Өлеңді сөйлем - ерекше сөйлем


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны . . . 2
Кіріспе . . . 3. 4
1 Қaзaқ тiлiнiң поэзия синтaксисi теориясы мәселелерi

1. 1 Қaзaқ тiлiнiң поэзия синтaксисi теориясының зерттелуi және Aбaй шығaрмaлaры тiлiнiң синтaксисi

1. 2 Қaзaқ поэзия синтаксисінің құрылымдық бірліктері

2 Әмірхан Балқыбек шығармалары ның синтаксистік ерекшеліктері

2. 1 Әмірхан Балқыбек поэзиясы синтaксисiндегi тұрaқты тiркестердiң ерекшелiктері

2. 2 Әмірхан Балқыбек поэзия синтaксисiндегi инверсиялық көрiнiстер

Қорытынды . . . 32
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33

І. Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі (2-3 абзац) .

Жұмыстың мақсат-міндеттері (3-4 сөйлем) .

Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері (1-2 сөйлем) .

Мұнда қандай еңбектерді бастамаға алғаныңызды жазасыз.

Зерттеудің әдістері (жүйелеу, баяндау, салыстыру т. б. )

Жұмыстың теориялық-практикалық маңызы. (Яғни, нәтижелерді, жаңалықтарды қай жерде пайдалануға болатындығы жазылады) .

Кіріспенің жалпы көлемі 3 беттей болуы керек.

Негізгі тақырыбымызған келместен бұрын, өлең синтаксисін арнайы өз алдына сөз ету қажеттігі бар. Әрине, өлеңді сөйлем (өлең тілі) - жалпы тілден тыс, бөлек тұрған дүние емес, өлең де қарым-қатынас құралының бір түрі ретінде келіп, тілдің жалпы зандарына бағынады. Сөйте тұра поэзиялық шығармалардың өзіне тән, яғни өлең құрауға қатысатын өз заңдары және болады1. Бұл заңдар ырғақ, ұйқас, шумақталу, интонациялық-мелодиялық құбылыс тәрізді өлең белгілеріне қарай пайда болады. Қысқасы, өлең тілінің қара сөз (проза) тілінен өзгешеленетін құрылымдық ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер жалғыз синтаксис саласын қамтымайды, «структурные своеобразия стихотворной речи выражаются как в специфических свойствах ее звукового лада, звуковой систематизации, ее синтаксического строения и членения, так и в отличиях словоупотребления и словесной семантики»2

Осы ерекшеліктердің ішінде біздің қазіргі назар аударып отырғанымыз - өлеңнің, оның ішінде Абай поэзиясының синтаксистік құрылысы. «Өлеңнің синтаксисі» атты тақырып орыс филологиясында едәуір жиі сөз болып келеді. Н. С. Поспеловтің Пушкин өлеңдерінің синтаксистік құрылысын талдаған арнаулы еңбегі сияқтыларды былай қойғанда, Б. В. Томашевский, В. М. Жирмунский, Л. И. Тимофеев, В. В. Виноградов, Л. В. Щерба, Г. О. Винокур, Ф. Е. Корш, О. Брик, В. Брюсов, Ю. Тынянов т. б. тәрізді зерттеушілердің жұмыстарында өлең синтаксисіне қатысты жеке талдаулар мен пікірлерді, тұжырымдар мен топшылауларды табамыз. Бұлар көп ретте бізге теориялық және методологиялық жағынан басшы материал болғанын білдіреміз. 3

Қазақ филологиясында күні бүгінге дейін белгілі бір ақын өлеңдерінің немесе жеке поэзиялық шығармалардың синтаксистік құрылысын арнайы зерттеген монографиялық еңбек жоқ. Бірақ жалпы өлең құрылысына немесе өлеңнің жеке белгілеріне арналған жұмыстарда поэзия тілінің синтаксистік құрылысы, әсіресе, оның жеке мәселелері жайында айтылған пікірлер мен талдаулар бар. Бұлардың ішінде, әсіресе, проф. Қ. Жұмалиев қазақ өлеңінің табиғатына жиірек үңіліп, бұл салада көптеген пікір-тұжырымдар мен талдаулар ұсынғанын атаймыз. 4 Сондай-ақ І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Ы. Дүйсенбаев, Т. Нұртазин, Ғ. Мүсірепов, 3. Ахметов, М. Хамраев5 т. б. тәрізді әдебиетші және жазушылар мен Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, Х. Махмудов, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Ғ. Мұсабаев тәрізді тіл мамандарының әр кезде, үлкенді-кішілі әр алуан жұмыстарында қазақ өлеңінің құрылысы, ондағы жеке сөздер мен тұлғалардың қолданысы, өлеңнің ырғақ, ұйқас, өлшем сияқты шарттары сөз болады.

Өлеңнің синтаксистік құрылысын талдауда, ең алдымен, өлеңнің жалпы белгілері мен жеке жайттарын танып білу аса қажет. Сондықтан біздің бұл жұмысымызға жоғарғы аталған зерттеушілер мен мамандардың мақалалары мен еңбектері зор көмегін тигізді. Бұлардың ішінде, әсіресе, қазақ өлеңінің құрылысы мен Абай поэзиясының құрылысын арнайы зерттеген құнды еңбек З. Ахметовтің «Казахское стихосложение» атты кітабы мен мақалаларының біздің бұл талдауларымыз үшін мәні зор болғанын атап өтеміз. Сонымен қатар тілшілер тарапынан өлең синтаксисі тақырыбына тұңғыш қалам тартқан Т. Қордабаевтың «Поэзиялық шығармалардың синтаксистік құрылысы» атты жұмысын да арнайы атаймыз6

Мұнда автор өлең синтаксисінің прозадан ерекше болатындығы туралы өзіне дейінгі орыс, қазақ филологтарының айтқан пікірлерін көрсете келіп, шумақ мәселесіне тоқталады және синтаксистік тұтастық құрайтын компоненттердің бір-бірімен байланысу жолдарын көрсетеді. Сондай-ақ бұл жұмыста зерттеуші ауыз әдебиетінің екі үлкен мұрасы - «Қыз Жібек» пен «Қозы КөрпешБаян сұлу» шығармаларының синтаксистік құрылысын талдайды. Осылардың барлығы, біріншіден, өлең синтаксисін, оның ішінде жеке қаламгерлер шығармалары мен жеке нұсқалар (мысалы, эпостық жырлар) тілінің синтаксистік құрылысын талдап, солар бойынша қажетті тұжырымдар айтатын кез туғанын көрсетсе, екіншіден, осы жұмысқа тікелей кірісуге мүмкіндік берді.

Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысын тану арқылы олардың кейбіреулерінің композициялық-тематикалық құрылымын білуге болады. Ал шығарманың тақырыбы мен композициясын ашу қаламгер стилін тануға барып ұштасады. Бұл - жеке мәселе. Жалпыға келгенде, бұл талдаулар, біздіңше, екі түрлі міндетті өтейді, оның біріншісі - қазақ өлеңінің синтаксистік құрылысының проза синтаксисінен өзгешелігі қандай; өлеңнің ұйқасы, өлшемі, композициялық құрылысы және шумаққа бөліну-бөлінбеуі мен синтаксисінің арақатынасы қандай; өлең құрайтын компоненттердің (шумаққа немесе тирадаға ұйымдасқан сөйлемдер мен оның бөліктерінің) бірбірімен іліктесіп, байланысу амалдары қандай - деген мәселелердің сырын ашу. Екіншісі - Абай поэзиясы мен оған дейінгі қазақ поэзиясының синтаксистік құрылысында қандай өзгешеліктер бар, яғни Абай поэзиясының бұл салада қосқаны мен жаңартқаны неде, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің өлең синтаксисі тарауындағы жақындығы мен алшақтығы неде - деген сұрақтарға жауап іздеу

Ол үшін біз ең алдымен өлең тілінің синтаксистік құрылысының ерекшеліктерін сөз еттік. Мұнда жалпы отандық ғылымда, оның ішінде әсіресе орыс филологиясында бірқыдыру орныққан, танымалды қағидаларды қазақ өлеңі синтаксисіне жанастырумен бірге, қазақ тілінің құрылымдық өзгешелігі және қазақ поэзиясының сан ғасырлық дәстүрі нәтижесінде пайда болған өзіндік белгілері мен факторлардың бар екендігін көрсетуге талаптандық. Әрі қарай өзіміз белгілеген негізгі объектілерді жеке-жеке талдадық, атап айтқанда, Абайдың шумақты, шумақсыз өлеңдерінің синтаксистік құрылысы: өлең синтаксисіндегі инверсияның, тасымалдың рөлі мен қызметтері; ұйқасқа қатыстырылған сөздер мен өлең синтаксисінің арасындағы байланыс; өлеңдегі ықшамдау заңының синтаксистегі көрінісі деген жайларды сөз еттік. Өлең синтаксисін талдау үстінде көп сәтте оның композициялық-тақырыптық құрылысын да қоса талдап отырдық. Өйткені өлеңнің синтаксисі көбінесе оның тақырыбы мен идеялық құрылысына тікелей байланысып жатады, сондықтан оның композициясын дұрыс жіктеу синтаксистік құрылысын дұрыс талдауға бірден-бір себепкер болады. 7

Өлең тілінің8 синтаксисін сөз ету үшін үлкен екі топ мәселенің бетін ашып алу қажет болады. Бірінші - поэзия тілінің синтаксистік құрылысы дегеннің өзі қандай мәселелерді қамтиды, екінші - өлең синтаксисіне қатысты қандай факторлар бар. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты: мәселелердің алғашқы тобы келесі топтағылардан шығарылып айқындалады. Поэзия тілінің синтаксисін зерттеу өлең тексін классикалық грамматиканың (оның ең шағын түрі - мектеп грамматикасының) схемасына салып, сондағы категориялардың баржоғын, нормалы-нормасызын түгендеп шығу емес екені айдан анық. Өлеңді сөйлемнің синтаксистік құрылымын сөз еткенде, ең алдымен, оның қара сөздегі (әдеттегі) сөйлем құрылымынан түбірлі айырмасын ескеру қажеттігі туады. Өлеңді сөйлем- ерекше сөйлем. Бірақ оның ерекшелігін прозадағы сөйлем құрылымы түп-тамырымен бұзылып, сөйлем нормасына деформация жасалады деп ұғынуға болмайды. Өлеңдегі синтаксис ырғаққа (ритмикаға) байланысты құрылатындығымен ерекшеленеді. «Поэт как бы ставит задачу «оправдать ритм»9. Сонымен қатар өлең сөйлемдері буын, бунақ (өлшем- метрика) тәртіптеріне қарай қара сөздегіден басқаша құрылады». 10

Демек, бұл жерде (өлеңде) кейбір ғалымдар (Б. Эйхенбаум, О. Брик) көрсеткендей, жалаң синтаксис емес, ритмика-синтаксис (дәлірек айтсақ, ритмикалы синтаксис) құбылысын зерттеуіміз керек. Бірақ қайткенде де өлең синтаксисі мен жалпы синтаксис екеуі - екі бөлек дүние емес. Өлең тіл нормасынан шығып кетпейді, соның заңдарына сүйенеді. 11 Керісінше, проф. Қ. Жұбанов дәл айтқандай, ол әдеби тіл нормасын белгілеуге әсерін тигізеді: « . . . Художественная литература действительно отличается (особенно когда она стихотворна) от обыденной, т. н. «рассудочной» речи своим синтаксисом, морфологией и лексикой, но тем не менее подчиняется известному закону, более того, задает тон в установлении грамматических законов языка». 12 Қара сөзбен берілген ойымызда сөйлемдер өзара тығыз байланысып, күрделі синтаксистік тұтас дүниелер құрайтын болса, өлеңде оның тармақталуына, тармақтардың ұйқасуына, әсіресе, өлеңнің шумақтарға бөлінуіне қарай ондағы сөйлемдердің бір-бірімен топтасуы тіпті күшті болады13: өлеңдегі сөйлемдер өзіне тән әр алуан тәсілдермен берік жымдасып, «цементтеліп» қалады. Демек, өлеңді фразаны, не сөйлемді, немесе сөйлемдер тіркесін талдағанда, оларды қарапайым (қара сөздегі) синтаксис категорияларына қарай бұтарлай салуға болмайтындығы былай тұрсын, өлең синтаксисін өзіне тән тәсілдерді қоса қамтып зерттеуге мәжбүрміз. Қара сөз синтаксисіне қарағанда, өлеңді сөзде сөйлемдердің бір-бірімен байланысу амалдарында синтаксистік қайталаулар, яғни жарыспалы сөйлемдер тобы болуы тәрізді немесе сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібінде инверсия, өлең тасымалы (стиховой перенос) тәрізді өзгешеліктер көзге түседі. Орыс тіліндегі өлең құрылысын зерттеуші Н. С. Поспелов өлең тілінің синтаксисін күрделендіретін алты түрлі факторды ескеруді ұсынады. Олар: 1) өлең тармағындағы сөздердің мейлінше тығыз топталатындығы; 2) өлең тармақтарының бірінен екіншісіне көшкенде, синтаксистік байланыстың әлсірей түсетіндігі және керісінше, вертикаль байланыс дегеннің пайда болатындығы; 3) өлеңдегі сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруда әрқилы тәсілдердің қолданылуы, олардың ішінде шылаулардың байланыстырушылық (присоединительная) рөлі; 4) инверсия мен әртүрлі ұйқастыру тәсілдерінің рөлі; 5) өлең тасымалының синтаксистік қызметі; 6) өлеңнің шумаққа бөліну-бөлінбеуіне қарай тармақтардың өзара бірігу ерекшеліктері. 14 Орыс өлеңінің синтаксисін зерттеген бұрынды-соңды еңбектердің күллісін пайдалана, ескере келе ұсынылған бұл пікірді кәдемізге жарата отырып, барлығын түп-түгел қазақ өлеңінің синтаксистік құрылымына көшіре салуға болмайтындығын көрсетеміз. Өлең табиғаты прозадан өзгеше келетіндігі барлық тілде де бар факт болғанымен, сөз жоқ, өлең заңдылықтары ұлттық болып табылатындығын айтқан пікірлерді біз де қостаймыз. Бұл тұжырымды Б. В. Томашевский «Стих и язык» деген еңбегінде бірнеше рет қайталап келтіреді. «Ритмизируемый материал по природе своей национален», «но в общем случае стихотворная система основывается на свойствах родного языка». «Как бы ни был специфичен и своеобразен строй стиха, этот строй принадлежит языку и неповторим за пределами национальных форм речи. В этом причина того, что поэзия остается всегда наиболее национальной формой искусства». 15 Егер өлең заңдылықтары ұлттық жеке тіл нормаларынан тыс құрылатын болса, олар дүниежүзіндегі тілдердің бәріндегі өлең үшін ортақ болған болар еді. Шындығында, олай емес. Ортақ заңдар да бар, сонымен қатар әр тілдің өзінің құрылымдық белгілеріне және әдеби дәстүріне орай, сол тілдегі өлеңнің құрылысында өзіне тән (немесе сол семьядағы тілдердің көпшілігіне тән) өз заңдылықтары және болады. Мысалы, орыс зерттеушілері көрсеткен факторлардың бірқатары қазақ өлеңінде не мүлде есепке ілінбейді, не өте әлсіз, немесе оның белгілі бір дәуірдегі сипаты қазіргіден өзгеше болып келеді. Айталық, өлең тасымалы - орыс поэзиясында XIX ғасырдың өзінде-ақ, мысалы, Абай көп оқыған Пушкинде әлдеқайда кең қолданылған тәсілдің бірі болса, өткендегі қазақ өлеңінде, оның ішінде Абайда, әлдеқайда әлсіз, сирек құбылыс. Бұл - орыс поэзиясындағыдай өлең материалын синтаксистік жағынан ұйымдастыратын негізгі амалдың бірі ретінде көріне алмайды. Сол сияқты орыс өлеңінде тармақтардың жоғарыдан төмен қарай іліктесуі, яғни тармақ басындағы сөздердің тығыз байланысты болып келуі (вертикальная связь строк немесе синтаксическая унизывание по вертикали начальных слов в смежных строках) - өлең синтаксисін талдауда ескерілетін факторлардың бірі. Мысалы, Пушкиннің «Медный всадник» шығармасындағы: Из тьмы лесов, из топи блат Вознесся пышно, горделиво, - дегенінде «Из тьмы . . . вознесся» . . . болып, тармақтар басына бір-бірін айқындай түсетін баяндауыш пен соған қатысты пысықтауыш орналасқан. 16 Ал қазақ өлеңі үшін тармақтардың бұл тәрізді жоғарыдан төмен қарай байланысуы тән емес. Сондай-ақ орыс өлеңінің синтаксистік құрылысында бірнеше тармақты бір тұтас единица етіп құрастыруда и, или тәрізді жалғаулық шылаулардын рөлі зор, бұлар мұндайда жалғастырушылық (сочинительный) емес, байланыстырушылық (просоединительный) қызмет атқарады. Ол күрделі синтаксистік тұтастыққа енген сөйлемдердің ең соңғысының алдында тұрып, оны алдыңғы тармақтармен байланыстырады. 17 Бұл тәсіл Пушкинде өте жиі қолданылғанын Н. С. Поспеловтің арнаулы талдауынан көреміз. Ал қазақ өлеңіне бұл фактор да жанаспайды. Жалғаулық шылаулар қазақ өлеңінде байланыстырушы, топтаушы рөл атқармайды (салаласқан жай сөйлемдер арасында келуі бұл қызметке жатпайды), қазақ өлеңінде осы рөлді өзге грамматикалық элементтер атқарады. Айталық, бірнеше сөйлемді бір тұтастыққа топтауда өткен шақ көсемше тұлғасының рөлі көзге түседі. Сол сияқты, біздіңше, қазақ тілінде (және жалпы түркі тілдерінде) тәуелдік жалғаулы сөздің синтаксистік тұтас единица жасаудағы қызметі айрықша танылады. Бұлардан басқа есімдіктер арқылы топтасу да - қазақ өлеңінде, біздің байқауымызша, әлдеқайда актив тәсіл (бұл тәсілдердің әрқайсысы жайында кейін арнайы тоқталамыз) . Сондай-ақ ортақ белгілер де бар. Қай тілде де өлең синтаксисі проза синтаксисінен әлдеқайда күрделірек келеді. Б. В. Томашевскийдің байқауынша: «У Пушкина проза обладает значительно более простым синтаксисом, чем стих, обладающий гораздо более сложным аппаратом соотношений и связей». 18 Дәлірек айтсақ, қара сөз көтере алмайтын кейбір конструкцияларды өлең синтаксисі жеп-жеңіл көтеріп түрады. Ол ауырлықтар, біздіңше, қазақ тілінде ұлан-ұзақ сөйлемдерді сыйыстыру тәсілін қолданған сәттерде (мысалы, Абайдың «Жайнаған туың жығылмай» деп басталатын өлеңін алыңыз), әрқилы параллельдерді молынан келтірген кездерде (мысалы, «Сегізаяқты» қараңыз), инверсия тәсілін пайдаланған жерлерде үнемдеу принципін ұстап, сөйлем мүшелерін немесе шылауларды түсіріп құрған тұстарда болады. Осындай жерлердің барлығы прозада болса, сөйлем және сөйлемдер тобы (күрделі синтаксистік тұтастық) не түсінуге ауыр, не мүлде түсініксіз болып шығар еді. Абайдың мына бір шумақ өлеңін қара сөзбен жазып, проза түрінде оқып көрсек: «Көңіл қайтты достан да, дұшпаннан да, алдамаған кім қалды тірі жанда, алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, жалғыз-жарым болмаса анда-санда» деген варианты прозадағы былайша құрылған вариантынан әлдеқайда күрделі: «Достан да, дұшпаннан да көңіл қайтты, [өйткені] анда-санда [кездесетін] жалғыз-жарым [ы] болмаса, алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, [солардың ішінде] тірі жанда алдамаған кім қалды?» Бұл конструкцияның өлеңді құрылысында ең алдымен инверсия күшті, ол бір сөйлем аясында да, сөйлемдердің өзара орналасуы саласында да бар, екіншіден, айтылмақ ой компоненттерін бір-бірімен дәнекерлейтін жеке сөздер мен шылаулар түсірілген, үшіншіден, бір жерге едәуір көп сөйлем шоғырланған. Бірақ осының барлығын оңай көтеріп тұруға өлең ырғағы мен өлшемі себепші болып тұр; әрбір тармақтың интонациялық оқшаулығы олардың әрқайсысына жеке-жеке ой екпінін түсіреді; өлеңнің тармаққа бөлінуі арқылы әр тармақ не жеке сөйлем, не күрделі сөйлем мүшесі болып ұйымдасады да, кейін бастарының құрасуына жеңілдеу соғады. Белгілі бір айтылмақ ой тұтастығы, мағынасы бір-біріне қатысты жеке сөйлемдердің қатар айтылуы (соположение), субъектінің ортақтығы - осылардың барлығы бұл конструкцияны дұрыс ұғынылатын өлең шумағына айналдырады. Қай тілдің болмасын өлең табиғатына тән бұл тәрізді белгілер қазақ өлеңінің де синтаксисін талдауда еске алынады. Сөйтіп, өлең тілінің синтаксисін танып-білуде жалпы өлең табиғатына сай барлық тілге ортақ факторлармен қатар, өлеңнің әр тілдегі ұлттық ерекшелігін қоса тауып, талдауға мәжбүрміз. Ортақ белгілердің өзінде әр тілдің структуралық құрылысы мен әдеби дәстүріне байланысты ерекше назар аударатын сәттері болады. Қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай поэзиясының синтаксисін талдағанда, оған тікелей қатысты мынадай факторларға назар аударамыз. Өлең түрінде ұйымдастырылған күрделі синтаксистік тұтастықтың жігін ажыратып талдауда өлеңнің белгілі бір тәртіппен шумаққа бөлінетін-бөлінбейтіндігінің және қандай шумаққа бөлінетіндігінің мәні бар. Айталық, 11 буынды, төрт тармақты шумақта көбінесе алдыңғы екі тармақ жеке-жеке екі сөйлем немесе синтаксистік параллель құрайтын екі сөйлем болады, соңғы екі тармақ бір сөйлем болып келеді және ол көбінесе құрмалас сөйлем болады. Мысалы: 1. Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын, 2. Түбін ойлап, уайым жеп айтқамын. 3. Ақылдылар арланып ұялған соң, 4. Ойланып түзеле ме деп айтқамын (I, 173) . 19 Ал шумақ емес, тирадаға бөлінетін 7-8 буынды жырда мұндай зандылық жоқ: кейде қысқа жеке жолдың өзі бір сөйлем, кейде 2-3, тіпті 3-4 жол бір-ақ сөйлем болып құрыла береді.

Мұның өзінде де сөйлемнің немесе сөйлемдер тіркесінің басталып-аяқталар шегі тирадаға топталған тармақтарға байланысты. Мысалы, Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген 7-8 буынды өлеңінде шығарманың өн бойында қайталап отыратын ұйқас әрбір жеке ойды (сөйлемді не сөйлемдер тіркесін) аяқтап отырады, бірақ әрбір аяқталған ойды (высказывание) құрайтын тармақ саны біркелкі емес, сөйлемнің мағынасына қарай бірде бес-алтау, бірде төртеу, бірде үшеу болып келеді. Мысалы: І ой 1) Келдік талай жерге енді, 2) Кіруге-ақ қалдық көрге енді. 3) Қызыл тілім буынсыз, 4) Сөзімде жаз бар шыбынсыз, 5) Тыңдаушымды ұғымсыз 6) Қылып Тәңірім берген-ді. ІІ ой: 1) Осы жасқа келгенше, 2) Өршеленіп өлгенше, 3) Таба алмадық еш адам 4) Біздің сөзге ергенді. III ой: 1) Өмірдің өрін тауысып, 2) Білімсізбен алысып, 3) Шықтық, міне, белге енді (I, 117) . Шумаққа бөлінетін өлеңдерде симметрия принципі күшті сақталады. Абайдың 11 буынды, 4 тармақты қара өлеңдерінен гөрі, өзге өлшемдегі өлеңдерінде қатар тұрған жеке тармақтар параллель конструкциялар құрайды: Өткірдің жүзі, Кестенің бізі . . . Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ . . . Көзімнің қарасы, Көңлімнің санасы . . . Әрине, параллелизмдер бір тармақтың ішінде де болады:

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық . . .

Кей құрбы бүгін тату, ертең бату . . .

Тіпті проза тіліне де, әсіресе, Абай прозасына, параллелизм принципі жат емес. Мысалы, Абайдың «Қара сөздерінде» кездесетін: Көкіректе сәуле жок, көңілде сенім жоқ (II, 165) . Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен (II, 170) тәрізді құрылымдарда параллель элементтер бар. Бірақ өлеңдегідей, оның ішінде Абайдың жаңа өлшемді өлеңдеріндегідей (мысалы, «Сегіз аяқтағыдай») таза параллельдер проза тілінде де, қара өлеңде де система емес. Демек, өлеңнің шумаққа қалай бөліну түрі оның синтаксисіне тікелей әсер етеді. Өлең синтаксисіне қатысты құбылыстың тағы бірі- өлең өлшемі (метрикасы) . Өлең тармағын құрайтын буын санының аз-көптігіне орай олардың біршама аяқталған ойды берудегі сыйымдылығы да әрқилы болады. Тармақтың буын саны неғұрлым аз болса (төрт, бес, алты), ондағы сөйлемдер де соғұрлым шағын, қарапайым болып келеді. 20

Болды да партия

Ел іші жарылды (I, 220), -

деген 6 буынды екі тармақта бар болғаны үш мүшеден (бастауыш - ел іші , баяндауыш - жарылды , пысықтауыш - партия болды да ) құрылған бір ғана сөйлем берілген, ал:

Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,

Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін (I, 173), -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поэзия мен проза
Дауыс
Ауызша сөз нормаларын оқытудың психолингвистикалық негізі
Көркем шығарма бойынша оқушылармен пікір алмасу
Мәнерлеп оқудағы тіл заңдылықтары
Сөздің лексикалық мағынасы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АНА ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы
Сөйлем мен сөз тіркесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Сөз тіркесінің синтаксисі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz