Сызбалар МЕСТ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Сызбаларды графикалық безендіру.

1. 1. Сызбаның түрлері.

1. 2. Атрибуттар сызба үшін.

1. 3. Тұтас, сызық сызбалары.

1. 4. Сызбадағы таңбалар.

2. КҚБЖ-ның негізгі ережелері.

2. 1. Пішімдер.

2. 2. Масштабтар.

2. 3. Сызба сызықтары.

2. 4. Сызба қаріптері.

2. 5. Сызбаларға өлшем қою ережелері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

І Кіріспе

Графика - (гр. graphein , тырнау, жазу, салу дегеннен)

  1. Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы.
  2. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
  3. Тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегімен салынатын өнер түрі.

Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады.

Графика - бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho - жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның барлық түрлері (литография, линогравюра, ксилография), плакаттық, сатиралық сурет түрлері жатады. Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т. б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварель, гуашь, пастель пайдаланылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т. б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 - 50 жылдары аралығында қалыптасты.

ІІ Негізгі бөлім
1. Сызбаларды графикалық безендіру.

Сызба - бұйымды жасап шығару немесе құрастыру үшін керекті ақпараттар түгелдей келтірілген құрылымдық құжат; КҚБЖ бойынша анықталатын шартты белгілеулер ережелерін сақтай отырып бұйымдарды проекциялар жазықтықтарына кескіндеп түсіру; бұйымдарды, негізінен алғанда машиналар, ғимараттар, мен олардың бөлшектерін әзірлеу үшін олардың қажетті өлшемдері, масштабтары, құрамын көрсетіп, сызбалап бейнелеу.

Сызбада бұйымның кескіндері көрсетіледі, ал кескіндерді өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау әдісімен орындайды. Кескіндерге өлшемдер түсіріледі және келісілген шартты белгілерді пайдаланады. Сызба конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесіне (КҚБЖ) қатысты стандарттардың талабына сай орындалады. Сызбаның негізгі түрлері: жалпы түр сызбасы; кешенді сызба; құрастыру сызбасы; тетік сызбасы.

1. 1. Сызбаның түрлері.

Жалпы түр сызбасы (Чертеж общего вида) - құрастырылған бұйымның (машинаның, механизмнің және тағы басқалардың) жұмыс жасау принципін түсінуге, оның құрамына енетін тетіктердің пішіндерін анықтауға мүмкіндік беретін құрылымдық құжат. Жалпы түр сызбасы алғаш ұсынылып отырған жаңа құрасбұйым үшін орындалады. Сызбаны талдаудың және талқылаудың нәтижесінде, машинаны жақсартуға бағытталған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Құрасбұйымның жалпы түр сызбасын тетіктеуге, яғни оның құрамына кіретін әрбір бөлшектің жұмыс сызбасын салуға болады.

  • Кешендi сызба (Комплексный чертеж) - Монж әдісімен салынған, бір-бірімен проекциялық байланыста орналастырылған тікбұрышты проекциялардың жүйесі.
  • Құрастыру сызбасы (Сборочный чертеж) - машинаны немесе механизмді құрастыру және ажырату үшін пайдаланылатын құрылымдық құжат. Онда құрасбұйымның құрамына кіретін бөлшектер нөмірленіп, ал нөмірлер шығару сызықтарының сәкілеріне жазылып көрсетіледі. Құрастыру сызбасында тетіктер және оның элементтері стандарттарда тағайындалған шартты белгілерді, ережелерді ескеріп ықшамдап кескінделеді. Бөлшектердің қалайша бір-бірімен біріктірілгендері немесе жалғастырылғандары көрсетілгенімен, Құрастыру сызбасын пайдаланып, әр тетіктің пішінін және өлшемдерін анықтауға мүмкіндік болмайды.
  • Тетiк сызбасы - тетікті жасап шығару үшін қажетті мәліметтер түгелдей көрсетілген конструкторлық құжат; бөлшектің бейнесі мен оның дайындауы мен бақылауына қажетті басқа да мәліметтері бар, негізгі конструкторлық құжат.

Онда тетіктердің кескіндері (көріністер, тіліктер, қималар) сызылады. Кескіндер бөлшектің пішінін анықтауға толық мүмкіндік берулері қажет. Кескіндерге өлшемдер түсіріліп, олардың ауытқу шектері (шақтамасы) тағайындалады. Беттердің кедір-бұдырлығын анықтайтын ақпараттарда болады.

  • Габариттік сызба - қойылған және қосылған өлшемдерден тұратын өлшемнің контурлық бейнесінің сызбасы.
  • Жұмыс сызбасы - өнімнің шығарылуын бейнелеуден басқа оны дайындау мен бақылау мәліметі бар бөлшектердің сызбасы.

1. 2. Атрибуттар сызба үшін.

Сызба қағазы (Бумага чертежная, ватман) - сызба салу үшін шығарылатын арнайы қағаздар, түсі ақ және тығыз болуы керек.

  • Сызба өрiсiнiң шетi (Рамка поля чертежа) - қағазға сызбаны салмай тұрып, пішіннің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алады. Содан соң сызба өрісін шектейтін рамка деп аталатын тіктөртбүрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстіңгі оң және төменгі жақтарынан, пішім шетінен 5 мм қашықтықта, ал сол жагынан 20 мм қашықтықта жүргізеді. Қағаздың сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ пішімді тігу үшін қалдырады (альбом түрінде) .
  • Сызба сызығы (Линия чертежа) - бұйымның кескіндерін салуда қолданылатьш сызықтар. Сызба сызығы - 9. Олардың төртеуі - тұтас, ал қалған бесеуі - тұтас емес сызықтар.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f5/Technical_drawing_instruments_1.jpg/800px-Technical_drawing_instruments_1.jpg

1. 3. Тұтас, сызық сызбалары.

Тұтас жуан негiзгi сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады. Оның жуандығы s= 0, 5 . . . 1, 4 мм болады.

  • Тұтас жiңiшке сызық сызбада көмекші тұрғызу сызықтарын, қима мен тілікті сызықтау үшін қолданылады. Оның жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе жіңішке болуы тиіс.
  • Тұтас жiңiшке iркiсiндi сызық (Линия с изломами) - ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады.
  • Тұтас ирек сызық (Волнистая линия) - түзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ол сызу аспаптарының көмегінсіз қолдан жүргізіледі. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей.
  • Үзiк сызық (Разомкнутая линия) қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсету үшін қолданылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы (1 . . . 1, 5 ) -ке тең болады. Бір бөлігінің ұзындығы 8 мм-ден 20 мм-ге дейінгі аралықта алынады.
  • Үзілме қос нүктелi жіңiшке сызық жайылмадагы бүгу сызықтарын, бұйымның қозғалып тұратын бөліктерін шеткі немесе аралық жағдайларында кескіндеу үшін қолданады. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Сызықтың бөліктерінің ұзындығы 5 . . . 30 мм, ал олардың аралығы 4 . . . 6 мм.

Сызық (Штрих-пунктирная линия) осьтік және центрлік сызықтарды осы сызықтың көмегімен кескіндейді. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5 . . . 30 мм, ал аралықтары 3 . . . 5 мм шамасында болады. Нүкте (сызықша) бөліктер аралығының дөл ортасына қойылады. Бұл сызықтың жуандығы да (2s/3 1/2) s-ке тең болады.

  • Тылран сызық - қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін, шынықтырылатын немесе қапталатын беттерді кескіндеу үшін қолданады. Бөліктерінің ұзындығы 3 . . . 8 мм, ал олардың аралығы 3 . . . 4 мм болады. Жуандығын (1/2 . . . 1/3) s-ке тең етіп жүргізеді.
  • Үзiлме сызық (Штриховая линия) - сызбада көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2 мм-ден 8 мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың ара қашықтығы 1 мм-ден 2 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Жуандығы (1/2 . . . 1/3) s-ке тең болады.

1. 4. Сызбадағы таңбалар.

Сызбадағы таңбалар (Знаки на чертежах) - шартты графикалық белгілер, тетіктер және басқа да геометриялық фигуралар элементтерінің пішінін сызбадағы кескіндерінде сөзбен емес, таңбалар түрінде көрсететін ұғым.

2. КҚБЖ-ның негізгі ережелері.

Барлық сызбалар КҚБЖ тағайындаған ережелерге қатаң сәйкестікте орындалулары тиіс. Сызбаларды безендіру стандарттарына: пішімдер, масштабтар, сызықтар, сызба қаріптері, негізгі жазбалар жатады.

2. 1 Пішімдер

Сызбалар МЕСТ 2. 301-68 (2. 1 кесте) стандартымен тағайындалған және қағаз парағында жіңішке тұтас сызықтарымен жүргізілген сыртқы рамкамен бөліп көрсетілетін пішімдерде орындалуы тиіс.

2. 1 кесте - Негізгі пішімдер

Белгіленуі
Жақтардың өлшемдері, мм
Белгіленуі: А0
Жақтардың өлшемдері, мм: 841 х 1189
Белгіленуі: А1
Жақтардың өлшемдері, мм: 594 х 841
Белгіленуі: А2
Жақтардың өлшемдері, мм: 420 х 594
Белгіленуі: А3
Жақтардың өлшемдері, мм: 297 х 420
Белгіленуі: А4
Жақтардың өлшемдері, мм: 210 х 297

Негізгі пішімдерге А0, А1, А2, А3, А4 пішімдері жатады. А0 пішімнің ауданы 1 м 2 тең, ал оның жақтарының ара қатынасы тең екендігін ескерсек, онда оның жақтарының өлшемдерін анықтау қиын емес. Қалған негізгі пішімдерді осы пішімнің алдында көрсетілген пішімнің ұзын жағын оның қысқа жағына параллель етіп сызықпен тең 2 бөлікке бөлу арқылы алуға болады. (2. 1сурет )

Белгіленуі Жақтардың өлшемдері, мм А0 841 х 1189 А1 594 х 841 А2 420 х 594 АЗ 297 х 420 А4 210 х 297 9

Сондай-ақ жақтары 148х210мм болатын А5 пішімін қолдануға да рұқсат етіледі.

МЕСТ 2. 301-68 негізгі пішімдерден басқа еселенген пішімдерді де пайдалануға рұқсат етеді. Олар негізгі пішімдердің қысқа жақтарын бүтін санға еселеу арқылы анықталады, мысалы А2 х 3 пішімнің өлшемдері 594 х 1261 мм.

Сызбаның сыртқы рамкасының ішінен қалың сызықпен пішімнің жоғарғы, төменгі және оң жақтарынан 5 мм ара қашықтықта, және сол жағынан 20 мм арақашықтықта жұмыс өрісінің рамкасы сызылады.

Сызбаның оң жақ төменгі бұрышында сызбаның негізгі жазуы орналастырылады А4 пішімнің парақтарында негізгі жазуды парақтың тек қысқа жағына бойлай орналастырады, ол қалған барлық пішімдерде оның қысқа жағында бойлай, сондай-ақ ұзын жағын да бойлайда орналастыруға болады. А1 пішімін бөлу жолымен алынған А2, АЗ, А4, пішімдерінің мысалдары 2. 1 суретте келтірілген.

1 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Коммерциял

2. 1-Негізгі пішімдер

2. 2 Масштабтар

Бұйымның күнделігіне және өлшеміне байланысты оның кескіндері МЕСТ 2. З02-68 тағайындалған масштабтарда орындалады.

Масштаб - бұл сызбадағы кескін өлшемдерінің бұйымның тиісті нақты (натурал) өлшемдеріне қатынасы. Масштабтар стандарт қатардан (2. 2 кестені қара) таңдап алынады.

Таңдап алынған масштаб бұйым кескінінің және оның конструкциялық элементтерінің айқындығын қамтамасыз етуі керек.

Кескін масштабы сызбаның негізгі жазуының тиісті графасында көрсетіледі. Егер сызбадағы қайсібір кескіннің масштабы негізгі жазуда көрсетілген масштабтан өзгеше болса, онда оны кескін белгілеуіне қатысы бар жазбаның оң жағына жақша ішіне, мысалы, А (1 : 2), немесе егер белгілеу болмаса кескіннің үстіне жақшасыз орналастырады. 2.

2 Кесте - Масштабтардың стандартты қатары

Масштаб түрі
Сандық белгіленуі
Масштаб түрі: Кішірейту масштабы
Сандық белгіленуі: 1:2; 1:2, 5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1 :20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100
Масштаб түрі: Нақты шама
Сандық белгіленуі: 1:1
Масштаб түрі: Үлкейту масштабы
Сандық белгіленуі: 2:1; 2, 5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40: 1; 50:1; 100:1

2. 3 Сызба сызықтары.

Сызба деп нәрсенің кескінінен және оны жасауға керекті басқа да мәліметтерден тұратын құжаттарды айтады. Кескін белгілі бір ережелер бойынша сызу аспаптарының көмегімен әртүрлі сызықтармен салынады. Сызбада 9 түрлі сызық қолданылады:

- тұтас жуан негізгі сызық, сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады. Жуандығы С(латын әріпі) мен белгіленеді де, өлшемі 0, 6мм-ден 1, 5мм-ге дейінгі аралықты алынады;

- тұтас жіңішке сызық, сызбада шығару мен өлшем сызықтарын, проекция жане координата осьтерін, көмекші тұрғызу сызықтарын, қима мен тіліктерді штрихтауын үшін қолданылатын сызық. Оның жуандығы негізі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады;

- тұтас жіңішке іркісінді сызық, сызбада ұзын түзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады;

- тұтас ирек сызық , сызбада үзу сызықтары, тілікті көріністен бөлу үшін жане жергілікті көріністер мен жергіліктерді тіліктерді көрсету үшін қолданылады. Ирек сызық қлдан жүргізіледі, жуандығы негізгі сызықтызықтың жуадығынан екі-үш есе жіңішке болады;

- үзілме сызық, сызбада тетікбөлшектің көрінбейтін сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың арағашықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады;

- жіңішке нүктелі үзілме сызық , сызбада осьтік жане орталық сызықтарын көрсетеді. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады;

- жуандатылған нүктелі үзілме сызық , сызбада шынықтырылатын жане қапталатын беттерді, қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан 1, 5-2есе жіңішке болады;

Ашық сабақ "Сызба сызықтары"

- жіңішке қос нүктелі үзілме сызық , сызбада модельдер жаймасының бүгу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе жің ішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 5 . . . 30мм, олардың аралығы 4 . . . 6мм болады;

- үзік сызық, сызбада қиюшы жазықтардың орындарын көрсеттеді, сондықтан қима сызыңы деп атайды., Жуандығы негізгі сызықа тең немесе 1, 5 есе жуан болады, бөлігінің ұзындығы 8 . . . 20мм-ге тең. Сызбада сызықтардың түрін дұрыс пайдалану және әр түрлі сызықтарды әр түрлі қарындаштармен жүргізу керек. Мысалы, жіңішке сызықты Т (немесе Н) белгілі, ал негізгі жуан сызықтарды М (немесе В) белгілі қарындашпен орындаған дұрыс болады.

2. 4 Сызба қаріптері

Қаріп деп әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады. Ғылымда, техникада, сәулет өнерінде неше түрлі қаріптер қолданылады. Сызбаларды салу, оларды іс жүзінде қолдану тәжірбиелерін жалпылаудың нәтижесінде сызбалардағы өлшемдердің шамасын көрсету жане жазуларды орындау үшін қалыптасқан арнаулы сызба қаріптері тағайындалған. Қаріптің өлшемі (h) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптің биіктігі (h) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.

Сызбалардағы барлық жазулар айқын болуы және 2. 304-81 сәйкес сызба қаріптерімен орындалуы керек. Құжаттарды автоматтандырылған әдіспен орындау кезінде есептеу техникасының құралдарында пайдаланылатын қаріптерді қолдануға да болады: бұл жағдайда олардың сақталуы және тұтынушыларға құжаттардың берілуі қамтамасыз етілуі тиіс.

МЕСТ 2. 304-81 қаріптердің келесі өлшемдерін тағайындайды: 2, 5; 3, 5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. Қаріп өлшемі жол табанына перпендикуляр өлшенетін бас әріптердің миллиметрдегі биіктігі - h пен анықталады. Стандарт қаріптің тік және 75° көлбеуліктегі 2 типін тағайындайды: А типті - қаріп сызығының қалыңдығы d = 1/14h және Б типті - қаріп сызығының қалыңдығы d = 1//10h. Қаріп параметрлерінің белгілеулері А типті және Б типті қаріп параметрлерінің өлшемдері тиісінше 2. 4 және 2. 5 кестеде келтірілген.

2. 4 кесте - A типті қаріптердің параметрлерінің өлшемдері

Параметр
Белгіленуі
Салыстырмалы өлшем
Өлшемдер, мм
Параметр: Қаріп өлшемі-бас әріптер биіктігі
Белгіленуі: h
Салыстырмалы өлшем: (14/14) h
Өлшемдер, мм: 14d
2, 5
3, 5
5, 0
7, 0
10, 0
Параметр: Кіші әріптер биіктігі
Белгіленуі: c
Салыстырмалы өлшем: (10/14) h
Өлшемдер, мм: 10d
1, 8
2, 5
3, 5
5, 0
7, 0
Параметр: Әріптер арасындағы арақашықтық
Белгіленуі: a
Салыстырмалы өлшем: (2/14) h
Өлшемдер, мм: 2d
0, 3
0, 5
0, 7
1, 0
1, 4
Параметр: Жолдар табандары арасындағы ең кіші арақашықтық
Белгіленуі: b
Салыстырмалы өлшем: (22/14) h
Өлшемдер, мм: 22d
4, 0
5, 5
8, 0
11, 0
16, 0
Параметр: Сөздер арасындағы ең кіші арақашықтық
Белгіленуі: e
Салыстырмалы өлшем: (6/14) h
Өлшемдер, мм: 6d
1, 1
1, 5
2, 1
3, 0
4, 2
Параметр: Қаріп сызығының қалыңдығы
Белгіленуі: d
Салыстырмалы өлшем: (1/14) h
Өлшемдер, мм: d
0, 18
0, 25
0, 35
0, 5
0, 7

2. 3 суретте көлбеу қаріптегі орыс әліпбиінің әріптері мен араб сандарының пішіндері көрсетілген.

C:\Users\Администратор\Desktop\images.jpg

2. 3 сурет - Қаріптерді жазу

Әріптер мен сандардың сызықтарының қалыңдығы бүкіл жазба үшін бірдей болуы тиіс. Әріптердің (А және Б типтерінің бас және кіші) төменгі және бүйіріндегі өскіндерін іргелес әріптердің арасындағы аралықтың есебінен жасайды, ол Й әріпінің үстіңгі сызығы жолдар арасындағы аралықтың есебінен жасалынады. Кейбір бас әріптердің арасындағы аралық үлкейген тәрізді болып көрінген жағдайда, Г және А, онда олардың аралығын әріп сызығының қалыңдығына тең өлшемге дейін кішірейтуге болады. Алғашқы сызбаларды безендіру кезінде әріптер мен сандардың конструкциясын дұрыс орындау үшін көмекші торларды тұрғызу ұсынылады (2. 3 сурет) . Қаріп өлшемі 3, 5 немесе 5 мм орындалатын жазбалар үшін 2. 3 сурет - Қаріптерді жазу 14 биіктікке тең екі горизонталь сызық (немесе өлшегішпен мұқият батырып), және көлбеу сызықтарды 75° пен жүргізсе жеткілікті.

2. 5 - Б типті қаріптердің параметрлерінің өлшемдері

Параметр
Белгіленуі
Салыстырмалы өлшем
Өлшемдер, мм
Параметр: Қаріп өлшемі - бас әріптер биіктігі
Белгіленуі: h
Салыстырмалыөлшем: (10/10) h
Өлшемдер, мм: 10d
1, 8
2, 5
3, 5
5, 0
7, 0
10, 0
Параметр: Кіші әріптер биіктігі
Белгіленуі: c
Салыстырмалыөлшем: (7/10) h
Өлшемдер, мм: 10d
1, 3
1, 8
2, 5
3, 5
5, 0
7, 0
Параметр: Әріптер арасындағы арақашықтық
Белгіленуі: a
Салыстырмалыөлшем: (2/10) h
Өлшемдер, мм: 2d
0, 35
0, 5
0, 7
1, 0
1, 4
2, 0
Параметр: Жолдар табандары арасындағы ең кіші арақашықтық
Белгіленуі: b
Салыстырмалыөлшем: (17/10) h
Өлшемдер, мм: 17d
3, 1
4, 3
6, 0
8, 5
12, 0
17, 0
Параметр: Сөздер арасындағы ең кіші арақашықтық
Белгіленуі: e
Салыстырмалыөлшем: (6/10) h
Өлшемдер, мм: 6d
1, 1
1, 5
2, 1
3, 0
4, 2
6, 0
Параметр: Қаріп сызығының қалыңдығы
Белгіленуі: d
Салыстырмалыөлшем: (1/10) h
Өлшемдер, мм: d
0, 18
0, 25
0, 35
0, 5
0, 7
1, 0

Сызбаларды қарандашпен орындау кезінде бас әріптер мен сандардың ұсынылатын биіктігі 3, 5 мм кіші болмауы керек.

Машина жасау сызбаларындағы түрлі жазбалар үшін Б типті көлбеу қаріпті пайдаланған тиімдірек. Құрылыс сызбаларында көлбеусіз қаріп жиі қолданылады.

2. 5 Сызбаларға өлшем қою ережелері.

Сызбалардағы барлық кескіндер өлшемдер қою мен жалғасуы керек. Өлшемдер қою кезінде МЕСТ 2. 307-2011 негізгі қағидаларын басшылыққа алу қажет. Сызбада орындалған кескіндердің масштабына қарамастан бөлшектің және оның элементтерінің нақты шамадағы өлшемдері қойылады. Сызықтық өлшемдер сызбада өлшем бірліктерінің белгілеуінсіз миллиметрде, бұрыштық өлшемдер - градуста, минуттар мен секундтарда өлшем бірліктерімен бірге көрсетіледі. Сызбада өлшемдерді қою үшін шығару және өлшем сызықтарын (жіңішке тұтас сызықтар) жүргізеді. Түзу сызықты кесіндінің өлшемдерін қою кезінде өлшем сызығын осы кесіндіге параллель, ал шығару сызықтарынөлшем сызықтарына перпендикуляр жүргізеді. Бұрыштың өлшемін қою кезінде өлшем сызығын доға түрінде және центрі оның төбесінде болатындай етіп, ал шығару сызықтарын радиалды етіп жүргізеді. Шеңбер доғасының өлшемін қою кезінде өлшем сызығын доғаға концентрлі етіп ал шығару сызықтарын - бұрыштың 2. 7 сурет 17 биссектрисасына параллель етіп жүргізеді және өлшем санының үстінен мына белгіні қояды. Өлшем сызықтарын кескін контурынан тысқары қойған тиімдірек. Өлшем сызықтары ретінде контур сызықтарын, центрлік және шығару сызықтарын пайдалануға жол берілмейді.

Өлшем және шығару сызықтарының қиылысуын неғұрлым болдырмауға тырысу қажет. Өлшем сызығын шығару, өстік және контурлық сызықтарға тіреп, екі жақ ұшын нұсқалармен шектейді. Радиустың өлшем сызығы анықталатын доға немесе дөңгелену жағынан бір жақты нұсқамамен шектеледі. Шеңбер диаметрін көрсету кезінде, оның толық немесе жартылай сызылғандығына қарамастан, өлшем сызықтарын үзіп жүргізуге рұқсат етіледі. Үзуді шеңбер центрінен кейін орындай. Екі түрлі нұсқамалардың пішіндері мен олардың элементтерінің жуық арақатынасы. 18 Шығару сызықтарын көрінетін контур сызықтарынан жүргізеді. Шығару сызықтары өлшем сызығының нұсқамаларының ұшынан 1 . . . 5 мм асып тұруы қажет. Контур сызығы мен өлшем сызықтарының арақашықтығы кескін өлшемдері мен сызбаның қанықтылығына сай таңдап алынады. Өлшем сызығының өзіне параллель контур сызығына дейінгі ең кіші арақашықтығы 10 мм болуы, ал параллель өлшем сызықтарының ең кіші арақашықтықтары - 7 мм болуы тиіс. Өлшем сандарын өлшем сызығының үстіне, мүмкіндігінше оның ортасына жақын етіп қояды. Бірнеше параллель өлшем сызықтарын бір - бірінен онша үлкен емес арақашықтықта қою кезінде өлшем сандарын шахмат тәрізді ретпен орналастырған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сызба сызықтары
Сызба қаріптері
КОНСТРУКТОРЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Жасалған бұйымдар мен конструкторлық құжат түрлері
Құрастыру сызбасы
Графика және жобалау
Қазіргі сызуларға қойылатын талаптар
ГРАФИКАЛЫҚ СЫЗБА ЖҰМЫСТАРЫ
Ажырайтын немесе ажырамайтын қосылыстар
Тақырып бойынша графикалық сызба жұмыстарын орындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz