Банктік салымдар шартына түсінік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым мининстрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Азаматтық құқық пен іс-жүргізу кафедрасы

Курстық жұмыс

тақырып: Банк салымы келісім-шарты банк қатысуымен азаматтық-құқықтық келісім шарттарының түрі ретінде

Пән: ҚР азаматтық құқығы
Мамандығы 5В030100-Құқықтану

Орындаған: Иртаев.Д.К. күндізгі оқу нысанының 2 курс студентті
Топтың нөмірі 18.400.11

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ахмединова К.К

Курстық жұмыс қорғауы
болған күні ___ _______20__ ж.
Бағасы_________________

Қостанай,2020

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 БАНК САЛЫМЫ ШАРТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... 6
1.1 Банктік салым шартының ерекшеліктері мен негізгі түрлері...6
1.2 Банк салымы шарты бойынша сыйақы ... ... ... ... ... ... ... . .7
1.3 Салымдарды енгізу шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2 Банктік салымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Банктік салымдар шартына түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Шарт мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ...15
3 Банктік салым шартын талдау(АТФ БАНК АҚ МЫСАЛЫНДА).18
3.1Банктің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... .18
3.2Шартты мерзімінен бұрын бұзу және салымға кепілдік беруі.19
3.3Қорытынды ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...25

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі Банктеріндегі депозитті коперациялар жалпы банкті коперациялардың ішінде өздігінше манызды роль ойнайды. ҚР АК-нің 756-бабына сәйкес, банк салымы шарты бойынша біртарап (банк) екінші тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрi үшiн заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді [1].
Коммерциялық банктер шаруашылық қатынастардың басқа Субъектілері тәрізді өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі-бір ақша қаражаттарын иеленуі керек. Қазіргі Кезде ресурстарды қалыптастыру мәселесі алдыңғы қатарға қойылады.Өйткені, банк қызметінің көлемі ресурстардың көлеміне байланысты.
Банктік Ресурстар оның иелігіндегі және активті коперацияларды жүзеге асыруда Қолданылатын меншікті және тартылған қаражаттардың жиынтығы болып табылады.Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің,халыктынжәнебасқа да банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде тартады.
Банктер тартатын қаражаттар құрамы бойынша әртүрлі болып табылады. Олардың негізгі түрлері - банктердің клиенттермен жұмысістеу барысындағы тартқан қаражаттары (депозиттер) және банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерін шығару жолымен жинақтаған қаражаттары (салым және жинақ сертификаттары) болып табылады. Банктің пассивті коперацияларды жүзеге асыру барысындағы Ресурстық базасын қалыптастыруы оның активті коперацияларына қатысты маңызды роль ойнайды.
Банктік ресурстардың негізгі бөлігі банктің депозитті коперацияларын жүргізуінен қалыптасатыны белгілі. Оның қызметінің тұрақтылығы депозитті коперацияларын тиімді жүргізуіне шартының мәнін анықтауда пікір аластыратын негізгі мәселелер оның құқықтың табиғатының мәселелері, банк салымы мен қарыздың ажырату мәселелері, сондай-ақ меншік құқығын немесе салымдағы ақшаға клиент пен банктің басқадай субъектілік азаматтық құқығын анықтау болып табылады [2, 35 б.].
Осыған байланысты ресурстық потенциалды өсіру және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері өзекті мәселеге айналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі банктік қызмет көрсету
шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін көрсетеді:
1. Банктік шот шарты;
2. Акша аудару шарты;
3. Банк салымы шарты, ол негізінен несиелік қатынастарды қамтамасыз ететін болғандықтан жоғарыда қарастырылып өткен;
4. заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт түрлері.
Банктік шот шарты бұл - кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің
құрамына кіретін құқықтық қатынас. Онда осы шарттық қатынаспен қатар әрқашан да төлемдерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық қатынастарда туындайды. Яғни, есеп айырысу міндеттемелерін жүзеге асыру әрқашан осы қатынастардың орыналуына тәуелді болады.
Банктік шот шарты бойынша біртарап (банк) екінші тарапқа (клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банк салымы шарты бойынша біртарап (банк) екінші тараптың
(салымшыданакша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.
Біздің осы тақырыптытаңдапалғансебебіміз де осы тақырыптың
маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты - Банктік салым шартын жетілдіру Бойынша сыныстар жасау болып табылады.Аталған мақсаттан шыға отырып, жұмыстың келесі міндеттерін анықтаймыз:
-- банк салымы шарты туралы жалпы түсініктерді беру;
-- банктік салым шартының ерекшеліктері мен негізгі түрлеріне тоқталу;
- банк салымы шарты бойынша сыйақы мөлшері туралы деректер келтіру;
- салымдарды енгізу шарттарын қарастыру.
- Қазақстан Республикасының банк салымы ерекшеліктерін анықтау;
-- банк салымының банктердегі қолданылуын талдау;
Курстық жұмыстың міндеттері, оның өзектілігі мен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз Азаматтық кодексте көрсетілген Банк салымы келісім-шарты банк қатысуымен азаматтық-құқықтық келісім шарттарының түрі ретінде тақырыбының өзектілігін ашып толыққанды сипаттау.Осы міндетіміз:мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі нысаны мен мазмұнына, сондай-ақ, олардың жекеленген түрлеріне және банктік шартта қатысатын қатысушылардың құқықтық жағдайларын
анықтап, толық дәрежеде сипаттау.
Зерттеу пәні - коммерциялық банктердің банк салымы шартын жүргізу процесінде қалыптасатын қатынастар жүйесі болып табылады.
Жұмыстың зерттеу обьектісі - ҚР коммерциялық банктердегі банк салымы шартының түрлері, қазіргі жағдайы және жүзеге асырылу механизмі болып табылады. Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық Банктің статистикалық деректері, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің есеп деректері қолданылды.Сондай-ақ, жұмыста Ғ.С. Сейтқасымов, Н.Н. Хамитов, УМ.Искаков,Б.Ж. Ермекбаева еңбектері пайдаланылды.Құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім), ҚР Банктер мен банктік қызмет туралы Заңы, ҚР Ұлттық Банктің нормативтік құжаттары мен әртүрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
Қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАНК САЛЫМЫ ШАРТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Банктік салым шартының ерекшеліктері мен негізгі түрлері
Банк салымы шарты бойынша біртарап (банк) екінші тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды кайтаруға міндеттенеді.
Салымдар түрінің әрқайсысы бойынша банктер клиенттің ақшасын есепке алу мақсатындаоғанбірыңғайландырылғанде рбес код береді.Бірыңғайландырылған дербес кодты беру, жою, клиенттің ақшасына есеп жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгіленеді.
Банк салымдарыныңерекшеліктеріҚазақстанР еспубликасының банк қызметін реттейтін заңнамалық ктілерінде белгіленуі мүмкін.
Салымдарды қайтару талаптарына қарай олар мынадайтүрлерге бөлінеді:
1) талап етілмелі салым;
2) мерзімді салым;
3) шартты салым.
Талап етілмелі салым салымшының бірінші талап етуі бойынша толық немесе ішінара қайтарылуға тиіс.
Мерзімді салым белгілі бір мерзімге салынады.
Шартты салым банк салымы шартында белгіленген мән-жайлар болғанға дейін салынады.
Мерзімді салымды салымшы белгіленген мерзім өткенге дейін, ал шартты салымды банктік салым шартында белгіленген мән-жайлар басталғанға дейін талап еткен жағдайда салым бойынша сыйақы, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, талап етілмелі салым бойынша белгіленген мөлшерде төленеді.
Банк салымы шарты жазбаша түрде және заң актілерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде және Банктік тәжірибеде қолданылып жүрген іскерлік айналымдағдыларында белгіленген талаптарға сай жасалуға тиіс.
Салымшының талапетуі бойынша салымның жасалғанын куәландыратын құжат не оның атына, не белгілі бір үшінші тұлғаның атына ресімделуі мүмкін.
Банк салымының жазбашаны санын сақтамау осы құқықтың жарамсыздыгына әкеп соғады.
Банк салымы шарты салым сомасы банкке келіп түскен күннен бастап жасалған болып саналады.
Талапетілмелі банк салымышартымерзімсізболыптабылады.
Салымшы мерзімді салымның сомасын оның мерзімі өткеннен кейін,сондай-ақ шартты салымның сомасын банк салымы шартты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар пайда болғаннан кейін талап етпесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, банк салымы шарты талап етілмелі салым шарттарымен ұзартылған болып саналады.

1.2 Банк салымы шарты бойынша сыйақы

Банк салымшыға банк салымы шартында белгіленетін мөлшерде салым сомасына сыйақы төлейді.
Егер банк салымышартындаөзгешекөзделмесе, банктіңсалым бойынша сыйақының мөлшерін бір жақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ.
Банк салымы шарты бойынша банк сыйақыны банк салымы шартында белгіленген тәртіппенжәнемөлшердетөлейді.
Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, банк салымы бойынша сыйақы салымшыға оның талап етуі бойынша әр тоқсан аяқталғаннан кейін салым сомасынан бөлек төленеді, ал бұл мерзімде талап етілмеген сыйақының сомасы салымның сыйақы төленетін сомасын арттырады.
Салымды қайтару кезінде салымшыға сол кездегі оған тиесілі барлық сыйақы төленеді.
Талап етілмелі салым бойынша салымшы салым бойынша өзіне тиесілі сыйақыны салым сомасынан бөлек алуға құқылы.
Мерзімді салым бойынша да салымшы салым бойынша өзіне тиесілі сыйақыны оның мерзімі аяқталғанға дейін салым сомасынан бөлек алуға құқылы, бірақ бұл ретте, банк салымы туралы шартта өзгеше көзделмесе, сыйакының мөлшері банк талап етілмелі салым үшін қолданатын мөлшерге сәйкес қайта есептелінеді.
Салым мерзімінің аяқталуы бойынша салымшы
өзіне тиесілі сыйақыны ол салымды талап ете ме немесе етпей ме оған
қарамастан, толық мөлшерде алуға құқылы.
Шартты салым бойынша салымшының оған тиесілі сыйақыны салымның сомасынан бөлек алуы банк салымы шартында белгіленген
тәртіп пен жүргізіледі.
Сыйақы салымды қайтару үшін көзделмеген мерзімдерде және нысанда төленеді.
Салымды толық қайтару кезінде салымшыға сол кездегі өзіне
тиесілі барлық сыйақы төленеді.
2006 жылдың 1 шілдесінде жинақ ақшаларын банк шоттарында сақтайтын халықтың құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заң қабылданды. Одан бері
талай уақыт өтті, ал кепілдік тұрақты болып қалды. Міне, сол себепті біздің банктік жүйеміз соңғы дағдарыстан аса қиналмай өтті: салымшылардың үрейіқ ашканжоқ, ең маңыздысы да осы.
Сонымен, әрбір салымшының сенімі келесі қағидаттарға негізделген:
Қазақстанда жеке тұлғалардың барлық депозиттері кепілдендірілген.
Яғни банктің мәжбүрлі түрде таратылған жағдайында, салымшыларға депозиті бойынша кепілдік берілген өтем төленетін болады.
Сонымен қатар жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің банктегі кезкелген депозиті немесе банк шоты карточкалық шотын қоса) кепілдендірілген болып табылады.
Депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізуге арналған лицензиялары бар әрбір банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылады.
2. Салымшыларға берілген кепілдік - мемлекеттік. Қазақстанның
депозиттерге кепілдік беру қоры АҚ (Кор), депозиттерді кепілдендіруді
жүзеге асырады.
Қордың құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Қор -- 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым.
Осы жылдардың ішінде Қор мәжбүрлі түрде таратылған Көмір банк, Наурыз банк Қазақстан және Валют-Транзит Банк салымшы-
ларына кепілдік берілген өтемді төледі.
3. Банктің мәжбүрлі түрде таратылу жағдайында әрбір салымшыға
кепілдік берілген өтем төленеді. Төлем мөлшері сыйақыны есептемегенде салым (депозиттер) бойынша ақша қалдығына тең, бірақ бес миллион теңгеден аспайды.
Дегенмен, мұнда бір қызықты ерекшелік бар: егер банк салымынын шартына сәйкес салым бойынша есептелген сыйақы капиталдандырылатын болса, онда ол да кепілдік берілген өтем сомасының есебіне қосылады.
4. Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы (теңге) және шетел валютасындағы (евро, доллар, рубль жәнет.б.) шоттары кепілдендірілген.
Сонымен қатар келесі жағдайды ескеруіңіз қажет, кепілдік берілген өтем тек қана теңге мен төленеді. Шетел валютасындағы депозиттің көлемі банкті мәжбүрлі түрде тарату туралы сот шешiмi заңды күшіне енген күннен бастап валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгеде қайта есептеледі.
5. Кепілдікберілгенөтемніңеңжоғарғысом асы - бес миллион теңге.
Егер сіздің депозитіңіздің мөлшері бұл сомадан жоғары болса, онда банктің
мәжбүрлі түрде таратылған жағдайында қалған соманы алу үшін сіз банктің тарату комиссиясына өтініш беруіңіз қажет.
6.Кепілдік берілген өтемді есептеген кезде клиенттің берілген банктегі барлық депозиттері бойынша қалдық ақшалары жинақталады. Яғни егер салымшының бір банкте бірнеше шоттары болса, онда төленетін кепілдік берілген өтемнің жинақталған мөлшері бес миллион теңгеден аспайды.
Сонымен қатар салымшылардың басқа банктерде салым ашуына құқығы бар,бұл олардың тәуекелдерін ықшамдауға себебін тигізеді.
7. Банктің мәжбүрлі түрде таратылуы және кепілдік берілген өтемді төлеудің басталуы туралы хабарландыру банкті мәжбүрлі түрде тарату туралы сот шешiмi заң күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде жарияланады. Қор сәйкесінше хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде республикалық БАҚ-та жариялайды.
Бұл хабарландыруда төлем
кезеңі, сондай-ақ Қор конкурстық негізде іріктейтін және төлемді жүзеге
асыратын агент-банктің атауы көрсетіледі.
8. Кепілдікберілгенөтемдіалуүшінқажетт іқұжаттар. Қордың хабарландыруда көрсеткен мерзімі ішінде салымшылардың кепілдік берілген өтемді алу үшін төмендегідей кұжаттармен агент-банкке өтініш жасағандары жөн:
- банк шоты (банк салымы) шарттарының және салым бойынша
басқада күлкагтардың түп нұсқасы және көшірмелері;
-- салымшының жеке куәлігінің түп нұсқалары және көшірмелері;
-- кепілдік берілген өтемді алу туралы жазбаша өтініш. О.Хабарландыруда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, бірақ банкті
тарату аяқталған күннен бастап біржылдан кешіктірместен салымшы қорға кепілдік берілген өтемді алу туралы тікелей өтініш жасай алады.
9. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің барлығына депозиттер бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлер бекi тілген. Қор банктерге жеке тұлғалардан тартылған депозиттері бойынша
белгілі сыйақы мөлшерлемелерді ұстануды ұсынады. Қазіргі таңда ұсынылатын жылдық сыйақы мөлшерлемелері теңгеде - 9% және шетел
валютасында - 5,5 %.
10. Депозиттерді тарту бойынша тәуекелді саясат жүргізетін банктер резервтікерға, басқаларға қарағанда, көбірек төлейді.
Банктер салым арығындағы саясатын өзбетінше жүргізуге құқылы. Қор тек ұсыныстармен ғана шектеледі, мысалы ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бойынша.
Бірақ әр банктің тәуекелдеңгейі банктердің Қорға төлейтін міндетті жарналарын есептеген кезде ескеріледі. Осылайша, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап салым бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі енді банктердің депозиторларға ұйымдастырылған әртүрлі акциялар шегінде ұсынатын бонустық сыйақыны және ақшалай-заттық сыйлықтың құнын қосатын болады.

1.3 Салымдарды енгізу шарттары

Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, салымшылар салымдарды қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз аудару арқылы да енгізеді.
Талап етілмелі салым кезінде салымшы ақшаны кезкелген сомада
және кез келген кезеңде жекелеген жарналар мен енгізе алады. Бұл ретте жаңа түскен сомалар бойынша сыйақы есептеу, сыйақының банкке ақша түскен күні қолданылған мөлшеріне қарай жүргізіледі.
Мерзімді салымдар, сондай-ақ шартты салымдар кезінде, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, салымшы ақшаны бір жолғы жарна түрінде енгізеді.
Банке үшінші тұлғалардан салымшының атына оның бірыңғайландырылған дербес коды туралы қажетті деректер көрсетіле отырып түскен ақша салымға енгізіледі.
Банке салым белгілі бір үшінші тұлғаның атына енгізілуі мүмкін.
Пайдасына салым енгізілетін азаматтың атын немесе заңды тұлғаның атауын көрсету тиісті банк салымы шартының елеулі талабы болып табылады.
Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың не сол кезде болмаған заңды тұлғаның пайдасына банк салымы шарты жарамсыз болады.
Үшінші тұлға салымшының құқығынан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда банк салымы шартын жасаған тұлғасалымға өзі енгізген ақшаға қатысты салымшының құқықтарын пайдалана алады. .
Үшінші тұлғаның пайдасына шартты салым енгізген жағдайда, ол банк салымы шартында көзделген талаптарды сақтаған кезде ғана оларға билік етуге құқылы. Бұл талаптар басталғанға дейін үшінші тұлға салымға тек салым енгізген тұлғаның жазбаша рұқсаты бойынша ғана билік ете алады.
Салым бойынша талап, банк салымы шартында жазбаша түрде жазылуға, заң актілеріне қайшы келмеуге және салымды беруді қиындататын түсініксіздігі болмауға тиіс.
Шартты салымды алу үшін үшінші тұлға банкке белгіленген талаптарды орындағандығын растайтын құжаттар табыс етеді.
Үшінші тұлғаның пайдасына шартты салым енгізген тұлғаның: үшінші тұлға осы талаптын орындалғанын растайтын құжат ұсынбаған жағдайда, өзі белгілеген талаптарды өзгертуге; үшіншітұлға салым енгізу кезінде көрсетілген талапты орындамаған не ол банк салымы шартында көзделген талапты орындағанға дейін қайтыс болған жағдайда салымға билік етуге құқығы бар.
Үшінші тұлғаның пайдасына шарт туралы ережелер, егер ол осы
баптың ережелеріне қайшы келмесе, үшіншітұлғаның пайдасына банк
салымы шартына қолданылады.
Банк салымды немесе оның бір бөлігін салымшының алғашқы талап етуі бойынша;
1) талап етілмелі салымдар бойынша - салымшы талаптарының келіп түсуі бойынша:
2) мерзімді салымдар бойынша - банк салымы шартында көзделген мерзімнің басталуы бойынша;
3) шартты салымдар бойынша - банк салымы шарты басталуымен салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар болған кезде беруге міндетті.
Салымшының мерзімді салымды мерзімінен бұрын қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте банк салымды немесе оның бір бөлігін салымшының талабы келіп түскен кезден бастап бес күннен кешіктірмей беруге міндетті.
Шартты салымдар бойынша салымшының банк салымышарты салымның кайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар басталғанғадейін
салымды қайтарып алуға құқығы бар. Бұл ретте банк салымды немесе оның бір бөлігін осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде беруге міндетті.
Салымшының мерзімді салымды мерзімінен бұрын алу құқығынан бас тартуы туралы банк салымы шартының, сондай-ақ шарттысалымның
ережелері көзделген талаптар басталғанға дейін жарамсыз болып табылады.
Шетел валютасымен енгізілген салым, егер заң актілерінде, банк салымы шартында немесе тараптардың қосымша келісімінде өзгеше көзделмесе нақ сондай валютамен қайтарылуға тиіс.
Банк салымшының салымды немесе оның бір бөлігін қайтару туралы талабын орындамаған жағдайда сыйақыны төлеу банк салымы шартында көзделген талаптарда жалғастырылады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен банк салымын беру тоқтатыла тұруы мүмкін.
Банк өзі салған салымдарды қайтаруды қамтамасыз ету үшін пайдалануға міндетті амалдар мен әдістер заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен және банк салымы шартымен белгіленеді.

2 Банктік салымдар
2.1 Банктік салымдар шартына түсінік

1.1. Төлем картасын пайдаланумен банктік шот (əрі қарай - ТК шоты) - Төлем карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асырылған банктік операциялар көрсетілетін Салымшының банктік
шоты.
1.2. Салым - Салымшымен сақтау жəне пайыздық сыйақы ретінде қосымша табыс алу мақсатында орналастырылатын ұлттық жəне шетел валютасындағы ақша. Мерзімдік депозиттерден (депозиттер) жəне талап еткенге дейінгі салымдардан тұрады.
1.3. Салымшы - Банкпен БСШ жасайтын жеке тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті жəненемесе бейрезиденті.
1.4. Салымшы кітапшасы - банктік салым шартына қосымшатолықтыру болып табылатын құжат. Салым кітапшасында жүйелі күндермен салым бойынша жүргізілетін жазбалар көрсетіледі.
Салым кітапшасы Банк пен Салышмның есеп айырысу фактісін белгілейді, алайда есеп айырысатын тараптарға уақыт жəне мерзім бойынша белгілі бір міндеттемелерді жүктемейді.
1.5. Енгізуші - Салымшының жинақ шотына ақша енгізетін (қолма-қол ақшамен немесе қолма- қол ақшасыз аударым арқылы) салымшы не болмаса кез келген жеке немесе заңды тұлға.
1.6. Депозит - Салымшымен Банкке тікелей Салымшыға не болмаса оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаға алдын айтылған үстемемен немесе үстемесіз толық немесе ішінара алғашқы талап
бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін қайтарылатына қарамастан номинальды түрде қайтару шарттарында берілетін ақша. Мультивалюталы БСШ аясында əртүрлі валютамен бірнеше Жинақ шотын ашуға болады.
1.7. Банктік салым шарты (əрі қарай БСШ, Шарт) - Салымшының пайдасына түсетін ақша, Шартпен қарастырылған мөлшерде жəне тəртіпте сыйақыны төлеу жəне Салымның осы түрі үшін
заңнама актілерінде жəне Шартта қарастырылған талаптарда жəне тəртіпте Салымды қайтару туралы Банк пен Салымшы арасындағы келісім.
1.8. Капиталдандыру - Салым бойынша есептелген сыйақыны жинақ шоттағы ақша қалдығына аудару.
1.9. Қазақстан Республикасы - ҚР.
1.10. ТК - төлем карточка.
1.11. Дербес деректер - электрондыққағаз жəненемесе басқа материалды жеткізгіште жазылған
Салымшыға қатысты, соның ішінде келешекте туындайтын мəліметтер, сондай-ақ оларға
енгізілетін өзгертулер жəненемесе толықтырулар.
1.12. Келісім - Салымшымен дербес деректерді жинауға жəне өңдеуге ұсынылатын жазбаша келісім.
Банк салымы шарты бойынша біртарап (банк) екінші тараптың (салымшыдан) ақша (салымалуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мәтерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.
Бұл шарт банктер мен салымшыларды ниесілеуді қамтамасыз етеді. Ол заем шартына ұқсас, алайда, ол үшін 38-тараудың 4 екі тараптың құқықтары мен міндеттерін көздейтін арнайы нормалар белгіленген. Банктер кәсіпкерлік қызмет суьтектілері ретінде банктік салым шартын орындаумен байланысты қауіптерді толығымен көтереді, олар салым сомасына оны ақша капиталы ретінде пайдаланғаны үшін есептелетін сыйақыны төлеуді қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тұрғындардың , заңды тұлғалардың бос ақшаларын пайдаланудың тиімділік дәрежесін арттырады, олар өз кезегінде елеулі қауіпсіз тұрақты табысалу мүмкіндігіне ие болады.
Келтірілген тұжырымдамаға сәйкес банк салымы шарты консенсуалды, алайда іс жүзінде ол реалдыболып табылады, өйткені банктік салым шартының аясындағы құқықтық қатынастар, осының алдында қарстырылған шарт бойынша сияқты, салымшы жүгінген кезде туындайды және ақшаны ашық жинақтаушы шотқа қабылдауды талап етеді.Банктік салым шарты біржақты шарт болып табылады.
Жинақтаушы шот ашылатын болғандықтан, банктік салым шарты басқа да міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, шартпен оған жол берілетін жағдайларда жинақтаушы шоттың көмегімен сол бір немесе өзге тұлғаларм мен есеп айырысуды да жүзеге асыруға болады. Бұл Қазақстан Республикасының банктерінде банктік шоттарды ашу , жүргізу,жабу тәртібі туралы нұсқаудың 1-тармағының ережесіне негізделген онда банктің банктік салым шартында көзделген басқа қызметтерді көрсету міндеті айқын айтылған.
Банктік салым шартының нысанына қойылатын талаптар ҚР Азаматтық кодексінің 758-бабында көзделген. Ол жазбаша нысанда жасалуға тиіс.
Оған қойылатын нақты талаптар банк заңнамасымен де анықталады,соның ішінде Қазақстан Республикасының банктерінде банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы аталған нұсқаумен анықталады.Банктік салым шартының нысанына қойылатын талаптар, сондай-ақ,банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларымен де анықталады. Банктік салым шарты салымшының (банк клиентiнiң) атына рәсімделетін салымшының салым жасағанын куәландыратын (салым құжатын) құжатты шарт бекіткеннен кейін беру мен рәсімделеді.
Салым құжаттары болып депозиттік сертификат немесе салымшының кітапшасы (жинақтаушы кітапшасы) табылады. Салымшының талап етуі бойынша салымның жасалганын куәландыратын құжат не оның атына, не белгілі бір
үшінші тұлғаның атына рәсімделуі мүмкін.
Салымшы - азаматтың ол қайтыс болған жағдайда салым берілуі тиіс адамдарды көрсетуге құқығы бар.
Аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк салымдарының түрлері
Банктік қызмет көрсету
Несиелік-айырысу міндеттемесі
Республикада қалыптасқан коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау
Банк салымы шарты бойынша сыйақы
«Банк ісі» лекциялық курсы
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру туралы түсінік
Банктік салым шартының элементтері
Банктік шот және салым шарттары
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау. меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Пәндер