Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
КІРІСПЕ (тақырыптың өзектілігі жаңалығы, мақсаты, міндеті)
1. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазіргі білім беру жүйесі дамуының негізгі мазмұны мен сипаты
1.2 Жаңартылған білім беру бағдарламасы: басым бағыттары мен ерекшеліктері
1.3 Жаңартылған білім беру жүйесінің педагогика-психологиялық негіздері
2. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1 Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді әдістер
2.2 Оқылым, тыңдалымды меңгерту жолдары
2.3 Жазылым, айтылымды іске асыру жолдары
2.4 Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде қазақ тілін меңгертудің тиімділігін анықтау бойынша жүргізілген эксперимент барысы мен нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Технологияның дамуы, жаһандану, демографиялық мәселелер қоғамды өзгерту үстінде. Бұл үрдіс білім беру жүйесін де кері айналып өткен жоқ. Өткен ғасырда мектеп қалыптастырған білім мен дағды дәл қазіргі таңда табысты болу үшін жеткіліксіз. Бұған дейін ғалымдарды "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек" деген сұрақтар толғандырып келсе, қазір "ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?", "Оқытудың тиімді әдістері қандай?" деген сұрақтарға тоқталатын болды. Осындай өзгерістер салдарынан бүкіл әлемдегі білім беру жүйелері келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселені қайта қарастыруда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылы желтоқсанда жолдаған "Қазақстан - 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты жолдауында еліміз көрсетілген мерзімге дейін әлемнің ең озық 30 елінің қатарына енуі керек деген мақсат қойып, білімді жастар - біздің болашаққа салған инвестициямыз деп атап көрсетті [1]. "Біз - білім, ғылым, инновация үштігі билейтін постиндустриялық қоғамға қарай бет алып келеміз дей отырып білім беру әдістемесін қайта қарауды тапсырды. Білім беру жүйесіне обьективті баға алу мақсатында еліміз халықаралық бағалау ұйымдарының зерттеулеріне қатысып келеді.
Қазіргі таңда Қазақстанның 4 және 8 сынып оқушыларының салыстармалы халықаралық TIMSS зерттеуіне, математика - жаратылыстану пәндеріне дайындықтары бойынша, сонымен қатар, орта білім беру ұйымдарының 15 жастағы білім алушылары PISA зерттеуінде Мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау (PIRLS - Progress in International reading Literasy Study) зерттеуіне қатысты. 2015 жылғы өткен Халықаралық Функционалдық сауаттылықты бағалау (PISA) нәтижелеріне сүйенсек, еліміз 456 ұпаймен 42 орында келеді.
Кесте 1
Жоғарыда берілген кестеге сүйенсек, 28,1% оқушы 2 деңгейлі тапсырмаларға жауап бере алмай, функцияналдық тұрғыдан сауатсыз деп танылған.
PISA-2015 зерттеуінің нәтижелерне сүйенсек, 15 жасар жасөспірімдер қалыптасқан құзіреттіліктің төмен деңгейінде: оқушылар мен студенттер ғылыми танымдарын көрсетуде, эксперимент жүргізуде, өз пікірін білдіруде, қиын табиғи құбылыстар мен жағдайларды, үрдістерді түсіндіруде қиналады. Бұл - халықаралық сарапшылардың пікірі. [2, 100 б.]
2014 жылы Қазақстан Республикасы орта білім беру саласының ұлттық білім беру саясатына жүргізген ЭЫДҰ-ның шолуында "орта мектеп бағдарламалары тым ауқымды және академиялық сипатта, теориялық білім көп, жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берілмейді" - делінген. ЭЫДҰ срапшылары Қазақстан Үкіметіне қолданыстағы білім беру жүйесіне толық талдау жүргізіп, қайта қарау, теорияға басымдық бермей тәжірибе арқылы білім алу мүмкіндіктерін дамытуды ұсынды.
Зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша қазақстанық оқушыларда мынадай қиындықтар кездесетіні анықталған:
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
күрделі жазбаша мәтіндерді түсінуде, негізгі ақпаратты табуда, талдау жүргізуде және өзінің көзқарасын немесе пікірін негіздеуде;

ғылыми танымдық білімін көрсетуде, эксперименттер жүргізуде және өз таңдауын дәлелдеуде, табиғи құбылыстардың оқиғалар және үрдістердің мәнін ашуды, теорияны өмірлік жағдайда қолдануда;

деректермен жұмыс істеуде (кестелер, диграммалар, графиктер) және олардың мәнін ашуда;

шаблонмен берілетін алгоритмдердің орнына стандартты емес, бірегей әдістерді қолданып, күрделі мәселелерді шешуде және т.б. [3;8б]
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар қоғам мен әлем өзгерістеріне сүйене отырып, білім беру жүйесін қайта қарастыру керек екеніне көз жеткізді. Елбасы орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігін атап көрсетті. 2012 жылдан бастап жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау мақсатында 16 пилоттық мектеп, 2015 жылдан бастап 30 мектеп жұмыс жасады. Апробация жұмысы сәтті аяқталып, жаңартылған білім беру бағдарламасының сапасы мен тиімділігі дәлелденгеннен кейін Қазақстан Республикасында зияткерлік мектептердің тәжірибесіне сүйене отырып, 2016 жылдың 1 наурызында "Қазақстан Республикасының Білім мен ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік жоспарын" жүзеге асыру туралы Елбасының жарлығы шықты. Жарлыққа сәйкес 2016 жылдан бастап педагог кадрлары біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін, 1 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде білім ала бастады. 2017-2018 оқу жылында 3,5,7,8 сынып оқушылары, 2018-2019 жылдары 4,9,10 сынып оқушылары жаңа жүйеге көшті.
Заман талабына сай әзірленген жаңартылған білім беру бағдарламасы құзіреттілік қалыптастыруға және сапалы білім беруге бағытталған. Білім беру бағдарламасы спиральділік қағидатына негізделген. Бағалау критерий бойынша жүргізіледі. Бағалаудың екі түрі бар: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту үрдісінің ажырамас бөлшегі болса, жиынтық бағалау әр бөлімнің соңында жүргізіледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде оқушылар не себепті 3 немесе 2 баға алғанын білмейтін, әрі жақсы бағаға жету үшін қажетті меже айқындалмайтын, ал критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушы өзінің нақты қай жерден қателескендігін, қандай тақырыпты қайталау керектігін тайға таңба басқандай анық көре алады.
"Біткен іске сыншы көп". Бүгінде қоғам арасында жаңартылған білім беру бағдарламасы жайында көптеген пікірлер бар ... ... ... ...
Зерттеудің әдіснамасы: Зерттеу жұмысына "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік кеңесі ұсынған "Мұғалімге арналған нұсқаулық", "Жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау: аналитикалық есеп 2015-2019 жж", "Критериалды бағалауға арналған нұсқаулық", "PISA-2015 Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері", "4К компетенции" оқулығы, Л. Рождественская, И.Логвина "Формирование навыков функционального чтения", Ж. Аймауытов "Пути комплексного обучение", Ф. Оразбаева "Тілдік қатынас", Ж. Аймауытов "Қазақ тілін қалай оқыту керек?", А. Байтұрсынов "Тіл құрал", А.Ю. Юлина "Развитие навыков говорение и аудирования", Попова Е.Н. "Пособие по развитию навыков чтения и говорения:учебно методическое пособие" және т.б. еңбектері қарастырылды. [диссертациялық жұмыстардың атауымен әлі де толықтырылады]
Зерттеудің мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасының басым бағыттары мен ерекшеліктерін анықтау, қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс тәсілдерді ұсыну, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымды қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеудің жаңалығы:

Жаңартылған білім беру бағдарламасының жалпы сипатына шолу жасау;

Жаңартылған білім беру бағдарламасының басым бағыттары мен ерекшеліктерін анықтау;

Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін ұсыну;

Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымды қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының нысаны: осы тақырыпты зерттеу барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№3 мектеп - гимназия" КММ-нің 5 Е және 9 В сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақтар нысан бола алады. Зерттеу жұмысының жазылуына Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасының қоры септігін тигізді.
Зерттеу жұмысының пәні: жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін қарастыру
Жұмыстың зерттеу әдісі: жұмысты орындау барысында талдау, жинақтау, баяндау, салыстыру, диагностикалауға коррекциялау әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің құрылымы: Диссертация жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

0.1 ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН СИПАТЫ
Технологияның дамуы, жаһандану, әлемдегі халық санының күрт өсуі - қоғамды белсенді өзгеріске ұшыратуда. ХХІ ғасырда табысты болу үшін өткен ғасыр мектебі қабырғасынан қалыптасатын құзіреттіліктер жеткіліксіз деп танылуда. ХХІ ғасыр дағдылары мен құзіреті: бағалау және оқыту бойынша халықаралық зерттеу жобасының жетекшісі Патрик Гриффин сұхбатында: Осы уақытқа дейін әлемнің көптеген елдеріндегі білім беру жүйесі оқушылардың қаншалықты білетініне ынталандырды және тиісінше оқыту - білімді жинақтауға бағытталды. Қазір индустрияландыру дәуірінен шығып, робототехника мен цифрлық дәуірге қарай жылжыдық. Цифрлық технологиялардың арқасында күнделікті барлық операциялар автоматты түрде орындалуы мүмкін. Сондықтан үйренгенді есте сақтап, жинақтау жеткіліксіз, ойлау қабілетін, ақпаратты дербес алуға және сыни бағалауға үйрету керек. [5]
Қазіргі таңда әлеуметтік дағдылардың: сын тұрғысынан ойлау, өзге адамдармен тіл табыса білу, мәселелерді шешу және т.б. маңызы артуда. Білім беру жүйесі де өз мақсаттарын қайта қарастырып, бағдарламаларына енген дағдылар тізімін кеңейтуде. Мектеп оқушалардың когнитивті тұрғыдан да, әлеуметтік-эмоционалды тұрғыдан дамуы үшін де жауапкершілік алуда. [6; 4б]
Уақыт білім беру жүйесіне деген талабын өзгертті. Қоғамдағы экономикалық, саяси және әлеуметтік шарттар білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Қазақстандық білім беру жүйесі үшін бұл жағдай келесі олқылықтарды анықтады:

Мектептегі білім беру жүйесінің адам ресурстарының, экономиканың даму деңгейін анықтайтын әлемдік трендтерден артта қалуы;

Мектеп түлектерінің функционалдық сауаттылығының деңгейі;

Мектеп түлектерінің алған білімдерін кәсіптік қызметте қолдануға дайын болуы;

Цифрлы Қазақстан бағдарламасының негізінде мектеп түлектерінің компьютерлік сауаттылығы;

Қазақстандық жастардың үш тілді меңгеруі;

Қазақ әліпбиін кирилл графикасынан латын графикасына ауыстыру.
Қазақстандық оқушылар алғашқы рет халықаралық TIMSS зерттеуіне 2007 жылы қатысты. Алқашқы нәтижелер таң қалдырды: 4-сынып оқушылары жалпы есепте үздік ондыққа ілінді, математикалық сауаттылық деңгейі бойынша алдыға тек азиялық барыстар саналатын Ганконг, Сингапур, қытайлық Тайбэй, Жапония елдері түсті. Осындай жоғары нәтижелерге қарамастан зерттеу нәтижелері алғашқы дабыл қағарлық мәселелерді көрсетті. Өкінішке орай сарапшылардың ұсыныстары ары қарай қолдау таппады. Нәтижесінде, 2011 жылғы PISA зерттеуінде 4-сынып оқушылары 20 - орынға, 8-сынып оқушылары 32 орынға жайғасты. Қазақстандық білім беру жүйесінің келесідей кемшіліктерін анықтады:

Білім сапасының төмендеуі;

Бастауыш және орта мектеп оқу үдерісіндегі құндылықтары мен мақсаттары арасындағы айырмашылық;

Қазіргі методика және оқыту технологияларына оқыту үдерісінің ұйымдастырылуы мен мазмұнының сәйкес келмеуі.
4-сынып оқушыларының математикалық дайындығының мониторингі бастауыш сынып оқушыларының қиын есептерді шешу дағдыларының төмендігін, диаграмма, кесте түрінде берілген ақпараттарды түсіндіруде қиналатынын, геометрия аясында білімдерін көрсете алмайтындарын айтты. Қазақстан мектептерінің бастауыш сынып бағдарламасында халықаралық TIMSS және PISA зерттеулерінде кездесетін есептердің 33% ғана кездеседі.
Қазақстандық және бұрынғы кеңестік білім беру жүйесі басты қарама қайшылықпен бетпе бет келді: меңгеруге тиісті ақпарат көлемі ұдайы ұлғайып отырғанымен, берілетін уақыт көлемі өзгеріссіз қалды. [7;71 б.]
Елдің экономикасы мен өнеркәсібі білікті, тәжірибелі еңбек ресурстарына зәру. Өкінішке орай кәсіптік білім беру және оқыту ұйымдарының дайындаған кадрлары жұмыс берушілердің талаптарын толық қанағаттандыра алмауда. Негізгі сұрақ түлектердің біліктілігінің төмендігінде емес, кәсіби білім беру және оқыту мекемелері бағдарламаларының жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмеуінде.[8; 16 б.]
2014 жылы ЭЫДҰ ұйымының Ұлттық білім беру саясатына жүргізген шолуында халықаралық сарапшылар Қазақстанның білім беру жүйесіндегі кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдарын ұсынған болатын. Олардың кейбіріне тоқталсақ:

Қазақстандық білім беру жүйесі Кеңестік дәуірдегіден аса өзгере қоймаған: берілетін білім академиялық сипатта, меңгерілетін ақпарат көлемі жыл сайын өсіп отырады, бірақ, игеруге берілетін уақыт қалпы өзгеріссіз;

Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы. Бүгінгі күнге дейін оқушылардың білімі ешқандай критерийге сүйенбейтін, 5 балдық шкала бойынша мұғалім тарапынан бағаланды;

Халықаралық зерттеу нәтижелері көрсеткендей Қазақстандық білім беру жүйесі теориялық білім беру жағынан өте тиімді, бірақ, сын тұрғысынан ойлау, оқу үдерісі кезінде мәтінді анализдеу, талдау сияқты дағдыларды дамытуда тиімсіз;

Оқулықтар мен оқу құралдарының сапасына қойылатын сұрақтар өте көп;

9-11 сынып оқушыларының білім деңгейін өлшейтін ҰБТ, ОЖСБ тестілерінде кездесетін сұрақтардың сипаты жетілдіруді талап етеді.[8; 80-86 б.]
Білім беру жүйесінде жоғарыдағыдай мәселелер туындағанда екі түрлі жол таңдау керек болады. Біріншісі - көлемді ақпаратқа негізделген білім беру жүйесінен жаңа білім беру технологиялары қолданылатын, дамытуға негізделген білім беру жүйесіне көшу. Екіншісі - пән мазмұнын өзгерту немесе мета-пәндер жасау. Қазақстан екінші жолды таңдады.
Бұл бағыттың басты артықшылығы - мектеп пәндерінің мазмұнын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. 2014 жылғы ЭЫДҰ шолуында "орта мектеп бағдарламасының аясы аса кең, академиялық, теориялық мазмұнда, жоғары ойлау құзіреттерін дамытпайды", - делінген.
ЭЫДҰ жасаған шолуынан кейін Қазақстан Республикасы 2015 жылы ЮНЕСКО ұйымының "Азаматтық жаһандану, медиа-ақпараттық сауаттылық және тұрақты даму шарты негізінде академиялық және кәсіби қызметте қажетті білім мен дағдыны игерген азаматтардың санын арттыруға" бағытталған "Білім - 2030" бағдарламасына қосылды. 2015 жылы ЭЫДҰ "Білім мен дағды болашағы:Білім-2030" жобасын іске қосты. Жобаның мақсаты: 2030 жылға қарай адамдардың жақсы өмір сүруі үшін қажетті дағдылар мен құзіреттерді анықтау және мектептегі білім беру жүйесін қазіргі әлемнің сұраныстарына икемдеу. Осы бағдарламалардан кейін Қазақстан және көптеген "бұрынғы Кеңестік дәуірдің мұрагерлері" үшін көлемді ақпаратқа негізделген білім беру жүйесінің мүмкіндіктері таусылғаны түсінікті болды. Көлемді ақпаратқа незіделген білім беру жүйесінің орнына технологиялық білім беру жүйесі келді. Осы мақсатпен Халықаралық экономикалық форумында (ХЭФ) әр елдердегі білім алушылардың дағдыларының дамуы мен алшақтығын анықтау және осы мәселелерді технологияларды қолдану арқылы шешу үшін "Білім беруге жаңа көзқарас" жобасын бастады.
2015 жылдан бастап Қазақстанның білім беру жүйесінде реформалар басталды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы өз жолдауында "... Оқу бағдарламаларының мақсатын сын тұрғысынан ойлау, өздігінен ақпаратты іздеп табу дағдыларын дамытуға бағыттау керек", - деп баса айтты. Осы мақсатпен қазақ ағартушыларының, отандық шет елдік ғалымдардың еңбектері; қазақстан мектептерінің, орта білім беру аясындағы әр түрлі елдердің жетістіктері мен тәжірибесі; Финляндия, Сингапур, Корея, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей сияқты елдердің білім беру бағдарламалары мен стандарттары, PISA, TIMSS халықаралық зерттеулерінің нәтижелері қарастырылды.
Орта білім беру жүйесі ХХІ ғасырдың тенденциялары мен сұраныстарына негізделіп, үлкен өзгеріске ұшырады. Ол: халықаралық және отандық тәжірибені кіріктіру; кіріктірілген сабақтар, пәнаралық кіріктіру, пәнішілік кіріктіру, пәндердегі қиылысатын тақырыптар, оқытуға деген кіріктірілген көзқарас. ЭЫДҰ Білім беру бөлімінің директоры А. Шляйхер "бүгінгі мектеп шапшаң экономикалық және әлеуметтік өсу салдарынан білім алушыларды әлі пайда болмаған мамандықтар мен технологияларға, әлі бетпе бет келмеген мәселелерді шешуге дайындауға мәжбүр" деп атап өткен болатын. Мектеп түлегінің бойында дамытуға тиісті білім, білік, дағдылар мен құндылықтар анықталды. Білім берудің жаңартылған бағыты - функционалдық сауаттылықты дамытуға негізделген. Функционалдық сауаттылықтың индикаторлары анықталды. Олар:

Сауаттылық

Компьютерлік сауаттылық

Ақпараттық сауаттылық

Коммуникативті сауаттылық

Шет тілдерін меңгеру

Тұрмыстық мәселелерді шешудегі сауаттылық
2030 жылға дейінгі Білім берудің құндылықтары мен стандарттары, "Мәңгілік Ел" құндылықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Жаңартылған білім беру мазмұнының тағы бір жетістігі бастауыш, орта және негізгі мектеп арасында сабақтастық байқалады. Мысалы, 1-4 сыныптарда жүргізілетін "Дүниетану" пәні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тарих, құқық, экономика пәндерінің негізін салады, ал, 5-6 сыныптарда оқытылатын "Жаратылыстану" пәні биология, география, физика, химия ғылымдарының негізін қалайды.
Шет тілдерін меңгертуге бағытталған пәндердің құрылымы үлкен өзгеріске ұшырады. Тілді меңгертудің тәсілдері келесі ретпен жүзеге асырылады: тілдің төрт дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту арқылы коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру, ары қарай, тіл дамыту, грамматика, жазу ережелері, пунктуация, сөздік қорды дамыту.
Бастауыш сыныптардың "Математика" пәнінде елеулі өзгеріске ұшырады. Пәннің мазмұны орта және жоғары сыныптарды жалғасын табатын бес бөлімге бөлінген:

Сандар және оның мәндері

Алгебра элементтері

Геометрия элементтері

Логика элементері

Математикалық модельдеу.
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінің құрылу мазмұнында өзгерістер енді. Бастапқыда ақпараттық сауаттылық негіздерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі, кейіннен осы қатар АКТ құзіреттілігі негіздері мен логикалық, алгоритмдік ойлау негіздерімен толықтырылады. Жоғарыда көрсетілген пәндердің негізгі орта мектеп деңгейінде оқытылуы практикалық қызметте пайдалануға қажетті білім мен дағдылар жүйесін игеруге, математикалық сауаттылықты дамытуға, алгоритимдік, жедел және сыни ойлауға, ақпараттық - коммуникациялық технологиялар негізінде білім алушылардың логикалық, интеллектуалдық, шығармашылылық қасиеттерін дамытуға, жеке, топтық, өздік жұмыстарды орындау дағдыларын қалыптастыру жән дамытуға бағытталған.
Пәндердің мазмұнына енген өзгерістермен қатар оқушылардың білімін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Жаңа жүйенің негізіне формативті және жиынтық бағалаудан тұратын "Критериалды бағалау" жүйесі енгізілді. [7; 73-74б]
Жаңартылған білім беру мазмұнында ұзақ мерзімді оқу мақсаттары бойынша күтілетін оқу нәтижелері: алған білімін қолдану, сын тұрғысынан ойлану, үздіксіз білім алу, кез келген ортада басқалармен тіл табысу, АКТ, зерттеу дағдыларын меңгеру, жеке және бірігіп жұмыс істей білу, мәселелер мен жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен шешу сияқты кең ауқымды дағдылар арқылы көрінеді.
Оқу бағдарламалары "шиыршықтық" ұстаным негізінде әзірленді. Бұл ұстанымға сәйкес белгілі бір академиялық кезеңнен өткеннен кейін әрбір оқу мақсаты мен әрбір тақырып бойынша білім көлемі мен дағдылар тереңдетіліп, қиындатылып және кеңейтіліп отырады. [9; 9-10 б]
Жаңартылған білім беру бағдарламасы мектептің оқу үрдісіне келесідей ретпен енетін болады:
Оқу жылы
Сынып
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
2015-2016
2016-2017
2017-2018
2018-2019
2019-2020
2020-2021
2021-2022
Кесте 2
2015-2019 жылдар аралығында оқушылардың оқу процесінде алға жылжуын өлшеу және салыстырмалы талдау жасау мақсатында бес диагностикалық тестілеу жұмыстары жүргізілді. Тестілеуге Қазақстан бойынша барлығы 30 пилоттық мектеп 16 бақылау мектебі қатысты. Тестілеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ барлық категория бойынша өсу динамикасы байқалған. Орташа балл 3,3 -тен 9,9-ға дейін өскен. [9; 20-23 б.]
Төменде берілген кестеден білім сапасының стратегиялық көрсеткіші оқыту тілі мен әр түрлі типтегі мектептер арасындағы айырмашылықтың азаюын көруге болады. Жекелеген топтар арасындағы көрсеткіш азайған сайын, білім беру қызметіне бірдей қолжетімділік арта түседі.
Кесте 3
Пилоттық мектептерде жүргізілген апробация жұмыстарының аналитикалық есебіне жүгінсек, жаңартылған білім беру жүйесінің алғашқы нәтижелері табысты болды деп айта аламыз. Апробация нәтижесінде:

құрастырылған оқу бағдарламалары, ОӘҚ мен критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі дәлелденді;

Ықтимал қиындықтар болжанып, білім беру саясатының дамытудың басымдықтарын анықтады. [9; 40 б.]

1.2 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ:БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көрнекті жазушы, педагог Ж. Аймауытов өзінің 1917 жылы жарық көрген "Комплекспен оқыту жолдары" кітабында: "Оқушылармен сұхбат жүргізу барысында тек кітап материалын ғана емес, олар ықылас танытып, алған әсерлері мен танымдарын бөлісуі үшін оқушылардың өз тәжірибесін де пайдалану керек" - деген болатын. Бір ғасыр бұрын жазылған осы сөздер жаңартылған білім беру бағдарламасының басты философиясы іспетті. [10]
ХХІ ғасыр - ақпараттар ғасыры, адам ғасыры деген пікірге жүгінсек, білім адам және ақпарат қорын қалыптастырудағы негізгі фактор болып табылады. Сондықтан білімнің жаңа дәуірдегі мәні - оның жеке тұлғаның өміріндегі мәнділігімен, мемлекеттің рухани, мәдени өрлеуіне, жалпы адамзаттың өркендеуіне қосқан ықпалымен сипатталады. Білімнің жаңа дәуірдегі мәнімен қатар сапасы да жаңаша пайымдалуда. Бұл негізінен, білімнің 4 сипатын біртұтас қарастыра отырып, оның ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі қырларына аса мән берумен тікелей байланысты. [11, 30 б.]
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алудамыз.
Білім беру мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін қайта қарастыру, білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты мақсаты - өркениеттің жедел дамуы жағдайында өздігінен керек ақпаратты тауып, бейқалыпты шешім қабылдай алатын, шектеулі, жергілікті тіпті жаһандық мәселелерді шеше алатын жан жақты білім, білік, құзіреттермен қаруланған функционалдық сауатты тұлғаны дайындау. Осындай ізгі ниетті мақсат тұтқан жаңа бағдарламаның келесідей басымдықтарын атап өтуге болады. Бірінші пән мазмұнын жобалаудың "шиыршықтық" ұстанымы. Пән мазмұны тақырып бойынша және сынып бойынша күрделеніп отырады.
Шиыршықтық қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің 1960 жылы жарық көрген "Білім беру үдерісі" оқулығындағы теорияға негізделген. Спиральді оқу бағдарламасының ерекшеліктері:

Білім алушы мектепте оқыған кезде пәнді немесе тақырыпты бірнеше рет қайталап оқиды;

Әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің аясы кеңіп отырады;

Жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.[12, 15-16 б]
Сабақты жоспарлау барысында Блум таксономиясы қолданылады. Бұл таксономия танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама - қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады.
Бағалау жүйесі - жаңартылған білім беру бағдарламасында толыққанды өзгеріске ұшырады. Бұған дейін 5 балдық жүйемен оқушының оқудағы жетістігі мұғалім тарапынан бағаланып келді. Атап айтқанда, мұғалім "төреші" қызметін атқарды. Дәстүрлі білім беру жүйесінде оқушылар не себепті 3 немесе 2 деген баға алғанын білмейтін, әрі жақсы бағаға жету үшін қажетті меже айқындалмайтын. Бір сөзбен айтқанда, 5 балдық бағалау шкаласы ойлаудың қарапайым дағдыларын дамытатын деңгейді ғана бағалайтын. Осы кемшіліктерді жою мақсатында критериалды бағалау жүйесі енгізілді.
Оқуды тиімді бағалау -- білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты қажет етеді.
Критериалды бағалау - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz