Желдету желілерінің жүйелерінің классификациясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы

i5OALJ3R4.jpg

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Желдету жүйесін жобалау және есептеу

Орындаған : Есенбек Ұлана

Ғылыми жетекші: Исаханова А. Б.

Норма бақылаушы: Исаханова А. Б

Алматы 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Әдеби шолу

1. 1. Желдету жүйелері туралы жалпы мәліметтер

1. 2. Желдету желілерінің жүйелерінің классификациясы

1. 3. Желдету желілерін қамту жүйелері

2. Зерттеу нысаны

2. 1. «Мега» ойын-сауық орталығы жайлы мәліметтер

2. 2. «Мега» ойын-сауық орталығы желдету жүйелерінің құрылғылары мен қондырғылары

3. Зерттеу нәтижелері

3. 1. Зерттеу нысанындағы қондырғылардың есептері

3. 2. Желдету желілеріне қосу тəсілдері мен сұлбалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе

Бөлмелерде санитарлық - гигиеналық және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын ауа ортасының қалыпты параметрлерін қолдау үшін желтдеткішті орнатады. Желдету - ғимарат ішіндегі ауаны зиянды заттардан тазартып, керек кезінде таза ауамен алмастырып отыру. Ол адам денсаулығына қолайлы микроклимат қалыптастырушы бірден-бір жүйе. Қазіргі таңда желдету жүйесі әрбір ғимаратта, әрбір үйде қолайлы микроклиматты қалыптастырып тұруда үлкен рөл атқарады. Бүгінгі күні желдету жүйесінің дамуы желдеткіштердің түрлері көбеюіне байланысты қарқындап дамуда. Әр ғимараттар мен зертханалық кабинеттерге арналған желдеткіш түрлері де ойлап табылған. Өндіріс орындарында өнімге байланысты желдеткіштер пайдаланылады. Қазіргі уақытта еңбекті қорғау мен жағдайларын жақсарту, оның ғылыми ұйымдастырылуы, еңбек етушілер денсаулығын сақтау мәселелері өте өзекті. Мәнді назар сондай-ақ ауа қауызын сақтауға да бөлінеді. Бұл мәселереді желдету жүйесінің тиімді жұмысынсыз шешу мүмкін емес.

Тақырыптың өзектілігі: «Мега» ойын-сауық орталығы еліміздегі адамдар көп шоғырланатын үлкен ғимараттар қатарына кіреді, бұл жерде адамдар көп жүретін болғандықтан ауа айналымы дұрыс болып, желдету желілерінің қызметі дұрыс жасап, нақты жобалануы қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты: «Мега» ойын-сауық орталығындағы желдету қондырғыларының тиімділігі мен қауіпсіздігіне есептеулер жүргізу.

Курстық жұмыстың міндеті: Зерттелетін өнеркәсіптік объект туралы толық қажетті ақпаратпен танысу;

  • Желдету желілерін дұрыс жабдықталуы;
  • Желдету жүйелерінің мөлшерлік уақытын есептеп, сандық мөлшерін көрсету;
  • Желдету жабдықтары дұрыс орнатылмаса қосымша кеңес ұсыну

Зерттеу нысаны: «Мега» ойын-сауық орталығы

Әдеби шолу

1. 1. Желдету жүйелері туралы жалпы мәліметтер

Жай ауасының өндірістік жабдықтармен жұмыстың нәтижесінде газ, шаң, артық жылу түріндегі әртүрлі зиянды заттар түседі. Бұл зиянды заттар адамның денсаулығына айтарлықтай әсер етеді және қауіпті өрт немесе жарылыс жағдайларды тудыруы мүмкін.

Жай ауасында қалыпты санитарлық-гигиеналық параметрлерді жасау үшін ағынды-сору желдету жүйесі қарастырылды. Жарылысы қауіпті жайларда желдету - жарылыс және өрттердің алдын алу үшін құралдар, өрттің таралуы мүмкіндігіне әсер ететін және өрт пайда болғанда адамдарды қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ету.

Ауа алмасу тәсілдеріне байланысты табиғи (аэрация) және механикалық желдету деп ажыратады. Табиғи желдету және жайдан ауаны сору кезінде ғимараттың іші мен сыртынан қысымдар мен тығыздықтар айырымы салдарынан өтеді. Жайдан ауаны шығару және жою кезіндегі механикалық желдету тартқыш қозғағышымен жүзеге асырылады, ол кей жағдайда электр қозғалтқышты әрекетке келтірілетін желдеткіш болып табылады.

Желдету жалпы ауысымды және жергілікті болып табылады. Жалпы ауысымды желдетуді зиянды заттар жайдың барлық көлемі немесе оның үлкен бөліктері бойынша таралғанда қолданылады. Егер зияндылықты технологиялық белгілер бойынша оқшаулайтын болса, онда олардын орнын анықтау дәл анықталса, онда жергілікті сорғыштар орнатылады. Кей жағдайда жергілікті және жалпы ауысымды желдету барынша мақсатқа сай үйлесімді болып табылады. Жергілікті желдетуді жұмыс орындағы ауаны «жаңбырлату» үшін қолданылады.

Желдету қондырғысы желдеткіш, ауа арналарынан, сондай-ақ, ауаны тазалауға арналған және оны атмосфераға ұйымдастырылған лақтыру құрылғысынан тұрады. Желдету қондырғыларының жиынтығы желдету жүйесі деп аталады.

Жайдан ауаны шығаратын желдету қондырғыларының өрт қауіптілігі сұйықтықтар, газдар, шаңның ыстық буын қамти отырып, жарылысы қауіпті бу, газ, шаң-ауа қоспасының түзілу мүмкіндігіне байланысты. Ыстық шаңның маңызды мөлшері ауа арнасында және тазарту қондырғыларында жинақталуы мүмкін. Жүйені тоқтағаннан және оның соңғы рет қосқаннан кейін шөккен шаң өлшенген күйге көше алады және осылайша жарылуы қауіпті шаң-ауа қоспасын түзеді.

Мұндай қоспалардың тұтану көздері мыналар болуы мүмкін:

- өндірістік жабдықтардағы ұшқын мен тұтану;

- желдеткіш ротор қалағымен соғылғанда шығатын ұшқын;

- жатып қалған шаңның өздігінен тұтануы;

- желдету камераларында орнатылған электр қозғалтқыштарды аса қыздыру;

- статикалық электр.

Осылайша, желдету қондырғылары өрттің пайда болу себебі болуы мүмкін деп санауға болады. Желдету арналары және ауа арналары бойымен пайда болған өрт аралас жайларға таралуы мүмкін. Сондықтан желдету қондырғыларын жобалау және пайдалану кезінде санитарлық норма талаптарынан басқа өртке қарсы талаптарды еске алу қажет.

Ауамен жылыту жүйесінің ауа таратқышынан шығатын ауа температурасы 60°С-тан артық емес, бірақ жайда бөлінетін газ, бу, аэрозоль мен шаңның өздігінен тұтану температурасынан 20 %-дай кем. Ауа температурасы сыртқы есіктерде 50°С-тан жоғары емес, ауа пердесінен ауаны шығару кезінде сыртқы қақпа мен технологиялық ойықтарда 70°С болуы тиіс.

Жергілікті сору жүйесімен шығарылған ауада ыстық газ, бу, аэрозоль мен шаңның шоғырлануы атмосфералық қысым және шығарылатын қоспа температура кезінде жалын таралуының төменгі шоғырланған шегі 50 %-дан аспауы тиіс.

А және Б категориядағы жайлар үшін тартымды жалпы ауысымды желдету жүйесі жасанды қозғағышпен жобаланады. Жасанды қозғағышы бар жүйелер осы жайлар үшін қолданылады, егер төменгі жоғары және төменгі аймақтан берілген ауа алмасуы жылдың жылы желсіз мерзімі кезінде қамтамасыз етілуі мүмкін.

А және Б категориядағы жайлар үшін жалпы ауысымды соратын желдету жүйесі және осы жайдан шығарылатын жарылуы қауіпті заттардың жергілікті сору жүйесі жай ауасында жарылуы қауіпті заттардың тұруын қамтамасыз ететін резервті желдеткішпен жобаланады, ауадан жарылуы қауіпті заттардың қоспасы бойынша жалын таралуының төменгі шоғырланған шегінен аспайды. Жарылысы қауіпті заттардың жергілікті сору жүйесі, егер негізгі желдеткішті тоқтату кезінде қызмет көрсетуші жабдықтардан ыстық заттардың бөлінуі тоқтатылмаса, резервті желдеткішпен жобаланады.

Өртке қарсы тосқауылдармен бөлінбеген жарылу қауіптілігі бойынша бір категориядағы жайларды және жалпы ауданы 1 м2 терезе ойықтары бар басқа жайларда бір жай ретінде қарастырылады.

Технологиялық жабдықтары бар резервті желдеткіштері жоқ жалпы ауысымды желдету жүйесінің желдеткіштерін автоматтық бұғаттау желдеткіштің қатардан шыққанын білдіретін жабдықтарды тоқтатуды, ал технологиялық жабдықтарды тоқтату мүмкін емес кезде - апатты сигнал беруді іске қосуды қамтамасыз етеді.

А және Б категориядағы жайларды апатты желдетуді орнатады және жасанды қозғағышы болуы және соратын болуы тиіс. Ауаға ыстық газ бен буды шығару оңай болатын бір қабатты ғимараттарда ағынды апатты желдетуді орнатады. Ауа шығыны туралы технологиялық деректер болмағанда биіктігі 6 м-ге дейінгі жайда жай еденінің 1 м2 ауданынан 50 м3/с кем емес 8 еселік апатты ауа алмасу қабылданады. А және Б категориялы сорғы және компрессорлық станцияларда жоғарыда көрсетілген ауа алмасу негізгі жүйені қамтамасыз ететін ауа алмасуға қосымша жобаланады.

Апатты желдету үшін жеткілікті ауа шығынын қамтамасыз ететін соратын желдетудің негізгі жүйесі пайдаланылады. Негізгі жүйелерде резервті желдеткіштер болмағанда тек ауаның максимум шығыны бар жүйелері үшін ғана резервті желдеткіш (өндірісте бір уақытта бір апатты есепке алу немесе резервтік желдеткішті орнату) жобаланады. Егер негізгі жүйенің ауа шығыны апатты желдетуі үшін жеткіліксіз болса, онда осы жүйелердің үлкеніне резервті желдеткіш орнатады және апатты желдеткішті жеткіліксіз шығын ретінде қарастырады. Апатты желдеткішке резервті желдеткіштер жобаланбайды.

Жарылыстан қорғау ретінде жасалған жабдықтарды А және Б категориядағы жайлар үшін ауаны шығаратын сору жүйесі үшін және аталған жайларда орналасқан жабдықтар үшін немесе осы жайлардан сору ауа арналары үшін, жарылысы қауіпті қоспаларды жергілікті сору жүйесі үшін қабылдайды. Желдету жабдықтарына арналған жайларда орналасқан ағынды жүйелердің жабдықтарын жай қабырғасын қиып өтетін ауа арналарында жарылыстан қорғалған кері клапандарды орнатқан жағдайда ғана қабылданады. А және Б категориядағы жайларға арналған жабдықтарды және жарылысы қауіпті жергілікті сору жүйесін жертөлеге орналастыруға болмайды.

Тұрғын үй, қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың жайлары үшін ауа арналарын, сондай-ақ, Г және Д категориядағы отқа төзімділігі I және II дәрежедегі өндірістік ғимараттар үшін тік немесе көлденең коллекторлар көмегімен жүйеге қосылады.

Жанбайтын материалдардан жасалған ауа арналары былай жобаланады:

- жарылысы қауіпті және өрті қауіпті қоспаларды жергілікті сору жүйесі үшін, апатты жүйелер және 80°С температурасы ауада тасымалданатын жүйе және оның барлық бойынан жоғары;

- А, Б, В категориядағы жайлар үшін;

- транзитті учаскелер немесе жалпы ауысымды желдету жүйесінің коллекторлары үшін, ауаны кондиционирлеу және тұрғын үй, қоғамдық, әкімшілік тұрмыстық және өндірістік ғимараттарды ауамен жылыту;

- жайлар көлемінде, техникалық қабатта, шатырда және жертөледе төсеу.

Жанбайтын материалдардан жасалған ауа арналары Д категориядағы тұрғын үй, қоғамдық, әкімшілік тұрмыстық және өндірістік ғимараттар үшін бір қабатты ғимараттарда қарастырады.

Жанбайтын материалдардан жасалған иілгіш ендірмелер және Д категориядағы жайлар арқылы өтетін және қызмет көрсететін жүйелердің ауа арнасына егер олардың ұзындығы жалпы ұзындықтың 10% құраса, жанбайтын материалдардан жобалануы мүмкін. Желдеткіштегі иілгіш ендірмелер жанбайтын материалдардан жобаланады.

1. 2. Желдету желілерінің жүйелерінің классификациясы

Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.

Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т. б. ) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.

1. 3. Желдету желілерін қамту жүйелері

Желдетудің негізгі мақсаты - бөлмедегі ауаның рұқсат етілген параметрлерін қалпында сақтау - түрлі жолдармен орындауға болады. Бөлмелерде ауалы ортаны құру үшін, орнатылған санитарлы - гигиеналық нормаларды және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын салқындату және желдету жүйелерін таңдау, ғимараттың тағайындалуына, қабаттарынан, бөлмелердің мінездемелерінен және зиянды заттарды бөлуінен тәуелді.

Қоғамдық және азаматтық ғимараттарды желдету жүйелері тағайындалуы бойынша сырмалы (жіберуші) және тартып алатын болып жіктеледі, жалпы ауыспалы немесе жергілікті желдетуді қамтамасыз ететіндер.

Жіберуші жүйелер - бөлмеге ауаны беретін жүйелер. Сырмалы жүйелер сыртқы тазартылған және жылытылған ауаны (жылдың суық кезеңінде) бөлмелердің жұмыстық аумағына, адамдардың тіршілік ететін аумағына жібереді.

Бөлмеден ластанған ауаны жоятын жүйелер тартып алатын (созып алатын) жүйелер деп аталады. Бұндай жүйелер өңделген ылғалды ауаны оның жиналған орнынан, әдетте бөлмелердің жоғарғы аумағынан жояды.

Жіберу ауа қозғалысының табиғи қозуымен, ашық терезелер немесе арнайы аэрационды саңылаулар арқылы орындалады.

Бөлмелердегі ауа ауысуын ұйымдастыру тәсілі бойынша желдету жүйелері жалпы ауыспалы, жергілікті, шектеу, аралас, авариялы болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылыту жүйелерінің элементтері
LTE Advanced технологиясының мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін зерттеу
Қосалқы ғимараттар мен құрылыстар
Ыстық сумен қамтуға орташа жылу ағынының іріктелген көрсеткіштері
Қонақ үйдегі сигнализация жүйесі.
Жылумен қамдау жүйелерінің классификациясы
Электр жабдықтары
Өрт қауіпсіздігі ережесі
Ыстық сумен қамту жүйесі
Құрылыс - монтаж жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz