылған дәрiлердiң иiсi сезiледi. Сүттiң майы ашығанда, одан сүт қышқылының иiсi шығады.
Ластанған сүттi салқын жерге қойғанда, одан ащытқы мен спирт иiсi шығады. Сүт пен балықты бiр бөлмеде сақтағанда, сүтке кейбiр микроорганизмдер түскенде, сиырды суармалы шабындыққа жайғанда, оны балық ұнымен азықтандырғанда, балдыр өскен судан суарғанда, сүттi темiр ыдыстың iшiнде сақтағанда - ондай сүттен балық иiсi шығады. Сүт iшiнде шiрiткiш бактериялар көбейгенде, сүт жағымсыз иiстi болады. Жаңа сауылған сүттi қақпағы тығыз жабылған ыдыста ұстаса, онда анаэроб бактериялары өседi, мұндай сүттен шiрiк иiсі шығады. Сүттiң консистенциясы бiр ыдыстан екiншi ыдысқа құйғанда анық байқалады. Жаңа сауылған сүт бiркелкi сұйықтау болады. Бiрақ та, сүт iшiнде сүт қышқылды бактерияларының кейбiр түрi шiрiткiш бактериялардың тiршiлiк әрекетiнiң нәтижесiнде, сүтке уыз араласса, желiнсау ауруының кейбiр түрлерi мен аусыл ауруында сүт тым қоюланып кетедi. Сүт қышқылы бактериялары мен iрiткi өндiретiн iшек бактерияларының сүт iшiнде өсуiнен, желiнсау ауруының қоздырушысы стрептококтың сүт iшiнде көптеп өсiп-өнуiнен сүт iрiткi болып кетедi. Сүт iшiнде iшек бактериялары, ашытқы және май қышқылды бактериялар өсiп-өнсе, ондай сүт көпiршiктенiп тұрады. Сиыр күйлеген кезде, сүтке су қосқанда, дұрыс қатпаған сүттi қайтадан ерiткенде сүт су сияқты сұйық көрiнедi.
Сүттің қүрамы мен сапасына әсер ететін факторлар:
а) сауылу кезеңi;
ә) малдың тұқымдық ерекшелiгi
б) жасы
в) азықтандыру дәрежесi
г) күтiмi,
ғ) сауу әдiсi
д) сауу жиiлiгi
е) сиыр денсаулығы болып табылады.
Сауылу кезеңi. Сиыр жылына орта есеппен 250-300 тәулiк сауылады. Осы уақыттың iшiнде сүттiң құрамы мен сапасы бiрнеше рет өзгередi. Әсiресе, сауудың бастапқы және соңғы кезеңiнде қатты өзгередi. Туғаннан кейiнгi алғашқы күндері (7-10 күн шамасы) сүтiн уыз деп атаса, суалар алдындағы 10-15 күн iшiндегi сүтiн «суалу сүтi» дейдi. Қалған уақытта сауылған сүт қалыпты сүт болып табылады.
Қалыпты сүт. Лактозаның мөлшерi бiр қалыпты қалады, ал кальций мен фосфор сауу кезеңiнiң соңғы айларында көбейедi. Сүттегi құрғақ зат мөлшерiнiң өзгеруi ондағы май мен ақзат мөлшерiнiң өзгеруiне байланысты. Бұл айтылған көрсеткiштер денi сау, жақсы азықтандырылып, тәуiр күтiмге қойылған сиырдың сүтiнде болады. Қысыр және басқа да себептермен суалтылатын сиыр сүтiнiң құрамы әдеттегiдей болады.
Суалтар алдындағы күндерi сауылған сүттi тексергенде, онда сүт майының, ақзатының, казеиннiң көбейгенi, ал лактоза мен қышқылдығының азайғаны көрiнедi. Мұндай сүттiң дәмi тұз татиды, оның технологиялық қасиетi өзгередi, яғни ол ұлтабар ферменттерiнiң әсерiнен ұю қабілеті төмендейді. Май түйiршiктерi ұсақталады. Сүт өте қоюланып кетедi. Осыған орай, мұндай сүтті сепатордан өткiзген кезде, майының көпшiлiгi көк сүтке кетедi. Оны тек бұзауға береді. Уызда сүтке қарағанда ақзат мөлшері 3-5 есе көп, оның ішінде 60-80 % сарысу ақзаттарға бай (негізіне иммуноглобулиндер) және минералды заттар ферменттер, гормондар, лизоцим, лактоферрин, лейкоциттер мол. Ал, лактаза аздау. Уыз қышқылыдығы 40%, тығыздығы 1037-1055 кг/м3. Уыз сары түсті, дәмі тұз татиды, қою.
Тұқымдық ерекшелiгi. Сүттiң құрамы мен сапасы сиыр тұқымымен тығыз байланысты. Елiмiзде өсiрiлетiн сауын сиырлар тұқымының көпшiлiгi майлы сүттi көп бередi. Мысалы, Лебедин сиыры жылына 6591 л сүт бередi, оның майлылығы орта есеппен 3, 7%, ал Горбатов қызыл сиырының жылдық сүтi мөлшерi (4576 л) бұдан сәл кем болғанымен, сүтi өте майлы келедi, тiптi 4% жетедi. Сүтінiң нәрлiлiгi жөнiнен бiрiншi орынды Кострома, Ярославль, Симменталь және Горбатов қызыл сиырлары алады. Ал, басқа сиыр тұқымдары сүтiнiң нәрлiлiгi одан кемiрек. Алатау сиыры сүтiнiң қышқылдығы жоғары, дала қызыл сиырында төмен болады.
Сүттi көп беретiн сиырдың сүтiнде (тұқымына қарамастан) лактозаның мөлшерi 5% жетедi. Сиыр тұқымына қарай, оның май түйiршiктерiнiң саны мен көлемiнде де кейбiр өзгешелiктер болады. Мысалы, симменталь, қырдың қызыл сиыры және кострома тұқымдарының майлы түйiршiктерi көп, ал қара ала сиыр мен лебедин сиырлары сүтiнде аз болады.
Жалпы сүтті тұқымды сиырларға қара-ала, Әулие ата, Латвияның қара аласы, Голланд, Аиршир, қырдың қызыл сиыры, ал сүтті-етті түқымдарға Кастрома, Симменталь, Швиц, Алатау сиырлары жатады.
Сиырдың жасы. Сиырдың сүтi мен оның майлылығы алты бұзаулағанға дейiн өсе бередi, содан соң төмендей бастайды. Бiрақ, жүргізілген зерттеулер жетi және 12 бұзаулаған сиырларды жақсы күтiмге алып, сапалы азықтандыру арқасында, олардың сүттiлiгi мен сүтiнiң майлылығы ешқандай кемiмегенін көрсетеді. Кейбiр сиырлар, өз өмiрiнде 100 мың кг артық сүт берген, ал «Краса» атты сиырдан 120 мың кг сүт сауылған. Демек, сиырды жасына қарап бағаламай, оның жеке ерекшелiктерiн ескеру керек.
Азықтандыру, күтiм. Сиырды әр түрлi құнарлы азықпен қамтамасыз етсе, ол тек сүттiлiгiн ғана арттырып қана қоймай, оның құрамы мен қасиетiн де жақсартады. Алынған сүт сапалы болып, бiркелкi ұзақ уақыт сақталады. Ал, сауын малын уақытымен азықтандырмаған жағдайда оның сүтi азайып, салмағы да төмендейдi. Демек, сүттiң майлылығы мен ақзаты кемидi.
Сиыр қораның температурасы мен ылғалдылығы бiр қалыпта, ауасы таза болуы керек. Демек, сиыр қора ылғалды болса, сиырдың сүтi, оның майлылығы кемидi. Сиыр қораның жылылығы 8-120С, ылғалдылығы 60-80%, тиiстi жарығы (жарық коэффицентi 1:10) және желдетілуі дұрыс болуы керек. Жазда сиырды әрдайым тоғытып тұрса, сүтiнiң майлылығы артады.
Серуендету. Сиырдың сүттiлiгiне оны серуендету үлкен әсер етедi, сондықтан да сауын сиырларды серуенге шығарып (1-2 сағат) тұрған дұрыс, мұндай жағдайда сиырдың сүттiлiгiмен қатар сүтiнiң майлылығы да молаяды.
Жыл мерзiмi. Сиыр сүтiнiң құрамы жыл бойына тұрақты болмайды, демек, көктемде сүтте құрғақ заттар аз болса, күзде көбейедi. Қыста сүттiң майлылығы - жаздағы мөлшерден молырақ болады. Лактоза жыл аяғында кемидi.
Сауу әдiсi. Сиырды сауудың әдiсi, оның жиiлiгi желiндi сүттен толық босату және желiндi қолмен сылау сиырдың сүттiлiгiне көп әсер етедi.
Сүттi төрт емшектен кезек-кезек сауғанша, бiрден төрт емшектен сауған тиiмдi, мұның өзi сиырды машинамен сауғанда желiндегi сүт түгел және таза алынады. Сауыншылардың еңбегi жеңiлдейдi, еңбектiң өнiмдiлiгi артады. Сауу жиiлiгi. Үлкен шаруашылықтарда сиырды 2 рет сауу жүргізіледі. Жаңа туған сиыр, бірінші бұзаулаған сиырлар 3 рет сауылады. Екі рет саууда да сүт толық алынады, алайда 3 рет сауылып жүрген сиырды 2 мезгілде саууға ауыстырғанда сүт мөлшері 5-7% кемиді.
Толық сауу. Сүттiң майлылығы, оның соңғы үлесiнде (порция) мол болады, демек, желiндегi сүттi толық сауып алса, оның майлылығы да көбейедi, сиырдың желiнi де ауруға шалдықпайды.
Сиырдың денсаулығы. Ол сиыр сүтiнiң мөлшерiне, оның құрамына әсер етедi. Әрине сүттiң түзiлуiне бүкiл организм қатысады, сондықтан да бiр ағзадағы сырқаттың сиырдың сүттiлігiне, оның құрамына және технологиялық қасиетiне елеулi әсер етедi.
Ауруға шалдыққан сиыр сүтiнiң құрамы мен қасиетi көбiнесе аурудың клиникалық белгiлерi бiлiнуден бұрын өзгередi. Мұндай жағдай желiнсау ауруы кезiнде орын алады. Өкпе туберкулезiне шалдыққан сиыр сүтiнiң қышқылдығы 7-140С-қа дейiн төмендейдi, сүттiң майлылығы бастапқыда өскенмен кейiн төмендейдi.
Аусылмен ауырған сиыр сүтi алғашқы 5-7 күнде 40% кемидi, ал сүттiң майлылығы 70-75% дейiн көтерiледi. Мұндай сиырдың сүтiнде ақзат, кальций мен фосфордың мөлшерi көбейедi, олардың ара-қатынастары бұзылады. Ауру сиыр сүтiнiң технологиялық қасиетi елеулi өзгерiске ұшырайды, сондықтан, ондай сүттi сау малдың сүтiмен араластыруға болмайды. Сауын сиырларды емдеу, егу, қан алу тәрізді жұмыстар жүргізілгенде сиырдың сүттiлiгi 15-20% дейін кемидi.
2. 2Сапалы сүт алудың санитарлық - гигиеналық шарттары және сүттi фермада сақтау
Сүт фермасы аумағында тиiстi санитарлық жағдай жасап, оны сақтау үшiн ферманың тазалығына және ойдағыдай жабдықталуына әрдайым көңiл аудару керек. Сиыр қораларының су құбырлары және желдеткiш жүйелерi дұрыс жұмыс iстемесе немесе тiптен iстен шыққан жағдайда, қора iшiнде жиналған зиянды газдар малдың денсаулығына зиянын тигiзiп қана қоймай, сүттiң сапасына да үлкен әсер етедi. Жағымсыз иiстер сүтке сiңедi. Сиыр тұратын ашық аула жаңбыр жауғанда, қар ерiгенде ластанып кетпеуi үшiн тас төсейдi немесе асфальттайды. Өйтпесе, тәулiгiне 9-15 сағаттай жатып, дем алатын сиырдын желiнi аула iшiндегi нәжіспен ластанады. Ал, көңнiң 1г орта есеппен 50 млрд бактерия кездеседi, яғни сиыр көңiнiң 14-18% бактериялардан құралады. Бiр жылдың iшiнде бiр сиыр 4, 5-7 т нәжіс шығаратынын ескерсек, сүттiң бактериялармен ластануына тигiзетiн әсерiн түсiнуге болады. Көң iшiнде шiрiткiш және ыстыққа шыдамды бактериялардың көптеген түрлерi кездеседi. Бұлармен қатар, жұқпалы аурулардың (қылау, туберкулез, бруцеллез) қоздырушылары да өсiп-өнедi. Мiне, қораны мал көңiнен тазартып тұру қажеттiгi осыдан шығады. Сондықтан, көңдi бiр жерге жинап, биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады. Қолда тұрған малдың төсемелерiн күн сайын айырбастайды.
Сиыр фермасында айына екi рет санитарлық күн белгiлеудiң пайдасы көп. Бұның өзi ферманы жөнге салып, сүттiң тазалығын арттыруға жағдай жасайды. Сондықтан да, бұл жұмысты үлкен жауапкершiлiкпен ұйымдастыру қажет. Ол үшiн, қиды таситын көлiктер, дезинфекциялык заттар, қажетті құрал-саймандар алдын-ала дайындалады, қорадағы ақаулар дер кезінде жөндеуден өткізіліп тұруы тиіс.
Санитарлық күнi малдың үстiн тазалайды, қораны жуады, көңнен тазартады, қора қабырғаларының ластанған жерін әкпен ақтайды, терезелерiн жуады, оттық пен автоматты науаны тазартады. Әсiресе, сиыр сауылатын және сүт сақталатын орындарды жуып, тазартады. Қораның аумағын тазартады. Дәретхананы әктейдi.
Мал қораларын дезинфекциялар алдында, iшкi жағынан сумен шаяды, бұл химиялық заттардың микробтарға әсерiн күшейтедi. Дезинфекциялық химиялық ерітінділерді ыстық күйiнде қолданған тиiмдi. Тек, хлорлы әк қана салқын күйiнде колданады. Дезинфециялық заттар белгiлi мөлшерде шашылады.
Сауын сиыр қораларын өткiр иiстi (карболка, креозол) т. б. препараттарымен дезинфекцияламайды, өйткені олардын иiстерi сүтке сiңедi. Аммиак газы көп жиналған қораларды формалинмен дезинфекциялауға болмайды, ал хлорлы әк аммиак пен күкiрт иiстерiн жояды.
Сиыр қораларын тазартуда көбiнесе кальциленген сода және күл сiлтiсiнiң 5% ерiтiндiлерiмен өңдейді. Сиыр сауатын, сүт сақтайтын жердi 2% белсенді хлоры бар хлорлы әктiң мөлдiр ерiтiндiсiмен немесе натрий гипохлоридiмен залалсыздандырады.
Хлорлы әк адамның тыныс жолдарын, терiсiн, көзiн тiтiркендiредi, тiсiне зақым келтiредi. Сондықтан да, арнаулы жұмыс киiмдерiн, көзілдірік, респиратор т. б. пайдаланады. Сиырды, фермадағы тәртiп бойынша белгiлi бiр мезгiлде сауады. Сауыншылар мен машинамен сауатын операторлар сиырдың желінiн тазалар алдында қолдарын жылы сумен сабындап жуады, таза орамалмен сүртедi, сонан-соң таза комбинезон немесе халат киiп, бастарына үшкiр орамал тағады. Пистолет шашыратқыш немесе шелектегі арнайы ерітіндімен сиырдың желiнiн жуады. Шелектегi суды әр малдан кейiн ауыстырады. Желiндi жеке салфеткамен кептiредi. Құрғаған желiндi уқалайды. Желiнсаудың белгiсi бар сиырды анықтау үшiн, жалпы сүтке микробтар көп түспес үшiн, сауу стакандарын кигiзер алдында әр емшектен сүттiң алғашқы бiрнеше тамшыларын сауып алады да жояды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz