Түрме тақырыбында жазылған шығармалардың түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе . . .

  1. Қазақ әдебиетіне түрме тақырыбының зерттелуіТүрме тақырыбының зерттелуіТүрме тақырыбында жазылған шығармалардың түрлері
  2. Түрме тақырыбындағы қазақ әдебиетінің кезеңдеріКеңестік жүйе кезеніндегі «Түрме тақырыбы»Қуғын-сүргін дәуіріндегі (эмиграциялық әдебиет) «Түрме тақырыбы»
  3. Әлем әдебиетіндегі « Түрме тақырыбы»Орыс әдебиетінде түрме тақырыбының алар орныАғылшын әдебиеті мен «Түрме тақырыбы»

Қорытынды . . .

Кіріспе

  1. Түрме тақырыбының зерттелуі

Қaзaқ әдебиeтіндегі түрме тaқырыбы бүгінде нaқты дәлелденбей, өз oрнын тaбa алмай жүрген тың тaқырып болып отыр. Бір екілі мaқaлaдан басқa тұжырымдaлғaн еңбекті таппайсын. Көркем әдебиет бaр, теория жоқ. Оған бірден-бір себеп, бодандықтың салдарынан болар, қазақ даласында мүлде болмаған түрме ұғымы XVIІI- XІХ ғасырлардан бастап қана қолданысқа ене бастады. Яғни, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш түрме тақырыбы осы кезеңнің еншісінде болды да әдебиетіміздің тарихына сіңбей, жазбаша мұра болып зерттелуде ілгері қалып жатыр. Дегенмен, бұл тақырыпта жазылған әдеби мұралардың ауқымы кең.

Жалпы бағытты зерттемес бұрын, теорияның өзіне тікелей анықтама беріп алсақ. Әдебиет әлеміндегі «түрме шығармашылығы» теориясына екі түрлі анықтама беруге болады.

Біріншіден, «түрме шығармашлығы» дегеніміз- автордың жан-жарасымен, шеккен азаптың шері бар, тас әрі қараңғы тар қапаста жазылған туындылар. Осы мәселе тұрғысынан Қабдеш Жұмаділовтан асып айтқан ешкім жоқ шығар сірә. Яғни, жазушының айтуынша, жaзушы және түрме, қaлaм мен қaпaс. Әдетте бір- бірімен сыйыспaйтын ұғымдaр. Екінші жaғынaн алып қaрaсaң, тaңқалатын ештеңе жоқ. Алып империяғa күні қaрaғaн құлдық санадағы, бодaн елдің өз ұлтын сүйген, aзaткер зиялы тұлғасы aбaқтыдa oтырмaғaндa қaйтуші еді. Aғыспен жүзетін ептілер мен жaнсaуғa жaғымпaздaр болмaсa, қуғын-сүргін, aйдaу, aбaқты дегендерің - қaйрaткер aзaмaттың мaңдaйынa жaзылғaн сыбaғaсы емес пе?! Ресей империясындa бaрaр жерің - итжеккен, Сібірдің aқырғaн aязы, ит тұмсығы өтпес тaйгa ормaны . . . Eл Қытaй қaғaнaтындa ондaй суық Сібір жоқ. Оның есесіне Тaрым бойлaғaн Тaклaмaкaн шөлі бaр. Caясыз, пaнacыз, жaлaңaш шөл. Aлпыс градус aптaптa ұшқaн құстың қaнaты күйеді. Сібірде - aзaп болса, Тaрымдa - тозaқ. Осыншалық қиыншылықпен жазылған бұл шығармалардың халық алдына жетуі өз алды бөлек әңгіме. Мәселең, Мәди Бәпиұлының түрмеде отырып жазылған шығармаларының көбі ақын, энограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жеке мұрағатынан алынған. Ал, Тарым лагеріндегі Таңжарық, Қажығұмар, Керейхан секілді ақын-жазушылардың шығармалары да тағдырдың соқпағын көріп, біраз қиыншылықтан өткен.

Екіншіден, бұл теория- белгілі бір ақын-жазушылардың ел ауызынан естіген, тарих сахнасында қалған түрме тақырыбындағы оқиғаларды тізбектеп жазған туындылары. Тіпті кейде, түрмеде отырған адамдар өз өмірін арнайы жазушыларды жалдап кітап қылып жазғандықтары да туралы әлем әдебиетінің қоржынынан байқай аламыз.

Осы тақырыпта жазатын жазушылардың негізгі ойы «Мен сіздердің назарларыңызға ұсынатыным көркем шығарма емес, түрмеде қалған көптеген адамдардың өмірі мен тағдырлары, жағдайдың жайы туралы шынайы әңгіме. Романның барлық кейіпкерлері - нақты адамдар, олар әлі күнге дейін қамалды, немесе босады және, мүмкін, тағы да торға шығады. Олардың аттары мен тектері жеке өмірінің құпиясын бұзбау үшін әдейі өзгертілген, ал кез келген сәйкестік кездейсоқ.

Бірақ сіздің назарыңызды өте маңызды сәтке аударғым келеді - түрме бір мәнді емес, әркім оны өз көзімен көріп, оны өзінше қабылдайды. Мен маған қандай түрме ашылғаны, оны жеке көргенім туралы жазамын. Сондықтан да менің пікірім басқа адамдардың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін, алайда Мен көрген және бастан кешкен барлық нәрселерді дәлме-дәл сипаттауға тырыстым.

Кітап жазуға мені не түрткі болды? Түрме өмірінің ізін көрсету, қалың қабырғалар мен тікенек сымдардың ішінде орын алатындай жарық төгу ниеті. Өйткені, онда біздің қатаң заңдар мен ережелер бойынша өмір сүріп жатқан, көп жағдайда түсіну мен ұғыну үшін қиын Әлем бар.

Бұл кітап қандай да бір нанымды тарату көзі болып табылмайды және заңға қайшы әрекеттерді жасауға шақырмайды, тек ойға ақпарат береді. Бұдан көп емес. »- дейді. Сол себепті екінші тұжырымдамаға да осылай дәлел келтіруге болады.

Түрме әдебиетіндегі әдеби жанр автордың еркіне қарсы жерде шектеледі, ал жазылған әдебиетте түрме немесе үй қамау сипатталады. Әдебиет түрме туралы болады, бірақ оқиға авторға хабарланып немесе автор нағыз түрмеде болған. Бұл өмірбаян, ғылыми әдебиет немесе фантастика болуы мүмкін.

Натурализм мен түрме шығармашылығы бағытының ұқсас жағы басым. Бердібек Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтарылмайды" романы - өз уақытында толық баға алмаған шығарма. Бұл натурализм бағытында туған әлем, дәмді, әсерлі. Біздің социалистік реализм сол кезде "өлі қайтып келмеді"қабылдай алмады. Келмеді қабылдасын. Бұл романда Бердібек Соқпақбаев тылдағы тұрмыстың ауырлығын, кеңес лагеріндегі өмірдің ақиқатын сипаттайды. Мұнда жазушының осы туындысының аналогын Варлам Шаламов прозасымен сипаттауға болады. Жалпы, Мұхтар Әуезовтың "Қараш-Қараш оқиғасынан" бастап, қазақ әдебиетінің кейбір шығармаларында түрме тақырыбы алғаш рет "Өлгендер қайтып оралмағанда"толық ашылғанына қарамастан.

Ал қазіргі уақытта натурализм бағытында жеке заттар Соқпақбаев проза деңгейіне жетпей отыр. Бірақ неонатурализм орыс әдебиетінде жан-жақты көрініс табады. Бір қызығы, "қараңғы өмір" өмір өзінің қатаңдығымен, абсурділігімен, әдеттегі өмірмен сипатталады: ол-армиядағы, қаланың жезөкшелігі сияқты аймақта тірі тіршілік және т. б. с. 90-шы жылдары орыс неонатуралистерінің неонатуралистикалық прозасы сұранысқа ие болды-менің ойымша, қазір бұл сәл баяулады.

Қазақ әдебиеті тарихындағы түрме шығармашылығы циклінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері қандай? Көркемдік іздеу бар ма? Осы сұрақтарға жауап беру үшін біз түрмеде жазылған шығармаларды қайта баяндауға және талдауға шешім қабылдадық. …

Мұның бәрі абак, түрме, зындан ұғымын білдіреді. Аядай бөлмесі, сезімдер, шығармашылық, қабылдау анық, қоймаға әсер етпей. Металл торға бұрылғаннан кейін сіз еркіндік пен бостандықтың қадір-қасиетін түсінесіз. Жан рухында гений адам рухын кеудеге оятады. Рух жүрек түбімен өлеңмен төгіледі. Оның мысалдары түрмеде жазылған поэтикалық шығармалар.

Түрме шығармашылығындағы тақырып мәселесі - ерекше жан күйзелісімен қозғалатын көкейкесті тақырып болып табылады. Бұл цикл шығармаларының тақырыбына қарағанда жалпы адамзатқа арналған сияқты болғанымен, ішкі мазмұны нақты бір оқиғаға, халық мүддесіне сай келіп отыр. Қиындық, зорлық-зомбылық, азап табиғат дүниесімен мысал ретінде келтіріліп, астарлы жазылған. Тұспалды өлеңдердің ішкі мәнін ашпай, автор өмірдегі шындықты әр түрлі нәрсеге балап, жұмбақпен сипаттаған. Бұл дегеніңіз - қаламгердің шығармашылық шеберлігінің шыңы. Мысалға, Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңі-репрессияға кінә етіп тағылған, өлең жолдарының астарында қоғамға қарсылық бар деген айыппен жалаға арқау болған өлеңдерінің бірігейі.

Түрме шығармашылығының белді өкілдерінің көбі ақын, композиторлар болған. Мысалы, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Қапез Байғабылұлы, Мәди Бәпиұлы, Пішән Жәлмендеұлы секілді әнші-сазгерлермен қатар Сұлубай, Бүркітбайлар да абақтыға қамалып, айдауда жүріп, жазықсыз жапа шеккен өнер тарландары болып табылады. Қазақ мәдениетінде «сотталған ән» деген түсінік қалыптасқан. Өткен тарихтағы Кеңес үкіметі кезінде қазақтың төл өнері де жетімнің күйін кешкен. Ел мен жердің қасіретін, қайғысын толғайтын күйлер мен қаралы әндерді еларасына тарату, оларды айтуға тиым салынған. Музыка өнерінің көрнекті зерттеушісі, профессор І. Жақановтың «Үзілген ән» атты ғылыми зерттеу еңбегіне қазақтың әнші, сазгерлерінің қилы тағдыры мен олардың наразылыққа ұшыраған туындылары туралы тың мәліметтер енген екен.

Түрмеге қамалып, азап шеккен ақын, жазушылардың кредосы - ұлт пен жердің тағдыры болса, негізгі шығармашылық лейтмотиві - азаттық, еркіндік бірлігі болып табылады. Тікелей Сібірге айдалып, КСРО-ның қысымын көрген зиялылар да, атамекенін тастап, шетелге кетіп, эмигрант болған зиялылар да осы бірлік негізінде жырлады деп тұжырымданы шығаруға болады.

Түрмеде жазылған әдебиетте әр ақын, жазушының өмір сүрген қоғамының көрінісі, қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірі, елді жайлаған әділетсіздік пен жеке басқа табынушылықтың салдары, КСРО-ның солақай саясаты, зұлматты жылдар қасіреті тақырып ретінде тіреу болды. Ал, негізгі идея - көзкөрген келеңсіздікті қағазға парақтарын түсіру.

Болашақта қазақ әдебиеттану ғылымында түрме шығармашылығы өз алдына дербес сала ретінде танылып, әдеби, тілдік, философиялық, этномәдениеттік тұрғыдан зерттеу жұмыстарына арқау болып, түрме әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы шығарма мағынасын түсіндірсе, шығармалар мәтіндік сараптаудан өтіп, концептілік өрістеріне қарай бөлініп, әдебиеттанушы ғалымдардың ортақ мәселесіне айналса деген оймен түрмеде жазылған шығармалардың тақырыбы мен идеялық мәніне шолу жасадық. Тауымызды қорытындылай келе, түрмеде жазылған шығармалардың тақырыптық аясы ауқымды, идеясы еркіндік, аңсау, сағыныш деп тұжырым жасауға болады.

Қазақ әдебиетіндегі түрме шығармашылығының тарихи кезеңі: кешегі патша қоғамының соңғы жылдары және Кеңес өкіметінің қалыптасу жылдары еркіндік үшін шешуші шайқасты, жастар дүмпуі - Желтоқсан оқиғасын қамтиды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары, қазақ оқулары темір торға салынды. Алайда, түрмеде жазылған көптеген шығармалар халыққа жетпеді. Бұл зерттеу жұмысын орындау барысындағы ең үлкен еңбек.

1. 2 Түрме тақырыбында жазылған шығармалардың түрлері

Түрме шығармашылығының өзі жазылу жанры жағынан поэзия, проза болып екіге жіктеледі. Әзірше проза жағынан тек Қажығұмар Шабданұлының көптомдық «Қылмыс» романын ғана білетініміз ақиқат. Әлемдік әдебиетте Алекс Ла Гуманың «Тас ғалам» деген түрмеде отырып жазған романы бар. Американ жазушысының да тағдыр-талайына тар қапасқа таңылу жазылған екен. Міне, байқасаңыз «түрме шығармашылығы» әлемдік әдебиетте де бар құбылыс. Бұл екі романда жанры жағынан мемуарға жатады. Екі авторда өз бастарынан өткен оқиғаны қоғаммен байланыстырады. Бірі - Шыңжаң қазағының жартығасырлық тарихын қамтыса, екіншісі - ағылшын-үнді халықтары арасындағы саяси езгіні сөз етеді.

Жазушы Дәурен Қуат: "Әдебиетте буын үндестігі деген болады. Сол буын үндестігінің бізге дейін буыны босап, буы шығып кетсе керек. Ағаларымыз бар. Сенің, оның, олардың шығармалары жайында жақ ашпайды. Қолына ұстатқан дүниеңе қомсына қарап қояды. Бітті. Одан кейін нені әңгіме қыласың? Қысыр сөз, пендауи тіршілік. Көзінен көріп отырасың: "Мақтаса екен мені, дәріптесе екен" дейді. Мақталған, дәріптелген, мақталып, дәріптеліп келе жатқан адамдар. Сонда да соны күтеді. Қайтесің, ағалар ғой", - деген екен. Біз, тым болмаса өзімізді оқиықшы. Сосын бір-бірімізді құр мақтай бермей, ақиқатын айтар әділдіктің алмас қылышы болайық… Үлкендерді де оқи жүрейік… Өзінен кейінгі өкшелес буынмен, бүгінгі балауса жастармен емен-жарқын байланысқа түсіп, жастар шығармашылығын іздеп жүріп оқитын, шын тілеулес - марқұм Дидахмет Әшімханұлы еді… Бүгін енді орнын сипап қалғандай болып отырмыз. Ниеті түзу, ұлттық рухыңды аласартпауға, сағыңды сындырмауға жігерлендіретін жапандағы жалғыз қамқоршымыз еді… Жаны жәннатта болсын!

Елеке, тағы да бір үлкен мәселе - бүгінгі әдебиеттану ғылымы. Қазақ әдебиеттану ғылымы тоқырап, әдебиеттанушылар шаршап, шалдығып тұр(!) Ояну керек! Біздің көптеген ғалымдар бұрынғы жазған-сызғандарын қайта қарап, толықтырумен әуре болып жүр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Әдеби байланыс: Х.Оралтай және Қ.Шабданұлы шығармалары
Арготизмдер
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
Шетелдегі қазақ әдебиеті және әдеби байланыс
Қ.Шабданұлы "Қылмыс" романын талдау
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 110 жыл
Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі
Ибрагим Салаховтың өмірі мен шығармашылығы
Әдебиеттің оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы. Тарих және тұлға
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz