Инклюзивті білім беру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар

инжиниринг университеті

«Педагогика» факультеті

«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : « ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы»

Пәні : Инклюзивті білім беру

Мамандығы : 5В011600 - Педагогика

Орындаған: Алиева Маржан 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі

Жетекші: Ерубаева А. Р., аға оқытушы

Курстық жұмысты

қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы

Ақтау, 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика» факультеті

«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру

Мамандығы: 5В011600 -Педагогика

ТАПСЫРМА

Курстық жұмысты орындауға арналған

Студент : Алиева Маржан

Тақырыбы: « ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы»

Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:

  1. ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы
  2. құқықтық нормативтік базасы дегеніміз
  3. инклюзивті білім беру дегенімізге мағлұмат

Негізгі әдебиеттер:

  1. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж.
  2. А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж.
  3. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
  4. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытуд 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://edu. gov. kz
  5. Дефектологиялық сөздік .

Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін

Курстық жұмыс жетекшісі Ерубаева А. Р. ___ ___ 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ… . . . 6

1. ҚР ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК БАЗАСЫ . . . 8

1. 1 Халықаралық құқықтық құжаттардағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еркіндігі мен бостандығы туралы негізгі ережелер . . . 8

1. 2 Арнаулы білім беру жүйесін регламеттейтін нормативтік құжаттар . . . 13

2 ҚР ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК БАЗАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 18

2. 1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамыту . . . 18

2. 2 Инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыру . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Денсаулығы әлсіз және мүгедек балаларға білім беру мәселесі бүгінгі күні көкейтесті болып табылады және тиісті назар аударуды талап етеді. Себебі жыл сайын психикалық, ақыл-есі, физикалық дамуында туа біткен, жүре пайда болған ақаулықтары бар балалар саны арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Заңнамасында адам құқықтары саласында халықаралық құжаттарға сәйкес барлық балалардың білім алуға тең құқылы екендігі қарастырылған. Балалардың білім алу құқығы кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы» Заңдарында бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметі «2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған.

Жұмыстың өзектілігі - инклюзивті білім алу санатына жататын оқушылар, яғни мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар білім алуда. Сол себепті біздің тарапымыздан «Мектеп бәріне ортақ» бағдарламасы әзірленіп, қазіргі күні игерілуде. Аталған бағдарламада ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бағыттары көрсетілген. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің тиімді формасы болып табылады. Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар өз құрдастырымен кәдімгі жалпы орта білім беру мектебінде оқуға мүмкіндігі болады. Және олардың ұжымына мүше болып кіреді, өз мүмкіндігіне сай дами алады, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу құқығына ие болады.

Біздің бағдарлама инклюзивті сынып жағдайында дамуында кемістіктері бар балалар мен мүгедек балалардың білім алуына болжамдала жасалған. Инклюзивті сынып - бұқаралық жалпы орта білім беру мектебі жағдайында дамуында ақаулықтары бар және мүгедек балалардың өзі қатарлас балалармен бір сыныпта оқуына болатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың бір формасы. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың аталған формасы жеке оқытуға қарағанда басымдау болып табылады.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы Инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыру барысында мүмкіндіктері шектеулі балалардың сұраныстары мен қажеттіліктерін өтей алатын оқытуды ұйымдастыру мәселелерін шешуіміз керек. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоғамда өз орнын тауып, бейімделуі, қоғамның толыққанды азаматы болып қалыптасуы біз үшін өте маңызды. Мектепте әр бала, соның ішінде мүгедек бала да мекеменің білім беру және әлеуметтік өміріне қатыса алатындай орта қалыптастыру керек, бұл баланың табысқа жетуіне, өзінің қауіпсіздігін және қатарластар ортасында өз маңыздылығын сезінуіне мүмкіндік береді.

Мектеп оқушылары ұжымының 11%-ын мүмкіндіктері шектеулі балалар құрайды, сондықтан осындай балалар үшін арнайы жағдай жасау қажет. Мектепте түзету сыныптарында білім алатын мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетудің мол тәжірибесі бар болғанына қарамастан, түзету сыныбы жағдайында балаларға білім беру нәтижелері біздің және ата-аналардың көңілінен шықпайды. Бар тәжірибені жүйелеп, ортаға салу арқылы бұл санаттағы балалар жалпы білім беру сыныбында оқытылып, қосымша жағдай жасалса, олардың оқытылуы мен әлеуметтену табыстылығы арта түсер еді деген болжамға келдік. Бұл біздің Инклюзив

Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасындағы жеке ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға - ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы

Курстық жұмыстың пәні - Инклюзивті білім беру жағдайында ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы

Курcтық жұмыcтың құрылымы: жұмыc кіріcпeдeн, 2 бөлімнeн, қoрытынды жәнe пaйдaлaнғaн әдeбиeттeн құрaлaды.

Курcтық жұмыcтың тeoриялық жәнe прaктикaлық құндылығы:

Білім беру үдерісі жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді психологиялық-медикалық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесі.

2. Білім беруді ұйымдастыру.

3. Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыру .

1 . ҚР ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК БАЗАСЫ

1. 1 Халықаралық құқықтық құжаттардағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еркіндігі мен бостандығы туралы негізгі ережелер

Қазақстан Республикасының Заңнамасында адам құқықтары саласында халықаралық құжаттарға сәйкес барлық балалардың білім алуға тең құқылы екендігі қарастырылған. Балалардың білім алу құқығы кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы» Заңдарында бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметі «2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған.

Мектебімізде инклюзивті білім алу санатына жататын оқушылар, яғни мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар білім алуда. Сол себепті біздің тарапымыздан «Мектеп бәріне ортақ» бағдарламасы әзірленіп, қазіргі күні игерілуде. Аталған бағдарламада ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бағыттары көрсетілген. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің тиімді формасы болып табылады. Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар өз құрдастырымен кәдімгі жалпы орта білім беру мектебінде оқуға мүмкіндігі болады. Және олардың ұжымына мүше болып кіреді, өз мүмкіндігіне сай дами алады, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу құқығына ие болады.

Біздің бағдарлама инклюзивті сынып жағдайында дамуында кемістіктері бар балалар мен мүгедек балалардың білім алуына болжамдала жасалған. Инклюзивті сынып - бұқаралық жалпы орта білім беру мектебі жағдайында дамуында ақаулықтары бар және мүгедек балалардың өзі қатарлас балалармен бір сыныпта оқуына болатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың бір формасы. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың аталған формасы жеке оқытуға қарағанда басымдау болып табылады.

Инклюзивті сыныптарды құруда табысты инклюзивті білім берудің ішкі жағдайларын ескердік:

ата-аналардың баланы дені сау балалармен оқытуға ниет білдіруі, оқыту үдерісінде оларға көмектесуге дайындығы және тырысуы;

мүмкіндігі шектеулі балаға білікті көмек көрсетуге мүмкіндіктердің болуы;

кіріктірілген оқытудың вариативтік модельдерін игеру үшін жағдай жасау.

сонымен қатар табысты инклюзивті білім берудің ішкі жағдайлары:

жас ерекшелігі нормасына немесе оған жақын деңгейге сай келетін психикалық және сөйлеу дамуының деңгейі;

даму деңгейі қалыпты қалыпты мерзімде жалпы орта білім беру стандартын меңгеру мүмкіндігі;

инклюзивті сыныпта оқытуға баланың психологиялық дайындығы.

Инклюзивті сыныптарды құрған кезде ПМПК ұсынымдары бойынша бір білім беру бағдарламасы бойынша оқытылуға тиіс дамуында ақауы бар балаларды, мүмкіндігінше, бір сыныпқа біріктіру қажет.

Мүгедек балаларды жалпы білім беретін сыныптарда білім алуға бейімдеу кезеңі 2015-2016 жылы мектепте жабдықталған арт-терапия кабинетінде, білім беру мекемесінде және одан тыс жерлерде өткізілген сыныптан тыс шараларда өтті.

2014 жылы мектебіміз «Мектеп - денсаулық аумағы» атты қалалық сайысқа инклюзивті білім берудің «Мектеп бәріне ортақ» бағдарламасымен қатысып, жеңімпаз атанды. Біз инклюзивті мектеп артықшылықтарын түсіндік, бұлар:

Инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыру барысында мүмкіндіктері шектеулі балалардың сұраныстары мен қажеттіліктерін өтей алатын оқытуды ұйымдастыру мәселелерін шешуіміз керек. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоғамда өз орнын тауып, бейімделуі, қоғамның толыққанды азаматы болып қалыптасуы біз үшін өте маңызды. Мектепте әр бала, соның ішінде мүгедек бала да мекеменің білім беру және әлеуметтік өміріне қатыса алатындай орта қалыптастыру керек, бұл баланың табысқа жетуіне, өзінің қауіпсіздігін және қатарластар ортасында өз маңыздылығын сезінуіне мүмкіндік береді.

Мектеп оқушылары ұжымының 11%-ын мүмкіндіктері шектеулі балалар құрайды, сондықтан осындай балалар үшін арнайы жағдай жасау қажет. Мектепте түзету сыныптарында білім алатын мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетудің мол тәжірибесі бар болғанына қарамастан, түзету сыныбы жағдайында балаларға білім беру нәтижелері біздің және ата-аналардың көңілінен шықпайды. Бар тәжірибені жүйелеп, ортаға салу арқылы бұл санаттағы балалар жалпы білім беру сыныбында оқытылып, қосымша жағдай жасалса, олардың оқытылуы мен әлеуметтену табыстылығы арта түсер еді деген болжамға келдік. Бұл біздің Инклюзивті білім беру бағдарламасын құрып, инклюзивті сыныптарды ашуымызға түрткі болды.

Инклюзивті білім беру бағдарламасы - мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіне көмек көрсетуге бағытталған кешенді бағдарлама.

Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.

Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн.

Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.

Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.

Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.

Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [1] Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады.

Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн.

Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады.

Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.

Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.

1. 2 Арнаулы білім беру жүйесін регламеттейтін нормативтік құжаттар

Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат

Республикада арнайы білім беру үшін басты және тарихи маңызды болып 2002 ж. “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық және түзету көмегін көрсету туралы” заңын қабылдауы болып табылады. Бұл заң актісінің қабылдануы мемлекет пен қоғамның дамуында бұзылысы бар балаларға оң көзімен қарай бастағанын көрсетеді.

49 бап. Ата-аналар және басқа да заңды өкілдері:

Баланың ерекшелігін және жеке қабілетін, қалауын ескере білім беру мекемелерін таңдауға;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
ҚР инклюзивті білім бeруді ұйымдacтырудың зaмaнaуи тәжірибecі
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Инклюзивті білім беруді енгізу
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz