Фонетиканы оқытудың әдіс - тәсілдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі
пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Фонетиканы оқытуда қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер

Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В020500
Күндізгі

Орындаған: __________________ Шаймерденова Б.А.
Тексерген: ___________________ Курманова А.К.
Бағасы: ______________________

Көкшетау, 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдері 4
1.2 Интерактивті әдістер - өмірлік дағдыны қалыптастырудың тетігі 7
1.3 Фонетиканы оқытудың инновациялық негізі 14
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тілі фонетикасын инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы оқытудың тиімділігін анықтау, инновациялық технологиялар арқылы дыбыс жүйесін меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдер, жаттығулар жүйесін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- қазақ тілі фонетикасын оқытудың ұстанымдары мен әдіс-тәсілдерін айқындау;
- фонетиканы жаңаша тәсілдер арқылы меңгертудің ұтымды жолдарын анықтау;
- фонетиканы жаңаша оқытудың тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мектептерді мүмкіндігінше толық компьютерлендіру міндетін білім беру саласының басты мақсатының бірі деп көрсетті [1]. Бұл мәселе Елбасының 2006 жылдың наурыз айындағы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында білім беру саласының болашағы үшін маңызды фактор ретінде белгіленді [2].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологиялармен қамтамасыз етілуі міндеттелген [3].
Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде жалпы білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи педагогикалық технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол себепті инновациялық технологияларды педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу, іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үдерісінде қолдану, пайдалану өзекті мәселе болып табылады.

1.1 Фонетиканы оқытудың жаңа тәсілдері
Қазіргі уақытта төмендегідей жаңаша әдістерді қолдану тиімді болмақ: ассоциация, деформация, салғастыру, сәйкестендіру, модельдеу, топтастыру, қатысымдық, тест, көрнекілік.
Ассоциация әдісі - сыртқы дүниенің әсерінен ойда жаңа ұғым пайда болып, санада сәйкес, ұқсас бейнелер елесін туғызады.
Деформация әдісі - түрі өзгертілген тапсырмаларды дұрыс қалыпқа келтіру.
Салғастыру әдісі - біртектес немесе өзара ұқсас ұғымдарды бір-бірімен салыстыру. Мысалы, кестедегі сөйлемдерді оқыңыз, салыстырыңыз, анализ жасап, ой қорытыңыз.
Сәйкестендіру әдісі - сырт тұлғасы біртектес ұғымдарды бір-бірімен теңестіру.
Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесінде тілді қатысымдық бағытта үйрету, яғни қазақ тілінің әлеуметтік рөлін, аясын кеңейтуді осы бағытта жүзеге асыру қажеттігі маңызды саналады. Сондықтан қатысым әдісінің ерекшеліктері мен тілді меңгертудегі мәні мен алатын орнын ажыратып, айқындау - қазіргі көкейтесті мәселенің бірі болып табылады. Сол себепті п.ғ.д., проф. Ф.Ш.Оразбаева тілді қатысымдық әдісі арқылы оқытуды ұсынады.
Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі. Ол оқушының жазбаша тілін дамытуда жүргізілетін әдістермен байланысты. Әдістің бұл түрі оқушы сөйлесім әрекетінің барлық түріне жаттықтырылады. Қазақ тілін үйретуде қатысымдық әдісті пайдаланудың ең тиімді жолы - оның тіке байланысқа негізделіп, адам мен адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында.
Ситуациялық әдіс - нақты жағдайдағы алынған мақсатты шешу жолында белгілі басқа әдістердің ешқайсысы тез және тиімді шешу мүмкіндігін бере алмаған кезде қолданылатын аралас әдістердің жиынтығы. Сондықтан да бұл әдіс шығармашылық, қалыптан тыс деп аталады. Берілген әдісті таңдау және қолдану кезінде басты рөлді ситуация (жағдай) атқарады. Бұл әдіс белгіленген мақсатқа жету үшін жағдайдан тыс шешімдерді қабылдауға, дәстүрден тыс жолдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Оқытушы бұл шешімдерден туындайтын ойластырылған себеп-салдарды алдын-ала көре білуі қажет. Себебі бұл әдіс оқытушының өзіндік шығармасы, шығармашылық қолтаңбасы, педагогикалық үдеріске сүйенген өзіндік көзқарасы мен түсінігі болып табылады.
Инсценизация әдісін түрлі формада, мысалы, алдын ала дайындалған диалог, нақты тақырыпқа арналған дискуссия, театрланған көрініс формасында пайдалануға болады.
Дискуссиялық оқыту әдісі батыс елдерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нәтижесін көрсеткен.
Әдістің мәні, тиімділігі нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда байқалады. Дискуссияның көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, көзқарасын дәлелдей алады. Оқыту үдерісінде дискуссияның негізгі атқаратын қызметі - танымдық қызығушылықты арттыру болып табылады. Ал қосымша қызметі - оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы-бақылау.
Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мазмұнын толықтырып, оны тиянақтауға және бекітуге көмектеседі. Оқытушы нақты бір білім жүйесі бойынша терең ақпарат алуына, оқушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай дамытуына бағыт береді.
Қазіргі кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің әр түрлі амал-тәсілдері өңделген. Оқу жұмысының жеке, ұжымдық, топтық түрлерімен бірге миға шабуыл әдісі, жоба әдісі тәжірибеге ендірілуде.
Тест әдісі - оқушылардың білімін байқау, жалпы сыныптың білімін бағалау, білім сапасы мен ой-өрісін арттыру, өтілген материалдар бойынша білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында қолданылады. Тест - ағылшын сөзі, сараптау, тексеру, сынама, байқау деген мағынаны білдіреді. Оны 1890 жылы американ психологы Джордж Кеттел ғылыми айналымға енгізген. Ақпаратты қысқарту, кеңейтіп жазу, өңдеу сияқты жазбаша жұмыстар мынандай тест түрлерін құрайды: тест-диктант (В.Коккота), прагматикалы тест, клоуз-тест (Х.Эббингхауном), аудиоклоуз-тест, тест-реферат, тест-жоспар, тест-шығарма, тест-рецензия, редакциялау тест, тест-көшіру, тест-перифраза, тест-прогноз.
Тест-диктант қалыпты дауыспен оқылып, белгілі бір жерлерде пауза жасалып тестіленушілер естіген сегменттерін жазатын, жазғандарын тексеріп, қателерін түзеу үшін алынатын бақылаудың бір түрі.
Прагматикалы тест шынайы өмірде вокзалдағы хабарландырулар, ғылыми дискуссиялар, кабинеттегі телефонмен әңгіме, яғни шу ішінде қажеттіні толық естімей қалу мүмкіндігін тексеруге арналған тест түрі.
Клоуз-тест тапсырманы орындау барысында сөйлемде немесе аудиомәтіндегі жетпеген элементті толтыруға арналған тест түрі.
Аудиоклоуз-тест қайта оқу барысында қалдырылып кеткен сөздерді қалпына келтіруге арналған тест түрі.
Тест-реферат кәсіби бағытты тестілеуде жиі қолданылатын, қатысым саласын оқыту барысында тілді меңгеру деңгейін анықтайтын бақылаудың түрі.
Тест-жоспар тестіленушінің мәтіннен негізгі ақпаратты бөле, ажырата алатын біліктілігін тексеретін бақылаудың бір түрі.
Тест-шығарма әр түрлі функционалдық бағытты қамтитын шығармашылық бақылаудың бір түрі.
Тест-рецензия жазбаша сөйлеу-біліктіліктің жоғары деңгейін, қазақ тілін шығармашылықты меңгеруін тексеретін бақылаудың бір түрі.
Редакциялау тест сөзді, сөйлемді тексеру, жеке түзетумен, қате немесе артық сөзді, сондай-ақ сөздің мазмұнына келмейтін сөздерді алып тастау, сөздердің орын тәртібін реттеу, ретсіз синтаксистік конструкцияларды дұрыстау, логикалық қателерді жөндеу сияқты жұмыс түрлерін реттейтін тест түрі.
Тест-көшіру мұнда күрделенген көшіру қолданылады, яғни коммуникативтік-сөйлеу бағыты бар.
Тест-перифраз берілген мәтінді, сөйлемді, сөзді басқа сөздермен жеткізе алу біліктілігін тексеру түрі.
Тест-прогноз тақырып, тақырыпшалармен, сондай-ақ вербалды емес құралдарға - картина, кесте, график, диаграммаға негізделген тест түрі.
Жоғарыда айтылған мәселелерді түйіндесек:
Ереже, анықтама шығару қызметіне қарай қолданылатын әдістер
жиынтығы: анализ-синтез; индукция-дедукция әдістері.
Тілдік тақырыптардың өзіндік ерекшеліктері мен белгілерін
саралайтын әдіс - салыстыру әдісі.
Өтілетін тілдік материалдың ғылыми заңдылығы мен өзіндік белгілерін
нақтылы дәлелдер келтіре отырып, өзі айтып түсіндіру және оқушылардың өздеріне баяндатып айтқызу жолымен білім беретін әдіс - баяндау әдісі.
Үйретілген материалды мұғалім өзі ғана айтып түсіндірмей, сұрақ-
жауап тәсілдері арқылы әңгімелесе отырып, сол арқылы оларды білім алуға баулитын әдістің түрі - әңгімелесу әдісі.
Білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында
қолданылатын, алған білімдерін практикада қолдануға машықтандыратын әдістің түрі - жаттығу әдісі.
Берілген тіл материалдары оқушыларға түсінікті болып, одан сапалы
білім алу үшін және өтілетін материалдарды тиянақты қабылдап, оның ғылыми-практикалық негізін дұрыс түсіну үшін әрі зейінін, ұзақ мерзімде есте сақтау қабілетін дамытатын әдістің түрі - көрнекілік әдісі.
Десек те, еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Ал оқытудың нәтижелі болуының түп қазығы - алға қойылған мақсаттың жүзеге асуы. Ол әрине ұстаздарға байланысты. Мұғалім қандай тақырыпты өтсе де, ең алдымен оның мақсатын анықтауы қажет. Себебі оқылатын оқу матералын баяндауда, оның негізгі идеясын ашуда, оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтауда, қажетті қосымша материалды анықтап алмай, оның мақсатын белгілей алмайсың. Оны іс жүзіне асыру үшін әдіс-тәсілдер керек. Сондықтан ұстаздар қауымы оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Сонда ғана біз келешектен үміт үзбейтін, болашақтан зор үміт күтетін, Азия барысына айналамыз әрі еккен дәніміз келешекте өз жемісін береді деп сенеміз.

1.2Интерактивті әдістер - өмірлік дағдыны қалыптастырудың тетігі
Интерактивті әдістерге көшпес бұрын әдіс (метод) ұғымына тоқталған жөн болар. Негізінен әдіс ұғымы алғаш грек тілінен алынған, оның әуелгі ұғымы metodos зерттеу деген мағынада жұмсалған. Кейін сол бұрынғы тар мағынасында қалмай, белгілі бір шындықты танудың немесе белгілі бір пәнді оқытып зерттеудің амалдары деген ұғымды білдірген. Қазіргі кезде әдіс сол тұрғыда түсіндіріледі. Десек те әдіс ұғымына байланысты әр түрлі анықтама және көзқарастың бар екені байқалды. Мысалы, Д.Н.Ушаковтың сөздігінде: Әдіс - бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы, тәсілі, - делінсе, Ғ.Қалиевтың Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде: Әдіс - тілді зерттеуде пайдаланатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Әдіс жалпы және жеке түрге бөлінеді. Жалпы әдіс тілдің теориялық қағидаларымен және методологиямен байланысты зерттеу әдістемелері мен тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Мысалы: сипат, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, математикалық әдістер. Жеке әдістер теориялық қағидалар негізінде тілдің белгілі бір жаты жағын зерттеуде қолданылатын техникалық құрал іспеттес тәсіл. Мысалы: компонентті талдау, трансформациялық талдау деп көрсетіледі [4, 45].
Ал Педагогикалық сөздіктің бірінші томында Методы обучения - способы передачи учителем и усвоения учащимися знаний, умений и навыков, развития познавательных сил учащихся, формирования их мировозрения и подготовки подрастающих поколений к жизни, - деп анықталса [5, 100], қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің бірінші томында әдіске екі түрлі түсінік беріледі. Бірі - әдіс - адам баласы қызметінің белгілі салаларында қолданылатын әр түрлі амал, тәсіл, айла, екіншісі - әдіс - қоғам өмірі мен табиғат құбылыстарын зерттеудің, танып білудің методы, жолы [6, 97].
Бұл мәселеде әдіс деп кім нені белгілейді, қандай өлшемді таниды деген бір жүйеге түскен ортақ көзқарастың керектігі анықталды. Өйткені әдіс деген сөздің білдіретін нақтылы мәнін, мазмұнын айқындап алмасақ, ол кейде тәсілмен, кейде амалмен, араласып, бірінің орнына бірі жұмсалып, әр түрлі мәселелер өздеріне тиісті атаулармен бірыңғай айтылудың орнына, біресе әдіс деп, біресе тәсіл деп айтылып, түрленіп қолданылып келеді. Бұлар әдістеме іліміндегі негізгі ұғымдар болғандықтан, олардың ғылымдағы негізгі мәні айқын болғаны дұрыс, себебі ол әдістеме түсініктердің қалыптасуына да әсер етеді. Мұның өзі бұл сөздердің әрқайсысына ортақ өзіндік белгілерді тануда қиындық туғызады және олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтауға мүмкіндік бермейді. Міне сөздіктерде берілген анықтамалардың бір парасы осындай.
Ғалым Ф.Оразбаева: Әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Сондықтан да ол оқытудың шарттарына тәуелді болмайды. Әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең негізгі идея болады. Басты идея методологиялық роль атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық мәселелердің басын біріктіреді, - дейді [7, 8-9]. Ойымызды жинақтай келе, әдіс - жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін мақсат, мазмұн, форма, оқыту әдісінің құралдары көрсетеді. Әдіс кең мағынада субъект әрекетінің кез-келген формадағы тәсілі, бір нәрсеге жетудің жолы деп анықталады. Кез-келген ғылыми әдіс оның қажетті алғышарттары ретінде қарастырылады.
Әдіс дегеніміз - оқытушы жүргізетін іс-әрекеттің жинақталған жүйесі. Осы тұрғыдан келгенде, әдістің негізі оқушы мен оқытушының қарым-қатынасындағы әрекеттерге келіп тіреледі. Қандай болмасын әдістің бәріне ортақ тән қасиет - тәжірибе арқылы жүзеге асу. Әдіске қатысты негізгі ерекшеліктер жіктеліп, бөлінуі тиіс. Өйткені ғылым дамыған сайын жаңа әдістер пайда болып, өз-өзінен қалыптасып келеді.
Сөздіктерде берілген анықтамалар мен ғалымдардың ой-түйіндерін қорытындылайтын болсақ, әдіс - бұл білім берудің жолы, амалы, айласы, тәсілі деп түсінуіміз керек. Ал кез келген шығармашыл мұғалімнің оны жүзеге асыра отырып, жаңа әдіс тауып, нәтижеге жетуі өзіне байланысты. Оқушылардың білімді қабылдап, қызығушылығы оянып жатса, мұғалім іздеп тапқан әдіс жүзеге асып, көптеген адамдардың игілігіне жарауы мүмкін. Сондықтан бүгінгі егемен еліміздің тіл мамандарына қойылып отырған талабы айқын екендігі күмәнсыз. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі оқыту үрдісі жаңа интерактивті әдістерді оқытуда пайдаланудың өзекті екендігін танытады. Бұл ретте интерактивті терминнің мағынасын ашу көзделеді. Интерактив ағылшын сөзі interact - өзара, act - іс-әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті әңгімелесу компьютермен, адаммен диалогта өзара әрекеттесе білу деген ұғымға сайып келеді. Интерактивті оқыту дегеніміздің өзі, біздіңше, белсенділікпен жұмыс жүргізу, іс-әрекетті жүзеге асыру деген түсінікті білдіреді. Демек, интерактивті әдістер жүйесі оқу үрдісінде жасалатын қызметтердің рет-ретімен іске асуының негізіндегі қажет ақпараттың жиналуы мен өңделуі және сол ақпаратты қолданушының атқаратын қызметі мен сол ақпарат жайында жасалатын операциялар. Бұл жерде В.П.Беспальконың оқу үдерісін тұлғаның жеке тәжірибесі және танымдық күшінің қалыптастырылуындағы қызмет және басқару деп танылу пікірін қолдамақпыз. Өйткені интерактивті әдістің мәні білім беруші мен білім алушының арасындағы оқу үдерісі кезіндегі үзіліссіз байланыстар мен нәтижеге бірдей жету болып табылады. Осыған байланысты дидактикалық басқару өзін-өзі басқаруға ауысады. Қазіргі білім беруде оқыту әдістерінің негізінен субъект-субъектілік қатынасқа негізделіп жасалып, оқыту үдерісінің өзі білім алушыны белгілі бір қызметке үйрету, дағдыландыру сияқты оқу әрекеттерін игертуге бағытталып отыр. Аталмыш сипатқа интерактивті оқыту әдістері ие екендігі күмәнсіз.
Сондықтан интерактивті әдістер жүйесінің негізі оқытудағы субъект-субъектілік қатынас құрып, мақсатқа бірге жету. Ал интерактивтіліктің негізгі сипаттамасына келетін болсақ, интерактивті оқытудың негізі - танымдық қызметті ұйымдастыру формасы болып табылады. Ал интерактивті әдістің негізгі мақсаты - оқыту үдерісіндегі оқытушы мен оқушының оқу мақсатына өзара әрекеттесе отырып жетудегі тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Интерактивті әдістің мәні оқу үрдісінде қолданылатын әдістер жүйесі білім алушының танымдық қызметке тартылып, оқу материалын түсініп, өздерінің білген түйсінгендерін рефлексиялатындай мүмкіншілігі болады [8, 4].
Танымдық үдеріс және оқу материалын игеру кезіндегі оқушылардың бірге жұмыс істеуі, олардың осы үдеріске жеке ерекше үлес қосатынын білдіреді және ақпарат алмасу, білім алмасу үдерісі үзіліссіз екі жақты байланыс арқылы жүріп отырады. Бұл үдерістің барлығы оқушылардың қызығушылығы, мүдделілігі, бірін-бірі қолдауы арқылы жүріп, білім алушылар жаңа білім алуына ғана емес, сонымен қатар танымдық қызметті дамыту арқылы оқу үдерісі кезінде кооперациялану және ынтымақтастықта жұмыс істеуді үйретеді. Сонымен қатар дискуссиялар барысында балама пікірлерді таңдап айту дағдыларын қалыптастырады. Мұндай жағдайлар үшін сабақта жеке, жұптық және топтық жұмыстар жүргізіледі, зерттеу жобаларын жасау, рөлдік ойындар ойнату, түрлі ақпараттар мен құжаттар көзімен жұмыс істеліп, шығармашылық жұмыстар жасалады. Бүгінгі ақпараттық ағын кезеңіндегі оқушы үшін мұғалімнің айтатын жаңалығы ерекше әсер ететіндей болуы тиіс және де ол жаңалығы білім мазмұнына, өтіліп отырған тақырыпқа сәйкес, оқушының белгілі бір деңгейде қызығушылығын тудыруы қажет. Ал сол оқушының бойында туындаған қызығушылық тек қана сабақ үстінде қалып қоймас үшін, мұғалім берілген ақпараттың есте қалуын, оқушының өзінің жеке кезеңдеріне пайдалана білуін қамтамасыз ететіндей әдіс-тәсілдерді игергені жөн деп көрсетеді жоғары мектеп дидактикасы мәселесімен айналысушылар. Осындай тиімді кері байланысты толықтай қамтамасыз ететін, нәтиженің көрнекілігіне әсер ететін әдістер интерактивті оқыту үдерісінде пайдаланылатын интерактивті әдістер жүйесі болып табылады. Енді интерактивті әдістер жүйесінің жоғарыда айтып өткендей, адамның сыртқыны ішкі психикалық жоспарға айналдыруына тікелей әсер етуші әдістерді де тани отырып, оның тілді оқытудағы механизмдеріне және оның жалпы табиғатына үңіліп қарап көрейік. Тілді интерактивті оқыту мәселелері бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады. Өйткені қазіргі кезде тек қана тілді емес, жалпы білімді игерту мен меңгертуде аталмыш технология кең қолданылуда. Осыған байланысты, біріншіден, интерактивті оқыту туралы ұғым, оның басымдылықтары, формасы туралы бірер сөз айтып кетелік.
Интерактивті оқыту - білім алушының ішкі өзін-өзі дамыту механизмдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, сонымен қоса білім беру үдерісінде оқу сапасын арттыратын және өз бетінше жұмыс істеуде ағымдық бақылауды қамтамасыз ететін, формалары қолданылатын мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді, үнемі болатын өзара әрекеттесу. Интерактивті оқыту білім алушылар тарапынан топішілік және топаралық белсенділікті және де қызметтіқ бағыттылығын талап етеді. Осыған байланысты интерактивті оқыту үрдісінде білім алушылардың белсенділігі негізгі топпен көрінеді.
1- кесте
Интерактивті оқыту үрдісіндегі белсенділіктің түрлері:

Жоғарыдағы 1-кестеде ұсынылған белсенділік түрлері оқытудың айрықша белгісі нақты тәжірибені қолдану болып табылады. Сондықтан да ол табиғи үйретудің мінез-құлық психологиясы бойынша бастапқы нүктесі болып табылады.
Осыған байланысты интерактивті оқытудың айрықша белгілерін атап көрсетуге болады:
- белсенділік (физикалық, әлеуметтік, танымдық);
- ынталылық (қызметтің бағыттылығы);
- тәжірибемен өзара әрекеттесу;
- мәселелерді шешу;
- команда жасау дағдыларының қалыптасуы.
Енді интерактивті оқытудың жоғарыда атап өтілген ерекшеліктері мен анықтамаларына сәйкес психолингвистикалық мәнін ашып көрелік. Оны, біздіңше, тек қана интерактивті оқыту технологиясының жіктемесіне сүйене отырып жасауға болатын сияқты.
Бүгінгі күні әдіскер-ғалымдар бұл жіктемені мына параметрлер арқылы жасайды:
- оқыту технологиялары;
- артықшылықтары;
- шектеулері.
Осы параметрлер арқылы интерактивті оқытудың негізгі екі түрін көрсетеді: лекция және семинарлар, тәжірибелік сабақтардың технологиялары. Интерактивті оқытудың жіктемесі:
2-кесте
Интерактивті оқытудың түрлері.

Интерактивті оқытудың түрлері

Интерактивті оқытудың мазмұны мен мақсаттары

Имитациялық ойындар

Адамдардың күрделі жағдайлардағы мінез-құлық және олардың қызметтік механизмдерін өзектендіру және белсендіру
Іскери ойындар

Білім алушылардың мақсатқа жету үдерісіндегі нақты жағдайларда шешімдеріне имитация жасау
Рөлдік
ойындар
Рөлдерді ойнау әдісі, ситуациялық әдіс, нақты жағдайларды талдау, талқылау
Эвристикалық технологиялар
Ми шабуылы, ассоциациялар т.с.с. жұмыс түрлері арқылы білім субъектісінің ішкі өзгерістерінің динамикасын қарастыру.
Тренингтер
Білім, біліктілік, дағдыны белсенді меңгеру және меңгерту.

Жоғарыда берілген кестеде топтастырылған интерактивті әдістің түрлерін оқыту үдерісінде тиімді қолдана білу - білім алушының интеллектуалды және шығармашылық қабілетін дамытуды көздейді. Осыған орай ойдың мынадай даму көрсеткіштері болады:
3-кесте
Интерактивті оқытудағы ойдың даму көрсеткіштері

Интерактивті оқыту нәтижесінде оқушы ойы жоғарыдағыдай көрсеткіштер көрсетуі тиіс. Сондықтан да қазіргі білім берудегі интерактивті әдістерге белсенді оқытудың барлық әдістері жатқызылмайды, тек қана өзара қызмет пен өзара оқыту тәжірибелерін оқу үдерісіне қатысушылардың әрқайсысының игеру үдерісіне топтың әсерін күшейтудің психологиялық механизмдеріне құрылған әдістер жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Фонетиканы оқыту - қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
Фонетиканы оқытудың жаңа тәсілдері
ФИО ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Мектепте фонетиканы оқыту
Шетел тілі фонетикасының ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдері
Пәндер