Араб саяси дискурсының ерекшеліктері


Кіріспе
Қазіргі заман лингвистикасында адам танымы мен ой-өрісі құрылымын тіл арқылы тануға жəне бағытталған зерттеулер көрініс беруде. Бүгінгі таңдағы ақпараттың молдығы, лингвистикадағы сұранысқа сай ашылған жаңалықтар, жаңа ақпараттар, адам факторы мен оның тілі арасындағы кешенді байланыстың жаңа сатыға көтерілуі осыған өз септігін тигізуде. Қазіргі кезде саяси сөз сөйлеудің мәнерлілігі артып келе жатыр. Бұрын мәтіннің «саяси дұрыстығы», мазмұнның басыңқы идеологияға сәйкестігі маңызды болған болса, қазір сөз мәнерлілігіне ұмтылу алдыңғы қатарға шығады және стиль даралығы мен баяндаудың айқындылығы жоғары бағаланады. Сол себепті саяси-дипломатиялық дискурсты зерттеу жұмысының өзектілігін арттырады.
Зерттеудің зәрулігі Дискурс-экстралингвистикалық факторларды қамтитын күрделі коммуникативтік құбылыс. Дискурста коммуникативтік ситуация мен тілдік материалдар тоғысып жатады. Дискурс - көпдеңгейлі үдеріс, ол айтушының вербалды мінез-құлқы (дауыс ырғағы, интонация, паузаларға бөлу) және кинессикалық мінез-құлқы сияқты деңгейлерді (ым-ишара) қамтиды. Бұл дипломдық жобада дискурс жəне оның түрлеріне қатысты пікірлер, мəтіннен айырмашылығы, лингвистикадағы алатын орны жайлы мəселелер қарастырылады. “Дискурс” термині француз тіліндегі “discurs” “сөйлеу”, ағылшын тілінде “discourse” - “талқылау, сөйлеу ” деген мағынаны білдірсе, қазіргі кезде “айтушыға, сөйлеушіге меншіктелген сөз” деген мағынаға ие. Дискурста мəн, құндылық, бейне, пікір, менталды жəне виртуалды білім тасымалданады. Сондықтан да ол лингвистиканың да, философияның да, əлеуметтанудың да, психологияның да жəне өзге де пəндердің зерттеу нысаны бола алады.
Зерттеу мақсаты саяси-дипломатиялық дискурстың прагмафункциональдық ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттерді орындау қажет деп білеміз:
-саяси-дипломатиялық дискурсқа анықтама беріп, оның зерттелу деңгейін анықтау;
- саяси-дипломатиялық дискурстың ерекшеліктерін айқындау;
- саяси мәтіндердің стилистикалық және прагматикалық ерекшеліктерін анықтау;
Тақырыпқа байланысты зерттеу объектісі саяси дипломатиялық дискурс болып табылады.
Зерттеу пәні саяси мәтіндердің прагмафункционалды ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері. Кешенді талдау, сипаттау. жүйелеу және бақылау әдістері.
І тарау Саяси-дипломатиялық дискурстың прагмафункционалдық ерекшеліктері теориялық негіздері
1. 1 . Дискурс анықтамасы
Қазіргі заман лингвистикасында адам танымы мен ой-өрісі құрылымын тіл арқылы тануға жəне бағытталған зерттеулер көрініс беруде. Бүгінгі таңдағы ақпараттың молдығы, лингвистикадағы сұранысқа сай ашылған жаңалықтар, жаңа ақпараттар, адам факторы мен оның тілі арасындағы кешенді байланыстың жаңа сатыға көтерілуі септігін тигізуде. Осы бағыттағы лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны ретінде танылған жоғары сатыдағы бірлігі - мəтіннің өткен ғасыр ғылымындағы динамикалық сипатын ерекшелеуге аса назар аударылуында болып отыр. Осымен байланысты “дискурс” аталатын динамикалық мəтінді жаңа түрде танып - білу мақсатында мəтін лингвистикасы мен дискурс теориясы деп аталатын бағыттар, бірақ бір-бірімен өте тығыз байланыста бағыттар анықталуда. Бұл екі бағыттың зерттеу нысандары мен өзара айырмасы ажыратылып болған жоқ, өйткені зерттеу кезінде əр түрлі анықтамалар, тұжырымдамалар көрсетілуде. Қазіргі ғылымда біз дискурстың көптеген анықтамасын кездестіреміз. [1, 12-17] .
“Дискурс” термині тіл білімінің тарихында 70-80 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Бұл күндері дискурс “мəтін”, “сөйлесім”, “функционалдық стиль” сияқты терминдермен бір қолданылып жүргенін білеміз. Осы орайда 1978 жылы Т. Н. Николаеваның берген анықтамасына сүйенсек: “Дискурс - лингвистикалық мəтіндегі көп мағыналы термин. Ең маңыздысы:
1. Байланысқан мəтін.
2. Мəтіннің ауызша- жазбаша формасы.
3. Диалог.
4. Мəн-мағынасы бірдей пікір алысушы топ.
5. Ауызша немесе жазбаша сойлеу ”.
Е. Ф. Киров: “Дискурс - бұл тарихынан бастап сол жəне басқа мəдениеттің қабырғасындағы, сол жəне басқа тілде айтылған жəне жазылғанның барлығы. Оның мəні тереңде, тіл мен тілдік форма коммуникациясы дамып, зерттеліп жатыр жəне болашақта да солай жалғасады”, - деп көрсетеді [2] .
Мəтін лингвистикасының негізін қалаушылардың бірі, голландық лингвист ғалым Теон Ван Дейктің пікірінше: “Дискурс” термині мəтіннің статикалық күйінен динамикалық күйін зерттеуге көшуі. 1950 жылдар Эмил Бенвенист айтылым теориясын қалыптастыра отырып, француз лингвистикасында дəстүрлі түрде қолданылып жүрген “дискурс” терминін жаңа мағынада - сөйлеушіге тəн айтылымның сипаттамасы ретінде қолданды. Дискурс - адамға тəн қарым-қатынастың бірі. Ол мəтінмен тығыз байланысты, бірақ бір емес.
Дискурсқа ағымдылық сипат тəн, ол Мəтін - тілдік материалдың статикалық қалпы, коммуниканттар арасындағы үздіксіз көрсеткіші. процесс. Мəтін - дискурсқа “дайын өнім”. [3, 19] А. Əділова дискурс пен мəтіннің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын төмендегідей келтіреді: • Дискурс автор интенциясына, стиль ерекшеліктеріне байланысты сұрыпталып алынатын тілдік құралдардың жиынтығы. Дискурс мəтінге қарағанда кең ұғымды қамтиды. Ол сөйлеу үдерісі. Дискурс нақтылы уақытпен ажырамас бірлікте, ал мəтін тек мəдени кеңістікте өмір сүреді, уақытқа тəуелді емес, кез келген кезде екінші бір дискурста өзектенуі мүмкін. Дискурсты қайта туындатуға болмайды, ал көркем мəтін қайта туындауға қабілетті əрі бейім. Дискурс ақпаратты беру тəсілі болса, мəтін ақпаратты сақтаушы, жинақтаушы, жаңа мəн тудырушы көпқырлы, көпқабатты құрылым [4, 235] . Дискурс - шынайы өмірде нақты бір коммуниканттар арасында, нақты уақытта, белгілі бір орында орындалған сөйлеу əрекеті. Яғни, сөйлеу қарым-қатынасына қатысушылардың əрқайсысына шынайы өміріндегі оқиғалардың тізбектеліп тілге көшуі мен сол арқылы дискурс нəтижесі мəтінге айналып, тілде сақталуы.
Дискурстың негізгі ерекшеліктері:
1. Тақырыптық байланыс, яғни, бір тақырып - дискурс төңірегіндегі мазмұнның жиналуы;
2. Жағдаяттылық, коммуникативтік қарымқатынас саласына сай, дискурс нақты мəселе төңірегінде құрастырылады;
3. Жылдамдылық, кейбір жағдайда тақырып өзгеріске ұшырай алады;
4. Əлеуметтік бағыттылық;
5. Əртектес құрылымдылық;
6. Мəтін шекарасының белгіcіздігі;
Дискурстың мазмұндық толықтылығын коммуникативтік жағдаят пен тақырыптық байланыс орындаса, вербалсыз сигналдар, атап айтқанда, мəтіннің аяқталғаны, үзілістер, басқа тақырыптарға көшу арқылы білінеді. Сондықтан да дискурсты коммуникациялық қарымқатынастан тыс талдау мүмкін емес. [5, 10-11] . Дискурс туралы айтылған пайымдаулар мен тұжырымдар дара айырмашылықтары бар бірнеше бағытты қалыптастырды. Бірінші бағыт өкілдері “дискурс” терминін таза лингвистикалық аспектіде қолданғанды жөн санайды. Бұл бағыттағы зерттеушілер дискурсты “сөйлеу”, “ мəтін”, “диалог” сияқты дəстүрлі ұғымдарды нақтылап дамыту үшін қолданады. Екінші бағытқа француздық структуралистердің пікірлерін жатқызуға болады. Олар дискурсты стиль ұғымымен байланысты қарастыра отырып, тілді əлеуметтік қарым-қатынас субъектісін нақтылауға атсалысатын құрал ретінде таниды. Үшінші бағыттағы неміс ғалымы Ю. Хабермас “Дискурс национальности” деген еңбегінде: “дискурс - шындық өмірден алшақтауда жүзеге асатын коммуникацияның ерекше түрі. Дискурс бұл сөйлеу əрекетінің көрінісі”-дейді. “Дискурс” терминінің күрделенуіне байланысты ғылымда əлі тұрақтанған анықтама қалыптасқан жоқ. Осыған орай дискурс ұғымы прагмалингвистика, функционалды лингвистика, лингвостилистика, лингвомəдениеттану тұрғысынан түрлі анықтамаларға ие. Дискурс ұғымын Ю. Хабермас “Коммуникативтік компетенция теорисына дайындық” атты еңбегінде пайдаланып, оған мынадай белгілер тиесілі деп қарастырады: “Дискурс - тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде дискурс - уақыттың мəдени-тілдік контексі. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада дискурс қандай да болмасын мағынаны, құнды іс-əрекеттің нақты тілдік шындығын айтады. ”[3, 17-18] .
Дискурс- адамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-қатынасынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен бірлігін, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды. Сөйлеу арқылы ғана дискурстың дамуы өрбіп, түрлері ерекшеленеді. Қазіргі кезде ғылыми сипат алған дискурстың бірнеше түрлері бар. Бұларды толық немесе аяқталған деп айтуға болмайды. Себебі, бұл бағытта əртүрлі тілдерде, олардың қызмет ету аясына қатысты көптеген зерттеулер жүргізілуде: 1) əскери дискурс; 2) газеттік дискурс; 3) Саяси дискурс; 4) бала дискурсы; 5) өнертану дискурсы; 6) магиялық дискурс; 7) бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы; 8) ғылыми (академиялық) дискурс; 9) парфюмерлік дискурс; 10) педагогикалық дискурс; 11) поэтикалық дискурс; 12) публицистикалық дискурс; 13) жарнамалық дискурс; 14) спорттық дискурс; 15) техникалық дискурс; 16) террористік дискурс; 17) феминистік дискурс; 18) көркем дискурс; 19) экономикалық дискурс; 20) электрондық дискурс; 21) этикалық дискурс; 22) заңи дискурс жəне т. б. [5, 232]
Дискурс тілдік феномен ретінде өзі əртүрлі ауысымдардан (мəтін, интеракцияға қатысушылар) тұрады да, осы ауысымдардың қатынасы мен бірігуіне байланысты дискурстың түрлері (типтері, топтары) пайда болады. Осындай типтердің бірі - іскери дискурс. Іскери дискурсты жан-жақты қарастырған Г. Г. Бүркітбаева оған мынадай анықтама береді: «Іскери дискурс - белгілі бір адамдар тобымен белгілі бір коммуникативтік- интеракциялық жағдайда жүзеге асқан дискурстың арнайы жанрларда көрініс тапқан нақты ұғымы». Іскери дикурс - ұжымдық ортада, қызмет бабында, ресми қатынастағы əңгімелерде қолданылатын сөздің ерекше түрі. [8, 235] Осы сияқты дискурстың тағы бір кең тараған түрі - ғылыми дискурс. Негізінен қарымқатынастың жазба түрінде жүзеге асады, ал ғылым - білім саласындағы негізгі жаңалықтары ғылыми мақалаларда жүзеге асады. Қазіргі таңда ғылыми дискурстың ауызша түрі семинар, конференция, дөңгелек үстел, симпозиум тəрізді түрлерінің өтуімен бұрынғыдан гөрі жанданып, ерекшеленіп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы - мəтін қолданыла келе тілші, теледидар, радио, ғаламтор, пресса арқылы таратылады. Мысалы: тілшілер, саясаткерлер, кəсіпкерлер (көбіне БАҚ мамандарының көмегімен) т. б. жазған Дискурс дефинициялары мен түрлері сұхбат, газеттегі аналитикалық мəселелерді жатқызуға болады. Тілшілер қарастыратын жағдайларында тыңдаушылардың назарын мəселеге аударып, оның шешілу жолын ұсынады. Дискурстың басқа түрлеріне қарағанда саяси дискурс барлық халықтың мəдениетінде қазіргі кезде кең етек жая қойған жоқ. Саяси дискурс - дискурстың институционалдық түрінің бірі. Егер дербес дискурс қабырғасында сойлеуші өз ішкі жан дүниесінен шыққан ойдың иесі болса, институциондық дискурста сөйлеуші əлеуметтік ортаның өкілі боп табылады. Саяси дискурс - билікті одан əрі бекіте түсу жəне оның бар екендігін көрсету мақсатындағы ауқымды дискурс. Голланд тілші ғалымы Теон Ван Дейк: “саяси дискурсты - əлеуметтік ортадағы, нақты айтқанда саясаттағы жанрдың бір түрі” - деп көрсетеді. Үкіметтегі сараптаулар, парламенттегі дебаттар, партиялық бағдарламалар, саясаткерлердің сөздері, т. б. мұның барлығы саясат шеңберіндегі жанрлар. Саяси дискурс - бұл саясаткерлердің дискурсы. Саяси қатынаста саяси акт пен саяси орта сақталған кезде ғана дискурс ‘саяси’ болады. Саяси дискурстың қоғамдағы мақсаты азаматтарды жасалатын ісінің саяси дұрыстылығына сендіру. Қоғам мүшелерінің саясатқа сенімін арттыра отырып, ниетін оятып, іске көшуге жаңа бағыттар ұсынылуы арқылы жүзеге асады. Саяси ортаның сөйлеушісінің сөзі неғұрлым өтімді, нақты, сенімді болуы қажет. Т Ван Дейк: “ саяси дикурстың идеологиялық сараптамасына парламентте өтетін дебаттың қызықты материал болатындығын айтады, өйткені ол - саяси партия өкілдерінің əлеуметтік танымын көрсететін нақты көрінісі”. Саяси дискурс - күнделікті өмірдегі құбылыс. Билікке талас - ең маңызды тақырыбы жəне қатынас төңірегіндегі саяси ортаға негізделген уəж болып табылады. Өмірде қоғам қаншалықты ашық, демократиялы болса, соншалықты саясат тіліне көп көңіл бөлінеді. Саяси дискурсқа саясаттағы адамдар ғана емес, тілшілер, саясаттанушы жəне қайраткерлерде қызығады. Саяси дискурс мəселесінің тууына себепші болған ғалымдар саяси қатынас, герменевтика, əлеуметтану, семиотика, саяси дискуссия төңірегіндегі жазылған еңбектері аса маңызды рөл атқарды. Олар: Т. Ван Дейк, Д. Говард, Г. Ласуэлла, М. Маклюэна, Ф. Уэбстер, М. Фуко, Ю. Хабермас т. б. Ресей ғалымдарының ішінде: М. М. Бахтин, Ю. М. Лотман, И. П. Смирнова, Ю. Руднева т. б. Қазақстандық зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде де дискурс теориясының мəселелері арнайы зерттеу нысанына алынып та, өзге мəселелерді сөз ету барысында да талданып жүр. Атап айтсақ: Смағұлова Г. Н., Ерназарова З. Ш, Əзімжанова Г., Есенова Қ., Жұмағұлова Б. С., Бүркітбаева Г., Садирова К. Қ., т. с. с көптеген ғалымдар қарастырған. Соңғы он жылда саяси дискурс төңірегі лингвистердің үлкен зерттеу обьектісіне айналды. Саяси дискурсты танып-білу қызығушылығы тіл біліміндегі жаңа бағыт - саяси лингвистиканың тууына себепші болып отыр. Саяси лингвистиканың қазіргі тіл білімінде зерттелуінің өз ішінде өзгешелігі бар жаңа бағыты болып табылатындығы: əлеуметтік лингвистердің жетістігі (тілдің функционалдық жағынан зерттелуі), мəтін лингвистикасы (мəтіннің жан-жақты зерттелуі), когнитивтік лингвистика (тілдік тұлға т. б зерттелуі), стилистика (тілдің көркемдегіш амал-тəсілдерінің, қолдану аясының зерттелуі) ; ауыз əдебиетімен (халық шығармашылығының ауыздан шығарылып, ауызша таралуы) ұштасуы. Осы жайттарды айта отырып, саяси дискурс өзінің ерекшелігімен жəне формаларымен саяси ғылымның ғылыми категорияларының ішінде маңызды əрі тұрақты орын алатындығын айтуға болады. [9, 2-9]
«Әр ұлттың дискурсқа түсу әрекетіндегі айырмашылық өздеріне ғана тән өмір тәжірибесі мен білім дағдысы, олардың сөйлеу жанрларына, сөйлеу тактикасы мен сөйлеу стратегиясына сәйкестігі, өзі таңдаған коммуникативтік рөлді қалай атқарғанына байланысты болады», - деп санайды зерттеуші Қ. Садирова [9, 178] .
Т. М. Николаева дискурстың анықтамасын былайша келтіреді: “1) өзара байланысты мәтін; 2) мәтіннің ауызекі сөйлеу формасы; 3) диалог; 4) жазбаша не ауызша сөйлеу қалпы» [10, 117] . Дискурс пен мәтін арақатысы мәселесіне қатысты белгілі ғалым Н. Уәлидің пікірі төмендегідей: «Субъектінің сөз әрекетінің, яғни тілді қарым-қатынас үшін қолдану әрекетінің нәтижесінде дискурс/мәтін құрастырылады. Басқаша айтқанда, сөйлеуші/жазушы сөз бірліктері арқылы айтылым (высказывние), дискурс/мәтін жанр түрінде белгілі бір мағынаны тілдік бірліктер арқылы кодқа салынады, ал тыңдаушы/оқырман сол аталым, дискурс, мәтін түрінде тілдік бірліктер арқылы кодқа салынған мағыналарды (ой мен сезімді) ашады, тіпті тілдік кодты ашып қана қоймайды, сөз әрекетінің нәтижесі болып табылатын коммуникативтік бірліктердің мән-мағынасын интерпретациялайды» [10, 260] . Осымен байланысты дискурс ұғымының коммуникациямен тығыз байланысты екендігін аңғаруга болады. Бұл мәселе жөнінде дискурстың тілдік табиғатын арнайы зерттеген ғалым Қ. Садирова былай деп жазады: «Дискурстың өзі коммуникациядан пайда болады. Мәтін сол коммуникацияның нәтижесі. Коммуникативтік жағдай болу үшін тіл мен сөз (сөйлеу) әрекетке енеді. Тілде тұрғанда мәтін ешкімге арналмаған, ал ол дискурсқа түскенде авторға ие болады және қабылдаушыға, яғни қалайда біреуге бағытталады. Дискурсты тіл мен сөз/сөйлеу қатар өрілген тұста коммуниканттар арасында диалогтық сипатта пайда болатын айтылымдар тізбегі немесе сөйлеу тізбегінің кесіндісі десек, мәтін сол тілдік әрекет нәтижесінде туындаған өнім, туынды. Бірақ ол келесі бір сөйлеу актісінде басқаша сипатта жандану (қолдану) қабілетіне ие, сол сәттің өзінде оның бойында бастапқы пайда болған коммуникативтік жағдай ұшқындары сақталады, дегенмен оның өзі қайта туғызушының мақсатына, ниетіне байланысты өзгеріске ұшырайды» [11, 180] . Яғни дискурс дегеніміз - коммуникативтік оқиға және онда тек тіл ғана емес, сонымен бірге коммуникация процесінде орын алатын ментальды құбылыстарда көрініс береді. Мәселен, белгілі орыс ғалымы Н. Д. Арутюнова: «Дискурс эктралингвистикалық, прагматикалық, әлеуметтікмәдени және т. б. факторлар жиынтығынан тұратын байланысты мәтін; оқиғалы аспектіде алынған мәтін», - деп көрсетеді [12, 17] .
Дискурстың басқа түрлеріне қарағанда саяси дискурс барлық халықтың мəдениетінде қазіргі кезде кең етек жая қойған жоқ. Саяси дискурс - дискурстың институционалдық түрінің бірі. Егер дербес дискурс қабырғасында сойлеуші өз ішкі жан дүниесінен шыққан ойдың иесі болса, институциондық дискурста сөйлеуші əлеуметтік ортаның өкілі боп табылады. Саяси дискурс - билікті одан əрі бекіте түсу жəне оның бар екендігін көрсету мақсатындағы ауқымды дискурс. Голланд тілші ғалымы Теон Ван Дейк: “саяси дискурсты - əлеуметтік ортадағы, нақты айтқанда саясаттағы жанрдың бір түрі” - деп көрсетеді. Үкіметтегі сараптаулар, парламенттегі дебаттар, партиялық бағдарламалар, саясаткерлердің сөздері, т. б. мұның барлығы саясат шеңберіндегі жанрлар.
Саяси дискурс - бұл саясаткерлердің дискурсы. Саяси қатынаста саяси акт пен саяси орта сақталған кезде ғана дискурс ‘саяси’ болады. Саяси дискурстың қоғамдағы мақсаты азаматтарды жасалатын ісінің саяси дұрыстылығына сендіру. Қоғам мүшелерінің саясатқа сенімін арттыра отырып, ниетін оятып, іске көшуге жаңа бағыттар ұсынылуы арқылы жүзеге асады. Саяси ортаның сөйлеушісінің сөзі неғұрлым өтімді, нақты, сенімді болуы қажет. Т Ван Дейк: “ саяси дикурстың идеологиялық сараптамасына парламентте өтетін дебаттың қызықты материал болатындығын айтады, өйткені ол - саяси партия өкілдерінің əлеуметтік танымын көрсететін нақты көрінісі”. Саяси дискурс - күнделікті өмірдегі құбылыс. Билікке талас - ең маңызды тақырыбы жəне қатынас төңірегіндегі саяси ортаға негізделген уəж болып табылады. Өмірде қоғам қаншалықты ашық, демократиялы болса, соншалықты саясат тіліне көп көңіл бөлінеді. Саяси дискурсқа саясаттағы адамдар ғана емес, тілшілер, саясаттанушы жəне қайраткерлерде қызығады. Саяси дискурс мəселесінің тууына себепші болған ғалымдар саяси қатынас, герменевтика, əлеуметтану, семиотика, саяси дискуссия төңірегіндегі жазылған еңбектері аса маңызды рөл атқарды. Олар: Т. Ван Дейк, Д. Говард, Г. Ласуэлла, М. Маклюэна, Ф. Уэбстер, М. Фуко, Ю. Хабермас т. б. Ресей ғалымдарының ішінде: М. М. Бахтин, Ю. М. Лотман, И. П. Смирнова, Ю. Руднева т. б.
Қазақстандық зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде де дискурс теориясының мəселелері арнайы зерттеу нысанына алынып та, өзге мəселелерді сөз ету барысында да талданып жүр. Атап айтсақ: Смағұлова Г. Н., Ерназарова З. Ш, Əзімжанова Г., Есенова Қ., Жұмағұлова Б. С., Бүркітбаева Г., Садирова К. Қ., т. с. с көптеген ғалымдар қарастырған. Соңғы он жылда саяси дискурс төңірегі лингвистердің үлкен зерттеу обьектісіне айналды. Саяси дискурсты танып-білу қызығушылығы тіл біліміндегі жаңа бағыт - саяси лингвистиканың тууына себепші болып отыр. Саяси лингвистиканың қазіргі тіл білімінде зерттелуінің өз ішінде өзгешелігі бар жаңа бағыты болып табылатындығы: əлеуметтік лингвистердің жетістігі (тілдің функционалдық жағынан зерттелуі), мəтін лингвистикасы (мəтіннің жан-жақты зерттелуі), когнитивтік лингвистика (тілдік тұлға т. б зерттелуі), стилистика (тілдің көркемдегіш амал-тəсілдерінің, қолдану аясының зерттелуі) ; ауыз əдебиетімен (халық шығармашылығының ауыздан шығарылып, ауызша таралуы) ұштасуы. Осы жайттарды айта отырып, саяси дискурс өзінің ерекшелігімен жəне формаларымен саяси ғылымның ғылыми категорияларының ішінде маңызды əрі тұрақты орын алатындығын айтуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz