Менің таңдап отырған бұйымым классикалық үлгідегі пальто
Кіріспе
2020 жылы еліміз өндірісі өркендеген алпауыт елге айналуы қажет. Бұл - Елбасының - халыққа дәстүрлі Жолдауында міндеттеген тапсыр - малардың бірі. Елбасы Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты халыққа Жолдауында бес басым бағытқа айрықша тоқталған. Соның бірі - индустрия - лық бағдарламаны дамыту. Оның тапсырмасы бойынша қолға алынған Үдемелi индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңiл өнеркәсiптi өркендетудің жоба-жоспары әзірленген болатын. Құжатта шикiзатты өңдеп - дайын өнімді сыртқы нарықтарға шығару, жоғары сапалы өнiм өндiріп - жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiне деген iшкi нарық қажеттiлiгiн толықтай қамтамасыз ету және еңбекке қабiлеттi халықты жұмыспен қамту мәселесі тайға таңба басқандай анық көрсетілген.
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Қазақстан жеткілікті әлеуетке ие, республикада қолайлы факторлар мен алғышарттар бар. Бұл ретте саланың жай-күйін талдау оның күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін айқындау өте мағызды. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласы шығаратын өнімдердің 51 пайызы тоқыма бұйымдар, 42 пайызын киім өндірісі, ал қалған 7 пайызы былғары және оған жататын өнімдер құрайды.
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары өркениет деп аталатын күрделі жүйедегі ең қажетті элементтердің бірі болып табылады. Киім дегеніміз - бұл қорғайтын және әсемдік беретін, сондай-ақ тұтынушының дербестігін көрсететін жабулардың жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезде әр түрлі жаңа құрылымды химиялық талшықтар мен жіптер, иірім жіптерді тігін бұйымына қолданудың арқасында, киімдерге арналған материалдардың ассортименті тоқтаусыз кеңейіп, жаңаланып отырады. Өйткені, олар өздерінің әр түрлі қасиеттерімен ерекшеленеді, пішу және тігін бұйымын өндірудің технологиялық процесіне, химиялық тазарту және бояу параметрлеріне ықпалын тигізеді. Киім қазіргі кезде қолданбалы өнердің туындысы ретінде қарастырылады. Ал эксплуатациялық қасиеттерін бағалау кезінде бұйымның сән бағытына сәйкестігі, қазіргі заманға сай безендірілуі, бұйымның сыртқы көрінісінің тұрақтылығы, оны күту жеңілдігі үлкен мағынаға ие. Сондықтан жоғары сапалы бұйымдарды шығару үшін, тек қана озық технологияны қолданып қана қоймай, тұтынушылар сұранысын да ескеру қажет.
Қазіргі өркендеу кезеңінде тігін бұйымдарының сапасы қолданылған техника және технология негіздеріне, өндірісті ұйымдастыру деңгейі мен механикаландыру дәрежесіне тікелей байланысты. Тігін өндірісінде шығарылатын өнім ассортименті мен бұйым моделі сән өнері мен бағытына негізделетіп, ғылыми-техникалық жаңалықтар негізінде шығарылған жаңа материалдардың түрі кеңінен қолданылатындықтан, болашақ мамандар бұйымды өндіруде жаңа материалды өңдеу технологиясын және қолданылатын әр алуан құрал-жабдықтарды меңгеруі қажет.
Киімді жобалаудың сапасын анықтау кезінде, киімді құрастыру және
көркемдік модельдеу ең маңызды процесстер болып табылады.Тігін өндірісінің ең басты мақсаты тұтынушыларды жоғарғы сапалы және күрделі түржиындағы киімдермен қамтамасыз ету.Тігін өндірісі жеңіл өнеркәсібтің бір бөлігі болып табылады,ол киім шығару жіне де басқада тұрмыстық және техникалық жұмыстарға арналған материалдардан тігілетін тігін бұйымдары, трикотажды жайма,жасанды және табиғи былғары мен үлбір,жаңа конструкциядағы материалдар және де әртүрлі сәндік материалдар мен фурнитуралар шығаруда.Тігін өндірісінде киім дайындағанда әртүрлі құрылымы мен қасиеттері арқылы ерекшеленетін материалдар таңдалады.Материалдарды дұрыс таңдау ол киімнің сапасын,сыртқы түрі,пішмін және тозуға ,еңбек төзімділігін анықтайды.Тігін өндірісі халықты сәнді әрі ұнамды киіммен қамтамасыз етуі керек.Сондықтанда оларға қойылатын талаптар болады. Негізінен тігін өндірісінде рационалды және жоғарғы дәлдіктегі конструкцияны талап ететін бұйым формасын қалыптастыру қажет. Бұл өндірістің көпшілік бөлігін тұрғындардың тапсырысы бойынша киім дайындайтын кіші өнеркәсіптер құрайды. Бұл мәселенің шешімін табу үшін өндірістің тиімділігін арттыру еңбекті және өндірісті жетілдіру қажет. Тігін бұйымдары өндірісінде шешуші рөлді технологиялық процесс атқарады. Қазіргі таңда тігін өндірісіне, өндіріс үшін экономикалық жағынан тиімді аздаған уақытта киімді жобалап, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын жоғарғы білікті мамандар қажет. Киімнің жаңа үлгісін жобалау-бұл эскиздерді , макеттерді, сызбаларды дайындау технологиясын әзірлеу процесінде және қойылған талаптарға сәйкес, бұйым үлгілерін көркемдік-суретшілік, эргономикалық, техникалық, технологиялық, экономикалық және т.б. міндеттердің кешенді шешімдері негізінде дайындау.
Оларды бір-біріне байланыстыра отырып қарастыру қажет. Киім құрастыру оның сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Сызбаның тор көздеріне мойын айналымы, иық жіне жан тігістері , етек бүкпелері сызбалары толыұ түсуі керек. Құрастыру, көркем модельдеу, сосын киімді тігу, көркемдік, техникалық және әлеуметтік тапсырмалардың шешімін табатын ұйымдастырылған күрделі процесс. Жобалаудың қазіргі заманғы түсінігі- ол жаңа бұйымды шығару кезіндегі комплексті жиынтық. Оның құрамына зерттеу, технико-экономикалық есептер және дәлелдеу, эскиз және модель құрастыру,бұйымдардың және бөлшектердің сызбасының құрастырылуы және есептері, дайын бұйымдарды тексеру жұмыстары кіреді.
Бүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізде өзінің лайықты орнын алған бұл өнер саласына өткеннің ескерткіші ғана емес, күнделікті тұрмыс тіршілігіміздің ажарын ашатын рухани құндылық ретінде қарауымыз керек [10].
АЛДЫН АЛА ТАЛДАУ
1.1 Киімнің жобаланатын моделіне техникалық тапсырма
Киімнің жобаланатын моделіне техникалық тапсырма
1. Жобалау объектісі - Әйелдер пальтосы
2. Тапсырма беруші - АТУ,ТБТҚ кафедрасы
3. Жетекшісі - Таласпаева А.А.
4. Орындаушы - ЖӨБТжҚ мамандығының к\о студенті-Қыдырәлі Н.Е.
5. Орындауға арналған негіздеме-
6. Жұмыстың түрі - дипломдық жоба
7. Орындау мерзімі - 21.01.20 - 23.04.20
8. Бұйымның аталуы, тағайындалуы: Әйелдерге арналған маусымаралық классикалық стильдегі пальтоның жобалық-конструкторлық құжаттамасын әзірлеу.
9. Жұмыстың барысы: Техникалық тапсырма, ұсыныс, эскиздік жоба,
техникалық жоба,жұмысшы жоба.
10.Жұмыс процесінің сипаттамасы:бұйымның конструкция сызбасын тұрғызуға арналған алғашқы мәліметтер модель эскизі,типті дене бітімнің өлшемдік сипаттамасы және конструкцияның негізгі бөлшектеріне арналған қосымшалар,эскиздік жоба деңгейіндегі анықтаулар.
Негізгі және анықтама материалдары - Справочник Технология - техника, процессы - качество Кокеткин П.П. Основы технология швейного производства Труханова А.Т., Конструрирование одежды с элементами САПР\Е.Б. Коблякова, Г.С. Ивлева, В.Е. Романов и др.-М.:Легпромбыт, 1988, журнал Ателье.
11. Жобаланатын бұйымға қойылатын талаптар - гигиеналық,экономикалық, технологиялық, эстетикалық.
Материалдарға қойылатын талаптар - эстетикалық, киюге төзімділік, гигиеналық, экономикалық.
1.2 Маркетингтік талдау
Маркетингтік талдау - кешенді маркетинг міндеттерін орындау шеңберінде маркетингтік зерттеулер жүргізу нәтижесінде жиналған маркетингтегі деректерді талдау, оларды түрлендіру, жүйелеу, интерпретациялау және модельдеу.
Маркетингтік талдау жүргізу үшін интернет, журналдар, газеттерден статистикалық деректер бойынша тауарлар нарығын талдау, тұтынушыларға сауалнама жүргізу қажет. Бұл бөлімнің басты мақсаты әйелдер жакетінің әзірленген жобасын іске асыру бойынша маркетингтік жоспар жасау болып табылады.
Маркетингтік талдау ақпараты сенімді, өзекті және мақсатты бағытта болуы тиіс. Бастапқы және қайталама деректер бар. Екінші деректер-қолданыстағы ақпарат, ол ескірген болуы мүмкін, сондықтан сенімсіз. Бастапқы деректер неғұрлым өзекті, бірақ шығындарды талап етеді. Ақпаратты жинау үшін 3 басты әдіс қолданылады: бақылау, пікірлерді зерттеу және эксперимент. Бақылау-бұл қарапайым және оңай жүзеге асырылатын әдіс. Оны тұтынушылардың әртүрлі топтарының: дүкендер, көрмелер, жәрмеңкелер және т.б. реакцияларын көруге және естуге болатын орындарға барып қолданады. Пікірлерді зерттеу-жеке байланыстарды пайдалана отырып, пошта, телефон арқылы, электрондық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады. Эксперимент екі қандай да бір аумақты немесе ұқсас сипаттамалары бар тұтынушылар тобын салыстыруға байланысты. Ақпаратты жинау үшін арнайы сұрақтар жасаумен сауалнама қолданылады.
Бұған дейін атап өтілгендей, біздің елімізде тігін өнеркәсібі көтерілуге ұмтылады, бірақ ол нарықтық жағдайларға дайын еместігінен өндіріс проблемасын бастан кешуде. Қымбат құрал-жабдықтардан отандық бұйымдар өндірісінің көлемі, материалдар мен қызметтерге бағаның өсуі қысқарды. Жеңіл өнеркәсіп экономиканың әлеуметтік - бағдарланған секторы болды және неғұрлым жоғары деңгейде қалады. Бірақ соңғы жылдары барлық шаруашылық кешені мен көптеген салаларға қызмет көрсететін тоқыма және тігін саласы дамып келеді. Сәнді әйелдер киімін өндіруші болу үшін өз қызметінің бағытын анықтау керек. Сондай-ақ, қолайлы бағамен сәнді киім жасауға, сатып алушыларға қолжетімді және киім шағын тираждармен шығаруға бағдарлануға болады, бұл сән стильдері мен бағыттарының алуан түрлілігіне кепілдік береді. Бұл өз кезегінде сатып алушыға өз даралығын таңдауға мүмкіндік береді. Түпнұсқалық коллекцияларды жасау әйелге өзінің қайталанбас келбетіне ие болуға мүмкіндік береді.
Алға қойылған мақсаттарды орындаудың кепілі сапалы маталарды пайдалану, мұқият өңдеу және әйел фигурасына жақсы отырғызылатын дәл лекалолар болып табылады. Сондай-ақ, маусымның сәнді үрдістеріне және сән стилінің бағыттарына сәйкес келетін киім коллекциясын құру қажет [11].
Сонымен қорытындылай келсек, адамдардан киімде қандай бөлшектердің болғанын қалайтындығын сұрастырып білдік, маркетингтік талдау кезінде сауалнама жүргізу арқылы 10 адамнан сауалнама алдық,халықтың ой-пікірін толық білдік.
Қорытындылай келе олардың пікірін диаграмма арқылы қорытындыладық.
Диаграмма 1- Бұйымның қандай силуэтте болғанын қалар едіңіз?
Диаграмма 1-де бұйымның қандай силуэтте болғанын қалар едіңіз деген сұрақ берілді, 10 адам жауап берді. 10 адамның 50% тік силуэтті таңдады, 40% жартылай қынамалы силуэтті таңдады, 10% қынамалы силуэтті таңдады.
Диаграмма 2- Киімде қандай тігістердің (бүкпенің) болғанын қалайсыз?
Диаграмма 2-де киімде қандай тігістердің (бүкпенің) болғанын қалайсыз деген сұрақ берілді, 10 адам жауап берді. 10 адамның 30% қолтық ойындысынан түскен бедер тігісін таңдады, 50% иықтан түскен бедер тігісін таңдады, 20% бел тігісін таңдады.
Диаграмма 3 - Жағаның қандай түрі ұнайды?
Диаграмма 3-те жағаның қандай түрі ұнайды деген сұрақ берілді, 10 адам жауап берді. 10 адамның 20% шаль жағасын таңдады, 40% тұтас пішілген жағасын таңдады, 30% ағылшын жағасын таңдады, 10% тік жағаны таңдады.
Диаграмма 4 - Сізге жеңнің қандай пішімде болғаны ыңғайлы?
Диаграмма 4-те сізге жеңнің қандай пішімде болғаны ыңғайлы деген сұрақ берілді, 10 адам жауап берді. 10 адамның 10% реглан жеңді таңдады, 10% тұтас жеңді таңдады, 10% бір тігісті жеңді таңдады, 30% екі тігісті жеңді таңдады, 40% қолтық ойындысы тереңдетілген жеңді таңдады.
Диаграмма 5 - Қандай стильде киінгенді ұнатасыз?
Диаграмма 5-те қандай стильде киінгенді ұнатасыз деген сұрақ берілді, 10 адам жауап берді. 10 адамның 80% классикалық, 10% спорттық, 10 % романтикалық стильдерді таңдады.
Диаграмма 6 - Сіз үшін киімде қандай қалтның орналасқаны ыңғайлы?
Диаграмма 6-да сіз үшін киімде қандай қалтның орналасқаны ыңғайлы деген сұрақ берілді, 10 адам жауап берді. 10 адамның 20% жармалы жапырақшалы жан қалта, 30% жармалы қақпақшалы жан қалта, 50% жапсырмалы қалтаны таңдады.
Диаграмма 7 - Қандай әрлеуші элементтердің болғанын қалар едіңіз?
Диаграмма 7-де қандай әрлеуші элементтердің болғанын қалар едіңіз деген сұрақ берілді, 10 адам жауап берді. 10 адамның 30% белдікті, 30% түймені, 10% патаны, 30% жарманы таңдады.
Диаграмма 8 - Киімнің қанша өңірлі болғанын қалайсыз?
Диаграмма 8-де киімнің қанша өңірлі болғанын қалайсыз деген сұрақ берілді, 10 адам жауап берді. 10 адамның 40% бір өңірлі, 60% екі өңірліні таңдады.
Диаграмма 9 - Киіде қанша түйменің болғанын қалайсыз?
Диаграмма 9-да киіде қанша түйменің болғанын қалайсыз деген сұрақ берілді, 10 адам жауап берді. 10 адамның 50% 1-2 түймені таңдады, 40% 3-4 түймені таңдады, 10% 5-6 түймені таңдады, 0% 7-10 түймені таңдады.
Диаграмма 10 - Киімде қандай өрнекті ұнатасыз?
Диаграмма 10-да киімде қандай өрнекті ұнатасыз деген сұрақ берілді, 10 адам жауап берді. 10 адамның 20% торды, 20% сызықты, 10% дөңгелекті, 50% өрнексізді таңдады.
Қыз балаларға арналған маусымаралық пиджакті дайындауға қойылатын өндірістік талаптар:
+ бұйым арзан және қолжетімді болуы керек, бұл өндірісті жобалауға, конструкторлық, технологиялық және техникалық дайындауға кететін шығындарды көрсететін өндірістік талаптардың экономикалық көрсеткіштеріне байланысты;
+ технологиялық конструкцияға күрделі емес формамен және заманауи технологиялық процестерді пайдалануға мүмкіндік беретін еңбекті көп қажет етпейтін өңдеу арқылы қол жеткізіледі;
+ пиджак жасау технологиясы прогрессивті және белгілі бір өңдеу деңгейіне сәйкес болуы тиіс, ұзақ кию кезінде пішінін жоғалтудан аулақ болу үшін;
Аталған барлық талаптарға сәйкес әйелдер пиджагінің осы үлгісі өндіріске қосылуы мүмкін, өйткені ол қол жетімді және қысқа әрі бұйымның осы ассортиментіне қойылатын барлық талаптарға жауап береді. Сондай-ақ, бұл модель жаппай өндіріс жағдайында дайындау үшін толық жарамды, өйткені әзірленген конструкция әр түрлі формадағы бөлшектердің жеткілікті саны есебінен лекалоны орналастыру кезінде ұтымды және үнемді болып табылады, бұл бұйымды өнеркәсіптік тәсілмен өндірудің үнемділігін сипаттайды.
Осы өнімді өндіріске енгізу үшін бірқатар маркетингтік операциялар жүргізу, атап айтқанда халық тұтынатын тауарлардың түрлі көрмелерінде коллекция көрсету, газеттерде, журналдарда, радиода, теледидарда, интернетте жарнамалық акциялар өткізу, брошюраларды тарату, сыртқы жарнама қолдану қажет. Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының түрлі тендерлеріне қатысуға болады.
1.3 Техникалық ұсыныс. Модель - аналогтарды талдау
1.3.1 Сән бағыты
Әйелдердің сыртқы киімінің түрі ретінде пальто әрдайым өзекті және танымал болды және қалады. Гардеробта әрбір өзін сыйлайтын әйел адамнан классикалық пальтоын көруге болады. Ол іскерлік кездесулер, жұмысқа бару және серуендеу үшін өте қолайлы [14].
Киім адамға тігілетіндіктен,адамның қыр сырын ашып, ұштастырып, киім адаммен үйлесім тауып гормониялы көрінуі тиіс. Осы жағдайда қонымды, пайдалы, зиянсыз болуы қажет. Қазіргі сән бағыты жоғары сапалы киімдерді талап етеді. Ол таңдау идеясы мен еркіндігінің көптілігімен, яғни әртүрлі стильдермен, пішіндермен, үлгілермен, сондай-ақ түрлі көлемдерімен және алуан түстілігімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі. Силуэт,пішін, пропорция, стиль деген түсініктер адаммен тығыз байланысты.Кез келген адамның қалауынша сәнді киінуге мүмкіншілігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
2019-2020 күз-қыс топтамасында пальтолар ерекше жеңмен көзге түсуде. Жең ұзындығы шынтақтан түсіп тұратын пальтоларды ұзын қолғаппен кисеңіз, көзге ерекше түсетіні сөзсіз. Кей дизайнерлер жеңінде аң терісінен жасалған жұрыны бар пальтоларды ұсынды.Ал біздің таңдап отырған әйелдерге арналған қыстық пальто қазіргі заманға сай пальто десекте болады. Сәнді сырт киімдер әйелдер үшін ең маңызды элемент болып табылады. Күз бен қыс -- пальто, тон, плащтардың маусымы. Менің таңдап отырған бұйымым классикалық үлгідегі пальто. Пальтоның классикалық бұл түрі- мәңгі трендте. Себебі, бұл сырт киімді спорттық үлгі үшін де, кешкі кездесуге де киіп бара аласыз.Сондықтан бұл пальтоны кез- келген жерге, кез- келген киім үлгісімен кие аласыз. Ең бастысы қарапайымдылық пен сәнділік бір сарынға тоғысқан.
Әйелдер пальтосы курткалар мен үлпілдектерге қарағанда өз орнын таба білді. Өйткені пальто тек қана суықтан ғана сақтамайды. Сонымен қатар, өте сәнді, дененің кемшіліктерін жасырады.
Биыл подиумда өте қарапайым тік және классикалық пішімдегі пальтолар ұсынылды. Немесе керісінше модель ден бітімінің сұлулығын белдікпен айқындап көрсететін, барлыұ назарды беліне аудартатын, екі немесе бір өңірлі қысқа және ұзын пальтолар топтамасы ұсынылды. Айта кететін жағдай қыс-күз маусымдық пальтоларда ұзын қолғаптармен киетін үште төрт жеңдер сәнге оралды.
Emanuel Ungaro жаңа маусымда романтикалы және жеңіл маталы модельдер топтамасын ұсынды. Назарға қынамалы силуэтті, драпировкалармен, романтикалық бүрмелермен, көлемді жеңдермен және желбіршектермен ұсынылды. Әртүрлі фактуралы маталарды пайдалану өте үйлесімді. Бұлардың бәрі модельге ерекше дене бітімін айқындап көрсетеді.
Қысқа және ұзын пальтолар сіздің аяқтарыңыздың ұзындығын, сұлулығын мүмкіндік тудыртады. Ұзындығы тізеден төмен пальтолар көп сәнгерлердәң топтамаларында кездеседі. Өйткені бұндай пальтолар корей сән әлеміне жақын келеді және қазіргі таңда бұндай пальтолар өте сәнді болып келеді.
Кең пішімді пальтолар сәнді трендтердің бірі. Түймесіз, тұтынушының талабына байланысты белдікпен және белдіксіз.Кимоно және халат тәріздес пальтолар. Трапеция формалы, классикалық стиль мен түзу силуэтті болуы мүмкін.Қынамалы силуэтті пальтолар да қазіргі кезде өте сәнді болып келеді. Әйелдердің қылдай белін тек жазда ғана емес, басқа да маусымдарда көрсетуге үлкен мүмкіндік туды. Бұндай пальтоларды киген кезде ешқандай белдіксіз беліңізді көрсете аласыз.
Сурет 1- Әйелдерге арналған классикалық стильдегі пальтоның 2019-2020 күз-қыс топтамасы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Классикалық стиль әрдайым табысты болды. Және бұл оның барлық оң қасиеттерін ескерсе, түсінікті.

Классикалық пальто әмбебап және ресми іс-шаралар үшін ғана емес, ойын-сауық бағдарламалары үшін де қолайлы.

Әдетте, классикалық пальто тамаша фасоны бар. Бұл фигураны әйелдік және талғампаз етеді.

Классикалық пішім пальтосының ең аз саны бар және көбінесе сапалы, берік материалдардан жасалады.

Классикалық пальто түсті гаммасы ұстамды, бұл бейнені декордың жарқын элементімен: шарфпен, сөмкемен, брошьпен және т. б. сұйылтуға мүмкіндік береді.

Сурет 2- Классикалық стильдегі геометриялық пішінді пальтоларының үлгісі
Классикалық пальто стилінің тапшылығы мен кедейшілігіне қарамастан, оның көптеген вариациялары бар. Бұл заманауи сәнді дизайнерлер мен дизайнерлердің еңбегі, олар жаңа сән үрдістерін өз үлгілеріне әкеліп, белгілі бір уақытша үрдістерге назар аударады.

Қазіргі сән әлемі әртүрлі жаңа өнімдермен таңқалдырады және әр маусымда адамдар ерекше үрдістерге сай әрекет етеді. Бірақ классикалық және стильді нұсқалары бар, олар ұзақ уақыт бойы танымалдылық шыңына шығады және олардың жетекші орындарына шыға алмайды. Осы үлгілердің бірі - әйелдердің тіке пальтоы. Жоғарғы киім әрдайым талғампаздық пен стилдің нақты атрибуты болып саналады және сол уақытқа дейін сәнді киімдердің міндетті бөлігі болып табылады.

Сурет 3- Классикалық стильдегі геометриялық пішінді пальтоларының үлгісі

Ерекшеліктері

Классикалық бизнес стилін ұнататын қыздар мен әйелдер пальто кескіннің ажырамас бөлігі екенін біледі. Мұндай киімдер ханымның қамқорлығына ерекше назар аудара алады, құрметтеуге және талғампаздыққа бөлейді.

Әдетте, әйелдер ашық түстерді жақсы көреді, өйткені олар кез-келген бейнесіне жарамды. Қызыл және ақ түсті тек жылулықты беріп қана қоймайды, сонымен қатар, егер болса, кейбір сурет кемшіліктерін жасырады [14].

1.3.2 Модель - аналогтың композициялық шешімін талдау
Модель - аналог модельдердің композициялық шешімін талдау үлгіні көркемдік орындау тұрғысынан талаптарға неғұрлым толық жауап беретін модельдерді немесе жеке элементтерді анықтауға мүмкіндік береді.
Кесте 1.1 - Модель - аналогтың композициялық шешімін талдау
1.3.3 Модель - аналогтың конструктивті шешімін талдау
Модель - аналог модельдердің конструктивтік шешімін талдау неғұрлым жаңа және прогрессивті болып табылатын неғұрлым ұтымды құрылымды анықтау мақсатында жүргізіледі. Негізгі бө лшектердің конструкциясын қарау модельдің жалпы конструктивтік шешімінің ұтымдылық дәрежесі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Кесте 1.2 - Негізгі конструктивтік параметрлердің сипаттамасы
Кесте 1.3 -Модель-аналогтардағы берілетін қосымшалардың сипаттамасы
1.3.4. Модель-аналогтың технологиялық шешімін талдау
Киім дайындау технологиясы модель конструкциясының технологиялық дәрежесін анықтай отырып, оның бөлшектерінің конструктивтік қосылуының сипатына әсер етеді. Жобаның осы бөлімінде ұқсас модель бөлшектерінің тораптары және оларды жасау үшін пайдаланылатын жабдық талданады.
Кесте 1.4 - Модель-аналогтардың технологиялық шешімдерін талдау
4 кестенің жалғасы
2 КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Эскиздік жоба
Эскиздік жоба-бұл бұйым туралы жалпы түсінік беретін принципті конструктивтік шешімдерді, сондай-ақ бұйымның мақсатын, негізгі параметрлерін және габариттік өлшемдерін анықтайтын деректерді қамтитын конструкторлық құжаттардың жиынтығы.
Бұл кезеңде жаңа модельдердің эскиздері түрінде бірқатар ұсыныстар дайындалады. Бұл жағдайда студент МА талдауының нәтижелерін, сән бағытының дамуын, семестрлік немесе дипломдық жұмыстағы бұйымының сол ассортименттегі бұйымдардан ерекшеліктерін басшылыққа алуы тиіс.
Эскиздік жоба сән бағытының перспективалық тенденцияларын ескере отырып бұйымның сыртқы түрін, жаңалығын және техникалық эстетикасын сипаттайтын соңғы конструктивті шешімді қабылдау үшін әзірленеді.
Эскиздік жобаның құжаттары техникалық тапсырмада немесе техникалық ұсыныстарда қажетті деп көрсетілген жағдайларда ғана дайындалады [5].
Эскиздік жобаны дайындау конструкторлық құжаттардан және негізгі техникалық шешімдердің тиімді варианттардың дайындамасынан тұрады. Бұл дайындамалар бұйымдардың түрақтылығы мен жұмыс істеуінің негізі, сонымен қатар оның негізгі сипаттамаларынан құралады.
Эскиздік жобада типтік стандартталған және біріңғайланған бөлшектерді қолданудың негізі болып салынады. Практикада сыннан өткен тораптар мен механизмдерді қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. Басқа мекемелер өндіріс орындарына дайындауға берілетін материалдар мен бұйымдардың құрама бөлшектеріне қойылатын техникалық талаптар эскиздік жобада бекітіледі. Кейбір жеке тораптар мен механизмдердің жұмыс принциптері күмән туғызатын болса, олардың макеттерін дайындап, оны сынау жөніндегі шешім эскиздік жобада қабылданады.
Жаңа бұйымды жасау кезінде оны жобалау және есептеу ғана емес сонымен бірге бірнеше сұрақтар туындайды. Мысалы бұйымның макетін жасау, сонымен қатар бұйымның жалпы және конструктивтік элементтерін жинақтау.
Эскиздік жобаның түсіндірме жазбасында конструкторлық зерттеулердің нәтижелері, оның ішінде бұйымның жұмыс істеу принциптері, техника-экономикалық көрсеткіштері, әрі қарай жүргізілетін конструкторлық және тәжірибелік жұмыстар жөнінде мәліметтер болу керек. Түсіндірме жазбада техникалық жобада жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар да келтіріледі [6].
2.1.1 Модельдің конструктивті - технологиялық шешімінің сыртқы түрін сипаттау
Әйелдерге арналған тік силуэтті,кашемир матасынан тігілген классикалық стилдегі маусымаралық пальто.
* Алдыңғы бойы екі өңірлі, екі түймемен және түймелікпен түймеленген, иық тігісінен етекке дейін түскен бедер тігісімен қыналған
* Артқы бой орта тігіспен және жармамен өңделген
* Жеңі өондырмалы бір тігісті жең
* Жағасы: тұтас пішілген
* Қалтасы жапсырмалы қалта
* Сәндік үшін түймелікпен түймеленген белдікпен әсемделген
* Ұсынылған өлшем: 170-92-96
2.0.2 Материалдарды таңдау және негіздеу

Кашемир (фр. Cachemir) - кашмир ешкілерінің түбітінен алынған саржалық тоқылған жүн. Мата жұқа, жұмсақ және жылы болып келеді. Атауы Үндістанның солтүстік-батыс бөлігіндегі Кашмир облысымен, Гималаев биік тауларымен байланысты.

Кашемир - пальто тігуге болатын ең элиталық мата. Оның өндірісіне Моңғолия мен Қытайда тұратын ешкінің ерекше түрі жатыр. Кашемир жіптері адам шашынан 2-2,5 есе жұқа, сондықтан материал жеңіл, әуе және өте жағымды болады.

Кашемирдің негізгі артықшылықтары:
* ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
жоғары жылыту қабілеті;

гипоаллергендік;

тозуға төзімділігі;

жұмсақтық және жібектей.

Сурет 4 - Кашемир матасынан жасалған пальто

Өндірілуі
Табиғи кашемир жүнді материалға жағымды, бірақ сирек және қымбат болып келеді. Мамықты көктемгі түйреу кезінде жануарлардан жұлып, тарайды, содан кейін тазалайды, боялады және жіңішке жіптерді орайды. Барлық жұмыстар қолмен жүргізіледі. Бір ешкі жылына 200 г кашемир-шикі беруге қабілетті, ал оны өңдегеннен кейін тек 100-120 г қалады. Иірімжіпті алу шамамен бір ай алады. Бұл киімнің жоғары бағасы. Кашемир деген не деп айтуға болады - ол элиталық ешкі мамығының жылы киімдері.
Тибет ешкі жүнінің табиғи түсі ақ, сұр, қара немесе қоңыр.Ақ түсті жұқа мамық талшықтары жақсы боялады, бірақ тән "түтінді"сақтайды. Бояудан кейін қара талшықтар да түтікше қалады.
Әлемге мойындалған кашемир бренді-ешкі түбітін тазалау және өру технологияларына ие итальяндық компаниялар, "Ballantyne", "Brunello Cucinelli", "Agnona" және шотландиялық, жүн маталарын өндіруші "Pringle of Scotland", "Lyle & Scott" компаниялары бар.
Кашемирдің элиталығы тек қана еңбекті қажетсінумен ғана байланысты емес. Материалдың таңғажайып қасиеттерін ұштастыруға себеп:

Жұмсақтық, жеңілдік және нәзіктік матаны беріктікпен және тозуға төзімділікпен сипаттайды.

Жұқа, кейде тіпті сәл мөлдір кашемир жылуды сақтайды.

Табиғи талшықтар қышу, шаншу, терінің тітіркенуі сияқты жағымсыз сезім тудырмайды.

Материал гипоаллергенді және шаң жинамайды.

Табиғи кашемирдің ең жоғары сапасы.

Төменгі жылу өткізгіштігінің арқасында жылы.

Ересектер мен балаларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz