Есімдік сөз табы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ШЖҚ РМК
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Есімдік сөз табы. Оның категориялық белгілерін танытудың методикасы.
Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі

Орындаған: ___________ Дәуренбек А.А.
Тексерген: ___________ п.ғ.д. профессор Жахина Б.Б.
Бағасы: ___________

Көкшетау, 2019

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
0.1 Есімдік сөз табының ғылыми негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
0.2 Есімдіктің өзіндік ерекшелігін таныту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...19

Кіріспе


Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан, есімдіктердің пайда болуы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат алу және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау.

Курстық жұмыстың міндеті: Жоғарыда көрсетілген Курстық жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихын зерттеу
- Есімдіктердің пайда болуы туралы ғалымдардың пікірлерін қарастыру
- Есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын көрсету.

Курстық жұмыстың өзектілігі:

1.1 Есімдік сөз табының ғылыми негізі
Сан ғасырлар бойы дамып, іргелі дәуірлерді басынан өткізген - қазақ тілі ең бай тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің тарихы қазақтың кең, апайтөс даласында өмір сүрген қазақ халқының тағдырымен тығыз байланысты. Тіліміз сұрапыл ғасырлардан, қиын дәуірлерден өтіп, қазіргі кезде көптеген зерттеулерден көрініс табуда. Оның дәлелін - лингвисттердің, яғни тіл мамандарының еңбектерінен көре аламыз.
Есімдіктер өзінің құрамдық ерекшеліктерінің айрықша көзге түсуі негізінде ғалымдар зейінін ерте кезден бастап-ақ өзіне тартқан. Сондықтан есімдіктерге тән жалпы қасиеттер мен заңдылықтарды зерттеуге, олардың тарихы мен қалыптасу жүйесін анықтауға арналған еңбектердің саны аз емес. Ондай еңбектер алға қойған мақсаттары мен қамтитын мәселелерінің көлеміне байланысты кейде есімдіктерді өте кең түрде, яғни алтай тілі тұрғысынан зерттеген, кейде түркі, моңғол не манжұр-тұңғыс тілдері тұрғысынан, кейде жеке тілдердегі есімдіктер немесе сол есімдіктердің жеке топтары мен жеке сөздеріне тән заңдылықтар мен ерекшеліктер тұрғысынан жазылған еңбектер болып келеді. Оларды өте қысқа түрде атап өтетін болсақ, мына сияқты еңбектер мен олардың авторларын еске алуға болар еді.
Қазіргі қазақ тілінде есімдік дербес сөз табы ретінде қарастырылып жүр. Ал орыс тілінде бұл мәселеде екі түрлі көзқарас болды. Ғалымдардың біразы есімдікті есім сөздермен бірге қарау керек десе, кейбір ғалымдар есімдік өз алдына жеке сөз табы болу керек деп санайды. Есімдіктерді есім сөз таптарымен бірлікте қарау керек дейтін пікір ұстанушы ғалымдардан А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, А.Н.Гвоздевті атауға болады. Ал есімдікті жеке сөз табы деген көзқарасты дәлелдеушілер: В.В.Виноградов, Е.Н.Сидоренко т.б.
Қазақ тіл білімінде есімдіктер мәселесі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, А.Ибатов, А.Төлеуов еңбектерінен орын алған. Аталған ғалымдардың қай-қайсы да есімдіктерді орынбасар сөздер ретінде қарастырады. Мәселен, А.Байтұрсынлв есімдікке былайша анықтама береді: Есімдік дегеніміз - есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер. Ғалым есімдікке осылайша анықтама бере отырып, есімдікті мағыналық жағынан бес топқа бөледі. Олар: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі, 5) танықтық есімдігі. Көріп отырғанымыздай, есімдіктердің саны да, атауы да қазіргіден басқаша. сондай-ақ ғалым жіктеу есімдігі деген атауды екі рет қолданып, біріншісіне қазіргі мен, сен (сіз), ол деген жіктеу есімдіктерін жатқызса, екіншісіне бәрі, барша деген қазір жалпылау есімдіктері аталып жүрген есімдіктер тобын кіргізеді.
Профессор Қ.Жұбанов есімдікке: Орындасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалқы шылаулардың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз - деген анықтама береді. Қ.Жұбанов есімдікке мынадай сөздерді жатқызады: мен, сен, ол (зат есім орнына), бұл, сол, ол (зат пен сын орнына), мұндай, сондай (сын есім орнына), сонша, мұнша (бұ да), олай, бұлай (бұ да), өйтіп, сөйтеді (етістік орнына), өйткені онда (жалғауыш орнына), т.т. Ғалым есімдік деп таныған сөздердің ішінде есімдіктер де, есімдіктен басқа сөз таптарына қатысты сөздер де араласып жүр.
А.Ысқақов есімдіктер: заттың белгісін білдеретін сөздердің орынбасарлары - деп сипаттайды.
Ғалым Ә.Төлеуов: Жіктеу,сілтеу, сұрау есімдіктері өзінен бұрын айтылған есім сөздердің орынбасары болып саналады - деп, орынбасарлық қызметті есімдіктің белгілі бір топтарына ғана жатқызады.
Есімдіктерді арнайы зерттеген - ғалым А.Ибатов. Ғалым А.Ибатов есімдіктердің сөз табы ретіндегі тұлғасын, олардың мағыналық топтарын жеке-жеке сөз етеді. Ғалым: Қазақ тіліндегі есімдіктер өзге де сөз таптары сияқты сөздердің топтастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай лексика-семантикалық мағынасына, морфологиялық белгілеріне және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді - деп, ...оларға 1) мағыналары тым жалпы, 2) контексте қолданылу мақсатына қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отыратын сөз табы, 3) әрқашан субъективті қатынаста қолданылатын сөздер - деген түсінік береді [4;288].
Ал алтай тілдеріндегі есімдіктерді зерттеу жұмысын алғаш рет қолға алушы әйгілі ғалым Кастрен болды. Оның 1850 жылы Гельсингфорсте жарияланған Die affixis personalibus linguarum altaicarum атты еңбегі осы алтай тілдеріндегі есімдіктер жайын сөз етуге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу болған еді. Бұдан соң алтай тілі жайындағы құнды еңбек О. Бётлингктің Uber die Sprache der Jakuten Altajische studien атты Санкпетербургте басылып шыққан еңбегі болды. Онда жалпы алтай жіне моңғол, түрік туыстас тілдер жайында да өте құнды пікірлер айтылған еді. Ол пікірлердің дені кейінгі зерттеуші ғалымдардың көбінің ойынан шыққан нағыз қажетті пікірге айналған. Бұларға жуық В.Шотт урал-алтай тілдеріндегі есімдіктерге байланысты көптеген зерттеулер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жіктеу есімдіктер
Есімдіктер туралы
Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері
Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау
Үстеулердің үстеулер тіркесі
Есімдік туралы
Септік жалғауымен көнеленген үстеулердің тарихи даму жолы
Сөз таптарының қасиеттері
Есімдік сөз табының ғылыми негізі
Ахмет Байтұрсынов және морфология мәселелері
Пәндер