Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Логопедия ғылымының баланың сөйлеу тілінің, тілдің әлеуметтік мәніне, ойлау және барлық психикалық іс -әрекетінің тығыз байланысына негізделген теориялық және практикалық маңызы бар. Сөйлеу функциясы адамның маңызды психикалық функцияларының бірі болып табылады [1, 469бет] . Тілдік даму барысында танымдық қызметтің және ұғымдық ойлау қабілетінің жоғары формалары қалыптасады. Баланың сөйлеуді меңгеруі, өзінің іс -әрекетін ұғынуға, жоспарлауға және реттеуге ықпал етеді. Қарым -қатынаста сөйлеу тілі әр түрлі қызмет түрлерін дамыту және ұжымдық еңбекке қатысу үшін қажетті жағдайлар жасайды [2, 71б] .

Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға əлеуметтік жəне медициналық-педагогикалық түзете қолдау көрсету туралы» заңы дамуында проблемалары бар барлық балаларға арнайы түзету көмегін көрсетуде кепіл береді. Аталған балалардың ішінде ең үлкен топты құрайтындар - жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар (ЖСТД) [3] .

Инклюзивті білім берудің негізгі бағыттары мен идеялары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [4], «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заң [5], «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заң [6] және Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2050» стратегиясында [7] айрықша көрсетілген.

Мектепке дейінгі жас бала тұлғасының қалыптасуындағы маңызды кезең. Таза және дұрыс сөйлеу қалыптаспаса қарым -қатынас дағдыларын меңгеру және қоршаған ортамен қарым-қатынас құруды үйрену мүмкін емес. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі жалпы сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған түзету және оңалту ереушеліктері туралы қазіргі заманғы түсініктер көрсетілген әдебиеттер көзі аз. Сонымен қатар, мектепке дейінгі балаларды дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызды болып отыр. Осы сөйлеу патологиясын жоюдың әдістемелік жолдары неғұрлым ерте басталған жұмыс, мектепте табысты оқудың кепілі болып табылады.

Байланыстырып сөйлеу тілі бай әрі мол сөздік қорын қажет етеді. Яғни, баланың байланыстырып сөйлеуі кезінде, баланы зеректікке, тапқырлыққа, тілге жүйріктікке баулу үшін де сөздік қордың орны ерекше. Тілдік нормалар мен заңдарды меңгеру, грамматикалық құрылымын білу, сонымен қатар, оны тәжірибе жүзінде қолдану, ішкі тілдік материалды тәжірибелік дағдыда қарастыру, бастысы толық қатарынан, түсінікті түрде басқаларға жеткізу және грамматикалық жағынан сауатты байланысқан әңгіме құрастыру, бұл-байланысқан сөйлеу тілінің басты қызметі болып табылады .

Көптеген авторлар (Р. Е. Левина, Б. М. Гриншпун, Т. Б. Филичева) сөйлеу тілі дамымаған балалардың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуындағы қиындықтар орын алатынын дәлелдеген. Қарым -қатынас жеткіліксіздігі өз алдына танымдық және сөйлеу, ойлау әрекетіндегі қиындықтарға алып келеді.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы ЖСТД бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізу мәселелерін Р. Е. Левина, Г. В. Чиркина, Л. Ф. Спирова, В. К. Воробьев, О. Е. Грибова, Г. И. Жаренкова (Ресей), А. И. Семенова, М. А. Савгенко, Е. Н. Соботович (Украина), Л. Р. Муминова (Өзбекістан), М. С. Грушевская (Қазақстан) қарастырып зерттеген [8, 38б. ] .

ЖСТД бар балалардың сөйлеу әрекетінің бұзылуы тәрбиелік-түзету міндеттерін шешу үшін арнайы әдістемелер мен технологиялар әзірленген көп аспектілі сипатқа ие бірыңғай стратегияны, әдістемелік және ұйымдастырушылық сабақтастықты жасауды талап етеді. Осындай әдістемелердің бірі - логопедиялық ритмика. Бұл -логопедиялық, музыкалық-ырғақтық және дене тәрбиесі құралдарын қамтитын кешенді әдістеме. Ол әртүрлі сөйлеу патологияларын жеңуге көмектеседі. Логоритмика әдістерімен мектепке дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалармен түзету жұмыстарын тиімді және қызықты түрде түзетуге болады [9, 121б. ] . Сондықтан, зерттеу мәселесі бүгінгі күнде логопедиялық ғылым саласында өзекті болып саналады.

Зерттеу мақсаты: III деңгейдегі ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда логопедиялық ритмиканы қолданудың тиімділігін эксперимент жүзінде анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық -педагогикалық және арнайы әдебиеттерге шолу жасау;
  2. III деңгейдегі жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің дамуын эксперименттік жолмен зерттеу;
  3. Мектепке дейінгі ЖСТД бар балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту кезінде логоритмикалық жаттығуларын пайдалану тиімділігін эксперименталды жолмен дәлелдеу және қорытынды жасау.

Зерттеу нысаны: Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілі.

Зерттеу пәні: III деңгейлі ЖСТД бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда логопедиялық ритмиканы қолдану тиімділігі.

Зерттеу болжамы: Егер, мектепке дейінгі III деңгейлі ЖСТД бар балалармен логопедиялық жұмыста жүйелі және мақсатты түрде логоритмиканы қолданса, онда баланың байланыстырып сөйлеу тілінің деңгейі артады.

Зерттеу жұмысының базасы: «Павлодар қаласы сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған түзетулік үлгідегі №14 бала бақшасы» МҚКК.

Зерттеу әдістері:

Теориялық -талдау, жинақтау, жалпылау;

Эмпирикалық - бақылау, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, сараптау, салыстыру.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, 2 бөлім, жалпы қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1 Мектеп жасына дейінгі III деңгейлі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың байланыстарып сөйлеу тілін дамыту мәселелерін зерттеудің теориялық негіздері

  1. Мектеп жасына дейінгі III деңгейлі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың психологиялық -педагогикалық ерекшеліктері.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауын (ЖСТД) Ресейлік дефектология ғылыми зерттеу институтының Р. Е. Левина бастаған ғылыми қызметкерлері (Н. А. Никашина, Г. А. Каше, Л. Ф. Спирова, Г. И. Жаренкова және т. б. ) 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан -жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан негіздеді. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринололия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу ақаулықтарының түрлерінде байқалуы мүмкін [10, 16б] .

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы - есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі тіл кемістіктері.

Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің мазмұны баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді [11] .

Р. Е. Левина мектепке дейінгі және мектеп жасындағы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың тіл компоненттерінің ерекшеліктеріне қарай сөйлеу тілінің дамымауын үш деңгейге бөледі. Кейіннен Т. Б. Филичева 4-деңгейді сипаттап қосады.

Сөйлеу тілі дамымауының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы байқалады. Ондайларды мылқау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен, күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп -үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық анықталмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы ым-ишара қолданып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері зияты бұзылған балаларда да болуы мүмкін. Бірақ та сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балаларды ақылына қарап-ақ сөйлеу тілі дамыған (олигофрен) зияты бұзылған балалардан оңай ажыратуға болады. Біріншіден, сөйлегенде пайдаланатын сөздік қорына қарағанда енжар сөздік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балалардың зияты бұзылған балалардан өзгешелігі, ойларын тындаушысына жеткізу үшін дене мүшелерінің қимылын және мәнерлі ымды пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын көзімен қарап, оны қалайда түзетуге тырысуы тән.

Сонымен, сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой-өрісі сөйлеу тілінің дамуы жағынан бір-біріне ұқсамайды.

Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және қимыл-әрекеттерінің сыртқы түрлеріне немесе олардан шығатын дыбыстардың ұқсастығына қарап, өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді. Мысалы: «дөдөт» -машина, машинамен кетті, кетіпті және т. б. Сонымен бірге қимыл іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді заттың атымен орнын алмастыра беретін жағдайларда байқалады. Мысылы: «адас» -қарындаш, жазу, сурет салу; «тәй» -шай тамақ ішу.

Сөйлеу тілі дамымаған баланың кейде бір кезде бір сөзді сөйлемде де пайдаланатын ерекшелігі болады. Бір сөзді сөйлемдегі сөздің түбірі бұзылып тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада да байқалуы мүмкін. Бірақ ол тек 5-6 айға ғана созылады, оның үстіне ондай сөздер онша көп болмайды [12, 370б] . Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз сөздер де араласып айтылып кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп дұрыс айтуға дағдыланып кетеді.

Сөйлеу тілі жалпы дамымаған баланың да сөйлемінің көлемі 2-4 сөзге дейін кеңейетіндігі байқалады, бірақ мұнда құрылысы бұзылған сөз тіркестері бұрынғы қалпында өзгеріссіз сақталып қалады. Тап осы жағдай сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада еш уақытта байқалмайды.

Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі өз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болып келеді (әсіресе табиғатқа байланысты құбылысты) . Дыбыстардың қолданылуы тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе 1-2 буыннан тұратын сөздерді ғана қолданады. Буындары көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның 2-3 буынына дейін қысқартылып, түсіп қалады. Мысалы, жұмыртқа -ұтқа, домбыра -дома.

З. А. Мовкебаеваның зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі ЖСТД балалардың мектепке дайындығын тексеру нәтижесінде көру-моторлы координациясының, естіп және көріп, есте сақтауының, қолдың ұсақ моторикасының және сукцессивті функцияларының дамуының жеткіліксіздігі мен олардың сауат ашу дағдыларын меңгеруге тигізетін әсерін анықтап, мектепке оқуға дайындығын қалыптастыру үрдісін теориялық-методологиялық тұрғыдан негіздейді. Сондықтан осының барлығын логопед түзету жұмысын ұйымдастырғанда ескеруі қажет [13, 58б] .

Көптеген (Р. Е. Левина, Б. М. Гриншпун, Т. Б. Филичева) сөйлеу тілі дамымаған балалардың коммуникативті дағдыларының қалыптасуындағы қиындықтар орын алатынын дәлелдеген. Қарым-қатынас жеткіліксіздігі өз алдына танымдық және сөйлеу-ойлау әрекетіндегі қиындықтарға алып келеді. ЖСТД балаларға қарым-қатынас жасау қажеттілігінің төмендігі, диалогтық және монологтық сөйлеу тілдерінің қалыптаспауы, қатынас жасауға қызығушылығының жоқтығы, қатынас жағдайында бағдарлау білігінің аздығы тән.

Баланың өз бойындағы кемшілікке теріс көзқарасы, оның қарым-қатынасқа тез түсуіне кедергі болады.

Баланың жетілмеген сөйлеу тілін дамытуға бағытталған логопедиялық жұмысты ұтымды ету мақсатымен, түзету -оқыту жұмысы мазмұнында мектеп жасына дейінгілердің коммуникативтік білігін өсіруді алдын ала қарастырған жөн [14, 42б] .

Жалпы сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі сөйлем құрамындағы лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық элементтердің жетілмеуімен сипатталады. Осындай дәрежедегі, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті, бала дұрыс айта алады-ай деген кейбір дыбыстардың өзі де өз бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде айқын шықпайды.

Тап осы фонематикалық топтағы екі немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыспен немесе бірнеше дыбыстарды бір мезгілде алмастырған кезде дифференцияланбаған дыбыстардың айтылуы өзгеше болады (негізінде ысқырық және ызың дыбыстар, аффрикат, мұрын жолды дыбыстарды) . Мысалы: сәй-шай, сана-шана, қал-қар.

Сонымен бірге балалар сарлық сөз таптырын пайдалануды, грамматикалық құрылымының құрапайым түрлерін қолдануды үйренеді, салалас, құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады. Мысалы: Айдош мектептен келді де, шабаған оқуға отылды.

Бала ауызекі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөздерді, нақышты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер сондай балалардың алдарында шарт қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді.

Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамыған құрдастарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрау кезінде үлкен қиындық көреді. Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын аграмматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлемнен де кездестіруге де болады. Бұл қателер тұрақты сипат бермейді: грамматикалық тұлғалардың немесе категориялардың әр түрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолданылуы мүмкін.

Құрмалас сөйлемді жалғаулығымен және жалғаулықты сөзімен құрастырған кезде қателер жіберілетіні байқалады. Бала сурет бойынша сөйлем құрастыру кезінде қатысушы кісіні және қимыл іс-әрекетінің өзін жиі көрсетіп дұрыс атап отырса да, сөйлем құрамына қатысушы кісінің пайдаланған затының атын кіргізбейді.

Сөздік қорының едәуір өскеніне қарамастан, лексикалық мағынасын толық білмейді ( шынтақ, иық, білек, өзен, көл, бұлақ, шалбардың бұты, балағы; көйлектің етегі, жағасы, жеңі ), бірсыпыра сөздерді дәл түсінбейді және дәл қолданбайды ( кесу, қию, пішу ) . Лексикалық қателердің ішіндегі атымен төмендегідей:

  • Заттың атын сол заттың бөлшегінің атымен алмастыруы (құлақ - «бас», дөңгелек - «машина») ;
  • Мамандықтың атын сол маманның істейтін әрекетімен (кәсібімен) ауыстырады (әнші - тәте өлең айтады) ;
  • Тектес заттардың меншікті аттарын атамай олардың сыртқы түрлерінің ұқсастығына және тұрмыстағы қолдануларына қарап жалпы атауларымен атайды (қарға - «құс», қарағай - «ағаш»; етік, бәтіңке - «аяқ киім») ;
  • Көлемін білдіретін белгілердің орнын алмастыру (биік, кең, ұзын -үлкен; қысқа, аласа, тар, жіңішке -кішкентай) .

Бала өз бетінше еркін сөйлесіп отырған кезде заттың белгілерін, күйін, қимыл іс-әрекетін білдіретін сын есім мен үстеу сөз таптырын аз қолданады. Бала жаңа сөздерді сөйлеп дағдыланбағандықтан іс жүзінде көп қолданбай сөздік қоры тоқырап, кедейленіп қалудың әсерінен оған сөздің морфологиялық элементтерін айыруға мүмкіншілік бермейді [15, 223б] .

Дыбыстарды айтуының бұзылуы, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылымының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.

Сөйлеу тілінің дамымауы әртүрлі деңгейде кездеседі. Алғашында Р. Е. Левина жалпы сөйлеу тілі дамымауын үш деңгейге бөлді. Кейіннен Т. Б. Филичева 4-деңгейді сипаттап қосты.

Балалардың көбі жаңа сөздерді қолданған кезде қателерді жиі жиі жібереді. Шынында да, дұрыс сөздердің жасалуымен қатар кемшіліктері де болады. Мысалы: көрпе -көрпешілік, көрпе -кішкентай көрпе.

Осыған ұқсас қателер бірлі-жарымдап тілдері жаңа шығып келе жатқан, дендері сау балаларда кездесуі мүмкін, бірақ олар тез арада жоғалып кетеді. Қателердің көпшілігі тамақтардың, заттардың, өсімдіктердің мағыналарын білдіріп, ара қатынасын белгілейтін қатыстық сын есімнің жасалуы кезінде болады.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы баланың интеллектуалды, сенсорлы, ерік аяларының қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Сөйлеу тілі бұзылыстарымен психикалық дамудың басқа жақтарының арасындағы байланыс екіншілік ақаулардың пайда болуына себепші болады.

Сондай-ақ, ойлау операцияларының (салыстыру, топтастыру, талдау, жинақтау) меңгеруге қажетті алғы шарттарын меңгергенімен балаларда сөздік-логикалық ойлауы дамымаған болады да, ойлау операцияларын қиналып меңгереді. Т. Д. Барменкованың экспериментальды зерттеулері бойынша (1997 ж. ), ЖСТД мектеп жасына дейінгі балалар логикалық операциялардың қалыптасу деңгейі бойынша қалыпты дамып келе жатқан өз құрдастарынан айтарлықтай артта қалады [16, 29б] .

Логикалық операциялардың қалыптасу деңгейі бойынша автор 4 топқа бөледі:

Бірінші топ балалардың вербальді және вербальсіз логикалық операцияларының қалыптасу деңгейі жоғары, сөйлеу тілі қалыпты дамыған балалардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді, танымдық белсенділігі, тапсырмаға қызығушылығы жоғары, бағытты әрекеті тұрақты жоспарлы.

Екінші топ балаларының логикалық операцияларының қалыптасу деңгейі жас ерекшелігіне сай емес, төмен. Сөйлеу белсенділігі төмен, балалар сөздік нұсқауды қабылдағанда қиналады, қысқа уақытта есте сақтаудың көлемі шектелген, сөздер қатарын есте сақтай алмайды.

Үшінші топ балаларының бағытты әрекеті бұзылған, ол вербальді және вербальсіз тапсырмаларды орындағанда байқалады. Оларға зейінді шоғырландыруының жеткіліксіздігі, танымдық белсенділік деңгейінің төмендігі, қоршаған орта туралы түсініктерінің аздығы, себеп-салдар байланыстарын түсінудегі қиындықтар тән. Алайда, логопед тарапынан тиісті көмек көрсетілген болса, балалардың абстрактілі түсініктерді меңгеруге қажетті әлеуеттік мүмкіндіктері жақсарады.

Төртінші топ балаларына логикалық операциялардың жетілмеуі тән. Балалардың логикалық әрекеті өте тұрақсыз, жоспарлауы жоқ, танымдық әрекеті төмен, тапсырмаларды дұрыс орындауын қадағалай алмайды. Бірқатар авторлар ЖСТД балалардың зейін көлемінің және оның тұрақтылығының жеткіліксіздігін, оның таратуының мүмкіндігі шектеулігін айтады. ЖСТД балалардың мағыналық, логикалық есте сақтауы сақталғанымен, вербальді есте сақтауы төмен, есте сақтаудың өнімділігі төмен. Олар күрделі нұсқауларды, тапсырмалардың элементтерімен кезектілігін ұмытып қалады.

Сөйлеу тілі бірінші деңгейіндегі балалардың есте сақтау белсенділігінің төмендігі танымдық әрекеттің даму мүмкіндіктерінің шектеулігімен бірге жүреді. ЖСТД балалар күрделі жағдайларда затта көріп тану кезінде заттың бейнесін белгілі бір қиындықпен қабылдайды, оны тану үшін балалар көп уақытты қажет етеді, жауап беру кезінде сенімсіздік байқалды және затта танып білу кезінде қателер жібереді. «Үлгімен сәйкестендіру» тапсырмасын орындаған кезде олар бағдарлаудың қарапайым формаларын қолданады. Мысалы, ЖСТД балалар модельді перцепциялық әрекет бойынша тапсырма орындағанда көріп салыстыру тәсілін аз қолданды. Балалардың көріп қабылдауын зерттеу нәтижесінде ЖСТД балаларда оның жеткіліксіз қалыптасқаны байқалады. Мнестикалық зерттеу нәтижесінде ЖСТД балалардың сөздік нұсқауды есте сақтауы сөйлеу тілі қалыпты балалармен салыстырғанда нашар екені анықталды.

Зейінін зерттеу нәтижесі ЖСТД балалар тез шаршағыш, экспериментатор тарапынан мадақтау, көмекті қажет ететін көрсетті. Сонымен, ЖСТД балаларда сөйлеу тілі қалыпты дамыған құрдастарымен салыстырғанда, көріп қабылдауы кеңістікте бағдарлауы, зейіні, есте сақтауы төмен екені байқалады. ЖСТД балалар енжар, қатынас жасағанда сөзді бірінші бастамайды.

Ю. Ф. Гаркуша және В. В. Коржевина (2001 ж. ) зерттеулерінде көрсеткендей:

  • ЖСТД мектепке дейінгі жастағы балаларда қарым-қатынас жасаудың, мотивациялық-тұтынушылық аяның жетілмегендігі байқалады;
  • Аталған қиындықтар сөйлеу тілі және когнитивті бұзылыстар кешенімен байланысты;
  • 4-5 жастағы балалардың ересектермен қатынас жасауының негізгі түрі ситуативтік-іскерлік болып табылады, яғни жас ерекшелігіне сай емес.

ЖСТД балаларға жалпы соматикалық әлсіздігімен қатар қимыл аясының дамуындағы кейбір кешеуілдеулер тән; қимылдарының тепе-теңдігі әлсіз, қимыл орындау жылдамдығы мен дәлдігі төмен. Сөзбен нұсқау бергендігі қимылдарды орындауда балалар өте қиналады. Г. Р. Шашкина, Л. П. Зернова, И. А. Зимананың (2003) зерттеулері бойынша, ЖСТД балаларда моторикасының барлық түрлерінде -жалпы, мимикалық, ұсақ және артикуляциялық қимылдардың тепе-теңдігінің жеткіліксіздігі байқалады. ЖСТД ІІІ деңгейіндегі балаларды моторлы аясын тексеру нәтижесі бойынша үш топқа бөлуге болады:

  • Моторлы аясының даму деңгейі төмен -23, 5 %;
  • Орта деңгейдегі -28, 55 %;
  • Жоғары -48 %.

Моторлы аясының даму деңгейі төмен балаларда қимылдың бір түрінің екіншісіне ауысуда қиындықтар кездеседі, қимылдардың статикалық және динамикалық тепе-теңдігі жеткіліксіз, қимылды есте сақтауы жеткіліксіз және ерік зейінінің деңгейінің төмендігі байқалады [17, 81б] .

Моториканың даму деңгейі орташа балаларда кейбір сынақтарды орындаған кезде қосымша қимылдар жасауы байқалады, тапсырма орындау үшін олар ұзақ уақытты қажет етеді. Сөздік нұсқау бойынша тапсырмаға қарағанда, тапсырманы көрсету бойынша орындауы жоғары. Моторикасының дамуы жоғары деңгейдегі балалар жас мөлшеріне жақындатылған: ұсақ және артикуляциялық моторикасы жақсы дамыған. Мұны, мктепалды даярлық топ балаларымен түзету жұмысы ұзақ уақыт жүргізілгендікпен түсіндіруге болады.

Мектеп жасындағы ЖСТД балалар сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде оқиды. Оқытудың мазмұны мен әдістемелері оқушылардың сөйлеу тілінің даму заңдылықтарын ескере отырып құрастырылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму деңгейін анықтау
Мектеп жасына дейінгі III деңгейдегі ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің дамуы
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫС БҰЗЫЛЫСЫН ТҮЗЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖСТД балалардың сөздік қоры
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Сөйлеу дамуының ЖТСД III деңгейі
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Фонетика-фонематикалық тіл дамымаушылғы бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілін қалыптастырудың теориялық мәселелері
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық бұзылыстарының ерекшеліктері
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінде жүйелі кемістіктерді жоюдың әдіс – тәсілдерін талдау, логопедиялық сабақтарда тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz