Музыканың өнер түріндегі маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЖЕЗҚАЗҒАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

“ Педагогика, психология және жекелеген пәндер

әдістемесі” пәндік циклдік комиссиясы

“ Музыка теориясы және оқыту

әдістемесі “ пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп жасына дейінгі балалардын

музыкалық қабілетін дамыту жолдары

Қабылдаған: М. З. Кулмаганбетова

Орындаған: Тлеген А

Жезқазған-2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Болашақ ұрпақтың білімділігі мен оның рухани байлығы -әлемдік өркениетке жетер бағыттағы Қазақстан Республикасының гүлденуіне кепілдік болар бірден-бір жолы-музыка.

Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалынып жатқаны белгілі. Тәуелсіз мемлекеттің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау-бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие жұмыстар мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық-әлеуметтік үдегістерге сай, жаңаша түсінік таныммен жан - жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.

Музыка адамзаттың рузани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтынұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемдігімен, нәзіктігімен сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез құлықтарын қалыптастыруына әсерін тигізеді. Олай болса бұлақ көрсең көзін аш-деген нақыл сөздің өзі адамды алға жетелейді. Өнерлі балаларға демеу көрсетіп, алғашқы қадамына балабақшадан бастап жол ашса, болашақ ұрпақтың тамыры тереңінен қаланады деп ойлаймын.

Балабақшадағы балаларға берілетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада-дыбыс, суретте-бояу, тіл дамытуда-сөз арқылы жасалынған. Көркем бейнелер негізінде баланың дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығымен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Музыка сабағында балаларды музыка өнеріне баулу, олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне көз қарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді.

Балабақшада іс - әрекет ретінде музыка сабағы біріншіден өнер сабағы деп аталады. Музыка сабағында балалар ән салу саз аспаптарында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс-әрекетпен айналысады. Музыка сабағының өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар мектеп пәні ретінде басқа сабақтармен ұқсастығы да бар.

Аспаптарда ойнау, ән айту, жаттау еңбек нәтижесі. Ал оны үйрету-педогогика ғылымы. Оған Қорқыт, Баласұғын, Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай, Құрманғазы, Махамбет, Ақансері, Біржансал, Мұхит, А. Жұбанов, Н. Тілендиев секілді атақты күйші, әнші, жыршы ағаларымыздың еңбектерін жатқызуға болады.

Музыка сабағын жетілдіру үшін балаларға сабақты қарапайым тілмен жеткізіп, соның ішінде әсіресе мектепке дейінгі ұйымдарда көбінесе ойын түрлерімен қызықты да тартымды өткізілсе, сабақ әрқашан жоғары сапада өтіледі. Сонымен қатар балалардың музыкаға деген құштарлықтары жоғарылай түседі.

Балалар музыкасы - балалардың орындауына және тыңдауына арналған музыка. Балалар музыкасы нақтылығымен, бейнелі мазмұнымен, қарапайымдылығымен, айқындылығымен ерекшеленеді. Балаларға арналған музыканың негізіне халық ертегілері, табиғат, жан-жануарлар әлемі арқау болады. Балалар музыкасы ән, хор, аспаптық пьеса, оркестрлік шығарма, сахналық-музыка туынды болып бөлінеді. Балалар музыкасы балалардың орындаушылық мүмкіндігіне сай шығарылады. Мысалы, әннің дауыс диапазоны, дыбыс шығару ерекшелігі, дикциясы; аспаптық шығармада орындау техникасының қарапайымдылығы ескеріледі.

Музыка сабағында музыкалық іс-әрекетерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары тиімді әдіс-тәсілдердің бірі болып келеді. Болашақ ұрпаққа музыка сабағында инновациялық әдістер арқылы ұлттық тәлім тәрбие беруде тиімді ізденістермен әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педогогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаз, музыка жетекшісінің міңдеті екені сөзсіз.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға қазақтың ұлттық аспаптарын ұстатып, халқымыздың ұлттық әндері мен күйлерін тартқызып үйретсе, нұр үстіне нұр емес пе?. .

Қазақтың ұлттық аспаптар негізінде қалыптасып жеткен тәрбие көзі-жас бүлдіршіндерді өз Отанының азаматы болуға баулып, оның ұлттық көз қарасымен санасын оята отырып, эстетикалық әсемділікке жетелейді.

1. БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

  1. Музыканың өнер түріндегі маңызы

Музыканың адамның рухани дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге болады?

Бәрінен де бұрын адамдардың өмідің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Халық шаттық құшағында екен-музыка әуені де салтанатты, қуаншты, ал солдат жорықта келе жатып ән салады екен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық өнер
Музыканың басқа өнермен байланысы
Балалар бақшасындағы тәрбиенің маңызы мен міндеттері
Музыка танушылар мен ғалымдар музыкалық білім жөнінде
Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас)
Философия және өнер
Фарабидің музыкалық ілімі
Музыкалық тәрбие
Музыкалық білім саласындағы музыкалық ойлау ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz