Мердігерлік шартын түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Мемлекет және құқық теориясы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мердігерлік шарт пен, еңбек шарт: тәжірибеде қолдану

Пән: ҚР азаматтық құқық
Мамандығы: 5В030100-Құқықтану

Орындаған: Елибаев.А. М. Күндізгі оқу
нысанының 2 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Ахмедимова К.К.

Курстық жұмыс қорғалды
Болған күні __ ______ 20__ж
Бағасы______________

Қостанай 2019

Жоспар
Кіріспе____________________________ _____________________________3
1. Мердігерлік шартын түрлері____________________________ ___6
1.1. Мердігерлік шарты түрлерінің жалпы сипатамасы_________ - - - - - __6
1.2. Мердігерлік шартының элементтері ________________________10
1.3. Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен
міндеттері. ________________ - - - - - - - - - _____________________ - - - - - - - - - _________ - - - - - 13
1. Жеке еңбек шарты______________________________ __________16
1.1. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі, және жеке еңбек
шартын бұзу тәртібі____________________________ __________16
1.2. Жеке еңбек шарты түсінігі, тараптары және мазмұны мен
мерзімдері ___________________________________ ___________18
1.3. Жеке еңбек шарты мен мердігерлік шартының ара
қатынастары_____________________ - - - - - - - - ________________________20
Қорытынды____________________ - - _________________________________21
Пайдаланған әдебиеттер_________________________ _________________24

Кіріспе
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар
жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен,
белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай
құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi
заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа,
орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн,
бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi,
өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың
толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу,
егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды. Сондықтан мердiгерлiк шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетiлген қызметтi реттеу бойынша ережелерiмен
елеулi ерекшеленсе де, жасалған мүлiктiң өзi және оны беру сұрақтары
туралы айтсақ, онда мердiгерлiк шартының тараптардың құқықтары мен
мiндеттерi бойынша сатып алусату шартымен ортақтығы болып келетiнiн
тануымыз мүмкiн. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiкқатынастардың жақындығы жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды сатып алусату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының
қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрiнедi.
Жеке еңбек шарты дегеніміз қызметкер мен жұмыс беруші
арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша
қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс
беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде
төлеп тұруға міндеттенеді.
Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне
қатыст, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол
кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне
орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.
Жеке еңбек шартына отыру арқылы жұмыскерлер Қазақстан
Республикасы Конституциясының 24 бабы бойынша тек еңбек бостандығына қол жеткізіп қоймай сонымен қатар еркін еңбек түрі
мен мамандығын таңдай алады.
Күштеп жұмысқа тарту тек сот үкімі негізінде жүзеге асырылады, немесе келеңсіз оқиға мен соғыс уақыттарында
енгізілуі мүмкін.
Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің
еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың
келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң
жасалады.
Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін.
Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.
Егер сынақ мерзімі өтіп кетсе және екі жактың бірде біреуі жазбаша түрде екінші жақты жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе,
шарттық әрекет етуі жалғаса береді және оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса,
қызметкер жұмыс берушінің келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан мұндай босатуға сот тәртібімен
шағымдануына болады.
Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді
заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық бір жақты ғана кесім,
ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл
қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады.
Қызметкердің сынақ кезіндегі еңбек жағдайы өзге қызметкерлердің еңбек жағдайынан өзгеше болмауы керек. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне мойынсұнады, оның еңбегі жалақы нормалар мен бағалауға сәйкес не еңбекақы ретінде төленеді. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға құқығы бар. Сыннан сүрінбей өткен қызметкерді жұмысқа түпкілікті алу жөнінде бұйрық шығарудың қажеті жоқ.
Зерттеу пәні. Мердігерлік шартының жалпы сипатамасының әдістері, және еңбек шартының әдістері.
Зерттеу нысаны. Мердігерлік шартының элементтері, мен еңбек шартының түсінігінің әдістерінің ерекшеліктері.
Зерттеу мақсаты. Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен жұмысқа қабылдау кезіндегі әдістерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Мердігерлік шартының түсінігінің зерттеу;
Мердігерлік шартының элементтерін қарастыру;
Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен
Міндеттері анықтау;
Еңбек жарақатына жол бермейтін техника кауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу;
Қызметкерлердің кәсіби жəне басқа да науқастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету;
Қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы жəне өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды орындауын қамтамасыз ету.
Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мердігерлік шарт түрлері
1.1 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Тұрмыстық мердiгерлiк. Бұл шарт мердiгердiң тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейдi. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша олардың нәтижесi зат болып келмейтiн жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуi осы сипатта
болады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынасында бөлшектеп сатып алу сату
шартына секiлдi бiр тарабы болып тұтынушы қатысады.
Тұрмыстық мердiгерлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 640-650 баптарымен реттеледi.
Сонымен бiрге Қазақ КСР "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңы қолданылады. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты ерекшелiгiнiң үлкен
бөлiгi оның тұтынушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда болатын
арнайы мақсатының салдарынан болып келедi. Бөлшектеп сатып алу
сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады.
Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген
уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол
орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеуi керек. Бұл мiндет мердiгер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға дейiн орындалса ғана болып келедi. Тапсырысшы мердiгердiң мәлiмдеме жасау сәтiне дейiн орын алған өзге де шығындарын өтеуге мiндеттi. Ал негiзiнен тапсырысшының әрқашан шартты бiр жақты бұзуға құқығы бар және
одан айыратын тұрмыстық мердiгерлiк шартының жағдайлары жарамсыз болып келеді. Мердiгердiң негiзгi мiндетi шарт талаптарына және мiндеттi талап етiлген
стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбiр жағдайларда жұмыс
мердiгердiң материалдарымен орындалады. [1, 96 б.]. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.Мердiгер жұмысты шартта
қарастырылған мерзiмде бiтiруге тиiс. Тапсырысты орындау мерзiмi
азаматтық құқықтағы мерзiмдердi есептеудiң жалпы ережелерiне сәйкес
жүргiзiледi. Мерзiм жұмыстың орындалып бiту уақытымен және жұмысты орындауға кiрiсу уақытымен анықталынады. Егер тұрмыстық мердiгерлiк
шартында жұмысты бөлiп - бөлiп орындау қарастырылса, онда шартта әр
орындалатын бөлiктiң мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс. Жедел қызмет көрсету
нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн.
Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тапсырысшының
материалынан орындалатын болса, түбiртекте немесе шарт жасасу кезiнде мердiгер тапсырысшыға беретiн өзге де құжатта материалдың дәл атауы көлемi (саны), сипаты және тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн
бағасы көрсетiлуге тиiс. Түбiртектегi немесе сол сияқты өзге де құжаттағы материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейiн сотта дау айтуы мүмкiн. Мердiгер тапсырысшының берген материалдарының дұрыс пайдаланылуы мен сақталуына жауап бередi. Мердiгер тапсырысшы берген материалдардың жарамсыз және сапасыз екендiгiн ескертуi тиiс. Сонымен бiрге орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына, берiктiгiне қауiп туғызатын мән - жайларды тапсырысшыға
ескертуге тиiс. Тапсырысшы берген материалды мердiгер бiршама немесе толығынан
жоғалтып алса, (бүлдiрiп алса) онда ол сол материалды түрi мен сапасы
сондай болып келетiн өзге материалмен ауыстыруы тиiс. Сонымен бiрге
тұтынушы шеккен шығындар да өтелуге тиiс болады. Материалдың
жекелеп бұзылуы мердiгер оған материалдардың бүлiнуiне әкелуi мүмкiн материалдардың айрықша қасиеттерi жағдайында мердiгер тұтынушының
еркi бойынша ұзатпай шартты жаңартып және қысқа мерзiмде сондай атериалдан затты дайындауға мiндеттi. Тапсырысшыға мердiгер
материалдардың олардың бүлiнуiне әкелуi мүмкiн айырықша қасиеттерi
туралы ескертсе, онда мердiгер материалдың бiршама немесе толық бүлiнуiне (жойылуына) байланысты жауапкершiлiктен босатылады (яғни тапсырысшы өз нұсқауын бердi деген сөз және осы нұсқауды орындау зиян себебiболды). Ал мердiгердiң материалдық айрықша қасиеттерi туралы бiлмегенi
оны жауапкершiлiктен босатпайды. Мердiгер, егер төтенше және бой бермейтiн (дүлей) күш жағдайлары оры алса, осының себебiнен материалдардың бүлiнуi, жұмыстың тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiктi көтермейдi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде тапсырысшы - тұтынушының мүддесiн қосымша қорғауды қамтамасыз ететiн нормаларды
да қарастырады. Мердiгер тапсырысшыға дайындалған (қайта өңделген) немесе орындалған жұмыстың өзге нәтижесiн тапсырған кезде тапсырысшыға
соларды тиiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн қажеттi талаптарды хабарлауға мiндеттi. Орындалған жұмыс нәтижесiн пайдалану талаптарын сақтамаудың тапсырысшының өзi немесе өзге тұлғалар үшiн қолайсыз салдары да көрсетiлуi керек.
Жұмысты орындағаннан кейiн немесе тапсырыстан бас тартылған
жағдайда, мердiгер тұтынушыға жұмсалғаннан қалған материалдарды, сонымен бiрге ауыстырылған бөлшектердi (жарамсыз бөлшектердi) қайтаруға мiндеттi, сол сияқты олар үшiн тапсырысшы төлеген материалдардың жұмсалуытуралы есеп бе-руге мiндеттi.[2,115б.].
Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижесiн қабылдауға және орындалғанжұмысқа ақы төлеуге мiндеттi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша
тапсырысшы жұмыс нәтижесiн толық көлемде қабылдағаннан кейiн ақы төлейдi. Тараптардың келiсiмi бойынша ақы толығынан шарт жасасу кезiнде
немесе аванс беру арқылы төленуi мүмкiн.
Тұрмыстық қызмет көрсетудiң ережелерiнде жұмыстың кейбір түрлеріне
алдын ала ақы төлеу немесе аванс беру қарастырылған. Жекелеп алғанда
тұтынушының қатысуымен орындалатын жұмыстарға шартын тұрмыстық мердiгерлiк шартын жасау сәтiнде жұмыстың ақысы толығымен төленедi.
Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ киiмдердi, тiгiн және тоқыма бұйымдарды iрi жөндеу, жаңарту мердiгерлiк шарттары бойынша, тапсырысшы шартта көрсетiлген мөлшерде аванс төлеуi
мүмкiн. Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, жұмыс мердiгердiң
материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезiнде тапсырысшы материал үшiн толық немесе iшiнара тапсырысшы мердiгер орындаған жұмыстың нәтижесiн алған кезде түпкiлiктi есеп айырыса отырып, шартта көрсетiлген бөлiгi үшiн ақы төлейдi. Мердiгердiң материалына өзге тәртiпте есептесу
тараптардың келiсiмiмен қарастырылуы мүмкiн. Шартқа сәйкес материалды мердiгер кредитке, оның iшiнде тапсырысшының материалға ақыны бөлiп-бөлiп төлеуi талабымен беруi мүмкiн[3,84б.]. Мердiгер берген материал бағасының шарт жасалғаннан кейiн өзгеруi қайта есептеуге әкеп соқтырмайды.
Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердiгер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап 2 ай өткен соң мердiгерлiк нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердiгер
өзiне тиесiлi барлық төлемдi шегерiп, қалғанын тапсырысшының атына нотариустың депозитiне салуға құқылы. Мердiгер өзiнiң таңдауы бойынша мердiгерлiк нысанасын сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтiрiлген залалды өндiрiп алу құқығын пайдалана алады.
Тапсырысшы жауапкершiлiгiнiң көрсетiлген жағдайы жалпылама оның
жиi орын алмайтын жауапкершiлiгiнiң (көбiнесе тұрмыстық мердiгерлiк шартында да мердiгердiң жауапкершiлiгi кездеседi) бiр бөлек жағдайы болып
келедi. Тағы да бiр жағдайды атап көрсетейiк. Егер тапсырысшы, мердiгер материалдың жарамсыздығын, сапасыздығын уақытылы ескертiп немесе жұмыс нәтижесiнiң берiктiгiне әсер ететiн жағдайларды жоюды талап етсе, тапсырысшы ешқандай шара қолданбаса, онда оған жауапкершiлiк жүктеледi.
Бұл жағдайда мердiгердiң шартты бұзуға және өзiне келген шығындарды өндiрiп алуына құқығы бар.
Мердiгердiң жауапкершiлiгiн қарастырайық. Тапсырысшы мердiгердi жауапкершiлiкке тарта алады, егер мердiгердiң жұмыс (оның нәтижесi), мердiгердiң өзi жөнiнде тиiстi емес (ақиқатқа сәйкес келмейтiн немесе толық емес) ақпарат беруi тапсырысшыға қажеттi қасиеттерi жоқ жұмыстың орындалуына әкелсе. Сонымен бiрге мердiгердiң жауапкершiлiгi тапсырысшының өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне зиян келтiрген жағдайда да туындайды. Соңғы екi жағдайда да шартты бұзып, келтiрiлген шығынды өндiрiп алуға құқық бередi. Мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шартының жағдайларының заңнама
талаптарына сәйкес қолданылуы үшiн де жауапты болады. Егер де шарт
талаптарын қолдану кезiнде тұтынушының құқығы шектелiп, оған зиян
келсе, онда ол толық көлемде өтелуi тиiс. Бұған тұтынушының еркiн жұмыс түрiн таңдау құқығын бұзуда туындаған шығынды да қосамыз.
Егер мердiгер тапсырысшы берген материалдардың жарамсыздығын, сапасыздығын, тапсырысшының жұмысты орындау тәсiлi туралы нұсқауын ескертпесе, орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне
қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға ескертпесе, осыларды белгiленген нысандағы құжатта көрсет-песе, мердiгер тапсырысты тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiк көтередi. Бұл жағдайда азаматтық құқықтағы мiндеттеменi орындамаудағы кiнәлiлiктiң болжамы (презумпциясы) қолданылатыны айқын көрiнедi.
Орындалған жұмыс нәтижелерiндегi кемшiлiктердi анықтаса тапсырысшы мердiгерлiк қатынастарды реттейтiн жалпы нормалар қарастырған құқықтарды жүзеге асыра алады. Жұмысты қабылдау кезiнде немесе мердiгерлiк нысанасын пайдалану кезiнде кемшiлiктердi анықтаса, онда тапсырысшы Қазақстан Рес-публикасының Азаматтық кодексiнiң 630-бабында қарастырылған жалпы мерзiмдер шегiнде мердiгерге талабын жүзеге асыра алады. Егер шартта кепiлдiк мерзiмi қарастырылса, онда талаптар гарантиялық мерзiмдер шегiнде жүзеге асуы мүмкiн. Егер кепiлдiк мерзiмi жалпы заңда көзделген мерзiмнен қысқалау болса, онда заңда көзделген мерзiмдер қолданылады.

1.2. Мердігерлік шартының элементтері.
Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы боп табылады.
Мердiгер шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға, көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға.
Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.
Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Тапсырысшы ең басында бiрнеше тұлғалармен бiр шарт жасасуы мүмкiн, осы жағдайда тұлғалардың көптiлiгi орын алған бiр мiндеттемелiк құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбiр айырмашылықтары орын алады. Бiр мердiгерлiк шартын жасаудың себебi болып мiндеттеме затының бөлiнбейтiнi келуi мүмкiн (ҚР АК 287 бабының 1 тармағы), сондықтан мердiгерлiк, кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты болуы себебiнен бiрнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады [4, 63 б.].
Бiрнеше мердiгерлер өзара қосымша (акцессорлық) келiсiмдер жасауы мүмкiн және олардың мәнi де төмен емес, өйткенi оларсыз жұмыстарды орындау тәртiбiнде түсiнiспеушiлiктер пайда болуы мүмкiн. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келiсiмдер, олар аталғандай мәселелердi шешуге көмектесетiнiне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердiң пайда болуына әкелуi мүмкiн. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтiредi: Төрелiк сот тә-жiрибесiнде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшiн ортақ төлем ақыны алып бiр жұмысты орындауға келiскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негiзгi) шартты жасасқан соң мердiгерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келiсiм жасасқан болатын. Көп кешiкпей, тапсырысшы мердiгерлердiң бiреуiнiң қызметiнен бас тартқан бiрақ сол мердiгер басқа мердiгерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесiн берудi талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердiгерлердiң өзара келiсiмiне сүйенiп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келiсiмде сол шарттың бiреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сiлтенген.
Келтiрген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келiсiмге негiзделген соң негiзгi шарт тиiстi бөлiгiнде тоқтатылғасын негiздi деп тануға болады.1 Қосымша мердiгерлер өзара келiсiмдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз.
Мердiгерлiк шартының нысанасы бұл мердiгер мен орындаған жұмыстың нәтижесi. Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргiзiлетiн белгiлi заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн табады [5, 78 б.].
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуi керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгiленедi, бiрақ төлеудiң нысандары әртүрлi болуы мүмкiн. Мердiгерлiк шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсiлдерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға туралы келiсiмге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi. Бағаны есептеу үшiн, тараптарға келтiрiлген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт негiзiнде орындалатын жұмыстың күрделi құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзi бiрнеше олардың түрiнен құрылса, бiрнеше кезеңдердi қамтыса және т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн. Смета бұл мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын бар-лық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердiгер жұмыстың және материалдардың құндары жөнiнде бiлiктiлеу болған соң смета көбiнесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзiнiң де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердiгермен жасаған смета, тапсырысшымен бекiтiледi және шарттың ажырамас бөлiгiне айналады. Өз кезегiнде тапсырысшы дайындаған смета мердiгердiң келiсiмiн талап етедi. Жалпы смета жөнiнде келiсуде оны шартты жасасу тәртiбiмен салыстырғанда ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкiн. Мердiгер тұрақты сметаны көбейтудi талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бiр жақты өзгертуге құқық шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды анықтау мүмкiн болмаса да пайда болмайды. Шарт жасас-қаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердiң құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi талап ету құқығына иеленедi. Егер тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердiгердiң шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.
Шамалас сметаның ерекшелiгi, оны қарастырған жағдайда мердiгер өзi шығындарының көлемiн оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгiленген бағасын (шамалас сметаны) елеулi өсiру қажет бола қалса, мердiгер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындау керектiгi анықталғасын немесе материалдарға, үшiншi тұлғалардың қызметтерiнiң бағалары өссе, осындай қажеттiлiк болуы мүмкiн. Бағаны елеулi өсiруге көбейтуге келiспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер өзiне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлiгiнiң бағасын төлеудi талап ете алады. Шартта көрсетiлген бағаны (сметаны) өсiру қажеттiгi туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердiгер жұмысқа шартта белгiленген алғашқы баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға мiндеттi.
Мердiгерлiк шарттың мерзiмдерi мердiгердiң және тапсырысшының олардың шарт бойынша мiндеттерiн атқаруға байла-нысты қызметiнiң (iс әрекеттерiнiң) уақыттық өлшемдерiн анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгiлi мерзiмге мердiгерге материалдарды және жабдықтарды беруге мiндеттi. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзiмдерiнде болады, себебi мердiгерлiк шарттарының ақырында орындалуы сол мерзiмдерге тiкелей тәуелдi болады. Оның аралығында жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бiтуi тиiс уақыт кезеңi мердiгерлiк шартының жалпы мерзiмiн құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үшiн қарастырылған ақырғы мерзiмдер де бекiтiледi (ҚР АК 628 бабы 1 тармақ). Жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi - аралық мерзiмдер де көзделуi мүмкiн.
Аралық мерзiмдер екi жақты қызмет атқарады. Бiрiншi жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердiгердiң қызметiнiң бiрдей етiп бөлiнуiн қамтамасыз етедi. Екiншi жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын бақылауын қамтамасыз етедi. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгiленген мерзiмiнде аяқтау мүмкiн еместiгi айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Өтелмелі қызмет көрсету
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Шарт жасасудың кезеңдері
Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны
Кәсіпкерлік шарттар
Мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
Мердігерлік шартының элементтері
Пәндер