Мүмкіндігі шектеулі балалар қызығушылғы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті

Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі төмен сынып оқушыларға қоршаған әлемді таныстырудың түрлері мен әдістері
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В010200 - Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған: Рахмет Ақгүлден 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы _____________

Ақтау, 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы:5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Рахмет Ақгүлден
Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі төмен сынып оқушыларға әлемді таныстырудың түрлері мен әдістері
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
1) Мүмкіндігі шектеулі төмен сынып оқушыларға әлемді таныстыру
2) Төмен сынып оқушыларына әлемді таныстыру
3) Мүмкіндігі шектеулі балалар қызығушылғы
Негізгі әдебиеттер:
1) Мухина В. С. Детская психология. - М., 2001.
2) Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
3) Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты
ұйымдастыру Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17б.
4) Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытуд 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http:edu.gov.kz
5) Арнайы педагогика А.Байтурсынова.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ________ Ерубаева А.Р. ___ ___ 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТӨМЕН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРҒА ӘЛЕМДІ ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Мүмкіндігі шектеулі Балалардың әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 8
1.2 Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық ортаға бейімделе бастауы ... ...12

2 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАБІЛЕТІН АШУ ҮШІН ОЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕҢБЕРІН БАҒДАРЛАУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете-дамыту сабақтарын түрлендіріп өткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдері ... ... ... ..22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.Мүмкіндігі шектеулі төмен сынып оқушыларға әлемді таныстырудың түрлері мен әдістері жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, білімділік және біліктілік дағдыларын үйретудің жағдайын жасау; Баланың есте сақтау динамикасын анықтау;Баланың психикалық даму деңгейін, ерекшелігін, психикалық дамудағы, мінез-құлқындағы ауытқушылығын анықтау.
Жұмыстың өзектілігі- Психо-физиологиялық мүмкіндігі дамиды. Өз-өзіне сенім артады, өзін-өзі бағалай білуге, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына жол ашады. Оқудағы негізгі қиындықтары жойылады. Жағымды мінез-құлық қалыптасады Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назарын аударып, қамқорлық көрсетіп отыр.
Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында:Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы жолдауында басты назарда болып, айтылды. Психологиялық тексеру - кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерінің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейтесті мәселелері жан-жақты қарастырылған. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Балалардың сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін қамтамасыз ету көзделген
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіг шектеулі дамуы дегеніміз- оқушының жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен,оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістерінің жиынтығы.Ақыл-ойды дамытудың шарты,іс-әрекеттін тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері,адамдардың қарым-қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі,берілетін білім сапасы.
Жас ұрпақтың ақыл-ойының дамуы еңбек пен ғылым,білімнің ұштасуына байланысты.
Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды анықтауда дұрыс диагностика жүргізу, оларды табысты және нәтижелі оқытуға, ал болашақта әлеуметтік ортаға бейімделіп кетуіне жағдай тудыратын арнайы сыныптар мен топтарға орналастыру - қазіргі уақыттағы аса маңызды әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі төмен сынып оқушыларға әлемді таныстырудың түрлері мен әдістері
Курстық жұмыстың пәні - Инклюзивті білім беру
Курстық жұмыстың құрылымы- жұмыc кіріcпeдeн, 2 бөлімнeн, қoрытынды жәнe пaйдaлaнғaн әдeбиeттeн құрaлaды
Курcтық жұмыcтың тeoриялық жәнe прaктикaлық құндылығы: Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды анықтауда дұрыс диагностика жүргізу.
1 . МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТӨМЕН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРҒА ӘЛЕМДІ ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
1.1 Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі

Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады
Жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу жұмысын қазіргі заман талабына сай стандартқа енгізуді оқушылармен жеке дифференциалды жұмыс істеу нәтижесінде қол жеткізуге болады. Демек, оқушыларға қажетті білім, білік көлемі мен дағдыларын қазіргі қоғамның талабымен сәйкестендіріп беру қажет.
Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істеген, кезде балалардың есте сақтау, онан кейін жатталатын материалды қайта жататырғанда қалай қиналатын көрген мұғалім, интеллектісі бұзылған және ақыл-ойы кемтар балалардың есте сақтауын дамытуға оңтайлы екі әсер ететін түрлі жаттығуларды топтастырып, дамытуға көңіл бөлу керек.
Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психикалық дамуын жетілдіру негізінен үш бағытта жүргізіледі:
1. Балаларға жан-жақты диагностикалық тексерулер мен мамандардың консультативтік кеңестерін ұйымдастыру, негізгі зақымданулардың дәрежесін анықтау;
2.Емдеу, сауықтыру, әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
3.Түзету және дамыту бағыттарында арнайы әдістемелерді құрастырып, оларды қолдану.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері
І.Әңгіме әдісі баламен қатынас орнату құралы қызметін атқарады.Баланың ақыл-ой қабілеттерін анықтауда әңгіме барысында мынаны анықтау керек:
1.Баланың өзі,өз ата-анасы,жақын туыстары,достары (аты-жөні,тегі,жасы) туралы түсініктерінің нақтылығын және жеңуге, көршілер, туысқандар,ұғымдарын талдау қабілеті.
2.Уақыт туралы түсінік сипаты (сағатта уақытты анықтау іскерлігі, уақыт созылуын түсінуі)
3.Табиғат құбылыстары жайлы (жыл мезгілдерін олардың белгілерін есепке алып ажыратуы,қар,найзағай т.б) туралы түсініктің болуы
4.Кеңістікте бағдарлау іскерлігі оң-сол, жоғары-төмен, жақын алыс т.б ұғымдарды практиканың игеруі
5.Өз Отаны туралы, көрнекті жағдайлар туралы білімнің болуы, оқыған кітабын, көрген фильмін түсінуі. Әдістеме.Бақылау әдісі. Балаларды зерттеуде ең негізгілердің бірі.Бақылау бала кеңес алуға келгенен бастап,тексеру барысында жалғаса береді.Бақылау мақсатты жүргізілуі керек.Баланың ойын әрекетінде, бақылауда мынаған назар аударыңыздар:
ойыншықты көргендегі эмоциялық реакцияның сипаты, ойыншықпен өз бетімен ойнай алуы және ойынды ұйымдастырыу, ойыншықпен әрекетінің ақылға сыйымдылығы, ойын іс-әрекетінің қызығушылығының тұрақтылығы.
.Сурет-балаларды зерттеуде маңызды дифференциальды диагностикалық көрсеткіш.Психикалық ауру балалар суреттері өзгеше мағынасыздық, бейненің түсініксіздігі, түсті қалай болса солай пайдалану, пропорция сақтамау т.б суреттерінде көрінеді.
Арнайы сыныптардағы оқу процесі, есту қабілеті, көру, сөйлеу, тірекқозғалыс аппаратының бұзылыстары, психикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін ҚР МЖБС талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны бойынша жалпы білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін, ал жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін қолжетімді білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін, МЖМБС талаптарынсыз қоғамдағы жеке және тәуелсіз өмір салтын қалыптастыруға қажетті бастапқы кәсіби-еңбек дағдыларын меңгерту арқылы жүзеге асырылады.
Жаттығулар әртүрлі деңгейде жүргізілу мүмкін: еліктеуі, сөздік нұсқауы бойынша. Ең бірінші сөздік нұсқауы көрсетіліммен жүргізіледі, яғни балалар көрсетілім бойынша жұмыс жасайды. Одан кейін олардың өзбетілік деңгейлері өсе түседі - көрсетілім шеттетіліп, тек сөздік нұсқауға ғана қалады.
Мұндай жаттығу түрін күнделікті сабақта бірнеше рет пайдаланамын. Балалар бірге қайталамаса да, шама шарқынша қимыл көрсетуге тырысады.
Саусақ жаттығуына арналған тақпақты айта бастағанда бала қандайда бір әрекет жасап, көңіл күйі көтеріліп өз ішкі дүниесін қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы арқылы жеткізуге тырысады. Әрбір түзете-дамыту сабағын балаларға тек ойын арқылы жеткізе аламыз. Сондай ойын түрлері: Саусақ театры, Бала, бала, балақан, Саусақ көлеңкелері, Қуырмаш, т.б. атап өтуге болады.
Сондықтан да балалардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайларының барлық көріністерін болжау қиын, әсіресе оның нәтижесін. Инклюзивті білім беру саласындағы кедергі, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты қалыптасқан теріс көзқарас.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары жанында даму ерекшеліктерінде ауытқуы бар, өздерін басқаша ұстайтын қатарластарын көрмеген, үйренбеген. Сондай-ақ ата-аналар да ерекше қажеттіліктері бар балаларды қалыпты сыныпқа енгізу, стандарттың төмендеуіне әкеледі деп ойлайды, осыдан қобалжу туындауы мүмкін. Мұғалімдер ерекше қажеттіліктері бар балалар мен мектеп оқушыларының, олардың ата-аналарының, басқа да мұғалімдердің арасында оң көзқарас қалыптастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс.
Нормативті дамыған оқушыларда осы балалардың ерекшеліктері, олар пайдаланатын арнайы құрылғылар туралы сұрақтар туындауы мүмкін.
Дамуында ауытқулары бар баланы қалыпты дамыған құрдастарының оң қабылдауына қоршаған ортасындағы ересектердің әсері бар. Мұғалімдер осындай оқушыларды барлық жағдайларда қолдауға және көмек беруге дайын болуы тиіс. Салауатты оқушыларға құрдастарының дұрыс сөйлей алмауын, дұрыс қимылдай алмауын, өздерін басқаша ұстау себептерін түсіндіруі қажет және т.б. Айырмашылықтар орын алады және басқалар оған құрметпен қарауы керек. Мүмкіндігі шектеулі төмен сынып оқушыларға әлемді таныстырудың түрлері мен әдістері.
Ең бастысы даму мүмкіндігі бар балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек.Әр баланың қабілет - қарымын анықтап, дұрыс бағыт - бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек .
Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , ақыл-ой кемістігі бар баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді.
Мұғалімдерге ұсыныс:
Сөйлеу, көру,есту, эмоциялық-ерікті салалары, оқытуда қиындықтарымен, қатынастары, мінез-құлқы бұзушылығымен балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде жүйелі психологиялық-дәрігерлік-педагогика лық көмек көрсету.
Баланың әлеуметтік жағдайының дамуын есепке алумен, жекеше-дамытушылық бағдарламаларды әзірлеу және құру.
Жекеше, топпен жұмыс істеу түрінде түзеу-дамытушылық оқытуды жүргізу.
Дамытуда ақыл-ойы төмен балаларды отбасы жағдайында тәрбиелеу бойынша ата-аналарға (оларды ауыстырушы адамдарға) кеңес беру .
Жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;
Бұл балалардың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші кемістер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі - қозғалыс кемістігі (жетілмеу, зақымдану, дамуындағы тежелу т.б).
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы жеке жұмыс жоспары құрылады, сол жоспар арқылы еңбек дағдылылары мен таным қабілеттерін қалыптастыру мақсатында жеке түзете-дамыту жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізіліп отырады. Балалардағы қимыл қозғалыс патологиясымен байланысты, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын игеру мәселесі, айрықша мағызды болып саналады.
Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және оларды мәдени өмірге белсенді және тең қатыстыруға көркем шығармашылық, спорт саласында дарынды мүгедек балаларды анықтауға қатысты проблемаларды шешу үшін арнайы білім беру бағдарламаларын қолдау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу қажет. [3]
Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадыр-қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және
қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесуін толыққанды жағдайларда лайықты өмір сүруге, яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетіліп, әрбір оқушы шама-шарқына қарай білім көлемін меңгеруде.
Осы мақсатта мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеп келе жатқаныма үшінші жыл. Осы аз уақыттың ішінде мен мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығы мен үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін сезініп те үлгердім. Себебі, қалыпты балаларға сабақ беру барысында еңбегіңнің жемісін тез көресің. Қалыпты балалар қоршаған ортаға тез бейімделеді, айтқаныңды тез ұғады. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар болса, даму жүйесінде ауытқушылықтар болғандықтан өз қатарластарынан артта қалған, қоршаған ортаға бейімделуі баяу, кейбіреулері денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды, көбіне көңіл-күйі төмен болғандықтан да қатты сөйлегенді қабылдай алмайды. Мұндай балалардың ата-аналарымен жұмыс істеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Мүмкіндігі шектеулі бала үйреткеніңді қабылдайды, дегенмен, бұл көптеген жұмыс уақытты талап етеді.
Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта үстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.
Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл - қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.
Бір - екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл - қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.
Қимыл - қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа деін бала өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тез артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана (5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл - қозғалыстарға ие бола бастайды.
Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен, жаратпау және еркелету эмоцияларын ажырата алады. Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, адам бетіне аянышты түрде қараумен білдіреді.
Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балалар селсоқ, өзіне - өзі сенімсіз, кейбіреулері шектен тыс ызақор болып келеді. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болады. Мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын түсінбейді. Міне, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығының өзі де осында

1.2 Инклюзивті білім беру жағдайындағы оқытуды ұйымдастыру

Инклюзивті білім беру жағдайындағы оқытуды-тірек - қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл - қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады.
Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл - қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл - қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа деген ынта - жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.
Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға, төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі.
Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды.
Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.
Инклюзивті білім беру - балаларды жалпы білім беру процесіне толықтай қосу үшін балаларды бір-бірінен ажыратып,кедергілерге ұшырамауға бағытталған және олардың жасына, жынысына, этикасына, дініне қарамастан әлеуметтік бейімдеуге бағытталған мемлекеттік саясат.
Сонымен қатар дамудағы қалыс қалу немесе экономикалық мәртебесіне, отбасына белсенді қатысуы, коррекциялық-педагогикалық және балалардың жеке мұқтаждарын әлеуметтік адресті қолдаудағы бейімдеудің баланы емес, ортаны жеке ерекшеліктерімен білімдік қажеттіліктерін білім беру жағдайларын тиімді жолмен құру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жағдайын сараптауда, отандық тәжірибеде ерекше мұқтаж балаларды жалпы білім беру процесіне қосуда әр түрлі елдердегі шетел ғалымдары инклюзивті процестерін халықаралық құқықтық акт туралы жұмыстарда игеру қажет. Осы әр түрлі жер бетіндегі елдердің мәдени-тарихи және әлеуметтік- экономикалық деңгейлерінің дамуына байланысты инклюзивті білім беру принциптері анықталады:
Мұғалімдердің әр түрлі өзгерістерге дайын болуы, балалардың құқықтарымен қабілеттерін есепке алып отыру;
Жалпы білім беру мекемелерінде тиімді білім жағдайларын туғызу
Нәтижелі әлеуметтендірумен оқытудың жүзеге асырылуы инклюзивті білімді қолдану кезінде ғана табысқа жетілуі;
Демократиялық қоғамға орналастыру және жеке тұлғалық құқықтарын сақтауға кепілдеу;
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді білімділікпен, коррекциялаумен, әлеуметтік жағдайларына араластыру
Ата - аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар іс-әрекетінде бірлестік, жүйелілік болса ғана инклюзивтік тәрбие жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әр педагог әдіс-тәсілдерін нақты ойластыру қажет. Тек қана балаға бейімделген тәрбие оның ішкі потенциялын ашуға мүмкіндік туғызады, әр адамға қарап, сабырлылыққа тәрбиелейді, отбасыларымен қарым-қатынастықты нығайтып, оқу барысына кірістіреді. Инклюзивті тәрбиенің ұтымдылығы қанша және кім пайдасын көреді?
Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктін шектеусіз сипатқа ие болуы да ықтимал, Ж. Ламетри айтқандай, қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету, педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білімт беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын барлығы үшін бір мектеп немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда.
Инклюзивті білім беру - мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзив білім берудің екі жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір біріне қарама-қарсы қоймай қайта жақындатады. Олардың арасындағы шекараны ашады. Инклюзивті білім берудің Қазақстанда өріс алуы қажеттілік әрі перспективалық іс екенін мойындаймыз.
Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді.
Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы) түрде оқуын ұйымдастыру консилиум арқылы әзірленеді. Консилиумға мектептің пән мұғалімдері, педагог-дефектологтар, психологтар қатысады. Жеке бағдарлама есту, сөйлеу, көру қозғалу мүшелері мен интеллектідне ақаулықтары бар оқушылардың танымдық мүмкіндігіне бейімдетіледі.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру типтік және қолданыстағы оқу жоспарларына сәйкес жүргізілуі, жылдық күнтізбелік оқу жоспары және сабақ кестесі арқылы регламенттелуі тиіс.
Бұл ұсыныстар мүмкіндігі шектеулі бар балалар оқитын бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне оқу бағдарламаларын әрбір жеке жағдайға байланысты оқушылардың білім жөніндегі талап-тілегіне бейімдеуді жүктейді. Білім беру бағдарламалары мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңестерде бекітілу керек.
Инклюзивті білім беру жағдайында сынып жетекшілерінің рөлі де артып күрделене түседі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнаулы қолдау көрсетілуін: шәкірттердің оқу процесі аясында жұмысты ұйымдастыруына көмектесу; оңды қарым-қатынастар негізінде балалар ұжымын қалыптастырып, дамыту; ата- аналармен тығыз ынтымақтастық орнату мәселелерінің реттелуін нақ солар қамтамасыз етуі тиіс.

2. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАБІЛЕТІН АШУ ҮШІН ОЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕҢБЕРІН БАҒДАРЛАУ
2.1 Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете-дамыту сабақтарын түрлендіріп өткізу

Мүмкіндігі шектеулі балалардың бойындағы қарым-қабілетін ашу үшін олардың шығармашылық шеңберін бағдарлау мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете-дамыту сабақтарын түрлендіріп өткізу-Инклюзивті білім беру жағдайындағы тірек-қимыл аппараты зақымдалған балдарды оқытуды ұйымдастыру көру жұмыстары барысында оларды дамыту мен сақтау шаралары болмаса олардың жылдам шаршайтынын көрсетеді және көруінің нашарлауына әкеледі. Көруден шаршауы ақыл-ойы мен .физикалық жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Жалпы білім беретін мектептерде аталған санаттың оқушыларын оқыту барысында олардың жұмыс жасау қарқыны қалыпты көретін балалардан артта қалады.
Бұл олардың үлгермеуіне немесе өз мүмкіндігінен төмен үлгерімге әкеледі. Нашар көретін балалар мұндай жағдайда ашуланшақ, ұжымнан тысқары, негативизмін көрсетеді, бұл мектептегі бейімсіздігінің бір көрінісі болып табылады. Қалыпты көретіндер тәрізді нашар көретіндердің есту қабілеттері негізгі қабылдау талдауышы болып қала береді. Осыған байланысты нашар көретіндерді көзін сақтауға мүмкіндік беретін, көріп қабылдауын жеңілдететін, шаршауын болдырмайтын ерекше жағдайда жүзеге асырылуы қажет. Нашар көретін балалар үшін арнайы көрнекі құралдар, анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, артық бөлшектерсіз суреттер, ірі әріптермен жазылған кітаптар қажет.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам,
адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі - біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек.
Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек. Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау.
4Негізгі факторы да осы. Лев Семенович Выготский: Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі - бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі - кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері - деп атап көрсетеді.
Сондай-ақ, ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.
Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық-
педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету
сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы
түзете-дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін
басшылыққа алады.
Дегенмен, осы балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты.
Сонымен қатар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арасындағы
байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен
қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке
баулу ерекше маңызды. Практика барысында балаларда болашақ әлеуметтік
бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген
икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі. Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді.
Ол үшін сабақтан тыс уақыттарда Дүкенде, Шаштаразда, Автобуста т.б. сияқты сюжетті-рольді ойындар өткізіледі. Балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара көрсету керек. Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал, танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жас ерекшеліктеріне сай балалар еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының сапасына да жәй қарамайды.
Тапсырманы жаман орындаса қынжылып, ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, тәрбиешісіне көрсетіп, мадақтауды ұнатады. Балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның бәрі балалардың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып, олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
Ауыр ауру түрлерімен ауыратын зағип балаларды дәргерлердің ұсынымдамасын есеріп ПМПК бекітуі бойынша дербес бағдарламамен оқушылар ұжымымен ішінара кіріктіріліп үйде оқыту ұйымдастырылады.Кіріктірілу деңгейі және оның формасы оқушының денсаулығына қарай анықталады.
Дербес үйде оқыту мектеп жағдайында арнайы мамандардың, техникалық және отбасылық жағдайға байланысты жүзеге асады
Зағип және нашар көретін оқушыларды оқыту түзету кешендері енгізілген арнайы Типтік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар жалпы білім беретін бағдарламалармен және түзету кезеңді бағдарламалармен оқытылады.Жалпы білім беретін бағдарламаларға білім алушылардың даму ерекшелігіне байланысты өзгеріс енгізіледі (бейнелеу өнері, сызу, деншынықтыру, еңбек).
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі жалпы білім беретін бағдарламаның мазмұны оқудың 1 жылға ұзартылуына байланысты қайта бөлінеді, оқушылардың ерекшелігін ескере отырып өңделеді. Брайлдің рельефті-нүкте шрифтісімен басылып шыққан оқулықтар, оқу құралдары және әдебиеттер қолданылады.
Нашар көретін оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептерде жаппай 23 қолданатын ірі шрифтімен басылған және арнайы жаңартылған суреттермен, көріп қабылдауға қолжетімді оқулықтармен оқытылады.
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады.
Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн.
Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.
Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын оқушының психологиялық мінездемесі
Қазақстанның өркениетті мұрасын шетелден ынталандыру
Даму кезеңіндегі психологиялық ауытқушылық түрлері
Қиын бала деген кім
Қарым қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу туралы
Нәрестелік кезеңдегі негізгі іс-әрекет – ересектермен қарым-қатынаста болу
Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар
Қиын балаларға психологиялық көмек
XVII ғасырдағы ғылыми революцияның механикалық дүние көрінісінің дамуы. И.Ньютон
12 жылдық білім берудің мазмұны, пайдасы, ерекшелігі
Пәндер