Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНТИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖМКҚК
Филология бөлімі
Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Орындаған 0111000 Негізгі орта
білім беру мамандығы 0111083
Шетел тілі мұғалімі біліктілігі
бойыншаоқитын 4 курс студенті
С.Б. Ермаханова.
Жетекшісі Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы А.К.Ибраева
Нұр-Сұлтан2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР,ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
1.1.Көрнекіліктердің түрлері, оларды сабақта пайдаланудың маңызы ... ... 5-9
1.2. Көрнекі құралдарды сабақта қолдану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-12
1.3. Көрнекіліктер арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 13- 14
2ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРБИЕСІ
2.1. Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-18
2.2.Қазақ тілі сабағында көрнекіліктерді қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша эксперименттік жұмыстың нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-30
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:Жаңа ғасыр қоғамындағы басты мәселе болашақ ұрпаққа жақсы білім мен тәрбие беруді дамыту және жетілдіру болып отыр. Мектепте әлеуметтік жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа білімді меңгере алатын, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Білім мен тәрбие берудің негізі орта мектептердегі оқыту әдістемесін жақсарту. Әдістеме ғылым ретінде өте күрделі мәселе. Оның күрделілігі жүз мыңдаған компоненттердің шиеленіскен байланыстары. Оның жауапкершілікті өлшемі - адам. Мұны біз мұғалім ретінде ешқашан естен шығармауымыз керек.
Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған отыз елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық текникалық жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның білімін үнемі жаңартып тұруына көзін жеткізіп отыр.
Мұғалімнің оқыту процесін жетілдірудегі жұмсының бір түрі - сабақтың формалары мен құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Ол үшін мұғалім сабақта қандай әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер қолданатынын, сабақты қалай өткізетінін алдын-ала жоспарлап алуы керек.
Оқушының байқау, көру қабілетінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын - көрнекілік. Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне жаратылыс бітімін, сыр-сипатын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.
Зерттеудің мақсаты:Қазақ тілі сабағында көрнекіліктерді қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдерді теориялық тұрғыда негіздеу.
2.Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу.
3.Көрнекіліктер арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін ашу.
4.Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын айқындау.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі.
Зерттеу нысаны:Бастауыш мектептегі оқу үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы:Егер мектепте қазақ тілі сабақтарында көрнекіліктердің бірнеше түрлері пайдаланылса, теориялық негіздері айқындалса, оны іс тәжірибеде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері сараланып, әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілсе, оқушылардың тілін және коммуникативтік дағдыларындамытуға негіз болады.
Зерттеу көздері:Зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтар
мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, ғылыми еңбектер, озық тәжірибиелер, педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибелер.
Зерттеудің әдістері: Салыстыру,талдау,бақылау,сараптау,қ орыту.
Зерттеу базасы:№7 мектеп гимназиясының бастауыш сыныптары.
Зерттеудің құрылымы:Қурстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР,ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
1.1. Көрнекіліктердің түрлері. оларды сабақта пайдаланудың маңызы
Егеменді еліміздің білім беру жүйесі бүгінгі таңда әлемдік білім кеңістігіне бағыт алып, өркениетті елдердің білім беру жүйесімен теңдесу жолында әртүрлі іс-шаралар жасалып жатқандығы баршамызға мәлім. Қазіргі қоғамның барлық саласында болып жатқан өзгерістер өмірге қадам басып отырған әрбір адамның әлеуметтік және жеке құзіреттілігінің жоғары деңгейде болуын қажет етеді. Бiлiм мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелi-"Қазақстан республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы. Бұл Тұжырымдама елiмiздiң бiлiм жүйесiнде реформалық өзгерiстер жасау қажеттiгiнен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды [1].
Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу-қазiргi заман талаптарынан туындап отыр. Оқушыларды жан - жақты дамыту үшін сабақтарда көрнекілік қолдану оқушының, көріп, естіп ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретін, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайтын әдістердің бірі деп танимыз.Оқу-әдiстемелiк кешенiнiң бiр бөлiгi ретiнде көрнекiлiк құралдары пән мазмұнының, ұйымдастырылуының, оқу әдiстемесi мен оқу-тәрбие жүйесiнiң бiртұтастығын талап етедi. "Көрнекiлiк құралдары" ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде әр түрлi сипатта берiледi. "Көрнекiлiк" деген терминнiң өзi "көру" етiстiгiнен шықса да, қазiргi кезде ол әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы санаға әсер ету керектiгiн бiлдiреді.
Педагогикалық сөздiкте "көрнекiлiк-оқушылардың тiкелей қабылдауындағы нақты бейнелерде қалыптасатын оқытуға негiзделген дидактикалық ұстаным" деген анықтама берiлген. Оқушы санасында көрнекiлiк бейнелерiн қалыптастырудың құралдары ретiнде мектепте түрлi оқыту жабдықтары қолданылады. Педагогика ғылымын дамытушылардың бiрқатары табиғаттың, техникалық және қоршаған ортаның барлық заттары мен құбылыстары көрнекiлiктiң құралы ретiнде қолданылу керек деп есептейдi. Оқыту процесiнде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекiлiк бейнелерiн қалыптастырудың қажеттi құралдары болып табылатыны белгiлi.Педагогика ғылымында көрнекiлiктердi жүйелеудiң бiрнеше әдiсi бар. Негiзiнен оларды жеке түр белгiлерiне (көлемi, бiртүстiлiгi немесе әр түрлiлiгi, статистикалық
немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға арнаулы және т.б.), құрастырылған затына қарай немесе дидактикалық түрде топтастырылады [3].Көрнекi құралдар табиғи, бейнелеуiш, символикалық (нышандық), динамикалық болып бөлiнедi. Соның iшiнде бейнелеуiшке-оқу картиналары, диапозитивтер, диафильмдер, муляждар, макеттер, көркем суреттер жатады; символикалыққа-сызбанұсқа, мәтiндiк, сандық кестелер, диаграммалар, карта, таңбалық бейнелер жатады. Жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үрдiсiнiң мiндеттерiн шешудегi көрнекi құралдарының қызметтерi олардың дидактикалық құрылымдары мен тәрбиелiк бағыттарына орай анықталады. Көрнекiлiк құралдары мектептегi оқыту мен тәрбиелеуде мынадай қызмет атқарады:
-оқушының жеке сезiм-күйiне әсер етедi, яғни таныммен, ғылыммен, өнермен байланыс жасауы мен тұрақтанушылық қызметi;
-ақпаратты меңгерудi жеңiлдетедi, яғни ақпараттық таныстырушылық қызмет атқарады;
-ақикатты объект жөнiндегi ақпаратты белгiлi шамаға дейiн ұғынуға мүмкiндiк жасайды. Оқушы санасын қалыптастыруда көрнекiлiк қызмет атқарады;
-iскерлiк дағдының қалыптасуына үлес қосады, яғни жаттықтыру қызметiн атқарады;
-оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесiн бақылауға ықпал етедi, яғни бақылау мен бағалау қызметiн атқарады.
Көрнекiлiк құралдары мынадай шарттарды ескергенде ғана, өз мiндеттерiн толық орындайды деп саналады:
-оқу бөлмелерiнiң, сыныптардың толық жабдықталуы;
-қажеттi құралдар мен жабдықтардың бiлiм беру мен оқыту аясында өз мүмкiндiктерiн жан-жақты жүзеге асыруы;
-оқу-тәрбие жүйесiнiң барлық салаларының кiрiктiрушiлiк, үйлесiмдiлiк және кешендiк мүмкiндiктерiнiң ескерiлуi;
-оқытушы мен оқушының қазiргi кездегi оқыту әдiстерiн пайдалану барысында көрнекiлiктердiң мақсатты пайдалана алуы [4].
Мектептегi оқу процесiнiң негiзi сабақ болып табылады. Оның бiлiмдiк мақсатын алатын болсақ, мынадай бөлшектерiн атауға болады: жаңа материалды игеру, сабақтың практикалық дағдысын меңгеру, бiлiмдi кешендi түрде қабылдау, бiлiмдi тексеру және жүйелi қабылдау. Осы сабақ түрлерiн қазiргi жаңаша дидактикамен байыта отырып, әдебиет сабағын өтуге қолдансақ, онда әдебиеттiң қарапайым ұғымдарынан бастап, теориясы мен тарихын, тiл дамытуды, сыныптан тыс оқу, әдебиет туралы әңгiме жүргiзуге дейiн жалғасып отырады.
Осы тұрғыдан алғанда әдебиет сабағында көрнекiлiк түрлерiн тиiмдi қолдана бiлу мәселесi де-маңызды мәселенiң бiрi. Көрнекi құралдарды қолдану мектеп тәжiрибесiнде әбден сыналған, ертеден қолданып келе жатқан тәсiл. Көрнекiлiк-әрбiр сабақтың тiрегi. Мұғалiм кейбiр түсiнуге күрделi материалдарды тез, оңтайлы түсiндiру үшiн көрнекiлiк түрлерiн қолданады. Қазақ тілі сабағында мынадай көрнекiлiк түрлерiн қолдануға болады:
1.Сөздiк көрнекiлiк;
2.Заттық көрнекiлiк;
3.Сызбалық көрнекiлiк;
4.Суреттi-түсiндiрмелi көрнекiлiк.
Сөздiк көрнекiлiк. Басқа пәндерге қарағанда бұл көрнекiлiк әдебиет сабағында жиi қолданылады. Сөз арқылы қаламгер кейiпкер бейнесiн, оның қарым-қатынастық көрiнiстерiн, табиғат көрiнiстерiн әсем кестелеп, көркемдеп, оқырманына жеткiзедi. Олай болса, жазушы мақсатын, шығарма тақырыбын, оның тiл ерекшелiгiн, шығарма көркемдiгiн, кестелi суреттердi, кейiпкерлердiң өзiндiк, даралық ерекшелiктерiн, сол туындының өзiне, одан алған дәйектi мысалдарға сүйену арқылы ғана оқушыны сендiруге болады. Сөздiк көрнекiлiктiң жүйесiн дұрыс қолданғанда ғана оның тиiмдiлiгiн арттыруға қол жеткiзiледi.Заттық көрнекiлiк. Бұл көрнекiлiктiң оқушылар үшiн айғақтық-заттық, тарихи-тәрбиелiк жағынан мәнi ерекше. Заттық көрнекiлiк жазушының өмiр жолын, шығармашылық iзденiсiн, әлеуметтiк ортамен қарым-қатынасын, оның танылу аймағын танытуды мақсат тұтады. Бұл көрнекiлiк қаламгердiң әр жылдары жарық көрген басылымдарын, қолтаңбаларын, мұрағаттыққұжаттарын, заттарын, қаламгер шығармашылығы бойынша қойылған қойылымдарды, көрiнiстердi, жазбалар мен мұражай дүниелерiн қамтиды.
Жасанды макеттер, суреттер,карталар,плакаттар, т.б.
Көрнекілік түрлері
Көрнекілік түрлері
Графикалық схемалық, сызулар, диограммалар, т.б таблицалар,, кестелер.
Дыбыстық таспа, көркем сөз, өлең, праза, музыка, жұмбақтар, т.б.
Суретті көрнекіқұралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: картинкалар мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері немесе фигуралардың кескіндері салынған таблицалар . Суретті көрнекі құралдардың екінші бір түрі шартты (символдық) құралдар болып табылады: математикалық символдардың (цифрлар, амалдар таңбалары. , , = қатынастары таңбалары), схемалық чертеждер . Суреттік көрнекі құралдарға сондай-ақ экрандық көрнекі құралдар да жатады, олар: оқу фильмдері, диафильмдер, диапозитівтер.Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы кластық және жекелік деп бөледі. Жаллы кластық көрнекі кұралдарды бүкіл класс болып пайдаланады (кейде оларды демонстрациялық деп атайды), жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланады.
Сызбалық көрнекілік. Бұл шығарма кейіпкерлерінің өзара қарым - қатынасын, байланысын, жүйесін, өмір жолының даму барысын, тілдік, портреттік сипаттамалары арқылы берілген мінез ерекшелігін, жазушының өмір жолымен туындыларының тарихи кезеңдермен сабақтастығын, әдеби құбылыстардың үндестігін, тамырластығын, жазушы өмір сүрген, оның туындылары жазылған географиялық аймақтарды көрсетуге, аңғартуға арналған сызба арқылы көрсетілген көрнекі құрал. Шығармадағы оқиға желісінің қазығы болып табылатын басты кейіпкердің іс-әрекеті, солар арқылы жазушы ойы, мақсаты, бағыты айқындалатыны белгілі. Осы бір мәселені көрнекі құралдар арқылы нақты сызбалармен көрсетіп, айқындай түспесек, кейде оқушы бұл туралы толық ұғым ала алмауы мүмкін. Сондай жағдайда сызбалы көрнекіліктің көмегі ерекше.
Сызбалы көрнекілікті шартты түрде үшке: схема, таблица, карта деп бөліп қарастыруымыз керек. Схемада тек адамдар, кейіпкерлер тізбегі беріледі де, олардың өзара байланысы, қатысы көрсетіледі. Ал таблица жазушының өмір жолын, соған байланысты шығармаларын, олардың жыл мерзімдерімен, жеке кейіпкерлердің тілі, портреті арқылы мінездегі екрекшеліктерін көрсетуді мақсат тұтады. Карта жазушы жүріп өткен жолды, туындылары жазылған аймақты көрсетуге арналады. Сабақта схема, таблица, карта қолдану арқылы оқушының әдеби құрылысты, оның ішкі құрылысын толық түсінуге жағдай жасау көзделеді. Сүйтіп сызбалы көрнекілікті құрал арқылы шығармадағы образдар жүйесін, жазушының өмірін, шығармашылығын тарихи кезеңдермен бірлігін, тіл ерекшеліктерін, мінез айырмашылықтарын, оның өмір сүрген ортасын, шығарманың жазылған аясын, әдеби байланыстар желісін, шығармалардың әлемге танылу аумағын көрсете алады. Оқушының көру қабілетіне, қабылдауына тікелей ықпал етеді.
Заттық көрнекілік. Бұл көрнекіліктің оқушылар үшін тарихи тәрбиелік мәні ерекше. Оқушылардың тарихи танымын дамыта отырып, олардың өмір тәжірибесіне деген құлшынысын арттыру арқылы адамгершілік санасының дұрыс қалыптасуына ықпал ететін болады. Заттық көрнекілік жазушының өмір жолын, шығармашылық ізденісін, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын, оның танылу аймағын танытуды мақсат тұтады. Бұл көрнекілік жазушының әр кезде шыққан басылымдарын, қолтаңбаларын, архивтік құжаттарын, заттарын, жазушы шығармалары бойынша жасалған түрлі қойылыстарды, көріністерді, жазбаларды, мұражай дүниеліктерін қамтиды. Осыларды сабақта қолдана отырып, оқушы бойына жазушы еңбегіне, өмір жолына деген құрметті, ілтипаты, ынталылықты, қызығушылықты арттырады. Жазушы қолтаңбасы былай қарағанда елеусіз нәрсе сияқты. Ал оқу тәрбиесі үшін үлкен мәні бар. Бағдарлама бойынша өтіп отырған жазушы қолтаңбасының ата-аналардан оқушылардан табылуы ерекше құбылыс. Ол қолтаңбаның жазылу тарихы, оның мәні, жазушы өмірінің елеусіздеу көрінетін бір кезеңін көрсете отырып, сол жазушының шығармашылық лабараториясының ізін байқау үшін ерекше мәні бар. Жазушы қалдырған қолтаңбаға байланысты кейін нендей шығарма туындады, онда сол ортаға байланысты не қамтылған, қалай көрсетіліп, қалай суреттелген, жазушы шығармасының жазылуына орай қалай ықпал еткен деген сияқты сұрауларға жауап бере отырып, жазушы лабараториясының жасырын сырларын аңғаратын боламыз.
Сүйтіп жазушының әрбір дүниесіне мән бере отырып, жазушылықтың қыр-сырын оқушыларға жан-жақты таныстыруға, білдіруге мүмкіндік аламыз.
Заттық көрнекіліктерге не жатады:
1. Баспадан шыққан әр кездегі шығармалары
2. Жазушы қолтаңбалары
3. Жазушы өмірін білуге көмектесетін, соған байланысты заттар
4. Жазушының әлем тілдеріндегі басылымы
5. Отбасылық суреттері
6. Түрлі жазбалары, кино
7. Жазушының дауысы, қойылымдарының үзінділері жазылған пластинкалар.
Аудио жазбалық көрнекілік. Аудио дыбыстық техникалық құралдарға жатады. Дыбыстық құралдар оқу үдерісінде екі міндетті шешуге көмектеседі: арнайы жазбаларды, диктордың көркем сөз шеберлерінің, қоғам қайраткерлерінің сөздерін тыңдауға; оқушылардың, мұғалімнің өз сөздерін жазуға мүмкіндік жасайды. Тыңдау арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырып, сабақты жандандырып өткізу.
Сөздік көрнекіліктер. Басқа пәндерден гөрі әдебиет сабағында жиі қолданылатын көрнекілік. Өйткені әдебиеттің басты құралы сөз. Сөз арқылы жазушы кейіпкер бейнесін, оның қарым-қатынастық көріністерін, табиғат суретін әсем кестелеп, көркемдеп оқырманына жеткізе біледі. Олай болса жазушы мақсатын, шығарма тақырыбын, оның тілі ерекшелігін, шығарма көркемдігін, кестелі суреттерді, кейіпкерлердің өзіндік, даралық ерекшеліктерін сол туындының өзінен, одан алынған дәйекті мысалдарға сүйену, жүгіну, үзінді келтіру арқылы ғана дәлелдеуге, оқушыны иландырып, сендіруге болады. Сөздік көрнекіліктің жүйесін дұрыс қолданғанда ғана оның тиімділігін арттыра аламыз.
Суретті - түсіндірмелі көрнекілік. Бұл көрнекі құрал тек көрнекілік қызметін атқарып қоймайды, сонымен бірге өнердің бірлігін, сабақтастығында танытуға септігін тигізеді. Мұнда сурет туындылары жалаң алынып қоймастан, әдеби шығармалармен бірлікте алына отырып, осы екі өнердің ұқсас қасиетімен бірге өнер тілдерінің өзіндік даралықтары да барлығын, әрқайсысы құбылысты өзінше пайымдап, өзінше көркемдеп бейнелейтіндігі оқушы түсініп, ұғынатын, саралап танитын болады. Портрет, плакат, иллюстрация тілі - өзіндік дара тіл. Олар бояу арқылы сөйлеп, өрнек тудырады, көркем бейне жасайды. Өнердің бұл туындылары бір жағынан көркем шығармалармен сабақтасып, байланысып, ерекше бір жүйе түзетіні де болады. Суретті - түсіндірмелі көрнекі құралды қолдану үстінде осындай бірлік тұтастығын оқушыға сездіре отырып, олардың эстетикалық сезімі мен танымның дамуына ықпал ететін боламыз.
1.2. Көрнекі құралдарды сабақта қолдану әдістері
Ұлы Абай өзінің шығармаларында ақыл -ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, ерік-жігер, қиял сияқты психикалық процестерді дамыту керек екендігін ашық көрсетеді. Мәселен"Адам баласы... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады" - деген дана ойы көрнекі құралдардың маңыздылығын нақты айқын көрсетеді.
Сондықтан сабақ үрдісінде баланың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар мен әдістерді, көрнекілік заттар және өмір фактілерін пайдалану оқушының дұрыс ойлау қабілетін арттыруға көмегін тигізеді.
Бастауыш оқушыларының ойлау қабілеті жан-жақты толысып, пісіп жетілуіне, алдағы өміріне қажетті білімнің, біліктің, дағдылардың берік негізін дамытуда көрнекі құралдың алатын орны ерекше.
Сабақ үрдісінде, әсіресе бастауыш сыныптарда әртүрлі көрнекіліктерді қолдану оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыра түседі. Көрнекіліктің түрлерін қолдануда мұғалім оқушының танымын арттыру мақсатында дамыта оқыту үрдісімен ұштастырса жүзеге асырса нәтижесі жоғары болады. Көрнекілікті қолдану аясына қарай төмендегідей түрлерге бөлуге болады.
Көрнекі құралдар
Табиғи бейнелеуші символикалық техникалық-
көрнекіліктер динамикалық
Табиғи көрнекілік:коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуанаттар мен құстардың тұлыбы, минералдар және тағы басқалар жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі: оқу картиналары, муляж, геометриялық фигуралар, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, көркем суреттер, жер бетінің бедері тағы басқалар.
Символикалық көрнекілік:сызбанұсқалар, мәтіндік, сандық кестелер, карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер тағы басқалар.
Техникалық-динамикалық көрнекілік: шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипреакциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Көрнекілікті қолдануда мұғалім төмендегідей шарттарды ескергені жөн. Мұнда:
-оқу бөлмелерінің толық жабдықталуы;қажетті құралдың білім беру мен оқыту аясында өзіндік мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы;
- оқу-тәрбие жүйесінің барлық салаларының кіріктірушілік, үйлесімділік және кешендік мүмкіндіктерін ескерту;
- оқытушы мен оқушының қазіргі кездегі оқыту әдістерін пайдалану барысында өзара қарым-қатынастарын ескеру.
Бастауыш сынып оқушыларына оқу - тәрбие үрдісінде көрнекі құралдарды қолдана отырып оқыту барысында дидактикалыққұрылымдар мен тәрбиелік бағыттарын сабақ мазмұнына орай анықтайды.
Көрнекілік құралдарды оқыту мен тәрбие беру барысында қолдану төмендегідей қызметтерді қалыптастырады. Мұнда:
1. оқушының жеке сезім - күйіне әсер етеді (яғни, таныммен, ғылыммен, өнермен байланыс жасауы мен тұрақтандырушылық қызметі);
2. ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни, ақпаратпен танысушылық қызметі);
3. объекті жөніндегі ақпаратты белгілі шамаға дейін ұғынуға мүмкіндік береді (сананы қалыптастырудағы көрнекілік қызметі);
4. іскерлік пен дағдының қалыптасуына үлес қосады (жаттықтыру қызметі);
5.оқу -- тәрбие жұмыстарының нәтижесін бақылауға үлес қосады (бақылау мен бағалау қызметі);
Көрнекі құралдардыоқыту процесінде жүйелі түрде қолдану функциялары сабақтың мазмұны мен мұғалімнің сабақ беру әдіс-тәсілдеріне байланысты. Сондай әдістердің ең неізгілерінің бірі - оқушылардың байқау-көру қабілетін дамыту үшін сабақта қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Мысалы: бастауыш сыныптарда көрнекі құрал ретінде заттың өзін пайдаланған тиімді. Бұл оқушылардың қабылдауына жеңіл болып, олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады.
Мектептегі оқу үрдісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда қазіргітаңда жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік рөлі бұрынғыдан да арта түсуде. Қайта құрудың басты тұтқасы - адам, ал оның белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыру мектептен басталады.
Жеке пәндер бойынша, әсіресе бағдарламада көрсетілген кейбір қиын материалдарды немесе олардың тарауларын өткенде ғылыми тұрғыдан іздену менәдістемелік талдаулар жасау арқылы ғана оқыту әдістерін жетілдіруге болады.
Қазіргі заманда тәжірибелік жобаларда көрнекі құралдарды дайыңдау үшін үлкен жүйелі жол жасалады. Бұл жерде көрнекі құралдарының мазмұны, формасы және оқыту әдісі байланыстырылып қолданылады. Осының бәрін кешенді қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламаларында көрнекі құралдарды сабақта кезеңмен қолдануы кезінде оқыту үрдісінің маңыздылығын, сапасын арттырады.
1.3. Көрнекіліктер арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуда тілді дамытудың маңызы зор. Тілді дамыту барысында қазақ тілі сабағында мәтінмен әдебиет сабағында шығармамен жұмыс жасау оқушылардың өздігінген жұмыс істей алу қабілетін арттырады. Бұл іс - әрекетті сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта жүзеге асыруға болады.
Мәтінмен жұмыс жасауда шығарма мәтінін оқыту, мәтінмен дербес жұмыс жүргізу, әңімелесу, салалы жаттығулармен жұмыс жасау, тәжірибелік дағдыларға үйрету, жаңа сабақта сұрақтар арқылы оқушыны әңгімеге тарту, оқулықпен, қосымша дереккөздерімен өздігінен жұмыс жасату, оқушының өзіне сабаққа тән түрлі көрнекіліктер жасату, мінездеме, баяндама, хабарландыру, жарнама жасату арқылы оқушыларды өз деңгейлеріне тән жұмыс істей білуге, яғни, сабаққа белсене қатысуға үйретуге болады.
Сонымен қатар, оқушының жазу мәдениетін де арттыру керек. Себебі қазіргі таңда бәрі даяр дүниеде оқушылардың жазу мәдениеті төмендеп барады. Ал жазу мәдениетін арттыру арқылы да жұмыс түрлерін түрлендіруге болады. Бұл жұмыстардың білімділік, тәрбиелік мәні зор. Оқушы, біріншіден, еңбекке үйренсе, екіншіден, тілі байиды, өмірді таниды. Бұл өмір мен оқытуды сабақтастыру болып табылады.
Оқыту әдістерін күрделендіру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Онымен қоса әдістемелік жұмыстардың қазіргі заман талабына сай болғаны дұрыс. Қазіргі жаһандану барысында білім саласында да көптеген өзгерістер еніп жатыр. Сондықтан мұғалім жан - жақты ізденіс үстінде болу керек. Яғни, озат тәжірибені түсінуі, қабылдауы, үздіксіз оқуы, тәжірибелік, әдістемелік білімін көтеріп отыруы керек.
Қазіргі таңдағы балалардың тілі шорқақ, ойы шолақ болып келеді. Кей бала тіпті орысша ойлап толғайды, содан барып қазақша жеткізеді. Бұл да бір заман ағымы болып барады. Себебі қоғамдағы өзгерістер соған әкеле жатыр. Бұрынғыдай бала ата - әже тәрбиесінде көп бола бермейді. Үйде ата-ананың баламен қарым - қатынасы да аз. Бала көбіне ғаламторда не ұялы телефонда отырады. Көркем әдебиеттерді оқымайды десе де болады. Сондықтан да ойлау, ойын жеткізу қабілеті төмендейді.
Коммуникативтік әдіс - оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады-таңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да,өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну.
Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу - ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.
Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны дұрыс.Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым - қатынас жасаушылардың бір - бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz